Дүниетану Тестер жинағы 3-сынып Дайындаған: Ешимова А. Ж 2016-2017 оқу жылы



Дата08.06.2018
өлшемі261 Kb.
#41461
«Лебяжі ауданының Шарбақты жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Дүниетану


Тестер жинағы

3-сынып


Дайындаған: Ешимова А.Ж

2016-2017 оқу жылы

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының бастауыш білім беруге арналған Мемлекеттік жаңа білім стандартында көрсетілгендей , бастауыш білім мазмұнының жаңа бағдарламалары оқушылардың білім , білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі:



  1. Оқу материалдарының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (яғни міндетті деңгейі).

  2. Оқу материалдарының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі немесе мүмкіндік деңгейі.

Жоғарыда аталған деңгейлердің арасында әлі де бірнеше деңгей болуы мүмкін. Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.

Міне осы аталған деңгейлер көлемінде сапалы білім бере отырып оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, интелектуалды тұлға дайындауда таптырмайтын әдістің – тесттік тапсырмалар. Осыған байланысты бүгінгі күні оқу үрдісінде тесттік тапсырмаларды қолдану қажеттілігі пайда болды.

Тест (ағылшын тілінен аударғанда байқау, сынақ, бақылау) – орындалуы белгілі бір білім, білік, дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған стандартты нысандағы тапсырма. Тест түрлері барлық пән бойынша оқу бағдарламасындағы жүйенің қатаң сақталуымен беріліп, іс –жүзінде екі деңгейдегі білім мазмұнынын сапасын анықтауға арналған дидактикалық құрал.

Тесттік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады.

Тест тапсырмаларының сапасын арттыру үшін әр мұғалі оқушылардың білім дәрежесін , жас ерекшеліктерін ескере отырып тестті өзі әзірлегені тиімді.

Тест жұмыстарының дұрыс құрылуы , бала жасы мен шамасының лайықтылығы нәтижесінің талданылуы білім сапасының арттыруға мүмкіндік тудырады.

Бұл жинақта 3- сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қортындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен елінің тарихы, мал шаруашылығы ,өсімдіктері мен жануарларын тест сұрақтарынан кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған тест жинағы оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенеміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев табиғат байлығы туралы былай деген: «Жердің де судың да иесі сендерсіңдер жас ұлан!» жас ұрпақты қоршаған ортаға ерекше құрметпен қарап сүйе білуіне ықпал ете білуіміз керек.


Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту , алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін,ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Тест жинағында әр сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Әдістемелік жинақтың білімділік, тәрбиелік

мәндерінің жоғары болуымен қоса пәнаралық байланыс жағы қарастырылды. Тақырыптық тестік тапсы
рмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды.



Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылды.

3-сынып

Адам-табиғат перзенті

Тест№1

1.Адам табиғаттың қандай бөлігі?

А)негізгі бөлігі Ә)тірі табиғат

Б)арнайы бөлігі В)өлі табиғат


2.Адам басқа тіршілік иесімен несімен ерекшеленеді?

А)саналылығымен Ә)қоректенуімен

Б)сезімталдығымен В)дене мүшесімен
3.Адам денесі қандай бөліктерге бөлінеді?

А)бас, мойын, кеуде,қол, аяқ Ә)бас, кеуде, қол, аяқ


Б)бас, қол, аяқ, дене В)бас, мойын, дене, қол, аяқ
4.Денені не қапгап тұрады?

А)май Ә)түк Б)тері В)бұлшық ет
5.Адам денесінің құрамына жатпайтын бөлікті тап:

А)бұлшық ет Ә)қан айналысы Б)жүйке жүйесі В)желбезек

6.Адам терісі қандай қызымет атқарады?

А)тірек Ә)қорганыш Б)ас қорыту В)қан айналу
7.Адамда неше жұп қабырга бар?

А)16 Ә)20 Б)12 В)18


8. Сау адамды сипаттау үшін сөздерді таңда: сымбатты, бүкір, күшті, мықты, толық, жүдеу, епсіз, арық, алқызыл бетті, шымыр

_______________________________________________________________
9. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, шектер, бауыр-бұлар ___________________________________ мүшелері.
10.Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

А)30-33 Ә)33-34 Б)23-24 В)43-44


11.Қол мен аяқ сүйектері бір-бірімен қалай жалғасады?

А)буын арқылы Ә)шеміршекпен Б)жұлын арқылы В)омыртқамен
12. Бұлшық ет қандай қызмет атқарады?

А)қозғалыс Ә)қорғаныш Б)тірек В)тыныс алу


13. Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады?

А)қозғалыс Ә)қорғаныш Б)ас қорыту В)тірек



3-сынып

Қан айналысы, тыныс алу, ас қорыту мүшелері

Тест№2

1.Жүрек кеуде қуысының қай бөлігінде орналасқан?



А)оң Ә)сол Б)жоғары В)төменгі
2.Қанның ағзада қозғалуын қалай атайды?

А)қан ағу Ә)қан таралу

Б)қан айналысы В)қан қызметі
3. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады?

А)60-90 Ә)60-70 Б)50-60 В)60-80
4.Өкпе қандай бөліктерден тұрады?
А)Оң, сол Ә)төменгі, жоғарғы

Б)дара, косарлы В)негізгі, көмекші
5.Тыныс алудың қандай маңызы бар?

А)таза ауа өкпеден шығарылады Ә)кеуде тарылады



Б)Таза ауа өкпеге енеді В)өкпе сығады
б.Тыныс шығарудың қандай маңызы бар?

А)көмірқышқыл газы өкпеден шығарылады Ә)өкпеден таза ауа шығарылады

Б)қабырғалар жоғары көтеріледі В)өкпе кеңиді
7. Дұрыс жауабын тап:

1. Жүректен шығатын ең ірі тамыры 1. Қылтамырлар

2. Жүректен барлық мүшелер 2. Көктамырлар

мен жасушаларға қан апаратын тамыр.

3. Жүрекке қан баратын тамыр 3. Қолқа

4. Ең кішкентай қан тамырлары 4. Сала тамыр



8.Төмендегі мүшелердің қайсысы ас қорыту мүшесіне жатпайды?
А)ауыз Ә)өңеш Б)асқазан В)өкпе
9. Ас қорыту мүшесіне жататын безді тап
А)ұйқы безі Ә)сілекей безі

Б)жұтқыншақ безі В)тері асты безі
10.Қорытылып еріген тағам денеге қалай тарайды?
А)сөл арқылы Ә)қан тамырымен

Б)шек арқылы В)асқазан арқылы
11. Тіске зақым келтірмеу үшін не керек?

А)конфет жеу Ә)сүйек кеміру Б)тазалап отыру В)жаңгақ шағу



Тест №3

Жүйке жүйесі, сезім мүшелері

1. Жүйке жүйесі неден тұрады?

А) ми мен тамырдан Ә) ми мен жұлыннан

Б) жұлын мен еттен В) тамыр мен мидан
2.Айналадағы ортадан қабылданған ақпарат не арқылы миға кетеді?

А) сүйек арқылы Ә) тері арқылы

Б) сезім мүшелері арқылы В) жүек арқылы


З.Жұлын адам денесінің қай бөлігінде орналасқан?

А) баста Ә) омыртқада Б) бұлшық етте В) қолда


4.Сырттан қабылданған ақпарат дененің қай мүшесінде талданады?

А) мида Ә)жүректе Б) бұлшық етте В) сүйекте


5.Жүйке жүйесі шаршауын болдырмас үшін қандай әрекет ету керек
А) барынша жұмыс істеу керек.
Ә) дене еңбегі мен ой еңбегін кезектестіру керек
Б) көп ұйықтау керек
В) көп ойлану керек
6. Байланыстар:

1. Көру мүшесі 1. Тері

2. Сипап сезу мүшесі 2. Құлақ

3. Иіс сезу мүшесі 3. Көз

4. Дәм сезу мүшесі 4. Мұрын

5. Есту мүшесі 5. Тіл


8.Дәптер мен көздің ара-қашықтығын көрсет

А) 10-15 см Ә) 20-25 см Б) 30-35 см В) 40-45 см


9.Көзге пайдалы түсті көрсет

А) сары Ә) қоңыр Б) көк В) жасыл
10.Құлақгың ең жұқа бөлігі

А) дабыл жарғағы Ә) төс Б) мембрана В)балғашық


11.Шылым шегу арқылы қай сезім мүшесіне зақым келеді?
А) дәм сезу Ә) есту Б) көру В) иіс сезу
12. Заттардың сапалық қасиеттерін қай мүше арқылы аныктаймыз

А) тері Ә) иіс сезу Б) көру В) есту



Тест №4

Табиғатты адам қалай зерделейді? Денелер.

Заттар. Құбылыстар

1.Табиғат заттары мен құбылыстарын көріп ұстап, тыңдап
зерделеу жолдарын қандай әдіс дейді?

А) есту Ә) көру Б) зерттеу В) бақылау
2 Тәжірибе әдісін басқаша қалай атайды?

А) эксперимент Ә) бақылау Б) зерделеу В) жоспарлау


3. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?

А) термометр Ә) градусник Б) монометр В) метр
4Адамды жан-жағынан қоршаган нэрселер не деп аталады?

А) құбылыс Ә) зат Б) табиғат В) дене


5. Табиғи денелер қатарын тап

А) күң, ай, бұлт, ауа Ә) күң, ай, кітап, үй Б) күң, ай, су, ау В) күқ ай, жел, қар
6.Қоректену, өсу, өну, ескіру сияқты қасиеттер қандай денелерге тән?

А) өлі Ә) тірі Б) жасавды В) заттарға
7. Сені қоршап тұрған қатты, сұйық, газтәріздес заттарды жаз:

Қатты ________________________ сұйық _________________________

газтәріздес_____________________________________
8. Кез-келген дене неден тұрады?

А) заттан Ә) ауадан Б) кұбылыстан В) судан


9.Адам қолдан жасайтын денелер қандай денеге жатады?
А) тірі Ә) өлі Б) зат В) құбылыс
10. Табиғаттағы өзгерістер қалай аталады?

А) табиғат құбылыстары Ә) табиғат заттары
В) табиғат бөліктері В) табиғат дүниелері
12.Жер бетінің қағазға өте кішірейтіп салынған бейнесі қандай
карта деп аталады?

А) физикалық Ә) саяси-әкмшілік Б) географиялық Г) атлас


13. Картада қаланы қандай шартты белгімен белгілейді?

А)дөңгелек Ә) үшбұрыш Б) сызық В) шаршы




Тест №5 Ауа
1.Жер шарын жан-жағынан қоршап тұратын біртұтас қабат қалай аталады?

А) ауа қабаты Ә) жер қабаты Б) су қабаты В) топырақ қабаты


2.Ауаның түсі каңдай?

А) ақ Ә) мөлдір, түссіз Б) көгілдір В) ақшыл


3.Жылу ауаға қалай таралады?

А) жер бетінен Ә) күннен Б) судан В) желден


4. Бүгін жылы, суық, ыстық дегенде________________________________

_______________________________________________________ ескереді.


5Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай

атайды?


А) су Ә) жауын Б) қар В) жел
6. Желдің күші мен бағытын бақылайтын құрал қалай аталады?
А) термометр Ә) градусник Б) флюгер В) монометр
7.Ұсақ су тамшыларының шоғырлануынан жер бетінде пайда болатын құбылыс?

А) тұман Ә) жауын Б) бұлт В) бұршақ
8. Жер деңгейіндегі бұлт- __________________________________________
9.Бұлттың түріне жатпайтын жауапты тап
А) будақ Ә) шарбы Б) қабат В) аралас
10.Метереологиялық станцияларда нені бақылайды?

А) ауа райын Ә) табиғатты Б) аспанды В) жерді


11. Жер бетіне түсетін жауын-шашын қандай өлшеммен өлшенеді?
А) метр Ә)сантиметр Б) дециметр В) милиметр
12. Қандай жерде лас ауа көп болады?

А) орманда Ә) өндірісті қалада Б) тауда В) өзен-көл жағасында



Тест№6

Су

1.Жер бетіндегі ең көп таралған зат:

А) су Ә) топырақ Б) пайдалы казба В) өсімдік
2.Табиғатта судың неше күйі болады? А)2 Ә)1 Б)3 В)4
3.Су өткізбейтін тау жынысын ата:

А) құм Ә)саз Б)малта тас В)қиыршық тас


4.Өэеннің бөлігіне жатпайтын жауапты тап:

А)сағасы Ә)саласы Б)бастауы В)санасы
5.Тұз қандай көлден өндіріледі?

А)тұзды Ә)жасанды Б)тұщы В)құмды


7. Үшбиік аймағындағы жасанды көлде өсетін балық түрлерін жаз_________

__________________________________________________________________


8.Судың сұйық күйден қатты күйге айналгандағы түрін қалай атайды?

А)өзен Ә)мұз

Б)теңіз В)бу
9.Құрғақшылық жерлерде қолдан жасалатын көл қалай

аталады?


А)тұщы Ә)тұзды Б)балықгы В)жасанды көл
10.Әрбір адам тәулігіне тамаққа және ішуге қанша литр су

жұмсайды?

А)2-3л Ә)2-4л Б)1-2л В)5-6 л
11.Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекеттер жасауы керек?
А)ластау керек Ә)үнемді пайдалану керек

Б)қолданбау керек В)ешқандай




Тест №7

Тау жыныстары

1 .Жер қыртысын толтырып жатқан денелер калай аталады?

А)тау жыныстары Ә)су

Б)топырақ В)ауа
2.Тау жыныстарының қасиетіне жатшйтын жауапгы тап:

А) қатты Ә) сұйық Б) газ В) бу


3.Тығыз тау жынысына жатпайтынын көрсет:

А)мәрмәр Ә)гранит Б)тас көмір В)саз
4.«Гранит» сөзі қазақша қандай ұғымды білдіреді?
А) ұсақ Ә) түйіршікті Б) қатты В) кесек
5.Төменде берілген тау жыныстарының қайсысы майда
тау жыныстарына жатады?

А) құм, әктас Ә) құм, гранит

Б) құм, саз В) құм, көмір
б.Қандай тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеті бар?
А) құм Ә) саз Б) мұнай В) газ
7.Пайдалы қазба шоғырланған жер қалай аталады?

А) жер қыртысы Ә) шахта Б) құдық В) кен орны


8.Тас көмір, мұнай, газ қандай пайдалы қазбаға жатады?
А) кен пайдалы қазбасы Ә) кенге жатпайтын

Б) жанғыш В) жанбайтын
9.Тас көмірдің аса ірі кен орны қай калада орналасқан?
А) Жезқазған Ә) Қараганды

Б) Қаратау В) Маңғыстау


10.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаны көрсет

А) фосфорит Ә) әктас

Б) мәрмәр В) мұнай



Тест №8

Топырақ

1. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы кабаты қалай аталады?
А) кұм Ә) топырақ Б) саз В) батпақ
2. Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен жәңдіктердің қалдығы қалай аталады?

А)қарашірік Ә) шымтезек Б)тыңайтқыш В) көң


3.Топырақгың тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?
А) тұздылығында Ә) су өткізгіштігінде

Б) құнарсыздығында В) кұнарлылығында


4. Құм, саз, қарашіріктен басқа топырақта _______________________________және ________________________________________бар.
5.Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі?
А) сор топырақта Ә) тұзды топырақта

Б) қара топырақта В) сары топырақта
6.Сор топырақ Қазақстанның қай өңірінде көп таралған?
А) Оңтүстігінде Ә) солтүстігінде Б) шығысында

В)батысында


7.Топырақгың құнарлылығын арттыру үшін оған не қосады?
А) тұз Ә) тыңайтқыш Б) құм В) су
8. Әрбір өсімдіктің тіршілігі немен байланысты?

_____________________________________________________________________


9.Қандай топырақта өсімдік сирек өседі?

А) қара Ә) сары Б) сор В) қоңыр


10 .Топырақты шайылудан не жақсы сақтайды?
А)орман Ә)тас Б)арық В) өзен
11.Қара топырақ біздің еліміздің қай жағында көбірек таралған
А) оңгүстігінде Ә) солтүстігінде

Б) шығысында В) отбасында


12.Топырақтың құрамына жатпайтын затты тап
А) су Ә) шірінді Б)тас В)ауа


Тест №9.

Өсімдікгердің көп түрлілігі

1.Өсімдіктің тіршілік етуі үшін өте қажетті жағдайларды тап
А) ауа, су, көлеңке Ә) ауа, корек, ылғал, жарық, жылу

Б) жарық, су, құм, саз В) топырақ, су, тұз


2.Жалбыз бен жоңышқа қандай жерде өседі?

А) құрғақ Ә) тастақ Б) ылғалды В) көлеңке
3.Жантақ тамырының ұзындығы неше метр?

А)15-20м Ә)30-40м Б) 10-12 м В) 20-25


4.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің қатарын көрсет
А) күреңот, жоңышқа Ә) суттіген, жантақ

Б) мақта, жүгері В) жалбыз, күріш
5. Тамыр қайсы, тамыр сабақ қайсы, тамыр жеміс қайсы (суреттер) екенін жаз.

6.Жылу сүйгіш өсімдіктерді тап

А) күреңот, жоңышқа Ә) сүттіген, жантақ

Б) жалбыз, күреңот В) жүгері, күріш, қияр
7.Суыққа төзімді өсімдіктерді тап

А) жоңышқа, жалбыз Ә) сүттіген, жантақ
Б) қоға, құрақ В) бидай, сұлы, арпа
8.Суыққа төзімді өсімдіктердің тұқымын қай мезгілде себеді?
А) ерте көктемде Ә) жазға таман Б) күзде В) қыста
9.Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата

А) жалбыз, күріш Ә) мақта, өгейшөп, қоңыраубас

Б) бетеге, көде В) қойбүлдірген, қазтабан
10.Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді тап

А) бидай, күріш Ә) егейшөп, қоңыраубас



Б) қырлышөп, қарғакөз В) күреңот, жоңышқа
11.Қайың қанша жыл тіршілік етеді?

А)160ж Ә)140ж Б)150ж В)130 ж
12. Сен білетін біздің жердегі дәрілік өсімдіктерді жаз.

__________________________________________________________



Тест№10

Жануарлардың көп түрлілігі

1.Жануарлар тобы қандай табиғатқа жатады?

А)тірі Ә)өлі Б)жасанды В)жауаптың бәрі дұрыс
3.Көбелектің дернәсілі қалай аталады?

А)шыбын Ә)уылдырық Б) жұлдызқұрт В)жұмыртқа


4.Қоңыз, көбелек, бал арасы қандай топқа жатады?
А) қосмекенділер Ә)сүтқоректілер
Б)бауырымен жорғалаушылар В)бунақденелі
5. Жануарлар тіршілігінің бір бөлігін суда, бір бөлігін құрлықта өткізеді – бұл ___________________________________________________________
6.Денесі жұмсақ, қауіпті сезсе денесін жиырып, қуыршақка

тығылатын бунақденеліні тап?

А)өрмекші Ә)ұлу Б)баларасы В)шұбалшаң
7.Улы жәндіктер қатарын белгіле:
А)көбелек, шыбын Ә)бүйі, қарақұрт, кене
Б)қарақұрт, ұлу В)бүйі, шұбалшаң
8.Жаңбыр жауғанда жер бетіне шығатын, денесінің сырты ылғалданып тұратын жәндікті тап:

А)жұлдызқұрт Ә)қанқызы Б)қарақұрт В)шұбалшаң


9. Ара шаруашылығынан адам не алады? А)дәрі-дәрмек Ә)бал Б)қант В)тосап
10.Суды тазартуға үлес қосатын жануарлар қатарын көрсет:
А)бақа Ә)балықтар,су ұлулары

Б) сазқұндыз, камшат В) тасбақа, шаян


11. Құрып кету қаупі бар жан-жануарлардың аты қандай кітапқа жазылады?

А) жасыл Ә) қызыл Б)көк В)қоңыр


Дарынды балаларға арналған тест.
І-нұсқа
1.Адам денесінде қанша сүйек бар?

А)204 Ә)199 Ә)200


2.Шеміршектің сүйектенуі неше жаста аяқталады?

А)33 Ә)25 Б)27


3.Жаңа туған бала 1 минутта қанша тыныс алады?

А) 50рет Ә)65рет Б)60рет


4.Дәрумендер сөзі грек тілінде қандай мағынаны білдіреді?

А)Өмірді жалғастырушы Ә)Пайдалы Б)Қажетті


ІІ-нұсқа
1.Адамға бір тәулікте неше грамм май қажет?

А)40-50г Ә)50-60г Б)55-60г


2.Мақал-мәтелдің жалғасын тап?

Шомылған бойын сергітеді, _________________________.

А) Оқыған ойын сергітеді

Ә)Оқыған білімін жетілдіреді

Б)Оқыған жан-жақты болады
3.Ауа райын болжайтын жәндіктерді ата?

А)Құмырсқа, қоңыз

Ә)Шыбын, шегіртке, бал арасы

Б)Құмырсқа, шыбын, қоңыз


4.Ит сусыз қанша күн шыдай алады?

А) 5-7 Ә)8-9 Б)3-4


ІІІ-нұсқа
1.Өсімдіктерді қандай бунақ денелілер тозаңдандырады?

А)Ара, сона, көбелектер, монарх көбелегі

Ә)Балық, ара, шұбалшын, сона

Б)Көбелек, монарх көбелегі, ара


2.Бақылдақ бақаның аяғының ұзындығы неше см?

А)20 Ә)25 Б)15


3.Қазіргі кезде инеліктін неше түрі бар?

А)3600 Ә)4500 Б)4600


IV-нұсқа
1.Тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісін ата?

А)Панцирь Ә)Репцелия Б)Камбала


2.Жетісу бақа тісінің ұзындығы неше см?

А)14-15 Ә)20-22 Б)15-20


3.Гранитті бүлінуден қалай қорғаймыз?

А)Жылтыратады, тегістейді, жөндейді

Ә)Сүртеді, тегістейді

Б)Жөндейді, тазалайды, тегістейді





3-сынып
Тест№1 1.Ә2.АЗ.А4.Б5:В6.Ә7.Б8.Ә. 9А 10.А 11.В

Тест№2 І.Ә 2.Б З.В 4.А 5.Б 6.А 7.В 8.А 9.Ә 10.Б

Тест№31.Ә 2.Б З.Ә 4. А 5.Ә 6.Б 7.В 8. А 9.В 10. А

Тест№4 1.В2.АЗ.Б4.В 5.А6.Б7.А8.Ә 9.А 10.Б 11.Б 12.А

Тест№51.А 2.Ә З.А 4.В 5.Б 6.А 7.В 8.А 9В 10.Ә

Тест№61.А2.БЗ.Ә4.В5.А6.Ә7.Ә8.В 9А 10.В

Тест№7 1.А2.ВЗ.В4.Ә5.Б6.Ә7.В8.Б9.Ә10.В

Тест№81.Ә 2. А З.В 4.Б 5.А6.Ә 7.Б 8. А 9.Б 10.

Тест№9 І.Ә 2.Б 3. А4.Ә 5.В 6.В 7.А 8.Ә 9.Б 10.Б

Тест№10 1.А2.ӘЗ.Б4.В5.Ә6.Ә7.В8.Ә9.Б 10.Ә

3-сынып

Дарынды балаларға арналған тест:
Тест№1 1.Б 2.Ә 3.Б 4.А

Тест№2 1.Ә 2.А 3.Ә 4.Б

Тест№3 1.А 2.Ә 3.Ә

Тест№4 1.А 2.Б 3.А

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.»Қазыналы Қалба» Қайыртай Керейбаев .Алматы.2003ж


2. Ол кім? Бұл не? Қазақ Совет энциклопедиясы. І том. Алматы 1985


  1. Ол кім? Бұл не? Қазақ Совет энциклопедиясы. ІІ том. Алматы 1986ж




  1. «Құпиялы өлкенің ғажайыбы» Өскемен 2001ж




  1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. Алматы 1998




  1. 3 сынып. Дүниетану. К.Жүнісова., Ә.Бірмағамбетов., Қ.Аймағамбетова. Алматы. « Атамұра», 2003ж


МАЗМҰНЫ
Түсінік хат

3-сынып.
Адам-табиғат перзенті

Қан айналысы. Тыныс алу, асқорту мүшелері.

Жүйке жүйесі, сезім мүшелері.

Табиғатты адам калай зерделейді?

Ауа

Су

Тау жыныстары



Топырақ

Өсімдікгердің көп түрлілігі.


Жануарлардың көп түрлілігі
Каталог: uploads -> doc -> 09a7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09a7 -> Сабақтың тақырыбы:«Туған жердің ыстығы-ай»
09a7 -> Лозовое мектеп – бақшасы Сынып: 5а Музыка пәнінен Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары. Өткізген музыка пәнінің мұғалімі: Мешелов С. С


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет