Әдіскер: «Балапан» II кіші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы



Дата25.12.2016
өлшемі260,3 Kb.
#4668
Келісілді:

Әдіскер:

«Балапан» II кіші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: Құлыншық(жануарлардың суреттері бойынша әңгіме құрастыру).

Мақсаты :

Білімділік: Тәрбиешінің көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауды үйрету (бота, ботақандар, құлыншақ, құлыншақтар т.б.).

Дамытушылық: Сұрақ-жауап арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелілік: Үй жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: «Үй жануарлары» ойынын ойнату.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Үй жануарлары туралы түсінік бере отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша сұрақ-жауап, үй жануарларының суреттерін көрсету

Қолданылатын көрнекі құралдар: 7 демонстарациялық материал (үй жануарлардың төлдерімен суреттері), 7 үлестірмелі материал (үй жануарлардың төлдерімен суреттері, оларды төлдерімен сәйкестендіру).

Сөздік жұмыс: Үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, құлыншақ, сиыр,бұзау.

Билингвальды компонент: Үй жануарлары домашние животные, түйе верблюд, жылқы лошадь, құлыншақ жеребенок.


Іс - әрекет деңгейлері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс -әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы


- Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік.

Еліміз аман болсын!

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Балабақшамыз гүлдене берсін!



Қол ұстасып тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.



Іздену ұйымдастырушы

Мен балаларға І. Жансүгіровтің өлеңін оқып, сұрақ қоямын:

- Шөре, шөре лағым

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың,-деп нені айтамыз?-
Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

Неге үй жануарлары деп атаймыз?

- Қолда ұстайтын, адам күтіп-бағатын жануарларды «үй жануарлары» деп атайды.

Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні, терісі-киім. Естеріңе түсіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз?

-Иә, дұрыс. Лақ, қозыны еркелететін, қозыны қошақан, ботаны ботақан, құлынды құлыншақ деп атаймыз.

-Мына жылқы үлкен, құлын кішкентай. Құлын енесімен жарысып шапқылап барады. Төлдің анасын ене деп атайды.
-Мынау ешкі. Қасындағы төлі лақ.
Билингвальды компонент: Үй жануарлары домашние животные, түйе верблюжонок, жылқы лошадь, құлыншақ жеребенок.

Сергіту сәті:

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

(І. Жансүгіров)

7үлестірмелі материалмен жұмыс.



«Төлдерін тап?» ойынын ойнату.

Ойынның шарты: суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үй жануарларын төлдерімен қайталату.


Өлеңді мұқият тыңдайды.


- Лақты.

Үй жануарларын атайды.
Менің көмегіммен сұрақтарға жауап береді.
- Жылқы үлкен, құлын кішкентай.

- Сиыр үлкен, бұзау кішкентай.

-Түйе үлкен, бота кішкентай.
Үй жануарлары домашние животные, түйе верблюжонок, жылқы лошадь, құлыншақ жеребенок сөздерін қайталайды.


Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.


Балалар суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін тауып, сызықпен қосады.

Рефлексивті коррекциялаушы

- Қандай үй жануарларын білесіңдер?

- Малдардың төлдерін қалай айтамыз?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.


Балалар сұраққа толық жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білді : Суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін сызықпен қосуды;

Қалыптасқан түсініктер: Үй жануарларын және олардың төлдері туралы мәліметті;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дыбыстарды дұрыс айта білуді.

Келісілді:

Әдіскер:

«Балапан» II кіші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау).

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету.

Дамытушылық:«Қ» дыбысы кездесетін

сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» ыбысының айтылуын меңгерту.

Тәрбиелілік:Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: қандай ертегі білетіндері туралы әңгімелесу.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін түсіндіру, сомдау әдісін көрсету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: № 24 демонстрациялық материал (ертегі кейіпкерлерінің суреті).

Сөздік жұмысы:бауырсақ, қасқыр, қоян, аю, түлкі.

Билингвальды компонент: бауырсақ-баурсак, қасқыр-волк, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса.


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Шаттық шеңбер:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!


Балалар бірге қайталайды.

Ұйымдастырушы

лық- ізденістік



Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар, үйлеріңде аналарың бауырсақ пісіре ме?

Бауырсақтың дәмі қандай?

Оның түсі қандай?

Бүгін біз бауырсақ туралы ертегі тыңдаймыз.

24 демонстрациялық материал



Бүгінгі тыңдаййтын ертегіміздің аты- «Бауырсақ». Мен ертегінің мазмұнын мәнерлеп айтып беремін.

Ертеде кімдер өмір сүріпті?

Шал кемпірге не дейді?

Пісірген бауырсағы қандай болыпты?

Бауырсақ не істейді? (Бауырсақтың орманға дөңгеленіп бара жатқанын көрсету).

Бауырсақ қайда дөңгелеп бара жатыр?

Бауырсақ қандай жануармен кездеседі?

Балалар, қоян қандай болады?

Қоянға бауырсақ не деп ән салады?

Менің атым- Бауырсақ,

Мені суға иледі,

Мені майға пісірді.

Терезенің алдына

Суытуға қойды.

Атадан мен құтылдым,

Әжейден мен құтылдым.

Енді сенен құтылу,

Қиын емес бұл маған- дейді де әрі қарай домалай жөнеледі.

Бауырсаққа тағы қандай аң кездеседі?

Балалар, қасқыр қандай болады?

Қасқырға қандай ән айтып береді?
Содан кейін қайсы аң кездеседі?

Балалар, аю қандай?

Аюға қандай ән айтып береді?

Содан кейін қайсы аң кездеседі?

Балалар, түлкі қандай болады?

Түлкіге қандай ән айтып береді?

Одан кейін не болады?

Түлкі қулығын асырып, бауырсақты жеп қояды.
Мен балаларға жаңа сөздерді қайталатамын: бауырсақ-колобок қасқыр-волк, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса.
Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Мен балаларға «Бауырсақ» ертегісін сахналауға жетекшілік етемін. («Қ» дыбысының анық айтылуына мән береді).

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ертегі мазмұнын сұрау.


Амандасады.
Пісіреді

Дәмді

Сары, қызғылт Тыңдайды.

Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Шал мен кемпір

«Бауырсақ пісір» дейді

Дәмді, қызғылт сары.
Орманға дөңгелеп кетеді.

Қоянмен кездеседі

Қоян қорқақ, кішкентай.


Қасқыр

Түсі сұр, тістері сояудай.

Балалар хормен Бауырсақтың әнін айтады.

Аю

Үлкен, маймақ.

Қорбаңдап жүреді. Бауырсақтың әнін хормен айтады.

Түлкі

Түлкі қу болады. Бауысақтың әнін қайталайды.


Балалар қайталайды: : бауырсақ-баурсак, қасқыр-волк, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса.

Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.


Балалар рөлдерге бөлініп ойнайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Балалар, бүгін біз қандай ертегі тыңдадық?

Ертегіде қандай жануарлар бар екен?

Түлкі қандай болып шықты?

Балаларды мадақтау.


Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білді: ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін;

Қандай түсініктерді игерді: ертегінің мазмұнын түсініп, әр кейіпкерді соммдауға (сахналауға) арналған тапсырманы;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «қ» дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді дұрыс айта білу іскерліктерін.

Келісілді:

Әдіскер:

«Балапан» II кіші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекет түрі: Құрастыру

Тақырыбы: Инеліктер.

Мақсаты:

Білімділік:инеліктің дене бөліктерін табиғи материалдардан дұрыс құрастыра

білуге үйрету.

Дамытушылық:Жан – жануарлар әлеміне деген қызығушылыққа

баулу.

Тәрбиелілік: ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыс:Инелік туралы әңгімелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: инеліктің әр дене бөлігіне қай затты қолданатынын және заттың атауын айта отырып,өзара айырмашылығын байқайды,құрастырудың әдіс- тәсілдерін түсіндіру.

Қажетті құрал – жабдықтар:ағаш жапырақтары,ермексаз,үлгі суреттер.

Билингвальды компонент: ойнамақ боп,тікұшақ,үйеңкі ағашының жапырағы.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ертеңгілік шеңбер. «Жылы лебіздер»

-Күніміз жарық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Елімізде тыныштық болсын!

-Бақшамыз жайнай берсін!

-Ата-анамыз аман болсын!

-Нанымыз көп болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Әрқашан күн сөнбесін!

-Балалар,айтқан тілектерін қабыл болсын!
Ойнамақ боп еркелеп,

Әдейілеп,ерте көп.

Гүлге қонды қалықтап,

Кіп- кішкентай тік ұшақ.

  • Ол не екен?

  • Дұрыс айтасыңдар,ал инеліктің не екенін кім айтады?

  • Көктемде қаншама жәндіктер пайда болады (ойыншықтар немесе иллюстрациялар көрсетіледі).Бірақ жәндіктердің барлығы бірдей ояна қоймайды.Кейбірі әлі ұйқыда жатыр.Бүгін біз инелікті құрастырамыз.



  • Инелік –жәндіктерге жатады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Инеліктің суретін қарау.Балалардың өзіндік жұмысы.Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел үстінде орындайды. Жәндіктер туралы не айтуға болады?Олар қандай?


  • Олар несімен ұқсас?




  • Олардың айырмашылықтарын атаңдар.




  • Инелік туралы не айтуға болады?




  • Инеліктің денесін жасау үшін қандай затты қолданамыз?


Дұрыс, ал осы таяқшаға үйеңкі ағашының жапырақшасын ермексаз арқылы денесіне біріктіреміз;

  • Басы қандай болады,мұрты бола ма?



Сергіту сәті

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз

Жаттығуда сергіп қаламыз

1,2,3 жоғары қолды созамыз

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Көлемі,өңі,қозғалыс-ы жағынан әртүрлі,кейбірі ұша алады.
Денесі,басы,аяғы,мұрты,көздері бар.





  • Инеліктің денесі жіңішке,оған жіңішке таяқшаны аламыз;Инеліктің денесіне ермексазбен қанаттарын біріктіреді.




  • Инеліктің басы үлкен,сонымен қатар көздері де үлкен болады,басын жасау үшін қоңыр ермексазды,ал көзін жасауға қара ермексазды қолданамыз.

Инеліктің мұрты болмайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Көрме ұйымдастырылып жақсы жасалғанын жұмыс мадақталынады.

Балалар өздерінің инеліктері туралы айтып отырады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білді: қарастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай білу іскерліктерін.

Қалыптасқан түсініктер: инеліктің әр дене бөлігіне қай затты қолданатынын және заттың атауын айта отырып,өзара айырмашылығын байқайды,құрастырудың әдіс- тәсілдерін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жәндіктер туралы білімдері бекітіледі,инеліктің днен бөліктерін жасауды;


Келісілді:

Әдіскер:

«Балапан» II кіші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Тақырыбы: «Биік-аласа. Сол жақта-оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру».

Мақсаты :

Білімділік: Балаларды таңертең-тәулік бөлігімен таныстыру.,осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану.

Дамытушылық: Балалардың қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.

Тәрбиелілік: Балаларды шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ойындар ойнату.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: қағаз бетінде бағдарлай білуді:сол жақ-оң жақ,биік-аласа ұғымдарын түсіндіру,дайын пішіндерді орнына жапсыруды үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үйшікке арналған үшбұрышты шатыр,көк және қызыл түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:

Қостілдік компоненті:биік-высокий,аласа-низкий,үшбұрыш-треугольник.


Әрекет кезеңдер

Тәрбиешінің іс әрекеті

Баланың іс әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы


Іздену ұйымдастырушы



Шаттық шеңбері.

Балалар шеңбер бойына тұрып,

Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

«Қара және салыстыр» ойыны.

Екі бала фланелеграфқа жақын келіп,одан 2 үйді өз еріктерімен таңдап алуларын сұрайды.

-Үйлер бірдей ме,жоқ әртүрлі ме?

-Дұрыс! Бір үй биік,ал басқа үй аласа.

-Бір-біріне арқаларыңмен тұрыңдар,қайсың биік,қайсың аласа екенін көреміз.Бірі екіншісінен биік екен. «Жолды көрсет»ойыны.Жұмыс дәптеріндегі 11-оқу іс-әрекеті
1-тапсырма.

Суреттен үшбұрышты затты табуды сұрайды.

-Суреттегі қай заттың пішіні үшбұрышты?

Шатыры үшбұрышты биік үйде Айбек,ал шатыры үшбұрышты аласа үйде Айсұлу есімді қыз бала тұратынын айтады.-Айбек қандай үйде тұрады?

-Айсұлу қандай үйде тұрады?

Айсұлудан аласа үйге дейін,ал Айбектен биік үйге дейін жол салуларын ұсынады.
Сөздікпен жұмыс:биік,аласа,үшбұрыш.

Билингвальді компонент:биік-высокий,аласа-низкий,үшбұрыш-треугольник.
«Дұрыстап боя»ойыны.

(11-оқу іс-әрекеті,2-тапсырма)

Үйшікте қоян,бақылдауық бақа тұрады,қасқыр,түлкі,жертесер

тышқан тұрды,Тек аю оған сыймай қалды.Үйшікке ол кіремін деп қиратты.Бұл қай ертегіден?Қараңдаршы,ертегі кейіпкерлері не істеп жатыр?-Дұрыс айтасыңдар,аңдар бәрі бірге тұратын және оған аю да сыятын жаңа үлкен үйшік тұрғызып жатыр.

-Қай кейіпкер оң жаққа қарай кетіп бара жатыр?

-Қай кейіпкер сол жаққа қарай кетіп бара жатыр?

-Кейіпкерлер нені көтеріп бара жатыр?

-Оларға тақтайшалар не үшін керек?
«Менің отбасым» Саусақтарымызды жаттықтырамыз.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Атам,әжем,әкем,

Шешем және мен.

Алақай!

Біз бесеуміз!
«Үйдің шатырын жапсыр»ойыны.

(11-оқу іс-әрекеті,жапсырмамен

жұмыс)


Балалар шеңбер бойына тұрып, жақсы сөздер айтады.

Қызығушылық танытады.

Үйлерді таңдап алады.

Салыстырып,жауап береді.

Өзін көршісімен салыстырады.


Балалар суреттен үшбұрышты заттарды іздейді.Балалар берілген тапсырманы орындайды.Жауап береді.

-Үйдің шатыры.
Биік үйде.
Аласа үйде.

Балалар жол салады.


Балалар қайталайды.

Қоян,түлкі,қасқыр оң жақта.

Аю,бақа,тышқан сол жақта.

Жаңа үйшік тұрғызу үшін.


Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды.

Рефлексивті коррекциялаушы


Кейіпкерлердің үйшігінің шатырын жабуға көмектесулерін сұрайды.Суреттегі шатыры жоқ үйшікке назарларын аударады.

Балалар үйшікке не жетпей тұр?

Үйшіктің шатыры қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?Шатырын жабуға көмектесеміз бе?Жарайсыңдар балалар!


Балалар қойған сұрақтарға толық жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білді : биік-аласа ұғымдарын.

Қалыптасқан түсініктер: қағаз бетінде бағдарлай білуді:сол жақ-оң жақ.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дайын пішіндерді орнына жапсыруды
Келісілді:

Әдіскер:

«Балапан» II кіші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: 8 Наурыз –аналар мерекесі.

Мақсаты:

Білімділік:Халықаралық мереке- 8 Наурыз мерекесімен таныстыру.

Дамытушылық:Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру.

Тәрбиелік:Әдепті болуға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Қолданылатын көрнекі құралдар: 8Наурызға арналған тақырыптық суреттер, мамандықтар бейнеленген суреттер, торғайдың суреті.

Сөздік жұмыс: қолы шебер.

Билингвальды компонент: мереке- праздник, ана- мама, сыйлық- подарок.


Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотмвациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Бүгін күнімізді бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.

-Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Армысыз, мейірімді жер Ана!

Армысыз, шұғылалы алтын Күн!

Қуан, шаттан, алақай!

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Бәріміз күндей жарқырайық!-



Балалар тілек шеңберіне тұрып, бірге қайталады.
Балалар сабаққа жақсы көңіл күймен назар аударды.





Біздің топқа торғай ұшып кірді, тұмсығында хат бар сияқты. Бұл хатта не жазылғаны туралы торғай білмейді, торғайға көмектесеміз бе?
Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен, құрметті аналар!

1.Білімді өзектендіру.

-Қандай мереке

жақындап келе жатыр?

-Торғайға осы мереке жайлы толығырақ айтып берейік.

2.Әңгіме: «8 Наурыз».

Көктем –жыл мезгілі.

-Көктем түсе күн жылы шуағын шашады. Қар астынан қылтиып, жасыл шөп шығы бастайды. Жылы жаққа ұшып кеткен ұзақ, қараторғай сияқты құстар ұшып келеді.Міне, осы кезде алғашқы көктем мерекесі -8 Наурыз халықаралық әйелдер күні аталып өтіледі.

Бұл мереке мемлекеттік болып саналады, яғни бұл күні барлық адамдар демалады. Бұл кезде қыздарды, аналарды, әжелерді, апаларды өлең, тақпақ, гүл сыйлап құттықтау дәстүрге айналған.
3.«Мерекедегі фотосуреттер» ойыны.

Шарты: әртүрлі мерекелік фотосуреттер көрсетіледі, солардың ішінен 8 Наурызға байланысты суреттерді табады.
4.Билингвальды компонент: мереке- праздник, ана-мама, сыйлық-подарок.

5.Сергіту сәті.

-Барлықтарыңның аналарың өте жақсы адамдар, барлығы өз мамандықтары бойынша еңбектеніп, айналасындағыларға көмек береді.

-Кәне, торғайға аналарымыз бен әжелеріміздің мамандықтары жайлы айтып берейік.

6. «Анамның мамандығы» дидактикалық ойыны».

-Әйел адамның мамандықтары бейнеленген суреттерді таңдап, себетке салайық.

-Иә, балалар, кез келген ананың қолы шебер. Өйткені олар дәмді етіп ас та әзірлейді. Киім де тігеді, яғни қолдарынан бәрі келеді. Сондықтан «қолы алтын» дейді. «Шебердің қолы алтын» деген сөз бар. Ол біздің аналарға да арналады.

Қорытынды:

Көктемде қандай мереке бар?

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекет ұнадыма?


Қызығушылығын көрсетеді.

Тақпақты тыңдайды.

Сұрақтарыға жауап береді.
Мені мұқият тыңдап, әңгімеге қатысады.


«8 Наурыз» тақырыбында суреттерді тауып, өз ойын білдіреді.

Қайталайды.


Сергіту сәтін орындайды.

Аналар мен әжелердің мамандықтары жайлы айтып береді.Әйел адамның мамандықтары бейнеленген суреттерді таңдап алады.

Аналар мерекесі

Ия


Рефлексиялық- түзетушілік

Сұрақ- жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білді : әйел адамдардың мамандықтары қандай болатынын және олардың ер адамдардың мамандықтарынан ажырата алуға берілген тапсыманы.

Қалыптасқан түсініктер: 8 Наурыз- халықаралық әйелдер мерекесі екенін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.

Келісілді:

Әдіскер:

«Балапан» II кіші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Кімге не керек? (Дидактикалық ойын)

Мақсаты:

Білімділік:жалпы есімдерді қолдану арқылы (киім, балалар, ұл, қыз т.б.) 2-3 сөйлемнен

тұратын әңгіме құрастыруға жаттықтыру.

Дамытушылық:Зат есім мен сын есімді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруды жалғастыру.

Тәрбиелілік:Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Ұлдармен қыздар туралы әңгіме жүргізу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: қыз бен ұл балаға арналған киімдерді салыстырып, олардың ерекшеліктерін айта білу іскерліктерін түсіндіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: № 22 демонсстрациялық материал қыз бала мен ұлдың суреті), № 22 үлестірмелі материал (қыз бала мен ұлдың және олардың киімдернің суреттері).

Сөздік жұмысы: көйлек, жейде, бәтеңке, шалбар.

Билингвальды компонент: көйлек- платье, жейде- рубашка, бәтеңке- ботинки, шалбар- брюки.


Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Барлығымыз шеңбер құрып, бір-бірімізбен амандасамыз. Бәріміз бірге

Е. Өтетілеуұлының өлең жолын қайталаймыз.

Бақшамызға барғанда

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» деймін мен.




Балалар менімен бірге өлең жолдарын қайталайды.


Ұйымдастырушы лық-

ізденістік



22 демонстрациялық материалда берілген суретпен жұмыс.
Балалар, сендер кімді көріп тұрсыңдар?

Балалар не істеп жүр?

Айман бесікпен қуыршағын сүйреп жүр. Асқар машинамен ойнап жүр. Балалар өте көңілді.

Балалар өздерінің киімдерін жайлы айтамыз.

Ал енді тобымыздағы ұлдар және қыздармен танысамыз.

Біздің топта ұлдар бар ма екен? Ұлдарды бір-бірден шығарып, олардың аты-жөнін сұрау.
Билингвальды компонент: көйлек- платье, жейде- рубашка, бәтеңке- ботинки, шалбар- брюки.

Біздің топта қыздар бар ма екен?

(Қыздарды бір-бірден шығарып, олармен танысу, киген киімдерін айту).

Бір ұл бала мен қыз баланы кезектесе отырып шығарып, олардың киімдерін, шаштарын, аяқкиімдерін салыстырады.
Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп- кішкентай ағаштар,

Үп- үлкен болып өседі.
22 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Кімге не керек?» дидактикалық ойыны.

Шарты: ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, оларды сызықпен қосу.


Суретке қарайды, жауап береді.

Ұл бала және қыз бала.


Ойнап жүр.

Менің атым- Ерлан. Менің шалбарым бар, жейдем бар.
көйлек- платье, жейде- рубашка, бәтеңке- ботинки, шалбар- брюки.
Менің атым- Жанар.үстімде әдемі қызыл көйлегім бар.


Бірге қайталап, сәйкес қимылдар жасайды.


\

Балалар ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, оларды сызық арқылы сәйкестендіреді.


Рефлексиялық- +түзетушілік

Балалар, бүгін біз не туралы сөйлестік?

Ұл бала мен қыз баланың киімдерінің қандай айырмашылығы бар?

Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылаймын.

(Киім)
Бар

Балалардың жауабы. сабақта алған білімдерін пысықтайды.





Күтілетін нәтиже:

Нені білді: қыз бен ұл баланың киімін ажыратуға арналған тапсырманы;

Қандай түсініктерді игерді: зат есім және сын есімдерді байланыстырып, сөз тіркестерін қалай құрастыру керектігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қыз бен ұл балаға арналған киімдерді салыстырып, олардың ерекшеліктерін айта білу іскерліктерін.






Каталог: uploads -> doc -> 07fe
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07fe -> Сабақ жоспары Пән: геометрия Сынып: 9 Күні: 22. 09. 2016жыл Сабақтың тақырыбы
07fe -> Мерзiмі: №23 Тақырып: Іңкәр көңіл, нәзік сезім Құндылық
07fe -> Сабақ тақырыбы : 9 санының құрамы. Қайталау. Сабақ мақсаты : а Сандар қатарын қайталату, 9 санының құрамымен таныстыру
07fe -> «Мағжантану» үйірмесінің кешендік бағдарламасы
07fe -> Сабақтың тақырыбы: Музыка және бейнелеу өнеріндегі өнерпаз бейнесі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет