Әбдірахманова Жадыра 10 сынып Алтын қима



бет2/3
Дата26.06.2018
өлшемі265 Kb.
#44685
1   2   3

Платон да алтын бөлу туралы білген. Оның «Тимей» диалогі Пифагордың математикалық және эстетикалық көзқарастарына арналған, алтын бөлу сұрағы ретінде қалған.




Парфенон қысқа жағынан 8 бағана және ұзынынан 17 бағанадан құралған. Ғимараттың биіктігінің ұзындығына қатынасы 0,618- ге тең. Егер Парфенонның «алтын қимасымен» бөлсек, онда сол немесе сол сияқты фасадтардың түрлерін аламыз. Оның жанын қазған кезде көне әлем сәулетшілері мен мүсіншілері пайдаланған циркульдер табылды. Помпей циркульінің өзі алтын бөліктерге пропорцияланған.


Парфенон





Алтын қиманың циркулі

Бізге жеткенге дейінгі көне әдебиеттердің ішіндегі Евклидтің «Бастамасында» алтын бөлулер бірінші рет еске түсіріледі. «Бастаманың» 2-ші кітабында алтын бөлудің геометриялық сызбалары берілген. Евклидтен кейін алтын бөлудің зерттеулерімен Гипсикл, Папп және т.б. айналысқан. Орта ғасырлық Еуропа Евклид «Бастамасының» алтын бөлуімен араб аудармаларынан танысты.

Қайта өрлеу заманына орайлас ғалымдардың және суретшілердің арасында алтын бөлуді қолдану деген ұғым күшейді, ол геометрияда қалай қолданылса, сәулет өнерінде де, өнерде де солай қолданылды. Суретші және ғалым Леонардо до Давинчи, итальяндық сәулетшілерде өте үлкен тәжірибе бар, бірақ білімдерінің жетіспейтіндігін көрді. Ол ойланып, геометрия туралы кітап жаза бастады , бірақ сол кезде монах Луки Пачолидің кітабы шықты, содан соң Леонардо өзінің бұл ойын тастады. Замандастардың және ғылым тарихшыларының ойы бойынша, Лука Пачоли нағыз жарық, Фибоначчи мен Галлилейдің арасындағы Италиядағы ұлы математик. 1509 жылы Венецияда

Лука Пачоллидің өте күшті көркемдеулерімен жасалған «Божестевенная пропорция» атты кітабы жарық көреді, бірақ оны Леонардо до Винчи жасады

деген пікір бар. Кітап алтын пропорцияның қуанышты әнұраны болды. Леонардо до Винчи өзінің көңілін алтын бөлу зерттеуіне де

бөлген. Ол дұрыс бес бұрыш жасайтын стереометриялық денеге қима жасаған, және әр кез қабырғалардың алтын бөлуге қатынасындай тікбұрыш алған. Сондықтан ол алтын бөлуді алтын қима деп атаған.

Сол кездері солтүстік Еуропадағы Германияда осы мәселелермен Альбрехт Дюрер де айналысқан. Дюрер: « Біреу бірдеңе білсе мұқтаж болғандарға оқыту қажет. Осыны істеуге менің ниетім ауды» деп жазды.

Дюрердің хаттарына қарағанда, ол Италияға барған кезде Лука

Пачолли мен кездескен секілді. Альбрехт Дюрер адам денесінің пропорциясы теориясын толық өңдеді. Дюрер өзінің бұл жүйесінде алтын қиманың негізін көрсете білді. Дюрердің пропорционалдық циркулі бізге өте мәлім.

Алтын пропорцияның кесінділер қатарын ұлғаю жағына, сонымен қатар азаю жағына қоюға болады.



Егер түзу ұзындықтарға m (φ) кесіндісін қойса, қатарына М кесіндісін ығыстарымыз. Осы екі кесінді негізінде алтын пропорцияның ұлғаю және азаю қатарларының кесінді шкаласын салуға болады.





Алтын пропорция кесіндісінің құрылу шкаласы

Кейінгі ғасырларда алтын пропорция ережесі академиялық



қағидаға айналды. 19 ғ-дың ортасын жаңа алтын қиманы зерттейтін неміс профессоры Цейзинг «Эстетические иследования» атты еңбегін жариялады. Ол алтын қима пропорциясы табиғаттың барлық құбылыстарына және өнерге әмбебап арнап, оны абсолюттеген. Цейзингтің көптеген ізбасарлары және қарсыластары болды. Ол пропорция туралы ғылымын «Математикалық эстетика» деп жариялаған. [4]

П
ропорцияның құрылымы


Кесіндіні алтын қима қатынасында бөлу.

ВС = 1/2АВ; СД=ВС

Каталог: conf2009
conf2009 -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі №13 Жезқазған орта мектебі
conf2009 -> Пифагор теоремасының ДӘлелдемелерінің ТҮрлері және қолданылуы
conf2009 -> Алгебралық ТҮрлендірулер
conf2009 -> СИҚырлы шаршылар
conf2009 -> Ғылыми жоба тақырыбы
conf2009 -> Хижра жылын есептеу
conf2009 -> Рационал сандардың шығуы және оның дамуы
conf2009 -> Теріс сандардың дамуы
conf2009 -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі №13 Жезқазған орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет