«экология және тұРАҚты даму» барлық мамандықтарға арналған ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік материалдары доцент Жумабеков С. Ж



бет1/3
Дата18.06.2017
өлшемі1,21 Mb.
#19369
  1   2   3
«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ»

барлық мамандықтарға арналған

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Доцент Жумабеков С.Ж.

СЕМЕЙ-2014



ГЛОССАРИЙ

АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР – тірі ағзаның дамуы мен таралуына әсер ететін бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура, жарық, қысым, ылғал т.б.);

АВТОТРОФТАР – Күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтін ағзалар, қоректік тізбекте продуценттер болып табылады, оларға фотосинтез процесі өтетін барлық жасыл өсімдіктер және хемосинтездік бактериялар жатады;

АМЕНСАЛИЗМ – антибиоз формасы, мұнда бір территорияда өмір сүретіндердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне зиян келтіреді, ал өзіне зардап шегушіден еш қандай пайда да зиян да болмайды, мысалы, жарық сүйгіш өсімдіктер шыршаның түбінде өсіп, жарықтың жетпеуінен зардап шегеді, алайда өздері шыршаға ешқандай әсер етпейді;

АНТИБИОЗ – биотикалық өзара байланыстың бір түрі, мұнда өзара әсер етуші екі популяция бір біріне кері әсерін тигізеді;

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР – адам әрекетінен туындаған факторлар, олар қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін;

АЭРОЗОЛЬ – құрамында қатты немесе сұйық жүзгін бөлшектері бар газ тәрізді орта, аэрозольдерге түтін, тұман жатады;

БИОТА – білгілі бір ірі және оқшауланған территорияда өмір сүретін тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан кешені;

БИОЦЕНОЗ (биоталық бірлестік) – бір бірімен байланысқан және бірге тіршілік етуші түрлердің кешені;

БИОГЕОЦЕНОЗ – жер бетінің белгілі бір аймағын (биотопты) алып жатқан өзара байланысқан ағзалар (биоценоздар) және абиотикалық ортадан құралған табиғи жүйе;

БИОТОП – біртекті абиотикалық жағдайлары бар және биоценоз орналасқан кеңістік;

ГЕТЕРОТРОФТАР – қорек ретінде тек дайын органикалық заттарды пайдаланатын ағзаларды айтады;

ГОМЕОСТАЗ – күрделі бейімделу реакцияларының арқасында іске асатын табиғи жүйенің тепе-теңдік күйі;

ЛАСТАНУ – табиғи ортаға химиялық, физикалық ақпараттық және биологиялық агенттердің түсуі және олардың мөлшерінің өсуін айтады;

ҚОРЫҚ – табиғат эталондарын сақтау мақсатында адамның өндірістік және туристік әрекетінен шығарылған, жануарлар мен өсімдіктер әлемі қорғауға алынған, табиғи күйі өзгермеген немесе аздап қана өзгерген табиғат кешендері;

БИОСФЕРАЛЫҚ ҚОРЫҚ – адам әсерімен өзгермеген табиғи территориялы кешендерді, халықаралық маңызы бар қорықтарды айтады;

ТОПЫРАҚТЫҢ СОРТАҢДАНУЫ – топырақ құрамында еритін тұзадрың мөлшерінің артуын айтады, көбінесе беттік және грунттық сулар әсерінен (біріншілік сортаңдану) болады немесе суаруды рационалды емес (екіншілік сортаңдану) жүргізуден пайда болады ;

ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫН-ШАШЫНДАР – қышқылдық деңгейі әдеттегі мөлшерден жоғары болатын барлық метеорологиялық жауын-шашын түрлерін, яғни тұман, қарды айтады;

КОНСУМЕНТ – органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Оларды біріншілік- шөппен қоректенушілер, екіншілік- жыртқыштар және үшіншілік- жыртқыштармен қоректенетін жыртқыштар деп жіктейді. Консументтер гетеротрофтарға жатады;

КОНЦЕПЦИЯ – түсінудің белгілі бір түрі, кей бір құбылыстар түсініктемесі;

МЕТАБОЛИЗМ – ағзадағы зат алмасу процесі;

МОНИТОРИНГ – өткенді, қазіргі уақытты және болашақты болжауға арналған қоршаған орта туралы ақпарат беретін белгілі бір кеңістікте және уақытта ұзақ уақытты бақылаулардың ретті жүйесі;

МУТУАЛИЗМ – симбиоз түрі, мұнда екі түрдің біреуінің қатысуы міндетті болатын, және екі түр бір бірінсіз өмір сүре алмайтын мүраралық қарым-қатынас түрі;

ҰЛТТЫҚ САЯБАҚ – табиғатты қорғау адамдардың демалуымен бірге іске асырылатын үлкен территорияларды айтады, Ұлттық саябақтардың өзінің әкімшілік басқармасы бар және жерді пайдалану ерекшеліктері болады;

НЕЙТРАЛИЗМ – бірге бір территорияда өмір сүретін түрлердің бір біріне әсері болмайтын биотикалық түраралық қатынас түрі;

НООСФЕРА – сана сферасы, сферада өркениеттің пайда болуымен байланысты, мұнда адамның саналы іс-әрекеті биосфера дамуының анықтаушы факторы болып табылады;

ОЗОН ТЕСІКТЕРІ – озоносферадағы озон мөлшерінің азайған (50%) елеулі кеңістіктері, табиғи және антропогендік әсерден болады деген жорамалдар бар;

ОЗОН ЭКРАНЫ (ОЗОНОСФЕРА) – озонның жоғары концентрациясы бар және күннің ультракүлгін сәулесін өткізбейтін қасиеті бар атмосфера қабаты, шамамен 20-25 км биіктікте орналасқан;

ШӨЛЕЙТТЕНУ – өздігінен қайта жаңараалмайтын, құнарлы беткі қабатынан айрылған жерді айтады. Табиғи және антропогендік себептерден іске асуы мүмкін.

ПАРАЗИТИЗМ – антибиоз формасы, бір түрдің өкілдері келесі бүр өкілдерінің ұлпаларын қорек ретінде, ал денелерін мекен ету ортасы ретінде пайдаланатын ағзаларды айтады;

ЖЫЛУЛЫҚ ЭФФЕКТ – атмосферада көмірқышқыл және басқада жылулық құбылыс тудыратын газдардың жиналу нәтижесінде планетадағы климаттың біртіндеп жылынуын айтады, бұл газдар жиыны көшетханадағы жабын сияқты космостан жылуды жер бетіне өткізіп ал жер бетінен космосқа инфрақызыл жылулық сәулеленуге кедергі келтіретін қасиеттері бар;

ПЕСТИЦИД – өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қосылыс;

ШЕКТЕУЛІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕР (ПДК) – экологиялық норматив – адам денсаулығына және оның ұрпағына белгілі бір уақыт аралығында нұқсан келтірмейтін зиянды заттың максималды концентрациясы;

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР – адамның сапалы өмір сүруін жоғарылататын, материалдық байлық жасауға болатын және тұтынуға пайдаланылатын табиғи объектілер;

ПОПУЛЯЦИЯ – белгілі бір территорияны мекендейтін және ұзақ уақыт бойы көбею арқылы тіршілігін сақтап қала алатын бір түр дараларының жиынын айтады;

ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;

ПРОДУЦЕНТТЕР – автотрофтар, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды жасаушылар, өнім өндірушілер;

ПРОТОКООПЕРАЦИЯ – симбиоз формасы, екі түрдің бірге селбесіп өмір сүруі екі жаққа да пайдалы, бірақ міндетті емес;

РЕДУЦЕНТТЕР (ДЕСТРУКТОРЛАР) – органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзаларды айтады, оларға грибоктар мен микроағзалар жатады;

СМОГ – ауаның аэрозольді қабатын, түтінді, тұманды ластануы кезінде пайдаланылатын термин, бұл кезде атмосфераға шаң, өнеркәсіптік түтін мен газдар қоспасы және басқа да ластаушы заттар түседі;

АҒЫНДЫ СУЛАР – өнеркәсіпте, тұрмыста, ауылшаруашылығында пайдаланылатын және әр түрлі зиянды заттар қоспасына тұратын суларды айтады;

СИМБИОЗ – биотикалық қарым-қатынас түріне жатады, бір бірімен байланысқан түрдің екеуінеде немесе біреуіне осы қарым-қатынас пайда әкеледі;

СУКЦЕССИЯ – белгілі бір территорияда табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен немесе өзара байланысынан биоценоздардың біртіндеп алмасуын айтады;

ТОЛЕРАНТТЫҚ – ағза әсер ететін қоршаған орта факторларының оптимумнан ауытқуына төзімділігін айтады;

ШЕКТЕУШІ ФАКТОР – кез келген экологиялық фактордың сандық және сапалық көрсеткіштері кез келген бір ағзалардың дамуын шектейді;

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР – ағзаға әсерін тигізетін ортаның кез келген қасиеті несесе компонентін айтады;

ФОТОСИНТЕЗ – жасыл өсімдіктерде Күн жарығының әсерінен және пигменттердің көмегімен жүретін химиялық процес, мұнда көмір қышқыл газынан және судан глюкоза пайда болады және ауаға оттегі бөлінеді;

ФРЕОНДАР – (хладондар)жоғарыұшқыш, жердің беткі бөлігінде химиялық инертті болатын, өнеркәсіпте суытқышагенттер ретінде (тоңазытқыштарда, рефрижераторларда, кондиционерлерде) кеңінен пайдаланылатын заттар;

ЖЫРТҚЫШТЫҚ – антибиоз түрі, мұнда бір түрдің өкілдері басқа бір түр өкілдерімен қоректенеді;

ЭКОЛОГИЯ – тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым;

ЭКОЖҮЙЕ – тірі ағзалармен және олардың мекен ететін ортасымен түзілген табиғи кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара зат және энергия алмасумен байланысқан.

2. ДӘРІСТЕР

Дәріс–маңызды сирек және түсіндіру,кеңес,әңгіме сияқты,осындай жаңа материалдарды баяндауда қолданылатын форма.

Дәріс №1

Такырып: Экология - организмнін коршаған ортамен карым-катынасын зсрттейтін іргелі жаратылыстану пәні.

Жоспар:


  1. Экологияның аныктамалары.

  2. Экологияның калыптасу тарихы.

  3. Экологияның бөлімдері.

Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табигатты түрлендірудегі ғылымның орны. ХУШ-ХІХ ғасырларда жаратылыстанудын ғылыми негіздерінің қалыптасуы. И.В.Гете мен Ж.Б.Ламарктың организмдсрдің эвюлюциясы туралы идеялары. А.Гумбольдт пеи Ч.Дарвин - осы күнгі биогсография мен экологияның жол бастаушылары. Э.Геккельдің экологияны дербес ғылым саласы дережесіие көтеруі. Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның катысуымен шешілетін тсориялык жэне қолданбалы меселелер.

Экология пәніне кіріспе.Экология тірі агзалардың бір-бірімен және


қоршаған ортамен қарым-катынасын зерттейтін биология ғылымының саласы.
«Экология» (гр. оікоз - үй, түрақ, мекен; 1о§оз - гылым) терминін ғылымга алғаш 1866 ж. неміс галымы Эрнест Геккель снгізді. Экология дегеніміз-тірі
агзалардың бір-бірімен жэис коршаган ортамен қарым қатынастарын зерттейтінгылым. Экологияның казіргі кездегі мазмүны өте күрделі. Экология ғылымының ең басты максаты биосфера шегіндегі ғаламдық меселелерді бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрактылығын сақтау. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялык макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) жене олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістсрі жатады.

Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде элемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы карым-қатынастарды үйлестіре отырып, табигат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұргыдан негіздеу.

Экология ғылымынын негізгі міндеті - популяция, биоценоз жэне экожүйені динамикалык зерттеу. экологиялык үрдістердін заңдылыктарын ашу. индустриализация және урбанизапия жагдайындагы ғаламшар проблемаларын зерттеу.

Экология биологиянын саласы ретінде XIX г. ортасында пайда болганмен, жеке ғылым ретінде XIX г. аягы мен XX г. басында қалыптасты. Жаратылыс турапы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектсрінде келтіріледі. Мысалы. Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын сңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-кұлығына талдау жасайды. Аристотель шәкірті Т.Эрезийский казіргі Жерорта теңізінін жағалауындагы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады.

XV г. аягы мен XVI г. басы Ұлы географиялык ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымсн Индияга жетті. Ал 1519-1521 жж. Фериан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.

XVIII г. соңы мен XIX ғ. басында қоршаган ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталык жэне Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыкка шыгарды. Онда галым өсімдіктердің өсуі мен оркеи жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенің ашып көрсетті.

Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.П.Бекстовтың еңбектсрінде тереңдете түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вериадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстін үлесі жоғары болды.

Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік. Құқықтық мемлекетте БҰҰ-да жарияланған адамдардың негізгі табиғи, конституциялық құқықтары бұзылмауы керек, яғни табиғатпен үйлесімділікте және таза қоршаған ортада өмір сүру құқы.

Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:


  • климаттың өзгеруі;

  • тұщы судың тапшылығы және оның ластануы;

  • озон қабатының тозуы;

  • жылулық эффект;

  • қышқыл жауын-шашындар;

  • биологиялық алуантүрліліктің азаюы.

Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі:

  • Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау;

  • Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;

  • Ауаның ластануы;

  • Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану;

  • Жер ресурстарының мәселері;

  • Семей ядролық сынақ полигоны мен Байқоңыр космодромының әрекеттерінің салдары;

  • Флора мен фаунаның тозуы.

Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес.

Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі.

Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).

Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.

Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.

Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады.

2. Экологиялық құкық — бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты коғамдық катынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бүл біздің жалпы жэне жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.

Алғашқы рет бүл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель үсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:

1.Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды камтамасыз ететін экологиялық қызмет;

2.Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;

З.Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін қызмет түрлері.

Экология ғылымының даму кезеңдері:

I кезең де (1707-1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;

II кезеңде (1924-1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне
көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;

III кезеңде (1980-2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалык,


нарықтык жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

2-3 дәріс. (2 сағат)



Такырып: ДАРА ОРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ - АУТЭКОЛОГИЯ

Жоспар:

  1. Негізгі тіршілік ету орталары.

  2. Биологиялық ыргак. Фотопериодизм.

Тіршілік ортасы -кез келген организмніц өсуіне, көбеюіне қолайлы табиги, тарихи калыптасқан орта. Казіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ету ортасы бар. Олар: су, жер үсті-ауалы, топырақ және тірі организм.

Суллы ортада тіршілік ететін организмдерді гидробионттар деп атайды. Судың қалың кабатын пелагиаль деп, оны 3 топқа бөледі нектон және планктон, бентос.

Планктон-судың беткі қабатында онын агысымен қалқып жүретін ұсак омырткасыз жәндіктер. Олар зоопланктон жэне фитопланктон деп бөлінеді.

Нектон- судын терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер.

Бентос -судын түбіндегі шогінділерде тіршілік ететін организмдердің жиынтыгы. Бентостар: фитобентосжэне зообентос деп бөлінеді.

Жер - үсті ауалы орта организмдер үшін күрделі өзгерістер үздіксіз жүріп жататын, табигаты сан қилы орта. Мұнда атмосферада газдың кұрамы. ылгалдылығы, кысымы, т. б. факторлар жиынтыгы литосфера кабатымен тыгыз байланысып жатады.

Топырақта тіршілік ететін оргнизмдерді эдафабионггар деп атайды.

Оларды үш топка бөлуге болады:



  1. Геобионттар-топырақтың тұрақты тіршілік иелері.

  1. Геофильдер-тіршілігінің біраз бөлігі топырақпен байланысты организмдер.

3. Геоксендер-топырак кабаттарын уакытша мекені ретінде пайдаланушылар.
Тірі организмдердің озі -тіршілік ортасы.

Организмдердің тіршілігінде жыл сайын бұлжымай кайталанып отаратын өзгерістерді биологнялық ырғак деп атайды.



Шектеуші факторлар.

Тіршілікке аныктама берудің бір жолы - олардың негізгі касиеттерін жүйелеп баяндау.



1. Тірішіліктің кұрылымы.

  1. Қоректену. Агзалар өмір сүруіне кажетті энергия мен заттарды коректену аркылы алады. Жануарлар мен саңыраукұлактар баска агзалардагы органикалык заттарды фсрментгердің көмегімен ыдыратып корытады, оны қоректсну дейді.

  2. Тынысалу. Агзалар тыныс алганда кейбір көп энергиялы косылыстар ыдырап, соның нэтижесінде энергия бөлінеді. Бұл энергия аденозинтрифосфот (АТФ) молекуласы түрінде сакталады.

  3. Өсу. Өлі табигат (мысалы, кристалдар) сыртқы кабатына жаңа заттар косу аркылы өссе, тірі агзалар коректік заттардың есебінен оседі.

  4. Даму. Уакыт өткен сайын агзалар күрделеніп өзгереді. Ондай өзгерісті даму дейді.

  5. Тұкымкуалаушылық. Тіршіліктегі тұкым куалайтын молекулалардың кұрамы бірдей жэие ол молекулалар агзалардың өзінен бөлініп, ұрпақтарына бсріледі жэне ата-енелерінің негізгі белгілерінің ұрпакка берілуін, түрлердің сакталып қалуын қамтамассыз етеді.

Әрбір организмге әсер ететін факторлардың томенгі жэне жогаргы шеп болады жэне бір фактор шешуші роль аткарады. Бұл заңдылыкты неміс химип Ю.Либих (1948 ж) ашкан. Оны «Минимум заңы» дейді.

Төзімділік немесе толеранттылык заңы В.Шельфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердін факторларга деген талғамының шектелуі.

Мекен ету ортасында тірі агзага әсер ететін экологиялык факторлардың коптүрлігіне карамай. олардың агзага эсер ету сипаты мен тірі агзалардың жауап рстінде беретіи реакииялары бойынша біркатар жалпы заңдылыктарды көрсстуге болады. Тірі агзаларга экологиялык факторлардын әсерінің колайлы немесе колайсыз болуы, ең алдымсн оның эсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немссе шсктсн тыс коп болуы агзалардың тіршілігінс колайсыз эсер етеді.

Агзаның тіршілігі үшін анагүрлым қолайлы болатын экологиялык фактордың интенсивтілігі оптимум деп атайды. Кептеген түрлердің гүлденуі. кобеюі үшін оптималды температуралар белгілі.

Түрлсрдің мсксн ерту ортасының факторларының кандай да бір диапазонына бсйімделуге кабілетін экологиялык валенттілік деп атайды.

Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына жэне экологиялық валенттілігіне карай ерекшеленсді. Фактордың бір әсср сту шамасы бір тр үшін оптималды, екіншісі үшін зиянды, ал үшіншісі үшін тозімділік шегінсн тыы болуы мүмкін.

Экологиялык валенттілігі темен түрлерді стенобионтты( грек тілінен аударгапда зіепоз- тар), ал төзімділігі жогары түрлср- эврибионтты (грек тілінен аударганда еуго$- кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық агзада өзінің тіршілігін сактауда пайда болатын эр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, тсмпсратурага қатысты эври жэне стенотсрмді агзалар; түздардың концснтрациясы эври жэне стеногалилі; жарыкка- эфри жэпе стенофотты; тамак түрінс байланысты эфри жэне стенофагты агзаларды боліп корсетуге болады.

Эврибионттылык түрдің кең таралуына жагдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, санырауқұлактар эфрибионттарга жатады да олар барлық мекен ету ареалында мекен етеді.

1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) агзалардың төзімділігі оның экологиялық кажеттіліктерінің тізбсгіндегі ең элсіз звеносымен аныкталатынын дэлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарга деген сұранысын зсрттеуде багытталган тэжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оган көп мөлшерде қажет(С02 жэне Н20 жэне т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заітарга смес, оган аз мөлшерде кажет жэне топырақта жеткіліксіз ( мысаіы, бор) заттарга тэуелді екенін анықтады.

Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы нсмесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауга болады.: экологиялык факторлар жиынтыгында төзімділік шегінс сң жакын фактор күшті эсер етеді.

Экологиялык фактордың тек жетіспеуі (минимум) гана емес, оның артык молшері де( максимум) шектеуші эсер ете алады.

Минимуммен қатар максимумның да шектеуші эсері туралы түсінікті дамыткан 1913 жылы В.Шелфорд болды. Шелфордтыц толеранттылық заиы:

Экологиялық фактордың минимумы гана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындагы ауытку диапазоны толеранттылык

шамасы ( латын тілінен аударганда Іоіегапііо-шыдау. төзімҚ ягни агзаныц бслгілі бір факторга тозімділігін аныктайды.

Салыстырмалы түрде туракты жаідайда үзак уақыт тіршілік еткен түрлер өзінін Экологиялык серпімділігін жоғалтып. коршаган ортага стенобионттылык калыптасады. Ал. орта факторларыныц айтарлыктай ауыткымалы жағдайында гіршілік еткен агзалардын экологиялык серпімділігі жогары болады да олар

эврибионтты болады.

Тірі агзалардыц жеке дамуында. олардын коршаган орта орта факторларыныц оэгеруіне сезімталдыгы жогары болатын кезецдері белгілі. Мұндай кезецдерді қауігпі кезецдср деп атайды. Бүл кезецдср кобіне кобею кезецдеріне және онтогенездіц бастапқы кезсцінс сай келеді. Бүл кезде коршаган ортанып коптеген факгорлары шектсуші болып табылады. Ересек крабтар мен көптеген теціз жануарлары түздылыгы төмен нсмесе тушы суда да тіршілік ете алады, ал олардыц дернәсілдері үшін міндетті түрде тек отс тузды су кажет.

Фотопериодизм -күннің ұзақтыгына жауап беру реакциясы. Өсімдіктер өз денесінің әрбір грамын түзу үш 200—800 грамга дейін су жұмсайды. Фотосинтезге кажетгі заттарды өсімдіктер топырақтан, судан және ауадан алады.

Мұндай жылдамдықпен бейорганикалык табигаттан тірі заттарга қажетті биогенді элементтердін ағзасы жүріп отыратын болса, Жердегі олардың қоры әлдекашан таусылар еді.

Бірак, биогенді элементгердін үнемі қоршаған ортаға қайтарылып отыруы байланысты, өмір жалғасып келеді. Биоцснозда түрлердің арасындағы қоректік катынастардың нәтижесінде өсімдіктер синтездеген органикалық заттар өсімдіктер кайта пайдалана алатын косылыстарга дейін ыдырайды. Бұл процесс биологиялық алмасу деп аталады.

Биоценоз қоршаган ортамен заттық энергиялық байланыссыз тіршілік ете алмайды.

Экожүйеде төмендегі төрт негізгі құрам бөлік болған жагдайда ғана зат алмасуды камтамасыз ете алады. Олар - биогенді элементтердің қоры. өндірушілер, консументтер және редуценттер.

Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергиялық зеттеу механизмдер.
Қоректену әдісіне байланысты барлық ағзаалар автотрофтаржәне ге теротрофтар болып бөлінеді.

Автотрофтар (грек тілінен аударганда өздігінен бейорганикалық заттардың органикалык заттарға айналуын жүзеге асырады (жасыл өсімдіктср мен көптеген микроорганизмдер).

Гетеротрофтар (грек тілінен аударганда әр түрлі) — дайын органикалык заттармен қоректенеді (жоғары сатыдағы паразит өсімдіктер)

саңырауқұлактар, кейбір микроорганизмдер, барлық жануарлар мен адам).

Аралас қоректену әдісі тән тірі агзаларды

миксотрофтар (агылшын тілінен аударганда— араластыру) деп атады. Бейорганикалық заттарды органикалык затка айналдыру механизмі бойынша автотрофтарды фототрофтар мен хемотрофтарга бөледі.

Фототрофтар (фотосинтсз) - жасыл өсімдіктер, көк жасыл балдырлар.

Хемотрофтар (хемосинтез) - күкірт бактериялары Дж. М.

Лидерсоннын казіргі кездегі жүйеленулеріне сай гетеротрофтарды үш категорияга бөледі: некротрофтар. биотрофтар мен сапротрофтар.



Некротрофта (грек тілінен аударганда— өлді} коректену объектісін өлтіреді (адам. жырткыш).

Биотрофтар (грек тілінен аударганда — тірі) баска тірі Оалар

есебінен коректенетін ағзалар (паравиттвр).



Сапротрофтар (грск тілінен аударганда -өлі) өлген органикалык затпен коректенеді. Жерде пайда болган алгашкы агзалар гетеротрофтар болган, егер автотрофтар пайда болмаганда олар өзін-өзі жойып жіберетін еді. Осы топтардың пайда болуы карапайым зат алмасудың болуына мүмкіндік береді.

Автотрофтар оргаиикалык затты синтездейді, ал гетеротрофтар оларды пайдаланады Бұл процестің барысында органикалың заттың ыдырауы жүреді.

Егер ыдырау өнімдердің кайтадан автотрофтар пайдаланса, онда

экожүйедегі агзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі. Күн эиергиясын пайдалаиа отырып атмосфера, су жәнс топырак заттарынан өсімдіктер органикалык косылыстар түзеді. Бұл косылыстар өсімдіктер үшін кұрылыс материалы болып табылады. Олардан өсімдіктердің ұлпалары күралады және олар өсімдіктердің тіршілік функңияларын камтамасыз ететін энергия көзі болып табылады.

Гетеротрофтар органикалык заттарды бастапкы компоненттерге: көміркышкыл газы (IV), су, нитраттар, фосфаттар жэне т.б. дейін ыдырата отырып, оларда корға жиналған химиялык энергияны босатып шығарады.

Экожүйедегі ағзалар трофтық (коректік) байланыстарына карай өндірушілер, консументтер мен редуңенттсрге болінеді.



Өндірушілер (бірінші ретті өнімді өндірушілер) -автотрофты ағзалар — планеталық бүкіл тірі дүниесін органикалык затпен камтамасыз ететін жасыл өсімдіктердің жинагы.

Консументтер (латын тілінсн аударганда -пайдалану) — гетеротрофты агзалар. өндірушілер түзген органикалык заттармен коректенеді. Оларга жануарлар, микроорганизмдердің көпшілігі, бунакдене коректі өсімдіктер жатады. Консумечттер бейорганикалык заттардан органикалык зат түзбсйді, бірак бір оргапикалыкзатгы басқа затка айналдырады.

Редуцеиттер (латын тілінен аударганда -қалпына келтіруші, деструкторлар) органикалык заттарды ыдыратушы және оларды бейорганикалык заттарға айналдырушы агзалар. Редуценттерге бактериялар, саңыраукұлактар, санрофагтар. копрофаттар, некрофаттар жәнс т.б. жатады. Олар заттардың биологиялың айналымының соңгы звеносы болып табылады.

Негізгі абиотикалык факторларга жарық, температура және

ылғалдылық жатады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет