Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы Екібастұз қаласы Мазмұны



бет1/9
Дата28.01.2018
өлшемі2,7 Mb.
#34806
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Екібастұз қалалық мәслихат

сессиясының 2013 жылғы 8 ақпандағы



№ 106/13 шешіміне

қосымша

Екібастұз қаласының аумағын дамытудың

2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Екібастұз қаласы

Мазмұны


1.

Бағдарламаның паспорты




2.

Ағымдағы ахуалды талдау




2.1

Екібастұз қаласының жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері




2.2

Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау




2.3

Орта мерзімді перспективада Екібастұз қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелі басымдықтары мен мүмкіндіктері факторларын ұстанатын негізгі проблемалар, қауіп-қатерлердің кешенді сипаттамасы




2.4

Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау




3.

Өңірдің даму көрінісі




4.

Нәтижелердің негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері.







1-бағыт: Экономика







2-бағыт: Әлеуметтік сала







3-бағыт: Инфрақұрылым







4-бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология







5-бағыт: Мемлекеттік қызмет




5.

Қажетті ресурстар




6.

Бағдарламаны басқару







  1. Паспорт




Атауы

Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы “Мемлекеттік басқару жүйесі туралы” № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Прези-дентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы “Қазақстан Респуб-ликасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы” № 922 Жарлығы, ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы “Қазақстан Республи-касын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама тура-лы” № 958 Жарлығы


Өңірдің негізгі сипаттамасы

Екібастұз қаласы 1957 жылы маусымда құрылды. Аумағы – 18,9 мың кв. км немесе Павлодар облысының аумағының 15%.

Павлодар облысының оңтүстік батысының, батыс бөлігінде Ертістің сол жағалауының Сарыарқаның солтүстік шығыс қиылысында орналасқан.

Халықтың жалпы саны 146,9 мың адамға жетті, соның ішінде 18,0 мың адам ауылдық жердің тұрғыны.

әкімшілік орталығы – Екібастұз қаласы.

1998 жылдан бастап құрамына ауылдық елді мекендер енді.

Аумағында 9 ауылдық округ, 29 елді мекен, 2 кент және 3 ауыл бар.

Өңірде облыстың барлық өнеркәсіптік өндірісінің 19,0%-ға жуығы шоғырланған. Өңірге өндірілетін тас көмірдің 64,0%-ы,өңделетін электр энергиясының 43,8%-ы тиесілі.


Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Инфрақұрылым

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

Мемлекеттік қызмет


Бағдарлама мақсаттары

Экономиканың басымды секторларының озық дамуы арқылы өнеркәсіптік өндірістің өсуі

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нарығында тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы орта құру, ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауданың тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау

Өңірлік инновациялық жүйені дамыту. Инвестициялық климатты жақсарту

Білім берудің сапасын және қолжетімділігін жақсарту

Өңір халқының денсаулығын жақсарту

Өңірдің халқын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Мәдениет және мемлекеттік тіл саласын дамыту Бұқаралық спортты дамыту

Мемлекеттілікті, халық бірлігін нығайту және ұлтты тұрақты дамуы үшін қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз ету

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамта-масыз ету

Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту

Тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету

Көлік қызметтерінде экономика мен халықтың қажетті-ліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көліктік-коммуника-циялық кешенді дамыту

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қызмет ету сенімділігін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметінің тиімділігін арттыру

Ауылдық аумақтарды орнықты дамыту негіздерін құру, қоғамның тіршілік әрекетіне қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету сапасын арттыру



Міндеттері

Өнеркәсіптің өңдеуші салаларын дамыту

Машина жасауда өнімді өндіру көлемдерін ұлғайту және өндірістің жаңа түрлерін құру

Тау-кен өнеркәсібінің қызметтегі өндірісін жаңғырту Экономиканың қажеттілігін электр энергиясымен қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсуін қамтамасыз ету

Шағын және орта бизнесті дамыту көрсеткіштерінің орнықты өсуі

Ішкі сауданың тиімділігін арттыру

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру Инновацияларды енгізу және одан әрі дамыту

Орта білім беру қызметтерінің сапасын арттыру Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту

Медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ауыртпалығын төмендету

Еңбек ресурстарының санын ұлғайту

Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу

Тарихи-мәдени мұраны сақтау, мәдениет саласын дамыту

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және үйлестіруші қызметтерін кеңейту

Балалар мен жасөспірімдерді дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту

Дін ұстану еркіндігіне құқықты одан әрі іске асыру,

барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін дамыту, жастар бастамаларын қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасау

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы мен бостандықтары қауіпсіздігінің қажетті деңгейін ұстап тұру

Техногендік апаттар, қауіптер және дүлей апаттардың тәуекелдерді төмендету және залалдарды азайту бойынша жағдайлар жасау

Экономиканың замануи талаптарына жауап беретін облыстың ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту

Жалдамалы тұрғын үй құрылысы

Облыстық маңызы бар автожолдарда автокөлік құралдарының қауіпсіз және кідірісіз қозғалысын қамтамасыз ету

Өңір бойынша жолаушылар маршруттарының

қолданыстағы желісін дамыту

Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту

Білім беру және денсаулық сақтау ауылдық ұйымдарын

білікті кадрлармен қамтамасыз ету

Әуе бассейнінің ластануын төмендету, қалдықтарды басқару және қауіпсіз көму көлемін ұлғайту жүйесін оңтайландыру

Облыстың халқы мен бизнес-құрылымдарына

электрондық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету


Нысаналы

индикаторлар

2015 жылға 2010 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімі көлемін 2,5 % есе ұлғайту

2015 жылға 2010 жылмен салыстырғанда көмір өндіру көлемін 55,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту

Өңделетін электр энергиясын 2015 жылы 17,6%-ға ұлғайту

2015 жылға ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 105,1% жеткізу

2015 жылы бөлшек сауда тауар айналымының негізгі көлем индексін 103,0%-ға жеткізу

2015 жылы тұрғындардың жан басына шаққанда негізгі капиталға салынатын инвестициялар 1043,2 мың. теңгеге дейін ұлғайған

Халықтың білім беруге қолжетімділігімен және сапасына қанағаттану деңгейі 2015 жылы 100,0%

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен (3 жастан 6 жас аралығында) қамту 2015 жылы 98,1%-ға дейін



Жалпы өлім-жітімнің төмендеуі – халықтың 1000 адамына шаққанда 2015 жылы -8,5 төмендеген

2015 жылы жұмыссыздар деңгейін 4,8%-ға дейін төмендеген

2015 жылы табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі 1,9%-ға дейін төмендеген

2015 жылға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан)-93,0%

2015 жылға өңір халқының мәдениет саласында қызмет көрсету сапасымен қанағаттану деңгейі-55%

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 2015 жылға 60,0%-ға дейін

2015 жылға дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы халықты қамтуды ұлғайтуы 29,0%-ға дейін

Азаматтық қоғам және мемлекет институттарының қарым-қатынасын оң бағалайтын тұрғындардың үлесін ұлғайту 2015 жылға 51,0% дейін

Халықтың ішкі істер органдарына сенім білдірудің деңгейі 2015 жылға 72,0%-ға дейін

Төтенше жағдайлар әсерінен адами және материалдық шығындардың азаюы 2015 жылы 1,4%-ға дейін

Тұрғындардың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейі 2015 жылы 90,0%-ға дейін

Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы 73,0%-ға дейін

2015 жылға тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 60,0%-ға дейін

Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу деңгейін 2015 жылы 91,0%-ға дейін көтеру

2015 жылы жылумен жабдықтау қызметтерімен қам-тамасыз ету деңгейін 81,3%-ға дейін ұлғайту

Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін 90,0%-ға дейін ұлғайту

Халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасымен қанағаттану деңгейі 2015 жылы 100%-ға дейін.




Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты

Қаржыландыру көлемдері (алдын ала есептеулер):

2011 жылы – 67 631,9 млн. теңге;

2012 жылы – 127 462,4 млн. теңге;

2013 жылы – 157 617,1 млн. теңге;

2014 жылы – 159 921,2 млн. теңге;

2015 жылы – 32 042,8 млн. теңге.

Барлығы: 544 675,4 млн. теңге.

Бағдарламаның қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілген кезде нақтыланатын болады.



2. Ағымдағы ахуалды талдау
Өңірдің жалпы сипаттамасы

Екібатұз қаласы – Қазақстан Республикасының индустриалдық және энергитекалық оталығы.

Аумағы бойынша облыста 2 орынды, оның үлесіне облыс ауғанының 15% немесе 18,9 мың кв.км. Солтүстік батысынада Ақмоламен, оңтүстік батысында Қрағанды облысымен, солтүстігінде Павлодар облысының Ақтогай, оңтүстігінде Баянауыл және солтүстік шығыста Ақсу қаласымен шектесіп жатыр.

Өңірде 146,0 мың адам тұрады, халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 8 адамды құрайды.

Қала халқы жалпы санның 87,7% құрайды.

Халықтың ұлттық құрылымы :қазақтар (49,3%), орыстар (35,6%), украиндықтар (4,9%) және басқа ұлттардың өкілдері 10,2%.

Өңірдің әкімшілік-аймақтық құрылымына 29 елді мекен, соның ішінде 2 кент - Солнечный және Шідерты кенттері, 2 ауыл, 10 ауылдық округ, 29 ауылдық елді мекен .

Әкімшілік ортлығы Екібастұз қаласында 128,1 мың адам мекендейді.

Экономиканың басымды саласы болып өнеркәсіп саналады.

Екібастұз өңірінің көмір өндіру республика жалпы 40%-ы құрайды.Электроэнергия өндіруде Қазақстан нарығында 19,0%-на жетеді

Өңірдің жер қоры 1887,6 мың га, с оның ішінде ауыл шаруашылығының пайдалы жерлері 1142,9 мың га, оның ішінде егістік – 34,9 мың га құрайды.

2.1 Екібастұз қаласының жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері.

Бірнеше жылдар бойы өңірде макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруінің оң серпінін қамтамасыз еткен жағымды экономикалық ахуал қалыптасты. Өндірістің өсу қарқынымен бір мезгілде халықтың табысының артуына қол жеткізу мүмкін болды.

ЖӨӨ көлемі соңғы бес жылда 2,5 есе ұлғайды.
Екібастұз қаласының 2007-2009 жылдар ішіндегі өнеркәсіптік өнім өндіріснің көлемі


Р/с



Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010жыл

1

2

3

4

5

6

1.

Өнеркәсіптік өнім көлемі, млн. теңге

73630

110154

109876

155089

2.

.


өткен жылға, %:



94,5

117,2

83,5

113,5

Өнеркәсіптік өнім көлемі 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 49,2%-ға ұлғайып, 109,9 млрд. теңгені құрады.

2010 жылы қаланың өнеркәсіптік өнім үлесі облыстық көлемде 18,2%-ды құрайды.

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингілік бағалау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы 3 орында, Павлодар және Шарбақты аудандарынан кейін даму серпіні орташа өңірлердің тобына кірді.



Республика масштабында Екібстұз қаласы 2010 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша 9 орынға ие болды.
Екібастұз қаласы және Павлодар облысы бойынша негізгі көрсеткіштер серпіні

Өндірілетін көмірдің 40,0%-ы,өндірілетін электр энергиясының 19,0%-ы республикалық өндірісінің барлық көлемі өңірдің үлесіне келеді.

Өңірде экономикалық белсенділік деңгейі 72,3%-ды құрайды, бұл орташа республикалық көрсеткіштен – 70,7%-ға жоғары.
2.2. Әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1 Экономикалық даму

2.2.1.1 Өнеркәсіп

Екібстұз қаласы экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды. Бұнда жұмыс істейтін халықтың 52,7%-ға қамтылған.

Өнеркәсіптік өнімі өндірісінің құрылымында эл.ектрмен қамтамасыз,газ,пар және ауамен кондицирлеуде (53,3%), өнеркәсіптің кен өндіру және карьерді өңдеу (33,4%),
Екібастұз қаласы өнеркәсібінің құрылымы

пайызбен


Р/с



Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2009 жыл

1

2

3

4

5

6

1.

ӨНЕРКӘСІП – барлығы,

соның ішінде:



100,0

100,0

100,0

100,0

2.

тау-кен өндіретін өнеркәсіп және кен шығаратын орынды өңдеу

39,2

41,5

37,8

33,4

3.

өңдеуші өнеркәсіп

14,6

14,4

14,3

12,4

4.

электр энергиясын, газды және суды шығару мен бөлу өндірісі

46,2

44,1







5.

электр энергиясын, газ беру, пар және ауа кондиционерлеу







46,9

53,3

6.

Сумен қамтамасыз ету,канализация жүйесі, қалдықтарды бөлу және жинауды бақылау







1,0

0,9

2007-2010 жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымы өзгерді. Басқа салалармен салыстырғанда баға мен тарифтердің оза өсуі есебінен электр энергетикасының үлесі 46,2-ден 53,3%-ға ұлғайды.

Өңдеуші саланың үлесі 2,2 пайыздық тармаққа төмендеді.

Кәсіпорындар өнеркәсібінде (“Богатырь Көмір” ЖШС (көмір өндіру), “Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1”ЖШС, “Екібастұз МАЭС-2 станциясы” АҚ (электр энергиясын өндіру) өнеркәсіп өндірісінің барлық көлемінің 76,5%-дан астамын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы осы кәсіпорындардың басымдығы өңір экспортының ресурстық-шикізат бағытын белгілейді.

2007-2010 жылдары өңірдің өнеркәсіп секторы барынша оң дамыды.


Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі

өткен жылға %-бен



Р/с



Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

1

2

3

4

5

6

1.

Өнеркәсіп – барлығы,

соның ішінде:



94,5

117,2

83,5

113,5

1

2

3

4

5

6

2.

тау-кен өндіретін өнеркәсіп

93,6

121,2

80,9

111,7

3.

өңдеуші өнеркәсіп

81,0

109,2

84,5

110,6

4.

электр энергиясын, газды және суды шығару мен бөлу

101,4

112,8







5.

электр энергиясын, газ беру, пар және ауа кондиционерлеу







86,0

115,6

6.

Сумен қамтамасыз ету,канализация жүйесі, қалдықтарды бөлу және жинауды бақылау







98,0

90,1

2010 жылы өңірдің өнеркәсіп өндірісінің көлемі 155,1 млрд. теңгені құрап, қолданыстағы бағаларда 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 2,1 есеге өсті.

Өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық қарқыны 2007-2010 жылдары 101,2 %-ды құрады.

Осы кезеңде өнеркәсіптің базалық салаларының көпшілігінде өндірістің өсуі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, қолданыстағы өндірісті жаңғырту және қайта жарақтандыру, сондай-ақ өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды ұйымдастыру есебінен қамтамасыз етілді.

Электр энергетика өңір экономикасының базалық саласы болып табылады. Өңірдің энергетика кәсіпорындары республиканың электр энергиясының шамамен 19%-ын және облыстың 43,8%-ын өндіреді.
Электр және жылу энергиясы өндірісінің серпіні


Р/с



Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010жыл

2010 жыл 2007 жылға %

1

2

3

4

5

6

6

7

1.

Электр энергиясы

млрд. кВт. сағ

14,2

17,2

14,8

17,1

116,3

2.

Жылу энергиясы

млн. Гкал

2,1

0,6

0,4

0,4

19,0

2010 жылы электрмен қамтамасыз,газ,бу және ауамен кондиционерлеуші кәсіпорындар өнім көлемі 82724,7 млн.теңге құрады.

Электр энергетикада, өңірдің халық шаруашылығы мен халқының электр энергиясына қажеттілігі толық қанағаттандырылады.

Электр энергиясын өндірудің станциялар бөлінісіндегі өндіру көлемі төмендегі кестеде көрсетілген.


Каталог: assets -> files
files -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
files -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
files -> Юсупова алия 16 лет. Академия художественной гимнастики Ирины Винер, г. Москва
files -> Жоспардың мазмұНЫ
files -> Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі
files -> Гост 10922-90: Арматурные и закладные изделия сварные, соединения сварные арматуры и закладных изделий железобетонных конструкций
files -> Алуштинський мв гу держтехногенбезпеки в ар крим
files -> “Party political communication II political public relations”. Перевод – Тугуши Ольга


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет