Елдің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме?



Дата26.06.2018
өлшемі3,93 Mb.
#44491
  • Кіші жүз билері
  • Әйтеке би
  • Әйтеке Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. — 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан.
  • Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика деп атайды. Риторика ғылымының негізін салушылар Протагор және Сократ, Платон болған. Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған, оның астанасы- Афины.Солардың ішінде Лисий, Исакрат, Демосфен атақты шешендер болған. Демосфеннен 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған. Алғашқы шешендер, философтар, саясаткерлер, қолбасшылар, қоғам қайраткерлері, атақты мемлекет қайраткерлерінің арасынан шыққан. Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған, онда Красс, Анатия, Кортенция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған. Францияда шешендік қақтығыстар мен таптық шайқастарда дамып қанат жайған. Францияда Жан Поль Марат, Максимилиан Робеспьер, Ресейде В.И.Ленин және Луначарский өзінің шешендігімен көзге түскен. М.Ломоносов «Краткое руководство к красноречию»деген еңбегінде орыс шешендік өнері туралы жазған
  • Елдің бағын ашпаса,
  • Ер мұратқа жетер ме?
  • Елінің сағын сындырса,
  • Ер мұратқа жетер ме?
  • Ел тірегі – Ері,
  • Ер тірегі – Елі бола білген қауымның
  • Басынан бағы кетер ме?
  • Есті еріңді ез тұтсаң,
  • Өзіңді өзің қорларсың.
  • Есеріңді ер тұтсаң,
  • Іргемізден жау кетпей,
  • Төрімізден дау кетпей,
  • Сойқанға сойқан жолығып,
  • Сорларсың да зарларсың.
  • Әйтеке би
  • Ел мұраты – көрешек,
  • Ер мұраты – келешек.
  • Көрешегін күйттеген-
  • Түбі қоймас сүрінбей.
  • Келешегін күйттеген-
  • Түбі қоймас сүрінбей.
  • Әйтеке би
  • Суды көп кешсең – шалшық,
  • Сөзді көп сөйлесең – тантық,
  • Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір.
  • Көп шайна, аз жұт – түйілмейсің.
  • Көп ойла, аз сөйле – жаңылмайсың.
  • Сөзді асылын бүгін ойлап, ертең айтқан озады.
  • Кешкі ой – тақыл,
  • Таңғы ой – ақыл.
  • Өнімсіз сөз – өлген сөз.
  • Сөзің өлгенше, өзің өлгенің дұрыс.
  • Әйтеке би
  • Жетелі ер адаспас-
  • Бабадан қалған сөз бар ғой.
  • Жетелі ел адаспас-
  • Бағыздан қалған жол бар ғой.
  • Әйтеке би
  • Даңққа тұлпар дүлділдігімен жетеді,
  • Ер-азамат білгірлігімен жетеді.
  • Әйтеке би
  • Кісі бірге туыспау керек,
  • Туысқан соң сөз қуыспау керек.
  • Сөз қуған бәлеге жолығады,
  • Жол қуған олжаға жолығады.
  • Әйтеке би
  • Бата – Құранның анасы,
  • Айтады ердің данасы.
  • Атадан бота қалмасын, бата қалсын.
  • Ботаның құны – бір-ақ жұт,
  • Батаның құны – мәңгілік құт.
  • Жаңбырмен жер, батамен ер көгереді.
  • Атадан пұл қалмасын,
  • Елін, жерін ойлар ұл қалсын.
  • Әйтеке би

Каталог: wp-content -> uploads -> filesRef
filesRef -> Студенттерді ғылыми-зерттеушілік қызметіне дайындау жолдары
filesRef -> Компьютерлік технология
filesRef -> Таукент 2016ж Дайындаған: Ж. Аженова
filesRef -> Қазақтың ұлттық ойыны – «Тәуекел» Бауржанов Азамат Бауржанулы «Рыков атындағы орта мектебі»
filesRef -> Ойын арқылы балалардың ой—өрісін жетілдіру. Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді»
filesRef -> Сабақ жоспары: Химия. 11 сынып Сабақ тақырыбы: «Спирттер» тақырыбын сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
filesRef -> Сабақтың тақырыбы Санды өрнек. Санды теңдік (теңсіздік), айнымалысы бар өрнек, теңдеу
filesRef -> Қысқа мерзімді жоспарлау, орта мерзімді жоспарлаудың негізінде, күнтізбе және пәндік бағдарлама бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет