Әдістемелік нұсқаулардың


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата13.08.2017
өлшемі349,39 Kb.
#23413
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі пәні бойынша


5В070800 «Мұнай-газ ісі» мамандығының студенттеріне арналған

Практикалық сабақтарға

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор ________Н.Э.Пфейфер


20__ж. «___»____________

Қ ұрастырушы: аға оқытушы Г.Қ.Тілеуберді ___________

Қазақ тілі кафедрасы


Қазақ тілі пәні бойынша

5В070800 «Мұнай-газ ісі» мамандығының студенттеріне арналған

Практикалық сабақтарға



әдістемелік нұсқау

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________, №__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ А.Ф. Зейнулина 20__ж. «____» ________

ФЖжӨ факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Е.Н. Жуманкулова 20__ж. «____» ________



МАҚҰЛДАНДЫ:

ФЖжӨ факультетінің бастығы ___________ Ж.Т.Сарбалаев 20__ж. «____» ________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



Практикалық сабақтардың мақсаты:

  • күнделікті өмірде қарым-қатынасқа, қатысымдық міндеттерді шешуге керекті сөйлеу үлгілерін үйрету;

  • негізгі әдеп ережелерін қолдана білуге дағдыландыру;

  • өз ойын білдіруге қажеттілікке (интенция) қатысты қарапайым синтаксистік конструкцияларды меңгерту;

  • салт-дәстүр туралы білімдерін тереңдету;

  • берілген мәлімет бойынша өз түсінік-пікірлерін айта білуге үйрету;

  • болашақ мамандықтары туралы түсініктерін кеңейту, сұрай, анықтай, хабарлай білуге жаттықтыру;

  • жұмысы жөнінде, өзі туралы мәлімет беруге, жарнама, хабарландыруларды оқи білуге, олардың қажеттісін іріктеп ала білуге үйрету;

  • кәсіби терминдермен жұмыс істеуге, сөздікпен, газет-журналмен жұмыс істей білуге, түсінігін айта білуге жаттықтыру;

  • ресми-іскерлік, әдеп ережелерін қолдана білуге үйрету;

  • ресми хабарлар мен жұмыс түрлері туралы (теледидар, радио тыңдау, газет-журнал оқу, әдебиеттер оқу) түсініктерін жаза білуге, айта білуге дағдыландыру;

  • ресми кездесуге, жиналыс, мәжілістерге қатысып, оларды өз бетімен жүргізе білуге үйрету.


Практикалық сабақтардың жоспары (90 сағат)
1.1-тақырып: Амандасу.

Сөздік минимум: Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Халіңіз қалай?

  • Шүкір, жақсы.

  • Кездескенше сау болыңыз!

  • Сау болыңыз!

1.2.-тақырып: Танысу.

Сөздік минимум: Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол.

Сөйлесім үлгілері:


  • Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім?

  • Менің атым – Гүлнәр.

  • Сіздің атыңыз кім?

  • Менің атым – Ержан.

  • Өте жақсы.

  • Танысқаныма қуаныштымын.

1.3-тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.

Сөздік минимум: Кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.

Сөйлесім үлгілері:


  • Кешіріңіз, кіруге бола ма?

  • Кіріңіз.

  • Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін.

  • Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз?

  • Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды?

  • Сағат 18-ден 5 минут кетті.

  • Сізбен әңгімелесуге бола ма?

  • Жоқ, уақытым жоқ.

  • Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.

2.1-тақырып: Өзім туралы.

Сөздік минимум: Ұлтым, туған жерім, туған жылым, жасым, дүниеге келдім, тудым, мектеп, балабақша, спортпен айналысу, сурет салу, ән шығару, өлең шығару, ән айту.

Сөйлесім үлгілері:


  • Кешіріңіз, сіз неше жастасыз?

  • Мен 18 жастамын.

  • Қай жерде тудыңыз?

  • Павлодар қаласында.

2.2-тақырып: Досым туралы.

Сөздік минимум: Менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіздің досыңыз кім?

  • Менің ең жақын досым – Болат.

  • Ол қандай адам?

  • Ол өте сабырлы, ақылды жігіт.



2.3-тақырып:Отбасы.

Сөздік минимум: Отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын.

Сөйлесім үлгілері:


  • Бұл кім?

  • Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын.

  • Ал анау ше?

  • Ол – менің ұлым, аты – Айсұлтан.

2.4-тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем).

Сөздік минимум: Біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қай көшеде тұрасыз?

  • Мен С. Торайғыров атындағы көшесінде, 25-үйде, 9-пәтерде тұрамын. Ал сіз ше?

  • Менің мекенжайым: Ломов көшесі, 125-үй, 27-пәтер.

3.1-тақырып: Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн.

Сөздік минимум: Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық, жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?

  • Маған көктем ұнайды.

3.2-тақырып: Сағат неше?

Сөздік минимум: Уақыт, сағат, минут, жарым, тура, дәл, кетті, қалды.

Сөйлесім үлгілері:


  • Кешіріңіз, сағат неше болды?

  • Айтайын, сағат 10-нан 20 минут кетті.

3.3-тақырып: Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс.

Сөздік минимум: Бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, таңертең, әдетте, ерте, кеш, ояну, тұру, музыка тыңдау, биге бару, спортпен айналысу, шахмат ойнау, тауға шығу.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз жұмысқа (сабаққа) нешеде барасыз?

  • Мен жұмысқа 8.00-де барамын.

  • Сіз демалыс күні не істейсіз?

  • Мен демалыс күні, әдетте, тауға шығамын.

3.4-тақырып: Мереке күндері.

Сөздік минимум: Мереке, мейрам, демалыс, серуендеу, қыдыру, концерт тамашалау, теледидар көру,қызықтау, құттықтау, шақыру, сыйлау, сыйлық.

Сөйлесім үлгілері:


  • Бүгін жұмыс күні ме?

  • Жоқ, бүгін мейрам емес пе?

  • Онда үйде отырмайық, концертке барайық.

  • Барсақ, барайық.

  • Жақсы, келістік.

3.5-тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.

Сөздік минимум: Туған күн, мерейтой, кездесу кеші, салтанатты жиын, тойға келу, шақыру, күту, құттықтау, рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу.

Сөйлесім үлгілері:


  1. - Мерекеңіз құтты болсын!

  • Рахмет, сізді де құттықтаймын!




  1. - Мейрамыңызбен!

- Құтты болсын!

  1. - Бүгін маған қонаққа келіңіздер.

- Жақсы, сағат нешеде?

  1. - Жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын.

- Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сәттілік тілеймін!

  • Рахмет. Айтқаныңыз келсін.

4.1-тақырып: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан (Сіздің сүйікті асыңыз. Сұхбат).

Сөздік минимум: Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті, сүйікті ас, ас әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл, тұзды, тұзсыз.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сізге ұлттық тағамнан не ұнайды?

  • Маған қазақша ет ұнайды.

  • Оны қалай әзірлейді?

  • Иә, өте оңай. Айтып берейін.

4.2-тақырып: Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

Сөздік минимум: Ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз, пияз, көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын, жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіздер ме, жоғарылатыңыздар!

  • Дастарқан мәзірін көруге бола ма?

  • Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар.

  • Рахмет. Бізге қуырылған еттен екеу, қияр салатынан біреу, және қызылша салатынан біреу, жеміс шырынынан екеу әкелсеңіз (әкеліңіз).

  • Жақсы.

  • Ас болсын, тағамдарыңыз дәмді болсын.

5.1-тақырып: Дене мүшелері (мәтін құру).

Сөздік минимум: Бас, көз құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек, кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ.

Сөйлесім үлгілері:


  • Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

  • Алдын ала сақтану керек.

  • Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба?

  • Әрине, баспен ойлайды, көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б.

5.2-тақырып: Емханада. Ауруханада (сұхбат құру).

Сөздік минимум: Емхана, кабинет, дәрігер, дәрі, қан қысымы, дене қызуы, емдеу, тексерілу, айығу, тәуір болу.

Сөйлесім үлгілері:


  • Қай жеріңіз ауырады?

  • Басым ауырады,

  • Тамаққа тәбетіңіз қалай?

  • Нашар (тәбетім жоқ).

  • Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма?

  • Білмей тұрмын, Өлшеп көрсеңіз қайтеді?

  • Өлшеп көрейін. Жоғары екен. Жатып емделетін болдыңыз.

6.1-тақырып: Менің туған ауылым (орналасқан жері, табиғаты).

Сөздік минимум: Туған жер, өлке, аудан, аймақ, облыс орталығы, жергілікті тұрғындар, үлкен көше, бұлақ, көл, сулы жер, тоғай, табиғат, әсем, әдемі, келбет, үй, тас үй, шым үй, көп қабатты үйлер, бау-бақша, аула.

Сөйлесім үлгілері:


  • Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

  • «Туған жер – алтын бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» т.б.

  • Туған жеріңіз қандай қасиетімен ерекше?

  • географиялық орнымен;

  • табиғатымен;

  • өндіріс орнымен;

  • ауыл шаруашылығымен т.б.

6.2-тақырып: Менің туған қалам (Павлодар, орналасқан жері, келбеті, көрінісі, тұрғындары, табиғаты).

Сөздік минимум: Көне қала, жаңа қала, шаһар, өте әдемі, керемет, тамаша, ауа-райы қолайлы, қолайсыз, демалыс орныдары, спорт кешендері, зәулім үйлер, ғимараттар, театр, мұражай, саяжай, саябақтар.

Сөйлесім үлгілері:


  • Туған қалаңыздың тарихын білесіз бе?

  • Иә, білемін.

  • Жоқ, білмеймін.

  • Иә, ол өте көне қала. Оның негізі 19 ғасырда қаланған.

  • Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.

  • Қандай мұражайлар бар?

  • Мемлекеттік мұражай.

  • М.О.Әуезов мұражайы т.б.

6.3-тақырып: Көшеде. Көлікте.

Сөздік минимум: Көше, аялдама, жаяу, көлікпен, осы жерден, көшелердің қиылысы, бұрыш, алыс емес, Кутузов даңғылы, Сатпев пен Торайғыров көшелерінің қиылысы, Фрунзе көшесіне дейін, түзу, шығу, кіру, отыру, сыйлау, жол беру, өткізіп жіберу, күте тұру, бәрекелді, қап, әттеген-ай т.б.

Сөйлесім үлгілері:


  • Кешіріңіз, Өлкетану мұражайына қалай баруыма болады?

  • Меніңше, жаяу барған дұрыс, Кривенко көшесімен тура шығыңыз да, Фрунзе көшесіне дейін жүріңіз. Сол жерде.

  • №10 автобуспен баруға болады. ЦУМ аялдамасынан түсесіз.

  • «Манақбай» сауда үйі осы жерден алыс па?

  • Жоқ, алыс емес. ЦУМ-ға қарама-қарсы орналасқан.

  • Рахмет!

6.4-тақырып: Әмбебап дүкенінде. Базарда.

Сөздік минимум: Әмбебап дүкені, әр түрлі, бөлімдер, сатушылар, касса, қызмет ету, сатып алу, баға, сапалы, сапасыз, нашар, тура, дәл, үлкен, тар, шақ, әдемі, орап беру, алғыс айту.

Сөйлесім үлгілері:


  • Айтыңызшы, сізде 37-ші размерлі қара аяқ киім бар ма?

  • Өкінішке орай, жоқ. Қоңыр түсті бар. Оған қалай қарайсыз?

  • Қай дүкеннен іздеуіме болады?

  • Келесі көшедегі «Артур» сауда үйінен қарап көріңіз.

  • Жақсы. Рахмет!

6.5-тақырып: Мұражайда.

Сөздік минимум: Мұражай, мұрағат, естелік, ескерткіш, пайдаланылған заттар, өмірбаян, сирек кездесетін, көшірме, түпнұсқа, бұйымдар, құралдар, портреттер.

Сөйлесім үлгілері:


  • Павлодар қаласында қандай мұражайлар бар?

  • Өлкетану мұражайы бар.

  • Көркесурет мұражайы бар.

  • Бұқар жырау атындағы тарихи мұражайы т.б.

6.7-тақырып: Кітапханада.

Сөздік минимум: Кітапхана, оқу залы, тіркелу, құжаттар, оқырман билеті, кітап, оқулық, әдебиеттер, библиография, оқырман, тұрақты оқырман, үйге кітап алу, мерзімді баспасөз, каталогтар жүйесі.

Сөйлесім үлгілері:


  • Маған әліпбилік каталогты көрсетіп жіберіңізші.

  • Бірінші қабаттан табасыз.

  • Кешіріңіз, оқу залы нешінші қабатта?

  • Екінші қабаттағы 3-ші зал.

  • Маған түсіндірме сөздіктің 5-томын беріңізші.

  • Міне, мынау ғой.

  • Иә, рахмет!

6.8-тақырып: Саябақта.

Сөздік минимум: Саябақ, тыныштық, таза ауа, демалыс сәті, серуендеу, кітап оқу, балмұздақ, жеу, әңгімелеу, ойын түрлері, шахмат, дойбы ойнау.

Сөйлесім үлгілері:


  • Ертең саябаққа барасыз ба?

  • Әрине, барған дұрыс.

6.9-тақырып: Театрда.

Сөздік минимум: Драматургия, сахна, актер, режиссер, балет, опера, үлкен зал, кіші зал, билет кассасы, жоғары төлем, алдыңғы қатар, орындар, алыс, жақын, үзіліс, гүл шоғын ұсыну, репертуар, қолайлы уақыт, қойылым.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қаладағы қандай театрларды білесіз?

  • Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры.

  • А. Чехов атындағы орыс драма театры.

7.1- тақырып: Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан.

Сөздік минимум: Қазақ халқы, қазақ ұлты, Қазқастан Республикасы, тәуелсіз, егемен, біздің ел, жер көлемі, тауарлар, өзен-көлдер, теңіздер, шөл дала, жазық дала, азаматтық, туған жер.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қай елдің азаматысыз?

  • Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.

  • Ал сіз ше?

  • Мен Ресей Федерациясының азаматымын. Қазақ елі туралы көбірек білгім келеді.

7.2-тақырып: Ел рәміздері.

Сөздік минимум: Рәміз, нышан, белгі, елтаңба, әнұран, ту, шекара, Қарулы күштер, ұлттық тіл, ұлттық байлық, ұлттық мәдениет, ұлттық өнер, шаңырақ, сәулелі күн, қанатты тұлпар (пырақ), қыран құс, ұлттық ою-өрнек.

Сөйлесім үлгілері:


  • Мынау не?

  • Бұл – елтаңба.

  • Елтаңбаның авторлары кім?

  • Әнұранды жатқа білесіздер ме?

  • Иә, білеміз.

  • Авторлары кімдер, не туралы айтылады?

7.3-тақырып: Елордасы – Астана қаласы.

Сөздік минимум: Бас қала, елорда, Астана қаласы, орталық, Еуразия кіндігі, көркем, сәнді көшелер, саябақтар, ғимараттар, сәулет өнерінің дамуы, мемлекеттік мекемелер, бұрынғы Ақмола.

Сөйлесім үлгілері:


  • Бас қала, елорда сөздерінің қолданылуына не себеп болды?

  • Өйткені «астана» сөзі қала атауы «Астана» болды.

  • Орталықтың Алматыдан Астанаға көшуіне не себеп болды?

  • Астана қаласы Еуразия ортасы – орталықта орналасқан.

7.4-тақырып:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.

Сөздік минимум: Қазақ халқы, ұлт, тайпа, көнеден бері, ғасырлар бойы, мекендеген, тараған, жүздер: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, түркі тілдері, батыс гун, қазақ тілі, діні.

Сөйлесім үлгілері:


  • Қазақ халқының тарихы туралы не білесіздер?

  • Қазақ халқының құрамына кірген рулар мен тайпалар біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырлардан белгілі.

  • Қазіргі Қазақстан халқының саны қанша?

  • 14,5 миллион шамасында.

7.5-тақырып: Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.

Сөздік минимум: Мәдениет, ұлттық сана, өркениет, ғылым, білім, өнер, қолөнер, спорт, мүсін, сахна, сәулет, кино, опера, балет, әдебиет, телерадио, баспасөз, баспахана, кітапхана, сәулет мәдениеті, демалыс, саябақ, мұражай, қонақ үй, тарихи кешендер, ұлттық ойын.

Сөйлесім үлгілері:


  • Қазақстанның ұлттық өнерінің қандай салаларын (түрлерін) білесіз?

  • Қазақ халқында өнердің барлық түрі жақсы дамыған.

7.6-тақырып: Қазақстанның өнеркәсібі.

Сөздік минимум: Ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, өндіріс орындары, өндіру, өнім шығару, өңдеу, тасымалдау, машина жасау, мұнай, алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, көмір, тұз, ізбес, тамақ өнеркәсібі, сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, астық, егін, мал шаруашылығы, дәнді дақыл.

Сөйлесім үлгілері:


  • Халық шаруашылығының қандай салаларын білесіз?

  • Ауыр индустрия, жеңіл өнеркәсіп, кен (орындары) өндіру, ауыл шаруашылығының түрлеріне мал, егін, көкөніс, мақта шаруашылықтары т.б. жатады.

7.7-тақырып: Ұлы адамдар өмірінен.

Сөздік минимум: Ұлы, ұлылық, саналы, табиғи дарын, еліне қызмет ету, білім шыңы, толығу, кемеліне келу, із қалдыру, болашақты болжау.

Сөйлесім үлгілері:


  • «Ұлы» деген сөзді қалай түсінесіз?

  • Ұлы адамдардан кімдерді білесіз?

8.1-тақырып: Біздің университет.

Сөздік минимум: Университет, негізі қаланған жыл, ашылған кез, бірінші ректор, бірінші факультет деканы, оқу ісі бөлімінің проректоры, ғылыми бөлім, оқу бөлімі, жатақхана, оқу ғимараттары, бас ғимарат, жаңа бөлім, түрлі мамандық.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қай университетте оқисыз?

  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқимын.

  • Қандай мамандықтар бар?

  • Әр түрлі мамандықтар бар.

8.2-тақырып: Менің мамандығым.

Сөздік минимум: Институт атаулары, кафедралар атауы, кафедра меңгерушісі, профессор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, практикалық сабақтар.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіз қай институттансыз?

  • Мен тарих және құқықтану институтынанмын.

  • Институтыңызда қандай мамандыққа дайындайды?

  • Әр түрлі. Тарихшы, құқықтанушы, т.б..

9.1-тақырып. Мұнай мен газ кен орындары. Кәсіби терминдердің қазақша - орысша сөздігін жасау. Аударма жасаудың негізгі принциптерін үйрете отырып, арнайы мәтіндерді аударту. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Синтаксис туралы түсінік. Сөйлем, оның түрлері. Жай сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. Сұраулы сөйлем, оның жасалу жолдары. [2 ] 178-бет, 92-93-жаттығу.

9.2-тақырып. Мұнай газдың физикалық қасиеттері.

Мәтін бойынша терминдердің сөздігін құрастыру. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере білу, мәтіннің қысқаша мазмұнын айта білу. Сөйлемнің мақсаттық түрлері. Бұйрықты сөйлем, оған тән интонация. [2 ] 182-бет, 99-жаттығу.



9.3-тақырып. Мұнай газ кен

оындарын іздеу және барлау. Осы ұғымдарға байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі: Хабарлы сөйлемнің негізгі түрлері - баяндау, суреттеу, түсіндіру. Сөйлемнің көңіл-күйге байланысты түрлері. Лепті сөйлем. [2 ] 180-бет, 97-жаттығу.


9.4-тақырып. Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері.


Берілген тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Меңгерілген сөздер, сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлемдер құрастыру. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, берілген мәселеге қатысты өз ойын жеткізе білуі. Атаулы сөйлем. [2 ] 212бет, 123-жаттығу.

9.5-тақырып. Мұнай мен газды өндеу. Тақырыпты талдау, жаңа сөздер мен сөз тіркестері туралы түсінік беру. Алдында өткен тіл материалын сөйлеу үрдісінде бекіту, оның ішінде өз мамандығы, ерекшеліктері туралы мәтін құрастыру. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айта білуге уйрету. Монологтың сипаттау түрін меңгерту. Жай сөйлем туралы түсінік. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері: жақты, жақсыз сөйлем. [2 ] 210-211бет

9.6-тақырып. Қазу жүйелері. Мәтінде қолданылған сөйлемдердің сипаттамасын беру. байланысты терминдердің қазақша атауын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Аударма жасаудың негізгі тәсілдерін үйрете отырып, арнайы мәтіндерді аудару. Мамандыққа бағытталған тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. Жай сөйлемнің түрлері. Толымды сөйлем және толымсыз сөйлем. [2 212 бет

9.7-тақырып. Мұнай кен орындарын қосу.

Осы тақырыпқа байланысты кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Арнайы мәтінді аудару. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, олраға жауап бере білу. Сөйлем мүшелері: Сөйлем мүшелерінің құралымына қарай түрлері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш. Оның түбір, көптік немесе тәуелдік тұлғада болатындығы. [2 ] 184-185бет, 102-103-жаттығу.



9.8-тақырып. Химиялық әдістер. Тақырып бойынша кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Сөздікті пайдалана отырып, арнайы мәтінді аудару, қысқаша мазмұнын жеткізе білу. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Тұрлаулы мүшелер. Баяндауыш. Оның негізгі сұрақтары мен тұлғалық белгілері. [2 ] 187бет, 104-106жаттығу.

9.9-тақырып Мұнай мен газды тасымалдау..

Тақырып бойынша кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Берілген тақырып бойынша материалдар жинап, аударма жасау. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беру, қысқаша мазмұнын айту. Тақырыпқа байланысты тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. Тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің бірыңғай мұшелері. Анықтауыш. [2 ] 198-200бет, 114-115-жаттығу.



9.10-тақырып. Табиғи газды тасымалдау. Олардың формаларына байланысты ұғымдар. Тақырып бойынша терминдердің қазақша атауларын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Арнайы мәтінді аудару. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере білу. Тақырып бойынша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. Пысықтауыш. Оның негізгі сұрақтары мен тұлғалық белгілері. [2 ] 193-195 бет, 111-112-жаттығу.

9.11-тақырып. Пиролиз мақсаты. Тақырыпқа қатысты терминдердің қазақша атауларын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Сөздікті пайдалана отырып арнайы мәтінді аудару. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Толықтауыш. Тура толықтауыш және жанама толықтауыш. 191-192 бет, 108-110-жаттығу.

9.12-тақырып. Метан пиролизі Тақырыпқа байланысты терминдердің қазақша атауларын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Тақырыпқа байланысты қазақша мәтіндерді сөздік арқылы түсініп оқи білу, қысқаша мазмұнын айту. Сөйлем мүшелерінде өткенді қайталау. [2 ] 201-202 бет, 116-117-жаттығу.

9.13-тақырып.. Мұнайлы қалдықтарды кокстеу.

Тақырып бойынша терминдердің қазақша атауын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Сөздікті пайдалана отырып, арнайы мәтіндерді аудару. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Жай сөйлемнің айырмашылығы. Құрмалас сөйлемнің түрлері. Салалас құрмалас сөйлем, оның түрлері. [2 ] 221-222 бет



9.14-тақырып.. Мұнайдың пайда болуы даму тарихы . Тақырыпқа байланысты терминдердің қазақша атауларын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Арнайы мәтінді аудару. Мәтінмен жұмыс істеу (жоспар, сұрақтар, қысқаша мазмұнын айту). Ыңғайлас сөйлем. [2 ] 223-224 бет, 133-134-жаттығу.

9.15-тақырып. Мұнай мен газ туралы жалпы түсінік Оның негізгі мағынасы туралы мәлімет беру. Тақырып турасында материал жинап, өздігінен мәтін құрастыру, өз ойын, пікірлерін жеткізе білу. Алдында өткен тіл материалын сөйлеу үрдісінде бекіту. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем. [2 ] 226-227 бет, 139-140-жаттығу.

10.1-тақырып:Ұқыптылық пен үнемділік.

Сөздік минимум: Ұқыпты, ұқыптылық, үнемшіл, ақша жасау, ақша жинау, ақшадан да қажет, басты мүдде, жомарт, сараң, тәуекелшіл.

Сөйлесім үлгілері:


  • Ұқыптылық деген не?

  • Әрбір істі уақытында орындау.

10.2-тақырып: Іскерлік. Іскерлік кездесу.

Сөздік минимум: Іскерлік, табандылық, тиімді жолды табу, шешімін табу, жақсы нәтиже, пайдалы іс, еңбек қуанышы, орынды, залалсыз әрекет.

Сөйлесім үлгілері:


  • Іскер деп қандай адамды айтамыз?

  • Өзінің ісін жетік меңгерген, мүдделі нәтижеге қол жеткізе білетін адам.

10.3-тақырып: Ресми қабылдауда.

Сөздік минимум: Елбасы, ректор, директор, мекеме бастығы, бөлім бастығы, бөлім меңгерушісі, қабылдау күндері, қабылдау уақыты, шұғыл іс, қабылдауға тіркелу.

Сөйлесім үлгілері:


  • (Мекеме бастығы – аты-жөні) өзінде ме?

  • Иә, өзінде, бірақ қазір бос емес. Күте тұрыңыз.

  • Рахмет.

10.4-тақырып: Баспасөз маслихаты.

Сөздік минимум: Баспасөз, маслихат, шара, шақыру, арнайы тапсырма, қысқа тұжырым, пресс-релиз, мәлімдеме, мәлімхат, баспасөзде жариялау.

Сөйлесім үлгілері:


  • баспасөз маслихаты қайда өткізіледі?

  • Баспасөз клубында.

  • Рахмет. Сағат нешеде басталады?

  • Түстен кейін. Сағат 15.00-де.

10.5-тақырып: Семинар. Ғылыми конференция.

Сөздік минимум: Баяндама, өзекті мәселе, семинар тақырыбы, ұйымдастыру, қатысу, тыңдау, сөз сөйлеу, ұсыныс айту, сұрақ қою, жауап беру, секция жұмысы, хаттама жазу.

Сөйлесім үлгілері:


  • Семинардың (конференцияның) тақырыбы қандай?

  • Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытудың (үйретудің) жолдары.

10.6-тақырып: Мәжіліс. Келіссөз.

Сөздік минимум: Келіссөз, шарт жасау, фирма, өндіріс мүддесі, мүдделі, бейбіт шарт, мемлекетаралық шарт, ұзақ мерзімді шарт, биржалық мәселе, контракт, делдалдық мәміле.

Сөйлесім үлгілері:


  • Келіссөздің мақсаты не?

  • Екі жақты мүдденің тиімділігін ескеру.

10.7-тақырып: Жұмысқа қабылдау.

Сөздік минимум: Жұмысқа қабылдау, негізіг шарт, білімділік, біліктілік, шартқа келісу, талапты орындау, міндетті білу, мемлекеттік тілде еркін сөйлеу, шет ел тілін білу, іскерлік қабілет, ұйымдастыру қабілеті.

Сөйлесім үлгілері:


  • Жұмысқа қабылдану үшін не істеу керек?

  • Ең алдымен ұсынылатын қабылдау шартымен танысу керек.

10.7-тақырып: Жұмыс орны.

Сөздік минимум: Жұмыс орны, орталықта, қаланың ортасында, қаланың шетінде, ықшамауданда, Ломов көшесінде, Кутузов даңғылында, бес қабатты ғимарат.

Сөйлесім үлгілері:


  • Сіздің жұмыс орныңыз қай жерде?

  • Ломов көшесі мен Кутузов даңғылының қиылысында орналасқан.

10.8-тақырып: Ұжым. Еңбек тәртібі.

Сөздік минимум: Ұжым, ұжым мүшелері, психологиялық ахуал, қолайлы жағдай, сыйласым, ұстамдылық, еңбек тәртібі, заңға сүйену, заңды мойындау, ортақ мүдде.

Сөйлесім үлгілері:


  • Ұжымдағы қолайлы жағдай неге байланысты?

  • Заң негіздеріндегі еңбек тәртібіне және сыйласымдылыққа.



ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.

2 Бектұров Ш.К., Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2006

3 Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы: Арыс, 2007.

4 В.Ю.Франк. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. Алматы: Болашақ балапандары, 1999

5 Мусинов А.,ж.б.Қазақ тілі:Студенттерге арналған окулық/А.Мусинов,М.Мухеметқалиева,Е.Құдайбергенов.-Алматы,1995.

6 Б.Сауырбаев «Мұнай-газ ісі» 2008

Қосымша әдебиеттер тізімі:


7 Абдиева Ш.Д., Бағжаева Г.С., Қалимолдин М.М.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының экономика факультеттерінің студенттеріне

арналған оқу құралы /орта және тереңдетіп оқитын топтар үшін/ - Алматы: Арыс, 2001.

8 Күзекова З., Қарақұсова Г.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының экономика факультеттеріне арналған

/орташа және жалғас топтар үшін/ - Алматы: Раритет, 2001.

9 О. Күлкенова. Тіл ұстарту /жаттығулар жинағы/ - Алматы: Қазақ университеті, 1992.

10 Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

Алматы: «Жеті жарғы» 1998.

11 Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш.

Қазақ тілі для начинающих. Алматы: Рауан, 1994.

12 Бектұров Ш.К.

Читаем газеты на казахском языке. Қазақша газеттерді оқып үйренейік. Алматы: ВШП «Әділет» 1999.

13 Белботаев А., Тукебаева Ж.

Казахский язык для начинающих /1-3 книги/ Алматы: Қазақстан, 1994.

14 Оралбаева Н.

Қазақ тілін үйренеміз. Алматы: «Мектеп» 1989.

15 Тургамбаева Б., Линко Т.

Вы говорите по казахски? /Самоучитель казахского языка/ Алматы: Балауса, 1992.

16 Сейіт Кенжеахметов. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

Алматы: «Ана тілі» 1994.

17 Қазақ мақал-мәтелдері. Құрастырған Ж. Малайсарин. Алматы: «Ана тілі» ЖШС, 2003.

18 Б.Қ.Капасова, Б.Х.Әбдіжүсіпова Қазақ тілі 10 сынып. Астана: Арман ПВ 2006

19 Аханов К. Тіл білімінің негіздері – Алматы: Рауан, 2002

20 Рахимжанов К.Х. Методическое руководство к выполнению контрольной работы № 1 по дисциплине «Практический курс казахского языка» для студентов инженерных, экономических и юридических специальностей заочной формы обучения. Павлодар 2004

21 Рахимжанов К.Х. Методическое руководство к выполнению контрольной работы № 1 по дисциплине «Практический курс казахского языка» для студентов инженерных, экономических и юридических специальностей заочной формы обучения. Павлодар 2004

22 Рахимжанов К.Х. Методическое руководство к выполнению контрольной работы № 2 по дисциплине «Практический курс казахского языка» для студентов инженерных, экономических и юридических специальностей заочной формы обучения. Павлодар 2004

Сөздіктер:

24 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 28-том. Экономика және қаржы. Алматы: Рауан, 2000.



25 Х. Махмудов, Ғ. Мұсабаев. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 1989.

26 Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы: Қазақстан, 2001.

27 Ү. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

28 Қысқаша орысша-қазақша сөздік /жалпы редакциясын басқарған Қаз ССР ҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор Ш.Ш. Сарыбаев/. Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1987.

29 В. Франк. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік тақырыптық сөздік. – Алматы, 2000.

30 Орысша-қазақша фразеологиялық сөздік. – Алматы: Ғылым, 1985.

31 Емлесі қиын сөздер. – Алматы: «Балауса» 2000

32 Синонимдер сөздігі: - Алматы, 2001.

33 М. Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі. – Алматы: «Мектеп», 1988.

34 А. Ибатов. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1988.

35 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз/.

Редакциясын басқарған Р.Ғ. Сыздықова., К.Ш. Хұсайын. Алматы: «Дайк – Пресс» 2002.



36 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /10 томдық/. Алматы, 1986.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет