Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі білім беру факультеті жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасы



Дата22.06.2017
өлшемі63,19 Kb.
#19732
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы

Сапаева Г.Е.,

Тастемирова Г.,

Тилеужанова Г.Т.
Шетелдік тыңдаушыларды ҰБТ мен КТ-ге даярлаудағы тиімді әдістер мен тәсілдер
Қазіргі уақытта тестілеу әдісі орта мектеп түлектерінің білім деңгейін бағалау құралы ретінде қолданылып келеді. Елімізде мұғалімдер арасында бұл тәсілге қарсы болып жүргендер де бар. Сөйтсе де, оның тиімді әдіс екені әлем елдері тәжірибесінен белгілі. Тестілеу әдісі Еуропа елдерінің білім беру жүйесінде жан-жақты зерттеліп, Тестология ғылымы ретінде қалыптасып, тиімді әдіс екені дәлелденген. Қазақстанда да зерттеу жұмыстары қолға алына бастады.

Тестілеу әдісінің тарихы ерте заманнан бас­талған, антикалық Грецияда білім алушылардың білім деңгейін бағалауда ақыл-ой өрісінің дамуын және дене икемін бақылайтын әртүрлі сынақтар қолданған. Б.э.д. VІ ғасырларда Қытайда мемлекеттік қызметке алуда үміткерлердің ақыл зеректігінің деңгейін бағалайтын алғашқы тесттер пайда болса, ежелгі Вавилонда мектеп бітірушілердің арнайы хат тануын анықтайтын байқау жүйесі болған. Орта ғасырларда білім деңгейін бағалау ауызша сұрақ-жауап ретінде немесе жазбаша түрінде қолданылған. Алғаш рет 1884 жылы АҚШ-та тест материалдары қамтылған сынақ кітабы шығарылды. Оның негізгі мазмұны математика, тарих, грамматика, навигация пәндерінен жинақталды және бес көрсеткіш жауаптан тұрған. Бұл педагогика саласының білім деңгейін анықтаудағы алғашқы жетістік болатын. 1885 жылы Нью-Йоркте білім деңгейін анықтай­тын емтихан кеңесі құрылды.Тестілеу жүйесінің қалыптасуына ағылшын ға­лымы Френсис Гальтон үлкен үлес қосты. Ол өзі­нің зертханасында 1884-85 жылдары 5 жастан 80 жас аралығындағы адамдардың физиология­лық және психикалық ауытқуын тексеріп, 9337 адамды тестілеуден өткізген. Бұдан соң 1890 жылы психологиялық әдебиеттерде бірінші болып «ақыл-ой тесті», «интеллектуалды тест» терминін енгізген Джеймс Маккин Кэттел болды. Ол 50-ге жуық зертханалық тест жүйесін жасап, педагогтар мен психологтардың ортасында үлкен қолдауға ие болды.Тестілеу жүйесінің мемлекеттік деңгейде қол­дау табуы 1900 жылы АҚШ-та колледждерге өтініш білдірген талапкерлердің білім деңгейін бақылайтын комитеттің құрылуымен байланысты болды. Осыдан соң 1901 жылы 17 шілдеде The SAT Reasoning Test колледждерге түсуге арналған стандартты тестілеу жүйесі құрылды. Тест ағылшын, француз, неміс, латын, грек тілдері және тарих, математика, физика пәнаралық тапсырмалардан тұрды.



Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мен Кешенді Тестілеу (КТ) - жалпы білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Тест сұрақтарын әзірлеу, тыңдаушыларды тест сұрақтарына жауап беруге дайындау және тапсыру мәселелеріне қатысты біраз тәжірибе жинақталды. Тест құрастыру орталығының талапкерден жан-жақты, терең білімді талап ететіндей етіп құрастырған тест жинақтарынан басқа әр оқытушының тыңдаушыны дайындауда өзіндік әдіс- тәсілдері болады. Осы мақсатта тіл сабақтарында түрлі тестерді қолдану тиімді.

ҰБТ және КТ қорытындысының ұпай көрсеткіші біздің факультетімізде білім алып жатқан шетелдік тыңдаушылар соның ішінде қазақ диаспора өкілдерін ойландырады.

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап Республикада Ұлттық бірыңғай тесттілеу (ҰБТ) енгізілгені белгілі. Сондықтан тестілеуге даярлауда пән мұғалімдері тақырыптарды тыңдаушыларға меңгертудің тиімді, ұзақ еске сақтауды қалыптастыратын жолдарын, әдіс – тәсілдерін ойлап табуда.ҰБТ – ның мақсаты – жоғары білім алуға барлық мектеп бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру, мемлекеттік тапсырыс – мектеп бағдарламасы орындалуын, білім сапасын анықтау. Кешенді тесттің мақсаты – ҰБТ-ны тапсыра алмаған білім алушылар және қазақ диаспора өкілдеріне арналған сынақ түрі. Ал осы сынақтарға дайындық үшін дайындық кафедрасының оқытушылары мамандыққа байланысты топтарды бөліп, 1 жыл ішінде барлық мектеп программасын оқытып, әр айда тест тапсыртып нәтижесін қадағалап тұрады.

Шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде қазақ тілін оқытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар – тыңдаушылардың сөздік қорын байытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, шығармашылық ой-қабілетін дамытуға арналған. Еңдеше, қазақ тілі сабағы тіл үйрету ғана емес, студенттерді жан-жақты тәрбиелеу сабағы. Бұл ретте дағдылы сабақтан тыс оқу материалы қазақ тілін оқытуда практикалық ғана емес, сонымен қатар білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру болып табылады, сабақ барысында оқу бағдарламасына байланысты грамматикалық тақыраптарды қайталау, бекіту мақсатында мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды пайдалану тиімді.Ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман ағымына қарай оқыту әдістері де өзгертіліп отыруы тиіс. Дәстүр салтымызды, ұлттық сана-сезімімізді жаңғырту әдептілікке үйрету мақсатында әрбір тақырыпты халық даналығымен байланыстыра жүргізу жолдарын іздестіреміз. Сабаққа дайындық кезінде физика мамандығына қатысты тақырыптарға мақал-мәтелдерді пайдаланып, грамматикалық тақырыптарды қайталатамыз.Мақал-мәтелдер адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірі-еңбек әрекетін, оның құбылыстары мен қарым-қатынасын шынайы көрсетіп отырады. Мақал-мәтелдердің ескірмес, тот баспас қасиеті оның бейнелеу, теңеу, суреттеу ерекшеліктеріне жете көңіл бөлгендігіне. Сондықтан олардың дидактикалық және тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар кейбір мақал-мәтелдерде табиғат құбылыстары, құбылыстар аралығында өзара байланыс өте айқын берілген. Бұл қазақ халқының өзін қоршаған ортаға немқұрайлы қарамай аса бір зерделі түрде байқампаз болғандығын аңғартады. Міне, осындай мазмұнды мақал-мәтелдерді физика мамандығын таңдаған студенттерге қазақ тілі сабағында қолданып грамматикалық тақырыптарды бекітеміз.



Атамекеніміздің  барлық ЖОО-да оралмандар мен шетел азаматтарына арналған  дайындық бөлімінде, жас ұрпаққа білім беру ісі  өз дәрежесінде жүргізіліп келеді.Онда шетел қазақ диаспорасы өкілдері таңдаған мамандықтары бойынша қалаған ЖОО –на түсіп кетуіне зор ықпалын тигізіп отыр.

ҰБТ және КТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.

Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,

– Пәндік оқытуды ұйымдастыру

– Тиімді технологияларды қолдану.

 Кемшілігі:

– Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады

– Тестік бақылауда білім алушының шығармашылық қабілетін бағалау мүмкін емес.

– Уақыттың аздығы әсер етеді

– Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін

 Артықшылығы:

– Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі,

– Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы,

– Әр білім алушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.

Ерекшелігі:

-Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі

-Әділетті болады, барлық білім алушылар мен тест тапсыратындар бірдей жағдайға қойылады, ешбір мұғалім, оқытушы, ата анасы қатыспайды.

– Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды

– Бағалауы нақты

– Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)

– осындай сынақтарға дайындау білім алушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттеріне тәрбиелейді.

 Білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім сапасын көтеру мақсатында төмендегідей кезеңдерден өтеді.



1-кезең. Диагностикалық:

– Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы тыңдаушылардың білім деңгейлерін анықтау,

– Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелер анықталады;

2-кезең. Практикалық:

– Тест жинақтарымен жұмыс;

– Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

– Топтық және жеке дайындық;

– Мәтінмен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.

 3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):

– Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,

– Мониторинг;

– Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

Кешенді тестілеу оқудың күндізгі оқу түрі бойынша:



  • өткен жылдар бітірушілерге;

  • кәсіби оқу орындарының бастауыш және орта білім беру бітірушілерге (техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі);

  • ҰБТ қатыспаған, шет елде оқушыларды алмастыру желісі бойынша оқыған, жалпы білім беру мектептерін бітірушілерге;

  • өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытудың жалпы білім беру мектептерін бітірушілерге;

  • республикалық музыка мектеп-интернаттарын бітірушілерге;

  • сол сияқты шет елдерде оқу мекемесін бітірушілерге жүргізіледі.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет