Әжейге қонаққа барамыз



Дата20.01.2020
өлшемі55,18 Kb.
#56146
Байланысты:
1 апта наурыз техкарта
«Лақтарын жоғалтқан ешкі» ашық сабақ, «Лақтарын жоғалтқан ешкі» ашық сабақ
«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні/Дата: 25.02.19ж.

Тәрбиеші/Воспитатель: Нұрланова Г.Н

Бөлім/ Раздел : Дене шынықтыру

Тақырып/Тема: Әжейге қонаққа барамыз.

Мақсаты/Цель: еденнен екпінмен серпіле екі аяқпен зат үстінен секіруге үйрету.

Міндеті/Задачи: 1. Бір-біріне соқтықпай, тепе-теңдік сақтап , екпінмен серпіле заттың үстінен секіріп, сәл бүгілген аяқпен жұмсақ жерге қонуға үйрету; 2.Басты түсірмей, музыка ырғағына сәйкес би қимылдарын бірқалыпты, жұбымен келісе орындауға жаттықтыру; 3. Балаларды кішіпейілдікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс/Словарная работа: Жаттығу,ойындар.

Қостілділік/ Билингвальный компонент: жаттығу-упражнение,ойын-игры.

Құралдар/Оборудование: жаңбыр, шалшық макеті, әр балаға екі түсті резеңке, бір орамал; сыйлыққа бір үлкен орамал, биіктігі 10 см заттар.

Этапы деятельности

Іс-әрекет кезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешінің іс-

әрекеті

Действия детей

Балалардың іс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық

Мәселелендіру (неден жасау, қалай, немен)

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Әжейге қонаққа барамыз».

-Әжемізге баратын жол ирелең жол. Шағын топпен жай жүру, заттарды айнала ирелең жолмен жүру. Қол бұлғап шеңбер бойы және және бытырап жүгіру. «Жаңбыр жауып кетті. Аяғымызды сулап алмау үшін аяқты жоғары көтеріп , шалшықтардан секіріп өту керек. Асығайық , асығайық, жаңбырдан қашып құтылайық» - жүгіру, қолдың басын айналдыра қол бұлғап, бытырап жүгіру. Сапқа тұру, көрнекі бағыт бойынша түзелу.


Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

- заттарды айнала ирелең жолмен жүреді.


-аяқты жоғары көтеріп , шалшықтардан секіріп өтеді.

Организационн-поисковый

Ұйымдастыру-ізденушілік


Жалпы дамыту жаттығулары.

Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.



Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары:

-Еденнен 20 см көтерілген сатының таяқшаларынан аттап жүру;

-Екі аяқпен зат үстінен секіру (биіктігі 10 см)

Қимылды ойын.«Орамал».

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Педагог көрсеткен жаттығуларды бұлжытпай орындайды.
Ойынға жаппай қатысады.


Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетүшілік

Қорытындылау.

Қатты қимылмен қолын түзулей отырып, екі қолмен кеуде тұсынан доп лақтыруға жаттықтыру.


Балалар ойынға жаппай қатысады.




Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать: еденнен 20 см көтерілген сатының таяқшаларынан аттап жүруді; екі аяқпен зат үстінен секіруді (биіктігі 10 см);

Талапты болу/Иметь: жаттығулардың маңызын ;

Қолынан келу/ Уметь: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқұяттылық тәрізді сапаларды.
Тексерген: Шөкен М.С

«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні/Дата:25.02.19ж

Тәрбиеші/Воспитатель: Нұрланова Г.Н

Бөлімі/Раздел: Экология негіздері

Тақырып/Тема: Киіз үй.

Мақсаты/Цель: Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру,киіз үй құрылысымен танысу.

Міндеті/Задачи: Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.Ата дәстүрін ұмытпауға, әрқашанда қадірлеуге баулу.

Сөздік жұмыс/Словарная работа: шаңырақ, кереге, уық, киіз, есік, туырлық, үзік, бау-басқұр.

Қостілділік/ Билингвальный компонент: киіз үй-юрта.

Көрнекілік материал/Демонстрационный материал: киіз үй және оның жабдықтарының суреттері.

Этапы деятельности

Іс-әрекет кезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешінің іс-

әрекеті

Действия детей

Балалардың іс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық

Мәселелендіру (неден жасау, қалай, немен)

Шаттық шеңбер орындалады.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.



Педогогпен бірге шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды..

Организационн-поисковый

Ұйымдастыру-ізденушілік



Жаңа сабақты түсіндіру.

Балалар, менің қолымда ненің суреті тұр?
Дұрыс айтасыңдар, балалар менің қолымда киіз үй және оның элементтерінің суреттері тұр.

Суретпен жұмыс.

Ендеше ,балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі туралы түсіндіріп өтейін. Тәрбиеші киіз үйдің құрал – жабдықтарымен таныстырып, қазақ халқының салт – дәстүрін байланыстыра отырып киіз үй туралы мол мағлұмат береді.
Киіз үй 3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін жасалынатын болған.Оның ерекшелігі киіз үйдің көлеміне байланысты болады. Киіз үй құрылысы: кереге,уық,шаңырақ, желбау, түндік, туырлық, есік, арқан.

Киіз үйдің ішінде сырмақ,сандық, кілемше,жастықшалар мен көпшіктер болады.



Сергіту сәті: Кел балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық.

Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады.

Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.


-киіз үйдің суреті.

Педогогті мұқият тыңдайды.



Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылайды.

-Қазіргі кездерде тігіліп жүрген киіз үйді көрсіңдер ме?(/тойларда, наурыз мерекесінде тігіледі/)

-Киіз үй неше қанаттан тұрады?

-Киіз үй құрылысының негізгілерін атап беріңдерші?

  


Сұрақтарға жауап бере отырып,оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать: Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы ;

Талапты болу/Иметь: Киіз үй құрылысы және оның ерекшеліктері туралы;

Қолынан келу/ Уметь: Киіз үй жиһаздары туралы;
Тексерген:Шөкен М.С

«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні/Дата:26.02.2019ж.

Тәрбиеші/Воспитатель:Нұрланова Г.Н

Бөлімі/ Раздел : ҚМҰҚ

Тақырып/Тема: «Ұзын-қысқа. Заттарды бір-бірінің үстіне қойып салыстыру. Фигуралар туралы өткенді пысықтау».

Мақсаты/Цель: таңертең (таң) –тәулік бөлігімен таныстыру

Міндеттер/Задачи: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай салыстыруды үйрету. қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сөздікжұмыс/Словарная работа: ұзын,қысқа.

Қостілділік/ Билингвальный компонент: ұзын-длинный,қысқа-короткий.

Көрнекілік материал/Демонстрационный материал: түрлі түсті жолақтар, жұмыс дәптері.

Этапы деятельности

Іс-әрекеткезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешініңіс-

әрекеті

Действия детей

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық

Мәселелендіру (неденжасау, қалай, немен)

Ғажайып сәт. «Дымбілмес»

Есіктен Дымбілмес кіріп, балалармен амандасады. Дымбылмес өзімен бірге қорапқа салынған жолақшаларды алып келеді. Ол педагогтен заттардың ұзындығын салыстыруды сұрайды.

Дымбілмес сен біздін оқу іс-әрекетіне қатыс. Балалар мен Дымбілмеске екі жолақты көрсету біреуі ұзын, біреуі қысқа.

-Балалар бүгін біздер Дымбілмеспен бірге заттарды ұзындығына қарай салыстыруды үйренеміз.



Қызығушылық танытады.

Дымбілмеспен амандасады.

Балалар мұқият тыңдайды.


Организационн-поисковый

Ұйымдастыру-іздеушілік

Негізгі бөлім:

- қайталау, бекіту (танымдық үдерісін дамытуға, ақыләрекеттәсілдерінқалыптастыруғаарналғанойындар)

- жаңа материал (көлеміжәне саны, пішіні, кеңістіктежәнеуақыттыбағдарлау)

- таратпалыматериалменжұмысістеу

«Ұзын-қысқа» ойыны.

-Мен жасыл жолақтың үстіне ақ жолақты қоямын

-Қайсысы ұзын екен?

Ендеше, жасыл жолақ ақ жолаққа қарағанда ұзын деуге болады. Енді оларды қатарластырып қоямыз. Қазір де жасыл жолақтың аққа қарағанда ұзын екені көрініп тұр.

«Атты дұрыстап қой?» ойыны.

Үлестірмелі материалдар: қызыл, көк жолақшалар және ойыншық аттар.


Қызыл жолақша-қысқа, ал көк жолақша-ұзын.

-Жолақшалардың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін анықтандар?

-Түсі қандай жолақша ұзын?

-Түсі қандай жолақша қысқа?

-Үстінгі жаққа қысқа жолақшаны, астына ұзын жолақшаны қой.

Қысқа жолаққа бір атты, ал ұзын жолаққа көп атты қоюды тапсыру.


-Бір ат тұрған жолақ ұзын ба, әлде қысқа ма?

-Көп ат тұрған жолақ ұзын ба, әлде қысқа ма№

ұзын-длинный, қысқа –короткий.

Сергіту сәті. «Отбасым»

Саусақтарымызды жаттықтырамыз.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз:

Атам, әжем, әкем, шешем және мен. Алақай! Біз бесеуміз!

«Ұзын-қысқа» ойыны. Жұмыс дәптерімен жұмыс.

Жұмбақ.

«Тізбектелген көп үйлер,



Көшіп жүрген көп үйлер» (Пойыз)

-Жұмбақ не туралы?

-Аю қандай пойызды жүргізіп келе жатыр?

-Ал қоян қандай пойызды жүргізіп келе жатқанын сұрау.

-Аю мен қоянның пойыздарының ұзындығы бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

-Олардың айырмашылығы қандай?

-Кімнің пойызы ұзын екен?

-Кімнің пойызы қысқа?

-Паравоз қандай дыбыс шығарады екен, балалар?

«Тап және боя» ойыны.

-Дымбілмес геометриялық фигуралар: шеңбер мен үшбұрыштың қандай екенін ұмытып қалыпты.

Оған геометриялық фигуралардың ішінен үшбұрышты тауып көк қарындашпен, ал шеңберді тауып қызыл қарындашпен бояуға көмектесейік.



Балалар жолақтарды қалай салыстырғанын бақылайды.

Қызыл және көк жолақшалардан алады.

Қызыл және көк жолақшаларды қатарластырып қойып салыстырады.

-Көк жолақ ұзын, қызыл жолақ қысқа

-Көк

-Қызыл


Тапсырманы орындайды.

Қысқа жолаққа бір атты, ұзын жолаққа көп атты қояды.

-Қысқа

-Ұзын


-Қызыл

-Көк


Қайталайды.

Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды.

Жұмбақты мұқият тыңдайды. Және шешуін табады.

-Пойыз туралы

Балалар екі пойызға қарап салыстырып, сұрақтарға жауап береді.
-Әртүрлі

-Аюдың пойызы қояндікіне қарағанда ұзын

-Аюдың

-Қоянның


-Ду-ду
Балалар шеңбермен үшбұрышты тауып бояйды.

Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетүшілік

Қорытынды (нысанды есте сақтауын бекіту)

-Аю қандай пойызбен келе жатыр?

-Ал, қоян қандай пойызбен келе жатыр?

Дымбілмес ұзын жолақты қысқа жолақтан ажырата білуді және геометриялық фигуралар; шеңбер мен үшбұрышты ажырата білуге үйреткендеріне балаларға рақметін айтып, қоштасады.


-Ұзын

-Қысқа


Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать: заттардың көлемін (ұзын-қысқа) .

Талапты болу/Иметь: көлемі бойынша қарама қайшы заттарды қалай салыстыруға болатынын.

Қолынан келу/ Уметь: геометриялық фигураларды белгілі бір түске қалай бояуға болатынын, заттарды бір-бірінің үстіне салу және жанастыру тәсілдері.
Тексерген: Шөкен М.С

«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні/Дата:26.02.2019ж.

Тәрбиеші/Воспитатель:Нұрланова Г.Н

Бөлімі/ Раздел : Сурет салу.

Тақырып/Тема: «Балапандар көк шалғында».

Мақсаты/Цель: Көк шалғындағы балапандар жайлы түсініктерін жетілдіру, сөздік корларын жетілдіру, қылкаламды пайдаланып, үзік сызықтарды қосу аркылы сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттер/Задачи: эстетикалық талғамын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздікжұмыс/Словарная работа: балапан.

Қостілділік/ Билингвальный компонент: балапан –цыпленок

Көрнекілік материал/Демонстрационный материал: Қылкалам, сурет дәптері бояулар, сүрткіштер.

Этапы деятельности

Іс-әрекеткезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешініңіс-

әрекеті

Действия детей

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық

Мәселелендіру (неденжасау, қалай, немен)

Тәрбиеші балаларға көк шалғында жүрген балапандар суреттерін көрсете отырып, сурет мазмұнын сұрап әнгімелетеді.

Тәрбиеші балалармен бірге (балапандар әнін айтады).

Сөздік жұмысын жүргізеді.


Балалар суретке карап әнгімелейді.

Бәрі бірге ән айтады.

«Балапандар», «көк шалғында» сөздерін бірнеше рет кайталап айтады.


Организационн-поисковый

Ұйымдастыру-іздеушілік

Негізгі бөлім:

- қайталау, бекіту (танымдық үдерісін дамытуға, ақыләрекеттәсілдерінқалыптастыруғаарналғанойындар)

- жаңа материал (көлеміжәне саны, пішіні, кеңістіктежәнеуақыттыбағдарлау)

- таратпалы материалмен жұмыс істеу


Тәрбиеші балалардың көк шалғында кұрттарды теріп жегені коңыздардың артынан куып жургені туралы әнгімелейді. Балаларға дайын сурет салынған дәптерді таратады.

Көк шалғындағы балапандар суретін өзі үзік сызықтарды кылкаламның ұшымен қосу арқылы салуды ұсынады. Қылкаламды бояуға батырып, ұшымен дөнгелек сызу аркылы балапан бейнесін салады.Тұмсықтарын ұшбұрыштап сызады, аяқтарын түзу сызықтар арқылы салады. Сары түсті бояумен сызықтың сыртына шығармай бояйды.



Сергіту сәті:

Табиғаты тамаша,

Көз тоймайды караса,

Табиғатты аялап,



Жүрейікші жараса.



Алдарындағы сурет дәптерінде берілген дайын суреттегі үзік сызықтарды кылкаламды бояуға батырып, ұшымен жүргізіп косады. Сары түспен дөнгелектерді сыртына шығармай бояйды.
Өлең жолдарына сәйкес кимылдар жажайды.


Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетүшілік

Қорытынды (нысанды есте сақтауын бекіту)

Балалардың калай сурет салғандарын, тапсырманы қалай орындағандарын ерекше атап өтеді, мадақтайды.


Балалар өздерінің еңбектеріне карап өз ойларын айтуға талпынады.

Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать: Үй құстарының , олардың балапандарының атауларын атай білуді.

Талапты болу/Иметь: Үй құстарының , балапандардың калай коректенетін, олардың пайдасын.

Қолынан келу/ Уметь: Бояуды пайдаланып үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуды.

Тексерген: Шөкен М.С

«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні/Дата: 27.02.19ж.

Тәрбиеші/Воспитатель: Нұрланова Г.Н

Бөлім/ Раздел : Дене шынықтыру

Тақырып/Тема: Әжейге қонаққа барамыз.

Мақсаты/Цель: еденнен екпінмен серпіле екі аяқпен зат үстінен секіруге үйрету.

Міндеті/Задачи: 1. Бір-біріне соқтықпай, тепе-теңдік сақтап , екпінмен серпіле заттың үстінен секіріп, сәл бүгілген аяқпен жұмсақ жерге қонуға үйрету; 2.Басты түсірмей, музыка ырғағына сәйкес би қимылдарын бірқалыпты, жұбымен келісе орындауға жаттықтыру; 3. Балаларды кішіпейілдікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс/Словарная работа: Жаттығу,ойындар.

Қостілділік/ Билингвальный компонент: жаттығу-упражнение,ойын-игры.

Құралдар/Оборудование: жаңбыр, шалшық макеті, әр балаға екі түсті резеңке, бір орамал; сыйлыққа бір үлкен орамал, биіктігі 10 см заттар, доптпр, ұзын жіп.

Этапы деятельности

Іс-әрекет кезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешінің іс-

әрекеті

Действия детей

Балалардың іс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық

Мәселелендіру (неден жасау, қалай, немен)

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Әжейге қонаққа барамыз».

-Әжемізге баратын жол ирелең жол. Шағын топпен жай жүру, заттарды айнала ирелең жолмен жүру. Қол бұлғап шеңбер бойы және және бытырап жүгіру. «Жаңбыр жауып кетті. Аяғымызды сулап алмау үшін аяқты жоғары көтеріп , шалшықтардан секіріп өту керек. Асығайық , асығайық, жаңбырдан қашып құтылайық» - жүгіру, қолдың басын айналдыра қол бұлғап, бытырап жүгіру. Сапқа тұру, көрнекі бағыт бойынша түзелу.


Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

- заттарды айнала ирелең жолмен жүреді.


-аяқты жоғары көтеріп , шалшықтардан секіріп өтеді.

Организационн-поисковый

Ұйымдастыру-ізденушілік


Жалпы дамыту жаттығулары.

Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.



Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары:

-Екі аяқпен зат үстінен секіру (биіктігі 10 см)

-Диаметрі 15 см допты қос қолмен бастан асыра жіп арқылы лақтыру.

Қимылды ойын.«Шалшық арқылы».

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Педагог көрсеткен жаттығуларды бұлжытпай орындайды.
Ойынға жаппай қатысады.


Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетүшілік

Қорытындылау.

Қатты қимылмен қолын түзулей отырып, екі қолмен кеуде тұсынан доп лақтыруға жаттықтыру.


Балалар ойынға жаппай қатысады.




Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать: екі аяқпен зат үстінен секіруді ( биіктігі 10 см); диаметрі 15 см допты қос қолмен бастан асыра жіп арқылы лақтыруды;

Талапты болу/Иметь: жаттығулардың маңызын ;

Қолынан келу/ Уметь: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқұяттылық тәрізді сапаларды.
Тексерген: Шөкен М.С


«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні/Дата: 27.02.19 ж.

Тәрбиеші/Воспитатель: Нұрланова Г.Н

Бөлімі/ Раздел : Тіл дамыту.

Тақырып/Тема: Көктем келді (сұрақ жауап).

Мақсаты/Цель: Көктем мезгілімен таныстыру.

Міндеттер/Задачи: 1.Педагогтің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылынады, құстар ұшып келеді), сөз тіркестерін құрастыруға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. 2.Балалардың сөздік қорларын молайту. 3. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс/Словарная работа: бәйшешек, бүршік, көктем.

Көрнекілік материал/Демонстрационный материал: №31 демонстрациялық материалмен жұмыс (көктем көрінісі суреті).

Этапы деятельности

Іс-әрекет кезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешінің іс-

әрекеті

Действия детей

Балалардың іс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық


Ұйымдастыру кезеңі.

Жылулық шеңбері: «Көктем келді».

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты,

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай көңілді!

Педагог балаларға жылулық шеңберіне сәйкес қимылдар көрсетеді.


Балалар жылулық шеңбер бойына тұрып өлеңді қайталайды, қимылдар жасайды.



Организационно-поисковый

Ұйымдастыру-іздеушілік

Негізгі бөлім:

- көркем шығарма оқу,

- әңгімелесу ( кейіпкерлерді сипаттау)

- драматизациялау,

- жаттау


Кіріспе әңгіме.

Көктем ғажайыптары туралы әңгімелесу. Педагог балаларға қарлығаш құс хат әкеп бергенін айтады, онда шағын ертегі бар екенін айтып әңгімелейді.

Әлемде 4 жыл мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз өмір сүріпті. Олар тату-тәтті тұрыпты. Жылды кезекпен басқарыпты. Бір күні қыс өзін ең бастымын деп санап, көктемге орын бергісі келмепті. Көктем еш мұңаймай, менде суықты жеңетін күнім бар деп, оны жеңіпті. Ал қыс өзінің қателігін түсініп, көктем мен қыс және қалғандары да тату-тәтті өмір сүріпті.

Сөздік жұмысы:

Көктем.

Сергіту сәті:

Музыка ырғағымен қимылдар жасау.

31 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Суреттердің орнын тап!» ойыны.

Шарты суреттердің орнын тауып жабыстыру.


Жеке жұмысты қажет ететін балаларға көктем мезгілі ерекшеліктерін қайталату.

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

Көктем мезгілінің ғажайыптары туралы әңгімелейді.

Ертегіні мұқият тыңдайды.

Арасында қойған сұрақтарға жауап беруге тырысады. Әрбір жауаптарды естеріне сақтап отырады.Біреуді қорлау жаман қасиет екенін біледі.

Қайталайды: көктем.

Әртүрлі әуенге би қозғалыстарын жасайды.

Ойынға жаппа қатысады.

Суреттердің орнын табады да, жабыстырады..

Суреттер: құс, күн, ұя.




Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетүшілік

-Балалар, біз суреттен не көрдік?

-Көктемде құстар қай жақтан ұшып келеді?

-Ағаштарда не өседі?

Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать: қойылға сұрақтарды мұқият тыңдап, оларға толық жауап беру тапсырмасын;

Талапты болу/Иметь: сөздердегі дыбыстарды дұрыс айту үшін дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығуларды мүлтіксіз орындау керектігін;

Қолынан келу/ Уметь: көктем туралы ойларын еркін жеткізе білу іскерліктерін.
Тексерген: Шөкен М.С

«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні/Дата: 28.02.2019 ж.

Тәрбиеші/Воспитатель:Нұрланова Г.Н

Бөлімі/ Раздел : Жаратылыстану

Тақырып/Тема:Көктем.

Мақсаты/Цель:Көктемнің маусымдық белгілері туралы түсіндіру. Көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстардың пайдасын түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.

Міндеті/Задачи: Әр мезгілдің ерекшеліктерін білдіру арқылы табиғатты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс/Словарная работа:бәйшешек.

Билингвальный компонент/қостілділік:көктем белгісі-приметы весны, қарлығаш-ласточка.

Көрнекілік материал/Демонстрационный материал: көктем суреттері, қыс және көктем мезгілдерінің және ұзақтың суреттері, хат.

Этапы деятельности

Іс-әрекеткезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешініңіс-

әрекеті

Действия детей

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық


Шаттық шеңбері:

-Балалар, мына бір тамшы әуенді тыңдап, бір-бірімізге күлімсірейік.

Бүгін күн ашық, жылы екен. Өйткені көктем келді. Қандай ғажайып күн! Релаксация сәті («Көктем үні» үнтаспадан ойналады).


Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне күлімсіреп қарайды.

Құстардың сайраған дауыстарын, сылдырап аққан судың, жаңбырдың дауысын тыңдайды.



Организационно-поисковый

Ұйымдастыру-іздеушілік

Негізгібөлім:

- көркемшығармаоқу,

- әңгімелесу( кейіпкерлердісипаттау)

- драматизациялау,

- жаттау


1.Білімді өзектендіру.

-Балалар, қараңдаршы, мен орманда қандай фотосурет жасап келдім. Неге орман өзгеріп кеткен? Қалың қар қайда кеткен?

-Шынымен де қар еріп кеткен. Қазір қай жыл мезгілі?

2.Көктем жәнеоның белгілері туралы әңгіме.



Көктем белгісі-приметы весны.

-Мына суреттердің ішінен көктем мезгілі бейнеленген суреттерді таңдап алыңдар. Көктем мезгілі екенін қандай белгілері арқылы білдіңдер?


-Дұрыс айтасыңдар. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады, жылыжел соғады.

Бәйшешек-қар астынан қылтиып шығатын көктемнің алғашқы гүлі.

3.Қостілділік:көктем белгісі-приметы весны, қарлығаш-ласточка.


4.Сергіту сәті:

Көктем келді бүгін,

Күнім төккен нұрын.

Сайрап барлық құстар

Ән салуға құштар.

5.Балалар бізге көктем жаршысы – жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі-қарлығаш. (Суретін көрсетеді). Ол әлемге көктемнің келетінін хабарлап жүр. Біз оған көктемнің суреттерін жинап, қоржынына салып берейік.




Суретті қарастырып, сұрақтарға жауап береді, мезгілдік өзгерістерді атап өтеді.
Көктем бейнеленген суреттерді алып, сол бойынша әңгімелейді.

-Ағаштар бүршік атып тұр. Жер жап-жасыл шөп. Қар еріп кеткен.

-Бәйшешектер шыққан.

-Жаңбыр жауады.


Қайталайды:көктем белгісі-приметы весны, қарлығаш-ласточка.
Сергіту сәтін орындайды.

Суреттердің ішінен көктем бейнеленгендерін таңдап алады.



Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетүшілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.


Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.



Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать: көктем мезгілінің ерекшеліктерін;

Талапты болу/Иметь: көктем мезгіліне деген сүйіспеншілікті;

Қолынанкелу/ Уметь: көктемде қар еритінін, күн жылитынын, табиғаттың біртіндеп оянатынын.
Тексерген: Шөкен М.С

«Бөбек» екінші кіші тобының балалары үшін ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні/Дата: 01.03.2019ж.

Тәрбиеші/Воспитатель:Нұрланова Г.Н.

Бөлім/ Раздел :Дене шынықтыру

Тақырып/Тема: «Бақалар».

Мақсаты/Цель: Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Доғаның астымен өрмелеу. Тақтай бойымен тепе-теңдік сақтап жүру.

Міндеті/Задачи: қарқынды екпінмен жүгіруге жаттықтыру, қол мен аяқты үйлесімді қимыл жасау, ептілік дағдыларын дамыту. Музыка ырғағына сәйкес бейнелі қимыл жасау.

Сөздік жұмыс/Словарная работа: Жаттығу,ойындар.

Қостілділік/ Билингвальный компонент: жаттығу-упражнение,ойын-игры.

Құралдар/Оборудование: ойын атрибуттары.


Этапы деятельности

Іс-әрекеткезеңдері

Действия

воспитателя

Тәрбиешініңіс-

әрекеті

Действия детей

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивационно-побудительный

Себепті-оятушылық

Мәселелендіру (неденжасау, қалай, немен)

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады:
Бір-бірден саптізбекке, зал бойымен бытырап жүру.Жеңіл жүгіріс. Бір-бірден саптізбекке тұру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.
Саптізбекке тұрып жүреді, жүгіреді және аюдың жүрісін келтіреді.

Организационн-поисковый

Ұйымдастыру-ізденушілік


Жалпы дамыту жаттығулары.

Шеңбер бойы тұрғызып , жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.

Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.

Негізгі қимыл- қозғалыс жаттығулары:

- Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру.

-Доғаның астымен өрмелеу.

-Тақтай бойымен тепе-теңдік сақтап жүру.

«Үш аю» қимыл-қозғалыс ойыны.


Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, ойынға жаппай қатысады.



Рефлексивно-коррегирующий

Қорытынды – түзетүшілік

Қорытындылау.

Қимыл-қозғалысы аз ойын: «Тиінге бүршік , жаңғақ, саңырауқұлақ бер».




Балалар ойынға жаппай қатысады.

Педагогтің айтқанын бұлжытпай орындайды.




Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білуі керек/ Знать:алақанмен тізеге тіреле , тура бағытта еңбектеуді.

Талапты болу/Иметь: берілген белгіге көңіл аударып, қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау керектігін .

Қолынан келу/ Уметь: жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.

Тексерген: Шөкен М.С

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет