Әдебиет сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларды дамыту



Дата23.08.2017
өлшемі78,69 Kb.
#25556
Әдебиет сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдыларды дамыту

Бейсенбиева Ақнұр Шәкірқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Жаңақорған ауданы Қыраш ауылы

№180 орта мектебі

Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп,саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білі,сауатты ұрпақ тәрбиелеу-негізгі міндеттердің бірі.Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлтық білім жүйесінің жоғарғы дәрежеде дамуымен байланысты.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдауында «Қазақтың ел болуы,ұлт тағдыры-оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі»-деп көрсетті.

Егемендіктің тұғыры тұрақталып,мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті,тұтастықты сақтау,ұлттық сананың сарқылмауы,тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасын дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.

Әдебиетті оқыту-ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі,ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек,әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық,әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн.Өйткені игерілуге тиіс ұғым,сөздің мәні,айтылмақ ой-түсінік оқушыға әсер етерліктей болса,ол тиісті деңгейде көңіл толқытып,тереңірек ойланады.Сондай-ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді.Әсердің нәтижесі бір жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып,көркем шығарманы оқуға талпындырады.

Әдебиет-сөз өнері.Барлық сөзді тізе берсең әңгіме,жыр шықпайды.Адам жүрегін тербетіп,ақылын таразылап,тілін кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.Ғылыми тұжырымда әдебиет «Адамтану құралы»,ал әдебиет пәні «адамды тәрбиелеу құралы»,-делінген.

Оқушыларға әдебиеттің құдіретін,оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын,мәңгілік жаңарып,жасарып отыратын үрдіс екенін айтып,түсіндіре отырып,сол әдебиетті жасаушылар,ақын-жазушылар туралы,олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.

« Көркем шығарма- әдебиеттің құндылығы.Көркем шығарманы оқыту-оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту,рухани дүниесін байыту,эстетикалық талғамын жетілдіру,адамгершілік қасиетін қалыптастыру»-деген болатын белгілі жазушы,ұлағатты ұстаз Қ.Жұмалиев.

Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл-оңай үрдіс емес.Қабылдау деген сіз берген білімді оқушы ала қоятын зат емес.Ол-оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен,рухани әрекетімен жүзеге асады.Қандай жақсы көркем шығарманы оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса ,автордың жай күйзелісін,шалқар шабытын бойынан өткізіп,көркем суретті көз алдына елестетіп келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту-мұғалімнің қолында,яғни,оқушыға әдеби білім беру,эстетикалық ,адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс-тәсілдерді орнымен қолдану қажет.Мен де қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде өз сабақтарымда « Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдаланамын.Себебі, бұл технология бойынша өткізілген сабақтар үрдісінде өзгерістер мен нәтижелер молынан кездеседі. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын ескерсек, әдебиет сабағына тиімді технология екенін байқаймыз.Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық,әрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.

Әдебиет сабағы-терең білім беретін ,тіліңді дамытатын ,сөздік қорыңды байытатын ,өз ойыңды еркін айтатын пән. Шәкірттерімнің: «Әдебиет-жан сабағы,сол жаныңды тербететін ән сабағы», «Әдебиет-асыл сөз сабағы», «Әдебиет-сезім мен сұлулықтың сырға толы сазды мекені»-деп баға берулерінен әдебиет сабағының маңыздылығын ұғындырғаныма өзімді бақытты сезінемін.Осындай пікірдегі оқушылар өз ұлтының көркем тілінің кәусарынан қанып ішкен,шын мәнінде елінің тілі мен ортасын кеңейтуге ат салысатын азамат болатынын естен шығармаған жөн.Мен өзім сабақ беретін сыныптарымда қазақ тілінің құнарын сіңіруге, әдебиеттің,сөз өнерінің маңызын ұқтыруға тырысамын.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.

Әрбір оқушының өзінің жеке ойымен,өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді ;

Жеке дауысты (кейіпкер,жазушы,бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;

Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді(мағынаны тану кезеңінде)

Өз ойларын толық,дұрыс тұжырымдайды;

Өздеріне белгілі пайдалана алады;

Өз біліміне сүйеніп,мәселенің шешімін дұрыс тауып,ойын жеткізе біледі,яғни «Мен» деген сөзді ұғады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуда шығарма жазуды үйретудің стратегияларын пратикамен сабақтастыру тәсілінің өзіндік үлгілері бар.Соларға тоқталсам.7-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен С.Мұратбековтың «Жусан исі» тақырыбын «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы тұрғысынан өткіздім.

1.Қызығушылықты ояту барысында оқушыларға әңгімені талқыламастан бұрын сөзден үй салып,мықты үйді,мықты біліммен құраймыз.Үй салу үшін ең бірінші іргетас құрайық.1.А)Әңгіменің авторын кім біледі? Б) Осы автордың өткен сыныптарда оқыған шығармаларын білесіңдер ме? В) Қандай шығармасын өттік? Мазмұны қалай еді? 2. А)Әңгіме оқиғасы қай жылдарда болды? Б) Әңгімеде халыққа түскен ауыртпалық пен қиыншылықтар,қайғы-қасірет қалай суреттеледі? 3. А)Аянның алғашқы ертегісі қандай оқиғаға байланысты айтылатын еді? Б) Оның «ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталуымн қандай байланыс бар? 4. А) « Жылауды әркім біледі.Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ»,-дегеннің қандай мінез,қасиеттерді байқауға болады?Бұл қасиетін қай сәттерден көруге болады?б)Жусан исінің Аян үшін қандай маңызы бар?

Осы сұрақтар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамыз.Білім арқылы үй құраймыз.Үй-іргетас-шатыр-терезе арқылы білімнен үй құраймыз.Сабақ барысында оқушылар «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін пайдаланып,дәптердің бетін вертикаль сызықпен бөледі. Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстардан үзінділер жазады.Сол үзінділер жайлы пікір жазады.Әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып біткен соң,жұпта,топта талқылайды.Осы стратегия арқылы көп нәтижеге жетуге болады.Оқушылар ойланады,ізденеді,бірін-бірі түсінуге мүмкіндік туады,жұппен жұмыс жасайды.Ой түю арқылы,керекті деректерді іздеп таба біледі,оны пайдалана білуге үйренеді.

6-сыныпа М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылауға сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары мықты білім нәтижесін көрсетті.Оқушылар сабаққа түгел қамтылды. Сабақ «Блум таксономиясы» бойынша жүргізілді.Оны стратегия арқылы мәтінге толық талдау жүргізілді.Оқушылардың білімі,деңгейі,әрекет түрлері,ақпаратты толық тануы ескерілді. Оқушылар мәтінді түсінді,әрі өз сөзімен жеткізді.Мәтінге анализ болды. Синтез (жинақтау) бойынша оқушылар сахналық көрініс арқылы шығарманы жинақтады.Осы сабақ барысында біраз нәрселер қамтылды.Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптасты. «Эссе» стратегиясы бойынша «Абай атаға хат,Біржан ағаға хат» орындалды. «Сауалнама-интервью» стратегиясы жаңа білімді меңгеруге үлкен көмегін тигізді.Өтілген тақырыпқа талдау,салыстыру,зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болды.

Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып,олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру,өздік,дербес ізденуге баулимыз,әр оқушыны өз бетінше көркем туындыны оқуға,талдауға,бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес,оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиелейді.Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар,айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу,әзірлеу,талқылау,өзіндік қорытынды жасау,өздігінен анализ жасау,синтезге,бағаға жету,өзін-өзі бақылау жұмыстары балаларды шығармашылыққа,коммуникативтілікке,жүйелі білімге жетелейді.Сонымен қатар,қазақ тілі мен әдебиет сабағында «сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытындыға келдім:

1.Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стильін тапты

2. Жаңа білім бойынша өз жобалары,модельдері,болжамдарын тыңдап,талқылау

3. Өзіндік қорытындылары,оның қаншалықты ғылыми,шындыққа жақын екенін саралайды

4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын,шығармашылық жұмыстарға қабілетін,танымдық белсенділігін арттыру

5. Білім дәрежесі деңгейін саралау

6. Бір-бірімен ынтымақтастығы,пікірлерін айта білуі,қорғай білуі,айтыса білуге қалыптасады

7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда боладысонымен қатар өзінің және өзгелердің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді

8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды

9.Оқушылар өз ойымен ,іс-тәжірибесімен,пікірлерімен бөлісуге үйренеді,топпен ұмыс істеуге мүмкіндік береді

10. Жұмыс барысында алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық айтуға,басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

Өзім сабақ беріп жүрген сыныптарда осы технологияны пайдалану арқылы жаңалықтың тиімділігін көрдім.Бұл технология тек менің пәнімнің ғана емес басқа да пәндердің жақсы өтуіне көмегін тигізіп жүр.

Сын тұрғысынан ойлау уақытты қажет етеді.Сондықтан да мен сабақтарымда оқушыларға ойланып,толғануына мүміндік жасауға тырысамын.Әр сабақта оқушылар ойын ортаға салып,болжамдар жасайды.Менің ойымша,олардың келтіретін тұжырымдары алғашқыда кереметтей терең болмағанымен,кейінірек олар толықтырылып,жетілдірілген соң,мәнді де мазмұнды болып шығатындығына көзім жетті.Оқытудың осындай идеяларын ұсынған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан,оарда әр түрлі пікірлер пайда болады.

Л.Н.Толстой: «Мұғалім өн бойына өз ісіне,шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-нағыз ұстаз»,-дейді.Ұстаз саяси сауатты,жан-жақты білімді,өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата аларлықтай шебер әдіскер болуы керек.Ұстаз тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушынаң психологиялық ой-өрісінің өсу,даму дәрежесін бақылай алатындай психолог болуы қажет.

А.Байтұрсынов: «Тілдің міндеті –ақылдың аңдауын аңдағанша,қиялдың меңзеуін меңзегенше,көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Айта білетін адам табылса,тіл пайдалануға әрқашан жарайды.Тек айта білетін адам табылуы қиын»,-деген.

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде.Білім бере отырып,тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мқсаты екені анық.Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі,оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді,сауатты,өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін,мәдениетті тұлға.



Сыни ойлау-ашық қоғам негізі.Сыни ойлау деген-әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәслені ойлап,зерттеп қорытып,өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау,өзіндік,жеке ойлау болып табылады.Ол-өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу,шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау,әр мәселеге байланысты жеке пікірін айту,оны дәлелдей алу,басқалардың пікірін дәлірек қарастыруды,сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ-ол әрқашан диалог,іздене,дайындала ,шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет