Екі дос ұрысып қалады. Бірінші дос барлық таныстарына екіншісі туралы жаман сөздер тарата бастайды



Дата13.12.2019
өлшемі15,58 Kb.
#53551
Байланысты:
бастауш
Fizika p 1241 ninen test s 1201 ra 1179 tary klyuchpen, оқыту педагогика, Документ Microsoft Word (2), Тақырыбы Қоректік орталарды дайындау, Тақырыбы Қоректік орталарды дайындау
Жаман сөздер.

Екі дос ұрысып қалады. Бірінші дос барлық таныстарына екіншісі туралы жаман сөздер тарата бастайды.

Біршама уақыт өткен соң, бірінші достың ашуы басылып, ол өзінің қателескенін түсінеді. Ол досына келіп, одан кешірім сұрай бастайды.

Сонда екіншісі айтады:

- Жарайды! Мен сені кешіремін. Тек бір шартпен.

- Қандай?

- Жастық алып кел де, оның барлық қауырсындарың желге шығар.

Бірінші дос жастықты жыртып жібергенде, оның қауырсындары бүкіл ауылға шашырайды. Өзіне риза болған дос:

- Тапсырман орындалды. Мені кешірдің бе?

- Егер сен барлық қауырсындарды қайтіп жастыққа жинасан, кешірем.

- Бірақ барлық қауырсындарды жинау мүмкін емес қой.

- Ауылдың түкпір-түкпіріне тараған жаман сөздерді де кері жинау мүмкін емес, - деп жауап береді екіншісі.


Сауда әдісі туралы әңгіме

Бірде базарда телпек киіп алған шал қарбыз сатып тұр екен. Қарбыздың үстіндегі белгіде: "Бір қарбыз - 3 теңге. Үш қарбыз - 10 теңге" деп тұр екен.

Бір ер бала келіп, үш теңгеге қарбыз сатып алады… тағы бір үш теңгеге қарбыз сатып алады . . . Сосын тағы үш теңгеге қарбыз алады… Қоштасарда ол сатушыға қуанышты дауыспен:

- Қараңыз, мен үш қарбызды не бәрі 9 теңгеге алдым, 10 теңгеге емес. Сіз қалай сауда жасау керек екенің білмейсіз!

Шал оған:

- Сен менен бір қарбыздың орнына үш қарбыз алып, сауданың қалай жүру екенін үйретіп тұрсын ба?… дейді шал.


Ойыншық шебері.

Балаларды өте қатты жақсы көретін бір қария өмір сүріпті. Қария оларға үнемі ойыншықтар жасап отырады. Бірақ ол ойыншықтар соншалықты нәзік, бала ойнап үлгермегенше тез бұзылады екен. Балалар ойыншықтарын сындырып алған сайын, қариядан жаңа ойыншық сұрауға келеді. Ол қуана қуана оларға басқа ойыншықтар істеп береді, бірақ олар бұрынғыдан да нәзік болады ...

Ақыры ата-аналары шыдамай, ақсақалға сұрақ қояды:

«Айтыңызшы, неге сіз әрқашан біздің балаларымызға осындай сынғыш ойыншықтарды сыйлайсыз?

Сонда қария:

«Бірнеше жыл өткеннен кейін бұл балалар есейелі, және оларға біреулер ойынщық емес, жүректерін сыйлайды. Балалар жай ойыншыкты ұқыпты ұстамай жатқанда, олар біреудің нәзік жүрегін қалай ұстамақ?..



Ата-аналар ұзақ ойланып, шеберге алғыстарын айтып, кетіп қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет