«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде



бет6/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,47 Mb.
#883
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.Сайф Сарай қай дәуірде өмір сүрген?

2.Сайф Сарайдың бізге жеткен қандай еңбегі бар?

3.«Гүлістан бит-түрки» шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген түркітанушы

ғалым кім?

4.«Гүлістан бит-түрки» неше тараудан тұрады?



Әдебиеттер:

1.Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

2.Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

3.Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

4.Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

5.Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

6.Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.

7.Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

8.Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

9.Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

10.Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

11.Қонырытбаев Ә. «Қазақ эпосы және түркология» А; – 1987 ж.

12.Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

13.Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері» А –1967 ж.

14.Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.

15.Ақыжанов М. «Қазақтың тегі туралы» А – 1962 ж.

Дәріс 13 Әбілғазы Баһадүрхан «Шежіре и түрік» (« Түрік шежіресі»)

Дәрістің мақсаты: « Түрік шежіресінің» көркемдік сипатын,компазициялық құрылымы

мен әдеби құндылығын, зерттелуі мен насихатталуын меңгерту.



Жоспар:

1. Әбілғазы Баһадүр ханның өмірі.

2. «Түрік шежіресінің» жазылу тарихы туралы.

3. . «Түрік шежіресінің» баптары.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Әбілғазы Баһадүр хан түркі халықтарының ежелгі шежіресін жазған ғұлама-тарихшы, есімі мәшһүр шежіреші, Хиуа ханы болған.

Әбілғазының әкесі Арабмұхамед, Дешті Қыпшақтың ханы, Жошы ұрпақтарының бірі болып келеді. Ал анасы Мейірбану Арал теңізі маңайын мекен еткен қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы.Әбілғазы Үргеніш қаласындағы Арысхан медресесінде оқып, шығыстың аса білікті ғалымдарынан әлем тарихы, поэзия, мемлекетті басқару мен әскери өнері, т. б. бойынша дәріс алады. Ол есейіп, ер жеткен шағында өзі туралы: «Құдай тағала мырзалық қылып маған біраз нәрсе берген, мен әсіресе үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі - әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі: атты әскер мен жаяу әскерді аз не көп болғанда шабуылға қалай алып шығу, достарыммен де, дұшпандарыммен де сөйлесе білу; екіншісі – ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 43-беті

сақтай отырып, түркі тіліңде месневи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара білу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; үшіншісі - бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Монғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу» - деп жазды .

Арабмұхамед хан қартайған шағында оның балалары арасында таққа таласу күресі басталып, билікке талас ұзаққа созылып кетеді. Осындай қарулы қақтығыстардың бірінде Әбілғазы қатты жарақаттанады. Бауырларының қолына түссе өлетінін сезіп, ол Әмудариядан жалғыз жүзіп өтеді де, төніп тұрған ажалдан қашып құтылады.Жалпы Әбілғазы жастайынан батыл, ер жүрек, қайсар мінезімен көзге түседі. Сол үшін оның есіміне «Баһадүр», яғни «батыр» сөзі қосып айтылатын болған.

Әбілғазы өз басына өлім қатері төнген кезде қазақ әміршілері Есім хан мен Тұрсын ханды паналауға мәжбүр болады. Ақыры ағалары 1628 жылы Әбілғазыны алдап қолға түсіріп, оны Иранға айдатып жібереді. Сөйтіп Әбілғазы өз өмірінің он жылын Исфахан қаласында өткізеді. Бұл тұтқыннан қашып құтылған Әбілғазы біраз жыл бойы түрікмен және қалмақ ауылдарыңда бой тасалап жүреді.

Арал қазақтары 1645 жылы Хиуа хандығына қарсы көтерілісте жеңіске жетіп, Әбілғазыны - Хиуа ханы деп жариялайды. Әбілғазы хан тағында отырған жылдары көптеген игілікті істер жасайды. Ол алпыс жасқа келгенінде хандық билікті баласы Ануш Мұхамедке беріп, енді өзі ата-бабаларының шежіресін жазуға кіріседі. Сонымен, «Түрік шежіресінің» жазылу тарихы туралы Әбілғазы: «Бұл тарихты жазуды бір кісіге тапсыралық деп ойлап едік, лайықты кісі таппадық. Сондықтан «Жетім өз кіңдігін өзі кесер» дегендей, өз тарихымызды өзіміз жаздық. Адам атадан бұл кезге шейін, есебін бірқұдайдың өзі біледі.Патша, бірде-бір әмір, бірде-бірауылды билеуші өз тарихын өзі жазған емес. Ешкім жазуға бата алмаған бүл кітапты жазғанда мен пақыр жалған айтуды не өз кемшілігімді жасыруды мақсұт еткен екен деп ойлай көрмеңіздер»,- деп жа- зады.Әбілғазыжазғанекі шежіресақталып, бүгінгі күнгежеткен. Олардың бірі - «Түркімен шежіресі», ал екіншісі - «Түрік шежіресі» деп аталады.

«Түрік шежіресінде» Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен қыпшақ даласыңда, Таяу Шығыста болған сан қилы тарихи оқиғалар жүйелі түрде баяндалады. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары шежіресін сөз ете отырып. Әбілғазы негізінен түркі тектес халықтардың тарихына көбірек назараударған. Кезінде академик Х. Френ «Түрік шежіресін» аса жоғары ғылыми еңбек ретінде бағалай келіп, бұл шежіре «Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс»деп жазған болатын.

«Түрік шежіресі» XIX ғасырда-ақ неміс тіліне (Шенстрем), одан француз тіліне, бертін келе орыс тіліне (Тредиаковский) аударылып, бірнеше рет Еуропада жеке кітап болып басылып шықты. Бұл шежіренің орыс тіліне тәржіма жасалып, кітап болып шығуына кезіңде Ресейдің атақты графы Н. И. Румянцев тікелей өзі қамқорлық жасағаны мәлім.

Қазақ халқының көне тарихына әдебиеті мен мәдениетіне тікелей қатысты түрлі жазба жәдігерліктер ішінен «Түрік шежіресі» ерекше орыналады. Бұл шежіре тоғыз баптан (тараудан) тұрады. Шежіренің 1,2-баптары Адам атадан бастап Шыңғысханға дейінгі оқиғалар. 3,6-баптарында әлем әміршісінің Үкідай, Шағатай,Толы деген

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 44-беті

ұрпақтарының Мауераннахр, Иран, Қашқар жерінде билік жүргізуі, ал 7,9-баптарында Жошы хан және оның ұрпақтарының Дешті Қыпшақта,Тұранда, Қырымда,Мауренахрда, Хорезм деп патшалық етуінің тарихы баяндалады. Әбілғазы шежіресіңде қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың ежелгі тарихы, олардың байырғы әдет-ғүрпы, салт-санасы, мәдениеті. өнері. т.б туралы көптеген құнды деректер бар.«Түрік шежіресі» күні бүгінге дейін тек тарихи мұра ретінде ғана қаралып келді. Ал кезінде ол тек шежіре ғана емес, сонымен бірге өз дәуірінің көркем туындысы саналған.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.Әбілғазы Баһадүрханның шежірені өзі жазуының себебі қандай?

2.«Түрік шежіресінің» жазылу тарихы туралы Әбілғазы хан не деп айтады?

3.«Түрік шежіресінде» не туралы баяндалады?

4. «Түрік шежіресі» неше тараудан тұрады?

5. Шежіренің қазақ әдебиетіне қандай қатысы бар?



Әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

  4. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  5. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  6. Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж.

  7. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

  8. Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

  9. Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

  10. Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

  11. Қонырытбаев Ә. «Қазақ эпосы және түркология» А; – 1987 ж.

  12. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

  13. Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері» А –1967 ж.

  14. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.

  15. Ақыжанов М. «Қазақтың тегі туралы» А – 1962 ж.


Дәріс 14 Қадырғали Жалаири «Жәми - ат Тауарих»

(Шежірелер жинағы)

Дәрістің мақсаты: Шежірелер жинағының көркемдік сипатын,компазициялық құрылымы мен әдеби құндылығын, зерттелуі мен насихатталуын түсіндіру.

Жоспар:

1.Қадырғали Жалаири өмірі

2.«Жәми – ат Тауарих» еңбегі

3.«Оразмұхаммед хан дастаны» бөлімі



Дәрістің қысқаша мазмұны

Қадырғали Қосымұлы Жалайри (1555 - 1607) – қазақтың ғұлама – тарихшысы, қоғам және мемлекет қайраткері. Ата бабасы Қарахан әулеті билік жүргізген кезден бері ұдайы ханның кеңесшілері, уәзірлері, әскери басшылары болып, аса маңызды мемлекеттік қыхметтер атқарып келген. Қадырғалидың әкесі Қосым кезінде бек дәрежесінде болып, ал атасы Темшік майдандағы ерлігі үшін батыр атанғаны мәлім.

Қадырғали Жалайри алғашында хан ордасында қызмет етіп, ханның кеңесшісі, хан балаларының тәрбиеші – ұстазы болды. Қалмақ шапқыншылығы кезінде Шығай ханның баласы (Тәуекел ханның інісі) Ондан сұлтан қаза табады. Қадырғали Қосымұлы әкесіз қалған он үш жасар Ораз- Мұхаммедті ертіп алып, бүкіл ауыл аймағымен Сібір ханы Көшімнің қарамағына көшіп барады. Көшім хан Қадырғалиды бірден төбе – би етіп


ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 45-беті

сайлайды. Қосым би үнемі Ораз – Мұхаммедтің жанында болып, оны өз баласындай тәрбиелеп өсірді.

Қадырғали Жалаири - Шығыс тарихы мен әдебиетін, мәдениеті мен салт-санасын терең меңгерген, араб және парсы тілдерін жетік білетін зиялы, ғұлама жан болған. Оның даналығы мен ғалымдығына көзі жеткен Көшімхан көп ұзамай - ақ Қадырғалиді өзіне кеңесші би етіп алады. Кейінірек ол Көшім ханға қарсы шығып, Сібір князы Сейдақтыңда ақылгөй - кеңесші билерінің бірі болады.

Қадырғали Қосымұлы, Ораз-Мұхаммед және Сейдақ - үшеуі бірге жиі -жиі аңға шығып, серуеңцейтін болған. Осыңдай күңдердің біріңде (1588 жылы) Ертіс өзені бойында саятшылық құрып жүрген осы үш қазақты Сібір воеводы Д. Чулков әдейі аңдып жүріп қапылыста тұтқындайды. Сосын үшеуінде үй – ішімен «аманат» ретінде Мәскеуге - патша сарайына жібереді.

Сонымен, Қадырғали Жалаири 1598 жылға дейін Мәскеуде патша сарайында тұрды. Ал Ораз - Мұхаммед Ресейдің 1590 - 1591 жылдардағы Қырым хандығына, шведтерге қарсы соғыстарына білікті әскери адам ретінде қатысып, сан рет ерлік көрсетті. Адалдығы мен ерлігі үшін сол кездегі орыс патшасы Федор Иванович (Иван Грозныйдың баласы) 1592 жылы Ока өзені бойындағы Қасым хандығынан Ораз - Мұхаммед сұлтанға арнайы жарлықпен жер бөліп берді. Ресей патшалығы кезінде Қазан хандығына қарсы күрес жүргізу мақсатымен Ока өзені бойынан «Касымовское царство» («Қасым патшалығы») деп аталатын князьдық құрғаны мәлім. Алғашқы ханы Қасымның есімі бойынша князьдық осылай аталып кеткен. Орталығы Кермен қаласы болды. Ресей құрамындағы «Қасым патшалығын» қыпшақ хандарының әулеттері билеп келді.



«Жәми – ат Тауарих» еңбегі. Орыс патшасы Борис Годунов 1600 жылы өз жарлығымен Ораз- Мұхаммедті осы Қасым хандығының ханы етіп қойды. Сол жарлығымен патша Ораз - Мұхаммедке төрт уәзір тағайындаған болатын. Соның бірі Қадырғали Жалаири еді. Орыс патшасы Борис Федорович Годунов Мәскеуде Ораз - Мұхаммедке қандай зор қошамет - құрмет көрсеткенін тарихшы Қадырғали Жалаири өзінің «Шежірелер жинағында» егжей-тегжейлі баяндаған.

Сөйтіп, 1600 жылы ғана Қадырғали Жалаири тікелей ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік алды. Сол жылы «Қасым патшалығында» ол өзінің «Жәми ат-тауарих» («Шежірелер жинағы») атты тарихи еңбегін жазуды бастап, оны 1602 жылы толық жазып бітті. Бұл кітап сол кездегі дәстүр бойынша орыс патшасы Борис Годуновқа арналды.

Қадырғали Жалаиридің бұл еңбегін Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жайындағы, сондай - ақ Қазақ хандығы туралы шежіре деуге болады. Алайда «Шежірелер жинағының» алғы сөзінде атап көрсетілгендей - ақ, «Қазақстан тарихы үшін аса маңызды бөлігі - 3-ші, яғни бұрын - соңды ешқандай автордың еңбегіндежазылмаған тың тарихи мәліметтер берген соңғы бөлімі. Ол тоғыз дастаннан тұрады. Олардың сегізі Шыңғысхан ұрпақтарының ішінде Қазақстан тарихына қатысы бар хандар - Ұрысхан, Тоқтамыс, Темір-құтлық Ұрысханұлы, Қажы-Керей,

Қажы-Мқхаммед, Әбілқайыр, Жәдігер, Ораз-Мұхаммед жене басқаларға арналса, бір дастан Алтын Орда тарихыңдағы ірі тұлға Едіге биге арналды».

«Жами-ат тауарих» сол дәуірдің дәстүрі бойынша әдеби түркі тілінде жазылған. Соған орай, автор қазақ тілінің зор мүмкіндіктерін, ғажайып теңеулерін, айшықты сөз тіркестерін, мақал - мәтелдерін, нақыл - ғақлия сөздерін шынайы қаламгерге тән шеберлікпен пайдалана білген. Мұнда қаламгер қара сөздің өзін жыр – толғауға ұқсатып, жиі - жиі қайталанып отыратын ырғақпен айтады.

Қадырғали Жалаири шығармасының көркемдік дәрежесін, әдеби құнын дәлелдеу үшін шежіреден бір ғана мысал келтірейік. «Жами ат- тауарихта» орыс патшасы Борис Годуновқа арналған мынадай мадақтау жолдары бар: «Жумләт алькристиан падша хазратлари Ба- рис Федурауч улұғ ақхан дур... айналасы алты хан, тегүрегі төрт хан, дүнианың төрт бурчын биләгән хан, халайқын адллік білән сургән хан, иәтім ләр гә рахим



ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 46-беті

қылып, чығай лар на тойдырған хан, қыш уа йаз, ай уа йыл хазина да бар малын хақ йолында ихсан қылған хан, йеті иқлым кәшур ны алғанхан» .

Міне, осы мадақтау өзінің композициялық қүрылымы тұрғысынан сол кездегі жыраулар поэзиясын еске түсіреді. Мұнда қара сөздің өзі бейне бір жыр - толғау секілді ырғақты, ұйқасты болып келеді. Автор белгілі бір сөздерді немесе тұтас сөз тіркестерін рефран ретінде бірнеше рет қайталап айту арқылы осы ұғымдарға оқушы назарын көбірек аударып отырады.

Бұл секілді сөз қайталау әдісін кезінде қазақ жыраулары жиі қолданған. Мәселен, Қазтуған Сүйінішұлы өзінің біртолғауында «туған жер» деген мағынада қолданылған «жұрт» сөзіне ерекше екпін беріп, қайталап отырады:

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ағала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш,

Күйеу болып барған жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт,

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт.

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір - қоңымды жуған жұрт,

Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт.

Сонымен, «Жами ат - тауарих» тарихи тақырыпқа жазылған ғылыми еңбек қана емес, сонымен бірге өз дәуірінің әдеби дәстүрінде өмірге келген, көркем сөз үлгілерін шеберлікпен пайдаланған туынды деуге болады.

«Оразмұхаммед хан дастаны» бөлімі. Енді «Жами ат-тауарих» туралы толық түсінік алу үшін Қадырғали Жалаири шежіресінің «Ораз - Мұхаммед хан дастаны» деп аталатын бөлімін оқып көрелік: «Ораз – Мұхаммед Оңдан Сұлтанұлы, Шығайханұлы, Жәдікханұлы, Жәнібекханұлы, Барақханүұлы, Құйыршықханұлы, Ұрысханұлы туралы дастан.

Ораз - Мұхаммед ханның барлық ата - бабалары, туыстарымен бір дастанда жазылды. Өйткені Ұрыс ханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын еді. Ол жайлы да бұрын айтылып өткен еді.

Жәнібек ханның оғландарын (ұлдарын) бұл заман тағы еске түсіреміз. Оның ұлдарынан немерелеріне дейін тарқалып, көп ұрпақ өсіп - өңді. Бірақ олардың әрбірі бір ұрық болып өз уәлаяттарында патшапық құрып билеп өтті. Соңдықтан атақ - даңқы осы заманға дейін белгілі мәшһүр болды.

Ең алдымен айтылатыны Қасым хан - Жаған бегімнен туған еді. Біраз жылдар бойы атасы басқарған ұлысыңда патшалық құрды және өз тұсында әр тараптағы уәлаяттарды бағындырды. Оның хикаясы әр жерде айтылады, сондықтан мәлім, мәшһүр болды. Ақырында Сарайшықта дүние салды. Бұл күндері оның қабірі Сарайшықта жатыр. Оның ұлы Хақназар хан Ханық сұлтан - ханымнан туған еді. Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған. Бұл күндері оның ұлдарынан патшалық тайды.

Қамбар сұлтан әрқашанда Қасым ханмен бірге болды, оның әскерлерінің бас қолбасшысы болды. Оның ұрпақтарының ешқайсысы патшалық құрмады.

Үсек хан. Оның ұлы Болат сұлтан еді. Оларға да патшапық тимеді. Ақыр аяғында Болат сұлтан өз ұлдарымен ноғай соғысында шаһит болды.

Жәдік хан. Қасым хан заманында белгілі еді. Шағым мырзамен соғысып, Жыланды төбеде бір ұлымен бірге шаһит болды. Оның қабірі Үргеніштегі Бақырған атада жатыр. Сонда жерленген еді. Жәдікханның көптеген әйелдері мен күндері болды, оның балалары да көп еді. Оның аса әйгілі даңқты ұлдары: Тоғұмхан, Бөкейсұлтан, Шығай хан, Мәлік

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 47-беті

сұлтан. Соңғы екеуінің шешесі Абайқан бегім еді. Тоғұм хан, оның ұлдары «тоғыз сары»деп аталады. Мәлік сұлтанның баласы Башыбек сұлтан тоғыз сарымен бірге Жағат уәлаятының шекарасында шаһит болды, әйгілі әрі даңқты отыз жеті сұлтан шәйіт болды...

Алайда Бөкей сұлтаннан ұрпақ болмады. Ал Бауыш - Бұйдаштың баласы Әдік сұлтанеді, оның ұлы Бұйдашхан болатын. Әдіксұлтан балаларын Бесұл [Беш оғул] деп атайды. Бұйдаш хан Барақ Дәуріш ханмен соғыста өлді. Сонда Бұйдаш ханмен бірге түгелдей Бес ұл ұрпақтары 24 сұлтан қаза болды.

Бес ұлға патшалық тимеді, алайда бірнеше ұлдары уәлаяттарда кіші хан болды, бірақ аты шығып, әйгілі болғаны жоқ.

Бұрындықхан. Оның ұрпақтары мәртебеден түсіп қалды.Ахмед хан, өзбекияда Ахмат хан деп атайтын еді, ол да біраз уақыт хан болды. Шейдақ бекпен болған шайқаста шаһит болды. Орақ мырза шаһит қылды.

Таһирхан болды. Біраз күн хандықты биледі, онша ұзақ патшалықты билемеді.Ондан сұлтан туралы хикаялар көп жерде кездеседі. Ол ержүрек батыр, садақ атудыңда керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті. Шығай хан тұсында әскерлердің бас қолбасшысы болды. Ол туралы тарихта көптен белгілі. Ақырында қалмақтармен шайқаста 30 жасқа келген жігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Йассауи рахмет алла алейһидің қасында жерленді.

Оның әйелдері мен күңдері өте көп еді. Ол көп уәлаяттарды бағындырып, өзіне қаратты. Оның әйгілі, үлкен екі ордасында туған балалары мыналар: Алтынханым - Үсекханның баласы Болат сұлтанның қызы еді. Одан ислам падишаһы һәм сұлтаны Ораз - Мұхаммед хан туды, Тәтті ханым туды.

Чүйім ханым Бұрындық ханның баласы Кемсін сұлтанның қызы еді. Одан Көжек сұлтан туған еді. Ол ислам патшасы Тәуекел ханның әскер басшысы болып тұр. Ол сол уәлаятта әлі күнге дейін өмірсүріп жатыр.

Ораз - Мұхаммед хан сегіз жасында өзінің атасы Шығай ханнан айрылды. Оның үстіне он үш жасыңда өз әкесі Оңдан сұлтан шаһит болды. Одан соң және бірқанша уақыт таршылық көріп, Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті.

Он алты жасында бүкіл христиан падишаһы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды.

... Барлық үлкен-кіші, акбар молда және құдайға қараған барлық ислам жамағаты хазіреттері түгел қатысып, дұға қылды. Одан кейін қарашылары, аталық емелделері хазіретінің үстіне нисарлар қылды. Барлық қатысушылар хан хазіреттеріне құрметпен бас иді. Неше күнге дейін ол ай өткенше күндіз - түні мейрамдап, ол заманда үлкен тойлар жасады. Бал мен ішімдікті есепсіз берді. Жылқы мен қой, сиыр көп сойылды. Өте көп адам жиналды. Әрқайсысына өздеріне лайықты орын даярлады. Молла мен хафиздерге, жетімдерге, тұл мен бейшараларға, кедейлерге, құлдарға қайыр - садақа берді. Пенделерді тұтқыннан босатып алып, азаттық берді.



Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.Қадырғали Жалайридің өмір сүрген жылдары?

2.«Жами-ат тауарих» қай тілде жазылған?

3.«Оразмұхаммед хан дастаны» бөлімінің негізгі сюжеті?



Әдебиеттер:

  1. Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.

  2. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»

  3. Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.

  4. Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.

  5. Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.

  6. Бабыр «Бабырнаме» /ауд. Б. Қожабекұлы/ А., 1993ж.

  7. Дербісалиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» А; – 1995 ж.

ПОӘК 042-18-29.1.7/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

68беттің 48-беті




  1. Жолдасбеков м. «Асыл арналар» А; – 19986 ж.

  2. Диваев Ә. «Тарту» А; – 1992 ж.

  3. Қоңыратбаев Т. «Көне мәдениет жазбалары» А; – 1991

  4. Қ. Жалаири «Шежірелер жинағы» /ауд. Н. Мичугуров, Б. Комеков, С. Өтениязов/ А., 1997ж.

  5. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр, аңыздар» А – 1985 ж.

  6. Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері» А –1967 ж.

  7. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы» А –1988 ж.


Дәріс 15 ЗахириддинМұхаммед Бабыр « Бабыр-наме»

Дәрістің мақсаты: «Бабыр-наменің» көркемдік сипатын,компазициялық

құрылымдары мен әдеби құндылығын меңгерту.



Жоспар:

1.Захириддин Мұхаммед Бабыр-көпнекті мемлекет қайраткері.

2.« Бабыр-наменің» құрылысы мен мазмұны.

3.Қазақ халқы мен « Бабыр-наменің» байланысы. Аудармасы.

4.« Бабыр-наменің» көркемдік ерекшелігі

Дәрістің қысқаша мазмұны

Захириддин Мұхаммед Бабыр-көпнекті мемлекет қайраткері.

Захириддин Мұхаммед Бабыр-көпнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, ғажайып өлең-жыр жазып кеткен ғұлама ақын, тарихшы. Ол 1483 жылы 14 ақпанда Әндіжан қаласында туылған. Жастайынан өнерге, білімге өнерге құштар болған Бабыр түркі тілдерімен қатар араб және парсы тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың классикалық поэзиясынан еркін сусындаған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары бойынша, сәулетшілік және соғыс өнерті бойынша өз заманына лайықты едәуір білім алған жан. Ержүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр ( арабша «бабур»-«арыстан» деген сөз) деп атап кеткен.



« Бабыр-наменің» құрылысы мен мазмұны

Бабырдың есімін әлемге паш еткен шығармасы- «Бабыр-наме». Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде-шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде –XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар баяндалады. Ол кезде «Кабул-уәлаяты»» деп аталатын , қазіргі Ауғанстан территориясындағы маңызды тарихи оқиғаларды екінші бөлімінен оқуға болады.Үшінші бөлімінде солтүстік Индиядағы саяси оқиғаларды, елдің оқиғасын, географиясын, табиғатын, халқын, әдет-ғұрпын, салт-санасын т.б. көркем тілімен бейнелеп көрсетуге арналған. Бұл еңбек жайында автор былай дейді: «Мұнда жазылғанның бәрі ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадай шарт қойдым: әрбір оқиға қалай болғанын-дәл осылай етіп жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық болсын. Сондықтан, өзімнің туысқандарымның жақсы жақтарын да , жаман жақтарын да жасырмай айттым. Өзіме жақын жандардың да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім...»



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет