Электолиздiң бiрiншi заңы (Фарадейдiң бiрiншi заңы)



Дата22.02.2020
өлшемі15,07 Kb.
#58790
Байланысты:
Elektroliz zay есеп
Сабақ мақсатына сараланаған мақсаттар қою, Қмж 7 сынып!, Қмж 7 сынып!, sabaq-kz attachment mzh.-aaz-zhne-atyryaazben-zhmys, sabaq-kz attachment mzh.-aaz-zhne-atyryaazben-zhmys
Электолиздiң бiрiншi заңы (Фарадейдiң бiрiншi заңы): 
электродтарда бөлiнетiн заттын массасы электролиттен өткен q зарядына тура пропорционал 
m=kq немесе m=kIt (1) 
( өйткенi, , I – ерiтiндiден Δt уақытында өткен тұрақты токтың күшi). 
2. Электролиздiң екiншi заңы (Фарадейдiң екiншi заңы): 
заттардың электрохимиялық эквиваленттерi олардың М мольдық (немесе атомдық) массаларының валенттiлiгiне ( n ) қатынасына тура пропорционал: 
k=cM/n=1/F*M/n (2) 
F=1/c - шамасын Фарадейдiң саны дейдi. 

Есептер шығару

1-есеп

10А ток өткізіп 20 г алюминий алу үшін электролиз процесі қанша уақытқа созылуы керек?



2-есеп

Тәжірибе кезінде катодтан 4А ток өткенде, 20 мин ішінде массасы 1,5 г күміс бөлінді. Осы мәліметтерге сүйене отырып мыстың электрохимиялық эквивалентін анықта.

3-есеп

Тотияйын ерітіндісін электролиздеу кезінде 30 мин ішінде 5 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай?



4-есеп

Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 мин бойына 5А токты пайдаланды. Осы уақыт ішінде күмістің қанша мөлшері жұмсалды?



  1. Электролит арқылы 1,5 А ток күші өткенде, 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
  2. Электролиз процесінің нәтижесінде күміс тұзының судағы ерітіндісінен катодта 300 мг күміс бөлінді. Электролиттен өткен заряд шамасын табыңдар.


  3. Мыс тотияйынының ерітіндісі арқылы 20 кКл заряд өтті. Осы кезде катодқа қанша мыс бөлінді?


  4. Гальвани ваннасынан 10 мин-та 0,67 г күміс бөлінген. Ваннаға тізбектей жалғанған амперметрдің керсетуі 0,9 Α болса, осы көрсету дұрыс па?


  5. Мыс ваннадан 20 мин ішінде 1,98 г мыс бөлінген. Ваннадағы ток күшін табыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет