Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж


ІІІ – тарау . Әл – Фараби туралы мектеп оқушыларында көзқарас



бет3/3
Дата04.11.2016
өлшемі0,55 Mb.
#118
1   2   3

ІІІ – тарау . Әл – Фараби туралы мектеп оқушыларында көзқарас

қалыптастыру .
Әбунасыр Әл – Фарабидің туған жері , ең алғаш білім алған елі Отырар қаласы уақытысында ең мәдениетті қалалардың қатарына енетін еді .Оның ұлы ғалым , хаким болудағы бірінші қайнар көзі болған осы өз елінің мәдениеті . Оның екінші ғылыми ордасы – араб мәдениеті .

Әл – Фараби заманында ислам мәдениеті өз шыңына жеткен шағы еді. Грециядан ІV – VI ғ.ғ. қуылған ғалымдар таяу Шығыс пен Орта Азия елдеріне келіп паналады . Оларды араб , парсы , түркі халықтары жақсы қарсы алды . Сонымен байланысты бұл елдерде ғылымға деген ынта күшейді. Сол кезде ғылымға есігін кеңінен ашқан ислам діні ғылымның дүниежүзілік туын жоғары көтерді .

Араб тілі халықаралық ортақ тілге айналды .Ендеше оны араб тілді мәдениет деген дұрыс деседі . Өйткені ол мәдениеттің дамуына көп елдердің ғылымдары да атсалысты . Солардың бірі біздің жерлесіміз Әл – Фараби еді .

Әл – Фараби еңбектерінің көбісі араб тілінде жазылған . Оның елі Туран сол кездегі Бағдад халифатының құрамына кірген елдердің бірі еді . Көп замандар бойында Әл – Фарабиді тек араб ғалымы қатарында саналғаны осыдан . Тек кейінгі кездерде туған елдері оны есіне ала бастады . 1950 ж. Стамбулда Түркияның Шығыс зерттеушісі ғалымдары оның дүние салғанына 1000 жыл толуын еске алып өтті . Сол кезде оның бірсапыра еңбектері жиналған , мақалалар жазылған , библиография жасалған . Осы жұмысты жазуда біз сол еңбектерді пайдаландық . Бірақ оның бәрі кейін болған оқиға өйткені , ол кезде мереке туралы біздер хабардарсыз болдық . Тек кейін Әл – Фарабидің туғанына 1100 жыл толған мерекесіне дайындалған кезде 1970 ж. әлгі 1950 ж. Стамбул мерекесі жөніндегі мәлімет алдық .

Қазақстан ғалымдарының 20 жыл бойында тынбай еңбек етуінің арқасында ЮНЕСКО кеңесі Әл – Фарабидің мерекесі оның туған елінде ,

Қазақстанда тойлансын деген қаулы алған . Сол бойынша мерей тойы 1975 ж. өткізілді .Халқымыздың рухани еңсесін көтеруге оның зор әсері болды . Расында ғасырлар бойы жат елдің отары болып келген халықтан бір кезде дүние жүзіне мәшһүр болған ұлы ғалым – хаким адам баласының екінші ұстазы аталған кемеңгердің шығуы көктен түскендей еді .

Сол кейінгілердің үстем болып тұрған кезінде Әл – Фараби мұрасын зерттеу жөнді қолға алынбады . Әсіресе оның ислами шындыққа сүйенген ең кеекті ілімдерін жариялауға жол берілмеді . Керісінше , оған жалған жала жауып исламға қарсы етіп көрсетпекші болды . Осындай жағдайларда әрине , Әл - Фараби туралы , оның тамаша ілімі туралы шындыққа жол ашылмады.

Тек кейінгі жылдар ішінде ғана Әл –Фараби жөнінде шындыққа бет бұра бастадық .

Ұлы ұстаздық өмірбаяны еңбектері , оның мирасқоры бәрі әр жерде айтылып , жазылып жүр , бірақ толық зерттеулер шықпай жатыр . Мысалы , 1100 жылдық мерекесіне арналған халықаралық ғылыми конференциясының материалдары әлі күнге жарық көрмеген .

Әл – Фараби өзінің табиғат туралы ғылыми еңбектерінде алдымен құран аяттарында онан кейін пайғамбар сөзіне , онан кейін өзінен бұрыңғы ислам ғалымдарына сүйенеді .Басқа тараптан кірген мәліметтерді Әл – Фараби ислам елегінен өткізіп барып талдаған . Мысалы , ғалымның алғашқы нұры жайында дәл сондай талдау берілген .Нұр , сәуле , жарық , жылу деген талдауларда Әл – Фараби қазіргі оптика ғылымының негізін салған .Ол сәуленің жиналу , сыну , тарау , шоғырлану заңдарын геометриялық дәлді әдіспен тапқан . Сәуленің шоғырланған шұғыласын ол « мұхарақ » деп атаған , яғни « күйдіру » - « оттық орын » деген сөз . Әл – Фараби бұл мәселені әрі қарай дамытып , өз қолымен ойыс / пара бола / айна жасап , линза жасап соларды қоланған .

Әл – Фарабидің осы саладағы еңбектері Испанияда Европа тілдеріне ХІ – ХІІ ғ. бастап аударылған . Ол кезде Испанияда / Кордова / исламның екінші халифаты болғаны белгілі . Сол арқылы ислам ғылымы Европаның ғылымға деген ынтасын оятты . Роджер Бэкон Әл – Фараби еңбегіне сүйеніп , Европаның барлық ғылыми бағытына реформа жасады . Оның замандасы ХІІІ ғ. ойшылының бірі Винтелло / Селезиялық поляк ғалымы / Әл – Фараби мен Ибн әл – Хайсамның геометриялық оптикасын барлық ғылымның негізгі деп таныған .

Осы бағыт онан кейінгі көптеген европалықтарға әсер етті . Мысалы , Леонардо да Винчи , Н. Коперник , Г . Галилей , И. Кеплер , тағы басқалары сол бағытта болды .

« Мухарақ » / Шұғыла / деген түсінікті Европа ғылымында бұрын болмаған . Оны бірінші рет И . Кеплер ХVІІ ғ. енгізген , арабшадан мухарақты аударып « Фокус » атаған . Сонымен қатар оның астрономиялық заңдары шықты .

Әл – Фараби мол мирастарының барлық саласынан осы сынды бүгінгі ғылымға , бүгінгі өмірге байланысты зор мәселе табуға болады .Мысалы , астрономия , алхимия , математика , архитектура , музыка , социология тарауларында тамаша өрнектер бар . Соның ішінен бір ғана мысалдың атын атайық . Орта Азия мен Қазақстанның орта ғасырдағы тамаша архитектуралық құрылыс – ғимараттары Әл – Фараби үлгісімен салынғаны айқындалып отыр . Мысалыға : Ахмет Яссауи , Шаһи – Зинда сынды тамаша ғимараттарда Әл Фарабидан қалған үлгілер қолданылғаны белгілі болды .

Әл – Фарабидің адамдар арасындағы ғаделетті өмір сүрудің үлгісі бұл күнде нң керекті мәселе болыа отыр . Бұл жөнінде де біз Әл – Фараби үлгісіне сүйенуіміз керек.

Әбу Насыр Әл – Фараби - өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі . Бұл жөнінде Әл – Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген шығыстың көрнекті ақындары , әдебиетшілері және тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған . Мәселен , белгілі араб тарихшысы Ибн Аби Усайба / 1203 – 1270 / және Ибн Халлихан / 1211 – 1282 / өздерінің еңбектерінде Әл - Фарабидің араб , парсы тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірілген .

Кезінде араб тарихшылары Ибн Халликан жазып қалдырған Фараби бәйттерінің шумақтары қазақшаға аударылғанда былай оқылады .

Бауырым , сен теріс жолға түскен жандарға ерме ,

Олардан аулақ жүр , қашанда әділдік жағында бол .

Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен – жай емес,

Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады .

Сөйтіп , ақыл – парасат пен оқу ағарту ісінің жалынды күрескері болған Фараби зорлық – зомбылық атаулыға

Барынша қарсы шықты . Осы идеяны өз жырларына арқау етті . Ақынның гуманистік тұрғыдан айтылған ой – пікірлері бүгінгі оқырманды да таңдандырып , сүйсіндіреді .

Орта ғасырда өмір сүрген арабтың мәшһүр шайырлары мен тарихшыларының еңбектерінде Әл – Фараби көп өлең жазған деген пікір айтылады .Белгілі Шығыстанушы Е.Э.Бертельс те осындай қорытынды жасайды .

Әл – Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өмірдің мән – мағынасы жайлы толғау , оқу мен білімді мадақтау , адамгершілікке шақыру .

Ақынның мына бір жырынан Фараби поэзиясының бағыт – бағдарын , тынысын айқын сезінуге болады .

Қашықтасың туған жер – қалың елім ,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген .

Шаршадым мен қанатым талды менің

Шаңыт жолға сарылып қарауменен .

Әл – Фараби тағы бір өлеңінде бұл ғұмырдың мәңгі еместігін айта келіп , жастық жүректің жалынын осы өмірдің игілікті істерін атқаруға жұмсау керектігін аңғартады .

Қағаздың түсіп бетіне,

Сызықтай бейне тартылған .

Тап болып жігер сарқылған

Кездейсоқ өмір өтіне .

Қайыспас тұрса нар тұлғаң .

Сонда да да беріп кетеміз ,

Жүректің отын молында

Арманды аңсап өтеміз

Біз ұлы Мұрат жолында .

Біз бір мейман бұл жайда аз – ақ күндік .

Болымсызға таласып күн өткіздік .

Анталасып аптықпа тар қапасқа

Адамға әлем мекен ол мәңгілік .

/ А. Машанов , арабшадан аударған / .

Саусақпен санарлықтай бізге жеткен азғана жыр жолдарының өзінен оның зор шабытты , кең тыгысты , терең ойлы , нәзік сезімді , дарынды ақын болғанын аңғару қиын емес .

Әл – Фараби сонымен қатар тіл білімі туралы да көптеген зерттеулер жүргізген . Фараби негізінен тіл білімін жеті тарауға бөледі .

А) дербес және қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы ғылым .

Б) күрделі және құрамды сөздер мен сөйлемдер туралы .

В) тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым .

Д) емле ережелері .

Е) дұрыс оқу ережелері .

Ж) өлең жазу , шайырлық туралы ғылым немесе пеоэтика

Фараби тіл білімі жөнінен өз тарапынан да , « сөз бен әріп туралы » , « жазу өнері туралы » , « Өлеңнің ұйқасы мен өлшемі туралы » , « Өлеңнің ырғағы туралы » деген сияқты еңбектер жазған .

Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап , реттеп белгілі бір жүйеге салу тәртібі ежелден келеді . Мұндай әрекеттер бір жағынан , ғылымдағы бар жоқты айқын сезіп , оны кемелдендіруге , дамытып , толықтыруға итермелесе екіншіден ғылымның өзін түсінуді , түсіндіруде , пайдалануды жеңілдететін еді . Міне , осылай білімдердің белгілі бір жүйемен баяндалған жиынтығы – энциклопедиялар жасау дәстүрі пайда болған .

Әбунасыр Әл – Фараби бұл тұрғыдан да қарап қалмай , өзінің ең атақты шығармаларының бірі « Ғылымдар энциклопедиясы » деп аталатын трактатын жазған . Фарабидің бұл еңбегінен ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен . Фараби трактатқа жазған кіріспесінде бұл еңбекті жазудағы мақсаты жөнінен былай дейді : « Бұл кітапта біз белгілі ғылымдардың әрқайсысын дара – дара саралап , мазмұнын толық баяндауды көздедік ; Сонымен қатар ол ғылымдардың бөліктері болса , оларды да атап , мазмұны келтірмекшіміз » . Бұл кітап негізінен мынадай алты тараудан тұрады :

Фараби еңбектерін төмендегідей бөлімдерге бөлуге болады .

І . Жаратылыстану ғылымы / Химия мәдениетінің керектігі туралы » , « Вакуум туралы трактат » , « Физика негізі туралы трактат » , « Адам ағзалары туралы трактат » т.б. /

2. Математикалық . / « Книга об объеме и количестве », « Книга введения к пространственной геометрии » , « Книга о правильных и неправильных положениях астрологии » т.б. /

3. Апологиялық және философиялық жүйелік құрылымын / ғылымның классификациясы туралы сөз » , « Философияның мәні туралы сөз » ,

« Философияның мәні туралы кітап » , « О том , что должно предшествовать изучению философии » . т. б ./

4. Жалпы философиялық . / « Субстанция туралы сөз » , Заң туралы кітап » , « Существо вопросов » , « Уақыт туралы » , т.б. /

5. Гиесологиялық және психологиялық . / Логика кіріспе кітабы , « Книга доказательства » , « Разум и понятие » , « О душе » , « О силе души » , « Книга о разуме юных » , « Книга о разуме взрослых » . т.б./

6 . Саяси - әлеуметтік , этикалық , эстетиткалық және педагогикалық .

/ Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат » ,

« Азаматтық саясат » , « Книга указания пути к счастью » / « Книга достижения счастья » , « Соғыс және бейбіт өмір туралы » , « Қоғамды оқыту кітабы » , « Музыканың үлкен кітабы » , « Книга о стихе и риторике » , « Книга об искусстве письма » , « О словарях » , « Трактат о каллиграфий » . т.б.

Бабамыз Фарабидің даналығы , ақылдығы , көрегендігі сонда , оның оқыту , тәрбие , білім беру туралы айтқан , жазып кеткен еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ . Қайта оны қайта қарап , жаңартып пайдалануға болады .Ұлы ұстаздың тәлім – тәрбие жайлы қалдырған бай мұраларын мұқият зерттеп , терең тексеру арқылы осы күнгі педагогикалық практикада жүзеге асыру керек . Әл – Фараби ұстаздық ету туралы « Мұғалімдік – ұстаздық еткен адамның әдісі тым қатаң болмасын және тым асыра босаңсытқан да болмасын . Егер тым қатты , үнемі ызғармен болса , онда оқушылар мұғалімін жек көретін халге жетеді . Егер өте боса тып жіберген кішіпейілділік болса , онда оқушылар жағынан мұғалімді елемеу , оның ғылымына селқос қарау қаупі туады . Ғылымды игеру үшін үнемі сол ғылымның жолында болу қажет және ғылымнан басқамен шұғылдануды азайту керек болады . Әр нәрседен шұғылдана беруден істе тәртіпсіздік пайда болады » деп жазған . Фараби оқытуда аса қатаңдықтан да , аса жұмсақтықтың да дұрыс болмайтынын сынап , ортаны шектей шықпауды ұсынып оттыр . Бұл күні бүгінге дейін күшін жоймаған педагогикалық қағида . Ол ойды әр нәрсеге бөліп , жеңілтектікке салуында ғылым игерудің дұшпаны деп дұрыс көрсеткен . Мәселен , оқып үйрену жаттап алу дұрыс па , жоқ түсініп алу дұрыс бола деген сұраққа мүмкін емес , ал оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастырып түсініп , тоқып алоған жөн дейді .

Ұлы ұстаз ғылымдарды меңгерудің , үйренудің қажеттігін дәріптеп қана қоймай , бұл мақсатқа жетуге көмекші боларлықтай жетекші құралдар мен оқулықтар жасаумен де көп шұғылданған .

Қалай болғанда да Фарабидің ғылым жасау ісі орта ғасырдағы ең үлкен ғылыми табыстардың қатарына жатады . Бұл факт Фарабидің кемеңгерлігінің, ойшыл – білімпаздығының тағы бір жетістігін , оның ескерілмейтіндігін көрсетеді .

Әл – Фарабидің бай ғылыми – педагогикалық мұраларын зер сала оқығанда Әл – Фарабидің Таяу және Орта Шығыстың ортағасырлық педагогикалық аса көрнекті теоретигі мен практигі болғанын , педагогикалық бастасаның / идеяның / бүкіл құрылысын құрғанын көреміз . Фараби бұл идеяда педагогиканың методологиялық сұрақтарына , адамзат мәселесі және оның тәрбиесі , тәрбиенің мәні мен құралы , білім беру және жеке адамның ғылыми көзқарасын қалыптастыру сұрақтарына толық жауап береді .

Әл – Фарабидің педагогикалық көзқарасына оның алдыңғы қатарлы , прогрессивтік көзқарасы , білімі көп әсер етті . Соның ішінде оның өз заманындағы ілімінің негізгі салалары философия , логика , математика , ән өнері , астрономия әсер етті .

Ол тәрбие жүйесіндегі әсіресе , жастарды тәрбиелеуде бірінші орынға адамгершілік тәрбиесін қойды , және де оған қоса тәрбиенің басқа түрлерінде еңбек , дене тәрбиесі , эстетикалық , гуманитарлық , патриоттық тәрбиені қойды . Ғалымның педагогикалық жүйесінде озық дидактиканың негізгі принциптері , яғни ғылымилығы , көрнектілігі , жүйелілігі , оқыту арқылы тәрбиелеу орын алған .

Әл – Фараби Шығыста алғаш рет музыканың , әдебиеттің / ақындық , шешендік / білім беру және тәрбиедегі маңызды ролін ашты .

Әл – Фараби өзінің « музыканың үлкен кітабы » атты басты шығармасында педагогиканың өзекті сұрақтарына жауап берді : осында оның тәжірибелік – теориялық методы , оқулық жасаудағы өзіндік үлгісі туралы айтылады .

Оқулықтан басқа Әл – Фараби оқу – педагогикалық еңбектерді және басқа түрінде де құрды , яғни комментаторлық шығарма түрінде . Ол Шығыста ең алғаш гректің ертедегі ұлы философтарынын бай мұраларына / Аристотель , Евклид , Птоллмей / комментарий жасады .

Әл – Фарабидің әлеуметтік – этикалық идеясы өзіне педагогикалық , методикалық ілімдерді қоса отырып Шығыстан да , Батыстан да Ортағасырлық халықтарының мәдени тарихында елеулі орын алады . Осы елдердің көптеген атақты оқымыстылары , ғалымдары Әл – Фарабиді өздерінің ұстазы деп танып , оған « Екінші ұстаз » деген атақ берді . Аристотельден кейінгі Әл – Фарабидің « Перечисление наук » атты шығармасы одан кейінгі педагог – ғалымдардың педагогика мен дидактиканы дамытуына үлкен әсерін тигізді . Бұл трактаттағы көрсетілген әр ғылымға арналған тараулар , оларды оқудың тәртібі мен классификациясы аль – Хорезми , Ибн – Сина және басқада Шығыс оқымыстыларының методологиялық , дидактикалық зерттеулерінің негізін қалады .

Өзбектің ұлы ақыны және жазушысы Әлішер Навои өзі туралы жазғанда : « Ғылымда мен ерте заманғы ойшылдар жасаған ілімнің бәрін оқыдым , яғни Аристотельден бастап Әл – Фарабиге дейін деп атап өтті .

ІV . Қорытынды .
Қазақ әдебиеті , мәдениеті , тарихында Әбу – Насыр Әл – Фарабидің орны мен ролі бөлекше . Әл – Фарабиді Аристотельден кейінгі , « Екінші ұстаз » деп атауда , солай тануда үлкен мән жатыр . Өзінің туған тілі – түркі тілін айырықша құрмет тұтқан Әбу – Насыр Бағдат , Шам , Каир шаһарларында оқып білім алады . Ол араб , парсы , грек , латын , тағы басқада бірер тілді жетік білген . Оның басқада ғылым салаларымен қатар әдебиет теориясы жөнінен қалдырған мұралары ұшан – теңіз . Оның трактаттары жүзден саналады . Олардың ішінде ақылдылық , данышпандық , пәлсапа , шешендік туралы жеке – жеке трактаттары бар . Сол сияқты « Бақыт жолын көрсету » , « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары » , « Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері » , « Бақытқа жету халқында » дегендей толып жатқан шығармалары – бізге ғана емес , бүкіл түркі тамырлас халықтарға , адамзатқа ортақ мұралар .

Ұлы жерлесіміздің қай саладағы мұраларын да әсіресе оның білім , ғылым үйренудің дұрыс теориясы туралы еңбектерін жан - жақты игеруде , оқып – үйренуде оның бүгінгі ұрпақтары – біздің бойымызда ойсырапм жатқан олқылықтарымыз көп – ақ . Бүгінгі ұсатаздар болсын , студенттер мен оқушылар болсын , оның аса терең мазмұны , кең мағыналы , философиялық жағынан , теориялық тұрғыдан теңдесі жоқ тағылымды еңбектерін жүйелі түрде оқып – үйренумен кем айналысады . Қайбір саланы алсақта да керемет еңбектер қалдырған ұлы жерлестеріміздің мұраларын былай қалдырып , көбінесе батыстан шыққан ғалымдарға көп жүгінеміз . Әрине оларда аса керек , бәрін де өзінің саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір бірінен айырмай , егіз өгізуге арналған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 ж. ерешеп айында , Шам шаһарында Дамаск қаласында қайтыс болғанда , оны сол елдің әміршісі Сайф ад – Даула өз қолымен жерлеген . Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс – Сағир зиратында жатыр . Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады :



  1. Орта ғасырдағы араб , парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы ( Ән – Надим , әл – Бейһақи , ибн Сайид әл – Кифти , Хаджи Халифа , Венике , Камерариус , т.б.) ;

  2. Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Европа мен Америка ғалымдары арқылы ( Леонардо да Винчи , Спиноза , И.Г.Л. Козегартен , Г. Зутер , Ф. Длетернуи , К. Брокель , Дж. Сартон;

  3. ХХ ғ әсіресе Кеңес одағы шығыстанушы ғалымдары С.Н. Григорьян , В. П. Зубов , А .Сагадеев , Ю. Завадовский , түріктер А. Сайылы , Х . Үлкен . т.б. ) ;

  4. Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы ( Ә . Марғұлан , А. Маманов , О . Жәутіков , А. Қасымжанов , А. Көбесов , М. Бурабаев , Ә . Дербісалиев . Қ . Жарықбаев , М. Хайруллаев т.б. ).

Фараби өз заманындағы аса көрнекті педагог – методист болған. Ол оқыту , білім беру мәселелеріне үлкен назар аударып , бұл тұрғыда көптеген түбегейлі де терең пікірлер айтқан . « Философтардың қойған сауалдарына жауаптар » деп аталатын еңбегінде ұлы ұстаз педагогикаға , оқу оқыту ісіне қатысты мәселелерге тоқталады .

Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей ұлы ғалым және философ Әбу – Насыр аль Фараби терең шын мәніндегі өз дәуірінің рухына сай адамға деген гуманистік көзқарасты қалыптастырды . Адам мен қоғам сұрақтарын шешуде өз уақытысының , ерте грек философиясының табиғи және қоғамдық ғылымдардың ең алдыңғы жетістіктерін пайдаланды . Араб тілді философтардың арасындағы бірінші әлеуметтік – саяси ойшылы Әл – Фараби адам өмірінің мәні , жер бетіндегі оның орны , қоғамдағы ролі және мемлекеттік бірлестіктің табиғаты туралы зерттеп жазып , өзінің исламдық адам концепциясына деген наразылығын білдіреді .

Діни көзқарастардың сол дәуірдегі билік жүргізіп тұрғанында Әл – Фараби адам мәселесін шешуді тек адамгершілік тұрғыдан шеше білді .

Адамзаттың алдыңғы қатарлы табиғи ақыл - ой жетістігі нәтижесіне сүйене отырып , Фараби табиғат алдындағы адамдардың барлығының бірдей екендігін және адамзат тұрмысының тәуелсіздігі , іздемпаздық қабілетінің жоғарғы болуы , оның еркінің бостандығы және адамзат өмірінің өзіндік құндылығы туралы бірқатар гуманистік пікірлерге тоқталды .

Әбу Насыр Әль – Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі ХХ ғасырдың 60 – жылдарында ғана қолға алынды . Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары А. Машановеді . Әбу Наср әл – Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді . Бұл күндері ҚР ҒМ . – ҒМ – ның Философия және Фарабитану бөлімі жұмыс істейді . Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып , ғылыми түсініктемелері мен алғы сөздері жазылып , 20 – дан астам трактаттары жарыққа шығарылды . Бұл бөлім Әбу Наср әл – Фароабидің диалектикасы , гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді . Қаз МУ – де Фарабитану орталығы құрылған .

Әл – Фарабидің гуманизмі жаппай ағартушылық мақсатқа негізделеді . Өзінің адамға деген көзқарасында ол адамзат атаулының барлығына ортақ табиғи қатынас , саналы еңбек , қызмет тұрғысынан қарастыруды мойындады . Ежелгі Грецияның гуманистік ойларының үздік үлгілеріне сүйене отырып , Фараби оған бірқатар атап айтқанда Платонның әлеуметтік – саяси іліміне сын – ескертпелер енгізді .Оның ежелгі философтарынан айырмашылығы ол « адам »деген этикалық ұғыммен шектеліп қана қоймады .

Адамзаттың білімге ұмтылу мүмкіншілігі туралы идеяны бекіте отырып , Фараби нәсілдік , әлеуметтік , діни , ұлттық белгілерінен тәуелсіз жалпы адамзаттық гуманистік идеалды жоғары көтерді . Мұнда оның « Қайырымды қала » және « жетілген адам » туралы шығармалары жатады .

Фараби адам туралы концепциясы Таяу және Орта Шығыс халықтарының ортағасырлық өкілдерінің : Ибн – Сина , Аль Бируни , Ибн – Баджа , Ибн – Туфейль , Ибн – Рушдтың философиясына елеулі әсер етті .

Фарабидің логикалық , әлеуметтік – этикалық , эстетикалық , гуманистік пікірлерімен жете танысу оның сан салалы мұраларын , оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді , оның ғылыми тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Европа халықтарының эстетикалық , қоғамдық , этикалық , философиялық ой – пікірін және өнердің дамуына ықпалын тигізді . Фараби өз алдына жеке – дара тұрған үздік ойшыл , ғылым , энциклопедист , ақын , ұстаз болды .

Қолданылған әдебиеттер
І . Әл – Фараби. Философиялық трактаттар . 1972 . Алматы .

2. Әл – Фараби. Әлеуметтік трактаттар . Алматы . 1975 ж.

3. Әл – Фараби. « Математикалық трактаттар » Алматы . 1972 ж.

4. Әл – Фараби. « Дін туралы трактаттар » Алматы . 1975 ж.

5. А. Әлімжанов « Ұстаздың оралуы » . Алматы . 1983 ж.

6. Е. Жәнібеков . Фарабидің музыкасы , « Білім және еңбек » № 7 , 1968 ж.

7. Ш. Есенов , « Қазақтың ғылымы және ғалымдары » . Алматы . 1969 ж.

8. А. Көбесов . Біздің ұлы жерлесіміз - Әбунасыр Әл - Фараби , « Білім және

еңбек » №6 ,1961ж .

9. А. Көбесов . Орта ғасырдағы қазақ ғалымдары . « Білім және

еңбек » № 4 , 1964 ж .

10 . М. Бурабаев . Сөнбес жұлдыздар. Алматы . 1989 ж.

11. А . Х. Қасымжанов . Әл – Фараби . Алматы . 1979 ж.

12. Н . Нелімбетов « Ежелгі дәуір әдебиеті » Алматы . 1991 ж.

13. А. Көбесов . Фарабидің трогонометриясы . « Білім және еңбек » № 1 ,

1969 ж .

14. А. Көбесов . Фарабидің астрономиялық трактаты . « Білім және еңбек »



№ 1 , 1968 ж.

15. А. Көбесов . Фараби және математика , « Білім және еңбек » № 1 ,



1967 ж.

16. А. Көбесов , Е. Жәнібеков . Фарабидің физикалық трактаты , « Білім

және еңбек » № 3 , 1969 ж.

17. А. Көбесов. Фарабидің энциклопедиясы , « Білім және еңбек » № 5,



11 , 1969 ж.

18. А. Көбесов. Евклид « Негіздері » және Фараби , « Білім және еңбек »



№ 4 , 1970 ж.

19. А. Көбесов. Птоломей және Фараби , « Білім және еңбек »



№ 9, 1970 ж.

20. А. Көбесов , А. Ж. Машанов . Астрологиялық трактат , қазақ энциклопедиясы . І – том . 1971 ж.

21. А. Көбесов. Алмагеске қосымша кітап , қазақ энциклопедиясы . І – том .

1971 ж.


22. Лен Нысаналин . Әбунасыр Әл – Фараби . « Трактат және өлеңдер » .

А . 1974 ж.

23. Ә. Х. Марғұлан VІ – ХІІ ғасырдағы Қазақстан халықтары мен тайпалары

мәдениеті .Қазақ ССР тарихы , І том . Алматы , 1957 ж.

24. Жаман – Қазақстан газеті . Ақпанның 7 – сі , 1992 жыл . Алматы .

А. Ж. Машанов. « Әл – Фараби – Ұлы ұстаз » .

25. А. Ж. Машанов. Әл – Фараби , « Қазақ ССР Ғылым Академиясының

хабаршысы » , № 5 , 1961 ж.

26. А. Ж. Машанов. Фарабидің « Философияны үйрену үшін қажетті

шарттар жайлы трактаты » , « Білім және еңбек » , № 1 , 1962 ж.

27. А. Ж. Машанов.Әбунасыр Фараби , « Орта Азия мен Қазақстанның ұлы

ғалымдары » . Алматы , 1964 ж.

28. Р. Әбсаттаров . Фараби – феодализм сыншысы , « Білім және еңбек »

№ 4 , 1968 ж.

29. А. Ж. Машанов , А. Көбесов . Алмагеске түсініктеме , қазақ

энциклопедиясы . І – том . 1971 ж.

30. Қ. Нұрсұлтанов . Тағы бір Фараби , « Білім және еңбек » № 8 , 1968 ж.

31. М. Ө. Ысқақов . Шығыс ғалымдарының екінші ұстазы , 1967 ж.

32. М. М. Хайруллаев Әбу Насыр Әл – Фараби , М. 1982 ж.



33. М. М. Хайруллаев « Фарабидің философия тарихындағы көзқарасымен оның маңызы » . Ташкент . 1967 ж.

34. М. М. Хайруллаев « Фараби : дәуір мен уақыт » Ташкент . 1963 ж.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі
2013 -> 1. 2 "Айқап" журналы және "Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет