Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова сауат ашу әдістемесі 1-бөлiм



бет3/20
Дата22.08.2017
өлшемі4,48 Mb.
#24192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




Оқу бағдарла-масына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту

іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Өзім туралы

1.1 Тыңдалған материал-дың маз-мұнын түсіну.


1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.


(МК; Ұ; Қ) Тыңдаған немесе көрген материалының мазмұнын зейін қойып тыңдау, түсіну білігін бағалау.


1-сабақ. Сәлем саған, мектебім! Сөйлеу. Оқушылармен сабақ мазмұнын ашатын қосымша материалдармен және оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс жасаңыз. Оқушының тыңдаған немесе көрген материалының мазмұнын түсіну дәрежесін айқындау үшін сұрақ қою тәсілін қолданыңыз. Сұрақ қысқа да түсінікті, қызғылықты және әдістемелік жағынан дұрыс құрылған болу керек. Балалардың сөйлеу деңгейі сұрақтарға жауап беру кезінде байқалады. Анықталған кемшіліктерді мұғалім әр оқушымен жеке (дифференциалды) жұмыс ұйымдастыруда басшылыққа алуы тиіс екенін есіңізде ұстаңыз.


Оқулық

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки



http://www. balalaralemi.kz

Әңгімелер





1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(МК; ­Ө; Қ) Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беру, әңгіме құрай алу білігін бағалау.

Алғашқы сабақта Білім күніне арналған сюжетті суретпен жұмыс ұйымдастырыңыз.

Мұғалім тарапынан қойылатын сұрақ пен оқушылар жауабынан диалог құрылатынына мән беріңіз. Сұрақтарға толық жауап алыңыз.

Мысалы:

– Бүгін қандай күн?

– Бүгін – білім күні.

– Балалар қайда келді?

– Балалар мектепке келді.

– Оларды кім қарсы алды?

– Оларды мұғалім қарсы алды.

– Бұл күн сенің өміріңе қандай өзгеріс әкелді?

– Мен бүгіннен бастап оқушымын.


Оқулықта-ғы сюжетті суретпен жұмыс


2.1

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ө; Қ) Тақтамен жұмыс жасату.

Сызба арқылы сөйлемдер жаздыру.

Сызба-үлгілермен жұмыс жасай алу білігін бағалау.


Оқулықта берілген сызба-үлгілермен жұмыс ұйымдастыруда сөйлемнің жеке сөздерден тұратындығы, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылып, соңғы сөйлемнен кейін тыныс белгісі қойылатынын практикалық тұрғыда танытыңыз. Бірнеше оқушыға тақтамен жұмыс жасатып, сөйлемдерді сызбамен жаздырыңыз. Сюжетті суреттерді қолданыңыз.


Оқулықпен жұмыс

Тақтамен жұмыс



https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




1.5

Түрлі жағдаяттар-да тілдік нормаларды дұрыс қолдану.





1.1.5.1

Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу.




(МК; Ө; Қ) Оқулықта берілген сұрақтар бойынша оқиғаны ретімен баяндату, түрлі жағдаяттарда этикет сөздерді қолдану білігін бағалау.


Оқушылардың түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдануын ұйымдастырыңыз. Оқушылардың сызба арқылы құрастырған мәтін мазмұнын оқулықта берілген сюжетті суретке сүйеніп баяндауына ықпал етіңіз. Тақтаға мәтін құрастыруға негізделген сызбаның үлгісін сызып қойыңыз.

Оқушыларға сұрақтар қойып, толық жауап алыңыз. Олардың өзі туралы айтуына ықпал етіңіз.

Мысалы:

– .

.



  • .

Бүгін – 1 қыркүйек. Мен мектепке келдім. Мен – бүгіннен бастап оқушымын.


Оқулықпен жұмыс

3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талап-тарға сай жазу.



(Ө; Қ)

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.




Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу) үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алғаныңыз дұрыс:

– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

– заттарды сызықтар арқылы қосу;

– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу;

– дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру;

әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.


Тақтамен жұмыс

Дәптермен жұмыс




1.1 Тыңдалған материал-дың мазмұ-нын түсіну.


1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.


(МК; Ө; Қ)

Сөз бен сөйлемді ажырату, сөздің мағынасын, сөйлемнің мазмұнын түсіну білігін бағалау.




2-сабақ. Оқушымын мен енді! Сөйлеу. Оқушылармен сабақ мазмұнын ашатын қосымша материалдармен жұмыс жасаңыз.

Өткен сабақтан игерген білімдеріне сүйене отырып, тыңдау және сөйлеу барысында сөз бен сөйлемді ажыратқызып, сөздің мағынасын, сөйлемнің мазмұнын түсінулеріне ықпал етіп, талдау жасатыңыз. Жаңа сабаққа дайындық мақсатында күз мезгіліне байланысты сюжетті суреттермен жұмыс жасаңыз. Сөздерден сөйлем құратыңыз. Оны сызбалар арқылы бейнелетіңіз.




https://www. google.kz

детские сюжетные картинки



http://www. balalaralemi.kz

Әңгімелер




1.5

Түрлі жағдаяттар-да тілдік нормаларды дұрыс қолдану.





1.1.5.1

Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу.




(Ұ; Қ)

Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен мәтінді баяндау, этикет сөздерді қолдана алу білігін бағалау.



1. Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен мәтінді баяндау, этикет сөздерді қолдана алу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Берілген сюжетті суреттерге оқушылардың назарын аудартыңыз. Бұлар қандай бөлмелер?, Олар қайда орналасқан?, Бұл бөлмелерде балалар не істейді? сұрақтарын қою арқылы баланың мектептегі негізгі әрекетінің оқу екендігі танытыңыз.


Оқулықпен жұмыс

2.1

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ө; Қ) сызбаның көмегімен беріл-ген сұрақтарға жауап беру білігін бағалау.

2. Оқулықта берілген сызбаның кө-мегімен сұрақтарға жауап алыңыз.

Сынып бөлмесінде отырғандар кімдер?, Олар не істейді? сұрақтарына жауап ала отырып, сөз, сөйлем туралы игерген білімдерін пысықтаңыз.


Оқулық

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.


1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.

(Ұ; МК) Мәліметті мұқият тыңдау, негізгі ойды анықтай алу білігін қалыптастыру.


«Есіңе сақта!» мәліметін оқулықтан оқып беріп, талдау жасатыңыз. Мысалдар арқылы тақтада дәлелдеу жұмыстарын жасап көрсетіңіз.


Оқулық

Тақтамен жұмыс



1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ө; Қ) Өлең мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндау білігін бағалау.


3. Ж. Әбдірашевтің «Күзгі қуаныш» өлеңін аудио үнтаспадан тыңдатыңыз немесе оқулықтан мәнерлеп оқып беріңіз. Авторды таныстырыңыз. Өлең мазмұны бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, толық жауап алыңыз. Оқушыларға өлең мазмұнынан не түсінгенін өздігінен баяндатыңыз.


Аудио үнтаспа

Оқулықпен жұмыс



3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасын оқу, пунктуациялық нормаларды сақтау, тапсырма бойынша ой қорытып, рефлексия жасай алу білігін бағалау.

Өлеңнің соңғы «Оқушымын мен енді!» сөйлеміне сәйкес сызбаны белгілетіңіз. Дәлелдеу жұмысын жасатыңыз. Сөйлемің бас әріптен басталып жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісі қойылғанына назар аудартыңыз.

Тапсырма бойынша ой қорытып, өз әс-әрекеттеріне көңіл-күйді білдіретін «смайликтер» әдісі негізінде рефлексия жасатыңыз.




Оқулықпен жұмыс.

Смайликтер



3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талап-тарға сай жазу.



(МК; Ө; Қ) Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.


Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу) үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алғаныңыз дұрыс:

– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

– заттарды сызықтар арқылы қосу;

– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу;

– дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру;

– әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.


Тақтамен жұмыс

Дәптермен жұмыс



1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ;Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




3-сабақ. Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем.

Оқушыларға балабақшадан игерген білімдеріне сүйеніп, оқулықта берілген сюжетті суреттің көмегімен өз елі туралы білетін ақпараттарын диалог құрау арқылы айтқызып, талдау жасатыңыз. Қосымша материалдарды пайдалану арқылы жаңа мағлұматтар беріңіз. Оқушылардың өздері білетін Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерін, өлеңдерін, тақпақтарын айтуына мүмкіндік беріңіз.




https://www. google.kz

детские сюжетные картинки



http://www. balalaralemi.kz

Әңгімелер

Суреттер

Мақал-мәтелдер




1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ұ; Қ) Мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндау білігін бағалау.


1. Аудио үнтаспадан немесе оқулықтан мәтінді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып, оқушыларға Әлидің өз елі туралы айтқан әңгімесін тыңдатыңыз.

Оқушыларға мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндатыңыз.

Оқушыларға өзінің елді мекені туралы көркемсөз тіркестерін қолдана отырып айтуына мүмкіндік жасаңыз.


Аудио үнтаспа Оқулықпен жұмыс

3.4

Оқыған/ тыңдаған материал-дың мазмұ-нын жазу.




1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба белгілер қолданып жеткізу.

(МК; Т; Қ) Сөйлем сызбасын оқу, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасай алу білігін бағалау.

2. Оқулықта берілген сызба-үлгілермен жұмыс ұйымдастыруда сөйлемнің жеке сөздерден тұратындығы, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылып, сөйлемнен кейін тыныс белгісі қойылатынын практикалық тұрғыда танытыңыз.

Оқушыларға берілген сызба-үлгінің көмегімен мәтіндегі сөйлемдерді толықтыртып, шағын топта өзінің тұратын мекені жайлы әңгімелеуіне ықпал етіңіз.

Сабақтан алған әсерлерімен ой бөлісіп, өз іс-әрекеттеріне «Қол белгісі» әдісі негізінде рефлексия жасатыңыз.


Оқулықпен жұмыс


3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талап-тарға сай жазу.

(МК; Ө; Қ) Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.


Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу) үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алғаныңыз дұрыс:

– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

– заттарды сызықтар арқылы қосу;

– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу;

– дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру;

– әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.


Тақтамен жұмыс

Дәптермен жұмыс



1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(Ө; Қ)

Сюжетті суреттегі негізгі ойды түсінгенді-гін сұраққа жауап беру білігі арқылы бағалау.




4-сабақ. Сыныптағы танысу. Сөйлем. Оқулығындағы сюжетті суретпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға сюжетті сурет мазмұны бойынша сұрақтар қойып, оларға жауап алыңыз.

Сюжетті суреттегі негізгі ойды түсінгендігін сұраққа жауап беру білігі арқылы бағалаңыз.




Оқулықпен жұмыс

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ұ; Ж, Қ) Мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндау білігін бағалау.


1. Оқушыларға мәтінді аудио үнтаспадан тыңдатыңыз немесе оқулықтан нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып беріңіз.

Оқушылардың мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып ретімен баяндауына ықпал етіңіз. Оқушылардың мәтіндегі негізгі ойды анықтауына ықпал етіп, танысу кезінде не айтқанына талдау жасатыңыз.

Оқулықтағы сұхбаттасуға берілген тапсырманың реті сақталынып, оқушылардың бір-бірімен танысуы жұптық тапсырма тұрғысында жүзеге асуына мүмкіндік жасаңыз.


Аудио үнтаспа Оқулықпен жұмыс

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(МК; Ө; Ж; Қ) Ой ұшқырлы-ғын, иллюстра-циясы бойынша болжай алу білігін бағалау.


2. Оқушылардың ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалауды ұйымдастыры-ңыз. Көңілді танысу тапсырмасын ұйымдастыру үшін оқушылардың назарын сюжетті суретке аударыңыз. Оқушылар әр шардағы суреттің көмегімен балалардың атын табуы керек. Мысалы: Қарақат, Алмат, Анар.

Оқушыларға жұптық тапсырма ретінде өздерінің нұсқасын жасауды ұсынуға болады. Мысалы: Алмагүл т.с.с.




Оқулықпен жұмыс


2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1

Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).




(МК; Ж; Қ) Тапсырма бойынша ой қорытып, кері байланыс жасай алу білігін бағалау.

«Сыныптас дос» ұғымының мәнін ашып, сыйластық, достық туралы әңгіме ұйымдастырыңыз. Оқушылардың сыныптас досына өзін таныстыруына ықпал етіңіз. Өзі туралы толық ақпарат берудің қаншалықты маңыздылығына көз жеткіздіріңіз. Адасып кеткен бала, жолда жүру, т.с.с. сюжетті суреттерді қолдану арқылы ой қорытып, кері байланыс жасатыңыз.


https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талап-тарға сай жазу.



(Ө; Қ) Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.


Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу) үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алғаныңыз дұрыс:

– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

– заттарды сызықтар арқылы қосу;

– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу;

– дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру;

– әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.


Тақтамен жұмыс

Дәптермен жұмыс



1.1 Тыңдалған материал-дың маз-мұнын түсіну.


1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.


(МК; Ө; Қ)

Сөз бен сөйлемді ажырату, сөздің мағынасын, сөйлемнің мазмұнын түсіну білігін бағалау.




5-сабақ. Сыныптағы танысу. Сөйлем. Оқушылармен сабақ мазмұнын ашатын қосымша материалдармен жұмыс жасаңыз.

Өткен сабақтан игерген білімдеріне сүйене отырып, тыңдау және сөйлеу барысында сөз бен сөйлемді ажыратқызып, сөздің мағынасын, сөйлемнің мазмұнын түсінулеріне ықпал етіп, талдау жасатыңыз. Жаңа сабаққа дайындық мақсатында сыныптас досымен жұмыс жасауға байланысты берілген сюжетті суреттермен жұмыс жасаңыз. Сөздерден сөйлем құратыңыз. Оны сызбалар арқылы бейнелетіңіз.

Мұғалімнің сыйы ретінде достық туралы өлеңдер, әңгімелер оқып беріңіз немесе өздеріне айтқызыңыз.


https://www. google.kz

детские сюжетные картинки



http://www. balalaralemi.kz

Әңгімелер

Энцикло-педия

Тақпақтар

Суреттер


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ж; ОТ; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгіле-рін қою, диалог құра алу білігін бағалау.


1. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою, диалог құра алу білігін бағалауды жүзеге асырыңыз. Өзі туралы толық ақпарат берудің қаншалықты маңыздылығына көз жеткіздіріңіз. Әли мен мерейдің диалогін нақышына келтіріп оқып беріңіз.

Жаңа ақпаратпен таныстырыңыз. Сөйлеуде дауыстың өзгеруі жазуда арнайы белгілермен белгіленетінін көрсетіп, алған ақпараттарын сөйлем сызбалары арқылы практикалық тұрғыда бекітіңіз.



2. Диалог құрау мақсатында ұсынылған оқулықтағы тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың сыныптасымен танысуына ықпал етіңіз. Танысу барысында оқулықта берілген сызбаны басшылыққа алуды ұйымдастырыңыз. Оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сұрақтарға толық жауап берулерін қадағалаңыз.


Оқулықпен жұмыс

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(МК; Т; Ө; Қ) Ой ұшқырлы-ғын, иллюстра-циясы бойынша болжау, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасау білігін бағалау.


3. Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындата отырып, әр қатардағы жеке суреттерден «Сауат ашу» оқулығының кейіпкерлері – Әли мен Мерейдің есімдерін оқушыларға таптыртыңыз. «Бұлар оқушылар ма, әлде балақайлар ма?» сұрағына жауап іздетіп, дәлелдетіңіз. Олардың өздері сияқты бірінші сынып оқушылары екеніне дәлелдетіңіз.

Оқушылардың өз есімдерін суреттердің көмегімен шығаруына ықпал етіңіз.

Ол үшін алдын ала дайындалған бірнеше сурет қиындыларын таратып беріңіз.

Сабақтан алған әсерлерімен ой бөлісіп, өз әс-ірекеттеріне көңіл-күйді білдіретін «смайликтер» әдісі арқылы рефлексия жасатыңыз.




Оқулықпен жұмыс Суреттер

Смайликтер



Каталог: uploads -> doc -> 1194
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1194 -> Сабақ 10 сынып Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы
1194 -> Сабақтың тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет