Әдісі: Сұрақ жауап, әңгімелесу



Дата19.12.2016
өлшемі94,57 Kb.
#4236
Сабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі. 1 – сынып. Дүниетану пәні

Сабақтың мақсаты: Құстар және олардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы, көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, құстарды қорғап, қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Көрнекілігі: Құстардың суреті.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Білімді боп топты жару,

Білікті боп өмірге ену.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі.

3. Жаңа сабақ.

-Балалар, біз жабайы аңдардың көктемгі тіршілігімен таныс болдық. Осы аңдар қандай табиғатқа жатады?

-Тірі табиғатқа жатады.

- Тірі табиғатқа сонымен тағы да басқа нелер жатады? (Интерактивті тақта арқылы сызбаға түсіреді).

-Дұрыс айтасыңдар, олай болса біз бүгін «Құстардың көктемгі тіршілігімен» танысатын боламыз.

Жағдаят шешу.

Табиғатта құстар болмаса, құстар түгел жойылып кетсе, өсімдіктердің күйі не болар еді?

Жұмбақ жасыру арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу.

1топ. «Бұлбұл» тобы

2 топ. «Аққу» тобы

Көктемде ұшып келетін

Жаз бойы ән салатын

Бұл қай құс? (бұлбұл)

Садақша мойнын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп.

Жүзгенде көлдің сәні де

Жердегі құстың серкесі. (аққу)

Сұрақтарға жауап беру.

– Табиғатта құстар болмаса, құстар түгел жойылып кетсе, өсімдіктердің күні не болады?

- Біздің өлкеден ұшып кеткен құстар қалай аталады?

- Жыл құстары деп аталады?

- Олар қай кезде елімізге қайтып оралады?

2. Кіріспе әңгіме.

Көктемде күн жерді жылытып, топырақ жібіп, жәндіктер оянады. Өсімдіктер өсіп, гүл ашады, ал олар жәндіктер үшін азық. Сондықтан жәндіктер күн сайын көбейе береді. Жылы жақтан құстар қайтып оралады. Оларға жәндіктер, өсімдіктердің жемісі мен тұқымы жеткілікті азық болады.

Құстар жыл сайын ұя салады және ескілерін жөндейді. Ұяға жұмыртқа салып, жұмыртқадан балапан шығарады. Құстар балапандарын құрт, жәндіктермен қоректендіреді. Сөйтіп, олар көптеген зиянды жәндіктерді жояды.

Оқулықпен жұмыс.

А) Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқыту.

Ә) Оқылған мәтін бойынша әңгіме жүргізу. Құстардың суреттерін көрсетіп, олардың ішінен жыл құстарын тапқызу.

( Қарлығаш, үкі, қарға, бүркіт, аққу, сауысқан, қараторғай, т.б.)

-Осы құстар көктемде ұрпақ қамына кіріскенде олардың жаулары өте көп. Әсіресе, үлкен қауіп адамдардан келеді.

- Құстардың ұясын неге бұзуға болмайды?

- Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды?

- Құстарға ұя жасап береді.

«Дауысынан таны» ойыны. I топ.

Құстардың дауысы естіледі, ал оқушылар ол қай құс екенін айтады

Сәйкестендіру тесті. II топ.

Құстарды өз ұяларына сәйкестендіріп, сызық арқылы орналастырады.

«Ұсқынсыз үйрек» ертегісі еске түсіріледі:

Ұсқынсыз үйректі құстар қалай қарсы алды?

Үйректің түрі ұсқынсыз болғандықтан оны ешқандай құс маңына жолатпай қуды.

Ертегі қалай аяқталады?

«Үйрек» басынан қаншама қиындықтарды өткізіп, соңында керемет аққу құсқа айналады.

Дәптерге ертегінің мазмұны бойынша сурет салғызу.

4. Сабақты қорытындылау.

-Құстардың пайдасы қандай?

- Құстарды не үшін қорғау керек?

- «Құстар – біздің досымыз» деп неге айтамыз?

-Дұрыс айтасыңдар, құстардың пайдасы өте көп екен. Олар орман мен егінді қорғайды. Өсімдіктердің тұқымын басқа жерге тарату арқылы адамға көмектеседі. Сондықтан да «Құстар – біздің досымыз» деп айтады екенбіз.

Үйге тапсырма. «Құстардың көктемгі тіршілігі» тақырыбын оқу, құстарға байланысты тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер тауып, дәптерлеріне жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Құстардың көктемгі тіршілігі.


Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы, емдік қасиеттері туралы меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін арттыру.
3) Тәрбиелік: Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд,«Құстар әлемі» бейнелі суреттер, жануарлар суреті бар буклет.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ойын түрлері, кубизм, венн диаграммасы, семантикалық карта, мәнерлеп оқып, сипаттау, салыстыру, топтастыру. (СТО), 5 жолды өлең, ақпараттық технология.
Типі: Жаңа сабақ.
Пәндік байланыс: Тіл дамыту, биология, көркем әдебиет, қазақ тілі, музыка.
Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық.
1. Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Әрдайым көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Табиғаттай әдемі бол!
III. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мағынаны тану: Кубизм әдісі.
А) Сыныпты 3 топқа бөлу.
Б) Үй тапсырмасын «семантикалық карта» бойынша сұрау, сипаттау, салыстыру.
- Үйге не берілді?
«Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі»
Слайд №1.
1 - топ: Сипаттайды, анықтама береді.
2 - топ: Салыстырады, айырмашылығын, ұқсастығын, ерекшелігін айтады.
3 - топ: Пайдасын айту.
Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі:
Жыл мезгілі. Табиғаты. Қар ериді. Жер құрғайды Оянады. Балалайды. Көбейеді
Көктем
Наурыз
Сәуір
Мамыр
2 - топ салыстыру: Барлығы омыртқалы жануарлар, аяқтары төртеу, жабайы аңдар, өз беттерімен тіршілік жасайды, балаларын өздері туады, сүтпен емізеді.
Айырмашылықтары: Тұқымдары әр түрлі, әр түрлі тіршілік етеді, жемдерін өзі түрлі тәсілмен тауып жейді.
Пайдасы: Аңдар табиғатпен бірге байланысты. Құстар, аңдар болмаса табиғат құриды, аңдарды атуға болмайды. Табиғат құрыса адамға өте қауіпті.
Қоян, кірпі, аю туралы айту.
IV. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Қызығушылықтарын ояту. «Ойға шабуыл» Слайд №2
А) Жұмбақтар шешу. Б) Өзі сақ, өзі ұсақ,
Жер көкті кезіп, Шықылықтап тұрмайды.
Тамағын табады. Құйрығы ұзын, өзі ала,
Үйіме үйін, Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Балшықтан соғады. Ол не? (Қарлығаш)
Ә) Құстың мекені? (Ұя)
В) Тоқ - тоқ етеді, Г) Көлдің көркі, сәні екен,
Ағашты ояды. Ұшқанда сазды ән екен.
Тауысып қояды, Адамдар қорғап сақтаған,
Қандай құс орман - емшісі?(Тоқылдақ) Қандай құс - киелі құс?(Аққу)
Д) Қазақ халқы қандай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт.)

1 - топ: Аққулар.


2 - топ: Қарлығаштар. Сөзжұмбақтар шешу.
3 - топ: Қараторғайлар.
Слайд №3.
Қ А Р Л Ы Ғ А Ш
Ұ Я
С А У Ы С Қ А Н
Т О Қ Ы Л Д А Қ
А Қ Қ У
Б Ү Р К І Т

V. Жаңа сабақ: «Мағынаны ашу»


Осы құстардың өміріне қысқаша мінездеме беріп өтейік, ортаға ойымызды салайық. 3топ оқып немесе білгендерін айтады.
1 - топ: Аққулар.
2 - топ: Қарлығаштар. Туралы сипаттама береді.
3 - топ: Қараторғайлар
Мұғалім сөзі: Қыран құсы туралы не білеміз? Қыран қандай құс?
Қайда бейнеленген? Еліміздің рәміздерінде. Туымыздағы бүркіт бейнесі – тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған, қазақ елінің қыраны, еркіндік алған қайратты құс.
VI. Оқулықпен жұмыс.(Сабақты бекіту)
1. Оқушылар 1 - топ дауыстап оқу.
2. Оқушылар2 - топ сипаттаманы толықтыру, ерекшелігін айту.
3. Оқушылар 3 - топ1 - топтың сұрағына жауап беру.(Пайдасын айту)
Келесі кезең: Слайд бойынша.
1 - топ: «Халық болжамдарын айту»
 Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
 Торғай терезеге қонса, күн суытады.
 Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
 Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылы болады; Аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады.
 Торғай ерте су ішсе, көктем ерте шығады.
Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық,
Біз құстарша самғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық!
Слайд №4.
2 - топ: «Өз ұясына қондыр» ойыны. Әр құсты өз ұясына қондыру керек.
Слайд №5.
3 - топ: Ойын: «Қараторғайдың ұясын жасайық»
Шығармашылық жұмыс:
Слайд №6.
1. Құстардың үнін тыңдайық. (Сергіту сәті).
2. Осы әдемі сазды үнді тыңдай отырып, 5 жолды өлең, мәтін, сөйлем құрастырайық.
Слайд №7.
Құстар қанатты
досымыз орнатты
адамға ұясын
пайдалы құстардың
тосамыз аялап
көктемде табиғатты
асыға қорғаймыз
Слайд №8. Венн диаграммасы.
VII. Сабақты қорытындылау.
Жабайы құстар Үй құстары

1. Жерде, құрлықта, көкте өмір сүреді. 1. Екі аяқты. 1. Қолда күтіледі.


2. Өз бетімен тіршілік етеді. 2. Қанаттары бар. 2. Алысқа ұшпайды.
3. Далада мекен етеді. 3. Балапан басады. 3. Үйде мекендейді.
4. Пайда келтіреді.
5. Көбейеді

 Бүгінгі тақырып қалай аталады?


 Бүгін сабақта не істедік?
 Қандай құстар жыл құстары, жабайы құстарға қандай құстар жатады?
 Құстарды қалай қорғаймыз?
 Қалай көмек береміз?
VIII. Үйге тапсырма беру.
1 - топ: Шығарма шағын мәтін құрастыру. «Менің қанатты достарым»
2 - топ: Сурет салып әкелу, ұя салу.(Үй маңына, ағаш)
3 - топ: Туралы сипаттама береді.
IX. Бағалау. Әр топты бағалау.
X. Қоштасу. «Құстар қайтқанда» әнімен.

Кері қайту

Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі


Сабақтың мақсаты:

а)білімділігі: Көктемдегі жабайы аңдар тіршілігінің өзгерісін түсіндіру.

Жануарлар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырып

мазмұнын меңгерту.

ә)тәрбиелілігі:Оқушыларға жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Жабайы аңдар

тіршілігінде болған өлі табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы

оқушылардың дүниетаным қалыптастыру.

б)дамытушылығы

Тапсырманы орындау барысында сыни тұрғысынан ойлау қабілетін

дамыту.


Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жануарлардың суреттері.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Жер байлығы көп екен

Меңгеруді қалайды

Осының бәрін білдірген

Дүниетану сабағы

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Көктемде қайтіп келетін құстарды қалай атайды?

2. Құстардың көктемгі тіршілігі туралы не білесің?

III. Өткенді бекіту

1) -Табиғат дегеніміз не?

-Ол нешеге бөлінеді?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Дала құстарын ата?

-Үй құстарын ата?

-Олардың пайдасы қандай?

2. (Мазмұнын сұрау, 1-2 оқушыдан)

3. Жұмбақ шешу

Бес қаруы- белінде

Самғап жүрер көгінде

Бүркіт


Екі айыр құйрығы

Қияқ мұрт қанаты

Мойыны сұрақ белгісі

Бұл қандай көл құсы

(Аққу)

Құстардың ерекшелігі



Ең ірі құс –

Ең әдемі құс-

Орман емшсі-

Бейбітшілік құсы-

III. Жаңа сабақ

Жұмбақтар шешу

Алқызыл жоны түрленген

Құйрығы шар үрленген

Далада жортып жалтақтап

Қулықпен күн көрген

(Түлкі)

Сылдырдан қорқады



Шалынып жортады

(Қоян)


Төрт аяқты бір басты

Жорғалайды жап –жақсы

Арқасында күймесі

Күйме толы инесі

(Кірпі)

Жануарлардың дыбыстарын тыңдату(үнтаспа арқылы тыңдату)



Слайд арқылы суреттер көрсету

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды салыстыру, оның ерекшеліктеріне тоқталу

1. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын ата?

2. Олардың ұқсастықтары неде?

Оқулықпен жұмыс

а)Мәтінді оқу

ә)Тізбектей оқу

Сұрақ -жауап

1. Аю баласын қай кезде туады?

2. Қоянның баласы қандай болып туылады?

3. Қоянның балаларын күтуде басқа аңдардан қандай айырмасы бар?

4. Тиіннің балалары қандай болып туылады?

5. Қонжық деп қандай аңның баласын атайды

6. Жаутан қандай аңның баласы

Сергіту сәті

Қоян шықты далаға

Жан –жағына қарады

Жүгірді, секірді, орнына отырды

Дәптермен жұмыс

Жабайы аңдардың балаларының суретін салу

«Өз орныңды тап» ойыны

Мұғалім тақтаға жануарлардың суреттерін іледі, оқушылар оларды топқа бөледі.

(Үй жануары мен жабайы жануар)

Жабайы жануарға сипаттама беру.

Ой толғаныс

Сен қалай ойлайсың жануарлар біз үшін неге керек?

Семантикалық картамен жұмыс
Аң Мал Құс Жорғалаушылар бунақденелілер

Көбелек


Түлкі

Сиыр


Жылан

Тоқылдақ

Аю

Ара
IV.Сабақты бекіту.



Жабайы аңдар балаларын қалай күтеді?

Аңдар балаларын тіршілік әрекетіне қалай үйретеді?


Аңдардың балалары қалай аталады?

Бағалау.


Мадақтау.
Каталог: 50764AA3B554D36E
50764AA3B554D36E -> Сабақтың мақсаты: Құстар және олардың көктемгі тіршілігі туралы мағұлмат беру. Сабақтың міндеті
50764AA3B554D36E -> Сабақ Қазақ тілі пәнінен Сабақтың тақырыбы: Етістік 2- сынып мұғалімі: Амержанова Асемгуль Бекжановна жасыл ауылының негізгі мектебі сабақтың мақсаты
50764AA3B554D36E -> Xviii-xix ғасырлардағыҚазақстандағы ұлт-азаттық сипатта болған көтерілістер жайында оқушылардың білімдерін пысықтау
50764AA3B554D36E -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Еуразия материгінің климат ерекшеліктерімен таныстыру
50764AA3B554D36E -> Оқушыларға тең әрекетті күш,бір түзудің бойымен
50764AA3B554D36E -> Оқушыларға тең әрекетті күш,бір түзудің бойымен


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет