Е. менеджмент пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар Мамандық 050506 Экономика



Дата15.09.2017
өлшемі221,85 Kb.
#33051
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті
Менеджмент және маркетинг кафедрасы

Есімхан Г.Е.


МЕНЕДЖМЕНТ
пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Мамандық 050506 - Экономика

050508 - Есеп және Аудит

050509 – Қаржы

050510 –МЖБ

Қостанай, 2011
Авторы: Есімхан Г.Е. менеджмент және маркетинг кафедрасының аға оқытушысы


Рецензенттер:

Дюзельбаева Г.М., э.ғ.к., доцент, банк ісі кафедрасының меңгерушісі

Жахеева М.Б., э.ғ.к., М. Дулатов атындағы КИПУ доценті

Есімхан Г.Е.

Менеджмент. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 18 б.

Әдістемелік нұсқаулықта «Менеджмент» курсының бағдарламасы бойынша жекелеген тараулар мен бөлімдерді оқу бойынша кеңестер мен нұсқаулықтар, өзін - өзі тексеру сұрақтары, бақылау сұрақтары берілген.

Факультеттің әдістемелік кеңесімен бекітілген 13.01.2011ж. хаттама № 1

© А.Байтурсынов атындағы

Қостанай Мемлекеттік Университеті

МАЗМҰНЫ



1 Бөлім. Пәнді оқу бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар….…..................4



2 Бөлім. Пәннің жекелеген тақырыптарын оқу бойынша әдістемелік

нұсқаулықтар. ……………………………………………….……….5


3 Бөлім. Бақылау жұмысын орындау бойынша әдістемелік

нұсқаулықтар.................................................................................... 14



I БӨЛІМ


ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША АЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Менеджмент пәні міндетті компонентті базалық пән болып табылады.

Менеджмент курсы кәсiпорында iстi ұйымдастыруға, дұрыс шешiм қабылдауға және нарық жағдайында кәсiпорындарда менеджерлердiң басқару шеберлiгiнiң сапасын арттыруға көмектесетiн және негiз болатын пән.

Пәннің негізгі тақырыптары қазақстандық шаруашылық субъектілерінің қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен ұштастырылып, әдістемелік және тәжірибелік бағытта жасалған.

Пәннің мақсаты мен міндеті:

Пәннiң мақсаттары – студенттерге, менеджерге тән қаблеттi менеджмент ғылымын, тәжiрибесiн және басқару өнерiн оқыту арқылы таныстыру; менеджменттiң басқару теориясы мен тәжiрибесiн үйрету, сонымен қатар менеджердiң басқару iсiне бейiмдiлiгiн, шеберлiгiн қалыптастыру.

Пәннiң міндеттері – студенттерге, болашақ мамандарға басқарудың негiзгi жүйелерiн, функцияларын, принциптерiн оқыту; басқару жайында толық ақпарат беру; кәсiпорындарға нарықтың шарттарына бейiмделуiне көмектесу және өндiрiлген тауарларды сыртқы және iшкi нарықтарға өткiзу жолдарын анықтап, нақты дұрыс шешiм қабылдауға үйрету.

Тәжірибелік сабақтарды орындаған кезде студент келесі дағдыларды, машықтарды білуі тиіс:

- менеджменттің негізгі ұғымдарын білу;

- менеджменттің даму мектептерін білу ;

- ұйым сипаттамасын және ұйым түрлерін білу;

- менеджмент функцияларын қарастыру.

Әдістемелік нұсқаулар «Менеджмент» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулық аталған пән бойынша типтік бағдарламаның негізінде жасалған..

Аталған курс бойынша негізгі материалдар Ахметов К.Ғ., Бердалиев К.Г. «Менеджмент» оқулықтары және қосымша әдебиеттер болып табылады.

II БӨЛІМ


ПӘННІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТАҚЫРЫПТАРЫН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

1. Менеджмент және басқаруға кіріспе

Басқарудың түсінігі. Басқарудың түрлері және жүйесі. «Менеджмент» түсінігінің мазмұны және маңызы. Менеджменттің түрлері мен формалары. Менеджмент – білім және өнер, басқарудың процессі. Менеджменттің заңдылықтары және менеджменттің қағидалары.


Негізгі ұғымдар: басқару, менеджмент, үйлестіру, пайда, тиімділік, қызметкерлер.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

Бақылау сұрақтары

1.Басқару ұғымына анықтама беріңіз және оның сыныптарын атаңыз.

2.Әлеуметтік жүйедегі басқарудың ерекшеліктері қалай анықталады?

3.Менеджмент ұғымына түсінік.

4.Басқарудың принциптері нені білдіреді?

5.Нарықтық экономикадағы басқару мен менеджменттің алатын орны.

2. Менеджменттің эволюциясы

Өндірісті басқаруды ұйымдастыру ғылымының дамуының экономикалық - әлеуметтік алғышарттары. Ф.У. Тейлор және ғылыми менеджмент мектебі. Әкімшілік басқару мектебі (А. Файоль, Л. Урвик, М.Вебер және т.б.). Адамдар қатынасы мен мінез – құлық мектебі (Э. Мэйо, М.П. Фоллет, А. Маслоу және т.б.). Басқарудың сандық және математикалық мектебі (Р. Акофф, С. Бир және т.б.). Менеджменттегі жүйелік жағдай. Менеджменттің қазіргі мәселелері. Менеджменттің ұлттық ерекшеліктері.


Негізгі ұғымдар: менеджмент мектептері, басқару қағидалары, менеджменттің кезеңдері, басқару үрдісі.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

Бақылау сұрақтары

1.Басқару қызметінің пайда болуының шарттарын атаңдар.

2.Тейлор бойынша ғылыми басқарудың принциптері қандай?

3.Эмерсонның еңбек принципін атаңдар.

4.Басқарудың классикалық мектебінің концепцисына анықтама.

5.Адамдардың қарым-қатынас мектебінің мәні неде?

6.Эмпирикалык басқару мектебі дегеніміз не?

7.Ситуациялық, процестік ұғымдарына талдау жасаңдар.
3. Ұйымның түсінігі және түрлері

Ұйымның түсінігі. Ұйымның анықталуына жүйелік көзқарас. Ұйым менеджмент объекті ретінде. Ұйымның ішкі ортасы. Ішкі ортаның өзгерістері. Ұйымның процесстері. Ұйымдардың жіктелуі.

Ортаның тура әсері. Ортаның ауыспалы әсері. Ұйымдық мәдениет. Ұйымның сыртқы ортасы және оның түрлері. Ұйымның сыртқы ортамен қарым-қатынасы.
Негізгі ұғымдар: ұйым, кәсіпорын, жеке меншік, сыртқы орта, ішкі орта, бәсеке, құндылық.
Әдебиет


  1. Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

  2. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ. 1995. – 480б.

  3. Игнатьева А.В. Основы менеджмента. – М.: 1995ж.

Бақылау сұрақтары

1. Сыртқы ортасының негізгі элементтері?

2. Ұйымның ішкі орталарын атаңдар

3. Ұйымның тікелей және жанама әсер ету орталары

4. Ұйымдық және корпоративтік мәдениет ұғымдарының айырмашылықтары.

5. Сыртқы орта әсерінің ұйым қызметінің тиімділігіне әсер етуші факторлары.
4. Басқарудың ұйымдық құрылымы

Басқару қызметінің маңызы мен есептері. Басқару еңбегінің сипаттамасы. Басқару персоналдарының рөлдік функциялары. Басқару қызметшілері, менеджерлер және олардың жіктелуі. Менеджерлерге қойылатын талаптар. Менеджер – коммерциялық және басқарушылық қызметті тиімді үйлестіруші. Ұйымдағы басқарушылық құрылымның схемасы.


Негізгі ұғымдар: персонал, менеджер, топ менеджер, басқару, ұйымдастыру, үйлесім, пайда.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

  2. Игнатьева А.В. Основы менеджмента. – М.: 1995ж.

  3. Менеджмент: Учебник/ под. ред. Ф. М. Русинова и М. Л. Разу. – М.: ИД ФБК – Пресс, 2000 – 504б.

Бақылау сұрақтары

1.Басқару үрдісінің маңызы

2.Менеджер және оның ұйымдағы рөлі.

3.Менеджердің негізгі функциялары.

4.Басқару деңгейіне сипаттама беріңіз.

5. Менеджер-тиімді ұйымдастырушы.

6. Әртүрлі деңгейдегі басқарушы типтеріне анықтама.


5. Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету

Ақпарат және оның түрлері, ақпараттың көздері. Ақпарат ұйым қызметінің негізгі құралы ретінде. Ақпараттың ұйым қызметінің тиімділігіне тигізетін әсері. Ақпараттың шығу көздері, оны алу тәсілдері. Ақпараттың деңгейлері.


Негізгі ұғымдар: ақпарат, кіріс құжаттары, шығыс құжаттары, есеп беру, құжаттама, заңдылық, байланыс, мәлімет.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

Бақылау сұрақтары

1.Ақпараттың ұйым қызметіне тигізер пайдасына экономикалық тұрғыдан көзқарас.

2. Ақпараттық жүйелер.

3. Ақпараттық ағымдарды жинау, өңдеу.

4. Ақпараттардың түрлерін жіктеңдер.


6. Менеджментегі коммуникация

Менеджменттегі коммуникацияның мәні мен маңызы. Коммуникациялық процесстің түсінігі. Коммуникативтік желілер және олардың рөлі. Коммуникациялық кезеңдер. Ақпараттарды декодтау және кодтау түсініктері. Халықаралық коммуникация. Ұйымдастырушылық коммуникация мен оны жетілдіру. Коммуникацияның түрлері. Коммуникативтік үрдіс түсінігі. Коммуникативтік тораптар және коммуникативтік рөлдер.


Негізгі ұғымдар: байланыс, кодтау, байланыс, кері байланыс, ақпарат, алушы, хабарлама.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

Бақылау сұрақтары

1.Коммуникацияға түсінік беріңдер.

2. Коммуникациялық процесске кімдер қатысады?

3. Халықаралық коммуникацияда кездесетін кедергілер?

4.Ұйымдастырудағы коммуникацияны жақсарту жолдары.



7. Менеджменттегі басқару шешімдері

Шешімінің маңызы мен мағынасы. Басқару шешімдерінің түрлері. Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі. Шешім қабылдау тәсілдері. Шешім қабылдау шарттары. Бағдарланған және бағдарланбаған шешімдер. Басшының шешім қабылдау стильі және түрлері. Шешім – қызметкерлерді жұмысқа ынталандыру кепілі ретінде.


Негізгі ұғымдар: бағдарланған шешім, бағдарланбаған шешім, басшылық жауапкершілік, ұстаным.
Әдебиет

1.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.



  1. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ. 1995. – 480 б.

  2. Игнатьева А.В. Основы менеджмента. – М.: 1995ж.

Бақылау сұрақтары

1.Шешім деген не және ұйымда шешімді кім қабылдайды?

2.Бағдарланған және бағдарланбаған шешімдерге мысал келтіріңіздер.

3.Шешім нұсқаларын менеджерлер калай зерттейді?

4.Шешім қабылдау концепциясын шектеулі рационал бойынша бейнелеңіз.

5.Басқару шешімдерін қабылдау жұмысында қандай әдістер қолданылады?


8. Басқару тәсілдерінің жүйесі

Басқару тәсілдерінің жіктелуі мен жалпы сипаттамасы. Әкімшілік тәсілдер. Экономикалық тәсілдер. Әлеуметтік – психологиялық тәсілдер. Басқарудың құралдары. Басқарудың институттары. Әлеуметтік-психологиялық әдістер.


Негізгі ұғымдар: экономикалық әдістер, басқару тәсілдері, менеджменттің әдістері, басқарушылық жіктеу.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

Бақылау сұрақтары

1.Басқару әдісі ұғымына анықтама беріңіз

2.Басқару әдісінің жіктемесін атаңыз

3.Экономикалық әдісінің басқарудағы рөлі қандай?

4.Ұйымдастырушылық пен басқарушылық әдісінің әсерін анықтаңыз.

5.Басқару әдістерін салыстырыңдар.

6. Ең қолайлы деп тапқан әдіс бойынша кез-келген кәсіпорын мысалында басқару үрдісін орнатыңдар.



9. Менеджменттегі жоспарлау

Басқару үрдісіндегі жоспарлаудың орны мен түсінігі, маңызы. Ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлар. Олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері. Стратегиялық жоспарлау: мәні мен маңызы. Стратегиялық жоспарлау үрдісінің сипаттамасы. Стратегия түрлері. Тактикалық жоспарлау. Ағымдағы және оперативті жоспарлау түрлері.

Болжау: маңызы, мәні және тәсілдері. Болжаудың түрлері. Жобалаудың менеджменті.
Негізгі ұғымдар: жоспарлау, стратегия, тактика, оперативті басқару, дағдарыс, болжам.
Әдебиет


  1. Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

  2. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ. 1995. – 480б.

  3. Игнатьева А.В. Основы менеджмента. – М.: 1995ж.

Бақылау сұрақтары

1.Стратегиялық жоспарлау және оның құрамы мен құрылымы.

2.Жоспарлаудың ұйымның жұмысына тигізетін әсері.

3.Стратегиялық жоспарлау үрдісінің кезеңдерін бейнелеңіз.

4.Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын талдаудың мәні.

5.Стратегиялық өсуге, тұрақтылыққа және корпоративті жоспарлауға сипаттама.

6.Болжау мен жоспарлау қауіп – қатердің алдын алу қағидасына дәлелдеме жасаңдар.


10. Ұйымдастыру менеджменттің функциясы ретінде

Ұйымдастыру менеджменттің функциясы ретінде. Ұйымдастырушылық қызметтің мәні мен мағынасы. Ұйымдастыру қызметінің аясы. Ұйымдастыру құрылымды қалыптастыру үрдісі ретінде. Құрылым түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Ұйымдастыру құрылымының схемасы.


Негізгі ұғымдар: ұйымдастыру, құрылым, басшылық звено, ортаңғы топ, бағыныштылар.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

Бақылау сұрақтары

1.Ұйымдастыру қызметінің ұйымдағы мәнін анықтаңдар.

2.Ұйымдастыру құрылымының мәні неде?

3.Механикалық және органикалық ұйымдастыру түрлерінің айырмашылығын анықтаңыз.

4.Басқару құрылымының қарастырылған түрлерінің тиімділігі мен тиімсізділігін анықтаңыз

5.Нақты ұйымның байланыс құрылымын талдаңыз.
11. Менеджменттегі мотивация

Мотивация түсінігі, мәні мен эволюциясы. Мотивация, ынталандыру және белсенділікті арттыру. Мотивацияның мазмұндық теориясы: А. Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы, Герцбергтің екіжақтылық теориясы, МакКлелланда теориясы. Х және У теориялары. Бірінші және екінші қажеттіліктер.

Мотивацияның процессуалдық теориясы: күту теориясы, әділдік теориясы, Портера – Лоулер үлгісі. Мотивацияның қазіргі теорияларын біріктіру.

Негізгі ұғымдар: ынталандыру, сыйақы, қажеттілік, марапаттау, моральдық және материалдық ынталандыру.
Әдебиет


  1. Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

  2. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ. 1995. – 480б.

  3. Игнатьева А.В. Основы менеджмента. – М.: 1995ж.

Бақылау сұрақтары

1. Бірінші және екінші қажеттіліктерді атаңдар.

2. А. Маслоу теориясы

3.Портер-Лоулер теориясы

4. Туа біткен және жүре біткен қажеттіліктерді пирамида бойынша орналастырыңдар.


12. Менеджмент жүйесіндегі бақылау

Менеджмент функциясының жүйесіндегі бақылаудың орны. Бақылаудың түрлері мен типтері. Бақылау үрдісі. Бақылау объектілері. Тиімді бақылаудың сипаттамалары. Бақылау жүйесі. Бақылаудың моральдық – этикалық аспектілері. Бақылаудың тәсілдері мен құралдары.


Негізгі ұғымдар: алдын ала бақылау, күнделікті бақылау, қорытынды, нәтиже, пайда, шығындар.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

Бақылау сұрақтары

1. Басқарудағы бақылаудың мәні немен анықталады?

2. Алғашқы, межелік пен қорытынды бақылауға мысал келтіріңіз.

3. Бақылаудың негізгі кезеңдерін атаңдар.

4.Бақылаудың негізгі құралдарын анықтаңдар.



13. Жетекшілік және көшбасшылық

Басқару жүйесіндегі жетекшіліктің орны мен түсінігі. Жетекшілік және көшбасшылық. Билік пен әсер ету жетекшіліктің құралы ретінде. Билік пен әсер етудің формалары. Жетекшілік етудің негізгі теориялары. Фидлер жетекшілігінің жалпы ситуациялық моделі. Жетекшіліктің анықталған түріне қазіргі көзқарастар. Ірі фирмалар мен шағын ұйымдардағы көшбасшылыққа сипаттама.


Негізгі ұғымдар: жетекшілік, көшбасшылық, басқару, тиімді басқару, басқару әдісі.
Әдебиет

  1. Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

  2. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ. 1995. – 480б.

  3. Игнатьева А.В. Основы менеджмента. – М.: 1995ж.

Бақылау сұрақтары

1.Басқару мен басқарушылықтың айырмашылығын көрсетіңіз.

2.Билік ұғымы мен оның нақты деңгейін анықтау.

3.Биліктің негізгі формаларына анықтама беріңіз.

4.Басқарудың стилін анықтаудағы негізгі қадамдарының мәнін анықтаңыз.

5.Менеджердің жұмысшыға қатысты және еңбекке қатысты қызметінің айырмашылығы неде?
14. Басқару қызметіндегі этика және мәдениет

Ұйымның мәдениеті: түсінігі, сипаттамасы мен құрылымы. Басқарушылық қызметтегі этика және мәдениет. Ұйым қызметіне әсер етуші факторлар. Басқару қызметі және оның түрлері. Сөйлеу мәдениеті. Басшылық стильі. Менеджердің мәдениеті. Фирмалық мәдениет. Ұйым стильі. Мораль және этика.


Негізгі ұғымдар: мәдениет, киіну стильі, сөйлеу мәдениеті, мәжіліс, ұйым, корпоратив.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

Бақылау сұрақтары

1. Ұйымның мәдениеті деген не және ол қайдан туындайды?

2. Менеджменттің мен мәдениеттің қарым-қатынас байланыстың ерекшелігін атаңдар.

3. Өз топтарыңдағы кез келген жағдай бойынша талдау жасаңдар.

4. Ұйым стильінің коммерциялық қызмет пайдасына тигізетін ықпалы.

5. Корпоративтік мәдениет деген не?
15 Менеджменттің тиімділігі

Басқарудың тиімділігін арттыратын факторлар мен бағалаулар. Басқару тиімділігі көрсеткіштері мен критерийлері.


Негізгі ұғымдар: тиімділік, сапа, ресурс, жұмыскерлер, талап, өнімділік.
Әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.

  2. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

Бақылау сұрақтары

1.Экономикалық тиімділік дегеніміз не?

2.Тиімділік критериі нені білдіреді?

3.Ұйым қызметінің тиімділігінің жалпы критериясы қандай?

4.Тиімділіктің локальді критериісі қандай

5.Тиімділіктің сапалық критериі нені білдіреді?

6.Фирма қызметінің экономикалық тиімділігіне әсер етуш факторларының классификациясы қандай?

7.Ұйым қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштері қандай?

8.Ұйым қызметіндегі экономикалық тиімділігінің есеп көрсеткішінің әдістемесі қандай?

9.Әлеуметтік тиімділік дегеніміз не?

III БӨЛІМ

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Менеджмент пәні ағымдағы өндiрiстiк - шаруашылық жоспарларына айналуы үшiн, бәсекелестiктегi ұзақ мерзiмдi жеңiс стратегиясын даярлауға бағытталған ұйымды басқарудың қазiргi тәсілі болып табылады.

Студенттер осы курсты оқудың нәтижесiнде фирма жұмыс iстеген саланың даму серпiнiн түсiнiп, сыртқы ортадан ұйымның әлсіз және күшті жақтарын және қауіп-қатерді бағалап айқындауға үйренедi.

Студенттер оқу бағдарламасында жаңа оқу пәнiнiң тақырыптарымен жете танысуы керек. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ің Бiлiм орталығы мемлекеттік тілде «Менеджмент» курсы бойынша оқу, ғылыми, әдiстемелiк және кезеңдік баспа әдебиеттерімен қамтылған. Нұсқаулықта дәрiс тақырыптары, бақылау сұрақтары, негізгі қарастырылатын сұрақтардың тізім берілген.

Теориялық білімді пысықтау мақсатында оқытушыға өзін қызықтыратын сұрақтарды қоюға болады. «Менеджмент» пән бойынша оқытушы жасаған дәріс тезистерiн пайдалану ұсынылады. Жаттығу (семинарлық) жұмыстарына әзiрлену барысында негiзгi әдебиеттi зерттеу, қосымша әдебиетпен, жаңа шығарылған баспалармен танысады: журнал, газеттер және семинар материалдары. Сонымен бiрге оқытушы және оқу бағдарлама талабының ұсынысын ескеру қажет. Баяндамаға немесе рефератқа дайындалу кезінде оқытушыдан әдiстемелiк көмек сұрауға болады. Өз бетінше конспект-жоспарды құрастыруына болады. Білім орталығында анықтама-библиографиялық бөлімде библиограф маркетинг пәнінен қолдарында бар әдебиет туралы мәлімет береді.

Сырттай оқитын студенттерге менеджмент және маркетинг құжырасының пәнді оқытуға жауапты оқытушылары әр жұп апта сенбісінде кеңес береді.

Студенттер үшін пән бойынша кеңестер құжыра отырысында бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Сырттай оқу бөлімі студенттеріне бақылау жұмыстарын жазу барысында мүмкіндігінше өз мамандығының ерекшеліктерін ескеруді ескертеміз. Емтиханға даярлық барысында оқулықтар және оқу құралдарының альтернативін пайдалана отырып, академиялық баспаларды пайдалануды ескертеміз.

Бақылау жұмысының мақсаты мен есептері

Бақылау жұмысы нарықтық экономика жағдайында әртүрлі ұйымдардағы нақты тәжірибелік есептерді алған білімдерінің негізінде өз бетінше шешуге қабілеттілікті тудырады. Бақылау жұмысының негізгі мақсаты болып табылады:

1.Таңдалған тақырып бойынша студенттердің теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту және кеңейту.

2.Өз бетінше жұмыс жасаудың дағдыларын дамыту.
Студент қойылған мақсаттармен бірге бақылау жұмысын орындау үрдісінде келесі есептерді шешу қажет:


  1. Таңдалған тақырыптың белсенділігін негіздеу.

  2. Таңдалған тақырып бойынша теориялық ережелерді оқу.

  3. Қорытынды жасау.

  4. Бақылау жұмысын нормативтик талаптарға сай рәсімдеу.

Бақылау жұмысы құрылымы:титулдық бет, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі. Бақылау жұмысының көлемі шамамен 10-15 беттен тұруы тиіс. Бақылау жұмысы міндетті түрде электронды түрде орындалуы тиіс. Бақылау жұмысының варианты студенттің журналдағы тізімдік номеріне сәйкес алынады, яғни тізімде бірінші тұрған стдент бірінші вариантты, екінші тұрған студент екінші вариантты т.с. алады.. Бақылау жұмысы емтиханға дейін кемі бір жеті бұрын тапсырылып үлгеруі керек.

Электронды түрде орындалған бақылау жұмысы талапқа сай болу керек. Ол үшін бақылау жұмысын орындауға арналған нұсқаулықты басшылыққа алуға болады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі ашылады, қысқаша мысалға алынған кәсіпорын немен айналысатындығын көрсету қажет. Бақылау жұмысын орныдау барысында коммерциялық және коммерциялық емес (мемелекеттік) мекемелерді алуға болады. Негізгі қойылатын талап негізгі бөлімінде міндетті түрде кез-келген кәсіпорын мысалында тәжірибелік жағы ашылып, талдау жасалу қажет. Егер студенттердің нұсқалары бір-бірімен сай келетін болса, онда олардың кәсіпорындары әртүрлі болу шарт. Сырттай оқу бөлімі студенттеріне екінші бақылауда барлығы 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы бар. Әр тестік сұрақта берліген бес жауаптың біреуі дұрыс. Студент осы жауапты тауып қалың етіп (жирным шрифтом) белгілейді. Егер сұрақтың құрылымы бойынша немесе мағынасы бойынша мәселелер туындаса, міндетті түрде оқытушыға хабарлама жіберу қажет. Жоғарыда айтып кеткендей, құжыра оқытушыларыәр аптаның сенбі күндері кеңес сағаттарын өткізеді.


Бақылау жұмыстарының сұрақтары:




  1. Ұйымдастырушылықтағы өзгерулерді басқару .

  2. Фирманың бизнес-жоспары: маңызы, құрылымы және оның негізгі бөлімінің сипаттамалары.

  3. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы.

  4. Стратегиялық басқарудағы фирманың сыртқы ортасы талдауының ерекшеліктері.

  5. Фирма қызметінің стратегиялық жоспарлауы.

  6. Басқару шешімдерін оптимизациялау мен даярлаудың негізгі тәсілдері.

  7. Ұжымдық шешім қабылдау тәсілдерінің ерекшеліктері.

  8. Адам мен топтардың өзара байланыстары.

  9. Қазіргі менеджмент жүйесінің мақсаттары мен есептері.

  10. Басқару бойынша мқсаттар концепциясы.

  11. Көшбасшылық және басқарушылық теориясы.

  12. Әлеуметтік жауапкершілік және ұйым мәдениеті.

  13. АҚШ-тағы басқару ерекшеліктері.

  14. Жапониядағы басқару ерекшеліктері.

  15. Менеджмент жүйесіндегі бақылау.

  16. Көшбасшылық және биліктің көздері.

  17. Тиімді басқарудың критериялары мен көрсеткіштері.

  18. Басқару түсінігі. Басқарудың түрлері және жүйесі.

  19. «Менеджмент» түсінігінің маңызы мен мазмұны.

  20. Менеджменттің түрлері мен формалары

  21. Менеджмент – ғылым және өнер, басқару үрдісі.

  22. Менеджменттің қағидалары мен заңдылықтары.

  23. Менеджмент даму тарихының алғышарттары.

  24. Ғылыми басқару мектебіне сипаттама.

  25. Классикалық мектеп.

  26. Адамгершілік қатынастар мектебі.

  27. Басқарудың ғылыми мектебі.

  28. Үрдістік, жүйелік оралымдар.

  29. Менеджменттің қазіргі мәселелері. Менеджменттің ұлттық ерекшеліктері.

  30. Ұйым менеджменттің объектісі ретінде.

  31. Ұйымның ішкі ортасы. Ішкі орта айнымалалары.

  32. Ұйымның жіктелуі.

  33. Ұйымның сыртқы ортасы: сипаттамасы, мәні және құрамы. Тікелей әсер ету ортасы. Жанама әсер ету ортасы.

  34. Ұйымдастыру мәдениеті: түсінігі, сипаттамасы және құрамы. Ұйымдық мәдениеттің дамуы мен қалыптасуы.

  35. Басқару еңбегінің сипаттамасы.

  36. Басқару персоналдарының функционалдық құрылымы.

  37. Менеджмент этикасы және оны анықтайтын факторлар.

  38. «Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігінің маңызы мен мағынасы.

  39. Басқару шешімінің мазмұны мен мағынасы. Басқару шешімдерінің түрлері.

  40. Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі.

  41. Шешім қабылдау тәсілдері. Шешім қабылдау шарттары.

  42. Басқарудағы мақсатты бағыттаушылықтың түсінігі мен маңызы. Мақсаттардың әртүрлілігі және жіктелуі.

  43. Ұйым мақсаттарының жүйесі.

  44. Мақсаттарды басқару.

  45. Басқару үрдісіндегі жоспарлаудың түсінігі, маңызы және алатын орны.

  46. Стратегиялық жоспарлау: маңызы мен мағынасы.

  47. Стратегиялық жоспарлау үрдісінің сипаттамасы. Стратегияның түрлері.

  48. Тактикалық жоспарлау. Ағымдағы және оперативті жоспарлаудың түрлері.

  49. Болжау: маңызы, мағынасы және тәсілдері.

  50. Ұйым түсінігі менеджменттің функциясы ретінде. Ұйымдастыру қызметінің мазмұны мен мағынасы.

  51. Құрылым түрлері, олардың кемшіліктері мен артықшылықтары.

  52. Мотивация түсінігі, оның маңызы мен эволюциясы.

  53. Мотивацияның мазмұндық теориясы.

  54. Мотивацияның процессуалдық теориясы.

  55. Басқарудың түрлері мен типтері.

  56. Басқару үрдісі.

  57. Тиімді басқарудың сипаттамалары.

  58. Басқарудың тәсілдері мен құралдары.

  59. Басқару жүйесіндегі жетекшіліктің орны мен түсінігі. Басқару және көшбасшылық. Көшбасшылықты анықтаудың қазіргі түрлері.

  60. Билік пен әсер ету басқарудың құралдары ретінде. Билік пен әсер ету формалары.Басшылық жасаудың теориясы. Фидлер жетекшілігінің жалпы үлгісі.


Әдебиет

Негізгі


  1. Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

  2. Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.

  3. Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.



Қосымша





  1. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. ­– 3-е издание – М.: Гардарики, 2002.– 528б.

  2. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. – М.: ИНФРА, 2002. –283б.

  3. Бердалиев К.Б. Основы управления экономикой Казахстана – Алматы, КазГАУ, 1998ж.

  4. Бусыгин А.В. Эффективный менеджмент: Учебник. М.: Издательство «Финпресс», 2000.–1056б.

  5. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ. 1995. – 480б.

  6. Игнатьева А.В. Основы менеджмента. – М.: 1995ж.

  7. Менеджмент: Учебник/ под. ред. Ф. М. Русинова и М. Л. Разу. – М.: ИД ФБК – Пресс, 2000 – 504б.

  8. Менеджмент: Учебн. Пособие для вузов /Под ред. В.И. Подлесных – СПб: ИД «Бизнес-Пресса», 2002 – 472б.





Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет