Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова сауат ашу әдістемесі 1-бөлiм



бет20/20
Дата22.08.2017
өлшемі4,48 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Қосымша ақпарат. Мұғалімнің сыйы ретінде оқушыларға YouTube (https://www.youtube. com Наурыз Видео) сайтынан «Наурыз мейрамы» туралы видео көрсетіңіз. Видеоны қалауыңыз бойынша таңдап алыңыз.





Оқулық

https://www.youtube. com Наурыз мейрамы

Видео


3.6.

Түрлі жанрда шығармашы-лық мәтін жазу.



1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құт-тықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.


(МК; Т; Қ) Құттықтау хат жаза алу білігін бағалау.

3. Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқытып, негізгі ойды анықтатыңыз. Асылға көмектесу мақсатында құттықтау хат жазу жұмысын ұйымдастырыңыз. Мысалы: Құрметті ата! Сізді кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын! Деніңіз сау болсын! Немереңіз Асыл, т.с.с.


Мысал ретінде үлгілер әзірлеу

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ө; Ж; Қ) Альпинист туралы ақпаратты дереккөздер арқылы табу білігін бақылау

Оқушылардың альпинист туралы ақпараттарды дереккөздер арқылы табуына мүмкіндік жасаңыз. Оларды оқытып, талдау жасатыңыз. Дереккөздерден тапқан материалдарының қажетті жерлерін дәптерлеріне көшіртіңіз.

Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

Кітаптар



Ж10 Грамматика-лық норма-ларды сақтау.

Ж10. 1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алады және орынды қолдана біледі.


(МК; Т; Қ) Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдану білігін бағалау.

Оқушыларға өздері жазған құттықтау хаттан заттың атын білдіретін сөздерді тауып, астын сызу керектігін түсіндіріңіз. Оларға сұрақ қойғызыңыз.


Оқулық

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың ь таңбасы кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.2 Дыбыстар-дың сөздегі қызметін түсіну

(ь, ъ таңба-лары мен



ф, в, ц, ч дыбыстары,

ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу.


(МК; Ұ; Ө; Қ) Дыбыстарды ажырату, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрау білігін бағалау.


143-сабақ. Ойын ережесін құра аламын. ъ таңбасы

«ъ» таңбасымен таныстырып, таңбасын үйретіңіз.

Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасап, жаңа сөздермен таныстырыңыз.

Разъезд сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

https://www. Google.kz

картинки



2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ж; Қ)
Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.



1. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асырыңыз. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізіңіз.


Оқулық

https://www. Google.kz

картинки



3.6.

Түрлі жанрда шығарма-шылық мәтін жазу.



1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттық-тау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.


(МК; Ө; Ж; Қ) Құттықтау хат жаза алу білігін бағалау.

Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқытып, негізгі ойды анықтаты-ңыз. Балаға көмектесу мақсатын-да хатты жалғастырып жазу жұмысын ұйымдастырыңыз.

Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

Мысал ретінде үлгілер әзірлеу.



1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстра-циясы бойынша болжау.

(МК; Т; Қ)
Ой ұшқырлығын, мазмұны бойынша болжай алу білігін бағалау.


2. «Ойлан, тап» ойынын ойнатыңыз. Оқушыларға оқулықта берілген тапсырманы оқытып, ұлттық ойынның аттарын тапқызыңыз.
3. Тапқан ұлттық ойындарының бірімен ойын ережесін құрастыртып, тота жариялатыңыз.

Қосымша ақпарат. Мұғалімнің сыйы ретінде оқушыларға YouTube (https://www.youtube. com Теңге ілу Видео) сайтынан «Теңге ілу» туралы видео көрсетіңіз. Видеоны қалауыңыз бойынша таңдап алыңыз.





Оқулық

https://www.youtube. com

Теңге ілу Видео



3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)
Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.


Оқушылардың ь таңбасы кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Оқулықтың 114-бетіндегі хатты аяқтатып жазғызыңыз.




Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ө; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

144-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? «Өзім туралы» тақырыбы бойынша

1. Оқулықта берілген өлеңді оқытыңыз. Өлеңге тақырып таңдатыңыз. Тыңдалған өлең мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасаңыз. Оқушыларға пікірін айтуы үшін өлеңді оқып болғаннан кейін «Саған өлең ұнады ма? Неліктен? Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?» деген сұрақтар қойылу қажет.

Оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1 Мәтін иллюстра-циясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).


(МК; Ө; Қ) Сұраққа жауап беру білігін бағалау.



2. Оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды оқытып, толық жауап алыңыз. Іздену жұмысын ұйымдастырыңыз.


Оқулық


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ж; Қ)

Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.





3. Оқулықта берілген мәтінді мәнерлеп оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Қарамен берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тапқызыңыз. Сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізіңіз.



Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

https://www. Google.kz

картинки



1.6 Тыңдаушы-ның назарын аудару.


1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасын-дағы кідірісті) қолдану.


(Ө; Қ)

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолданып рөлде ойнай алу білігін бағалау.



Оқушылардың сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолданып, өзі туралы толық ақпарат айта алуын ұйымдастырыңыз.


Қосымша тапсырма

1.5

Түрлі жағдаяттар-да тілдік нормаларды дұрыс қолдану.





1.1.5.1

Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу.




(МК; Ө; Қ) Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алу, этикет сөздерді қолданау арқылы диалог құра алу білігін бағалау.


4. Оқулықтағы берілген өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, сұраққа жауап іздету жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Кері байланыс жасатып, дәлелдетіңіз.


Оқулықпен жұмыс


3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/

мәтін құрастыру және жазу.




(МК; Ө; Қ)

Өзі туралы коллаж жасай алу білігін бағалау.




Оқушыларға өзі туралы коллаж жасатуға негізделген жұмыс түрлерін ұйымдастырыңыз. Оқушылар өзінің болашағы туралы да коллаж жасай алатынын айтып, кеңес беріңіз. Коллажды құрастыруда өлеңдер, мақалдар жазуға болады. Жұмыстарын қорғатыңыз.

Суреттер, плакаттар

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Оқулықта берілген сұрақтарды оқытып, жауап жазғызыңыз.



Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ө; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

145-сабақ. Мен не үйрендім? «Менің мектебім» тақырыбы бойынша

1. Оқулықта берілген өлеңді оқытыңыз. Тыңдалған өлең мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасаңыз. Оқушыларға пікірін айтып үйрену үшін өлеңді тыңдап немесе оқып болғаннан кейін «Саған өлең ұнады ма? Неліктен? Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?» деген сұрақтар қойылу қажет.

Оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

1.5

Түрлі жағдаяттар-да тілдік нормаларды дұрыс қолдану.





1.1.5.1

Түрлі жағдаяттар-да этикет сөздерін қолдана білу.




(МК; Ө; Қ) Мақалдағы негізгі ойды анықтай алу, этикет сөздерді қолданау арқылы мазмұнын жеткізе алу білігін бағалау.


2. Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындатып, мақалды мәнерлеп оқытып, негізгі ойды анықтатыңыз. Көркемсөз тіркестерін қолданау арқылы мазмұнын жеткізу жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Кері байланыс жасатып, дәлелдетіңіз.


Оқулықпен жұмыс


3.6.

Түрлі жанрда шығарма-шылық мәтін жазу.



1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттық-тау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.


(МК; Ж; Қ) Құттықтау хат жаза алу білігін бағалау.

Оқушылардың бөлім бойынша игерген білімдерін пысықтатып, ұстазына алғыс хат жазу жұмысын ұйымдастырыңыз.

Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастырыңыз.




Мысал ретінде үлгілер әзірлеу

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.


1.2.5.1 Мәтін иллюстра-циясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).


(МК; Т; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақ дайындау білігін бағалау.

3. Мәтінді мәнерлетіп оқыңыз.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындатыңыз.

Дайындаған сұрақтарын оқытып, талдау жасатыңыз.


Оқулық

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Оқулықта берілген сұрақтарды оқытып, жауап жазғызыңыз.




Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ө; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

146-сабақ. Мен не үйрендім? «Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша

1. Оқулықта берілген өлеңді оқытыңыз. Өлеңге тақырып таңдатыңыз. Тыңдалған өлең мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасаңыз. Оқушыларға пікірін айтып үйрену үшін өлеңді тыңдап немесе оқып болғаннан кейін «Саған өлең ұнады ма? Неліктен? Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?» деген сұрақтар қойылу қажет.

Оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

1.5

Түрлі жағдаяттар-да тілдік нормаларды дұрыс қолдану.





1.1.5.1

Түрлі жағдаяттар-да этикет сөздерін қолдана білу.




(МК; Ж; Қ) Сұраққа нақты жауап беріп, этикет сөздерді қолданып, сөйлем құрай алу білігін бағалау.

Сөздерді оқытып, дыбыстық-буындық талдау жасап, оқулықтағы сұрақтарға жауап алу жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Оқушылардың сұрақтарға жауап беру барысында бір-біріне этикет сөздерді қолданып, жұмыс жасауын ұйымдастырыңыз.


Оқулық

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки



2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1 Мәтін иллюстра-циясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).



(МК; Ж; Т; Қ) Мәтін желісі бойынша сұрақтарға жауап беру білігін бағалау.


2. Оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқып, оқулықта берілген сұрақтарға жүйелі жауап беруін ұйымдастырыңыз.

Диалогті оқушыларға жалғастыртыңыз.

Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдануларына бақылау жасаңыз.


Оқулық



3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(Ө; Қ)
Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Оқулықта берілген сұрақтарды оқытып, жауап жазғызыңыз. Жазу дәптерінің 44-бетіндегі тапсырманы орындатыңыз.

Оқушылардың өз отбасы туралы жазуына ықпал етіңіз.


Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ө; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

147-сабақ. Мен не үйрендім? «Менің отбасым және достарым» тақырыбы бойынша

3. Оқулықта берілген өлеңді оқытыңыз. Өлеңге тақырып таңдатыңыз. Тыңдалған өлең мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасаңыз. Оқушыларға пікірін айтып үйрену үшін өлеңді тыңдап немесе оқып болғаннан кейін «Саған өлең ұнады ма? Неліктен? Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?» деген сұрақтар қойылу қажет.

Оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

1.9

Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.



1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.

(МК; Ө; Ж; Қ) Өз достарын айқындап, түсіндіру, дәлелдеу жасау. Сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату білігін бағалау.


4. Өз достарын анықтатып, сызбаны толтыртыңыз. Сөздерді тақтаға жазғызыңыз. Жазған сөздерін оқытып, дыбыстық-буындық талдаулар жасатыңыз.

Бір сөзге сөйлем құратыңыз. Жұппен жұмыс ұйымдастыру мақсатында қатені тауып, түзету жұмысын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

Тақтамен жұмыс



3.6.

Түрлі жанрда шығарма-шылық мәтін жазу.



1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.



(МК; Ж; Қ) Досына хат жаза алу білігін бағалау.

Оқушылардың тарау бойынша игерген білімдерін пысықтатып, досына хат жазу жұмысын ұйымдастырыңыз.

Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

Мысал ретінде үлгілер әзірлеу



1.6 Тыңдаушы-ның назарын аудару.


1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасын-дағы кідірісті) қолдану.


(Ө; Қ)

Әнді айту барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдана алу білігін бағалау.



5. Әнді айту барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдана алуын ұйымдастырыңыз.

Өлеңнің соңғы екі жолын көшіріп жазғызыңыз.

Мұғалімнің сыйы ретінде оқушыларға достық туралы ертегі немесе әңгіме оқып беріңіз.


Мұғалімнің сыйы

http://www. Balalaralemi.kz

Ертегілер

Әңгімелер


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



6. Өлеңнің соңғы екі жолын дәптерлеріне жазғызыңыз. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Жазу дәптерінің 45-бетіндегі тапсырманы орындатыңыз.

Оқушыларға Мерей мен Әлиге хат жазғызыңыз.


Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ө; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

148-сабақ. Мен не үйрендім? «Бізді қоршаған әлем» тақырыбы бойынша

1. Оқулықта берілген өлеңді оқытыңыз. Өлеңге тақырып таңдатыңыз. Тыңдалған өлең мазмұны бойынша оқушының пікірін айтуға мүмкіндік жасаңыз. Оқушыларға пікірін айтып үйрену үшін өлеңді тыңдап немесе оқып болғаннан кейін «Саған өлең ұнады ма? Неліктен? Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?» деген сұрақтар қойылу қажет.

Оқушылардың өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастырыңыз.

Оқушылардың өзі тұратын жерінің табиғаты туралы әңгімелеуіне мүмкіндік жасаңыз.



Оқулық

3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлем-дер/мәтін құрастыру және жазу.



(МК; Ө; Ж; Қ) Бас әріппен жазылатын сөздерді айыру, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

2. Ұсынылған тапсырмаларды толықтырып, бас әріппен жазылатын сөздерді айырып жазып, дәлелдеулер жасай алу мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастырыңыз. Сөздерді қатыстырып сөйлем құратыңыз.

Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын жүргізіңіз.



Оқулық

Дәптермен жұмыс



1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ж; Т; Қ) Оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау білігін бағалау.


3. Оқушылардың ертегіні мәнерлеп оқып, алдын ала дайындалған сұрақтарға жүйелі жауап беруін ұйымдастырыңыз.

Диалог құрау арқылы оқушылардың өз пікірін еркін айтып, этикет сөздерді қолдана алуына ықпал етіңіз.

Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдануларына бақылау жасаңыз.
5. Бала алғысын қандай сөзбен білдіргенін оқушыларға тапқызыңыз.


Оқулық



3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Жазу дәптерінің 46-бетіндегі тапсырманы орындатыңыз.




Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(Ө; Қ) Сюжетті суреттің мазмұнын ашып, әңгіме құрау білігін бағалау.


149-сабақ. Мен не үйрендім? «Саяхат» тақырыбы бойынша

1. Оқушылардың назарын сюжетті суретке аудартыңыз. Оқушыларға «автор орындығы» стратегиясын қолданып, ауызша мәтін құрастыртыңыз.

Оқушыларғы «автор орындығындағы» оқушының мәтінді баяндауын «Қол белгісі» әдісі арқылы бағалатыңыз.





Оқулық

3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сыз-ба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлем-дер/мәтін құрастыру және жазу.


(МК; Ө; Ж; Қ) Сюжетті суреттің желісі бойынша шағын мәтін құрастырып жаза алу білігін бағалау.

Сюжетті суреттің желісі бойынша шағын мәтін құрастырып жаза алу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Бас әріппен жазылатын сөздерді айырып жазып, дәлелдеулер жасай алу мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастырыңыз.

Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын жүргізіңіз.





Оқулық

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстра-циясы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)
Ой ұшқырлығын, мазмұны бойынша болжай алу білігін бағалау.


2. Өлеңді оқытып, соңғы сөздің ұйқасын таптырыңыз. Жауабы оқушылардың дәптеріне жаздырылады.

Мұғалімнің сыйы ретінде жұмбақтар шештіріңіз.




Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Жұмбақтар


1.6 Тыңдаушы-ның назарын аудару.


1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасын-дағы кідіріс-ті) қолдану.


(Ө; Қ) Сұрақтарға жауап беріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

3. Оқушылардан оқулықтағы сұрақтарға жауап алып, саяхатқа қайда барғылары келетіні жайында әңгіме ұйымдастырыңыз. Саяхаттқа

шығатын жерді таңдауына не себеп болғанына дәлелдеулер жасатыңыз.

Мұғалімнің сыйы ретінде оқушыларға саяхат туралы ертегі немесе әңгіме оқып беріңіз.


Мұғалімнің сыйы.

http://www. Balalaralemi.kz

Ертегілер

Әңгімелер


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Жазу дәптерінің 47-бетіндегі тапсырманы орындатыңыз.

Оқушылардың өз отбасы туралы жазуына ықпал етіңіз.


Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс



3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сыз-ба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлем-дер/мәтін құрастыру және жазу.



(МК; Т; Қ) Өтірік өлең құрастыра алу білігін бағалау.

150-сабақ. Мен не үйрендім? «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыбы бойынша

1. Оқушыларға өтірік өлеңді оқытып, ұйқасын табу үшін тиісті суреттерді тапқызыңыз. Дәптерлеріне жазғызыңыз.

Жұппен жұмыс жасатып, қатені табу және түзету жұмыстарын ұйымдастырыңыз.




Оқулық

Дәптермен жұмыс




1.4 Оқиғаны болжау.


1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстра-циясы бойынша болжау.


(Ұ; Қ) Ой ұшқырлығын, мазмұны бойынша болжай алу білігін бағалау.


2. Суреттерді ататып, қай ойынға қажеті заттар екенін таптырыңыз.


Оқулық


1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ұ; Т; Қ)

Өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.



3. Өздеріне ұнайтын ойындар туралы айтқызып, дәлелдеулер жасатып, пікір алысу ұйымдастырыңыз.





1.6 Тыңдаушы-ның назарын аудару.


1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасында-ғы кідірісті) қолдану.


(МК; Ө; Қ) Әңгімеден алған әсерлерімен ой бөлісу білігін бағалау.

4. Тапсырманы ойын түрінде ұйымдастырыңыз. ұйымдастырыңыз. Ойын шарты бойынша бір оқушы өзіне ұнайтын ойын түрлерін сыныптастарына қимыл арқылы жасырады, сыныптастары қандай ойын екенін табуы керек.


Оқулық

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Қосымша тапсырмалар орындатыңыз.




Дәптермен жұмыс

Тақтамен жұмыс




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ


САБАҚ: Сауат ашу

ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым.

Қ дыбысы мен әрпі. 66 - 67 сабақтар.



МЕКТЕП: Боралдай жалпы орта.

КҮНІ:22.11.2016ж.

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: А.Орынбаева.

СЫНЫП: 1»а»

ҚАТЫСҚАНДАР

САНЫ: ____

ҚАТЫСПАҒАНДАР

САНЫ:____

ОҚУ МАҚСАТЫ:

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді, көп мағыналы сөздердің мағынасын ажырата алады.

1.2.5.1 Мәтіннің иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі немесе қойылған сұраққа жауап береді (мұғалімнің көмегімен).

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды.



С

САБАҚТЫҢ

МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Сөйлем сызбасын оқи алу.

Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою.



Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен мәтінді баяндау, дәлелдеулер жасай алу.

Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздерді тауып, ажырата алу, қолдану.



Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Көркемсөз тіркестерін орынды қолданып, ойын жүйелі жеткізе алу.

Қызықты және сипаттамалық сөз орамдарын орынды қолданып жазу.



Алдыңғы білімдер

Оқушылар әртүрлі мақсатта жазылған мәтіндерден негізгі ойды анықтап, өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер


Сабақтың басы

5 минут

2 минут
3 минут






(МК; Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.


(МК; Ұ) «Ойлан – жұптас – талқыла» стратегиясы.

«ББҮ» кестесімен жұмыс.




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім



















Кестенің алғашқы екі бөлігін сыныпта талқылап, мұғалімнің көмегімен толтыру.

Оқушылардың сабақ соңында сағат тілі бойынша қасында отырған топтағы оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына байланысты «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі бойынша кері байланыс жасайтынын ескертіңіз.



Көңілді әуен қосып қою


«ББҮ» кестесімен жұмыс

Сабақтың ортасы

20 минут

5 минут

1 минут

4 минут



4 минут

6 минут






1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.

Бағытталған оқу ретін сақтай отырып, әңгімені топта оқу. Мәтінді оқыған кезде сөйлемдегі сызбаларды болжау жасап оқытыңыз.

Бағытталған оқу ретін (мәтінге кіріспе, өздігінен оқу, мәтінге қайта оралу, сұрақтарға жауап беру) сақтай отырып, әңгімені топтарға бөліп оқытыңыз. Оқушыларға мәтінді оқып біткеннен кейін, мәтінге қайта оралып, жаңа сөздердің мағынасын болжауды үйретіңіз.
(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасын оқи алу білігін бағалау.

1. Сызба және сөздердің көмегімен оқушылардың мәтінді оқуын жүзеге асырыңыз. Мұғалім «Анам ас үйде. Ол қасық, шанышқы алды. Мен атамды тамаққа шақырдым. Қуырдақ жедік. Артынан ыстық шай іштік» мәтінде берілген сөздер мен сызбалар арқылы оқушылардың оқуын ұйымдастырады.
Ой сергек!

Видеодағы дағы әуен ырғағымен билеу.


1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді, көп мағыналы сөздердің мағынасын ажырата алады.

(МК; Ө; Қ) Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздерді тауып, ажырата алу, қолдану білігін бағалау.

2. Әр суретке назар аудартылып, оның не екені таптырылады (стақан, кесе, үстел). Үстінде жазылып тұрған сөз (суық, астында) оқытылады. Ол сөзге дыбыстық талдау-жинақтау жасалып, оған мағынасы қарама-қарсы сөз табу тапсырылады. Мысалы: суық – ыстық; астында – үстінде.
1.2.5.1 Мәтіннің иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі немесе қойылған сұраққа жауап береді (мұғалімнің көмегімен).

(МК; Т; Қ) Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен мәтінді баяндау, дәлелдеулер жасай алу біліктілігін бағалау.

3. 3. Оқушылардың суреттегі отбасы мүшелерін дастарқан басына дұрыс отырғызуына және не үшін олай отырғызғанын дәлелдеуіне мүмкіндік жасаңыз. Бұл тапсырма «Кім қайда отыруы тиіс?» ойыны арқылы орындалады. Ойынның шарты: отбасы мүшелерін тиісті орындарына отырғызып, не үшін олай отырғызғанын дәлелдеуі тиіс. Мысалы, Атам мен әжем төрде отырады. Өйткені, олар – отбасының үлкендері, т.с.с. Тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Өтіліп жатқан тақырып төңірегінде өзіндік ой-тұжырым, қорытынды шығарады. Оқушылар топта ортақ шешімге келіп, жұмыстарын топта жариялайды. Қойылған проблемалық сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып, көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» тәсілі арқылы өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды.
1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.

Оқушылардың Ққ әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылар әріптерді жазу барысында бастырып жазуәдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданады.



Оқулық


Видео

Оқулық


Оқулық

Смайликтер

Дәптермен жұмыс


Қорытынды бөлім

10 минут

4 минут


2 минут
2 минут




(Т; Қ) Постер жасап, қорғау, талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау.

Топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар сыныптағы кітап бұрышын, кеңсе тауарларын пайдаланады. Әр топқа әртүрлі бағыттағы тапсырмалар ұсыну. Тапсырма үлгілері:

Мәтін желісі бойынша сурет салыңдар;

Мәтін мазмұны бойынша коллаж дайындаңдар;

Шығарма желісі бойынша сұрақтар дайындаңдар;

Бес жолды өлең құрастырыңдар, т.с.с.

Сыныпта ұйымдастырылған бұрышты қолдану.

Постер жасау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.


Топтық жұмыстарын топта жариялау.
Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы ой қорытады.



http://www.balalaralemi.kz

Энциклопедия

Әңгімелер

Тақпақтар

Мақал-мәтелдер

Ертегілер

Жұмбақтар

Суреттер



2 минут

1 минут


«Ойлан – жұптас – талқыла» стратегиясы.

«ББҮ» кестесімен жұмыс.




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


















Кестенің үшінші бөлігін мұғалімнің көмегім сыныпта толытыру. Ұжыммен талқылау.Топта жариялап, диалог құрау арқылы ой бөлісу.


Кері байланыс:

(МК;Т;Қ) «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы оқушылардың басқа топтарды бағалауын жүзеге асырыңыз.

Оқушылар сағат тілі бойынша қасында отырған топтағы оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына байланысты екі жетістігін көрсетіп, бір ұсынысын білдіреді. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттеріне қарай тілек, ұсыныс білдіруді ұмытпаңыз.



«ББҮ» кестесімен жұмыс

Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілін қолдануға стикерлер тарату




Қосымша ақпарат

Дифференциация: Балаларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік
АКТ
Құндылықтар









Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды

болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?





Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт.



1:

2:

Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.Абденқұлов.

МАЗМҰНЫ

Түсініктеме 3

Күнтізбелік үлгі-жоспары 3

1-бөлім. Өзім туралы 5

2-бөлім. Менің мектебім 39

3-бөлім. Менің отбасым және достарым 61

4-бөлім. Бізді қоршаған әлем ...........................................................................................................75

5-бөлім. Саяхат................................................................................................................................. 91

6-бөлім. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ................................................................................... 113

Қысқа мерзімді жоспар сабақ жоспарының үлгісі.................................................................. 141

Оқу-әдістемелік басылым


Жұмабаева Әзия Елеупанқызы

Оспанбекова Мейіргүл Несіпбекқызы

САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ

1-бөлiм

Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған


Редакторы Ж. Қайранбай

Көркемдеушi редакторы В. Пак

Техникалық редакторы Ұ. Рысалиева

Корректоры Ү. Бахова

Компьютерде беттеген М. Қуанова

ИБ № 357

Теруге 04.04.2016 берiлдi. Басуға 05.04.2016 қол қойылды. Пiшiмi 60×841/8. Офсеттiк қағаз. Офсеттiк басылыс.

Әрiп түрi «мектептiк».
Шартты баспа табағы 23,25. Есептiк баспа табағы 14,67. Таралымы 60 дана. Тапсырыс №888.

«Атамұра» корпорациясы» ЖШC, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.

Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты. 050002, Алматы қаласы,

М. Мақатаев көшесi, 41.





Сауат ашу әдістемесі

Каталог: uploads -> doc -> 1194
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1194 -> Сабақ 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы
1194 -> Сабақтың тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет