Елбасы – ел тірегі Ашық тәрбие сағаты: «Елбасы ел тірегі» Мақсаты



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі1,36 Mb.
#45092
  1   2   3



Макаева Айнұр Арқабайқызы,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы,

Састөбе ауылы, А.Макаренко атындағы ЖОМ

мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі


Елбасы – ел тірегі
Ашық тәрбие сағаты: «Елбасы ел тірегі»
Мақсаты: 1. Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы
Назарбаевтың  өмір  жолы, туып-өскен, оқып  білім  алған, қызмет  еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;
2. Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге  тәрбиелеу.

3. Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеу.


Көрнекілігі: шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Әнұран орындалады.
1-Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
2-Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы—ел тірегі » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 
1-жүргізуші: Шапағат сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Әсем сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 26 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1-Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы,

елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 


2-Жүргізуші: Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды.
1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы, - деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
 2-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
 1-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Ән: «Көкке өрле» Орындайтын : Жақып Арай

2-жүргізуші: Елбасымыз жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша, қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыру қолға алынды. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

1-жүргізуші: Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

2-жүргізуші: Елбасымыз 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025-ші жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеді. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз.   Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.

1-жүргізуші: Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле ,ережелердің қысқаратыны белгілі.

2-жүргізуші: Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі,негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани,мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты ,тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

1-жүргізуші: 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның

басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді.



2-жүргізуші: Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін

103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болды.



1-жүргізуші: Форум жаһандық энергетикалық мәселелер мен сын-қатерлерге арналған 12 тақырыптық бағыт бойынша өтті. Айтулы шараға белгілі саясаткерлер, есімдері әлемге әйгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, инвесторлар,халықаралық ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

2-жүргізуші: ЕХРО-дағы ең қызығушылық тудыратын нысан – «Нұр Әлем» сферасы. «Нұр Әлемдегі» 8 қабаттың әрқайсысында келушілерді талай қызықты жобалар күтті. Бірінші қабатта келушілер елдің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі және соңғы иновациялық жаңалықтарымен танысты.

1-жүргізуші: Елбасы жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Астана мен еліміздің барлық өңірлері күш жұмылдырғанының арқасында ЭКСПО-2017 көрмесі табысты өткенін айтты.
Би: «Гүлдер» тобы
2жүргізуші:

Туған жердің жайқалған алқабы егін, 
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ, аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 


1-жүргізуші:
 Қазақстан дейтін менің бар елім,
 Жатыр алып жарты дүние әлемін!
 Бұл даланы анам жаспен суарған,
 Бұл далада атам қолға ту алған.
 Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
 Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет