Әл-Фараби араб тілінің білгірі әрі ақын



Дата08.05.2020
өлшемі21,04 Kb.
#66587
Байланысты:
Əл Фараби Б.Шынар


Әл-Фараби – араб тілінің білгірі әрі ақын

Әбу Насыр әл-Фараби алуан түрлі ғылымдардағы біліктілігімен бірге араб тілінің білгірі әрі талантты ақын да болатын. Тіпті араб грамматикасының әл-Мубарридтен кейінгі ірі өкілі Ибн әс-Сарадж замандасы әл-Фарабимен бірге сұхбаттас болғанда ұлы данышпан оған грамматикалық қағидаларды жатқа айтып берсе, ал әс-Сарадж өз кезегінде логика ілімін оқып беретін болған. Сонымен қатар әл-Фараби даналық пен тақуалық мағыналарға толы өлең шығара білетін дарынды шайыр да еді. Ол пәни дүниенің жалған қызықтарынан бойын аулақ ұстап, саф таза рухани әлемге ден қойып, рух азығын тән азықтарынан биік қойды. Оның өлең туындылары жер бетіндегі тақырыптар емес, иләһи әлеммен байланыстылық бар. Сондықтан да оның өлеңдері басқа философтардың шығармаларына оқ бойы озық тұр. Солардың бірі

    Ей, достым! Жалғандыққа жуымағын,

    Көтеріп ақиқаттың ақ туын алғын.  

   Бұл дүние бізге мәңгі болмас мекен,    

Пенде һәм жерде бақи болмайды екен.   

 Сызықтармыз сызылған бар болғаны,

 Шимақтар шыр айналған шарда ол-дағы.

 Әл-Фарабидің осындай өлеңдері оның өресінің биіктігін, дүниелік жалған қызықтардан аулақтығын білдіреді, рухани әлемнің ұшар биігіне жеткендігін паш етеді. Дүние мәңгілік мекен емес өткінші, жалған әлем, сондықтан да әрбір ақылды жан осынау жалған пәни дүниені тәрк етіп, рухани тазалыққа, бекзатттыққа бет бұруы тиіс, шыншылдар мен шәһидтердің шың-мәртебесіне шарықтап шығуы тиіс деп тұрғандай . Әл-Фараби әрдайым пәни дүниелік пендешілік қасиеттерден қалыс қылуын сұрап шынайы түрде Алла Тағалаға жалбарынатын, күндіз-түні дұға қылатын. Жаратқаннан күнә-қателіктерден тазартып, айқындыққа бастайтын таза ақыл нәсіп етуін сұрады. Тегінде тылсым дүниенің құпия-сырларын білуге деген зор ынтықтық оны түрлі білімдерге жетеледі, даналық пен хикметтің саф бұлағынан сақи сусындауға апарды. Осылайша әл-Фараби адамның әу бастағы жаратылыс материясы – топырақ пен төмен деңгейлерден бойын аулақ ұстап, рухтық рахатқа, ақыли биік дәрежелерге жетті. Оның дәйім аузынан тастамайтын мінәжат-дұғаларының бірі мынадай болатын:

«Уа, Алла! Уа, болуы сөзсіз міндетті һәм болуының ешбір себеп-салдары жоқ, әзәлдән бар әзіз Иләһім! Пендеңнен надандық пердесін сыпырып, пәнилік кінәраттардан пәк ете гөр. Өзің разы болатын іс қылуыма нәсіп ет!

Уа, Алла! Пәни жалғанның ғапылдығынан сақтап, таза ақылдың иелерінен қылығайсың! Аспан әлемінің тұрғындарының әулиелігіне, шыншылдар мен шәһидтердің мәртебелеріне жеткізгейсің. Шын мәнінде Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Әр нәрсенің себеп-салдары Сенсің, аспан мен жердің нұры Сенсің! Маған ақиқатты ақ қылып көрсет һәм соның соқпағындағылардан қыл! Жалғанды жалған етіп көрсет һәм оның жолынан жырақ қыл!

Уа, Раббым! Өткінші қызықтарға қарсы күресімде өзіме қайрат, керемет күш-қуат бер! Туралыққа бастап, иманымды тақуалықпен берікте! Жанымды дүниеге деген құштарлықтан құтқарып, пәнилік пенделіктен, ластықтарынан айықтыр. Жанымды биік рухтардың әлеміне бастағайсың! Шынында мені туралыққа бастап, қамқорлыққа алатын, пана болатын тек бір Өзіңсің!».   

   Расында да әл-Фараби қазақ халқының ғана емес, жалпы мұсылман үмметіне, барша адамзатқа ортақ тұлға, ортақ мақтаныш. Ұлы ұстаз һижраның сексенінші жылында Дамаск шаһарында дүниеден озды. Оған Алланың рахымы болсын!

Баяндамамды Ілияс Есенберлин ағамыздың Əбу Насыр Əл Фарабиге арнаған жыр дастанынан үзіндімен қорытсам..

Атанған «Екінші - ұстаз» Фарабидің

Ғылымның саласы жоқ ой салмаған.

Білген ол араб, латын, грек тілін,

Ғұлама, Шығысқа көп берген білім,

Пәлсапа, алгебра, музыканы,

Зерттеген бос тастамай бірде-бірін.

Өзге ұлттан араб елі оған жақын.

Сол бір тіл бар әлемге таратты атын.

Сол тілде жазды «Аристотель түсінігін»

Сол тілде —«саясаттың трактатын».

Қақ жарған найзағайдай қара аспанды,

Жеңем деп шындықпенен таласқан-ды.

Тисе де жүзі тасқа, мұқалмады

Қыпшақтың асыл берен алдаспаны!

Ұлы ойға құлдық етіп жұрт табынды,

Жалау ғып көтерді кеп шын дарынды.

Өспейді алтын бидай арам шепсіз,

Әрине, қас жандарда көп табылды!

Есте жоқ, бұған етті қастық кімдер,

Жеңе алды бәрін еңбек, жастық, жігер.

Бәлкім ол қалар ма еді бірден күйреп,

Арабтар көрсетпесе достық егер.

Қылыш боп төнсе кейде жат дүние,

Дейтұғын мұндай шақта ол күйіне:

«Адамның шыдамсыздық мықты жауы,

Сабырлылық болсын қорған, оған ие!»

Кейде ол қолға алатын домбырасын,

(Елінен шыққан бірге жан жолдасын),

Сол сәтте көкке қанат жаятұғын

Көңілден ұшып аққу, кейде лашын...

Домбыра беретұғын әл-қуатты,

Ашатын оған мөлдір көз - суатты,

Халқының күйін төгіп қос ішегінен,

Үніндей анасының сан уатты.

Толқып кеп Әбу Насыр тартады күй,

Сан қилы үнге толып жатады үй.

Ұшқыр ой туған сонау домбыраға

Артынан ат қойды жұрт әл Фараби.

Домбыра жанын талай тебірентті.

Соңынан әлемге де әйгілі етті.

Жазды ол музыкалық трактатын

Құрал ғып жан серігін екі шекті.

Елімнің ұмытқан жоқ кең даласын

Данаға айтады алғыс бар баласы:

Фараби тартып, содан аян болды,

Қыпшақтың әлемге ағаш домбырасы.

Махаббат — атып таңы алтын арай,

Әл берді Фарабиге әрі қарай.

Шын ләззат келмегенде, қасіреттен —

Тірі онын қалуы еді екіталай.

Ғашықтық бүгінгідей, мың жыл бұрын.

Қозғаған көңіл күйін, іштің сырын.

Ойға шоқ салған талай ол кезде де

Көген көз, сұлу қыздар, пісте мұрын.

Әмірші, патшаны да бишара еткен,

Көш бар ма бұдан асқан, бұдан өктем?

Бар ма екен сірә көніп, бағынбаған,

Жарлыққа алған орын көкіректен?!

Құл болмай, бұл тәңірден кім құтылды?

Ол келсе, қайғы - қасірет ұмытылды.

Оянып тыныш жатқан қайнар көздер,

Мұз бұлақ тасты жарып көкке ұмтылды!

Махаббат — жаз ғой, сүйген күннің көзін.

Оятқан алтын таң ғой түннің өзін.



Туар ма Фарабиден асқақ ойлар,

Осындай билемесе ұлы сезім?!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет