Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова сауат ашу әдістемесі 1-бөлiм



бет13/20
Дата22.08.2017
өлшемі4,48 Mb.
#24192
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20



«Сауат ашу» пәні. 1-сынып

4-бөлім. Бізді қоршаған әлем

Осыған дейін меңгерілген білім

4-бөлім алдыңғы бөлімдерден алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылардың дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктері бар; сызба-үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасай алады; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады; сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан; өтілген дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу машықтары бар.

Контекст (мәнмәтiн)

Төртінші бөлім оқушының өз отбасы мен достары туралы әңгімелеуіне мүмкіндік береді. Отбасы және күнделікті өмір туралы әңгімелейді. Бізді қоршаған әлем туралы фильм көру, шығармалармен танысу арқылы достық туралы әңгімені жоспарлайды және жазады. Мұғалім белсенді тілдік ортаның құрылуын мүмкін ететін тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым тапсырма үлгілерін қолдана алады.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту; фонематикалық есту-тыңдауын дамыту; тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту; дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру; е, к, ү, и, й, ғ, г әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп пен кіші әріпті ажыратуға үйрету; әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру; ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттерін жетілдіру қарастырылады. Оқушылар ұжымда, топта, жұппен жұмыс жасауда жаңа сабаққа қатысты қойылған проблемалық сұрақтарға жауап іздейді, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасауды үйренеді,іздену жұмыстарын жүргізеді. Қоршаған орта туралы әңгімелердің мазмұнын айтады, жоспарлайды және олар туралы әңгіме жазады.



Бізді қоршаған әлем

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«Е» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



77-сабақ. Мен және табиғат. Ее дыбысы мен әрпі

«Е» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Е»-нiң дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында, аяғында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйретіңіз.



Елік сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

https://www. google.kz

картинки



1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




1. Оқулық кейіпкерлері Әли мен Мерейдің сұхбатын оқып беріп, Мерей сұрағының жауабын ребусты шештіру арқылы таптырыңыз.

Оқушылардың ребусты дұрыс шешуіне басшылық етіңізі.

Әр суреттің алғашқы әріптерінен «немере» сөзі шығады.


Оқулық

1.9 Сөздерді, дыбыстар-ды орфо-эпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.



1.1.9.3

Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.




(МК; Ө; Қ) Дыбыс түрлерін ажырату, буынға бөлу, сәйкес-тендіру білігін бағалау.


2. Дыбыстардың өзгеруінен және буындардың қосылуынан жаңа сөз пайда болатындығын аңғартыңыз:

ар ал мен сен не ер

ер ел емен сенім немере ерте


Оқулық

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(МК; Т; Қ) Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжай алу білігін бағалау.

3. Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжатыңыз. Суреттегі Не? сұрағына жауап беретін «күн», «ай» сөздерімен «Күн ысыды. Ай туды» сөйлемдерін құрастыртыңыз.

Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


https://www. google.kz

картинки


3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(МК; Т; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Ее әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ж; Қ) Мақалды түсініп оқып, мағынасын талдай алу білігін бағалау.



78-сабақ. Мен және табиғат. Ее дыбысы мен әрпі

1. «Ер қанаты – ат» мақалымен жұмысты «Ойлан, тап» ойыны арқылы ұйымдастырыңыз. Ойынның шарты бойынша бір оқушы мақалды оқиды, екіншісі оның мағынасын қалай түсінетінін айтады. Қай жұп дұрыс оқып, мағынасын дұрыс түсіндерсе, сол жұп жеңімпаз атанады.


Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Мақал-мәтелдер

Жұмбақтар

https://www. google.kz

картинки


3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөз-дер, сызба, сурет, белгі-лер қолдана отырып, жай сөйлемдер/

мәтін құрастыру және жазу.




(МК; Т; Қ) Сюжетті суреттердегі негізгі идеяны түсініп, сызбаларға сүйеніп сөйлем құрау білігін бағалау.


2. Суреттер мен сызбалардың көмегімен «Есен не істеді?» сұрағына оқушылардың жауап беруіне мүмкіндік жасаңыз. Есеннің сабақтан бос кезде не істегенін бейнелейтін суреттердің көмегімен әңгіме құратыңыз: «Есен мұражайға барды. Атасымен шахмат ойнады».


Оқулық


2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1

Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).




(МК; Ж; Қ) Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен диалог құра алу білігін бағалау.


3. Диалогті қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырыңыз.

Оқушылар жұбымен диалогтi қалпына келтіреді. Диалог жауаптары берілген. Олар осы жауаптардың сұрақтарын құрастырады. Мысалы:

– Атың кім?

– Ерлан.


– Жасың нешеде?

– Алтыда.

– Сен қандай баласың?

– Ақылды.




Оқулық

1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(МК; ­Т; Қ) Сурет мазмұны бойынша ертегі құрай алу білігін бағалау.

4. Суреттердің көмегімен оқушылардың ертегі құрасты-руына мүмкіндік туғызыңыз.

Әрбiр сюжетті сурет бойынша сұрақтар қойыңыз. Ертегіні «Ерте,ерте ертеде» сөздерімен бастатып, құрастырып жазуына ықпал етіңіз.




Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Мақал-мәтелдер

Жұмбақтар

https://www. google.kz

картинки


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың әріптер мен сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

44-бетте берілген сызбаға Е дыбысы мен әрпі кездесетін сөздерді жазғызыңыз.



Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«К» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



79–80-сабақтар. Мен және табиғат. Кк дыбысы мен әрпі

«К» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «К»-нің дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіңіз. Таңбасын үйретіңіз.



Күшік сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ж; Қ)
Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.



1. «К» әрпі бар сөздер оқытып, сөздік және сөз мағынасымен жұмыс жүргізіңіз.

«Текемет», «кесіртке», «кесте», «елік», «терек» сөздерінің суреттерін көрсетіңіз. «Ерлік» сөзінің мағынасы өмірден мысалдар келтіру арқылы түсіндіріңіз.



Оқулық

https://www. google.kz

картинки


3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөз-дер, сызба, сурет, белгі-лер қолдана отырып, жай сөйлемдер/

мәтін құрастыру және жазу.




(МК; Ө; Т; Қ) Жаңылтпашты жатқа айтып, өз нұсқасын құрастыра алу білігін бағалау.


2. Оқушыларға жаңылтпашты оқытыңыз. Жаңылтпашты оқушыларға оқытып, жатқа айтқызыңыз. Оқушылар осы жаңылтпашқа ұқсас өз нұсқаларын құрастырады.


Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Жаңылтпаш-тар



3.10 Граммати-калық нормаларды сақтау.

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.

(МК; Ө; Қ) Сұрақ қоя білу білігін, іздену жұмысын жасай алу деңгейін бағалау.



3. Іздену жұмысын ұйымдасты-рыңыз. Алдымен сөздерді оқытып, буынға бөлдіріп, буын санын анықтатып, дыбыс түрлерін ажыраттырыңыз.

Әрі қарай сөздерің мағынасына талдау жасатыңыз. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді таптырыңыз. Сөздерден сөйлем құратыңыз.

Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқушылар топтайды:

Кім? – Еркін, етікші, кісі.

Не? – ірімшік, ешкі, кілт, кіші.


Оқулық

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгі-лерін қою.


(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.

Мұғалім оқушылардың Кк әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалайды. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.



1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.

(МК; Ө; Қ) Мәтіндегі негізгі ойды түсінуін, сұрақтарға жауап бере отырып, іздену жұмыстарында белсенділік таныту білігі арқылы бағалау.


81-сабақ. Мен және табиғат. Кк дыбысы мен әрпі

1. Өлең мазмұнымен жұмыс ұйымдастырыңыз.

С. Мәуленовтің «Ата ақылы» аудио үнтападан тыңдатыңыз немесе мәнерлеп оқып беріңіз. «Кім үлкен болған кезінде сыйлы болмақ?» сұрағына оқушылардан жауап алыңыз. Өлеңді оқушыларға жаттатыңыз.




Аудио үнтаспа Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Тақырыптар Мақал-мәтелдер




2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.


1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.


(МК; Ө; Қ) Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалау.


2. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Суреттердің көмегімен «кіші», «ескі» сөздеріне мағынасы қарама-қарсы сөздерді таптырып, олармен «Тышқанның денесі – кіші, ал пілдің денесі – үлкен», «ескі қап – жаңа қап» сөйлемдері мен сөз тіркестері құрастырылады.


Оқулық


3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/

мәтін құрастыру және жазу.



(МК; Т; Қ) Диалогке қатыса отырып, өз ойын жүйелеп жеткізе алу білігін бағалау.


3. Еркіннің хатын тыңдап, сұрағына жауап іздетіп жаздырыңыз. Еркіннің өзінің күн тәртібі бойынша аптаның жеті күнінде не істейтіндігін баяндаған хатын балаларға тыңдатып, оны сюжетті суреттермен салыстырғызыңыз. Хаттың соңында берілген «Сендер неше күн оқисыңдар? Демалыс күні не істейсіңдер?» сұрақтарына жауап жазғызыңыз. Өтілмеген сөздерді сызбамен не суретпен береді.


Оқулық

https://www. google.kz

картинки


2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.


1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.


(МК; Ө; Қ)

Көп мағыналы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалау.




4. Көп мағыналы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Оқушылардың назарын суреттегі есіктің кілті, музыка кілті, машина кілтіне назар аудартып, олардағы ортақ нәрсені таптырыңыз.


Оқулық

3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

46-беттегі тапсырманы орындатыңыз.

Әріптерден сөз құрап, жазу керек. Мысалы: кілт, кіші.


Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ж; Ө; Қ) Дыбыстарды ажырату, сөздерді буын-дап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрай алу білігін бағалау.


82–83-сабақтар. Мен және табиғат. Үү дыбысы мен әрпі

«Ү» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Ү»-нің дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында, аяғында келу үлгілерін көрсетіңіз. Таңбасын үйретіңіз. Сюжетті суретпен жұмыс жүргізіңіз. Үш сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.




Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


https://www. google.kz

картинки


1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ұ; Т; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

1. Ж. Бөдештің «Қандай жақсы!» өлеңін тыңдатып, ондағы кейіпкердің іс-әрекетіне баға бергізіңіз. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қойыңыз:

1) Алма неше бөлікке бөлінді?

2) Неше бөлігі достарына берілді?

3) Достары неге таңдайларын қақты?

Оқушының өлең кейіпкері туралы көзқарасын білу мақсатында «Өлең саған ұнады ма? Неліктен ұнады?» сұрақтары қойылып, жауап алынады.


Аудио үнтаспа Оқулық


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалау.


2. Оқулықта берілген сөздер мен жаңылтпашты буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Сөздер буындап, тұтастай оқытылып, сөздегі дыбыстың өзгеруіне байланысты жаңа сөз пайда болатындығына назар аудартыңыз:

үн үш сүт түлкі

күн күш күт күлкі


Оқулық


1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(МК; Т) Сюжетті суреттердің көмегімен мультфильмнің не туралы екенін болжатып, аяқтату.


3. Достық туралы мультфильмнің желісімен салынған сюжетті суреттер арқылы оқушылардың шағын әңгіме құрауын ұйымдастырыңыз. Мультфильмнің не туралы екенін фильм кадрлары бойынша қойылған сұрақтарға жауап бергізу арқылы байқатуға болады. 1-кадр бойынша: Қасқыр қайда және не істеп тұр? Түлкі, үкі, күшік ше? 2-кадр бойынша: Олардың әрқайсысы қасқырға қандай сыйлық ұсынды? 3-кадр бойынша: Оқушылар сюжетті өздері ойларынан құрастыру керек.

Оқушыларға мультфильмді аяқтау тапсырмасын беріңіз.




Оқулық


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.


Мұғалім оқушылардың Үү әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалайды. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

2.2

Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.



1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.


(МК; Ө; Қ) Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалау.


84–85-сабақтар. Мен және табиғат. Үү дыбысы мен әрпі

1. Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Оқулықта берілген мәтінді оқу түрлерін қолданып оқытыңыз.


Оқулық

2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ө; Қ) Оқулықта берілген жаңылтпашты жатқа айту білігін бағалау.


2. Оқулықта берілген жаңылтпашты тұтастай оқу және жатқа айту білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.


Оқулық


1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Т; Қ)
Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.


3. «Ү-ні қайдан табамын?» ойынын ойнатыңыз. Ойын шарты бойынша берілген суреттердің атын айтып, «ү» сөздің қай жерінде кездесетінін анықтатыңыз.

Оқулық

1.9 Сөздерді, дыбыстар-ды орфо-эпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрле-рін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

Каталог: uploads -> doc -> 1194
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1194 -> Сабақ 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы
1194 -> Сабақтың тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет