Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»


Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін қадағалау



бет4/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін қадағалау


  1. Гидро техникалық құрылыстарда орнатылатын бақылау-өлшеу аппаратурасының (бұдан әрі – БӨА) бақылау көлемі мен құрамы жобамен белгіленеді.

Пайдалану кезінде БӨА құрамы мен бақылау көлемі гидро құрылыстардың жай-күйіне және бақылауға қойылатын техникалық талаптардың өзгеруіне байланысты (мысалы, беріктік класын өзгерту, сейсмикалығын анықтау) өзгертілуі мүмкін. Бұл өзгерістер жобалау немесе мамандандырылған ұйымдармен келісіледі.

Электр станцияларында барлық БӨА әрбір құралының орнату күні мен бастапқы көрсеткіші көрсетілген ведомості және схемасы болуы тиіс, БӨА-ның жай-күйі оларды күтіп-ұстау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзімде тексеріледі.

Бақылаудың жеделдігі мен дұрыстығын арттыру үшін басты арынды гидро техникалық құрылыстарды диагностикалық бақылаудың автоматтандырылған жүйелерімен (бұдан әрі – ДБАЖ) жабдықтаған жөн. Мұндай құрылыстар үшін оларды БӨА-мен жабдықтау жобалары мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып және оны ДБАЖ-да пайдалануды ескере отырып әзірленеді.


  1. Жергілікті нұсқаулықта белгіленген мерзімде және ол жерде қарастырылған көлемде барлық гидро техникалық құрылыстарда:

  1. құрылыстар мен олардың іргелерінің шөгуі және жылжуы;

  2. құрылыстар мен қаптамалардың деформациясы, олардағы жарықтар, деформациялық және құрылыс жіктерінің жай-күйі, жерасты плотиналардың, бөгеттердің, каналдардың және шұңқырлардың еңістерінің бекітпелері;

  3. арынды су өткізгіштердің жай-күйі;

  4. гидро тораптың бьефтері деңгейінің режимі, жерасты, бетон құрылыстар мен жағалау тұтастықтарының, дренаждық және сүзілмейтін құрылғылардың жұмысының режимі, құрылыс аймағындағы жерасты суының режимі;

  5. су ағынына құрылысқа ықпалы арқылы, атап айтқанда су ұрмасы мен рисберманы, су түбі мен жағалауын су жуып кетуі; қаптаманың уатылуы мен коррозиясы, отыруы (шөгуі), жылжымалы құбылыстар, каналлар мен бассейндердің лайлануы және шөп басуымен; су қоймалары жағалауларын қалпына келтірумен;

  6. құрылыстарға мұздың әсеріне және олардың мұз қатуы бойынша бықылау жүргізілуі тиіс.

Қажет болған кезде құрылыстардың дірілін, сейсмикалық күшін, бетонның беріктігі мен су өткізбеушілігін, конструкцияның кернеулі жай-күйі мен температуралық режимін, металл және бетон коррозиясын, металл конструкцияларының дәнекерленген жіктерінің жай-күйін, гидро техникалық құрылыстардың жекелеген учаскелерінде газдың шығуы мен басқа да факторларды бақылау ұйымдастырылады.

Гидро техникалық құрылыстарды пайдалану шарттары айтарлықтай өзгерген кезде арнайы бағдарламалар бойынша қосымша байқау жүргізіледі.

Өндірістік нұсқаулықтарда әрбір арынды гидро техникалық құрылыстар үшін БӨА бойынша бақылау нәтижелері салыстырылатын оның жай-күйінің мүмкін болатын көрсеткіштері көрсетіледі.

Гидро техникалық құрылыстардың жай-күйінің бастапқы (жобалау) мүмкін болатын көрсеткіштері заттай бақылау деректерін жинақтай отырып жүйелі түрде анықталады.



  1. Бірінші класты бетонды гидро техникалық құрылыстарында олардың конструкциясына және пайдалану шарттарына байланысты:

плотиналар мен олардың негіздерінің кернеулі және термокернеулі жай-күйі;

плотина табанымен түйісу аймағында тасты ірге нығыздығының азаю;

арматурадағы кернеу;

сейсмикалық және басқа да динамикалық әсері болған кезде плотинаның жай-күйінің өзгеруі бойынша арнайы заттай бақылау жүргізілгені жөн.

Көп жылдық қатып қалған жерлерде орналасқан бетон плотиналар үшін:

плотина іргелерінің температурасы мен жағалаумен түйісуі;

бетон қатып қалған жерлердің, әсіресе бетонды және жерасты құрылыстары мен плотинаның жағалаумен түйісу аймақтарында дамуы;

еру кезінде және еру нәтижесінде жерастының негізгі физикалық-техникалық қасиеттерінің өзгеруі кезінде іргетастарының деформациялану және жағалаумен түйісу процесі бойынша арнайы заттай бақылау жүргізілуі тиіс.



  1. Электр станцияларының жерасты ғимараттарын пайдалану кезінде:

сілемді қамтитын анкерлік және күмбездік бекітплерінің кернеулі жай-күйіне;

қабырғалардың және камера күмбезінің жылжып деформациялануына;

сілемнің сүзгіш және температуралық режимдеріне;

үй-жайларда судың ағуына бақылау жүргізіледі.



  1. 7 және одан да жоғары балды сейсмикалық аудандарда орналасқан бірінші класты гидро техникалық құрылыстарда және 8 және одан да жоғары балды сейсмикалық аудандарда орналасқан екінші класты құрылыстарда бақылаулар мен сынақтардың мынадай түрлері жүргізіледі:

құрылыстар мен жағалауға түйіскен тұстардың жұмысын инженерлік-сейсмометрикалық бақылау (сейсмометрикалық мониторинг);

құрылыстардың жармасының маңындағы су қоймасының аймағында және іргелес аумақтарда инженерлік-сейсмологиялық бақылау (сейсмологиялық мониторинг);

пайдалануға берілген кезде – динамикалық паспорттар жасай отырып, осы құрылыстардың динамикалық сипаттамасын анықтау бойынша тесттік сынақ (динамикалық тестілеу), ал одан кейін – әрбір 5 жыл сайын.

Гидротехникалық құрылыстарға инженерлік-сейсмометрикалық бақылау жүргізу үшін автоматтандырылған құралдармен және жер қабатының қатты сілкінісі кезінде құрылыстармен және жағалаумен түйісудегі кинематикалық сипаттамасын тіркеуге мүмкіндік туғызатын кешендерімен жабдықталады, сондай-ақ алынған ақпарат жедел түрде өңделеді.

Гидротехникалық құрылыстар мен су қоймалары жағалауларының маңында мамандандырылған ұйымның әзірлеген жобасы бойынша инженерлік-сейсмологиялық бақылау жүргізу үшін автономды тіркеуші сейсмикалық станциялар орналастырылады. Әрбір объектінің инженерлік- сейсмометрикалық және инженерлік-сейсмологиялық бақылау кешені Қазақстанның бірыңғай сейсмологиялық бақылау қызметімен байланысты болуы тиіс.

Жүйелерді монтаждау, пайдалану және инженерлік-сейсмометрикалық, инженерлік-сейсмологиялық бақылау мен динамикалық тестілеуді мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып энергетикалық тораптардың дирекциясы жүзеге асыруы қажет.



5 және одан жоғары балды әрбір сейсмологиялық соққыдан кейін құрылыстарда орнатылған БӨА-ның барлық түрлерінің көрсеткіштері, құрылыстарды тексере және оның орнықтылығы мен беріктігін талдай отырып жедел түрде тіркеледі.

  1. Гидротехникалық құрылыстардың бас және станциялық тораптарында базистік және жұмыс реперлері орнатылады. Негізгі гидротехникалық құрылыстардың белдігі жазбалары бар таңбалармен белгіленеді және базистік реперлермен байланыстырылады. Арынды су өткізгіштерінің анкерлік тіректерінде жоспар бойынша және биіктігі бойынша тіректердің орналасу ретін анықтайтын таңбалары болуы тиіс.

Су арынды қоршау плотиналары мен бөгеттердің, каналдардың, туннельдердің, күл-қожды төгінділерінің, бөгемелерінің әр пикет сайын құрылыстардың ұзындығын, басын, соңын және дөңгелектерінің радиустарын, сондай-ақ жерастындағы немесе су астындағы жасырын құрылғылардың орналасу орындарын көрсететін белгілері болуы тиіс.

  1. БӨА зақымданудан, мұз қатудан қорғалады және нақты таңбасы болады. Пьезометрлерден жеткілікті негіздерсіз суды қотаруға жол берілмейді.

БӨА бойынша өлшеу пульттері немесе орындары қауіпсіздік техникасының талаптарын ескере отырып жабдықталады, еркін өту жолдары, жарықтандыруы, ал қажет болған кезде ішкі телефон байланысы болады.

  1. Жыл сайын көктемгі су тасқынына дейін, ал жекелеген жағдайларда жазғы-күзгі су тасу кезінде электр станцияларында су тасқыны бойынша комиссиялар тағайындалуы қажет. Комиссия барлық гидротехникалық құрылыстардың, олардың механикалық жабдығының, жүк көтергіш құрылғылардың су тасқынына (су тасуға) дайындығын қарау мен тексеруі, су тасқыны кезінде (су тасудың) басшылық етуі және ол өткеннен кейін құрылыстарды қайтадан қарап шығуы қажет.

  2. Құрылыстар мен туннельдердің су астындағы бөлімдерін байқап шығу пайдалана бастағаннан 2 жыл өткеннен кейін алғашқы рет, содан соң 5 жылдан кейін, ал әрі қарай қажеттілігі бойынша жүргізілуі тиіс.

Су тасқынынан кейін электр станцияларының қолда бар құралдарын қолдана отырып су айырғыш, рисбермалармен арнаның жапсарлас тұтасатын учаскелеріне тексеру жүргізіледі.
Гидротехникалық құрылыстардың механикалық жабдығы


  1. Гидротехникалық құрылыстардың механикалық жабдығы (қақпақтары мен олардың тетіктері бар қорғаныш бөгеттері), қашықтықтан немесе автоматты басқару мен дабыл беру құралдары, сондай-ақ жүк көтергіш және көлік қондырғылары жарамды және жұмысқа дайын күйде болуы тиіс. Көктемгі су тасқыны алдында су тасқыны кезінде пайдаланылатын су ағызу құрылыстарының қақпақтары оларды маневрлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қызыл су мұзынан және қатып қалған мұзда тазартылады.

  2. Гидротехникалық құрылыстардың механикалық жабдығы бекітілген кестеге сай мерзімді түрде қаралады және тексеріледі.

  3. Негізгі қақпақтары ашу биіктігінің көрсеткіштерімен жабдықталады. Жекелеген жүк көтергіш механизмдер мен қақпақтардың төсеме бөліктері базистік реперлерге байланыстырылуы тиіс.

  4. Қақпақтарын маневрлеу кезінде олардың қозғалысы жүріс бөліктері дұрыс орналасқан кезде және тірек бөліктерінің деформациясы болмаған кезде кедергісіз, жұлқынуларсыз және дірілсіз болуы тиіс.

Қақпақтардың су өткізбеушілігі, олардың табалдырыққа дұрыс орналастырылуы және тіреу контурына тығыз жымдасуы қамтамасыз етіледі. Қақпақтардың қисаюлары және арынмен жұмыс кезінде жол берілмейтін деформациялары болмауы тиіс.

Гидротехникалық құрылыстар конструкцияларының немесе қақпақтарының жоғарғы дірілі пайда болатын қалыпта қақпақтарды ұзақ уақыт ұстауға жол берілмейді.



  1. Арынды су өткізгіштерде орнатылған қақпақтардың толық жабылуы аэрациялық қондырғылардың жарамды күйінде ғана жүргізілуі мүмкін.

  2. Қажет болған жағдайларда саңылауларды, тірек құрылғылары мен қақпақтарының құрылымын қыс мезгіліндегі жұмыстар арналған қоқысты ұстап қалушы торлады қымтаумен немесе жылылаумен қамтамасыз етіледі.

  3. Қоқыстарды ұстап қалушы конструкциялар (торлар, торкөздер, запандар) қоқыстардан жүйелі түрде тазартылып тұруы тиіс.

Әрбір электр станциялары үшін қоқыстарды ұстап қалушы торлардағы деңгейлердің төмендеу мәнінің тұрақтылығы мен үнемділік шарттары бойынша орнатылады.

  1. Гидротехникалық құрылыстардың металл бөліктері мен механикалық жабдығы коррозиядан және дрейсена басуынан қорғалады.


5. Электр станцияларының су шаруашылығы, гидрологиялық және метеорологиялық қамтамасыз ету
Су режимін басқару


  1. Гидроэлектр станцияларын пайдалану кезінде су ресурстарының және жүктеме кестесін жабуға гидроэлектр станциясының оңтайлы қатысуы кезінде белгіленген қуаты бар гидроагрегаттардың толығымен пайдаланылуы қамтамасыз етіледі.

Бір уақытта экономиканың энергетикалық емес салаларының (су көлігі, балық шаруашылығы, сумен жабдықтау) қажеттіліктері және табиғатты қорғау шарттары есепке алынады.

Су ағынын реттеуші су қоймасы бар электр станциялары үшін су қоймасының су ресурстарын пайдаланудың негізгі қағидалары мен су қоймасын пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен құрылуы және бекітілуі тиіс.



  1. Кешенді пайдалануда су қоймасы бар гидроэлектр станциялары үшін түрлі суды пайдаланушылардың суды пайдалануының ай сайынғы көлемін белгілеуші жылдық су шаруашылығының жоспары құрылады. Су шаруашылығының жоспары метеорологияның аймақтық қызметтерінің су ағызу болжамын ескере отырып, әрбір тоқсанға және айға анықталады.

Энергетикалық жүйеде бірнеше гидро электр станциялары немесе каскадалар бар болған кезде сарқынды суды реттеу басқа су пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, оң жоғарғы жиынтық энергетикалық (отын, қуат) нәтиже алу үшін жүргізіледі.

  1. Су тасқыны алдында және оның әрі қарай толтырылуы кезінде су қоймасының жарамсыздық режимі мыналарды қамтамасыз етеді:

  1. су қоймасын су тасқыны кезінде тірек деңгейіне дейін толтыру; осы қағидалардан ауытқу тек су шаруашылығы кешенінің ерекше талаптарымен және көпжылдық реттеу су қоймалары үшін ғана жол берілетінді;

  2. жобада су қалдықтарын, қоқыстарды, сондай-ақ мұзды құрылыс арқылы шығаруға арналған қолайлы жағдайлар көзделген болса;

  3. қалыпты кеме қатынасы, балық шаруашылығы, суару мен сумен жабдықтауға арналған келісілген қажетті жағдайларды;

  4. энергетикалық емес су пайдаланушылармен келісілген шектеулерді сақтаған кезде энергетикалық жүйедегі жоғар энергетикалық (отын, қуат) тиімділікті;

  5. гидротехникалық құрылыстардың жұмыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігінің және су тасқынымен күресу талаптарын ескере отырып шығындарды реттеуді.

Су қоймасының жұмыс істеу және толтырылу режимдерін шектейтін энергетикалық емес су пайдаланушылардың өзара келісілген талаптары су қоймасындағы су ресурстарын пайдаланудың негізгі қағидалары мен су қоймасын пайдаланудың қағидаларына қосылуы тиіс.

  1. Су өткізу құрылыстары арқылы суды ағызу өндірістік нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады және құрылыстардың зақымдануына әкелмеуі, сондай-ақ құрылыстың орнықтылығына әсер етуі мүмкін түптерінің шайылуына әкелмеуі тиіс.

  2. Су ағызу құрылыстары арқылы су шығынын азайту бьефтерде үлкен толқындардың пайда болуын бірте-бірте болдырмау үшін жүргізіледі. Су шығынын азайту жылдамдығы гидротораптың төменгі бъефіндегі тұрғындардың және шарушылықтың қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, арнайы талаптар бойынша анықталады. Су шығынының кенет өзгеруі туралы 3-күн бұрын энергетикалық кәсіпорын метрология қызметінің аумақтық органдарына және әкімшілікке алдын ала хабарлайды.

Гидротурбиналар арқылы өтетін су шығынының өзгеру жылдамдығы регламенттелмейді және егер су электр станцияларын пайдалану шарттарында қарастырылмаса, шығын өзгерісі туралы ескерту хабарланбайды.

  1. Жоба бойынша судың есептелген жоғарғы шығынын өткізу үшін басқа мекеменің (мысалы, кеме жүретін шлюз) иелігіндегі су ағызу құрылыстарын қолдану қарастырылатын гидро электр станцияларында осы мекемемен келісілген, осы құрылыстың іске қосу шарттары мен тәртібін анықтайтын нұсқаулық әзірленеді.


Аяз кезінде гидроқұрылыстарды пайдалану


  1. Сыртқы ауаның температурасы төмендегенге дейін және мұз пайда болғанға дейін мұз үгіткіштер мен мұз тұндырғыштар тексеріледі және жөндеуден өткізіледі, су қабылдаушы құрылғылар мен су тасымалдаушы каналлар, қақпақтардың саңылаулары мен торлары шөп-шалам мен суға батқан бөренелерден тазартылады, сондай-ақ қақпақтардың торлары мен саңылауларын жылытатын құрылғылар жұмысқа даярланады және мұз дабыл бергіштермен микротермометрлер тексеріледі.

  2. Тегіс мұз алаңының қысымына есептелмеген құрылыстарды бойлай қыс бойы мұздан еркін күйде тұратын жылым орнатылуы немесе басқа да мұзға түсетін ауырлықты азайтатын сенімді тәсілдер қолданылуы тиіс.

  3. Қатты мұз қабыршақтарымен күресу үшін қатты мұз қатқан өзендердегі тірек бьефтері мен су қоймаларында тез мұздың пайда болуына әсер ететін шаралар өткізілуі қажет: су деңгейін мүмкін болғанша жоғары белгілерде ұстап тұру, электр станциялардың суды тұрақты су агрегаттары мен сорғыштардың көмегі арқылы аз шығынмен алуы. Қажет болған жағдайда гидроэлектр станциясы түгелдей тоқтатылады.

  4. Мұз қабаты пайда болмайтын өзендерде мұз қабыршақтары гидроэлектр станцияларының турбиналары (шөгіштен басқасы) арқылы жіберіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда турбиналардан бөлек, аз мөлшердегі су шығынын келтіретін мұз тастағыштары арқылы жіберіледі. Мұз қабыршақтарын алып тастау реті тиісті нұсқаулық арқылы анықталады. Үлкен су қоймаларында мұз жоғарғы бьефте жинақталады.

  5. Гидроэлектр станциялары каналдарының жұмыс режимі мұз еріген кезде каналдардың өң бойын толық жабатын кептеліс пайда болмай судың толасыз ағынын қамтамасыз етеді.

Өзіндік ерекшелік жағдайларға байланысты канал режимі мұздың бүкіл бағыты бойынша дұрыс кетуін қамтамасыз етуі немесе бір уақытта оның біртіндеп топтасуына жол беруі тиіс. Тұндырғыштарға (кейін жуа отырып) және тәуліктік реттейтін бассейндерден мұзды жинауға жол беріледі.

Каналдарды мұз транзиті режимінде пайдалануға дайындау кезінде ағысты қиындататын құрылғылар (торлар, запандар) қолданылады.



  1. Мұз қатудың алдында және мұз басу кезінде тоған учаскелерінде судың салқындау белгілерін анықтау үшін су температурасының жүйелі түрде (тәулігіне кемінде 1 реттен кем емес) өлшенуі ұйымдастырылады. Жылыту жүйелерін және торларды мұздан тазартатын торды тазалау үшін пайдаланылатын құрылғыларын іске қосу тәртібі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді.

  2. Егер қабылданған шаралар (жылыту, тазалау) тордың мұз басып қалуы және оларға түсетін қауіпті арын ауысуларының пайда болуын алдын алмаса, торларды тазалау үшін турбиналардың (немесе сорғыштардың) алма-кезек тоқтатылады. Мұз қабыршақтарын тордан бірте-бірте немесе толығымен гидротурбиналар арқылы шығаруға рұқсат етіледі.

Бұл ретте сумен техникалық жабдықтау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.

  1. Гидротехникалық құрылыстың жармасы арқылы мұзды ағызу мұз тастайтын саңылаудың табалдырығында жеткілікті су қабатының болуын қамтамасыз ететін мұз өткізгіш фронтты жоғарғы түрде қолданылған кезде орындалады.

Мұз еру кезінде мұз кептелістерінің орын алуы және құрылыстарға қауіпті үлкен мұз бөліктерінің соғылуы секілді қауіптер төнген кезде уақытша бақылау бекеттері ұйымдастырылады және жару және мұз түйреу жұмыстарының көмегімен кептелістерді жою және мұз алаңдарын ұсақтау бойынша іс-шаралар қолданылады.

Су қоймаларын пайдалану


  1. Егер басқа су тұтынушыларға залал келтірмесе, қарқынды лайланатын су қоймаларда су тасқыны кезінде реттеудің жобалық призмасының шеңберінде мүмкін болатын төменгі деңгейінде ұсталады. Мұндай су қоймаларын сумен толтыру су тасқынының төмендеуінің соңғы мерзімдерінде жүзеге асырылады.

  2. Су қоймаларының, бьефтердің, бассейндердің, каналдардың лайлануын азайту үшін:

  1. ағып келген қатты су ағысының жоғарғы транзитін құруға мүмкіндік беретін жұмыс режимдерін қолдау;

  2. каналдарға көп мөлшерде лайланған су ағып келген кезде судың мүмкін болатын үлкен шығындарымен таяудағы тұрақты параметр режимде жұмыс істеуі тиіс;

  3. бьефтер, су қоймаларын, су қабылдағыштардың табалдырығын жуу, тұндырғыштардағы суды тұндыруы, жағалауларды нығайту және қоқыстарды ұстау құрылғыларын қолдану немесе қоқыстарды механикалық құралдармен тазарту қажет.

  1. Электр энергиясын өндіру үшін өзендегі судың табиғи шығыны толығымен пайдаланылмаса, артылған су плотинаның төменгі бьефіне қоқыстарды шығару және су қабылдағыш құрылғылардың табалдырығын жуу үшін пайдаланылады.

  2. Су қабылдағыш құрылғыларға су қабылдағыш табалдырығының алдында жиналып қалған қоқыстар түскен кезде бұл қоқыстарды шайып тастау жолымен шығару қажет. Шаюға мүмкіндік болмаса немесе тиімсіз болса қоқыстарды шығару тетіктерінің көмегімен жүргізілуі мүмкін.

Плотинасыз су жинау кезінде электр станцияларының су жинау құрылғысын шөгінді қабаттардан жуу ағынды тарылту арқылы судың жылдам ағысының әрекетімен жүзеге асырылады.

  1. Қарқынды түрде лайланатын су қоймасының жай-күйін бақылау және қоқыстардан тазарту лайланған су қоймаларын пайдалану бойынша табиғатты қорғау талаптарын ескере отырып ұйымдастырылады.

  2. Электр станцияларындағы тұндырғыштар үнемі суды тұндыру үшін қолданылады. Жөндеу жұмысы үшін тұндырғыштарды немесе олардың жеке камераларын өшіру судағы қоқыстар аз көлемде болған кезде немесе турбиналар мен басқа да жабдықтардың уатылуына алып келмеу үшін қауіпті фракциядан айырылған кезде ғана жол беріледі.

  3. Оқшау жағдайларда қолданылатын электрстанциясының теңгеріміндегі су қоймалары электр станцияның пайдаланушы персоналының көмегімен тиісті техникалық және санитарлық күйде ұсталады.

Осы су қоймаларында мыналар бойынша бақылау жүргізіледі:

лайлануы және шөптің өсіп кетуі;

жағалауларды қайта өңдеу;

су сапасы;

температуралық және мұз режимі;

шымтезектің қалқуы;

осы су қоймаларының су қорғау аймақтары шегінде табиғатты қорғау талаптарын сақтау.

Бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін табиғатты қорғау іс-шараларының нәтижелерін талдау және әзірлеу үшін мамандандырылған ұйымдарды тартқан жөн.



  1. Криолит аймақтарында орналасқан су қоймаларында криоген үдерісі мен су қоймасының құндағандағы деформациясы бойынша, жұмыстық аймақтарда, жағалаулық және жағалаудағы аймақтарда, сондай-ақ су қоймасының сыйымдылығының өзгеруіне бақылау жүргізіледі. Бақылаудың құрамын, көлемін және мерзімділігін анықтау үшін мамандандырылған ұйымды тартқан жөн.

Су қоймасы толтырылғаннан кейінгі 5 жылдан кейін және ол пайдаланылатын кейінгі әрбір 10 жыл сайын мамандандырылған ұйымды тарта отырып, бақылау нәтижелері бойынша су қоймасының жай-күйіне талдау жасалады және қажет болған жағдайда, су тораптарын пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары әзірленеді.
Гидрологиялық және метеорологиялық қамтамасыз ету


  1. Электр станциялардың гидрологиялық және метеорологиялық қамтамасыз ету міндеттеріне мыналар кіреді:

  1. электр станцияларының жұмыс режимдерін оңтайлы жүргізу үшін гидрологиялық және метеорологиялық мәліметтерді алу, су ресурстарын пайдалану және гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларын сенімді пайдалануды ұйымдастыруды жоспарлау,

  2. су ағанын реттеу, су тасқынын өткізу, ирригациялық, навигациялық және санитариялық тұрғыдан ұйымдастыру және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін мәліметтер алу;

  3. төтенше жағдайларда келетін залалдардың алдын алу немесе азайту шараларын уақтылы қолдану үшін қажетті ақпарат алу.

  1. Электр станциялары ұдайы метеорологиялық қызметтерден мынадай мәліметтерді алуы қажет:

  1. пайдаланылатын су ағыны туралы мәліметтер (шығыс, су деңгейі мен температурасы, мұз құбылысы, сорғылар);

  2. су қоймаларының айлық және жылдық су жиынтықтары; метеорологиялық мәліметтер (ауа температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын және булану, жел күші мен бағыты, тайғақтың пайда болуы, дауыл және найзағайдан алдын ала сақтандыру);

  3. электр станцияларын пайдалану үшін қажетті гидрологиялық және метеорологиялық болжамдар.

Қажет болған кезде электр станциялары метеорологиялық қызмет органдарынан судың физикалық, химиялық және гидро биологиялық көрсеткіштері туралы, олардың ластану деңгейі туралы деректер, сондай-ақ ластанған су деңгейінің тез өзгеруі туралы шұғыл ақпарат алуы қажет.

  1. Гидрологиялық және метеорологиялық болжамдардың көлемі, мерзімі мен жеткізу тәртібі және қауіпті құбылыстардан сақтандыру тиісті метеорологиялық қызметтерге сәйкес нақты шарттарымен белгіленеді.

Электр станцияларында болжам және нақты гидрологиялық және метеорологиялық құбылыстар тіркелуі қажет.

  1. Жергілікті нұсқаулықта белгіленген мерзімде әрбір электр станцияларында мыналар бойынша бақылау ұйымдастырылады:

  1. гидро тірек құрылыстарының бьефтеріндегі, су жіберу құрылыстарындағы, каналдардағы су деңгейі;

  2. су техникалық құрылыстар арқылы жіберілетін және технологиялық жабдықтардың пайдаланылған су шығындары;

  3. жоғарғы және төменгі бьефтердегі құрылыстардың маңындағы су ағысының (өзеннің, каналдың, су қоймасының) мұз режимі;

  4. судағы қоқыстар мен олардың су қоймаларында, бьефтерде, бассейндерде, каналларда бөлінуі; су мен ауа температурасы;

  5. пайдаланылушы немесе ағынды су сапасының (жергілікті жағдайына байланысты) көрсеткіштері.

  1. Электр станцияларында пайдаланылған судың орташа тәуліктік шығыны су өлшегіш көрсеткіштері бойынша анықталады; су өлшегіш құрылғылар болмаған жағдайда уақытша аталмыш құрал орнатылғанға дейін су ағыны технологиялық жабдық сипаттамалары және басқа да мүмкін болатын әдістері бойынша ескерілуі мүмкін.

  2. Су ағысын реттеуді жүзеге асырушы барлық су қоймаларында аумақтық метеорологиялық қызметтердің мәліметтері бойынша су құбырларының қақпасына келетін су ағынын әр тәулік сайын тіркеу ұйымдастырылады.

  3. Гидро электр станцияларының жоғары және төменгі бьефтерінің деңгейлері мен гидротурбиналардың арыны, сондай-ақ торлардағы арындар айырмасы басқарманың орталық тетігіне көрсеткіштерді қашықтықтан жеткізу құралдарымен өлшенеді. Бьефтердегі су деңгейін өлшеу құрылғылары мен торлардағы арын айырмасы жылына 2 рет және су тасқынынан кейін тексеріледі.

  4. Су өлшегіш қондырғылардың нөлдерін белгілеу белгілеудің біртұтас жүйесі бойынша берілуі тиіс және нивелирлеу арқылы 5 жылда кемінде 1 рет тексерілуі тиіс.

Білтелердің және айқаспалардың айналасында мұз уатылуы тиіс. Аяз кезінде автоматты бекеттер жылытылады.

Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> Операциялық жоспар іс-шараларын іске асыру туралы есеп
2015 -> Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет