Дүниетану пәні



бет4/4
Дата08.06.2018
өлшемі0,75 Mb.
#41735
1   2   3   4

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмені желдетіп алып, шынықтыру жаттығуын жасау; 
- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жуу; 
- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпау; 
- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жуу; 
- Бет орамал пайдалану, мұрынның әрқашан таза болуына көңіл бөлу; 
-Түшкірген, жөтелген кезде мұрын мен ауызды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкіру немесе жөтелу; 
- Шашты дұрыстап күту: уақытылы тарау, буып немесе өріп қойю; 
- Төсекті жинау, жеңіл-желпі киімдерді жуып, үтіктеу, түймені қадап, бәтеңкені тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс; 
- Ұқыпты да жарасымды киінуге болады. Киім таза және үтіктелген болуы тиіс; 
- Мектепке киетін киім мен үй киімін ұқыпты ұстау, уақытылы ауыстыру. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн
- Үйден шығарда сырт бейнені айнаға қарап түзеу; 
- Аяқ киімді күтіп киіп үйрену, тазалауға уақыт бөлу; 
- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарды реттеп ұстау; 
- Өзің отыратын орын тазалығын қадағалап, шаңын сүрту; 
- Кітап – дәптерді пайдаланып болған соң, орнына қою; 
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қою; 
- Сырт киімді орындыққа тастай салмай, киімілгішке ілу. Мектеп формасы мен үй киімі араласып жатпасын. 
- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қою. 

Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады. Тері құрғап, жарылып кетпеуі үшін, әсіресе, суық күндері арнайы жақпа майларды жағып жүрген дұрыс. Таңертен тұғаннан кейін беті-қолды жуып, күтінген жөн. Асханаға барарда, тамақтанбас бұрын қолды сабындап жуу керек. Мектептен, далада ойнап келгеннен кейін де бірден қол жуу қажет.Тері зақымданған кезде, йод немесе үлкендердің көмегіне жүгініп таңғышпен таңу қажет. Теріні күюден сақтау қажет. Ал күйген жағдайда, қаздың майы өте шипалы. Теріге аллергия шыққанда, тері дәрігеріне қаралған дұрыс.

Суық күндері тұмаудан, әр түлі жұқпалы аурулардан бетперде кию арқылы қорғана аламыз.Табиғи жолдармен: лимон шырыны, сарымсақ, бал тәрізді құрамы дәрумендерге толы тағамдармен түрлі дертке қарсы тұра аламыз. Үйде ата-анамыз үнемі тазалықты уағыздайды. Тұмау кезінде, көпшілік орындарда сақтанып жүру. Тіпті, тұмауға қарсы екпе салғызуға болады.Ауырған адамның тыныс алуы нашарлайды, жұмыс істеуге зауқы болмайды, тәбеті жойылады. Бұл кезде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады. 


Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата - ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды. 

Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрған нан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Мектептен қайтқан соң оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. 

«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.» 
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз. 
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін. 

Қазақ халқы « тәрбие басы - тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. 


Салауатты өмір салты дегеніміз - адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. 

Бүгінгі күнде қазақтың ұлттық ойындары кең орын алуда. Аударыспақ, тоғызқұмалақ, батпан көтеру, көкпар тарту, арқан тарту, теңге ілу, қыз қуу, қазақша күрес, орамал тастамақ, сақина салу,алтыбақан, тақия тастамақ деген сияқты ойындар қайта жаңғыруда. «Толағай», «Жүзден жүйрік», «Шытырман», «Ойлан, тап!» топтық ойындары кең белес алуда.



Ойымды қорытындылай келе, халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. 

Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.

Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.

Адамға денсаулықтан не бар қымбат!
Каталог: uploads -> doc -> 0e08
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e08 -> Тақырыбы: Жақсы мінез Мектеп: №15 жоббм
0e08 -> Сабақтың тақырыбы: «Джунгли» театры
0e08 -> Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы
0e08 -> Сабақ үлгерімін жақсарту. Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет