Электр тогы. Электр тогы көздері. Электр тізбегі және оның ҚҰрамды бөлігі тақырыбына қЫСҚа мерзімді жоспар зекешова Арай Алипкалиевна Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №37 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі



Дата10.01.2020
өлшемі180,11 Kb.
#55650
түріСабақ
Байланысты:
6s5f45dsf4
Сұрақтарға жауап, Дау-дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет

ЭЛЕКТР ТОГЫ. ЭЛЕКТР ТОГЫ КӨЗДЕРІ.ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ ТАҚЫРЫБЫНА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Зекешова Арай Алипкалиевна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №37 жалпы орта білім беретін мектебінің

физика пәнінің мұғалімі

Пән: физика, 8 сынып

Күні:

Тақырыбы:

Электр тогы. Электр тогы көздері. Электр тізбегі және оның құрамды бөлігі

Мақсаты

Электр ток көздерін сипаттау

Күтілетін нәтиже

А.Электр тогын біледі

В.Электр тогының әсерін түсінеді

С.Электр тогын өмірмен байланыстырады, есептер шығарғанда қолдана алады

Керекті жабдықтар

ресурс парақтары, жұмыс дәптері, маркер, АКТ, презентация, карточкалар

Әдіс-тәсілдер

Ойлаудың «5қалпағы», «Мені тап», «Вербальды теннис», «Теледидармен сұхбат», өздік, жеке, топтық жұмыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе
(10 мин.)


-Оқушылармен амандасу.

-сыныпты түгендейді

-кезекшілік қызметін қадағалау

-оқушылардың назарларын сабаққа аудару

-психологиялық дайындық.

Оқушылардың сыни ойлауына негізделген «Мені тап» әдісі арқылы сөз немесе физикалық шамаларды ұсыну арқылы белгілі бір заңдылықты немесе анықтаманы тауып, топқа бөлу

І топ:«Ақ қалпақ»

ІІ топ: «Жасыл қалпақ»

ІІІ топ: «Қызыл қалпақ»

ІVтоп : «Қара қалпақ»

Vтоп : «Көк қалпақ»

Үй тапсырмасын «Вербальды теннис» әдісін қолданып, оқушыларға тірек сөздерді ұсынып, оны сипаттау арқылы тексеру

Кулон заңы, нүктелік заряд, элементар заряд, электр өрісі, күш сызықтар, электр заряды, электрлену, электрон заряды, кернеулік, потенциал, потенциалдар айырымы, күш сызықтары, күштік сипаттама, энергетикалық сипаттама, конденсатор, электрсыйымдылық, электр тұрақтысы, электр өрісінің жұмысы

Топтарға «Теледидармен сұхбат» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймын. Екі электроскоп арқылы демонстрация жасап, оқушыларға сұрақтар қоямын.

-Эбонит таяқшасын электроскопқа тигізгенде неліктен электроскоп тілшесі қозғалады?

-Эбонит таяқшасын бірінші электроскопқа тигізгенде екінші электроскоп тілшесі неліктен қозғалады?

Екі электроскоп не арқылы жалғанған?

Олай блса бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?



-Мұғаліммен амандасады

-кезекшілік қызметін атқарады

-сабаққа зер салады

Топтарға бөлінеді.

Топтар сұрақтарға жауап беру арқылы тапсырманы орындайды. Бір біріне көмектеседі.

Ұялы телефон арқылы байланыс жасап, сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Осы тақырыпқа байланысты келешекте не білгілері келетіндігі жөнінде өз ойларын жеткізу арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.





Тұсау-

Кесер
(20 мин.)




Топқа ойлаудың «Бес қалпақ» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу, игеру ұсынылады.

Бағдаршам арқылы Выготскийдің ЖАДАна сәйкес қажет болған жағдайда оқушыға көмектесу. Нәтижесі жарнама, постер немесе интелект карта қорғаумен аяқталады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы тусіну дәрежесін бағалаймын.

Венн диаграммасы арқылы өткен тақырыппен байланыстырып, ұқсастықты тағайындау



Әр топ тақырып бойынша жұмыстанады. Тапсырманы жеке оқу; топпен талдау; интелект карта жасау, қорғау.

1 топ «Ақ қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты электр тогы,пайда болу шарттары, ток әсерлерінің түрлерін, электр тізбегінің құрамды бөліктерін, бөгде күштер, ЭҚК -і туралы нақты мәліметтерді айтады

2 топ «Жасыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көздерінің алу жолдарын, ток көздері туралы сипаттап шығармашылық немесе математикалық тұрғыдан сипаттап айтады.

3 топ «Қызыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты токтың әсерлеріне мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстыра отырып, эмоциялық жағынан сипаттап айтады.

4 топ «Қара қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көзінің кері әсері, зиянды жақтарын айтады.

5 топ «Көк қалпақ» -Жаңа тақырыпты қорытындылап айтады.

Топпен өзара бағалау критерийлерін ескере отырып, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.


Негізгі бөлім

(10 мин. )



1.Оқушыларға «Өздік жұмыс» арқылы есептер шығарту, «Орман өсіру» метафорасына сәйкес тапсырманы орындату. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану,

Есептер

  1. Ток көзі ішінде 10Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең?

  2. Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы неге тең?(250Дж)

  3. Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын заряд неге тең? (4Кл)

  4. Ток көзінің ЭҚК-і 250Дж-ға тең, заряды 20нКл зарядты бөлгенде бөгде күштердің жасаған жұмысы неге тең?

  5. Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысы неге тең? (40Дж)

Резервтік тапсырма: жұптық жұмыста логикалық сұрақтарға жауап береді

Тақырыпқа байланысты жұптық жұмыста орындалатын логикалық сұрақтар



  1. Тізбекте ток жүріп жатқанын немесе жүрмейтінін қандай белгілері арқылы анықтауға болады?

  2. Зарядталған электроскоптың кішкене шарына қол тигізу арқылы разрядтаған. Осы кезде электроскоптың өзегінде ток жүреді деп айтуға бола ма?

  3. Аккумулятор мен гальвани элементінің айырмашылығы неде?

  4. Ток көздері энергиялардың қандай түрлерін электр энергиясына айналдырады?

  5. Ток көзі қандай қызмет атқарады? Тоқ көзінің ішінде қандай жұмыс жасалады? Қандай энергия есебінен?



Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығарады,

Дарынды оқушылар «Дос көмегі» әдісі арқылы бір біріне көмектеседі.



Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.

Логикалық сұрақтарға жұптасып жауап береді.




Қоры-

тынды


(5 мин.)


Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.

Ресурстық парақтар

1 топ «Ақ қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты электр тогы,пайда болу шарттары, ток әсерлерінің түрлерін, электр тізбегінің құрамды бөліктерін, бөгде күштер, ЭҚК -і туралы нақты мәліметтерді айтады.

Электр тогы дегеніміз еркін электр заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысын айтамыз.(Электрондардың реттелген қозғалысы).

Электр тогы болуы үшін мынандай шарттар болу қажет:



  • Еркін заряд тасымалдаушылар болу қажет

  • Заряд тасымалдаушыларға әрекет ететін электр өрісі болу қажет

  • Электр өрісін тудыратын ток көзі болу қажет.

Ток көзіне гальвани элементтері, аккумулятор, генераторлар жатады.

Электр тізбегі тоқ көзінен, өткізгіш сымнан және электр энергиясын тұтынушылардан тұрады.

Электр тогының әсерлері: жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық

Бөгде күштер дегеніміз тоқ көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде қолданылатын электрлік емес күштерді айтады. Бөгде күштерді сипаттау үшін ᵋ электр қозғаушы күші деген шама енгізіледі.

Электр қозғаушы күші дегеніміз бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасын айтады., мұндағы бөгде күштер жұмысы, q заряд

Өлшем бірлігі 1В=1Дж/Кл



2 топ «Жасыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көздерінің алу жолдарын, ток көздері туралы сипаттап шығармашылық немесе математикалық тұрғыдан сипаттап айтады.

Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы Ампер Андре Мари.



Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымы енгізіледі.

ХБЖ-де ЭҚК бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады:



Ток көзінің шартты белгісі:

Ток көзінде электр зарядтары бөлінеді: оң зарядтар анодқа, терісі катодқа жиналады.

Электрофорлық машиналарда зарядтарды бөлу жұмысы механикалық энергия есебінен болады.

Аккумуляторларда зарядтарды бөлу жұмысы химиялық реакция нәтижесінде болады.

Ток көзінде қайсыбір энергияның электр өрісінің энергиясына айналады.


4 топ «Қара қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көзінің кері әсері, зиянды жақтарын айтады.
3 топ «Қызыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты токтың әсерлеріне мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстыра отырып, эмоциялық жағынан сипаттап айтады.

5 топ «Көк қалпақ» -Жаңа тақырыпты қорытындылап айтады.

Есептер


  1. Ток көзі ішінде 10Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең?

  2. Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы неге тең?(250Дж)

  3. Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын заряд неге тең? (4Кл)

  4. Ток көзінің ЭҚК-і 250Дж-ға тең, заряды 20нКл зарядты бөлгенде бөгде күштердің жасаған жұмысы неге тең?

  5. Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысы неге тең? (40Дж)

Кері байланыс парақтары

Аты жөні _______________________________________________________ күні___________



Мен не үйрендім

Маган не қиын болды

Мен оны қалай жендім немесе тағы не білгім келеді









Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет