Әбдірахманова Бақытгул Орынбасарқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің



Дата11.01.2017
өлшемі74,03 Kb.
#6908
Әбдірахманова Бақытгул Орынбасарқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық кештің жүргізілуі

Кештің мақсаты: Поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірімен,шығармашылық еңбегімен таныстыру.Ақынның сөзіне жазылған әндерді орындату.Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру,көркемсөз оқу шеберлігін қалыптастыру.Табиғатты аялауға,Отанды сүюге,адамгершілікке,қайырымдылыққа,өлеңді,

өнерді бағалауға тәрбиелеу.

«Көңіл толқыны» күйі ойналып тұрады.

Қош келіпсіздер,өлең сүйер,өнер сүйер қауым!Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмыр сүрген қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың поэзиялық кешін бастауға рұқсат етіңіздер!

Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,

Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.

Азамат,ірі ақын боп,ұлы ақын боп,

Қайта туған ұлыңды қарсы ал,қазақ!

Шетінен өлең-жыры шұғылалы,

Әр қыры әр түске еніп құбылады.

«Зертте мені» деп еді,Мұқаңды біз,

Түсініп болған жоқпыз ұғып әлі.

«Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген екен бір ғұлама.Олай болса,Мұқағали поэзиясы,жанартаудай лапылдап жанған жырлары әр адамның жүрегінен ерекше орын алары сөзсіз.Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ақынның «Арыз жазып кетейін», «Поэзия» өлеңдерімен ашқанды жөн көрдік.Сонымен М.Мақатаев «Арыз жазып кетейін» оқитын Чапай Нұрлайым

«Поэзия» өлеңі оқитын Амангелді Гауһар

Әлем-дархан саялаңдар,

Бәріңе де орын бар.

Қорған емес,салтанатты,

Сәнді сарай соғыңдар.

Ей,адамдар,сендер тату,

Сендер тату болыңдар!-деп жырлаған ақын М.Мақатаев Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген.Мұқағлидың өмір мектебі Қарасаздан басталып,өзі сүйген Алматысында аяқталған еді.Қазір біз ақынның өзі туралы және өмірінің ең маңызды,ең қызықты болып өткен жеріне арнап жазылған өлеңіне кезек береміз.

«Менің анкетам» оқитындар Әбдіжәлел Ғаламжан,Рзабек Биболат

«Қарасаз» оқитын Ерғали Аружан

Мұқағали тек қана ақын емес,өзінің өмір жолында бірнеше салаларға көңіл бөлгенін көреміз.Ол-драматург,сатирик,публицист,жазушы,журналист.Оның «Армысың достар», «Мавр», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда» деп аталатын поэмалары және көптеген өлеңдер жинағы бар.

Бүгінгі ұрпақ ақынның осындай сырға,сезімге,мұңға толы жалынды жырларымен сусындап,содан үлгі алып келеді.Тіпті оның жырына табынушылар бар десек те артық болмас еді.

Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын,қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Иә,осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық,қанша ұлылық жатыр десеңші!Сірә,Мұқаң «Елім маған не береді деп емес,мен еліме не беремін» деп өмір сүрген сияқты.

«Елім барда» Мейрамбекқызы Айсана

Өздеріңіз білетіндей ақынның өлеңіне жазылған әндер де бар.Олар «Дариға,домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді», «Арулар- асыл жандар», «Бақыт деген» тағы басқа.Енді кезекті ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

«Сарыжайлау» әні орындайтын Мырзахметқызы Таңшолпан

Мұқағали ақын қойнауына талай сыр бүккен дархан далаға,оның сылдырап аққан суына,самал желіне,мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық боп өссе керек.Алған әсерін өлеңіне өре де білген.

«Қазақ жері» оқитын Елкей Ақбала, «Қазақстан» оқитын Аман Балниет

Ұлттық салт-дәстүрді,ұлттық болмысты көрсету кез-келген ақын шығармаларында кездеседі.Енді ақынның ұлттық салт-дәстүрді паш ететін өлеңдеріне шолу жасаймыз.

1-оқушы Ұлттық салт-дәстүрді,ұлттық болмысты көрсету-Мұқағали шығармаларында ерекше байқалады. Мысалы: «Бесік басында» өлеңі жастарға беретін тәлімі мен ғибраты мол өлең.Онда: Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ,

Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге,-деп жырлайды.

Бесік тәрбиесі-бүкіл ұлттық тәрбиенің негізгі арқауы.Халқымыздың атадан әкеге,әкеден балаға мұра болып келе жатқан қасиетті бұйымдарының бірі-бесік.Бесік киелі деп есептелген.Оны өзге жанның ұстамақ түгіл қол тигізуге қарсылық білдіріп,оны қызғыштай қорғауының мәні осында жатыр. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» демейме ғұлама жазушы М.Әуезов

2-оқушы «Күзетші» өлеңінде ақын қарттардың немере десе жаны бөлек сезімін әдемі сөз өрнектерімен суреттей білген.

Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі.

Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.

Сәл ұйықтаса төрт немере төрт жаққа,

Көзден ғайып болатұғын секілді.

Мұнда қарттар мен әжелердің немереге деген көзқарасы,ұлттық психологиясы көрінеді.Әрбір отбасындағы ата мен әже тұлғасы-ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлы өнегенің таусылмас қайнар көзі.Халқымыздың мақтанышы болған ұлы перзенттеріміздің қалыптасуына,оларды әлдилеп өсірген әжелердің еңбегі зор.Шоқанның әжесі-Айғаным,Абайдың әжесі-Зере,Мұхтардың әжесі-Дінасыл өнегесі таусылмас қазына емес пе еді?!

3-оқушы Ақынның «Тау өзені тентек қой,тасып жатыр» өлеңінде бала шопан басында кездесетін бір оқиғаны нанымды берген.Әдетте қойды серке бастайды.Өлең шағын сюжетке құрылған.Отарды бастайтын серке өзеннен өтерде одан бас тартып,аяғын баспай қояды.Жас шопан серкені қойдан бөліп алып,сырық сапты қамшымен соққыға алады.Қамшы өткен серкенің бақырған дауысы бүкіл шыңды жаңғыртады.Бұл дауысты естіген қарт шопан шыдай алмай дауыс шыққан жерге жетіп келеді.Бұл кезде жас шопан серкенің сақалынан ұстап алып,соғып жатқан еді.Сонда қарт:

Түк көрмеген түлейдей малды ұра ма,

Жоғал былай,торсықтай салбырама.

Серке емес,сен өзің де сескенесің,

Сен қылмаған ерлікті мал қылама,-дейді.Содан соң қарт өзі бастап өзенге түседі.Шешініп суға түскен қартты көріп,

Көк серке өзенге өзін атты келіп.

Көсемнен көз жазбай тұрған отар,

Жамырасып жағаға тартты беріп.

Өмірде кездесетін нанымды оқиға. «Малының сырын иесі біледі» дейді халық.Жасынан мал бағып өскен қарт шопанның өзі бастап өзенге түсуі де сондықтан.Ал жас шопан мал көрмеген жанның кейпін танытты.Халқымыз төрт түліктің әрқайсысының иесі бар деп ұғып: «Кінәсіз хайуанды ұрма!», «Малды теппе,малдың басынан ұрма!» деп үйретеді. «Сүтін ішіп, шудасын кие жүріп,Қастерлейік түйені сүйе біліп»,-деп малды күте білуге шақырады.

4-оқушы Бата беру ерте заманнан қалыптасқан дәстүрдің бірі болып есептеледі.Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінде бата түрлері көптеп кездеседі.Мұқағали ақын да бұл дәстүрді сырт қалдырмаған.Оның «Райымбек,Райымбек» дастанында және «Өмір дастан» поэмасында осы дәстүр кездеседі.Мысалы: «Өмір дастан» поэмасында оқу бітіріп,аудан орталығына жолдамамен аттанғалы жатқан,мінуге ат таппаған балаға жаны ашыған ауыл қарты ат мінгізіп тұрып:

Бар,балам,қала көрме қатарыңнан,

Қала көрме үмітті сапарыңнан,-деп батасын береді.

Сондай-ақ үлкендерді сыйлау,құрметтеу,ізет көрсету де ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып келе жатқан дәстүрдің бір түрі.Бұл дәстүр ақынның «Тоқта,ботам,атаң келеді артыңда» өлеңінде анық байқалады.

Кезекті сол өлеңге берсек «Тоқта,ботам,атаң келеді артыңда» оқитын Ақтоты

«Көнеміз де...» әні орындайтындар Әбдіжәлел Ғаламжан,Ерасыл

Өмірді жырлау үшін келген жалынды ақын сөздері әр қазақтың өресінде,жүрегінде сақталып келеді.Өлеңді ақын жай ермек үшін жазбайды.Өлеңді қандай мақсатта жазатынын ақынның келесі өлеңдерінен аңғару қиын емес.

«Қара өлең» оқитын Рүстем

«Мен-дағы өлең жазбаймын» оқитын Ерасыл

Отан,тіл,халық-бұл ұғымдар бір-бірінен ажырамайтын,бір арнада тоғысатын,түсінген адамға ең қажетті,ең қасиетті ұғымдар.Ақын осы ұғымдарды өзінің Үш бақытым« деп аталатын өлеңінде тамаша жырлап көрсеткен.

«Үш бақытым» оқитын Байнияз Елдос

Ойлы жас,өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым тұр басылмай.

Айтып өткен ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне кір жасырмай,-дей келіп,келесі кезекті ақынның өзінің жанына жақын адамдарына жазған өлеңдеріне берейік.

«Майгүліме» 1-ші өлең оқитын Ақтоты,2-ші өлең оқитын Аманжол Айжан

«Лашынға» Бектайыз Гүлнара, «Төлегенге» оқитын Жақсылық Гүлден, «Фаризаға» оқитын Амангелді Гауһар

Мұқағали туралы сөз,айтылар әңгіме ешқашан таусылмайды.Өмірінің соңғы күндері қайта-қайта ауруханаға түсе бергенін күнделігінен оқып білуге болады.Өмір бойы «Поэзия-мен үшін жанымның шырылы» деп шырылдап өткен ақынның өмірінің соңғы жылдары ел аман,жұрт тынышта қуғын-сүргінмен өтті.Соның нәтижесі жүрек ауруына әкеп соғады.

«Емханада» оқитын Бектайыз Гүлнара, «Жоқ,дәрігер» оқитын Әбдіжәлел Гүлсезім

Бәріміздің бабамыз сөзден өлген,

Өнердің кереметін сөзбен өрген.

Қалайда айтарымды айтып өлем,

Айта алмасам жасайды қайтіп өлең?-деп сөз құдіретін аса жоғары бағалаған ақиық ақын 1976 жылы 45 жасында дүниеден өтті.Дегенмен де,

Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-деп жырлаған ақынның өлеңін Абайдың «Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы,өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген сөзімен сабақтастырғым келеді.Расында да Мұқағалидың өлеңдері де,өзі де ешқашан өлмек емес.Қазақ поэзиясының артында өлмес мұра қалдырған жарық жұлдыздарының бірі ретінде мәңгілік жарқырап тұрады.

Лай су шаймайтын арым бар,

Дауылдан қорықпас жаным бар,-деп өткен Мұқағали халқын сүйді,халық ақынды сүйді.

Сая болып жаныңа емен,терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,



Өнер керек,ұрпаққа өлең керек!

Артына өлместей,өшпестей өлең қалдырған Мұқағали ақынға арналған поэзиялық кешімізді аяқтаймыз.Келіп,көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет