Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин



Дата25.01.2017
өлшемі161,93 Kb.
#7846
Қасымғалиқызы Лаура

Ғафу Қайырбеков атындағы

№ 2мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Қасымғалиқызы Лаура


Әңгіме шебері - Ы.Алтынсарин

Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, балаларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді әңгімелерін қалдырған жазушы. Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жаңашыл бағытта жазған жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Шебер жазушы.Әңгімелерін жазғанда өз заманының келелі мәселелерін қамтыды. Мазмұны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталды. Адамгершілік, ізгілік, білімділік, еңбекқорлық,жақсылық пен жамандық т.б. толып жатқан алуан тақырыптар балалардың қызығушылығын артыруға көмектесті. Көлемі шағын болып келгенімен, айтатын ойы терең, үйрететін тәрбиесі мол.



Біз 6 «Ә» сыныбында оқушылармен бірлесе отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Тақырыбы: « Әңгіме шебері –Ы.Алтынсарин». Әр оқушы үйден оқып келген әңгімелер бойынша ойларын, пікірлерін ортаға салды. Асылкерім Ақтолқын: «Қанағат» әңгімесін оқып келсе, Ғабдулла Айдын «Жаман жолдас», Ерназаров Диас «Білгеннің пайдасы», Садықова Тұмар «Жамандыққа жақсылық» атты әңгімелерді оқып келді. Өзге оқушылар өз ойларын нақты деректер келтіре отырып, дәлелдеп айтты: «Ы.Алтынсарин кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Ыбырай әңгімелерінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару . Бұл Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы талқыға түскен нысанымыз-әңгіме шебері - Ы.Алтынсарин. Ыбырай атамыз өз әңгімелерінде заман мәселесін қамтыған . Сол кезеңдегі мәселелер –бүгінгі күнде де де өз маңызын жоймаған. Тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ыбырай әңгімелеріне қанып, сусындап өскен бала азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болатын нағыз тәрбиелі, заманына сай адам болып шығады », - деп өздерінің нақты тұжырымдарымен қорытынды жасады. Дөңгелек үстеліміздегі әңгіме өз жарасымын тапқан еді.

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Әр әңгімені жете түсінген бала бойына ізгі қасиеттерді жинап,жақсы мен жаманды ажырата алатын күйге жетеді. Балаларымызға, шәкірттерімізге Ыбырай атамыздың әңгімелерін оқыту арқылы болашақ өмірінің жарқын болуына жол ашамыз. Саналы, үлкенді сыйлайтын, кішіге ізет көрсететін кемеңгер ұрпақты көретін боламыз. Балаларымыздың бойында қазақтың ұлы тәрбиесі жататынына шүбәміз болмайды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні
2017 -> З. М. Сулейменова Бастауыш сынып мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет