Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»



бет5/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Гидротурбиналық қондырғылар


  1. Гидротурбиналық қондырғыларды пайдалану кезінде берілген жүктеме үшін жоғарғы мүмкіндігі бар және пайдалы әрекет коэффицентінің қысымымен олардың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі. Гидро электр станциясының жабдықтары барынша мол жүктелуге және су жинақтау станцияларын жабдықтау үшін сорғы режиміндегі жұмысқа үнемі дайын болуы тиіс.

  2. Пайдаланылудағы гидроагрегаттар мен қосалқы жабдықтар толығымен автоматтандырылады. Генераторлық режим мен синхрондық компенсатор режиміне гидроагрегатты жіберу, генераторлық режимде және синхронды компенсатор режимінде тоқтатылуы, генераторлық режимнен синхрондық компенсаторының режиміне ауыстыру және керісінше синхрондық компенсатор режимінен генераторлық режимге ауыстыру бір командалық импульспен жүзеге асырылады.

  3. Гидроагрегаттар турбиналық су өткізгіштерге орнатылған толығымен ашық қақпақтар арқылы жұмыс істейді; гидротурбинаның бағыттағыш аппаратының ашылу шамасы гидроагрегаттың (генератор-қозғалтқыштың) жүктемесінің жол берілетін мүмкін болатын жоғарғы шегінен аспауы тиіс.

Сору режимінде төмен арынды және сорудың жол берілетін биіктігінде жұмыс жасайтын сорғы-турбинаның бағыттаушы аппаратының ашылу шегі қозғалтқыш режиміндегі генератор-қозғалтқыштың жоғарғы күшіне сәйкес мәнінен жоғары болмауы тиіс.

Қоқыс ұстаушы торлардағы ауытқу оларды пайдалану жөніндегі жергілікті нұсқаулықта көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.



  1. Резервтегі гидроагрегаттар жедел түрде автоматты қосылуға дайын болуы тиіс. Жабық бағыттаушы аппараты бар гидротурбиналар (сорғы-турбиналар) қақпақтардың толықтай ашық жағдайында су қабылдағыш пен сорғы құбырының арынына орналастырылады. Арыны 300 м және одан жоғары, сондай-ақ 200-ден 300 м дейінгі жоғары арынды гидроэлектр станцияларында 3000 сағаттан көп қолданылған, резервтегі гидроагрегаттарға орналастырылған айналмалы қақпақтар жабылуы тиіс.

200 м төмен арынды гидро электр станцияларында турбинаалды қақпақ жедел қызмет атқармаса, ол резервтік агрегатта жабылмауы тиіс.

  1. Синхрондық компенсатор режимінде жұмыс істейтін гидроагрегаттар генераторлық режимге жедел автоматты түрде ауыстырылуға дайын болуы тиіс.

Синхрондық компенсатор режиміндегі гидроагрегаттардың жұмысы кезінде турбинаның жұмыс дөңгелегі судан босатылады.

Турбинаалды қақпақтары бар гидроэлектр станцияларында гидроагрегатты синхрондық компенсатор режиміне ауыстыру кезінде турбинаалды қақпақтары жабық болуы тиіс.



  1. Гидроагрегаттар олардың айналу жиілігін автоматты түрде реттейтін режимде жұмыс істеуі тиіс. Гидро турбиналардың реттегішін шектеуіш режиміне немесе қолмен басқаруға ауыстыру ерекше жағдайларда ғана, гидро электр станциясының техникалық басшысының рұқсатымен энергетикалық жүйенің диспетчеріне хабарлауға жол беріледі.

  2. Гидроагрегаттарды автоматты реттей отырып пайдалануда мыналар қамтамасыз етіледі:

  1. гидроагрегаттарды автоматты немесе қолмен іске қосу немесе тоқтату;

  2. барлық режимдегі гидроагрегаттардың тұрақты жұмысы;

  3. энергия жүйесінде статизмді 4,5-6,0 % шегінде және Қазақстанның ҰБО ДО беретін жиілік бойынша жансыз аймақты белгілей отырып жиілігін реттеуге қатысу;

  4. гидроагрегаттың қуаты өзгерген кезде реттеуші органдардың (дүмпусіз және май сымдарындағы гидро соққыларсыз) бір қалыпты ауыстырылуы;

  5. реттеу кепілін орындау;

  6. арынды өзгерту кезінде бағыттаушы аппараттың барынша ашылуын шектеуді автоматты түрде өзгерту;

  7. арын бойынша комбинаторлық тәуелділікті автоматты және қолмен өзгерту (қалақтық-бұру гидротурбиналары үшін).

  1. Қуаты 30 МВт жоғары және үштен аса агрегаттары бар гидроэлектр станциялары жиілігі мен ағындары бойынша энергетикалық жүйе режимін реттеу үшін екінші қайтара автоматты реттеу (ҚЖАР) үшін қолдану мүмкіндігі бар белсенді қуатты топтық реттеу (бұдан әрі – БҚТР) жүйелерімен жабдықталады. БҚТР жүйесін ажыратуға, тек қана гидроэлектр станциялары жабдықтарының режимдік шарттары немесе техникалық жай-күйі бойынша агрегаттарды топтық реттеу мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстанның ҰДО БО-ның келісімімен жол беріледі.

  2. Агрегаттың іске қосылуына, жүктеменің жоспардан тыс өзгеруі, оның қалыпты және авариялық жағдайына байланысты тоқтауына мүмкіндік беретін жағдайлар гидроэлектр станциясының техникалық басшысы бекіткен және жедел персоналдың жұмыс орнындағы тиісті нұсқаулықтарда баяндалады.

Гидроагрегаттың іске қосылу жағдайын және оның жұмыс режимін анықтайтын барлық параметрлердің мәндері дайындаушы-зауыттардың және арнайы табиғи сынақтардың мәліметтері негізінде белгіленеді.

  1. Әрбір гидроагрегат үшін өндірістік нұсқаулықтарда анықталған және белгіленген мерзімге дейін мынадай үдерістер аз уақыт ішінде бақыланады:

  1. жүктемені орындау барысында демпфирлеу аймағына дейін гидротурбиналардың бағыттау аппаратының жабылуы;

  2. жоғарғы жылдамдықты жүктемені орындауда гидротурбинаның бағыттау аппаратының ашылуы;

  3. бұрылмалы-қалақты және диагоналды гидро трубиналардың жұмыс дөңгелегінің қалақтарының бұрамалары мен айналмалары;

  4. ожаулы гидро турбинаның реттеуші инесімен ағынша ауытқыштарын жабу және ашу;

  5. авариялық жабылу тетігінің жарамсыздануы барысында бағыттау аппараттарын жабу;

  6. турбинаалды қақпақтардың, сондай-ақ су қабылдағыштардағы авариялық-жөндеу қақпақтарының ашалуы және жабылуы;

  7. гидротурбинаның бос жүрісін жабу.

Бұдан басқа, жергілікті нұсқаулыққа сәйкес реттеу кепілдіктері мерзімді тексеріледі.

  1. Гидро агрегатты стационарлық және жылжымалы құралдар арқылы тексеру және жүйелі түрде өлшеу жолымен пайдалану кезінде жабдықтың жұмысына өндірістік нұсқаулықта көрсетілген мерзімде және көлемде бақылау ұйымдастырылуы қажет.

  2. Гидроагрегат роторының айналу жиілігі мен осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген мәнінен асып кеткен дірілдің жоғарғы деңгейі кезінде гидроагрегаттардың ұзақ жұмыс жасауына жол берілмейді.

  3. Жергілікті нұсқаулықта әрбір гидроагрегат үшін өкшеліктердің, мойынтіректер сегменттерінің және май ыдыстарындағы майлардың номиналды және жол берілетін жоғарғы температуралары көрсетіледі. Аталған жыл мезгілі үшін май ыдысындағы майдың және сегменттің температурасы номиналдыдан 5С жоғарылаған кезде сигнализация іске қосылады.

Термо сигнализатор орналастырылған әрбір сегмент үшін және май үшін белгіленген температурасын пайдалану немесе сынау тәжірибесінің негізінде пайдалану персоналы анықтайды және өндірістік нұсқаулыққа енгізеді.

  1. Оралымды металл пластик сегменттермен жабдықталған тік гидроагрегаттардың өкшеліктерін пайдалану дайындаушы зауыттардың құжаттамаларын есепке ала отырып құрастырылған өндірістік нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Гидроагрегатты сумен жабдықтаудың техникалық жүйесі гидроагрегаттың барлық жұмыс режимінде сүйеуші тораптардың, генератор статоры мен роторының салқындатылуы, резеңкеленген турбиналық мойынтірек пен басқа да тұтынушылар майлануы қамтамасыз етіледі.

  3. Гидротурбиналардың күрделі жөндеу жұмысы 5-7 жылда 1 рет жүргізіледі.



Техникалық сумен жабдықтау


  1. Техникалық сумен жабдықтау жүйесін пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:

  1. нормативтік температурадағы салқындатылған суды қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада үздіксіз беруі;

  2. турбиналар конденсаторлары мен техникалық сумен жабдықтау жүйесінің ластануының алдын алу;

  3. қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау.

  1. Турбиналар конденсаторларының құбырларында және басқа да жылу алмасу аппараттарында шөгінділердің, коррозияның, техникалық сумен жабдықтау жүйесінің күшеюінің, судың «гүлденуі» немесе салқындатқыш су қоймаларда жоғары су өсімдіктерінің өсуінің алдын алу үшін профилактикалық іс-шара жүргізіледі.

Іс-шараларды таңдау жергілікті жағдайлармен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау шарттары мен экономикалық маңыздылығы және олардың тиімділігі, қол жетімділігі бойынша анықталады.

Конденсаторлардың құбырларын, циркуляциялық су өткізгіштер мен каналдарды мерзімді тазарту уақытша шара ретінде қолданылуы мүмкін.

Химиялық тәсілмен судағы жоғары өсімталдықты жою және су қоймасында салқындатқыш судың «гүлденуімен» күреске санитариялық-эпидемиалогиялық қызметтің мемлекеттік органының рұқсатымен ғана жол беріледі.


  1. Салқындатылатын суда қақтың пайда болуы кезінен энергетикалық объектінің пайдалану персоналы:

градирлі және шашыратқыш құрылғылары бар сумен жабдықтау айналымы жүйесінде:

үрлеуді, суды қышқылдауды немесе фосфаттауды жүргізу немесе оны өңдеудің қиыстырылған әдістерін - қышқылдауды және фосфаттауды қолдану; қышқылдау, фосфаттау мен әктендіру және дайындаушы-зауыттың соңғы деректеріне сәйкес басқа да әдістерді қолдануы;

салқындатқыш - су қоймаларында сумен жабдықтау айналымды жүйесінде:

қоректендіру кезінде су сапасының жақсы кезеңінде су алмасуды жүзеге асыру; салқындатылатын судың карбонаттық кермектігін су алмастыру жолымен (сондай-ақ тікелей ағын сумен жабдықтау жүйесінде) төмендету мүмкін болмағанда, бірінші энергетикалық блокты енгізумен турбиналардың конденсаторларын қышқылдық жуулар бойынша және жуу ерітінділерін тазарту бойынша қондырғылар ескеріледі.



  1. Жылу алмастырғыштардың органикалық қалдықтармен ластануының алдын алу үшін салқын суды хлорлау кезінде судағы хлордың құрамы конденсатордан шығар кезде 0,4–0,5 мг/дм3 шамасында болуы тиіс.

Сумен техникалық жабдықтаудың тік ағатын жүйесінде және салқындатқыш су қоймасы бар айналмада белсенді хлордың болуының алдын алу үшін ағатын каналдардың суын хлорлау кезінде бір-екі конденсаторға құйылатын салқын суға хлорлы ерітінді беруімен орындалады.

  1. Ұлу, дрейсен немесе басқа да биоағзалар арқылы техникалық сумен жабдықтау жүйесінің қаптап өсуі кезінде (ірі торлардың, су тазалағыш торлардың конструктивтік элементтері, суды қабылдаушы және сорыпалушы камералары мен арынды су өткізгіштердің) өспейтін жабындылар қолданылады, ыстық сумен трактіні шайып өтеді, 1,5 айда 4-5 тәулік ішінде 1 рет белсенді хлор мөлшерін 1,5-2,5 мг/дм3 қосалқы жабдыққа құйылушы салқындатылған су хлорланады.

  2. Техникалық сумен жабдықтау жүйелерінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидаларға 4-тараудың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Техникалық сумен жабдықтаудың жабдықтары мен су салқындатқыш жүйесінің жұмысы осы Қағидалардың 200-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.

Бір уақытта табиғатты қорғау шарттары мен өндірістің (су көлігі, суару, балық шаруашылығы, сумен жабдықтау) энергетикалық емес салаларының қажеттіліктері ескеріледі.

  1. Салқындатқыш су қоймалары арқылы сумен жабдықтаудың тік ағатын, біріктірілген және айналмалы түрлерінде су қабылдағыш тордың жылытылуы және мұз қатуына жол бермеу үшін жылы су рецеркуляциясы жүзеге асырылады. Рециркуляция су қақпасында мұздың пайда болуының алдын алады; оның іске қосу сәтінде өндірістік нұсқаулық анықталады.

  2. Циркуляциялық трактіде ауаның мерзімділігі олардағы сифон биіктігінің жобалық мәнімен салыстыру бойынша 0,3 м артық азаймайтындай болуы тиіс.

  3. Жүйелердің ластануы салдарынан циркуляциялық сорғы арынының ауытқуы жобалық мәнімен салыстырғанда 1,5 м аспауы тиіс, ал сорғы корпусы мен жұмыс дөңгелегінің қалақтары арасындағы саңылаудың көбеюі салдарынан сорғының және жұмыс дөңгелегі қалақтарының теңдей орналасудан ауытқу коэффициенті пайдалы әрекеті коэффициентінің азаюы 3 % артық болмауы тиіс.

  4. Циркуляциялық су салқындатқыштарын пайдалану кезінде бу турбинасының қондырғыларының неғұрлым пайдалы (үнемді) вакуумына қол жеткізу шарттарына орай оңтайлы жұмыс режимі мен нормативті сипаттамаларға сәйкес салқындатқыш тиімділігі қамтамасыз етіледі.

  5. Су салқындатқыштардың, су жіберу және ағызу құрылыстары нақты метеорологиялық шарттар мен электр станцияларының конденсациялық жүктемесі үшін әзірленген режимдік картаға сәйкес таңдалып алынады.

Нормативті сипаттамалар бойынша қойылатын талаппен салыстыра отырып салқындатқыш судың орташа тәуліктік температурасының салқындатқаннан кейін 1 0С артқан кезде салқындатпаудың себептерін анықтауға және себептерін жою шаралары қабылданады.

  1. Транзиттік ағын аймағында және салқындатқыш су қоймасының иірім аймақтарында су өсімдіктерінің қаптап өсуі пайда болған кезде ол биологиялық не механикалық әдіспен жойылуы тиіс.

  2. Суытқыш мұнаралардың негізгі конструкцияларын (мұнара элементтерін, мұздануға қарсы тамбурды, су ұстағышты, суландырғышты, су тарату құрылғы мен желдету жабдығын) және шашатын құрылғылардың басты конструкцияларын тексеру жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде жүргізіледі. Табылған ақаулар (мұнара көмкерісіндегі, суландырғыштағы уыстар, тамбурдың айналдырғыш қалқандарын бір күйде ұстағыштардың, су бөлгіштің шашыратуы құрылғыларының қанағаттандырарлық жағдайы) жойылады. Тамбурдың айналдыратын қалқандары ауа температуралары қалыпты кезінде орнатылады және көлденең күйде белгіленеді.

Металл конструкциясының коррозияға қарсы жабындары, сондай-ақ темір бетон элементтерінің бұзылған қорғаныш қабаты қажеттілік шамасына қарай қалпына келтіріледі. Су ағызу бассейндері, сондай-ақ суытқыш мұнаралардың мұнарасы қаптамасының асбестоцемент табақтарының сенімді гидро оқшаулағышы болуы тиіс.

  1. Суытқыш мұнаралармен бүрку бассейндерінің су тарату жүйелері жылына кемінде 2 рет – көктемде және күзде шайылады. Ластанған қақпақ уақытылы тазартылады, ал істен шыққандары ауыстырылады. Градирлердің бүрку бассейндері 2 жылда кемінде 1 рет қалдықтардан тазартылады.

  2. Жөндеу барысында қолданылатын градирняның ағаш конструкциялары антисептиктелуі тиіс, ал бекіту бөлшектері мырышпен қапталуы тиіс.

  3. Суытқыш мұнаралардың суарылатын конструкциялары минералдық және органикалық шөгінділерден тазартылады.

  4. Суытқыш мұнаралар мен бүрку қондырғыларының темір торлары мен торлары ауысымына 1 рет тексеріледі, ал қажет болған кезде, су ауыспасының 0,1 м асуына жол бермес үшін, тазартылуы тиіс.

  5. Қыс кезінде ғимараттың іргелес жатқан аймақтарының ылғалдану және мұз басуы кезінде градирлерді су ұстайтын құрылғылармен жабдықталады.

  6. Сумен техникалық жабдықтау жүйесінде бірнеше қатарлас жұмыс істейтін суытқыш мұнаралары болған кезде және қыс кезінде салқындатылатын суға кететін жалпы шығындарды азайту кезінде суытқыш мұнаралардың бір бөлігі өртке қарсы және басқа да қажетті іс-шараларды қолданудың көмегімен тоқтатылуы тиіс. Суландырғыштың мұз қатуына жол бермес үшін жұмыс істеп тұрған суытқыш мұнаралардағы суару жиілігі суарылу аумағына 1 м2-ге 6 м3/саз болмауы тиіс, ал суытқыш мұнаралардан шығаруда су температурасы 10 0С төмен болмауы тиіс.

  7. Жабдықтарға, конструктивтік элементтерге, жақын орналасқан аймаққа мұз қатпау үшін қыста су бүрку құрылғылары төмендетілген арынмен жұмыс істеуі тиіс. Су шығындары азайтылған кезде перифериялық шүмектер бітеледі және шеткі тарату құбырлары ажыратылады.

Бүрку шүмектерінің арыныназайту жұмыс істейтін секциялардың ең көп мөлшеріне арналған салқындатылатын суға кететін шығынды азайту жолымен орындалады, сондай-ақ жылытылған судың бір бөлігін суытпай-ақ бос жолдар арқылы су ағызу бассейніне ағызу әдісі де қолданылады. Бүрку құрылғысынан шығар кездегі судың температурасы 10 С төмен болмауы тиіс.

  1. Қыс мезгілінде суытқыш мұнаралардың немесе бүрку қондырғысын қысқа мерзімге ажырату кезіндегі мұздың пайда болуының алдын алу үшін бассейндегі жылы судың айналымы қамтамасыз етіледі.

  2. Ағаштан, полиэтиленнен және басқа да жанатын материалдардан жасалған конструкция элементтері бар суытқыш мұнараларды уақытша пайдаланудан шығару кезінде олардағы ауа өтетін терезелер жабық болуы тиіс, ал суытқыш мұнаралардың артына өртке қарсы қадағалау орнатылады.

  3. Сорылмалы мұнаралардың, қапталған суытқыш мұнаралардың металл қаңқаларын жіті тексеру 10 жылда кемінде 1 рет, ал темір бетон қабатты 5 жылда кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс.


6. Электр станцияларының және жылу желілерінің жылумеханикалық жабдығы
Отын-көлік шаруашылығы


  1. Отын-көлік шарушылығын пайдалануда:

  1. энергетикалық объектінің теміржол көлігінің үздіксіз жұмысы мен теміржол вагондарынан, цистерналардан, кемелер мен басқа да көлік құралдарынан белгіленген мерзімде механикаландырылған жүкті түсіру;

  2. жеткізушілерден отынды қабылдау және оның саны мен сапасын бақылау;

  3. механикаландырылған қоймалау және ең аз шығын болған кезде белгіленген отын қорын сақтау;

  4. қазандық немесе орталық тозаң дайындау бөліміне отынды дер кезінде, үздіксіз дайындау және беру;

  5. қоршаған аумақты тозаңмен (көмірдің, тақтатастың, шымтезектің) және мұнай өнімдерінің бүрку ластануының алдын алу қамтамасыз етілуі тиіс.

  1. Электр станцияларда жеткізілетін отын сапасы техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

  2. Энергия объектісіне отынның жеткізілуі кезінде барлық отынның қатал есептілігі, технологиялық қажеттіліктерді есептеуге, сондай-ақ энергия үнемдеу жөніндегі заңнамаға сәйкес қоймаларда сақтау ұйымдастырылады.

  3. Мемлекеттік қадағалау мен бақылауға жататын, отынды есептеу үшін пайдаланылатын ӨЖ (таразы, зертханалық құралдар мен басқа да өлшеу құралдары) осы Қағидалардың 53-тармағында белгіленген мерзімде тексеріледі.

Отынды есептеу үшін қолданылатын және тексеруге жатпайтын ӨЖ энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен кестесіне сәйкес калибрлеуге жатады.



  1. Қатты отын




  1. Қатты отын шаруашылығын пайдалану отынды жеткізуді пайдалану жөніндегі өндірістік нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады.

  2. Отынды, әсіресе үсіген отынды түсіру және теміржол вагондарын тазалау жұмысын жеңілдету үшін энергия кәсіпорындарының арнайы мұз еріткіш құрылғылары, механикалық қопсытқыштары, вагондық дірілдеткіштер және басқа да тетіктері болуы қажет. Отынның ірі кесектерін және қатып қалған отын кесектерін ұсақтау үдерістері, сондай-ақ жартылай вагондардың люктерін жабу жұмысы уату-фрезерлік машиналарды, диск тәрізді тісі бар уақтқыштарды, люк көтергіштерді және басқа да тетіктерді пайдалана отырып, механикаландыру қажет.

  3. Вагон аударғыштарды, мұз еріткіш құрылғыларды, қазу қондырғылары мен басқа да құрылғыларды пайдалану кезіндегі жұмысы теміржол вагондарының сақталуына қойылатын талаптарға сәйкес сенімді болуы қажет. Мұз еріткіш құрылғылар режимдік картаға сәйкес пайдаланылады.

  4. Қоймада отынның сақталуы отын жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

  5. Отын қоймасының механизмдері мен жабдықтары олардың техникалық өнімділігін қамтамасыз етілетіндей күйде болуы тиіс.

  6. Жүк көтергіш крандардың, көпірлік тиегіштердің жұмысына металл конструкциялардағы шытынаулар, жарамсыз тежеуіштер болған кезде, айдап кетуге қарсы құрылғылар болмағанда, соңғы ажыратқыштар мен шектегіштерде шытынаулар болған кезде тыйым салынады.

  7. Резервтік мезанизмдер мен жабдықтар (вагон аударғыштар, конвейерлер жүйелерінің тармақтары, уатқыштар) техникалық басшының бекіткен кестесіне сәйкес кезекпен жұмыс істейді.

Жылу беру жүйелерінің жұмыс тармағы жобалау өнімділігі кезінде пайдаланылады және қазандық агрегаттарының көмірді өте көп пайдалануының кем дегенде 110 % құрайды.

  1. Отынды жеткізу тетіктері автоматты түрде немесе отынды жеткізу жүйесін басқарудың орталық қақпасынан қашықтықтан басқарылады.

Пайдалану кезінде отынды жеткізу жүйелерінің (ленталар шулануы кезінде конвейерлердің тоқтауы, ағындылардың лықылдауы, схеманы дұрыс таңдамауы, тетіктің тоқтауы кезінде) үздіксіз, сенімді және қауіпсіз жұмысы үшін блоктаудың, қорғаныс құрылғыларының, дабыл мен авариялық тоқталыстың сенімді жұмысымен қамтамасыз етілуі тиіс.

  1. Сигнализация, қажетті шектеуші және тежегіш қондырғылары жоқ болған кезде немесе жарамыз болған кезде отынды жеткізу жабдықтары мен қондырғыларының жұмысына жол берілмейді.

  2. Галереяларда және ленталық конвейерлердің эстакадаларында, басты тракт пен қоймадан отынды жеткізу трактының ауысу тораптарында және жүк түсіретін құрылғылардың жер астындағы бөлігінде ауа температурасы жылдың суық мезгілінде 10°С төмен емес, ал уату құрылғыларының ғимараттары үй-жайында 15°С төмен болмайды.

Жүк түсіру құрылғыларының (вагон аударғыш ғимараттарды мен вагондардың толассыз қозғалысы бар басқа құрылғыларды қоспағанда) жер үстіндегі бөліктерінің ауа температурасы 50С төмен болмайды.

Жылыту құрылғылары жоқ қоймаға отынды жеткізу конвейерлерінде аязға төзімді лента қолданылады.



  1. Көмір мен тақтатастың барлық түрлері 25 мм дейінгі мөлшерлі кесектерге ұсақталуы қажет. Бұл ретте елеуіштегі 25 мм қалдықтар 5 % аспауы тиіс. Жоба бойынша ұсақталған тастың ірілігінің басқа да көрсеткіштері көзделуі мүмкін. Ұсақтаудың талап етілген сапасына қол жеткізу үшін білікті ұсақтау құралының біліктерінің, шой тақта мен балғалардың, балға түріндегі ұсақтағыштардың діңгегі мен бекіткішінің арасындағы саңылаулар өндірістік нұсқаулыққа сәйкес мерзімді бақылауға алынады және реттеледі.

  2. Ұсақтағыш пен диірменге отынды жеткізер алдында ол жерден металл, жоңқа және басқа да нәрселерді механикалық жою арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс конвейерінде металл ұстаушылар мен жоңқа ұстаушылар әрдайым қосулы болады және онымен одақтасады.

Отын беру трактісін ұсақтаушы желдеткіштері, орташа жүрісті және балға диірмендермен тозаң дайындау жүйесі бар энергетикалық объектілерде металл жою жүйесі жұмыс істемеген жағдайда пайдалануға жол берілмейді.

Ұсталған басқа да нәрселерді механикалық жою жүйесі әрдайым пайдалануда болуы тиіс.



  1. Отынды жеткізу трактісін пайдалану кезінде ені бойынша конвейерлерге келетін отын, құм електер, ұнтақтағыштар, жоңқы және тамыр ұстаушылармен қамтамасыз етіледі, құм електер мен ұнтақтағыштарды (жылыту, діріл, ұсақ қалдықтары) сұйық отынмен майлауды шектейтін шаралар қолданылады.

  2. Отынның бункерлер мен ағымдарда тұрып қалуын жоятын құрылғылар (қабырға жылыту құрылғылары, ауа және бу бұзғыштар, дірілдеткіштер) іске қосулы болуы немесе жұмыс істеуге даяр күйде болуы тиіс.

  3. Себу тораптарының, уатқыштардың және отын беретін трактының басқа да механизмдерінің, конвейерлердің барабандары мен таспаларын тазалайтын құрылғылардың, соқа тәріздес түсіргіштердің жұмыс жасайтын элементтерінің, сондай-ақ аспирациялық құрылғылар мен тозаңды басушы құралдардың (ауа, гидро және көбікті тозаң басу) жарамды күйде болуы тиіс, аптасына бір реттен кем емес тексеріліп тұрады. Қажет болған жағдайда нығыздауларға, ауа-, гидро- және көбікті тозаң басу құрылғыларының бүркігіштеріне реттеу немесе ауыстыру жүргізіледі.

  4. Қазандыққа түсетін отын сынамаларын сұрыптау және өңдеу автоматты сынама сұрыптауыш және сынама өңдеуіш машиналарды қолданумен жүзеге асырылады.

Отын сынамаларын сұраптау және өңдеу жөніндегі құрылғыларды сынау жабдықтың конструкциясына өзгертулерді енгізу кезінде әрбір жағдайда өткізіледі.

Сонымен қатар жылына кемінде 1 рет уатылатын көмір порцияларының салмағы тексеріледі.



  1. Ғимарат конструкцияларында, үй-жай ішінде және отынды жеткізу жүйесінің жабдықтарында тозаңның жиналып қалуына жол берілмейді. Отынды жеткізу тетіктері тығыздалады және үй-жайдағы ауаның тазалығын қамтамасыз етуші құрылғылармен жабдықталады. Отынды жеткізу жүйсінің үй-жайларында ауаның тозаңдануы мен қажет болған кезде газдалуы (СО құрамымен) техникалық басшының бекіткен кестесі бойынша бақыланады.

Аспирациялық құрылғылардың жұмысы кезінде тазалау нормасына сәйкес ауаның тозаңнан тазартылуы қамтамасыз етіледі.

Үй-жайлар мен жабдықтарды тазалау бекітілген кесте бойынша жүргізіледі және механикаландырылған (сумен шаю немесе тозаңсорғышпен) болуы тиіс.



Үй-жайлардағы температура 50С төмен болған кезде, сондай-ақ герметикалық өңдеу барысында ішкі үй-жайдың қаптамалары мен тігістері сөгілген жағдайда үй-жайларда сулы жинауға жол берілмейді.

  1. Конвейер ленталарын қосуда және жөндеуде металл бөлшектерін қолданылуға жол берілмейді.

  2. Электр қозғалтқыштармен қоса, отынды жеткізу трактісі бойынша белгіленетін барлық электр жабдықтары сулы жинау талаптарына сай және тозаң ылғал қорғаныстық орындау болуы тиіс.



Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> Операциялық жоспар іс-шараларын іске асыру туралы есеп
2015 -> Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет