Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия -интернаты


Педагогикалық қызметкерлердің аттестациясы



бет3/12
Дата18.06.2017
өлшемі3,51 Mb.
#19178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Педагогикалық қызметкерлердің аттестациясы

р/с

Мұғалімнің аты-жөні

Пән

Соңғы өткен жылы

Санаты

2016

2017

2018

2019

2020

1

Тукенова Кульжан Жумашевна

орыс тілі мен әдебиеті

2011

жоғары

растау













2

Коспанова Дариха Ерденовна

қазақ тілі мен әдебиеті

2015

жоғары













растау

3

Ескалиева Айнагуль Жумабековна

қазақ тілі мен әдебиеті

2015

жоғары













растау

4

Есенгалиева Жаксылык Кокеновна

қазақ тілі мен әдебиеті

2012

жоғары




растау










5

Нургожин Шегебай Маруарович

тарих

2014

екінші







бірінші







6

Каржауова Жадыра Сабыржановна

қазақ тілі мен әдебиеті

2014

жоғары










растау




7

Исахметова Раушан Темирболатовна

қазақ тілі мен әдебиеті

2014

жоғары










растау




8

Абилова Жанар Жаметовна

қазақ тілі мен әдебиеті

2015

жоғары













растау

9

Ибраева Сауле Сапаровна

орыс тілі мен әдебиеті

2012

жоғары




растау










10

Кабдулина Айнагуль Оразалыевна

орыс тілі мен әдебиеті

2015

жоғары













растау

11

Сагинова Боташ Хаиргельдиновна

орыс тілі мен әдебиеті

2010

жоғары
















12

Шакирова Ира Канаевна

ағылшын тілі

2014

жоғары










растау




13

Жусупова Лаззат Аманжоловна

ағылшын тілі

2014

бірінші










жоғары




14

Каримова Роза Аскаровна

ағылшын тілі

2011

жоғары

растау













15

Атыгаева Зауреш Айтбаевна

ағылшын тілі

2013

жоғары







растау







16

Омарова Раушан Талгатовна

ағылшын тілі

жас маман

-







екінші







17

Строкина Людмила Владимировна

ағылшын тілі

2014

жоғары










растау




18

Мукашева Гульназым Жарасовна

тарих

жас маман

-




екінші










19

Зулкарнаева Жадра Темиргалиевна

тарих

2014

екінші




бірінші

мерзімінен бұрын












20

Умерсеитов Талгат Жамшитович

тарих

2013

бірінші







жоғары







21

Жамалиева Айнаш Кожахметовна

математика

2013

жоғары







растау







22

Байманова Жаркына Калимовна

математика

2012

бірінші




растау










23

Альжанова Жанна Ербулатовна

математика

жас маман

-




екінші










24

Абилов Куаныш Мейрамович

математика

жас маман

-

екінші













25

Байтукова Ермек Байкеновна

математика

2007

бірінші

жоғары













26

Бисарина Марзия Кудусовна

информатика

2011

бірінші

жоғары













27

Бекхужин Куандык Курмашевич

информатика

2013

екінші







растау







28

Мустафин Бекет Салыкович

физика

2011

жоғары

растау













29

Бексейтова Жазира Ержігітқызы

физика

жас маман

-







екінші







30

Айтжанов Руслан Мамаевич

география

2015

жоғары













растау

31

Токпанова Бегзат Саттаровна

география

2013

жоғары







растау







32

Абдрашева Куаныш Махметовна

биология

2012

жоғары




растау










33

Шакеева Жупар Ержановна

биология

жас маман

-




екінші










34

Дауытбаева Асыл Каримовна

химия

2012

бірінші




растау










35

Малдыбаева Алия Галымовна

қазақ тілі мен әдебиеті

2009

жоғары
















36

Кушербаева Нурсулу Казизовна

бастауыш сынып

2011

жоғары

растау













37

Чингисова Галия Салимовна

бастауыш сынып

2015

жоғары













растау

38

Нагуманова Сауле Кажгалиевна

бастауыш сынып

2010

бірінші

жоғары













39

Сабитова Алия Сабыржановна

бастауыш сынып

2014

жоғары










растау




40

Ахметов Арман Файзуллаевич

дене тәрбиесі

2013

бірінші







жоғары







41

Кожанов Бейбит Кайтуллинович

дене тәрбиесі

2011

жоғары

растау












42

Бекмурзин Еслямбек Абдильманович

дене тәрбиесі

2007

жоғары

растау













43

Сураганов Жайык Агыбаевич

технология

2013

екінші







бірінші







44

Хамзина Жанар Орынбаевна

технология

2014

бірінші










растау




45

Коспанов Дархан Курманович

АӘД

2013

екінші

бірінші

мерзімінен бұрын















46

Дильдабаева Айгуль Амангельдиновна

әлеуметтік педагог

жас маман

-




екінші










47

Исмуханова Сымбат Куатовна

педагог-психолог

жас маман

-




екінші










48

Нурмазанова Куралай Армановна

өзін-өзі тану

жас маман

-










екінші




49

Габдуллин Нурдаулет Кокенович

тәрбиеші




-

екінші













50

Жасуланова Айгерим Бейбитовна

тәрбиеші

-

-




екінші










51

Буктубаева Шайзат Малгаждаровна

тәрбиеші

2009

бірінші
















 52

Жаксыбаева Багдат Зейнхабеденовна

тәрбиеші

2011

бірінші

жоғары













53

Жакупова Айтансых Магзумовна

тәрбиеші

2015

жоғары













растау

54

Исина Роза Васильевна

тәрбиеші

2011

жоғары

растау













55

Альжанова Зергуль Канатовна

тәрбиеші

-

-




екінші










56

Сандыбаева Умут Нурбаевна

тәрбиеші

2011

жоғары

растау













57

Сарсекеева Роза Кокеновна

тәрбиеші

2009

жоғары

растау













58

Бекенова Камшат Имашевна

тәрбиеші

2013

екінші







бірінші







59

Кадыров Асылхан Жанбаевич

әдіскер

-

-







екінші







60

Кабдулбариев Еркин Тажибаевич

музыка

-

-







екінші







61

Кушкеева Кымбат Оразалиевна

педагог-психолог

2015

екінші













бірінші

62

Ибраева Жанна Сериковна

ағылшын тілі

2013

екінші







бірінші







63

Рамазанова Айдана Нурлановна

ағылшын тілі

-

-




екінші










Материалдық-техникалық базаның жағдайы

Білім берудің сапасын көтерудің басты жағдайлары - білім беру ұйымдарында қазіргі талаптарға сай материалдық-техникалық базаның болуы және олардың жаңашыл оқу құралдарымен жабдықталуы, сонымен қатар заманауи оқыту кабинеттерінің болуы. Мектеп ғимараты типтік, үш қабатты, мектеп санитарлық нормалар мен техника қауіпсіздігіннің нормалары талаптарына толықтай сәйкес келеді. Оқу-тәрбие ісін сапалы ұйымдастырудың, оқушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін жоғарылатудың негізгі факторлары - заманауи оқу кабинеттерінің жұмыс істеуі. Кабинеттреді техниканың озық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын жүзеге асыру мүмкіндігін айғақтайды, оқушылардың сапалы білім алуына және толыққанды меңгеруіне ықпал етеді. Гимназия-интернатта оқу кабинеттерінің саны - 34, құжаттандырылғаны - 34. Оның ішінде математика, география, орыс тілі, ағылшын тілі, жаңа үлгідегі биология, химия кабиеттері, физика, екі қазақ тілі, тарих, АӘД, екі еңбек кабинеті, төрт бастауыш сынып кабинеті аттестациядан өтіп құжаттандырылған. Мектепте 1 спорт алаңы, 1 спортзал, 120 орындық асхана, 240 орындық жатақхана бар. Акт залы, 1 шеберхана(ағаш өндеу), 1 компьютер класы, 18 интерактивті тақта, өзін-өзі тану, алғашқы әскери дайындық кабинеті, кітапхана, 40 орындық оқу залы бар. Мектепте медициналық кабинет және процедуралық кабинет бар.

Мектеп кітапханасы оқу-тәрбие үрдісінде оқушылар мен педагогикалық ұжымның интеллектуалдық деңгейін арттыруға үлес қосады. Оқу-тәрбие үрдісінде және үздіксіз оқу барысында оқушыларға ақпарат алуға, мұғалімдердің қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Мектеп кітапханасының қоры артуда. Мектеп кітапханасының мерзімдік басылымдарға жазылуы жылдан-жылға көбейіп келеді. 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 40% өсті. Кітапханада оқырмандар саны көбеюде. Кітапхананың негізгі қоры – 24649 дана кітап, оның ішінде – 13595 көркем әдебиет, оқулық қоры – 8869 дана, электрондық оқулықтар саны – 220.

2015-2016 оқу жылында 4-сынып, 5-сынып,6-сынып, 11-сыныптың ҚГ, 11-сыныпың ЖМ бағытындағы сыныптарға барлық оқулықтар, ағылшын пәндері оқулықтары және барлық сыныптарға өзін-өзі тану оқулығы мен дәптері және 132 дана көркем әдебиет келіп түсті. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттен кітап қоры толықтырылып отырады



Соңғы 3 жылдағы қордың өсуі:

2013-2014 оқу жылында – 2650;

2014 -2015 оқу жылында – 3600;

2015-2016 оқу жылында – 4077.


ІV. ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТТЫҢ ОҚУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

2014-2015 жылғы оқу үрдісінің нәтижелілігі

Дарынды балалармен жұмыс қорытындысы

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Халықаралық деңгейде: І, ІІ, ІІІ орын-8 және грамота-3, Республикалық-2 (ІІ,ІІІ-орын.), облыстық-51 орын.

Халықаралық деңгей:

Оңтүстік Корея Тэджон қаласында өткен «Жас ғалым-2015» халықаралық ғылыми жобалар сайысының 1 орын жүлдегері 11-сынып оқушысы Жұмабеков Асхат. Алматы қаласында өткен V Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсының 2 орын жүлдегерлері: Какимов Сағындық пен Искаков Нұрлыбек. Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз-2015» халықаралық ғылыми жобалар сайысының 2 орын жеңімпазы Қажыбаева Айдана. Ресей, Протвино қаласында өткен «Компьютерлік физика-2014» халықаралық турнирдің 3 орын жүлдегерлері: Кабдула Ануар мен Қайыргелді Олжас. Ресей, Москва қаласында өткен "Математика және жобалау - 2015" халықаралық ғылыми конкурсының жүлдегерлері: Кожантаева Камила - ІІ орын, Бекембаева Жанель – ІІІ орын. Павлодар облысы, Баянауыл аулында өткен Қ.Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиаданың жеңімпазы : география пәнінен Аңдамасов Данияр 8-сынып.



Республикалық деңгей:

IҮ республикалық астротурнир жеңімпаздары: Какимов Сағындық, Искаков Нұрлыбек, Айтен Бахтияр. 19-21 наурыз 2015 ж Түркістан қаласында өткен Ақындық пен шешендікке баулитын «Ақберен» байқауында Дипломмен,ІІ республикалық байқауының ақындар мүшайрасы бойынша ГРАМОТА «Патриот ақын» номинациясымен Наматова Үміт марапатталды. ГРАМОТА Ақындық пен шешендікке баулитын «Ақберен» ІІ республикалық байқауындағы ерекше жетістіктері үшін Өмірзақова Жанерке марапатталып келді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының ІІ орын иегері: Оспанов Мұхтар, ІІІ орын: Ұланова Айғаным-Қабешова Бақыт. “Зерде” 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық конкурсынан орын алған оқушылар: ІІ орын: Коспакаева Зейнегуль-Сулейменова Сания, Баркитова Сабина-Бажикова Жулдыз; Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінің жеңімпаздары: Калкенова М 1 орын орыс т, грамота иегерлері: Молдабаева А тарих, Жанатаев Даулет физика, Мухамедгалиев Диас география. «Сардар» II республикалық кешенді олимпиадасының жүлдегерлері 3 орын: Ағыбай Алпамыс пен Бекешай Данияр, Мақтау қағаздарымен марапатталған Нұрмұқан Абзал. Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың 2 орын жеңімпазы Ұланова Айғаным. Республикалық лингвистикалық олимпиадаға қатысушы сертификаты 9-сынып оқушылары Бапаева Анель, Жангалиев Нурлан. Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» Х республикалық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері: 2 орын – Аубакирова Ляйла, Ерсайын Алия; 3 орын – Бапаева Анель, Капезов Тимур; Курманова Камила – қатысушы сертификаты.



Облыстық деңгей:

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша ҮІІ Президенттік олимпиаданың өңірлік /облыстық 1тур/ кезеңінің жеңімпаздары 11-сынып: Жұмағали А физика 3 орын, Темирболатова Адемай математика пәнінен 2 орын, Шакирова Камила математикадан 2 орын, Кайыргелді Олжас физика 2 орын, Макашева Дарига химия 3 орын, Мухитдин Қайрат биология 3 орын; Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І орын иегерлері: Саурбаева Инкар-Қанатова Альбина математика, Хамзина Айнара-Абиева Камила математика, Жумабаев Тимур-Мухитдин Қайрат биология; ІІ орын: Ұланова Айғаным-Қабешова Бақыт қазақ тілі, Жумабеков Асхат дүние жүзі тарихы, Аргимбаева Акнур қазақ әдебиеті, Жақып Айдана физика, Бекембаева Жанель-Салимова Айнаш математика, Кайманова Айгерим-Сейтенова Камила математика, Зейнуллина Алтынай-Жукенова Сания биология; ІІІ орын: Елубаева Меруерт-Қажғалиева Гүлден биология, Оспанов Мұхтар тарих, Саттар Ерасыл-Әбілжан Әнуарбек физика, Сарсембаев Едіге-Айтен Бахтияр физика, Казбекова Айгерим-Кожантаева Камила математика, Кажибаева Айдана биология, Адильбеков Темірлан - грамота, информатика. “Зерде” 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық конкурсынан орын алған оқушылар: І орын: Коспакаева Зейнегуль-Сулейменова Сания қазақ тілі, Баркитова Сабина-Бажикова Жулдыз география; ІІ орын: Балтабай Жайна-Нугуманова Жанна әдебиет, Тұрлыбек Қанат-Макишев Олжас математика, Алтаев Теміржан физика, Базарбек Мейрбек-Жұмағұл Жанғали өлкетану; ІІІ орын: Бейсембаева Сабина орыс тілі, Капезов Даниял-Таскожин Райымбек математика, Мунайдарова Анажан-Аубакирова Ляйла биология, Сурағанова Жаңыл биология, Жасұланқызы Аяулым-Төлеген Айзере экология. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары: І орын: Ұланова Айғаным қазақ т/әд, Әділбек Алтынбек қазақ т/әд, Калкенова Мадина орыс тілі, Жанатаев Даулет физика, Молдабаева Арай тарих; ІІ орын: Мухамедгалиев Диас география, Сагындыкова Айдана қазақ тілі, Шаяхметова Амина орыс т/әд, Сабыржанов Канат химия, Рахимгереева Наргиз биология, Алиманов Канат информатика, Бапаева Анель құқық; ІІІ орын: Тастемір Темірлан қазақ тілі, Аргимбаева Акнур қазақ тілі, Абилова Алина орыс тілі, Джузгенбаев Әлішер ағылшын, Каржауова Гүлзат математика, Тілеуғабыл Айдын химия, Оразбаев Сұраған химия, Макашева Дариға химия, Мусин Мақсат физика, Саянов Маркен география, Мейрам Жанболат қазақстан тарихы, Еркін Жансая қазақстан тарихы, Мұхитдин Қайрат биология; Грамота иегерлері: Қайыргелді Олжас физика, Шакирова Камила матем, Исмагулов Мадияр физика, Жұмағали Асылбек физика, Қабдола Ануар физика, Қайдар Данияр географ, Сүндет Балнұр биология, Әбдірахман Әділхан биология, Баржанова Әлия қазақ тілі, Қанатова Альбина орыс тілі, Жасұланқызы Аружан ағылшын, Рахимова Анель ағылшын, Кажибаева Айдана ағылшын, Жумабаев Тимур биология, Темірболатова Адемай биология, Бақытжан Елдос математика. Ағылшын тілі пәнінен Қазақстан интернет олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Республиканского заочного конкурса «История успешного человека» среди обучающихся организаций общего среднего и дополнительного образования. В номинации «Рассказ» (на казахском языке) по возрастным категориям определены членами жюри следующие победители конкурса: Старшая возрастная категория 15-17 лет. 3 место Жасұланқызы Аружан. Облыстық ХVI Абай оқуларының 11-сынып оқушысы Әділбек Алтынбек «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 1 орын жеңімпазы.Облыстық ХVI Абай оқуларының 8-сынып оқушысы Наматова Үміт ән орындаудан 3 орын жеңімпазы. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ң ұйымдастырумен өткен олимпиада жеңімпаздары: математика пәні бойынша Грамотамен марапатталғандар:

1. Қабдола Әсет 2 орын, 8-сынып;

2. Қазтаева Гүлназ 2 орын, 8-сынып;

3. Жантемирова Асем 2 орын, 8-сынып;

Математика пәні бойынша КОМАНДАЛЫҚта 2 орын: Қабдола Әсет, Қазтаева Гүлназ, Жантемирова Асем; физика пәні бойынша Грамотамен марапатталғандар: Жанатаев Даулет-1 орын, Мусин Максат 1 орын, Кабдола Ануар 1 -орын, Шакирова Камилла 2 -орын, Кайырбек Акжол 2- орын, Рахимгереева Наргиз 2- орын. Физика пәні бойынша КОМАНДАЛЫҚта 1 орын: Жанатаев Даулет, Мусин Максат, Кабдола Асет. Физика пәні бойынша КОМАНДАЛЫҚта 2 орын: Шакирова Камила, Рахимгереева Наргиз, Кайырбек Акжол. Физика пәні бойынша АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталғандар: Кадыров Болатхан, Каржауова Гүлзат, Исмагулов Максат.

Мектеп – интернаттың «Білім нәрімен қуаттандыру» бағдарламасы негізінен жеке тұлғаға бағытталған, оған қоса шығармашылық және зерттеушілік әрекетіне бөлінген бейімділік сағаттарында іске асырылады. Дарынды оқушылар пән бойынша тереңдетілген білімді мектепте алып, СҚМУ-нің зертханаларында кеңейтуге мүмкіндіктері бар. Осындай күрделі деңгейде жұмыстарды жүргізу үшін оқушылардың білімдері толық және жеткілікті болуға тиісті, сол себептен 5-8 сыныптардағы ерекше дарынды оқушылардың жеделдетіп оқыту бағдарламасына көп көңіл бөлінеді.



Тәрбие жұмысының қорытындысы

2014-2015 оқу жылы

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші және тәрбиешілер негізі рөл атқарады.



Тәрбие жұмысының мақсаты:

Сапалы білім мен жан-жақты тәрбие беру арқылы адамгершілігі зор, рухани-шығармашылығы бай, отаншыл,полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.



Тәрбие жұмысының міндеттері:

-Тәрбие бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу;

-Мерекелік сынып сағаттары мен кездесулер ұйымдастыру;

-Интеллектуальды ойындар мен жарыстар жүргізу.



Тәрбие жұмысының 2014-2015 оқу жылына арналған кешенді жоспары негізінде тәрбиенің 12 бағыты бойынша тәрбиелік жұмыстар жүргізілді:

Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие бағытының мақсаты:

Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру. Тәрбиенің «Интернат-менің өз үйім», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Туған өлкем», «Мен - Қазақстан азаматымын» ішкі бағыттарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мектеп кітапханасында Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық стендтер, көрмелер ұйымдастырылып, «ҚР Тұңғыш Президенті» тақырыбына 11-сыныптарда тарих пәні мұғалімдері ашық сабақ, «Біздің еліміздің Президенті» атты бастауыш сынып оқушыларында танымдық сауалнамалар жүргізіп, қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері «Тұңғыш Президент күні тарихи маңызы зор мереке» әдеби кеші, ҚР Тұңғыш президентінің ел өркендеуі мен дамуындағы рөлі, Егеменді Қазақстанның тарихына арналған тақырыптық әңгімелер мен сынып сағаттары, 9-сынып оқушыларына «Азаматтық, патриоттық тәрбие берудегі тарихи тұлғаның рөлі» он-лайн режимінде сабақ, «Менің елімнің көшбасшысы» атты тақырыптық шығармалар сайысы, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы алатын орны туралы сынып сағаттары мен викториналар, дөңгелек үстелдер, «Тәні саудың жаны сау» Бірінші Президент күніне арналған спорттық іс-шара, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін ең үздік педагогтарды, оқушылардың ата-аналарын мадақтап, салтанатты жиындар мен жиналыстар ұйымдастырылды.Қазақтан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған келесі тақырыптарда «Біздің жолымыз – бірлік» бұрышын, көрмелер, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тарих сабақтары, М.Мурсалимовтың естелігіне арналған ұлдар арасындағы еркін күрес турнирі, оқушы жастар арасында «Мәңгілік ел – біздің күш қуатымыз» атты эссе сайысы, «Мәңгілік ел – біздің күш қуатымыз» атты тәрбие сағаттары, «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» суреттер байқауы, оқушыларға арналған «Абылай және оның дәуірі» «Қазақ халқының ұлттық орнаменті» тақырыптық экскурсиялар, «Жас қаламгер және жас журналистер» байқауы, «Тәуелсіз Қазақстанның құрылу кезеңдері» дөңгелек үстел, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Отан Қорғаушылар күні – Абылай хан, облыстық өлкетану, мектеп мұражайларына, әскери бөлімге, ҚР ІІМ ұлттық Гвардия ішкі әскери институтына экскурсиялар ұйымдастырып, ҰОС ардагерлерімен, Ауған жауынгерлерімен, әскерге шақырылған дейінгі жастармен, ішкі әскери институт оқытушыларымен кездесулер, «Бейбітшілік пен мейірімділіктің қорғауында» тақырыбына суреттер байқауы, «Біз бірлесіп, жеңіске жеттік!» тақырыбына сынып сағаттары, газет конкурстары, кітапханада көрме, «Жас сұңқар», «Жастар», «Құлагер» облыстық спартакиада бағдарламасында армрестлинг және Жазғы Президенттік көпсайыс спорттық іс-шаралар, «Салют, Жеңіс!» патриоттық әндердің конкурсы, Отан қорғаушылар күніне және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына» және мектеп кітапханасында тақырыптық стендттер, көрмелер, 10-сыныптарда ашық сабақ, суреттер байқауы, сынып сағаттары, спорттық іс-шаралар, 9-10 сыныптарда дөңгелек үстел, «Біз – жеңістің ұрпақтарымыз» атты тақырыпта патриоттық әндер сайысы, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығына арналған мерекелік концерт өткізілді.

Рухани-адамгершілік тәрбие бағытының мақсаты:

Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімді игеру, өндірістік және қоғамдық іс-әрекеттерде іске асыру. Осы мақсатты іске асыру барысында психолог арнайы тақырыптық ата-аналар жиналыстарын жүргізіп, ата-аналармен «Мен қандай анамын-әкемін?», «Бала бойындағы адамгершілік қасиеттер» сияқты сауалнамалар алынды және тренингтер, әңгімелер мен талқылаулар жүргізілді. Оқушылардың өнерін дамыту мақсатында мектепте би, ән, домбыра үйірмелері жұмыс істейді.

Үйірме жұмыстарының мақсаты: оқушылардың бойындағы дарындылықтарын ашу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін, таным көкжиектерін арттыру. Осы уақытқа дейін үйірме жұмыстары біршама жұмыстар атқарды. Атап айтсақ, қыркүйек айында «Білім күні» мен «Тілдер апталығында» би және музыкалық студия, домбыра оркестрі, драмалық үйірме өз жұмыстарын көрсетсе , «Ұстаздар күнінде» бар үйірме мүшелерінің қатысуымен комақты жұмыс көрсетілді. Алғаш өткізілген «Еңбек және Қарттар күнінде» үйірме мүшелері толықтай іс-шараға қатысып, оқушылары көңілден шығарлықтай өнер көрсетті. «Күзгі бал» мен «Танысу кеші» іс-шараларында да оқушылар өз үйірмелерінен алған өнерлерін ортаға сала білді. Шахмат ойнау шеберліктері де қала, облыс көлемінде жетістіктерге жетті.

Халықаралық 8 наурыз мерекесіне арналған «Өмірде ана-бұлақ, ана-пана, өмірді өркендетер ана ғана» барлық сыныптарда сынып сағаттары, мектеп кітапханасында осы тақырыпта көрме ұйымдастырылып. «Ана менің өмірімде» суреттер байқауы, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі ережелерін талқылау 10-11-сыныптарында диспут, дөгелек үстел, «Шеше көрген тон пішер...» 5-9 сыныптарда қол өнер көрмесі, отбасындағы балалық шақ, ана туралы құндылықтарды сақтауда «Бала тәрбиелеудегі ана рөлі» 5-6 сыныптарда ата-аналар жиналысы, «Ардақты ұстаздар галереясы» 10-сынып мұражайға саяхат, мерекелік спорттық іс-шаралар: волейбол, шахматтан сайыстар, «Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана!», «22 Наурыз мейрамына» арналған мектепте мейрамды атап өтуге байланысты шығармашылық топ құрылып, «Сәлем, Наурыз» тақырыбына байланысты стенд әзірленіп, газеттер мен викториналар, «Наурыз – табиғат таңы» атты тақырыпқа суреттер көрмесі, мектеп кітапханасында «Көктем мен жаңарудың мерекесі» көрмесі, Наурыз мейрамын тойлауына байланысты «Салт дәстүр және әдет-ғұрып» туралы ата-аналармен бірлесіп тәрбие сағаттары, «Мерекелік дастархан» ұлттық асхана тағамдыры, мерекелік спорттық іс-шаралар, «Наурыз туралы не білесің» сауалнама, «Қош келдің, нұрлы Наурыз» атты концерттік, театрландырылған бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.



Отбасы тәрбие бағытының мақсаты:

Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моральдық құндылықтар отбасы негізінде қалыптастыру.

Осы бағыт негізінде «1-5-сынып оқушыларының мектепке бейімделудегі қиындықтары» тақырыбында айлықтар өткізілді, айлық барысында әлеуметтік педагог, сынып тәрбиешілері ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізді, әр оқушының жекелеген психологиялық ерекшеліктері мен отбасындағы тәртіп жағдайы зерттеліп, оқушының бейімделуіне ықпал ететін факторлар қолға алынды. Әр сынып ата-аналарымен тестілеу, сауалнамалар өткізу: «Оқыту мен тәрбиелеудің келешегі», «Ата-ананың өз баласына көзқарасы», Жеке ата-аналармен тақырыптық кеңестер өткізіліп, ата-аналар жиналысына оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Ата-аналардың қатысуымен ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, суреттік диагностикалары: «Менің жанұямдағы демалыс күндері», «Менің туған күнім» және мектеп пен отбасы серіктестігі: бірлесіп өткізетін мерекелер, үй тапсырмасын орындау, бала тәрбиесінде білікті көмек көрсету, ата-аналардан «қолдаушы» топтарын ұйымдастыру, қыз балаларға арналған жиналыс «Ұлттық гендерлік тәрбие ерекшеліктері», «Этнопедагогика негізіндегі қыз бала тәрбиесі» ұдайы өткізілді.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттігін қалыптастыру бағытының мақсаты: өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымына жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтау. Адам-адам, қоғам-қоғам, адам-техника, адам-табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру.

Оқушыларды сыныптан тыс үйірмелерге, клубтарға қабылдау, Жалпымектептік спорт мерекесін өткізу «Күзгі кросс», қыз балалар жиналысы «Санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы», «Мектеп ережесімен жете танысу», «Мектеп интернатындағы бос уақытың: спорт және салауаттылық», интернат тәрбиешіленулерінің күн тәртібін қадағалап отыру, «Спортты сүйетін жанұям» атты ата-аналармен бірге спорттық сайыстар өткізу, оқушылардың гигиеналық тазалығын қалыптастыру, дамыту, Қалалық басқа білім мекемелерімен серіктестік спорттық сайыстар өткізу, «Жанұядағы салауатты өмір салты» тақырыбында тәрбие сағаттар, интернат бөлмелері мен мектеп ғимаратын көркейту жұмыстарының барысы қадағаланды.



Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытының мақсаты: Тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек беру.

Еңбек және экономикалық тәрбие бағытының мақсаты: Жас ұрпақты еңбек етуге,үнемділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үйрету. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларын негізгі экономикалық ұғымдармен таныстыру және білімнің құндылығын, кез келген жұмысты біліктілікпен орындау үшін оның қажеттілігін, келешектегі мамандық таңдауы мен қоғам өмірінде белсенді қатысушы бола білуін көрсету. Нарықтық экономиканы ұлттық спецификаны, сабақтарда алған білімдері, дағдылары мен біліктерін есепке ала отырып, оқушыларды заманауи өмірдің маңызды салаларын түсінуге, жеке және ұжымдық еңбек қызметіне белсенді араласуына дайындайды. Ішкі бағыттары: «Біздің отбасымыз», «Біздің мөлтек ауданымыз», «Біздің қала», «Біздің аймақ», «Экологиялық тәрбие», «Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру», « Эстетикалық тәрбие», «Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыр», «Кәсіби-шығармашылық тәрбие», «Интеллектуалды мәдениетті дамыту» бағыттары бойынша жұмыстар атқарылып, ой-пікір алаңына айналған дөңгелек үстелдер, ұстаздардың өзара пікір алмасулары өткізілді.

«Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына» мектепте 5-11-сыныптарында «Қазақстан халқы ассамблеясы» атты сынып сағаттары, «Достық үйі» суреттер байқауы, «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...» тақырыбына 9-11 сыныптармен кеш өткізілді. Қазақстан Халқының бірлік күні білім алушылар тарихи-өлкетану мұражайына және мектеп мұражайына апарып, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесіп, дөңгелек үстел, Қазақстан халқының бірлік күні мерекесінің маңыздылығын ашып көрсететін дәрістер, сынып сағаттар, Қазақстан халқынынң бірлік күніне арналған мерзімді басылым материалдары бойынша көрмелерді рәсімдеу, «Бір шаңырақ астында» мерекелік іс-шара ұйымдастырып өткізілді.

25 мамыр күні «Сыңғырла соңғы, қоңырау!» атты 1-4 сыныптарда 22 мамыр, 5-8 сыныптарда 23 мамыр және 9-11 сыныптарда 25 мамыр күндері салтанатты мектепшілік іс-шара өткізілді.

Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп - өркендеуі мен бәсекеге барынша қабілетті болуы, ең алдымен жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналылығы мен өмірге бейімділігіне байланысты болса керек. Жеке адамның дамуы мен оны дұрыс тәрбиелеу, педагогикалық және психологиялық бағыт – бағдарға тікелей байланысты. Сол себепті балаға тәлім – тәрбие беріп, оны білім – ғылымға баулитын ұстаздары мен тәрбиешілердің міндетті түрде білікті, көрегенді, әрі өнегелі болғаны дұрыс.  «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» - деп ақын Абай айтқандай, ақыл – ой тәрбиесінде пікірлесу, пікірталас арқылы ой дамыту, оқушы тұлғасының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оның дарынын дамытуға, интеллектісін арттыруға ат салысатын адамның өзі осыған сай болғаны дұрыс.



V. МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫН ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТАЛДАУ
Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамаңдандырылған гимназия-интернаты оқу-тәрбие үрдісінде басшылыққа алатын жылдық жұмыс жоспары мен 2014-2017 жылдарға арналған даму жоспарын  2015 жылдың тамыз айында мектеп әкімшілігі  Қазақстан Республикасы педагог  кадрларының біліктілігін арттырудың бірінші  (ілгері) деңгей  бағдарламасы бойынша білім жетілдіру  курсынан өткен ұстаздармен  бірлесе толықтырулар енгізе отырып, заман талабына сай қайта құрды.  Даму жоспарын құру мақсатында мектептің бастапқы жағдайы жөнінде ізденіп, олардың оқу үдерісіне қатысты пікірлері мен көзқарастарын білу бағытында мектеп басшылығымен, мұғалімдермен, оқушылармен және ата-аналармен әңгіме, сұхбаттар, сауалнамалар өткізілді. Оларда мектеп әкімшілігінің жұмысы, мектеп мұғалімдерінің  көзқарастары мен ұстанымдары,  өз кәсіби міндеттерін атқару сапасы, оқушылардың білім алуы, олардың білім берудің әдіс-тәсілдерін өз бетінше талдауларына қаншалықты мүмкіндік берілген деген сияқты сұрақтар мен мәселелер төңірегінде ой қозғалды. Сауалнама қорытындысында мектеп мұғалімдерінің мектептегі ахуалға көзқарастары, жұмыстарының қаншалықты ынталандырылуы, қызметте кездесетін

қиындықтар, олардың шешілу жайы мен жолдары, жаңа бастамаларға деген көзқарастары деген т.б. сауалдарға жауаптар алынды. Сол арқылы ХХІ ғасырдағы мектеп оқушысының бойында болуға қажетті дағдылардың тізбесі мен сипаттары анықталды. Жоғарыда аталған деректерді басшылыққа ала отырып, талдау жұмыстарын жүргізген кезде мектептің даму жоспарына мектептің болашақтағы оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізер алдында мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың пікірін біліп алудың маңыздылығына көз жеткізіп, мектептің басшылығы, әкімшілігі және қызметкерлері мектеп жұмысының алдағы уақыттағы бағыттары туралы шешім қабылдау үшін бірлесе жұмыс істеулері керек деген тоқтамға келді.  Мектептің даму жоспарына енгізген өзгерістер ішінде педагог қызметкерлердің кәсіби дамуына мақсатты түрде басымдықтар берілді. Негізгі мақсаты  мұғалімдер әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді, модульдерді қолдануы және өзара тәжірибе алмасуы, оқушыларды топпен жұмыс істеуге машықтандыру жолдарын меңгерту, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін  жоғарылату және жаңаша жұмыс істеуге ынталандыру болып табылды. Мұнан күтілетін нәтиже ең алдымен, оқу сапасы жоғарылайды, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оқушылар  арасында ынтымақтастық қалыптасады, сөйлеу дағдысы қалыптасады, бірін - бірі тыңдауға үйренеді. Мектептің дамыту

бағытына байланысты жаңаша оқыту тәсілдері бойынша мұғалімдермен өткізген коучинг сессияларын қадағалап, ақыл-кеңестер беру және мұғалімдер коучинг бойынша топтарға бөлініп, жаңаша сабақтың ОМЖ және ҚМЖ сабақ жоспарларын жасап, ол сабақтарда мүмкіндігінше  Lesson study түрінде жоспарлауға машықтандыру жолдары қарастырылды. Мектепте өзара тәжірибе алмасу мен оқып-үйренуге бағытталған кәсіби қоғамдастық құруда  қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге  ұйымдасқан адамдар тобын құру, іскерлік қатынастар желісін орнату, кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру,  оқушылардың білім сапасы жоғары нәтижеге жету үшін оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шаралар жопарланды.    


S – мықты жағы

1. Гимназия-интернатта іріктеліп, конкурспен қабылданған оқушылар ғана оқиды.

2. Гимназия-интернатта 7-сыныптан 11-сыныпқа дейін үш тілді тереңдетіп оқыту жүргізіледі.

3. Мектептің ғылыми орталығының жүйелі жұмысының арқасында 11-сынып оқушыларының 50% ҰБТ-дан босатылады.

4. Мұғалімдердің, оқушылардың  жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен, оқытушыларымен ғылыми жұмыстар жасау ұйымдастырылған.

5. Мектептің материалдық-техникалық базасы,  ресурстары мықты

6. ҰБТ көрсеткіші бойынша мектеп түлектерінің 90%-нан астамы ЖОО-ның Грант иегері атанады


W – әлсіз жағы

1. Қала, облыс көлемінде білім нәтижесі жақсы болғанымен, республика бойынша дарынды балаларға мамандандырылған мектептер бойынша ең үздік ондыққа енбеуіміз.

2. Облыстық пәндік олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болғанымен, республика бойынша көрсеткіштеріміз төмен.

3. ҰБТ  бойынша тарих пәнінен көрсеткіш төмен болуы.

4. Мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы 63 мұғалімнің тек 63%-ы ғана жоғарғы және бірінші санатты.(Санатсыз - 15 мұғалім)


O – мүмкіндіктері

1. Пәндік олимпиадаларға қатысу арқылы тікелей облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысу мүмкіндіктері бар.

2. Мұғалімдерге «Дарын» РҒПО ұйымдастырған мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстарына бару қарастырылған (курс, семинарларға қаражаттар қарастырылған.).

3. Кәсіби конкустарға қатысуларына мүмкіндіктер бар.




T – қауіп

1. ҰБТ бойынша негізгі пәндерден биылғы оқу жылында мектепке қабылданған жас мұғалімдердің беруі.

2. Санатсыз мұғалімдер санының артуы білім сапасына әсер ету мүмкіндігі

3. Педагогикалық құрамның жасы бойынша әркелкілігі. (зейнеткерлер – 7, санатсыз – 15)




Мектеп жағдайын проблемалық талдау барысында «SWOT» әдісі қолданылды. Әр мектептің мықты жақтары, мүмкіндіктерімен қатар әлсіз тұстары және қауіп төндіретін жағдайлары да баршылық. Бұл талдаудың да мәні осында. Проблеманы анықтап алмай, оны шешу де мүмкін емес. Сондықтан да мектебіміздің мықты, әлсіз жақтарын және мүмкіндіктері мен қауіпті жағдайын талдау арқылы мектептің даму жоспарын құру, оны шешу жолдарын анықтап дамуда дұрыс бағыт аламыз деп ойлаймыз.

Гимназия-интернаты - облысымыздың дарынды балалары үшін құрылған білім ордасы, 80 жылдық тарихы бар қара шаңырақ. Оқу жылының соңында 1- 10-сыныптарға конкурстан өткен балалар ғана қабылданады. Қабылданған

оқушылардың көбі ауылдық жерден келгендер. Мектебіміздің қала мектептерінен ең басты ерекшелігі –тілі де таза, ойы да таза ауылдық балалардың білім алуы. Бұл – біздің мектептің мықты тұсы. Гимназия-интернатта 2007 жылдан бастап үш тілде оқыту бойынша эксперимент өтуде. Биылғы оқу жылында ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныптардың саны – 5. Бұл сыныптарда математика, физика, география пәндері ағылшын тілінде оқытылуда. Эксперименттің нәтижесі ретінде екі жыл қатарынан халықаралық «FLEX» бағдарламасы бойынша Серікова Айнұр және Қажыбаева Айдана АҚШ-қа барып білімдерін жетілдіріп келді.

Гимназия-интернатында Айнагүл Жұмабекқызының басқаруымен дарынды оқушылармен жұмыс істеуде мектепте ғылыми орталықтың жұмысы дұрыс жолға қойылған. Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған. Оқушылармен тәжірибелі мектеп мұғалімдерімен бірге жоғарғы оқу орындарының профессорлары, оқытушылары жұмыс істеуде. Бүгінгі күні мектептің оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми жобалардың жеңімпаздары. Жылда мектеп түлектерінің 50 пайызы ҰБТ-дан босатылып, мемлекеттік грант иегері атануда.

Мектебіміздің материалдық-техникалық базасының мықтылығы жетістіктерге жетудің бір жолы деп айтуға болады. Мектепте жаңа үлгіде жабдықталған химия, биология кабинеттері жұмыс жасайды. Негізгі пәндер бойынша кабинеттерде 18 интербелсенді тақталар құрылған. Барлық кабинеттер интернет желісіне қосылған компьютермен қамтамасыз етілген. Мектептің барлық кабинеттерінің жаһаздары жаңартылған.

Пәндік олимпиада - оқушы білімінің басты көрсеткіші, ұстаз еңбегінің нәтижесі. Мектебімізде олимпиадаға дайындық дұрыс жолға қойылмауынан ба, әлде мұғалімдердің тәжірибесіздігінен бе, әсіресе, республикалық олимпиададан нәтижеміз төмен. Сондықтан да әлсіз тұсымыз деп таныдық.

Республика бойынша дарынды балаларға арналған мектеп мұғалімдердің тамыз конференциясында үздік ондыққа кірген мектептердің аты аталып, марапатталады. Үздіктер қаратына ену үшін жыл бойы мұғалімдердің, оқушылардың шығармашылығы, пәндік олимпиада, ғылыми жобалар сайысы, ҰБТ бойынша нәтижелер алынып, бағаланады. Өкінішке орай, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының үздік ондығының ішінде болмауымыз бұл да мектебіміздің әлсіз тұсын білдіреді. Осыған байланысты оқушыларды ҰБТ-ға сапалы дайындау, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар сайысы, авторлық бағдарламалар, инновациялық жобалар фестивалі, шығармашылық сайыстарға қатысуға көп көңіл бөлінбекші.Жыл соңында нәтижелер талданып, қорытынды жасалады.

Мектепте мұғалімдер контингентінің тұрақтылығы білім сапасының көрсеткіші болып табылады. 2015-2016 оқу жылында 4 жас мұғалім қабылданып, санатсыз мұғалімдердің саны 15-ке жетті. «Жас келсе, іске»,-деген сөзде үлкен мағына жатса да жас мамандардың қашан нәтижелі жұмыс істері белгісіз. Бұл біздің биылғы оқу жылындағы әлсіз тұсымыз. Осыған орай мектебімізде «Жас мамандар» мектебі құрылып, топқа І деңгей мұғалімі Тоқпанова Б.С. басшылық етеді. Жас мамандарды өз ісінің маманы қылып өсіріп-баптауда «Жас мамандар» мектебінің маңызы зор. Осыған байланысты жас мамандарға тәлімгерлер сайланып, жылдық жұмыс жоспарлары бекітілді.

Басқа жалпы білім беретін мектептерге қарағанда мектебіміздің оқушыларының да, мұғалімдерінің де әр түрлі сайыстарға, конференцияларға қатысуларына мүмкіндіктері зор. Өйткені мектеп әкімшілігі әдістемелік, материалдық жағынан болсын үнемі қолдау жасап отырады. Биылғы оқу жылында мұғалімдердің әдістемелік жағына көп көңіл бөлінбекші. Мұғалімдердің авторлық бағдарламалар сайысына, инновациялық жобалар фестиваліне, т.б. сайыстарға қатысуға жағдай жасалады. Сонымен қатар мұғалімдердің эстетикалық жағынан талапқа сай және ішкі мазмұны құнды әдістемелік құралдар жазу ісі де қатаң түрде қолға алынбақшы.

Мектептің проблемасын алдын-ала анықтап алған жағдайда ғана оның алдын алуға болады. Сондықтан да мектеп жағдайына проблемалық талдау жүргізу мектептің дамуы үшін маңызды. Бүгінгі таңда мектептің дамуына қауіп туғызып тұрған ең басты мәселе - ҰБТ бойынша негізгі пәндерден биылғы оқу жылында мектепке қабылданған жас мұғалімдердің беруі. Мектепте санатсыз мұғалімдер санының артуы білім сапасына әсер етеді деген қауіп жоғары болып тұр. 2014-2015 оқу жылында ҰБТ бойынша жалпы ұпай 100 пайыз көрсетсе, 2015-2016 оқу жылында 110 пайызға көтермекшіміз. Алға қойған мақсатымызға жету үшін ҰБТ-ға дайындықты биылғы оқу жылында10, 11-сыныптарда ерте бастап кетпекшіміз. Және де әкімшілік тарапынан мұғалімдердің жұмыстары қадағаланып, талдау жасалып отырады. ҰБТ нәтижесін жақсартуға байланысты Айтжанов Руслан Мамайұлы, Қаржауова Жадыра Сабыржанқызы және Зұлқарнаева Жадыра Темірғалиқызының «ҰБТ-ға дайындау әдісі» атты нұсқаулығы баспа бетінен шықпақшы. Жамалиева Айнаш Қожахметқызы мен Байманова Жарқына Кәлімқызының «ҰБТ-ның 100 есебі» атты әдістемелік жұмысын бүгінгі күні облыс мұғалімдері өз тәжірибесінде қолдануда.



VІ.БОЛАШАҚ МЕКТЕП ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Гимназия- интернаты түлектерінің моделі


Қазақстан халқының тарихын, ана тілін, мәдениетін білетін және құрметтейтін патриот



Бәсекеге қабілетті, толерантты, коммуникативті

Жалпыадамзаттық, этномәдениетті құндылықтарға бағытталған



Мен бәрін білемін!

Мен бәрін жасай аламын!

Өмірде менің өз орным бар!



Өз ісі мен қылығына жауапты




Өз шешімін таңдауда еркін, мақсат қойғыш



қоғамдық жұмыстарда белсенді

Полимәдениетті,политтілді



Креативті ойлауға қабілетті




Зияткерлік жағынан дамыған

Гимназия-интернатының миссиясы

Оқушылардың бейімділімен қабілетіне сәйкес негізгі және қосымша оқу бағдарламалары арқылы жеке тұлғаның

дамуына жағдай жасау.
   

Мақсаты:
 Шығармашылықпен жұмыс жасай алатын,бәсекеге қабілетті, ақыл – ойы дамыған, денсаулығы жақсы дамыған, қоғамда өз орнын таба білетін, білім деңгейін толықтырып, жалғастыратын тұлға.

 Мақсатты жүзеге асыру үшін мектептің алдында тұрған міндеттері:
-        оқушылардың білім деңгейлерін көтеру;
-        мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру;
-        мұғалімнің шығармашылығын дамытуға,зерттеу жұмысымен айналысуға қабілеттілігі мен қызығуын тудыруға,жеке тұлға теориялық білімдерін тереңдетуге және оқу-тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасау;
-        білм беруді басқарудың одан әрі даму негізінде қазақстандық білім беру моделінің нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;
-        мектептегі барлық мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету;
-        мұғалімдер мен оқушылар қызығушылығын шығармашылық мүмкіндіктерін тұлғалық дамуларын зерттейтін диагностика жүйесін қалыптастыру;
-        оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізу;
-        білім берудің мазмұны мен материалдық – техникалық базасын жаңарту;
-        оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттау;

-  сапалы білім беру, үздіксіз даму аспектісінің негізінде құзіретті және үштілді, полимәдениетті тұлға қалыптастыру


Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет