Дүниетану пәні



бет3/4
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#41735
1   2   3   4

«Жаны саудың – тәні сау» халық даналығы айтып кеткендей, адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің амандығы үшін ғана емес, жанының сау болу үшін де әрекеттер жасауы керек. Ол үшін өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек.

Бұрын ата-бабаларымыздың денсаулығы өте мықты болған. Оған бірден бір және басты себеп, таза, қоспасыз тағамдар деп ойлаймын. Оған дәлел, ерте кезден-ақ малшаруашылығымен айналысқандығы. Себебі, төрт түлік жесең – ет, мінсең – көлік, ішсең – сусын, кисең – жылы тон екенін олар сол заманда түсінген. Әжелеріміздің піскен майы, құрты мен ірімшігі, сүзбесі мен айраны, ашытқан сусындары: қымыз, шұбат адам ағзасын нығайтады. Түрлі аурудың шипасы болған қойдың майы, суықты қайтарады. Әлсіз ағзаға өз шипасын беретін биенің саумалысы таптырмас дәрумен. Қысқа сақталған соғым етінің өзі де, қақаған қыстың аязында сорпа тағамымен адам бойын жылытады. Ата-бабаларымыз мыңдаған дерттің шипасын әр түрлі шөптерден әзірлеген. Ол кезде ауырған адам сынықшы,емшілердің көмегіне жүгінген. Ал емделудің қарапайым түрі аластау болған. Аршамен, адыраспанмен үйді, жас нәрестені, ауырған адамды аластау арқылы, әр түрлі жамандықтан,сырқттан сауықтыратынына сенген. Жас нәрестені қырық күн сумен шомылдыру салтқа айналған. Иә, шынымен де судың денсаулыққа тигізер пайдасы мол екендігі бүгінде дәлелденген.

Бүгінгі таңда қоршаған ортамыз ластануда. Оның себебі, салынып жатқан зауыттар түтіні мен қалдықтары, көліктердің көбеюі, мұржалардан шыққан түтіндері. Қазіргі таңда ауаны тазартқыштар, сүзгіштерді ғалымдар ойлап табуда. Мысалға, бумен жүретін көліктер, күн сәулесімен қуаттанатын құрылғылар табиғатымызға жақсы нәтижесін береді деген ойдамын. Дүкендерде денсаулыққа зиян келтіретін, түрлі қоспалардан жасалған заттарды алып тастаса немесе тыйым салса дұрыс болар еді. Атап айтсам: қытырлақтар, сағыздар, мұз кәмпиттер және де газдалған сусындар. Мұнда қытырлақтар құрамында мөлшерден тыс тұздың, дәмдеуіштердің көп болуына байланысты ағзаға зиянын келтіреді. Мұнымен қоймай бүйрек, тіс ауруларына себеп болады. Жылдам дайын болатын тағамдар бүгінде кең таралды. Ол да денсаулығымыздың жауы деп санаймын. Семіздікке, ішек ауруларына, жүрек зақымдануына әкеліп соқтыратынын ескеруіміз қажет.

Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, зиянды заттармен айналысу және уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумен әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.



Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Компьютер алдында ұзақ ғаламтор арқылы ойындар ойнау, жүйкемізді зақымдап, көздің көруін нашарлатады. Компьютер, ұялы телефон өзінен зиянды сәулелер таратады. Тіпті, адамның ойлау қабілетін бәсеңдетіп, есте сақтау қабілетін нашарлатады. Адам бойындағы қан айналымын әлсіретеді. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, жеке бас тазалығының ережелерін сақтауымыз қажет.

Жеке бас тазалығының ережелері мыналар. 


Каталог: uploads -> doc -> 0e08
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e08 -> Тақырыбы: Жақсы мінез Мектеп: №15 жоббм
0e08 -> Сабақтың тақырыбы: «Джунгли» театры
0e08 -> Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы
0e08 -> Сабақ үлгерімін жақсарту. Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет