Әл-Фараби атындағы



бет1/2
Дата22.06.2022
өлшемі21,99 Kb.
#146985
  1   2
Байланысты:
МӨЖ
2019 3 missions

Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
«Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау»
мамандығының 1-курс магистранты
Құрманбай Самал Құнанбайқызы

Шумер жазуы туралы ғалымдардың тұжырымдары мен зерттеулері
Ежелгі адамдардың алғашқы қонысы Африка, алғашқы өркениет ошағы Шумер мемлекеті болып табылады. Мемлекеттік құрылым, жазу-сызу, білім-ғылым, мәдениет-өнер – осының бәрі Шумерде бастау алып, өркендеген. Шумер мемлекетін құрғандардың этникалық негізі, олардың жазу-сызуының тілдік негізі, наным-сенімдерінің түбірі, батыстық зерттеулер үшін әлі күнге құпиясын ашпай келеді. Сірә да Шумерлік «баба тарихы» өзінің мұрагері болып табылатын ұрпағына өкпелеп, құпиясын соған сақтап, тарихтың қойнауында тығып отырған болар. Іздеушісі, жоқтаушысы болмаған соң, солай етпеске амалы бар ма?
Профессор Х.М. Әбжанов Қазақстан тарихының зерттелу әдістеріне тоқтала келе: «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанды мекен еткен этностар, мемлекеттік құрылымдар аспаннан түсе қалғандай баяндалады. Олардың арасындағы генетикалық, нәсілдік, тілдік, экономикалық, саяси, рухани ортақтық, сабақтастық, жалғастық мәселелері кешенді Һәм қисынды ашылмаған күйде қала береді.
Шумерлердің ата жұртының Шығыстық тегін ғалымдар одан әрі шығысқа сүйреп Алтайға жақындатқан сайын ғылыми әдебиетте шумерлер мен түркілер тілін салыстыра қарастырудың алғашқы әрекеттері қалыптаса бастады. Солардың бірі, Ф.Хоммель, шумерлер мәтіндеріндегі түркі тілімен сәйкес келетін 200 сөзді атап көрсетті, сол үшін әжуалау мен масқаралауға ұшыраған болатын. ХХ ғ. 60-шы жылдары неміс ғалымы Курт Вальтер Керам: «Шумерлер тілі көне түркі тіліне ұқсас» деп кесіп айтқан еді. [1]
Қазақстан ғалымдары арасында осындай пікірді түркітанушы ғалым А.С. Аманжолов 1969 жылы Германияда өткен конференцияда жасаған баяндамасында айтқан болатын. [2].
Расында, бұл тақырып қазақ ғалымдары арасында қолдау таппады. Олар Алдыңғы Азиядағы өлі тілдер бойынша ірі маман болып табылатын И. Дьяконовтың сөзіне бас иіуге мәжбүр болды. Осы Германиядағы конференцияда И. Дьяконов: «В настоящее время шумерский язык приходится считать изолированным и родство его с каким бы то ни было другим языком – неустановленным» деген еді. Кейінгі зерттеулер А.С. Аманжоловтың келтірген деректерінің дәлдігі мен ақиқатын айқындай түсуде. Осы уақыт аралығында көптеген шетелдік ғалымдардың, шумерлер мен түркілер тілінің туыстығын растайтын зерттеулері жарық көрді.
И.М. Дьяконовтың шумерлер мен түркілер тілінің туыстығын байқамағандығын көрсете отырып, Олжас Сулейменов И.М.Дьяконовтың еңбегінен түркі тіліне ұқсас 60 шумерлік сөзді атап көрсетті. Олар: (ада – отец(ата), ама – мать(ана), ту – родить(ту, туу), ере – муж(ер, еркек), рядовой воин(өрен), угу – стрела(оқ), таг – прицепи(тақ), заг – сторона(жақ), бильга – мудрый(білгір), предок, ме – я(мен), зе – ты(сен), ане – вот(әне), гуд - бык, гаш - птица(құс), кир – грязь (кір), земля(жер), уш – три (үш), у – десять(он), кен – широкий(кең), узук – длинный(ұзын), туш – спуститься(түс), уд – огонь(от), удун – дерево(отын), дрова, дингир – бог(тәңір), небо, тенгир - бог, небо және т.б.). О.Сулейменов әрбір сөзді тыңғылықты талдауға алып, шумер-түркілік түбірінің сәйкестігін анықтады. Сөйте келе оларды төмендегідей топтырға жіктеп көрсетті:
а) ұқсастықтардың жүйелігі бар, өйткені олар өмірмен байланысты;
б) шумер және түркі тілдері ұзақ уақыттар бойы өзара анық ықпалдастықта болған;
в) бұл тілдер генетикалық жағынан емес, керісінше өзара мәдени ықпал етулер нәтижесінде туыстасқан[3].
Шумер атауының шығу тегіне көп көңіл аударғандардың бірі Олжас Сүлейменов. Ол өзіне дейінгілердің талдауындағы кеткен олқылықтарды келтіре отырып, шумерлер жазуындағы таңбаларды терең талдауға алған. «Қосөзендегі батпақты сулы, нулы ел – Суб-йер» дей келе, «Таңба мен атаудың түркілерден шыққандығының ең нанымды дәлелі – түркілер иероглиф пен таңбаның шын мағынасын білді, сондықтан олар Суб-йер тіркесімен байланысты қияли аңыз шығармады. Демек, тіркес құпия сырға толы әлдене болып көрінбейді»[3. 246 б]. Сонымен Олжас Сүлейменов Шумер атауын «Су-жер» сулы жер атауынан таратады.
Әрине алғашқы егіншілердің өзен, көлдер жағасына келіп орналасқанын ескерер болсақ, бұл атаудың өмір сүру құқы бар екендігін айта аламыз. Осы жерде өзіміздің де жорамалымызды айта кетуді жөн көрдік. Шумерлер өздерін «санг-гиг» - «басы қара», яғни қарабастылар деп атаған. Дьяконов – санг – бас – деп аударған. Сонымен қатар ең ежелгі оқулықтарды жазғандарды – «санга» (абыз) – титулымен атаған. Бұған қарап, «сана», «дана» - сөздерінің шығу тегі де осында жатыр ма деген ойға қаламыз. Гректер сақтардың бір бөлігін «шошақ бөрікті» (тиграхауда) деп атаған секілді, орыс жылнамалары да «қарақалпақтарды» «черные клоубоки» деп атаған, сонымен қатар албандар арасында «қоңыр бөрік», «қызыл бөрік» деген рулардың бар екендігі мәлім.
Ежелгі түркілік іздерді Шумерлерден іздегеніміз де тегін емес, европалық ғалымдар Халфен, Мюллер, Франке, Де Груут, Менген, Кастрен, Хаваси, Халоун, Харлейз, Копперз, Котвич және т.б. ежелгі түркілердің әлемнің төрт бұрышында да қалдырған іздері туралы жан-жақты зерттеулер жүргізгенін З.В. Тоган дәлелді келтірген. Шевеста, Кзермак, Шмидт, Копперз зерттеулерінде көне түркілер мәдениетін б.д.д. ІІ мыңжылдықта Ніл өзені аңғарынан жиі кездестіруге болады деп атап өткен. Ал, М.А. Кастрен Орталық Азиядағы, әсіресе Алтай өлкесіндегі тайпалардың ежелгі Шумер жеріне қоныс аударғаны туралы жазады [4]. Бұл пікірді қолдаған В.Шмидт пен О.Менген Таяу Шығыс пен Ніл аңғарында ежелгі және үлкен мемлекетті, өркениетті Орта Азиядан әскери-көшпенді қауымдар әкелген деп атап көрсетеді. О.Менген бұл деректерді жануарлар сүйегіне, әсіресе, жылқы сүйегінің табылған жерлерін зерттей келе, оларды қолға үйрету соңғы тас пен жаңа тас дәуірінде Орал-Алтай және Солтүстік пен Орта Азия тайпаларында орын алғанын, атқа мініп алапат жорықтарға аттанып, өркениет тасымалдаушылары болғандығын айтады. Темір өңдеуді де б.д.д. ІІ мыңжылдықта Мысырға (Египет) осы көшпенділер жеткізген.
Помпей Трогтың (б.д.д. І - б.д. І ғғ.) 44 томдық «Филипптің тарихында» сақ, массагеттер туралы айта келе: «Скифтер барлық заманда көне халық болып есептелген, көнеліктен олар мысырлықтардан кем түспейді» деп атап көрсетеді [5].
Қорыта айтқанда, түркілік сына жазуының шумерлік жазбаларға қандайда бір қатысын болжап, рухани мәдениеттің байланысы барлығы анық. Оны дәлелдеудің шумерлерден жеткен материалдардың аздығынан қиындықтар тудырғанмен тарих сахнасында шындық туған болса, дәйегі де табыларына сенеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет