ДҮниетану оқу бағдарламасы



бет1/7
Дата19.12.2016
өлшемі0,61 Mb.
#4243
  1   2   3   4   5   6   7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

ДҮНИЕТАНУ
Оқу бағдарламасы

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)


Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)


Астана 2015

Дүниетану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін эксперименттiк бағдарлама). – Астана, 2015. – 38 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған.


Мазмұны
І Жалпы мәлімет

I Жалпы мәлімет 4

1 «Дүниетану» пәнінің маңыздылығы 4

2 «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 5

3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру 6

6 Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 9

7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі 9

8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 10

1 «Дүниетану» пәнінің мазмұны 13



13

2 Оқу мақсаттарының жүйесі 14

3 Ұзақ мерзімді жоспар 22


I Жалпы мәлімет




1 «Дүниетану» пәнінің маңыздылығы

«Дүниетану» пәні оқушыларға қоршаған ортаны, түрлі қоғамдық, мәдени және табиғи үдерістер мен құбылыстарды толық, өзара байланыста танып-білуге мүмкіндік береді. Олардың қызығушылығын оятып: Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Қайда тұрып жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? Біздің өткеніміз бен келешегіміз қандай? - деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік береді.

«Дүниетану» пәнінің бағдарламасы Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдік, шығармашылық және коммуникативтік өмір тәжірибесі жөнінде кеңінен мағлұмат береді. Оқушылар өзі, өз үйі мен отбасы туралы ой қозғаудан бастап, қоршаған ортаның, дүниенің сырларын да түсіне бастайды.

«Дүниетану» пәнін оқыту:



  • оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады;

  • оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;

  • оқушылар қазақстандық қоғам және өзін қоршаған әлеуметтік ортаның барлық деңгейі: өз үйі, отбасы, жергілікті және ұлттық қоғамдастық туралы білімді меңгереді;

  • оқушылар Қазақстан географиясының негіздерін, оның ландшафты және табиғи жағдайы туралы біледі;

  • Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;

  • өткен замандағы оқиғалардың қазіргі әлемнің қалыптасуына және бүгінгі таңдағы оқиғалардың болашақтың қалыптасуына қандай әсер тигізетіні туралы түсінеді;

  • адамның тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы біліп, оның тұрақты болашақтың дамуына қажеттілігін түсінеді;

  • оқушыларда өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады, олар адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсінеді;

  • қоғамдық тәртіп нормаларын біледі, оларды ұстану қажеттілігін түсінеді және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білумен танысады;

  • адамгершілік қасиеттерді, толеранттылықты қалыптастырады.

«Дүниетану» пәні бойынша бағдарлама тарих, география және қоғамтану ғылымдары бойынша оқушылардың алғашқы білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау дағдыларын дамытады. «Дүниетану» пәні бағдарламасының құрылымы аталған ғылымдардың мазмұнын кіріктіру және оқу материалдары мен оқу мақсаттарын анықтауда «спираль» принципін ұстану негізінде құрастырылған. Оқу бағдарламасының мазмұны: отбасы, қоғам, қауымдастық, ұлт, мемлекет, қарым-қатынас, елді мекендер, климат, ландшафт, табиғи және техногендік апаттар, мәдениет, дін, денсаулық және т.б қоршаған ортаның негізгі аспектілерін қамтиды.

Бағдарлама пән мазмұнын меңгеру, қажетті оқу және практикалық (зерттеу, коммуникативтік, өмірлік) дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.



2 «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«Дүниетану» пәнінің мақсаты – оқушыларда адамды қоршаған әлеуметтік, мәдени және нақты орта туралы бастапқы білімді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибе туралы түсінігін, қоршаған ортада тиімді қарым-қатынас ережелерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

«Дүниетану» пәні оқушылардың жеке тұлға ретінде дамытуға, отбасында, жергілікті, аймақтық, ұлттық, жаһандық ауқымда алатын өзіндік орнын түсінуге мүмкіндік береді.

«Дүниетану» пәні бойынша бағдарлама қоршаған ортада болып жатқан тарихи, географиялық және әлеуметтік үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін нақты білім мазмұнын игеруге бағытталған. Тарих бағдарламаның уақыттық шегін белгілейді – уақытты сезіну, география – кеңістікті тани білу, өзінің орнын сезіну, ал қоғамтану - қоғамдық ортаны сезінуге ықпалдасады.

«Дүниетану» пәні бағдарламасы оқушылардың тану, зерттеу, дәлелдемелерді қарау және мәселелерді шешу арқылы пайда болатын сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамытады, сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына бағытталған.

Оқу бағдарламасы оқушылардың төмендегідей дағдыларын дамытуға бағытталған:



  • сұрақ қою, оған жауап таба білу; зерттеу жүргізе отырып тарихи, географиялық және әлеуметтік сұрақтарға жауап бере білуді;

  • тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың әдістеріне және басқа қолжетімді ресурстарға сүйене отырып, зерттеулерге қатысу, сұрақтарға жауап беру, эксперименттер жүргізуді;

  • жекелеген үдерістерді талдау және оқиғалардың хронологиялық реттілігін түсіну, тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың деректерін қолдана алу;

  • пікірсайысқа қатысу, дауласу, мәлімдеу, әңгіме құру, таныстырулар жүргізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;

  • интернет, сандық ақпараттық құралдарды және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып ақпараттарды іздеу, оны таңдау, қолдану, салыстыру, талдау, жүйелеу, түсіндіру және өңдеуді;

  • алынған ақпаратты ұсыну және талқылауды;

  • алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруде қолдана отырып, қорытындылар мен алынған мәліметтерді дәлелдеу;

«Дүниетану» пәнін меңгеру барысында оқушылардың оқу сапасын арттыру мақсатында, ой-пікірлерімен алмасу, оларды дамыту, сонымен қатар тиімді жұмыс атқару үшін оқушылар өзара бірлесе отырып жұмыс істейді.

Оқушылар үйренеді:



  • қоғамдағы негізгі тәртіп ережелерін сақтауды;

  • сыныпта, мектепте және қоғамдық орындарда сыпайылықты, көңіл бөлуді, сыйлай білуді, әдеп сақтауды;

  • жұпта және топта бірлесіп жұмыс істеуді, ұжымда тиімді қарым-қатынас орнатуды;

  • өз сезімдері мен өзге адамдардың эмоцияларын сезіне және түсіне отырып, өз әрекеттерінің тиімділігін арттыруды;

  • әлеуметтік ортада өз көзқарасын білдіру, тыңдау, талқылау, диалогтар мен дебаттарға қатысу дағдыларын дамытуды (сөйлеу дағдыларын).




Каталог: download -> 778
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
778 -> Математика
778 -> Сауат ашу оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы
778 -> ЕҢбекке баулу оқу бағдарламасы
778 -> Дене шынықтыру оқу бағдарламасы
778 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым минист


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет