Әдебиеттік оқу сабағында халық ауыз әдебиетінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы



Дата11.01.2017
өлшемі38,5 Kb.
#6623
Павлодар қаласының № 29 жалпы орта білім беру мектебі
Ақжайық Мағытайқызы

Балажанова

Бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу сабағында халық ауыз әдебиетінің жеке

тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы

Баланың қызығушылығын арттырмай ,оның сабаққа деген ынтасы мен құмарлығын оята алмайсың.Оқушының сабақ барысындағы жемісті еңбегі сол сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.Егер оқушынықызығушылығымен шығармашылығы жоғары болса,білімге деген құштарлығыда арта түседі.

Оқушының оқу пәніне деген ынтасын тек оқулықтың мазмұнымен қызықтыра алмайсың.Сол үшін қосымша әдіс-тәсілдермен,көрнекі-құралдар керек.Солар арқылы оқушыны білім алуға деген ой,пікірлерге жетелей аламыз.

Астындағы қарама-қайшылықтарды шешуі:

- Оқулықтағы берілген материалдың мазмұнынан оқушылардың таным қызығушылықтарының жоғары болуы.

- Әр оқушының таным, қызығушылығын арттыру, адамгершілік тәрбиесіндегі орта мен қарым – қатынас, өмір құндылығы және сезім арқылы тәрбиелеуді қалыптастыруды алға қою.

- сабақта алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана алу мүмкіндіктерін қалыптастыру



Жаңашылдығы:

Сол себепті «Әдебиеттік оқу» пәніне арнап қосымша ретінде дидактикалық материалдар құралын жаздым. Дидактикалық құрал арқылы мұғалім негізгі базалық тақырыптар мазмұнын толық мағлұмат бере отырып кеңінен ашып, қосымша жұмыстар жасау арқылы пәнді оқуға оқушылардың бойында құштарлықты оятып, олардың танымдық білімдерін толықтыруға жағдай жасауға көмектеседі. Оның тапсырмалары оқушының мүмкіндігіне негізделген. Әртүрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушы ән сазын ойлап айтады, жаңылтпашты өзінше құрастырады, өлең шумағын аяқтайды, тірек сөздер арқылы мәтінді алғашқы ой негізінде жетілдіреді, сурет бойынша әңгіме құрастырып, мәтінге ұқсас туынды, немесе, кейіпкерлер ойлап табады. Кері оқу арқылы өзіндік тапсырмалар орындайды.



Тәжірибенің өзектілігі:

  • өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдарын барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

  • жан – жақты жаһанданудағы бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің ең басты міндеті бойында ұлттық құндылықты сақтаған, рухани бай, еркін ойлау қабілеті бар, адамгершілікті бойына дарытқан, бала болса да өз ісіне жауап бере алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

  • осы жаһандану заманында мұғалім заманмен қатар аяқ басып өз дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді.

  • сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отырады.

Тәжірибенің жетекші идеясы:

Жоғарыда айтылып өткендей «Әдебиеттік оқу» бастауыш сыныпта өте қажет пән. Бастауыш сынып оқушысының негізгі проблемасы сөздік қорының аз болуы немесе ана тілін жетік, сауатты толық меңгермеуі. Осындай жағдайда мұғалімнің негізгі міндеті әр түрлі әдіс-тәсілдермен тапсырмаларды жиі қолдана отырып, оқушылармен топтық, жұп және жеке дара жұмыстар жүргізу.

Ал ол үшін жаңа деректер мен ақпарат көздері керек. Менің ұсынып отырған тәжірибем әдебиеттік оқу оқулығымен тығыз айланысты, сондықтанда оны көмекші құрал ретінде пайдаланып отырмын.
Тәжірибенің ауқымы.

Ұсынылып отырған тәжірибенің қолданылатын ауқымы сабақта және сабақтан

тыс уақыттада, оқушылар үй тапсырмасын орындаған кезде немесе ата-аналарымен дайындық кезеңінде,немесе пән аралық байланыс ретінде көмекші құрал орнына қолдана алады.

Тәжірибенің нәтижелілігі:

Осы дидактикалық көмекші құралдың көмегімен сыныпта оқушыларман өтілген тақырыпты пысықтап,талдап ,бекіткен кезде көптеген жемісті жұмыстар атқарамыз.

Оқушылар топта да ,жұппен де, жеке – дара жұмыстарды қызығушылықпен орындайды. Ата-аналарға да үй тапсырмаларын орындаған уақытта өте қолайлы.

Үйінде кітапханасы (көркем әдебиеті) немесе интернеті жоқ оқушы мен ата-аналарға дерек көзі болатын көмекші құрал.



- Өз сабақтарымда әдістемелік құралды қолдану арқылы байқағаным:

- Оқушылардың «Әдебиеттік оқу» сабағына деген қызығушылықтары артады.

- Тез,шапшаң,жылдам ойлау,тапсырманы уаытында бітіруді игереді.

- Шығармашылық шабыттары оянып, логикалық,қияли ойлау қабілеттері қалыптасады.



Қорытынды:

Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың біріне саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды адам мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді. Бұл оқушылардың ақыл-ойын дамыту мәселесін шешудің бір жолы деп білемін

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет