Экологиялық білім беруде өлкетанудың алатын орны нұрабаева Ләззат Серікқызы



Дата29.03.2017
өлшемі73,81 Kb.
#12767
ӘОЖ 534.897(423)
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ӨЛКЕТАНУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Нұрабаева Ләззат Серікқызы

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доцент м.а. п.ғ.к.


Өлкетану – қызықты және тірі мектеп. Өлкетану жұмыстарымен айналысқан мұғалімнің өзіне де өте пайдалы. Олар өз білімдері мен педагогикалық шеберліктерін тереңдетуге, оны әрі қарай дамытуға, сабақ әдістемесін түрлендіруге мүмкіндік алып, экологиялық білім мен тәрбие беруде нақтылық пен сенімділікті енгізеді. Өлкетану – бұл мұғалімдердің білімдерін жетілдерудің ең тиімді жолы. Туған өлкенің қоршаған табиғатында оқушылардың санасында табиғатты сүюі, туған жерді қорғауы – Отанға деген патриоттық сүйіспеншілікті қалыптастырады. Өлкетану мектеп пен өмірді өзара байланыстырады.

Өлкетану – жергілікті белгілі бір шектелген өңірді немесе еліміздің шағын бөлігін зерттеу. Оқушылар өз өлкесінің өлкетану жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектеп табалдырығын аттаудан бастайды. Оқушыларға өлкетану негізінде білім беру олардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру оқушыларға отаншылдық, адамгершілік, экологиялық, эстетикалық тәрбиелерді берумен үнемі жүріп жатады. Бұл аталған тәрбиелер біріншіден, оқушыларға өлкетану, атамекен, халық педагогикасы жайында түсінік бере отырып, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін оятады. Екіншіден, оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын педагогикалық шарттарды анықтайды және оны жаратылыстану пәндерін оқытуда жүзеге асырылады.

Өлкетану жұмысының құрылымы




1.Мемлекеттік

Өлкетану мұражайы

Ғылыми-зерттеу мекемелері



Мұражайлық

Аймақтық

2.Мектептік

Оқу бағдарламаcының мақсаты мен міндеті оқу бағдарламасында көрсетіледі

Сабақ үстінде

Сабақтан тыс

Өлкетану үйірмесі

Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті оқу тәрбие жоспарында көрсетіледі

Экологиялық соқпақ

Танымжорық

Туристік жорықтар

Экспедициялар


3.Қоғамдық

Мәдениет үйлері

Туризм

Балалардың өз күшімен сауықкеш өткізуі.

Өлкетанудың атқаратын қызметiн былай бөліп көрсетуге болады:



1. Мәдениеттi қалыптастыру. Өлкетану жас ұрпақтың адамзаттың тарихи ескерткiшiн, әсiресе тәрбиелi адам жанының өзегiн оятатын рулық, аймақтық ескерткiштердi сақтау және игеру мiндетiн шешедi. Олай болса, өлкетанусыз адамзаттың тiршiлiк етуi мумкiн емес. Адамның адам болып қалыптасуы үшiн әр адам үнемi әлеуметтiк-мәдени дамудың үрдiсiне iлесiп, адамзат қоғамы жасаған мәдени үлгiлердi өз бетiмен меңгеруi қажет.

2. Мәдениеттi бiрiктiру. Өлкетану өлке тұрғындарын тiрi әлеуметтік ағзаға бiрiктiрудi қамтамасыз етедi. Өлкетанумен айналысатын адам ата-бабаларымыздың еңбегiн жалғастырады және ұрпағының рухани ой-өрiсiн қалыптастырады. Олай болса, өлкетану адамның өмiрге белсендi, саналы көзкарасын қалыптастыру тәсiлi, бiр жерде тұратын адамдарды жаппай өзiндiк ұйымдастыру тәсiлi болып саналады.

3. Тәрбиелеу. Өлкетану әр дәуiрдегi ұрпак өкiлдерiнiң рухани байланысын қамтамасыз етедi. Ол ата-баба мұрасына сыйлы қөзкарасты қалыптастырады. Өлкетану әрбiр ұрпакка тарихи келешектегi өз орнын және алдында тұрған мiндеттердi саналы түсiнуге мүмкiндiк бередi.

4. Ағарту. Өлкетану ғылым мен ағартуды, мәдениеттi байланыстыра отырып, үнемi әртүрлi формада насихаттау, таныту iс-әрекетiн атқарады. Және бұл іс-әрекет өлкетануда ғылыми-зерттеумен қатар емес, онымен тығыз байланыста жүзеге асырылады, яғни өлкетану сабақтары жай ғылыми зерттеу емес, ол адам сол арқылы өзiнiң халық тағдырымен байланысын сезiнгенде ғана табысты болады. Сондықтан нағыз өлкетанушыда әрқашан алдыңғы ұрпақтың мәдени мұрасын игертуге көп адамдарды тарту қажеттiлiгi артып отырады. Осындай мектепте тәрбиеленген адам шынымен бiлiмдi болады. Ол өз елiнiң мәдениетiн бiлетiн және дамытатын болады, сонымен бiрге басқа мәдениет өкiлдерiне аса құрметпен қарайтын болады. Осы мектептен өте отырып, адам мәдениеттiң тарихи қалыптасуына өзінің үлесiн қосады, сол арқылы сый-құрметке, беделге, шынайы зиялылыкка ие болады.

5. Адамгершiлiк. Адамгершiлiк борыш сезiмi – өлкетану iс-әрекетiн маңызды ынталандырушы күш. Адам өзiнiң кәсiби қызметiнiң туған жердiң тарихымен, тағдырымен байланысын сезiнгенде және тарихи ескерткiштердi сактаудың жауапкершлiктi iс екендiгiн мойындағанда ғана өлкетанумен айналысады. Өлкетану арқылы туған жердiң тарихи ескерткiштерiн сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзу арқылы адамдар бiр топқа бiрiгетiн болса, ол қозғалысшылардың ағартушылык және ұйымдастырушылық жұмысының арқасында мүмкiн болады, мұның өзi басқалар үшiн адамгершiлiктiң үлгiсi болып табылады. Өлкетануды оқу қажет емес, өлкетанушы болу керек. Ол үшiн рухани дамудың белгiлi бiр деңгейiне қол жеткiзу қажет, сонда өлкетанумен айналысу адамгершiлiк қажеттiлiкке айналады.

Қазіргі кезде табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесі бүкіл жұртшылық назарында. Сондықтан қазіргі адамзаттың алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі – қоршаған ортаның тиімді қарым-қатынасының негізгі принциптерін қайта қарау, туған өлке табиғатын аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу. Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі – оқушылардың санасына туған өлке табиғатына, қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімдерін оятып, ол арқылы туған өлке табиғатын қорғауға, оның байлығын сақтауға және молайтуға бағытталған экологиялық білім мен тәрбие беру.

Соңғы жылдары мектеп оқушыларына география пәнін оқыту арқылы өлкетану негізінде экологиялық білім беру жолдары көптеген тәжірибелі мұғалімдердің дағдысына айналып келеді. География сабағында өлкетану материалдарын пайдалану оқушылардың бойында мынадай қасиеттерді қалыптастырады:


  1. Оқудың өмірмен байланысын нығайтады;

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;

  3. Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіріп, шығармашылық қасиеттерін арттырады;

  4. Оқушылардың туған өлке туралы білімдерін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастырады;

  5. Өз өлкесіне деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін арттырады.

Жоғарғы сынып мұғалімінің алдында өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруда екі түрлі міндет тұрады: біріншісі, мұғалім өз өлкесінің табиғи ерекшеліктерін білуі, оны жан-жақты зерттеп, өлкетану материалдарын жинауы қажет; екіншісі, мұғалім жиналған өлкетану материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануы жатады. Өлкетану материалдары мен өлкетану жұмыстары мұғалімнен үлкен педагогикалық шеберлікті, терең тиянақты білімді, оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Мұғалім жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру арқылы қойған мақсатына аз уақыт пен күш жұмсап жетеді және жергілікті жердің табиғат ерекшеліктері туралы толық, әрі дұрыс түсінік алады.

Қазақстанның физикалық географиясын оқыту үрдісінде өлкетанулық негізінде экологиялық білім беру әдістері


Сабақтың тақырыбы

Экологиялық

білім


Өлкетанулық білім

Оқытудың нәтижесі

Қазақстанның климаты

Ауаны ластаушы көздер. Ластанған ауаның зиянды әсері. Ауаны қорғау шаралары.

Өлкедегі ауа кеңістігінің ластану көрсеткіштері. Ауаның тіршілік үшін маңызы.

Өлкетану мен экологиялық әсерді ажырата білу.

Қазақстанның ішкі сулары:

Каспий, Арал, және Балқаш экологиясы



Өзен-көл суларының ластану себептері. Ластанған судың зиянды әсері. Суды қорғау шаралары.

Өлкедегі өзен-көлдердің жағдайы. Судың тіршілік үшін маңызы.

Өлкедегі өзен-көлдерді қорғау. Судың маңызын түсіну.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы


Егістік жерлердің эрозияға ұшырауы:

а) жел эрозиясы;

ә) су эрозиясы.

Топырақты қорғау шаралары.



Өлкенің топырақ құрамы. Топырақтың тіршілік үшін маңызы.

Топырақтың құнарсыздануымен күресу.

Қазақстанның өнеркәсіп орындары


Өнеркәсіптерден шығатын улы газдар, олардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері.

Өлкедегі өнеркәсіп орындарына сипаттама беру.


Өнеркәсіптерді қалдықсыз технология әдісіне көшіру.

Туған өлке экологиясы

Туған өлке табиғатының тазалығы және экологиялық мәселелері.

Туған өлкенің табиғи ерекшеліктері мен қазба байлықтары.

Туған өлке табиғатын қорғау жұмыстарына қатысу.

Өлкетанудың білімдік мақсаттарының бірі – бақылай білуді қалыптастыру. Оған тек оқушылармен бірігіп, жүйелі жұмыс жасау нәтижесінде ғана жетуге болады. Ол үшін мынадай жағдайларды сақтау қажет:



  1. Бақылаулардың мақсаты мен мазмұнын ашу және оларды өткізудің әдістемесін құру, оның практикалық және ғылыми құндылығын дәлелдеу;

  2. Бақылаулардың барлық түрлері бойынша нақты объектілерді іріктеп алып, бағдарлама құру,

  3. Материалдарды өңдеу мен бақылау барысында табиғат құбылыстар мен объектілерінің арасындағы байланыстарды белгілеп ашу.

Жалпы өлкетану материалдарын зерттеу мен жинау барысында түрлі әдістер қолданылады. Оларға бақылаулар, табиғат объектілерін суретке түсіру, жазу, өлкенің құрметті азаматтарымен әңгімелесу, өлкетану әдебиеттерімен танысу, мерзімді баспасөз жұмыстарымен танысу, экологиялық соқпақтар жатады. Мұғалімнің табиғи объектілері мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы бастауыш сынып оқушыларын табиғатпен, туған өлкемен таныстырудың бірден-бір жолы болып табылады. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері мен бақылаулары арқылы мұғалім оларды табиғат заңдылықтарын ұғынуға, өлкені тануға, дүниетанымды қалыптастыруға көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Половкин А.А. Краеведение в системе воспитательной работы. – М. 2008.

2. Мамбетқазиев С.Қ. Табиғат қорғау. Алматы: Рауан, 2007.

3. Курманов М.К. Краеведческая работа учителя. – Алматы. 2005.



4. Қаженбаев С. Туған өлке – тұнған шежіре. – Алматы: Мектеп, 2010.

5. Сарыбеков Н.С. Воспитание любви к природе – Алматы: Мектеп, 2000.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет