Элективті пәндер каталогы 5В060800



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі1,05 Mb.
#33489
  1   2
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ






ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
060800 «Экология»

Қарағанды - 2016-2017 жж.
Элективті пәндер каталогы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ( № _5_ хаттама «_31__»_____03_____2016_ж) ұсынылған. Қарағанды, ҚҚЭУ 2016 – 39бет.

Каталогта элективті пәндер (таңдау бойынша компонент), сонымен бірге олардың мамандық бойынша бағдарламалар енгізілген. ҚҚЭУ-нің оқытушылары мен студенттеріне арналған.




СТУДЕНТКЕ ЖАДЫНАМА

Құрметті Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті!
Сізге элективті оқу пәндерінің Каталогы ұсынылады. Бұл жүйеленген, аннотация түрінде жазылған элективті оқу пәндерінің каталогы. Ол Сіз үшін жеке оқу траекториясын қалыптастыруда өзбетімен, тез арада, ыңғайлы және жан-жақты мүмкіндікті жасау мақсатында құрастырылған. Бұл Сіздің жеке оқу жоспарын құрастырудағы көмекшіңіз.

Несиелік оқыту технологиясында барлық оқу пәндері 3 циклге бөлінеді – Жалпы білім беру (ЖБП), Базалық (БП) және Кәсіптік (КП). Осы циклдердің әрбіреуі өз ішінде оқу пәндері бойынша 2 түрге бөлінеді – Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективті, яғни таңдалатын оқу пәндері).

Міндетті компонент пәндері мамандық бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен құрастырылған және сол мамандықтың студенттерімен бірін қалдырмай, барлығы оқып меңгереді.

Сіздерге оқып меңгеру үшін элективті оқу пәндер кафедралармен ұсынылады. Элективті оқу пәндерінің барлық тізімінен Сіз тек өзіңізге қызығушылығы бар пәндерді таңдай аласыз. Сөйтіп, Сіздің әрбір оқу пәндерінің циклы бойынша жеке оқу жоспарыңыз 2 бөлімнен тұрады: Міндетті компоненттен және таңдау бойынша Компоненттен (элективті оқу пәндері).



Сіздің жеке оқу жоспарыңызға таудау пәндерін енгізу үшін элективті оқу пәндерінің Каталогы көмегі арқылы қалай таңдау керек?

  1. Тізімнен Өзіңіздің оқу курсы мен семестріңізді табыңыз.

  2. Түсініп алыңыз, элективті оқу пәндеріне Типтік оқу жоспарымен барлығы қанша несие бөлінгенін.

  3. Элективті оқу пәндер өзінің тізімімен танысып алыңыз. Оқу пәндері сәйкес нөмірімен таңдау бойынша курсқа біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндер тобының әрбірінен тек бір элективті оқу пәнін таңдауға болады.

  4. Сіз қызықтырған элективті оқу пәндердің Сипаттамасын оқып шығып, өз таңдауыңызды жасаңыз.

  5. Сізбен таңдалған несие санына Типтік оқу жоспары бойынша талап етілетін сандары сәйкес келуін тексеріңіз.

  6. Элективті оқу пәндерді таудауды жүзеге асыруға Сізге Сіздің эдвайзеріңіз көмектеседі.

ЭКОНОМИКА БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ


5В060800 «Экология»
4 оқу жылы
Академиялық дәреже - жаратылыстану бакалавры
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР

Пәндер

циклі



Пән

коды


Пәндер атауы

Несие

саны


Семестр







1 курс













Таңдау бойынша компонент 14 несие













Таңдау бойынша курс 1







ООД

EUR 1108

Экология және тұрақты даму

2

1

ООД

OBZh 1108

Өмір - тіршілік қауіпсіздік негіздері

2

1







Таңдау бойынша курс 2







БД

ОР 1210

Құқық негіздері

3

2

БД

РК 1210

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: құқықтық және экономикалық аспектілері

3

2







Таңдау бойынша курс 3







БП

Bio 1218

Биология

4

1

БП

МВ 1218

Микробиология

4

1







Таңдау бойынша курс 4







БП

Mat 1220

Математика

2

2

БП

TVMS 1220

Ықтималдық теориясы және математикалық статистика

2

2







Таңдау бойынша курс 5







БД

UOS 1223

Қоршаған орта туралы ілім

3

2

БД

EOM 1223

Экологиялық білім беру және дүниетаным

3

2


















Таңдау бойынша курс 1
Экология және тұрақты даму

Пререквизиттер: Биология, география, химия, физика.

Постреквизиттер: Өндірістік экология, әлеуметтік экологиясы,

қоршаған орта туралы ілім.



Мақсаты: Табиғат пен қоғамның тұрақты дамуындағы негізгі заңдылықтары туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, экологиялық мәдениетті жоғарлату.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Берілген пән тірі ағзалардың қоршаған ортасымен өзара байланыстарын, экологиялық жүйелер мен тұтастай биосфераның тіршілігін анықтайтын негізгі заңдылықтардың мазмұнын ашады. Курсты оқыту барысында биосфераның даму заңдылықтары мен табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы бойынша білімдер жиынтығы, сондай-ақ экологиялық үдерістерді талдау және нақты мақсаттарды шешу дағдылары қалыптасады.

Оқытудың нәтижесі: «Экология және тұрақты даму» бағдарламасы бойынша құрастырылған бұл пән арқылы студенттерде экология туралы түсінік алуын және ойлауы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру тиіс.

-Қазіргі кезде экология (қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен бірге) барлық жаратылыстану және техникалық пәндермен тығыз байланыстағы күрделі ғылымдардың біріне айналуына байланысты экологиялық білім алу

-Экологиядан практикалық сабақтарда қоршаған ортаны қорғау пәнінен практикалық біліктіліктерді игеру пәнді жан-жақты тереңдетіп оқып-білуге мүмкіндік береді.

-Экология және тұрақты даму пәнін қоршаған ортамен тәжірибемен ұштастыру

-Экономикалық-экологиялық шешімдер қабылдау және экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің дамуы.


Өмір - тіршілік қауіпсіздік негіздері

Пререквизиттер: Экология, химия, биология.

Постреквизиттер: Еңбек қорғау, әлеуметтану, психология.

Мақсаты: қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау  қауіп-қатерді тани білу, қауіп-қатердің алдын алу; қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білуге үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: өмір - тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, техникалық жүйелерде және шаруашылық жүргізу объектілерін тұрақтылығын есепке ала отырып, қазіргі талаптарға сәйкес жаңа техника мен технологиялық процесстерін қауіпсіз жағдайларын жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды оқытады.

Оқытудың нәтижесі: - студенттерге бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерімен, аварияның, апаттың, күтпеген зілзаланың және қазіргі зақымдағыш құралдары қолданылғаннан кейін болатын зардабын жою мен құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;

- студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жүқпалы аурулар - олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге


оқыту;

- зақымдану ошақтарын сипаттау, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастырудың негізін анықтау; қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың зардабынан халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру; радиациялық және химиялық барлау аспаптарын оқып білу және олардың жұмыс істеуімен танысу;



Таңдау бойынша курс 2
Құқық негіздері

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Адам және қоғам, философия

Постреквизиттер: Кәсіпкерлік құқығы, Мемлекеттік қызмет және басқару.

Мақсаты: студенттерге құқық туралы бастапқы білім беру, қарым-қатынастың оң жағын қарастыру, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігін түсіндіру, құқықтық мемлекет жағдайында жұмыспен қамтамасыз етілетін бакалаврды толық кәсіптік даярлауды жүзеге асыру .

Курстың қысқаша сипаттамасы: мемлекет және құқық туралы негізгі мәселелерді қарастырады. Қазақстан Республикасында құқықтық нормалар серпінді жаңартылып отырады және өткізілетін реформаларды қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы шарттары жоғары және орта - арнайы білімі бар мамандарға жоғары талаптар қояды, соның ішінде құқық негіздері саласы бойынша. Қазіргі уақытта, әсіресе құқықтық ақпараттануы және құқықтық сана-құқық субъектісі маңызды, өйткені қоғамның құқықтық мәдениетінің деңгейі жоғары адам мен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарын қорғау негізі болып табылатын құқықтық мемлекет көмегінсіз мүмкін емес. Негізгі нормалары мен принциптерді білу негізгі салаларында түсіну негіздері жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін және табысты пайдалану заңдар мен заңға тәуелді актілер өзінің кәсіби қызметі бағытталуға мүмкіндік береді

Оқытудың нәтижесі: мемлекеттану және құқықтану туралы бастапқы ұғымдар мен ережелер білу;

ҚР нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелерін қолдану және оларды күнделікті өмір пайдалана білу;

- заңды рәсімдерді жүргізу тәртібі, ақпараттық-іздену қызметіне қатысты нақты заңдарды жүзеге асыру;

- клиенттер мен мамандар үшін талдау нәтижелерін әр түрлі нысандарда хабарлар ұсыну;

- кәсіби өздігінен білім алу және тұлғалық дамуындағы қажеттілік.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

құқықтық және экономикалық аспектілері

Пререквизиттер: Құқық негіздері, әлеуметтану

Постреквизиттер: ҚР кәсіпкерлік құқығы, ҚР экологиялық құқығы.

Мақсаты: Пәннің оқытылу мақсаты студенттерге қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі, оның экономиканың дамуына кедергі қаншалықты кедергі келтіретіні және сыбайлас жемқорлықпен күресу негіздерін қарастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлықпен күрес жүргізудің заңнамалық негіздері, мемлекеттік институттары және олардың жүзеге асырылу нәтижелері қарастырылады. Заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізіледі, бұл саладағы шетелдік тәжірибе қарастырылады.

Оқытудың нәтижесі: - оқу барысында студенттер құқықтық талдау жүргізудің әдістемесі мен тәсілдерін, кеден органдары жүйесінде басқару мен қызметін ұйымдастыру негіздерін, кеден ісінің болашақ мамандары ретінде сыртқы экономикалық қызмет саласын ғылыми түрде тану негіздерін және кеден ісі негіздерінің басты өлшемдерін игеруге тиіс.

- оқушылар заңға сәйкес кеден-құқықтық тәжірибеде қолдануға, кеден органдары алдында тұрған мақсаттарды шешу барысында олардың маңызы мен атқаратын рөлін дұрыс түсінуге тиіс.

- әлеуметтік, этикалық және ғылыми шарттарды ескере отырып ақпараттарды іздеуге, жинауға, талдау жүргізуге және жүйелеу жүргізуді білуге, жинаған ақпарат негізінде өз дәлелдемелерін ұсынуға және тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдай білуге тиіс.

- әртүрлі нысандарда ақпаратты ұсынуға, топпен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, өз көз қарастарын негіздеп дәлелдеуге және дербес түрде шешімдер қабылдауды үйренуге тиіс.

- дербес түрде жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруға, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге және кәсіби білімдерін үнемі жаңартып тұру қажеттілігін ұғынуға негізделген кәсіпқой сана сезімді қалыптастыру қажет.

Таңдау бойынша курс 3
Биология

Пререквизиттер: биологияның мектеп курсы

Постреквизиттер: биологиялық экология, биосфераның шығу тегі және эволюциясы.

Мақсаты: студенттерде жалпы биологиялық және экологиялық түсініктердің және тірі табиғат дүниесі мен оның биологиялық үрдістері туралы керекті білім көлемін пән бойынша мақсатты бағытта қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тірі табиғаттың негізгі заңдылықтарын, өсімдіктердің, жануарлардың және адамның тіршілік етуі және олардың онтогенездік, филогенездік дамуы, құрылыстары, қызмет атқаруы, биологиялық және экологиялық жүйелердің алуантүрлілігі, оларға адам әрекетінің әсерінен өзгеруі жайлы сұрақтарды оқытады. Биология пәнi табиғат заңдылықтарын, дүниенiң ғылыми бейнесiн түсiнуде, адамның антропогенді iс-әрекетiнде тиiмдi пайдалануында, табиғатпен өзара қарым-қатынасын дұрыс қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Биологиялық бiлiм мазмұны тiршiлiктiң құндылығын, экологиялық мәселелердiң маңыздылығын және салауатты өмiр сүрудiң қажеттiлiгiн терең сезiнiп, қабылдауына мүмкiндiк бередi. Биология бiлiмiнiң даму болашағы оқу материалының мазмұнына қазiргi биология ғылымының жетiстiктерi мен даму бағыттарын енгiзумен байланысты: тiрi ағзалардаң тұқым қуалаушылығы мен өзгергiштiгiнiң генетикалық негiздерiн молекулалық және жасушалық деңгейде зерттеу саласындағы жетiстiктері; табиғаттағы өзектi экологиялық мәселелер; медициналық генетика, молекулярлық биология және генетика, биотехнология, гендiк инженерия, космостық биология, биосистематика, өсiмдiк пен мал шаруашылығы, фармакология салаларындағы жетiстiктері. Тiршiлiктi ең жоғары құндылық деп түсiнетiн, экологиялық және эволюциялық ойлау стилi қалыптасқан, экологиялық мәдениетi, дүниенiң ғылым бейнесiндегi тiрi табиғаттың, тiршiлiктiң орны мен мәнiн сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдiс-тәсiлдерiн, iргелi ұғымдар жүйесiн қажеттi деңгейде меңгерген және биологиялық бiлiмiн экожүйелер мен тiрi ағзалардың көптүрлiлiгiн сақтап қорғауға, салауатты өмiр сүруге тиiмдi қолдану бiлiктерi бар, биологиялық сауатты тұлға ретінде дайындауға бағыттайды.

Оқытудың нәтижесі: - биологиялық алуантүрлілікті, оның экожүйедегі қалыптасу рөлін, дәрежесін - биоалуандылыққа қауіпін, атмосфералық ауаның антропогендік ластануын, оның ағзаларға және экожүйенің биоалуандылығына әсерін, ағзалардың интродукциясын және акклиматизациясын оқытып меңгерту;

- тірі ағзалар мүшелерінің анатомиялық-құрылымдық ерекшеліктерін талдау.

- тұрақты препараттарды дайындау және бекіту, өсімдіктердің вегетативтік мүшелерін микроскопиялық көрінісі бойынша сипаттау.
Микробиология

Пререквизиттер: биологияның мектеп курсы

Постреквизиттер: биологиялық экология, биосфераның шығу тегі және эволюциясы.

Мақсаты: Студенттерге микроағзалар морфологиясы, физиологиясы және олардың қатысуымен азық-түлік өнімдерінің бұзылуы барысында барлық тауар жылжу кезеңдерінде өтіп жататын биохимиялық процестерін басқару жөнінде теориялық және тәжірибелік дағдылар беру. Тұтыну тауарларды өндіру үшін қолданылатын микроағзалардың қазіргі кезгі жүйемелеу негізін келтіру. Өнімдердің сапасын сақтауға және олардың сақталу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін жағдайларды талдау негізінде микробиологияның теориялық және тәжірибелік курсын игepiп, белгілі жағдайда тиімді пайдалана білудің қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Микроорганизмдердің морфологиясы және систематикасы. Микроорганизмдердің физиологиясы. Микроорганизмдердің тыныс алуы. Анаэробты, аэробты ашу типтері. Микроорганизмдерге қоршаған орта факторының әсері (физикалық, физика-химиялық). Химиялық, биологиялық факторлар . Сүтқышқылды ашу. Пропион қышқылдық ашу. Пектинді заттардың ашуы. Нитрификация және денитрификация процестері. Тамақ өнеркәсібіндегі микробиологиялық бақылаудың негіздері.

Оқытудың нәтижесі: cтуденттер пәнді оқу барысында микроорганизмдердің биохимиялық қасиеттерін және рөлін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын білу керек. cтуденттер микробиология пәнін оқу барысында азық-түлік өнімдеріне микроорганизмдердің әсерінен өзгеруін практикада ескеру қажет. Шикізат пен өнімнің дұрыс талапқа сай сақталуына да микроорганизмдердің әсері барын ескеріп студент теориясы практикада байқалу керек.

тұрмысқа қажетті қолданылатын шикізат өнімдері, жартылай фабрикаттар, дайын аспаздық өнімдерін алу барысында микробиологиядан алған білімдерімен зерттеуде өз дәлелдерін қолданып, дайын өнімді жіберу және оған қойылатын талаптарды ескере білу керек.

-нормативті-техникалық құжатты және анықтама құжаттарын және ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, инженер-технологқа қажетті шикізатты рационалды қолдануды білу қажет.

- тағам ассортиментімен аспаздық өнімдерінің дұрыс сақталуын білу керек.

-түсетін шикізаттың сапасын, дәстүрлі жартылай өнімдердің жоғары дәрежедегі дайындығын анықтауда;

-өнімді дайындау және жіберу технологиялық процестерінің шарттарын сақтай отырып, кең ассортиментте және жоғары сапалы жартылай өнімдерді, тағамдарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды дайындауда микроорганизмдердің әсерін ескеру қажет;

-шикізат және қалдықтардың сақтау нормаларын;

-шикізатты, құрал-жабдық, инвентарьды қолдануда;

-тағамдарды және аспаздық бұйымдарды және сусындарды берілген шикізатпен өнімдерден дайындауда микроорганизмдердің ролін білу керек.
Таңдау бойынша курс 4
Математика

Пререквизиттер: математиканың мектеп курсы

Постреквизиттер: статистика, экологиялық аудит

Мақсаты: Экономикалық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математикалық аппаратты меңгеру; Студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланасты әртүрлі кұбылыстар мен процесстерді оқып талдауға мұмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу; Экономикалық мәселені өз бетімен зерттеу білігі мен дағдысын қалыптастыру, өз жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеуге ынталандыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрия элементтері. Бір айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері. Комплекс сандар. Бір айнымалылы функцияның интегралдық есептеуі. Көп айнымалды функциялардың дифференциалдық есептеулері. Қатарлар. Дифференциалдық теңдеулер. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика.

Оқытудың нәтижесі: - Қоршаған әлеуметтік әлемнің болашақ мамандықтарына, ғылыми тануға мүмкіндік беретін оқытылатын «Экономикадағы математика» пәннің методология мен методикасын және негізгі категорияларын білу.

- Теориялық білімді практикада және «Экономикадағы математика» пәннінде есептерді шығаруда қолдана білу.

- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми түсінушіліктерді ескере отырып, талдау, іздеу, жинау, жүйелеу арқылы экономикадағы математиканы ақпаратты аргументтеу және дәлелдеу.

- «Экономикадағы математика» пәннің ақпараттарын әр түрде мәліметтеу, топпен жұмыс істеу, пікір-сайысқа қатысу, шешім қабылдау.

- «Экономикадағы математика» пәнінің өздік жұмыс дағдыларының бар болуы, әрі қарай өзін-өзі толық жетілдіру, мамандырылған білімді қажетті түрде тұрақты жаңарту.
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

Пререквизиттер: алгебра и геометрия

Постреквизиттер: статистика, экологиялық аудит

Мақсаты: студенттерді әртүрлі пәндерді оқып үйренудегі, оның ішінде информациялық жүйеге қажетті математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру, мамандыққа байланысты теориялық және практикалық есептерді шығаруға қажетті формулаларды негіздей отырып таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Комбинаторика элементтері. Негізгі түсініктер және ықтималдық теориясының теоремалары. Сынактарды кайталау. Кездейсоқ шамалар.Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдары. Үлкен сандар заңдары. Бас және таңдамалы жиынтық. Үлестіру параметрлерінін статистикалық бағалары. Статистикалық бағаларды тексеру. Регрессиялық талдау.

Оқытудың нәтижесі: - Қоршаған әлеуметтік әлемнің болашақ мамандықтарына, ғылыми тануға мүмкіндік беретін оқытылатын«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәннәң методология мен методикасын және негізгі категорияларын білу.

- Теориялық білімді практикада және «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнде есептерді шығаруда қолдана білу.

- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми түсінушіліктерді ескере отырып, талдау, іздеу, жинау, жүйелеу арқылы ықтималдықтар теориясы және математикалық статистикадағы ақпаратты аргументтеу және дәлелдеу.

- «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәннің ақпараттарын әр түрде мәліметтеу, топпен жұмыс істеу, пікір-сайысқа қатысу, шешім қабылдау.

- «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінің өздік жұмыс дағдыларының бар болуы, әрі қарай өзін-өзі толық жетілдіру, мамандырылған білімді қажетті түрде тұрақты жаңарту.
Таңдау бойынша курс 5
Қоршаған орта туралы ілім

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, химия, биология

Постреквизиттер: биосфераның шығу тегі және эволюциясы, жартылыстанудың экологиялық аспектілері, геоэкология

Мақсаты: Студенттердің қазіргі қоршаған орта туралы, оның өзгеру динамикасы мен биосфераға әсерінің осы кездегі көзқарастарымен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері. Жер – тірі материяның мекені. Қоршаған ортадағы химиялық элементтер миграциясы. Биосфера – адамдардың тіршілік әрекетінің сферасы. Ноосфера-техносфера – қоршаған орта күйінің объективті эволюциялық дамуы. Жер атмосферасы .Атмосфераның ластануы. Гидросфера. Литосфера. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің экологиялық мәселелері. Қоршаған ортаның осы күнгі экологиялық мәселелері Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты халықаралық ұйымдар мен бағдарламалар. Табиғатты қорғаудың аймақтық мәселелері. Қоршаған орта мәселелерін шешу жолдары

Оқытудың нәтижесі: -атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера ластану заңдылықтарын оқып меңгеру; қоршаған орта мен оның құраушыларының экологиялық жағдайларын зерттеу бойынша негізгі білімдерді оқып білу, сонымен бірге экомониторинг саласындағы негізгі әдістемелерді, әдістерді меңгеру және мониторинг түрлерін ажыратып, ұйымдастыра білу;

-қоршаған ортаның ластануы бойынша статистикалық мәліметтерімен жұмыс жасай білу, анықтамалар, карта-схемалар тб әдебиет көздерімен жұмыс жасап, талдауға үйрену;

-алған білімді адам және оны қоршаған тірі ағзалар мен өлі табиғаттың арасындағы қарым-қатынастарды үйлесімді дамытуда, өз мамандығына сәйкес қолдану, жергілікті, аймақтық деңгейдегі экологиялық мәселелердің дұрыс шешімдерін таңдай және қабылдау; оқушылардың табиғатқа және табиғатты қорғау іс-әрекеттеріне ынталарын оятып, дамыту
Экологиялық білім беру және дүниетаным

Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, биология, химия

Постреквизиттер: экологиялық мониторинг, экологиялық-экономикалық талдау

Мақсаты: Экологиялық сана сезімді және жаңа дүниетанымды тұрақты дамудың ұзақ мерзімдік дамуын қамтамасыз ететін қоғамның қоршаған ортамен үйлесімді қатынасы бойынша іс - әрекеттердің ғылыми негізделген жүйесін ұйымдастыруға бағытталған қазіргі кездегі ойлау деңгейін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Экологиялық білім беру және дүниетаным» пәні, оның мақсаты мен міндеттері, негізгі бағыттары. Қазақстандағы экологиялық білім беру бағдарламасы. Экологиялық білім беру мазмұны. ЭББ әдістемелік негіздері. Экологиялық білім қазір және ертеңгі жағдайы. Экологиялық болмыс ережелері. ЭББ жүйесіндегі тәрбие мәселелері. Экологиялық мәдениет негізі. Экологиялық тәртіп пен жауапкершілік Бұқаралық ақпарақ құралдарының ролі және ағарту ісі. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі. Халықаралық байланыстар. Динамикалық дүние концепциясы, коэволюция, орыс космизмі. Экологиялық сана-сезім негізі. Экологиялық білім берудегі дүниетаным көзқарастары

Оқытудың нәтижесі: - экологияның негізгі мәселелерін, табиғат қорғау және табиғатты тиімді пайдалануды ұғыну. Экологиялық білімдерді ағартушылық шараларын қолдануда білік пен дағдының негізгі қағидаралын қалыптастыру;

- ҚР білім беру негіздерінің тұжырымдарын білу;



- экологияның негізгі тіректік түсініктерін талдай алу біліктілігі.


Пәндер

циклі


Пән

коды


Пәндер атауы

Несие

саны


Семестр







2 курс













Таңдау бойынша компонент 20 несие













Таңдау бойынша курс 1







БП

OPK 2210

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері

2

3

БП

PKPEA 2210

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: құқықтық және экономикалық аспектілері

2

3







Таңдау бойынша курс 2







БП

BE 2215

Биологиялық экология

3

3

БП

BRZhM 2215

Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоәралуандылығы

3

3







Таңдау бойынша курс 3







БП

ОP 2216

Басқару психологиясы

2

4

БП

Kon 2216

Қақтығыстану

2

4







Таңдау бойынша курс 4







БП

DDО 2217

Іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас

2

4

БП

DOGU 2217

Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету

2

4







Таңдау бойынша курс 5







БП

ChR 2218

Адамзат дамуы

2

3

БП

Rel 2218

Дінтану

2

3







Таңдау бойынша курс 6







КП

SEUR 2306

Әлеуметтік экология және тұрақты даму

3

3

КП

GE 2306

Ғаламдық экология

3

3







Таңдау бойынша курс 7







БП

UOS 2223

Қоршаған орта туралы ілім

3

3

БП

Sam 2223

Өзін- өзі тану

3

3







Таңдау бойынша курс 8







КП

EK 2311

Қазақстан экологиясы

3 (к/ж)

4

КП

RE 2311

Аймақтық экология

3

4


Таңдау бойынша курс 1
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері

Пререквизиттер: Құқық негіздері, әлеуметтану

Постреквизиттер: ҚР кәсіпкерлік құқығы, ҚР экологиялық құқығы.

Мақсаты: Пәннің оқытылу мақсаты студенттерге қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі, оның экономиканың дамуына кедергі қаншалықты кедергі келтіретіні және сыбайлас жемқорлықпен күресу негіздерін қарастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлықпен күрес жүргізудің заңнамалық негіздері, мемлекеттік институттары және олардың жүзеге асырылу нәтижелері қарастырылады. Заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізіледі, бұл саладағы шетелдік тәжірибе қарастырылады.

Оқытудың нәтижесі: - оқу барысында студенттер құқықтық талдау жүргізудің әдістемесі мен тәсілдерін, кеден органдары жүйесінде басқару мен қызметін ұйымдастыру негіздерін, кеден ісінің болашақ мамандары ретінде сыртқы экономикалық қызмет саласын ғылыми түрде тану негіздерін және кеден ісі негіздерінің басты өлшемдерін игеруге тиіс.

- оқушылар заңға сәйкес кеден-құқықтық тәжірибеде қолдануға, кеден органдары алдында тұрған мақсаттарды шешу барысында олардың маңызы мен атқаратын рөлін дұрыс түсінуге тиіс.

- әлеуметтік, этикалық және ғылыми шарттарды ескере отырып ақпараттарды іздеуге, жинауға, талдау жүргізуге және жүйелеу жүргізуді білуге, жинаған ақпарат негізінде өз дәлелдемелерін ұсынуға және тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдай білуге тиіс.

- әртүрлі нысандарда ақпаратты ұсынуға, топпен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, өз көз қарастарын негіздеп дәлелдеуге және дербес түрде шешімдер қабылдауды үйренуге тиіс.

- дербес түрде жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруға, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге және кәсіби білімдерін үнемі жаңартып тұру қажеттілігін ұғынуға негізделген кәсіпқой сана сезімді қалыптастыру қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: құқықтық және экономикалық аспектілері

Пререквизиттер: Құқық негіздері, әлеуметтану

Постреквизиттер: ҚР кәсіпкерлік құқығы, ҚР экологиялық құқығы.

Мақсаты: Пәннің оқытылу мақсаты студенттерге қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі, оның экономиканың дамуына кедергі қаншалықты кедергі келтіретіні және сыбайлас жемқорлықпен күресу негіздерін қарастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлықпен күрес жүргізудің заңнамалық негіздері, мемлекеттік институттары және олардың жүзеге асырылу нәтижелері қарастырылады. Заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізіледі, бұл саладағы шетелдік тәжірибе қарастырылады.

Оқытудың нәтижесі: - оқу барысында студенттер құқықтық талдау жүргізудің әдістемесі мен тәсілдерін, кеден органдары жүйесінде басқару мен қызметін ұйымдастыру негіздерін, кеден ісінің болашақ мамандары ретінде сыртқы экономикалық қызмет саласын ғылыми түрде тану негіздерін және кеден ісі негіздерінің басты өлшемдерін игеруге тиіс.

- оқушылар заңға сәйкес кеден-құқықтық тәжірибеде қолдануға, кеден органдары алдында тұрған мақсаттарды шешу барысында олардың маңызы мен атқаратын рөлін дұрыс түсінуге тиіс.

- әлеуметтік, этикалық және ғылыми шарттарды ескере отырып ақпараттарды іздеуге, жинауға, талдау жүргізуге және жүйелеу жүргізуді білуге, жинаған ақпарат негізінде өз дәлелдемелерін ұсынуға және тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдай білуге тиіс.

- әртүрлі нысандарда ақпаратты ұсынуға, топпен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, өз көз қарастарын негіздеп дәлелдеуге және дербес түрде шешімдер қабылдауды үйренуге тиіс.

- дербес түрде жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруға, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге және кәсіби білімдерін үнемі жаңартып тұру қажеттілігін ұғынуға негізделген кәсіпқой сана сезімді қалыптастыру қажет.
Таңдау бойынша курс 2
Биологиялық экология

Пререквизиттер: биология, экология және тұрақты даму, өмір-тіршілік қауіпсіздік негіздеі.

Постреквизиттер: биосфераның шығу тегі және эволюциясы, жартылыстанудың экологиялық аспектілері

Мақсаты: тірі организмдердің өзара қарым-қатынастары мен қоршаған ортамен байланыстарының жалпы заңдылықтарын; қоршаған ортаға антропогенді әсерлермен байланысты бір қатар мәселелерді талдауды; нақты мәселелер мен табиғатты қорғау іс-әрекеттерінің артықшылықтарын, жетістіктерін және биология бойынша білім негіздерін бекітуді қарастырады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Биоэкология ғылымының мақсаты мен міндеттері. Биоэкологияның ғылым ретінде анықтамасы. Экология ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері.Экологиялық білім алудың маңыздылығы.Экологияның басқа ғылым салалары мен байланысы.Экология ғылымының зерттелу тарихы.Экология ғылымының дамуына үлес қосқан батыс ғалымдары.Экология ғылымының дамуына орыс ғалымдарының қосқан үлесі.Қазақстан ғалымдарының экология туралы еңбектері.Экология ғылымының қазіргі кезде даму қарқыны.Биоэкология бөлімдерінің жіктелуі: аутэкология, демэкология ұғымының мәні, синэкология ұғымдарының мәні.

Өсімдік жамылғысының маусымдық өзгерістері.Жануарлар әлемінің биоәртүрлілікте атқаратын басты міндеті.Тіршіліктің пайда болу теориясы. Биосфера эволюциясы. Жер бетіндегі организмдердің таралуы. Ағзалардың негізгі тіршілік орталары. Фотоперодизм құбылысы. Табиғатты қорғау мәселесінің өзектілігі.Биоотынның немесе биоэтанолдың экономикалық және экологиялық пайдасы.Қоршаған орта экологиялық жағдайының маңызды ғаламдық мәселелер.



Оқытудың нәтижесі: «Биоэкология» бағдарламасы бойынша құрастырылған бұл пән арқылы студенттерде экология туралы түсінік алуын және ойлауы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру тиіс.

-қазіргі кезде экология (қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен бірге) барлық жаратылыстану және техникалық пәндермен тығыз байланыстағы күрделі ғылымдардың біріне айналуына байланысты экологиялық білім алу

-биоэкологиядан практикалық сабақтарда қоршаған ортаны қорғау пәнінен практикалық біліктіліктерді игеру пәнді жан-жақты тереңдетіп оқып-білуге мүмкіндік береді.

-студенттердің сана-сезімін экологияландыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу

-экономикалық-экологиялық шешімдер қабылдау және экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің дамуы.


Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоәралуандылығы

Пререквизиттер: биология, экология және тұрақты даму, өмір-тіршілік қауіпсіздік негіздері.

Постреквизиттер: биосфераның шығу тегі және эволюциясы, жартылыстанудың экологиялық аспектілері

Мақсаты: Биоалуандық, оның экожүйедегі қалыптасу рөлін, дәрежесін, бағасын, түрлердің өлуі – биоалуандылыққа қауіпін, атмосфералық ауаның антропогендік ластануын, оның ағзаларға және экожүйенің биоалуандылығына әсерін, ағзалардың интродукциясын және акклиматизациясын, экожүйенің биоалуандылықтағы көбейтуді оқытып меңгерту

Курстың қысқаша сипаттамасы: Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер әлемінің алуантүрлілігін, құрылысын және оның Жануарлар дүниесі (zoa). Бір клеткалы жануарлар тармағы (protozoa); Көп клеткалы жануарлар тармағы (metazoa); Ішекқуыстылар типі (Coelenterata). Атқышсыздар типі (Acnidaria); Жалпақ құрттар типі; Жұмыр құрттар типі (Nemarthelminthes); Буынаяқтылар типі; Екінші ауыздылар типі. Бас сүйексіздер (Асгапіа); Личинкахордалылыр; Балықтар (Pіsсеs); Қосмекенділер (Amрһіbiа); Құстар (Aves).; Класс Сүтқоректілер - (Mаmmalia) кластарын, олардың негізгі белгілерін білуі тиіс. Микроорганизмдердің биологиялық алуантүрлігін. Микроорганизмдер және олардың тірі организмдер жүйесіндегі орнын, жалпы белгілерін. Прокариот және эукариот микроорганизмдердің ұйымдасуындағы негізгі ерекшеліктерін. Биосферадағы микроорганизмдердің қызметі.

Оқытудың нәтижесі: - студенттердің өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер клеткасы мен ұлпаларының құрылыс ерекшеліктері, өркен, тамыр және генеративті жүйелердің морфологиясы мен анатомиясы туралы, сонымен қатар өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары, өзін өзі қалыптастырудың және көбеюдің биологиялық мәні, өсімдіктердің жастық және маусымдық өзгерістері жайлы білім алу.

- жануарлардың көптүрлілігін, олардың шығу тегін, органдар жүйесінің құрылысын, тіршілігін жеке даму заңдылықтарын, систематикасын, таралуын, тіршілігн, жеке даму заңдылықтарын, систематикасын, таралуын, тіршілік ортасымен байланысын және адам үшін маңызын көрсету. Типті және оның кластарын қазіргі системаға сәйкес, төменгі сатыларынан жоғарыларына дейін зерттеу әрбір топтардың ерекшеліктері туралы түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың пайда болуы мен туыстық ара қатынастарын, құрылысы мен органдар жүйесінің эволюциясын және олардың функциональдық байланыстарын қадағалауға да мүмкіндік береді.

- өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жекелеген мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысын танып, білу, құрылымның атқаратын қызметке байланыстылығын, өсімдіктердің филогенезде жетіліп дамуының белгілері мен салдарын, сондай-ақ аталған курстың терминдері мен түсініктерін білу. Студенттер алған білімдерін және әдебиет көздерін өздерінің теориялық дайындығын ары қарай жетілдіруге, морфологиялық-анатомиялық зерттеулер жүргізіп, организмнің толық морфологиялық сипаттамасын беруде қолдана алуы керек.


Каталог: attachments -> article -> 4070
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015
4070 -> Элективті пәндер каталогы 5В030400 "Кеден ісі"
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В091200 Мейрамхана іс және қонақ үй бизнесі
4070 -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В091200 Мейрамхана іс және қонақ үй бизнесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет