Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»


Технологиялық бұзушылықтардың алдын алу және жою



бет17/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Технологиялық бұзушылықтардың алдын алу және жою


  1. Технологиялық бұзушылықтарды жою кезінде жедел-диспетчерлік басқарудың негізгі міндеттері:

бұзушылықтардың дамуын, персоналдың жарақаттануы мен жабдыққа зақым келтіруінің алдын алу;

тұтынушылардың энергиямен жабдықталуын және электр энергиясын тұтынушыларға қойылатын қалыпты параметрлерін тез қалпына келтіру;

сенімді авариядан кейінгі схемалар мен жүйе жұмысының режимін әзірлеу;

ажырап кеткен және ажыратылған жабдықтың жай-күйін анықтау және оны іске қосу мүмкіндігі болған кезде желі схемаларын қайта қалпына келтіру болып табылады.



  1. Әрбір диспетчерлік пунктте, энергетика объектісінің басқару қалқанында типтік нұсқаулық пен жоғары тұрған жедел-диспетчерлік басқару нұсқаулығына сәйкес әзірленетін технологиялық бұзушылықтардың алдын алу мен жою жөніндегі өндірістік нұсқаулық және жылу желілерінде, электр станциялар мен қазандықтың газ шаруашылығындағы технологиялық бұзушылықтарды жою жоспары болуы тиіс.

Қалалар мен ірі елді мекендердің жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтарды жою жоспарлары биліктің (әкімшілік) аумақтық атқарушы органдарымен келісіледі.

Қалалар мен энергетикалық объектілердің авариялық-диспетчерлік қызметтері энергетика объектілеріндегі технологиялық бұзушылықтарды жою кезінде олардың өзара әрекетін анықтайтын құжаттармен келісілуі қажет.



  1. Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО, жедел-диспетчерлік желілер қызметінің диспетчерлері мен электр станцияларының жедел-диспетчерлік персоналының арасындағы технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша қызметтерді бөлу тиісті нұсқаулықтарда регламенттеледі.

Қазақстанның БЭЖ мен егемен елдердің энергетикалық жүйелерінің арасындағы технологиялық бұзушылықтарды жою кезінде қызметтерді бөлу жекелеген келісімшарттарда регламенттеледі.

  1. Электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтарды жоюды станцияның ауысым басшысы басқаруы қажет.

Қосалқы станцияларда технологиялық бұзушылықтарды жоюды басшылыққа алу қосалқы станцияның кезекшісіне, қосалқы станцияларда қызмет көрсету түріне байланысты қосалқы станциялар тобының шеберіне немесе бастығына жүктеледі. Жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтарды жоюды басшылыққа алу жылу жүйесінің диспетчерімен жүзеге асырылады. Оның нұсқаулары ЖЭО-ның немесе басқа да жылу көздерінің жедел-диспетчерлік персоналы үшін міндетті болып табылады.

Энергия жүйесінің жұмыс режиміне қатысты емес және жергілікті маңызы бар электр желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар электр желілерінің диспетчері немесе осындай бұзушылықтардың таралу аумағына және желіні басқару құрылымына байланысты тірек қосалқы станциялардың диспетчерінің басшылық етуімен жойылады.

Біріккен энергетикалық жүйелердің жұмыс режиміне қатысты технологиялық бұзушылықтарды жою ӨДО диспетчерінің басшылық етуімен жүргізіледі.

Бірнеше біріккен энергетиалық жүйелерді құрайтын технологиялық бұзушылықтарды жоюды басқару Қазақстанның ҰДО ЖО-ның диспетчеріне жүктеледі.

Қажеттілік туындаған жағдайда жедел басшылар немесе әкімшілік басшылар жоғарыда көрсетілген адамдарға технологиялық бұзушылықтарды жоюды басқаруды тапсыруы немесе жедел журналға жазба қалдыра отырып, өзі басшылыққа алуы мүмкін. Ауыстыру туралы жоғары тұрған жедел персоналға да, бағынысты персоналға да хабарланады.


  1. Технологиялық бұзушылықтарды жою кезінде ауысымды қабылдау мен тапсыруға жол берілмейді. Ауысымға келген жедел персонал технологиялық бұзушылықтарды жоюды басқаратын адамның қарап-шешуі бойынша жұмысқа тартылады. Технологиялық бұзушылықтарды жою ұзаққа созылған кезде сипатына қарай жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың рұқсатымен ауысымды тапсыруға жол беріледі.

Технологиялық бұзушылықтарды жою кезінде операциялар жедел басқарылмайтын немесе жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың қарамағына кірмейтін жабдықта жүргізілген жағдайда, ауысымды технологиялық бұзушылық орын алған энергетия объектісінің басшы әкімшілік-техникалық персоналының рұқсатымен тапсыруға жол беріледі.

  1. Жедел-диспетчерлік персонал әкімшілік-техникалық персонал қатарындағы адамдардың қатысуына қарамастан, қалыпты режимін қалпына келтіру бойынша шешім қабылдай отырып және іс-шараларды жүзеге асыра отырып, технологиялық бұзушылықты жою үшін жауапты болады.

  2. Диспетчерлік басқарудың барлық деңгейлерінің диспетчерлерінің, сондай-ақ электр станциялардың ауысым бастықтарының және ірі қосалқы станциялардың кезекшілерінің жедел келіссөздері мен өкімдері уақытылы жазатын құрылғыға белгіленуі керек.

  3. Энергия жүйесінің орнықты жұмысының бұзылуына жол бермеу үшін қуатты қабылдаушы энергетикалық жүйедегі жүктемені ажыратудың жүйелік автоматикасы және қуат беретін энергетика жүйелеріндегі электр станцияларының автоматтық жеңілдету жұмыстары жүргізіледі. Автоматты құрылғылардан бас тарту кезінде персонал іске қолмен кірісуге дайын болуы тиіс.



Жедел схемаларға қойылатын талаптар


  1. Қалыпты және жөндеу режимдері үшін Қазақстан БЭЖ-нің, электр желілерінің, электр станциялары мен қосалқы станциялардың электрлі қосылу схемалары, РҚА құралдарын бабына келтіру:

сапасы мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес болуы тиіс электр энергиясымен тұтынушыларды жабдықтауды (шарт міндеттемелері бойынша);

Қазақстан БЭЖ-нің электр желілері мен оқшаулағыш жүйелерінің электр желілеріндегі тұрақты жұмысын;

қысқа тұйықталу токтарының жабдықтар үшін жол берілетін мәніне сәйкестігін;

активті және реактивті қуат ағындарын үнемдеп таратуды;

аварияларды электр энергиясын өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де ең аз шығындармен жоюды қамтамасыз етеді.


  1. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың ауыспалы және тұрақты тогының жеке қажеттіліктерінің (бұдан әрі – ЖҚ) схемалары қалыпты, жөндеу және авариялық режимдердің сенімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, мыналар арқылы іріктеліп алынады:

шиналарды секциялау;

барлық кернеулі ЖҚ шиналарының кез келген секциясына резервтік токты автоматты түрде енгізу;

РАЕ құрылғыларының әрекетін ескере отырып, шина секциялары мен жүйелері бойынша ЖҚ ток көздерін тарату және секцияларда кернеу жоқ болған кезде ЖҚ механизмдерінің жұмыстарында сақтау. Жұмыс және резерв тогының көздері тарату құрылғылары шиналарының әртүрлі секцияларына қосылады;

кез келген секцияның қатарынан шыққан жағдайда электр станцияларының немесе қосалқы станциялардың жұмыстарының ең төменгі бұзушылықтары кезінде шиналардың секциялары бойынша ЖҚ механизмдерін тарату;

электр станцияларының шиналарының синхронды емес (жоғары кернеулі шиналарды секциялау, жекелеген желілерге энергетикалық блоктарды бөлу, энергия жүйесінің бөлу схемасын орындау) жұмыс істеуі кезінде ЖҚ механизмдерін сенімді токпен қамтамасыз ету;

жиіліктер азайтылған және кернеулер жұмыс қуатын мейлінше аз жоғалта отырып, олардың үздіксіз жұмысына қауіп келтіретін мәндерге дейін төмендетілген кезде энергетикалық жүйеден электр станциясының ЖҚ механизмдеріне дейін толық немесе ішінара қуат беру бөлімшесін қамтамасыз ету.



  1. ЖҚ станцияларының тарату құрылғыларының шиналарына бөгде тұтынушылардың (кенттердің) қосылуына жол берілмейді. Тарату желілерінің осы орындарда жоқ болуы кезінде трансформаторлары бар блоктардың генераторларға қосылған электр станциялары ерекше болып табылады.

  2. Электр желілерінің, қосалқы станциялар мен электр станцияларына қосылудың қалыпты және жөндеу схемаларын жыл сайын энергетикалық объектінің техникалық басшысы (құрылымдық бірлігі), ал энергетика жүйесінің схемаларын техникалық басшы бекітуі қажет.

Көрсетілген схемалар жедел иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы жабдықтан тұратын жедел диспетчерлік басқару органымен келісіледі.

  1. Электр станцияларының құбыржолдарының схемалары:

негізгі жабдықтың ЖҚ сенімді резервілеуді;

ең аз гидравликалық шығынды;

негізінен қашықтықтан басқару жетектері арқылы авариялық учаскелерді ажыратуды;

өндіруші қуаттың ең аз шығыны бар аварияларды жоюға және тұтынушылардың ең аз қуатын ажыратуды қамтамасыз етеді.



  1. Желілік станция құбыржолдарының схемалары жекелеген учаскелерді жою мүмкіндігі және құбыржолдары зақымданған жағдайда, үй-жайлардың және электр станцияларының жабдықтарының су басуын болдырмауды қамтамасыз етеді.

  2. Жылу желілерінің құбыржолдарының схемалары тұтынушыларды жылумен сенімді жабдықтауды, жылу желілерінде берілген параметрлерді ұстап тұруды, желілік суды жеткізуге электр энергиясын үнемдеп тұтынуды, сондай-ақ тұтынушыларды мейілінше аз ажырата отырып аварияны оқшаулауды және жоюды қамтамасыз етеді.



Электр қондырғыларындағы ауыстырып-қосу


  1. Энергия объектілерінің электр желілері мен электр қондырғыларының электрлі қосылыстарының схемаларындағы және ауыстырып-қосуды жүргізу кезіндегі РҚА құрылғыларының тізбегіндегі барлық өзгерістер, сондай-ақ жерге тұйықтау қондырғыларының орындары ауыстырып-қосудың аяқталуына байланысты жедел схемада немесе мнемосхемада (схема-макет) беріледі.

  2. Блоктау құрылғыларымен жабдықталмаған немесе жарамсыз блок құрылғылары бар электр қондырғыларындағы күрделі ауыстырып-қосу, сондай-ақ барлық ауыстырып-қосулар (жекелерден басқа) бағдарламалар, ауыстырып-қосу бланкілері бойынша орындалады.

Аварияға қарсы және режимдік автоматика, жерге тұйықтау ажыратқыштары мен релелік қорғаныс құрылғылары, коммутациялық аппараттары бар операциялардың қатаң бірізділігін талап ететін ауыстырып-қосу күрделі ауыстырып-қосуға жатады.

Тиісті энергия объектілерінің техникалық басшылары бекітетін күрделі ауыстырып-қосулар тізбесі энергия объектілерінің диспетчерлік пункттерінде, электр станциялары мен қосалқы станцияларды басқарудың орталық бас қалқанында сақталады.

Күрделі ауыстырып-қосу тізбесі схемалар, жабдық құрамы, қорғаныс және автоматика құрылғылары өзгерген кезде қайта қарастырылады.


  1. Қайталанатын күрделі ауыстырып-қосу үшін типтік бағдарламалар, ауыстырып-қосу бланкілері пайдаланылады.

Технологиялық бұзушылықтарды жою кезінде немесе олардың алдын алу үшін жедел журналға кейіннен жаза отырып, бланкісіз ауыстырып-қосуды жүргізуге жол беріледі.

  1. Жедел құжат болып табылатын ауыстырып-қосу бағдарламалары мен бланкілерінде электр қондырғыларды және РҚА тізбектерін электрлі қосылыс схемаларында ауыстырып-қосуды жүргізу кезінде операция реті мен бірізділігі белгіленеді.

Ауыстырып-қосу бланкілерін (типтік бланкілер) тікелей ауыстырып-қосуды орындаушы жедел-диспетчерлік персонал пайдалануы қажет.

Ауыстырып-қосу бағдарламаларын (типтік бағдарламалар) басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі электр қондырғыларында және әртүрлі энергия объектілерінде ауыстырып-қосуды орындау кезінде жедел басшылар қолданылады.

Бағдарламаларды бөлшектеу деңгейі диспетчерлік басқару деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Ауыстырып-қосуды орындаушы адамдарға ауыстырып-қосу бланкілерімен толықтырылған диспетчердің бағдарламаларын қолдануға жол беріледі.

Ауыстырып-қосудың үлгілік бағдарламалары мен бланкілері жаңа жабдықтардың енгізілуіне, ескірген жабдықтарды ауыстыруға немесе жекелеп бұзуға байланысты электр қондырғылардың электр қосылысының бас схемасында өзгерістер болған кезде, сондай-ақ белгіленген құрылғыларда жаңа РҚА қосылған немесе өзгерген кезде түзетіледі.



  1. Қазақстан БЭЖ-нің, электр желілерінің схемалары мен жұмыс режимінің жоспарлы өзгерістері мен Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО өндірістік қызметтерінің РҚА құрылғыларында, жабдықтарында және құрылғылары бар басқармада өзгерістер болған кезде жедел басқарудың тиісті деңгейлерінде ауыстырып-қосудың үлгілік бағдарламалары мен бланкілеріне қажетті өзгерістер мен толықтырулар алдын ала енгізіледі.

  2. Электр станциялары мен қосалқы станциялардағы барлық ауыстырып-қосулар оларды орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орындалады.

Электр жабдықтары мен жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың жедел басқармасында болатын РҚА құрылғыларындағы ауыстырып-қосу өкім бойынша, ал оның қарамағындағыларда келісім бойынша орындалады.

Ауыстырып-қосуды кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда (жазатайым жағдайлар, төтенше жағдайлар, өрт, авария) жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналды кейіннен хабардар ете отырып, олардың өкімі мен келісімінсіз орындауға жол беріледі.

Өрт және аварияны жою кезінде жедел-диспетчерлік персонал жергілікті нұсқаулыққа және өрт сөндірудің жедел жоспарына сәйкес әрекет етуі қажет.


  1. Ауыстырып-қосу туралы өкімде электр қондырғыларының схемасында және жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персонал анықтайтын бөлшектеудің қажетті деңгейіндегі РҚА тізбегінде операция бірізділігі көрсетіледі.

Ауыстырып-қосуды орындаушыға жедел ауыстырып-қосуды жүргізу үшін бір мақсаттағы операциялар болатын біреуден артық тапсарма берілмейді.

  1. Күрделі ауыстырып-қосуды бірі бақылаушы болып табылатын, екі адам орындауы қажет.

Екі адамның ауыстырып-қосуды орындауы кезінде лауазымы бойынша үлкені бақылаушы болып табылады.

Жедел-диспетчерлік персонал қатарынан бір адамды ауыстыру кезінде бақылаушы адам ретінде берілген электр қондырғысының схемасын, энергетикалық объект бойынша өкіммен ауыстырып-қосуды орындауда рұқсат беретін өндіріс ережесін білетін әкімшілік-техникалық персонал қатарынан бір қызметкер болуы мүмкін.

Күрделі ауыстырып-қосу кезінде РҚА қызметі персоналдарының қатарынан үшінші адамды РҚА тізбегіндегі операциялар үшін тартуға жол беріледі. Алдын ала ауыстырып қосу бланкісімен таныстырылған және қол қойған осы жұмыскер әрбір операцияны ауыстырып-қосуды орындайтын адамның өкімімен орындауы қажет.

Жұмысқа қабілетті блок құрылғылары бар болған кезде қалған ауыстырып-қосудың бәрі ауысым құрамына қарамай өз күшімен орындалуы мүмкін.



  1. Электр қондырғыларында кернеу болмаған кезде жедел-диспетчерлік персонал кернеуді беруге дайын болуы қажет.

  2. Ажыратқыш тізбегіндегі қосылу жұмысына және кернеулі қосу және ажырату ажыратқышпен орындалады.

ЖТҚ-мен (ЖиТҚ) байланысты ажыратқыш, бөлшектегіш контактілерін қосуға және ажыратуға жол беріледі:

1) 110-220 кВ күш беретін трансформаторлардың нейтралдары; жерге тұйықтау желісінде 6-35кВ жерге тұйықтаушы доға сөндіруші реакторлар жоқ болған кезде;

2) 6-500 кВ күш беретін трансформатордың магниттелмейтін тогы;

3) заряд тогы мен жерге электр жеткізудің ауа және кәбіл желілеріндегі токтың тұйықталуы;

4) шина жүйесінің заряд тоғы, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтай отырып қосылудың заряд тогы.

6-10 кВ айналма желілерінде 70 А дейін теңгермелі токтың ажыратқыштармен өшірілуіне және алшақ тұрған контактілерде кернеу әртүрлі болған кезде желінің тұйықталуы 5 % артық болуына жол беріледі.

Кернеуі 10 кВ және 15 А дейінгі жүктемеден төмен болған кезде қондырғының үш плюсты ажыратқыштарын қосуға және өшіруге жол беріледі.

Кернеуі 220 кВ және одан да жоғары жарамсыз ажыратқыштарды қашықтықтан ажыратуға жол беріледі. Токты қосу мен ажыратудың мәні нормативтік-техникалық құжаттармен анықталады.

Әртүрлі электр қондырғылары үшін операцияларды орындау тәртібі мен шарттары жергілікті нұсқаулықпен регламенттеледі.


  1. Ауыстырып-қосуды тікелей орындаушы жедел-диспетчерлік персоналдың қауіпсіз блоктау жұмысынан өз еркімен шығаруына жол берілмейді.

Ажыратылған жерде тексерілгеннен кейін және рұқсат беру бойынша блоктаудан бас тарту себептері анықталғанан кейін және энергия объектісі бойынша жазбаша нұсқаулығы бар уәкілетті тұлғалардың басшылығымен блоктан ажыратуға жол беріледі.

Блоктан шығару қажеттілігі туындаған жағдайда блоктан шығару бойынша операциялар жүргізуде ауыстырып-қосу бланкісі әзірленеді.



Электр станциялары мен жылу желілерінің жылу схемаларындағы ауыстырып-қосу


  1. Жылу схемаларындағы ауыстырып-қосудың бәрі пайдалану жөніндегі өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес орындалады және жедел құжаттамада белгіленеді.

  2. Нұсқаулықтарда қарастырылмаған жағдайларда, сондай-ақ екі немесе бірнеше аралас бөлімшелер немесе энергетикалық объектілер қатысқан кезде ауыстырып-қосу бағдарлама бойынша орындалады. Нұсқаулықтарда берілген күрделі ауыстырып-қосу да бағдарлама бойынша орындалады.

  3. Күрделі ауыстырып-қосуға:

  1. күрделі байланысы бар жылу схемаларында;

  2. уақыты бойынша ұзақ;

  3. ұзын объектілердегі;

  4. сирек орындалатындар жатады.

Сирек орындалатын ауыстырып-қосуға:

  1. монтаждаудан және қайта жаңғыртудан кейін негізгі жабдықтарды іске қосу;

  2. жабдықтар мен жылу желілерін гидравликалық сынау;

  3. жаңа және іріктелген бу құбырлары мен қоректік құбыржолдарының схемаларындағы өзгерістер;

  4. жабдықтарды арнайы сынау;

  5. жабдықтарды пайдаланудың жаңа дәстүрлі емес жолдарын тексеру және сынау жатқызылуы мүмкін.

Ауыстыру күрделілігінің деңгейі мен олардың орындау үшін бағдарлама жасау қажеттілігін жұмыс ерекшелігіне байланысты энергетикалық объектілердің техникалық басшысы анықтайды.

  1. Әрбір энергия объектісінде техникалық басшысы бекіткен күрделі ауыстырып-қосу тізбесі әзірленеді. Тізбе жабдықтың іске қосылуын, қайта жаңғыртылуын немесе бұзылуын, технологиялық схемалары мен технологиялық қорғану мен автоматика схемаларын ескере отырып түзетіледі. Тізбе 3 жылда 1 рет қайта қаралады. Тізбе көшірмесі цех және энергия объектісінің жедел-диспетчерлік персоналы жұмыс орнында болады.

  2. Энергия объектісінің техникалық басшысы әкімшілік-техникалық персонал ішінен бағдарлама бойынша жүргізілетін ауыстырып-қосуды бақылауға тиіс тұлғалардың тізімін бекітуі қажет. Тізім персонал құрамы өзгерген кезде жағдайда түзетіледі. Тізім көшірмесі цех пен энергия объектісінің жедел-диспетчерлік персоналы жұмыс орнында болады.

  3. Ауыстырып-қосуды орындау бағдарламасында:

  1. ауыстырып-қосуды орындаудың мақсаты;

  2. ауыстырып-қосу объектісі;

  3. ауыстырып-қосуды орындауға дайындау бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тізбесі;

  4. ауыстырып-қосуды орындау шарттары;

  5. жедел анықталуы тиіс ауыстырып-қосудың жоспарлы басталу және аяқталу уақыты;

  6. қажеттілік туындаған жағдайда, ауыстырып-қосу объектісінің схемасы (схемада объект элементтерінің атаулары мен нөмірлерге объектіде қабылданған атаулар мен нөмірлер толығымен сәйкес болуы тиіс);

  7. бекітуші және реттеуші органдардың және технологиялық қорғау мен автоматика тізбектері элементтерінің жағдайын көрсете отырып, операцияларды орындау реті мен бірізділігі;

  8. ауыстырып-қосуды орындайтын жедел-диспетчерлік персонал;

  9. ауыстырып-қосуға қатысуға үшін тартылған персонал;

  10. ауыстырып-қосуды орындауды басқаратын жедел-диспетчерлік персонал;

  11. энергия объектілерінің екі немесе одан да көп бөлімшелерінің ауыстырып-қосуға қатысуы шегінде – жалпы басшылықты жүзеге асыратын әкімшілік-техникалық персонал;

  12. екі немесе одан да көп энергия объектілерін ауыстырып-қосуға қатысқан кезде – әрбір энергия объектісін ауыстырып-қосуды орындау үшін әкімшілік-техникалық персонал қатарынан жауапты тұлғалар және ауыстырып-қосуды жүргізуді жалпы басшылыққа алатын әкімшілік-техникалық персонал қатарындағы тұлға;

  13. жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларының тізбесі;

  14. адамдардың өмірі мен жалпы жабдықтарға қауіп төндіретін авариялық жағдайлар немесе жағдайлардың туындауы кезіндегі персоналдың әрекеті көрсетіледі.

  1. Бағдарламаны энергия объектісінің техникалық басшысы бекітеді, ал бір энергия объектіcінің шегінен тыс бағдарлама қолданысқа енгізілер кезде – энергетикалық объектілерінің бағдарламасына қатысты техникалық басшы бекітеді.

  2. Осы Қағидалардың 995-тармағында көрсетілген қайта ауыстырып-қосу үшін энергетикалық объектілерде алдын ала жасалған үлгілік бағдарламалар қолданылуы қажет.

Үлгілік бағдарламалар 3 жылда 1 рет қайта қарастырылады және жабдықтың іске қосылуы, қайта жаңғыртылуы немесе бұзылуымен, технологиялық схемалар мен технологиялық қорғану және автоматика схемаларының өзгерісімен түзетіледі.

  1. Жедел-диспетчерлік персонал ауыстырып-қосу бағдарламалары мен ауыстырып-қосудың үлгілік бағдарламаларын қолданады және олар ауыстырып-қосуды орындау барысында жедел құжаттар болып табылады.

  2. Объектіде мнемосхемалар болған кезде барлық өзгерістер ауыстырып-қосу аяқталғаннан кейін бағдарламаларға енгізіледі.

  3. Ауыстыруып-қосу бағдарламалары басқа жедел құжаттамалармен бірдей сақталады.



Диспетчерлік басқарманың автоматтандырылған жүйесі


  1. Қазақстанның ҰДО ЖО, ӨДО, электр желісінің диспетчерлік пункті диспетчерлік басқарманың автоматтандырылған жүйесімен (ДБАЖ) жабдықталады.

  2. ДБАЖ энергетикалық өндірісті жедел-диспетчерлік басқару міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді және жеке жүйе ретінде қызмет атқаруы мүмкін.

  3. ДБАЖ бен ТП БАЖ негізінде басқарманың әрбір иерархиялық деңгейіне сәйкес:

Қазақстанның БЭЖ режимін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау;

электр желілерінің, электр станцияларының, энергетика блоктарының және қосалқы станциялардың қалыпты режимін жедел басқару;

электр станцияларының жүктемесі мен тұтынылатын қуатын бақылау;

авариялық жағдайлардың ретроспективалы талдау;

басқарылатын объекті жұмыстарының режимі туралы қажетті дискреттілікті ретроспективалы ақпаратты және диспетчер талабы бойынша оның қорытындысын сақтау;

жедел ауыстырып-қосуды бақылау;

жедел құжаттаманы автоматтандырылған түрде жүргізу орындалады.

Шешілуі тиіс міндеттердің толық тізбесі мен көлемі және оларды шешу жолдары басқарманы сенімділік талаптары мен техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты жобалармен анықталады.



  1. ДБАЖ-дың техникалық құралдар кешенінің құрамына:

ТП БАЖ-бен қоса диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары (ақпарат датчиктері, телемеханика және ақпараттарды жеткізу құрылғылары, байланыс арналары);

ақпаратты өңдеу және бейнелеу құралдары: жедел ақпараттық-басқару кешендері мен есептеу кешендерінің ЭЕМ, басу құрылғылары, дисплейлер, цифрлық, цифрлық және аналогтық құралдар;

басқару объектілерімен байланыстыру құрылғылары;

қосалқы жүйелер (кепілдеме берілген электр қуатымен жабдықтау, ауаны желдету, өртке қарсы) енгізілуі тиіс.



  1. Барлық құрылғылар мен ДБАЖ-дың бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені жарамды және әрдайым іске қосылып тұруы тиіс. Желінің бастапқы схемаларын өзгерту диспетчерлік қалқан мен дисплейлерде берілу үшін құжаттамаға дер кезінде енгізіледі.

ДБАЖ-дың жекелеген элементтерін жөндеуге шығару диспетчердің рұқсатымен жедел өтініш бойынша жүргізіледі.

  1. Электр мен қоректендіру жүйесінің жарамдылығы электр желісінің, энергетикалық объектінің техникалық басшысы, бас диспетчері немесе диспетчерлік қызмет басшысының бекітуімен кесте бойынша мерзімді түрде тексеріледі.

  2. ДБАЖ-дың элементтері орналасқан үй-жайлар жабдықтар мен техникалық құралдарға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес болуы керек, ал ақпаратты енгізу және шығару жолы, қорғалған жерге тұйықтау мен ақпарат тізімдемесі экрандарын жерге тұйықтау жүйелер кедергіден қорғала отырып қамтамасыз етіледі.

  3. ДБАЖ құрылғылары мерзімді түрде тексеріледі.

  4. ДБАЖ жабдықтарында, коммутациялық аппаратурада жедел атауы мен күйі көрсетілген жазба болуы тиіс.



Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> Операциялық жоспар іс-шараларын іске асыру туралы есеп
2015 -> Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет