Еңбек етсең емерсің (Тәрбие сағаты) Өткізген: Омарова Айгерім Нұрбайқызы Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Еңбек етсең емерсің»



Дата27.12.2016
өлшемі31,21 Kb.
#6269
Қаракөл негізгі мектебі

Еңбек етсең емерсің...

(Тәрбие сағаты)



Өткізген: Омарова Айгерім Нұрбайқызы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Еңбек етсең емерсің»

Тәрбие сағаттың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбие сағаттың міндеттері: - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.

Мұғалім сөзі: - Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. Шаттық шеңбері Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтып, А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін орындайды.

Ой шақыру Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау. Сөзжұмбақ шешейік.

1. Қасиетті сан.

2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз.

3.Еңбек түбі............»

4. Үлкенге - ..........., кішіге – ізет. (құрмет)

5. Аптаның соңғы күні.



Әңгімелесу Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек бәрін жеңбек». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.

- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?

Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіреді.



Тәрбие сағаттың дәйексөзі Оқушыларға тақтаға итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген сөздің анықтамасын, ұқсас түсініктерді, бақыт деген түсініктің артықшылығын және кемшілігін анықтату

Сахналау Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» атты өлеңін рөлдік орындаулар арқылы үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) оқиды. Осыдан кейін оқушылар «Нан дастарқанға қалай келеді?» деген сұрақ аясында сөйлейді.

Сергіту сәті 1. Денеге арналған жаттығу 2. Көзге арналған жаттығу Шығармашылық жұмыс Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді. 1 – тапсырма: Мақал – мәтел кітапшасын жасау тапсырылады. Оған еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді. 2 – тапсырма: «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме құрастыру.

Тыныштық сәті Дәптермен жұмыс Берілген суреттерді пайдаланып әңгіме құраңдар, суретті бояңдар.

Қорытындылау - Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді.

Жүректен – жүрекке Тәрбие сағат сәрсенбі күні өтіп отырғандықтан «сәрсенбі сәтті күн» деген мақалмен басталса, енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге жазып, балалар бір – біріне бата береді. Мысалы: -Ербатыр, еңбегің жемісті болсын! - Ақнұр, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта. - Жеңіс, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын. - Данияр, өмірдегі тірегің еңбек болсын, - Ақжүніс, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма. Жүректен – жүрекке осылайша жалғаса береді.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет