Әдістемелік кеңес Тақырыбы «Өз білімін жетілдіру – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың бір формасы» Мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі105,27 Kb.
#10191
Әдістемелік кеңес

Тақырыбы «Өз білімін жетілдіру – мұғалімнің кәсіби шеберлігін

арттырудың бір формасы»

Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне және оқушының білім- біліктілігін қалыптастыруда өз білімін арттыру тақырыбының тигізетін әсерін анықтау, іс-тәжірибесін зерделеу.

Қатысушылар саны: 43

Өткізілу тәртібі:

  1. Кіріспе

Аккентаева К.М. – ғылым жөніндегі директордың орынбасары

  1. Қазіргі білім берудегі құзыреттілік тәсіл

Алькеева З.А. – математика пәнінің мұғалімі

  1. Кәсіби тәжірибе – шеберлік шыңдау кепілі

Бекбасова Б.Ш. – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ибрайкина К.М. - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабиғанова С.А. – ағылшын тілі мұғалімі

Нургалиева С.Е. – ағылшын тілі мұғалімі

Ерхасова Қ.Б – химия пәнінің мұғалімі

Мұқанова Б.Қ. – математика пәнінің мұғалімі

Аманжолова С.Г. – бастауыш сынып мұғалімі

Баядилова Ә.Қ. – информатика пәнінің мұғалімі

Қорытынды ұсыныс.



Ибраева Б.Ш. - комиссия төрайымы:

І. Кіріспе

Аккентаева К.М. – ғылым жөніндегі

директордың орынбасары

Бүгінігі әдісмемелік кеңестің мақсаты мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне және оқушының білім- біліктілігін қалыптастыруда өз білімін арттыру тақырыбының тигізетін әсерін анықтау,

Мұғалім әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді.

Бұл іс- әрекет болжамы:


  • білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым таныстыру;

  • өз әріптестерінің әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену;

  • жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. танысу.

Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады.

Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз « басқаның көмегінсіз,өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби- әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған.



Өз білімін арттыру мұғалімнің тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер:

  • белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы;

  • кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу;

  • педкеңеске, мұғалімдердің пәндік секцияларына қатысу;

  • өз әріптестерінің сабағына қатысу, сабақты ұйымдастыру;

  • сабақты өткізу әдістемесі т.б. сұрақтар жөнінде пікір алмасу;

  • әртүрлі формадағы сабақтарды, сыныптан тыс іс- шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу.

Бүгінгі әдістемелік кеңесте өз білімін арттыру тақырыбы барысында 4 жыл зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетпен жұмыс істеген ұстаздардың тәжірибесі зерделеніп, ең жоғары бағаланған жұмысты облыс көлемінде таратуға ұсыныс жасалады.

Жұмыстарды бағалайтын комиссия мүшелері:

Ибраева Б.Ш. – тарих пәнінің мұғалімі

Алькеева З.А. – математика пәнінің мұғалімі

Мұханова Ү.К. – биология пәнінің мұғалімі.

Бұл ұстаздардың өз білімін арттыру тақырыбы бойынша іс- тәжірибелері облыс көлемінде таратылған.



ІІ. Қазіргі білім берудегі құзіреттілік тәсіл.

Алькеева З.Б. - математика

пәнінің мұғалімі

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне компетенттік тәсіл алу ұсынылып жүр.

Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды компетентік , яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттігі көрсетілген. «Білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда құзіреттілік (компетенция) ұғымы ерекше орын алады. Зерттеушілердің пікірі бойыеша құзіреттілік тек білімге ғана емес, біліктілікке /тендес болмағанымен/ көбірек сай келеді және адамның әртүрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды.

Құзіреттілік (компетенция) ұғымы «білім», « білік», «дағды», сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ң жай ғана жиыны емес. Компетенттік оқыту нәтижесін білім және білік ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс- әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін көрсетеді.

Құзіреттілік (компетенция) бұл алынған білімдер мен біліктерді іс жүзінде күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады.

Сонымен оқытудағы құзіреттілік тәсілбілім мазмұнын білім,білік, дағдыға, шығармашылық іс- әрекет тәсілдері мен эмоционалдық –құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді құзіреттіліктерді ажыратып алуды білдіреді. Бұл білім беру нәтижесі ретіндегі оқу сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде әдіс тәсілдерді жүзеге асыруды, мектепте оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Олай болса осы істің басында жүретін мұғалімдердің компетенттік деңгейі қандай болу керек?

Оқыту процесіндегі қазіргі көзқарасты ескере отырып, қазіргі мұғалімнің құзіреттілік /компетенттілік/ моделіне енетін мынадай элементтерді атауға болады.

1. Құндылық, принцип, мақсат.

2. Кәсіби сапа.

3. Негізгі құзіреттілік.

4. Педагогикалық әдіс, тәсіл, технология.

5. Кәсіби көзқарас.



1. Құндылық – оған идея мен пікір жатады. Мысалы: мынадай пікір болуы мүмкін...

– оқушының өз-өзімен болу бостандығы



- әр адам өзінің кемеліне жету қабілетіне ие болу.

- әр оқушының жете жеке дарындылығына әлеуметтік көмек көрсету.

- әр оқушының қабілеті, қызығушылығы мен мүмкіндіг дамуына сай

болуы.


  • адам өз қабілеті мен қызығушылығына сай оқиды және оны өзіне

пайдалы деп санайды.

  • түлек қазіргі қоғамда табысты болу үшін тиісті құзыреттіліктің негізгі

комплексін меңгеруі керек.

  • оқушының дамуына максималды деңгейде ықпал ететін салт- дәстүрге

қатыстыру.

2. Кәсіби сапа.

  • оқушыға тілектес қарым- қатынаста болу.

  • өз әріптесіңнен, оқушыңнан сынды дұрыс қабылдап, өз әрекетінде түзету енгізу болу керек.

А) қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайларға өз көзқарасы және

оқушымен өз әдіс тәсілімен бөлісе алу қабілеті.

Б) рефлексия мен сынға жоғары қабілеттің болуы.

В) оқытуда өз көзқарасы мен манерасының болуы, яғни көріксіз ой

көрсетпеу.


  • құндылығы, қабілеті, қызығушылығы бар басқа адамды түсіну.

  • талданатын барлық сұрақтар бойынша оқушының барлық ойына ашық болу.

  • өз ойын мен сезімінді оқушылармен бөлісе білу.

  • көрсету керек.

А) өз пәніне берілген.

Б) құзыреттілік тәртіп- білуге құмарлық, нәтижеге жауапкершілік, диолог

пен кооперацияға бірігі, бірлесу қабілеті.

В) нақты, түсінікті, икемді, бейнелі сөйлей білу.

Дамыту ортасын құру мұғалімнің базалық құзыреттілгіне бағытталған мұғалім әрекетінің әсері.


  • оқушының әртүрлі қабілетін дамытатын әрекет түрлерін енгізу.

  • ояту керек.

А) басқалармен салыстырғанда өз көзқарасының жоғары деңгейде

екендігін көрсету;

Б) ойлаудың басқа тәсілін қолданып көру;

В) шындыққа негізделген қиын мақсатты қоя білу;

Г) соңғы нәтижесінің қажеттілігін түсіне отырып топпен жұмыстың бір

бөлігін оқушыға істеуге үйрет;

Д) топтық жұмысқа өз ролі мен талқыланатын проблемаға қатысты өз

көзқарасын да анықтау;

З) белгілі критерий бойынша өз іс әрекетін бағалауды, оны іс жүзіне асыруды үйрет;

- жұмыс нәтижесін бағалау критериін толық түсіндіріп жеткіз.

- өздігінен істеген оқушының әрбір ісін мадақта

- оқушыға соңғы нәтиженің жауапкершілігін өзіне алуға мүмкіндік

бер.

3. Негізгі құзыреттілік.

Мұғалім өзі оқытып жатқан оқушы меңгеретін құзырлықты меңгеруі керек.

1. Өз оқушысымен бірге үйрену.

2. Оқушының өздігінен жұмыс істеу әрекетін ұйымдастыру және

жоспарлау.

3. Әр түрлі іс-әрекет түріне оқушыны ынталандыру.

4. Жоба жасауды меңгеру жобалап ойлауды. Топты ұйымдастыра білу

және топтың іс- әрекетін жобалауды басқару.

5. Оқу сабағында оқушылардың және өзінің әрекетіне рефлексия жасауды

іс жүзіне асыру.

6. Компьютерлік технологияны меңгеру және оқу процесінде қолдану.

7. Талқыланатын мәселе туралы оқушылар өз ойларын еркін айтатындай

атмосфера туғызып диалог не пікірталас түрінде өткізу.

8. Зерттеу жұмысын ұйымдастыра білу және оны басқару. Зерттеушілік

ойлауды меңгеру.

9. Оқушылармен түсініктеме жұмысын ұйымдастыру.

10. Оқушының өз жетістігін теңбе- тең бағалауға мүмкіндік туғызатын бағалау жүйесін қолдану және оны жетілдіру.

4. Педагогикалық әдіс, тәсіл, технология.

Мектептің негізгі міндеті оқушыға сын тұрғысынан ойлау мен оқуды

үйрету. Алға қойылған мақсатқа жету үшін көптеген әдіс, тәсіл мен

технологиялар қолданылады.

Оның ішінде:

А) жобалап зерттеу әдіс.

Б) диалог пен пікірталастың әртүрлі формасын ұйымдастыру, түсінікті

қалыптастыру әдісі мен сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Мұның бәрі негізінде оқытудағы жаңа тәсілді қамтиды, оны батыс педагогикасында «конструктивті дидактика» деп атаған.

5. Кәсіби көзқарас. Мұғалім өз көзқарасы бойынша оқушыға дамыта білім беру ортасын тудырады.:

Мұғалім:

А) іс- әрекетті ұйымдастырушы

Б) кеңесші

В) тютор


Г) рефлексияны ұйымдастырушы

З) сарапшы

Д) серіктес болу.

Заманауи сабақ құзіреттіліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің, не жетпейсің! Мектептің есігін мақсаттар педагогикасы мен құзіреттіліктер педагогикасы қағып тұр.

Әрине, басында мұғалім сахнадағы актер болу шеберлігінен, ал оқушылар оның көрермендері болу шеберлігінен бас тарту қиынға соғады. Мұғалім өзінің «бұлбұл әнін» мұғалімнің сиқырлы таяқшасы бойынша ән айтатын көп дауысты балалардың хорына өзгертуі керек. Құзіретті педагогика дегеніміз осы.

Мектеп қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды. Сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды.

Мұндай сабақтар әр оқушыға өзінің шығармашылық және интеллектуалды қасиетін барынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай сабақтардың нәтижелері тез көрінеді.

ІІІ. Кәсіби тәжірибе – шеберлік шыңдау кепілі

Бекбасова Б.Ш. – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ибрайкина К.М. - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабиғанова С.А. – ағылшын тілі мұғалімі

Нургалиева С.Е. – ағылшын тілі мұғалімі

Ерхасова Қ.Б – химия пәнінің мұғалімі

Мұқанова Б.Қ. – математика пәнінің мұғалімі

Аманжолова С.Г. – бастауыш сынып мұғалімі

Баядилова Ә.Қ. – информатика пәнінің мұғалімі

Ұстаздар өз біліктілігін арттыру тақырыбы барысында іс- тәжірибелерімен бөлісті.

«Өз білімін жетілдіру- мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың бір формасы» тақырыбындағы әдістемелік кеңес комиссия мүшелеріне

Сауалнама


  1. Кім сөйледі? Бекбасова Бахтула Шариповна



  1. Өз білімін арттырудағы тақырыбы:

Развитие интеллектуальных способностей младших школьников на уроках русского языка.

  1. Маңыздылығы: Оқу- тәрбие процесінде оқушының интелектуалдық қабілетінің және шығармашылығының дамуына қажет жаңа әдістерін ұйымдастыра білуі.

  2. Осы тақырып бойынша мұғалім оқушының пән бойынша қандай арнайы білімі мен біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызды?1) Оқушылардың есте сақтау , ойлау, сөйлеу т.б қабілеттерін анықтау, салыстыру. 2)Тиімді технология таңдау, әдістерді қолдану.

  3. Нәтижесі қандай? Мұғалім өз білімінің арттыру тақырыбының мақсаты мен міндетіне жетті ме?1) Білім сапасы артты. 2)Халықаралық интеллектуалдық «Русский медвежонек» байқауының оқушылар жүлдегерлері.

  4. Сіздің пікіріңіз, ескертуіңіз, ұсынысыңыз: Бахтула Шариповнаның іс- тәжірибесі облыс көлемінде таратуға ұсынылсын.

Күні 14 айы ақпан 2013ж

Сауалнаманы толтырғандар: Ибраева Б.Ш



Алькеева З.Б.

Муханова У.К.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет