Экологиялық мәселенің мәдениет тарихындағы дүниетанымдық негіздері



Дата30.11.2016
өлшемі57,86 Kb.
#2891
Экологиялық мәселенің мәдениет тарихындағы дүниетанымдық негіздері

Табиғат өзара әрекеттің тең құқылы серіктесі ретінде қарастырылады, ал «экологиялық мәдениет» болса адамзат мәдениетін құрайтын әлеуметтік топтық және тұлғалық деңгейде белгілейді. Экологиялық мәдениет әлеуметтік деңгейде ноосфера жасау үдерісін басқаруды жүзеге асыратын, қоршаған ортаға қатысты тағылықтан арылуды іске асыратын адамзаттың іс – әрекеті арқылы көрініс табады. Топтық деңгейде экологиялық мәдениет өзіне, басқаларға, табиғатқа қатысты адамзаттық эгоизмді еңсеруге септігін тигізеді, тұлғааралық байланыс қалыптасуының іске асатын басқаша механизмдеріне көшуге мүмкіндік береді, ал олар арқылы дамудың эволюциялық формасына көшуге мүмкіндік береді.

Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Қалыптасқан жағдайда сол арқылы ғана қоғам мен табиғи ортаның тепе – теңдігін ұстау мүмкін болады.

Ғылымда кез – келген құбылыс оның дамуының диалектикасы арқылы қарастырылу керек деген түсінік бар, яғни қалай пайда болды, өзінің эволюциясы барысында қандай кезеңдерден өтті, өзгерістердің болуына не себеп болды және т.б.

Экологиялық мәдениеттің болмысын айқындау үшін әлемдік мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде әсер берген батыстық мәдениет тарихына көз жүгіртсек. Батыстық мәдениеттің бастауы (архетипі) ежелгі Грекиядан нәр алатындығы белгілі. Шын мәнісінде, тек ежелгі грек табиғатқа бейтарап қарап, оны өзінен бөле бастады. Антик заманына дейінгі өркениеттерде адам мен табиғат, өркениет пен натура бір-бірімен етене тұтас келген еді. Табиғаттан алғашқы рет еріктілік алған полис мүшесі одан белгілі бір мән тылсым сыр, “эйдос” пен “идеяны” іздеді. Оны алдымен тапқан “идеясы” – макрокосмос пен микрокосмостың үйлесімділігі болды. Яғни, әлем-табиғат пен адам табиғаты бір-біріне үндес болып келеді. Антикалық мәдениеттің өзіндік санасы – миф екендігі белгілі.

Гомер суреттеп берген күллі тіршілік жүйесінің түп негізі, өзегі іспеттес бедерлі табиғаттың тұп-тура өзі ретінде ойластырылған. Дүние сұрапылын айқындайтын, әрине, адам емес, ол жаратылыс – жасаған иеге мейлінше тәуелді. Ал, табиғат не істеймін десе де, ерікті, бар құдіретін қалтқысыз мойындаттыруға тырысады. Жер-жаһан құбылысын түгел түсіндіретін өзі ғана.

Ежелгі гректер үшін жалпы жарық дүние әлемі де әділ жаралған. Бәрі заңды. Мәдени туындыларында жаратылыс әлемнің осы бір тұтас баянды болмысын байыптау, жұп жазбас жарасымын жырлау жетекші орын алады. Табиғатқа қатынас, оның жалпы ғылым құрылысымен үйлесімі өзінше бір ерекшеліктерімен дараланған: табиғи құбылыстардың қай-қайсысы да алғашында тек Құдайлар ретінде көрініп, ал ақиқат болмыс заңдылықтары жайлы ұғым өте баяу, бірте-бірте қалыптаса бастаған.

Табиғат суреттері арқылы адам баласының өмір шындығына тікелей қатынасы ашылады. Дүние құбылысының барша қарекеті мейлінше мәнді, мағыналы; бұлжымас, тап солай болуға тиіс тіршілік заңдылығы. Өйткені, жаратылыс нақтылы, көрнекі, ол өзін-өзі негіздеп, тек өзіне-өзі тәуелді бола алады. Кәдімгі дүлей-дауылға, найзағай-нөсерге, от-су сұрапылына ұқсас шығарма кейіпкерлері мүсіндер, бастау алар үлгі. Табиғат құбылыстарымен теңдестіріле, шендестіріле отырып адам әрекеті, ерлік, ездік, қадір-қасиеттері түсіндіріледі.

Бүкіл аңғар ыңыранып, қалың қол жылжып келеді. Жер бетін тегіс өрт жалыны шарпығандай найзағай тәңірі Зевстің қаһарына ұшырап, Тифей төбесінен төнген ала бүлік, лаңнан Арима тауларында тітіренген. Жөңкіле жөнелген қарақұрым халықтан қабырғасы қайысқандай қара жер кенет күңіреніп кетті...

Адам әдетте қоршаған орта туралы, қоғам туралы бар ұғымын ғылыми қисындылық негізінде емес, ішкі жан сарайы мен исіну, көкірек көзімен нобайлап түсіну, ой сезім жітілігі арқылы (интуитивті ассоциация), сезіну әсері тұрғысынан миф түрінде жеткізілген. Ал гомер табиғатының қамту аясы мейлінше кең, миф шеңберінен де шығып кетеді. “Илиада” дастанында табиғат көбінесе тек таным нысанасы (объект) ретінде емес, адамзат ұрпағына өз еркін таңатын бәрін билеп төстейтін құдіретті қабілет иесі (субъект) ретінде де көрінген. Адам өмірі мен жаратылыс тіршілігінің ортақ, сабақтас бейнесі бұл. Қарақұрым қалың қол шамасын айқындау үшін, қисапсыз қыруар адамдар тасқынын көрсету үшін ұлы жырау оларға ұқсас табиғи ортадан әр қилы үндес сарындар тауып, теңеп, балап суреттеу тәсілін еркін пайдаланады.

Алайда, гректер мифпен шектеліп қалмады. Олар өз планетасына байыппен, анықтап қарады. Бірінші от жағылып, отты бірінші сақтаушылар белгіленген кездің өзінде-ақ еңбек бөлінісі басталған. Бірақ бұл процесс ұзақ, баяу дамыды. Дәл осы ежелгі Грецияда ғана осы процессте сапасы жағынан серіктер болды деуге болады. Тек осында ғана материалдық өндіріс саласынан өзінше дербес бағыт ретінде рухани қызмет бөлініп шықты. Осының нәтижесінде құдайлар да табиғаттан бөлініп, рухани рәміздерге айналды. Жердің бүлдіргіш және тәртіпсіз қимылдарын бейнелейтін Фемида құқықтық тәртіптің Құдайы болып алды. Тағдыр мен жазмыштың үрейлі Құдайлары Мойралар Зевстің күндей күлген қыздарына айналды. Табиғатты бұлайша тыныштандыру гректердің даңқын болашақ ғасырларға жеткізді.

Бірақ, осыдан келіп адам мен Құдай табиғатқа өктемділігін жүргізе алады деген пікір қалыптасты. Адам барлығының, соның ішінде табиғаттың да өлшемі болып алды (Протагор). Жерді көп жырта, малды мол ұстай беруге болады, өйткені Құдайлар осыны қолдайды. Ендігі жерде Құдайлар табиғатпен күресте адамдар жағына шығып кеткен. Бұл нәтижелі де болып шықты. Бір кезде Грекия жерінің 65 пайызын ормандар жауып жатқан еді. Қазір олар 15% территорияда ғана қалды.

Жоғарыда аталып өткендей грек мифологиясы Шығыстық табиғатпен біртұтас болу принципінен алшақ кетті. Грек дүниесі – өзгертілген дүние, себебі материя ұғымының бір мәні Аристотельде субстрат, материал деп түсіндіріледі. Яғни, бұл сырттан танылған күшті қажет етті. Грек дүниетанымында ғарыштың өзі үйлесімді құрастырылған әлем болып табылады. Алайда адам үйлесімді өмір сүретін табиғат шын мәнісінде қоршаған орта емес, ақылды орта (логос) болып есептеледі.

Антикалық өркениетте қазіргі экологияға қатысты тағы бір мәселе табиғат айналуы туралы болды. Гераклиттегі тұрақтылық және бір қалыптан шығатын ішкі қайшылық циклдік қозғалыс туралы ұғымға әкелді. Әлем, оның түсінігінде, бір өшетін, бір жанатын от сипаттас болып келеді. Кейін Рим клубының өкілдері Гераклиттің “барлығы өз шеңберіне қайтып келеді” дегенін эпиграф ретінде алған.

Ілкі грек философтары адам және табиғаттың арақатынасын мифтік түсініктерден басқаша қарауға ұмтылды. Милет мектебінің өкілдері (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) табиғи құбылыстармен қоса байқалатын материалды біріктіретін “фисис” деген ұғымды ұсынады. “Табиғат – фисис ” дегеніміз сан алуан көп түрлі дүниенің нақтылы бір заттық бастамасын білдіреді. Адам табиғатта тек таныммен шектелмей, оны белсенді түрде өз әрекеттерінің нәтижесінде күрделі өзгерістерге қарастыра бастайды осынау қарым-қатынастарға белгілі бір шек қойылмаса халі мүшкіл. Адам мен табиғат арасындағы арақатынастың сипаты жалпы мәдениеттілік пен өркениеттілік деңгейімен байланысты.

Индустриалды қоғамға дейінгі кезеңде адам мен табиғат арасындағы байланысты реттеуші күш салт-дәстүр болды. Адам тұрақты да орнықты әлеуметтік байланыстарға мығым бекілген болатын. Сондықтан да олардың арасында жаңашылдық пен өзгерістер қарқыны едәуір төмен еді. Көне дәуірде табиғатты өзгертіп, өзіне бағынудан гөрі оны құдіретті күш ретінде пір тұтып, сырттай аңдау, пайымдау, тамашалау қатынасы басым болды.

Индустриалды қоғамда жоғарыда аталған реттегіштер (регулятивті) өз маңызынан айырылып, адам мен табиғат арақатынасы мүлдем басқа күйге көшті. Салт-дәстүрді инновацияның (жаңашылдықтың) шартсыз құндылығын мойындау көзқарасы ығыстырды. Инновация, жаңашылдық, бірегейлік, бейстандарттық – міне, индустриалды қоғамның алға тартқан ұрандары осы.

Өз кезегінде табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады. Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек.

Әдебиеттер тізімі:

1 Горелов А.А.Экология.Курс лекций-М.:Центр,1998-240с.

2 Аристотель.Метофизика//Соч.,в4-т.М.-Л.,1934.Т 1.-523б.

3 Уайт Л.Исторические корни нашего экологического кризиса//Глобальные проблемы и общечеловеческие ценности.-М.,1990-200б.



4 Сарыбековтар Н., М. және Қ.-Д. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрі. – Алматы: Рауан,1996 – 51 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет