Эконометрика



бет1/239
Дата28.01.2018
өлшемі23,5 Mb.
#34232
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Н.М.Исмағұлова, Т.М.Бергузинова



ЭКОНОМЕТРИКА
Экономика мамандықтарына арналған

оқу - әдістемелік құрал

Павлодар

УДК 519.862.6 (075.8)

ББК 6586я73

Б 44
С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған


Пікір білдірушілер:

М.М.Аяшинов − Иновациялық Еуразия университетінің математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор.

Р.А.Хисматуллин − экономика ғылымдарының кандидаты, профессор.

Т.С. Сабыров − физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор.

Б44 Н.М.Исмағұлова, Т.М.Бергузинова
Эконометрика: оқу - әдістемелік құрал. − Павлодар, 2007. – 95 б.

ISBN 9965-583-15-3

Эконометрика пәні бойынша оқу- әдістемелік құралында ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика элементтері, регрессиялық талдау және экономикалық мамандықтарға арналған есептер беріледі. Оқу - әдістемелік құрал экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған.

ISBN 9965-583-15-3 УДК 519.862. (075.8)

ББК 6586я73
© Н.М.Исмағұлова, Т.М.. Бергузинова, 2007

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007



Алғы сөз
Эконометрика қазіргі заманғы экономикалық білім берудегі негізгі пәндердің бірі. Нақты экономикалық құбылыстарды сандық талдау экономикалық зерттеулердің алдыңғы қатарлы әдістерінің негізін құрайды. Экономикалық құбылыстарды сандық талдау экономистер зерттеулерінде қолданылатын алдыңғы қатарлы әдістер негіздерін, экономикалық қатынастар құрылымын, нарық экономикасының талабына сай ұлттық есептер жүйесінің болуын, сол сияқты экономикалық моделдеуді статистикалық қамтамасыз ету қажеттіліктерін қамтитындықтан, «Эконометрика» пәнін жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына енгізу және ғылыми зерттеулерде эконометрикалық әдістерді қолдану маңызды болып табылады. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушылары Н.М. Исмағұлова мен Т.М. Бергузинованың бірнеше жыл қатарынан аталған университеттің экономикалық мамандықтарының студенттеріне оқылған дәрістер курсы негізінде жазылған.

Аталған оқу - әдістемелік құралы эконометрика пәні бойынша оқулықтар тапшылығына байланысты экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерге эконометрикалық әдістер мен моделдер курсын қайталауға мүмкіншілік жасайды.



1 Эконометрикалық моделдер
1.1 Эконометрика пәні және оның міндеттері

Эконометрика жеке ғылыми пән ретінде пайда болу тарихы 100 жыл шамасында есептеледі. Норвег ғалымы Р.Фриш осы пәнді экономикалық теория, статистика және математика пәндерінің бірігуі деп анықтады. Экономикадағы білімдер экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланысты орнатады және экономикалық теория, моделдер түрінде беріледі. Макро және микроэкономикалық теориялардың сапалы (сапа жөніндегі) сұрақтарына жауап береді.

Экономикада ақша ұсынысының артуы пайыздың нақты ставкасына және іскерлік белсенділігіне әсер ете ме? Тұтыну құрылымын салық ставкасының кемуі қалай өзгертеді? Мемлекеттік бюджеттің дефициті инфляция және төлемділік балансының жағдайына қалай әсер етеді?

Аталған сұрақтардың әрқайсысына экономистер теорияға сүйеніп өз пікірлерін айтады. Сонымен қатар, негізделген шешім қабылдау үшін айтылған теориялық заңдылықтарды нақты сандық өрнектеу қажет.

Экономикада алуан ішкі және сыртқы байланыстарды бөліп және жекелеп сипаттау мүмкін емес. Экономикада пайда болатын осындай экономикалық айнымалылар арасындағы тәуелділіктерді тек қана нақты статистикалық мәліметтерді өңдеу аркылы алуға болады.

Сонымен, эконометрика дегеніміз экономикалық теория, статистика және математика ғылымдарына сүйеніп экономикалық құбылыстар мен процестерді сандық өрнектеу.

Эконометриканың негізгі міндеттері:

− құрылған экономикалық моделді эмпирикалық талдау жүргізу

үшін математикалық түрге келтіру, яғни моделді спецификациялау;

− құрылған модель нақты мәліметтерге адекват болу үшін оның параметрлерін бағалау, яғни моделді параметрлеу;

− құрылған моделдің параметрлерінің сапасын және моделдің сапасын тексеру, яғни моделді верификациялау;

− құрылған моделді зерттелініп отырған экономикалық көрсеткіштердің өзгерісін анықтауға, экономикалық құбылыстарды болжауға, экономикалық саясатты дұрыс жүргізу үшін пайдалану.


1.2 Моделдер

Экономикадағы заңдылықтар экономикалық көрсеткіштердің арасындағы байланыстар түрінде айқындалады. Тауардың тұтынуын зерттеу оның y көлемі, p тауардың бағасына, кірістің деңгейіне, алмастырушы тауардың бағасына және қосымша тауардың бағасына байланысты

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет