Эеа-811 Байдуллақызы Ақмарал Бақылау сұрақтары



Дата06.05.2020
өлшемі36,5 Kb.
#66313
Байланысты:
Бақылау сұрақтары 4cbce872e899dc6ca03e20bfcc2336ea
2 5402499977064743397

ЭЕА-811

Байдуллақызы Ақмарал

Бақылау сұрақтары


  1. Меншікті капитал дегеніміз не?

  2. Меншікті капитал есебі қандай шоттарда жүргізіледі?

  3. Жарғылық капиталға сипаттама беріңіз.

  4. Резервтік капитал дегеніміз не?

  5. Резервтік капитал құралдары қай жағдайларда қолданылады?

  6. Резервтік капитал есебі қай шотта жүргізіледі?

1. Меншікті капитал кәсіпорын қызметінің бүкіл кезеңіне арналып бекітіледі. Ол негізгі және айналым қаржысының құралу көздері болып табылады. Меншікті капиталға жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс /жабылмаған зиян/ жатады.

Меншікті капитал бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі ұйымның активтері.

Меншікті капитал құрамы: жарғылық капталы /төленбеген және қайтарып алынған капиталды қоса алғанда/ бұл жарғылық капитал акционерлік қоғамдарда қарапайым және артықшылығы бар акциялардан, ал серіктестіктерде әр түрлі дәрежедегі жауапкерліктер деп салымдар мен пайлардан құралады, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс /жабылмаған залал/.

2. 5000 - "Жарғылық капитал";

5100 - "Төленбеген капитал";

5200 - "Сатып алынған меншікті үлес құралдары";

5300 - "Эмиссиялық кіріс";

5400 - "Резервтер";

5500 - "Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)";

5600 - "Қорытынды пайда (қорытынды залал)".

5000 "Жарғылық капитал" кіші бөлімі шығарылған капиталды, ұйымдардың жарғылық капиталын немесе мүліктік (үлестік жарна) қорын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5010 - "Артықшылықты акциялар", онда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты атаулы құны есепке алынады;

5020 - "Қарапайым акциялар", онда акционерлік қоғамның төленген эмиссиялық қарапайым акцияларының жиынтық атаулы құны есепке алынады;

5030 - "Салымдар мен пай", онда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.

5100 "Төленбеген капитал" кіші бөлімі төленбеген капиталды есепке алуға арналған.

5110 - "Төленбеген капитал", онда эмиссиялық акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі берешегі көрсетіледі.

5200 "Сатып алынған меншікті үлес құралдары" кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған.

5210 - "Сатып алынған меншікті үлес құралдары", онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген ығындар ескеріледі.

5300 "Эмиссиялық кіріс" кіші бөлімі эмиссиялық кірісті есепке алуға арналған.

5310 - "Эмиссиялық кіріс", онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) есепке алынады.

5400 "Резервтер" кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және ұйымның есеп саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5410 - "Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал", онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;

5420 - "Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв", онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5430 - "Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв", онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5440 - "Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв", онда сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5450 - "Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв", онда монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмалары көрсетіледі, ол мәні жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бір бөлігін құрайды және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция қатардан шыққанға дейін жеке капитал ретінде жіктеледі, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылады;

5460 - "Өзге резервтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.

5500 "Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)" кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

5510 - "Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)", онда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі;

5520 - "Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)", онда өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.

5600 "Қорытынды пайда (қорытынды залал)" кіші бөлімі есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған.

5610 - "Қорытынды пайда (қорытынды залал)" есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған, сондай-ақ есепті жылда түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытындылады.\
3. Жарғылық капитал кәсіпорынды құру кезінде оның қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында құрылтайшылардың ақшалай өлшеммен /негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, айналым және ақша қаражаттарының құны/ бағаланған салымдарының жиынтығын айтамыз.

4. Резервтік капитал – заңдық, нормативтік және құрылтай құжаттарына сәйкес кәсіпорынның жарғылық қызметі барысында жоспарланбаған шығындардың орнын жабу мақсатында таза табыстың есебінен құрылатын кәсіпорынның қаражаты.

5. Резервтік капитал құрылу тәртібі мен заң актілерінің және серіктестіктің құрылтай құжатымен реттеледі. Резервтік капитал есебі 5400- Резервтер бөлімшесінің

6.

5410 Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал



5420-Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв

5430-Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв

5440-Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв

5450-Шетелдік қызмет бойынша шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв



5460-Басқа да резервтер шоттарында жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет