Электронды бақ-тың даму ерекшелігі Кілт сөздер



Дата17.06.2018
өлшемі4,26 Mb.
#43162
Төлекова Гүлжан Қажымұратқызы

ф.ғ.к., доцент

«Тұран» университеті

Қазақстан, Алматы

Дәрібаева Мақпал Асубайқызы

«Хабар24» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі



Қазақстан, Астана

Электронды БАҚ-тың даму ерекшелігі

Кілт сөздер: Электронды БАҚ, ғаламтор, интернет, ақпарат, телекоммуникация, баспасөз, жаңалық, газет, журнал, журналистика, журналист, қоғам.

Ключевые слова: печатных СМИ, печатные СМИ, о печатных СМИ, рынка печатной прессы, тиражей периодических СМИ, печатных изданий, реализации печатных СМИ, рост печатных СМИ, Будущее печатных СМИ, журналистика, журналист.

Key words: print media, print media and printed newspapers, circulations of periodic media, the print media market, publications, print media in favor of the implementation of the print media, the growth of print media, the future of the print media, journalism, journalist, newspaper, news, internet.

Баспасөз бостандығының арқасында Тәуелсіздіктің 25 жылында еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары сандық тұрғыдан да, сапалық тұрғыдан бірнеше есе өсті. Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» кітабында публицистиканы «көсем сөз», «Газет –  халықтың көзі,  құлағы  һәм тілі» деп атаған. Публицистика өмір барлаушысы ғана емес, өмір шындығын, өмірдің өзекті мәселелерін, халықаралық саясат туралы, күнделікті тіршілік құбылыстарын, замана шежіресін жасауға, суреттеуге мейлінше оңтайлы. Өмір шежірелерін публицистика жанрлары арқылы жасау баспасөз, радио, теледидар, кино секілді сан-салалы мүмкіндіктері бар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазіргі баспасөзде жарық көріп жатқан кісі күлерліктей ұшқары пікірлерден де, тіпті байсалды академиялық пайымдаулардан да бірнеше өзекті мәселелер төңірегінде көпе-көрнеу ойдан қиыстыру бел алып барады» [1,8-б],- айналадағы оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады [2,1-бет]. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет. Ғаламтордың бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты интернетке сүйене отыра жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет-БАҚ дүниеге келді. Электронды БАҚ дәстүрлі БАҚ үшін үлкен жаңалық болды. Бұл сала аудиторияға деген таласты күшейтті. Негізі, электронды БАҚ қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Электронды БАҚ – үлкен ғылыми ізденісті қажет ететін сала. Дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі арқылы айқындалады. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде қарастырады. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы, 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. «The San Jose Mercury News» газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасынмен жарияланды. Қазіргі таңда, АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың тиражы жарты жылда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта – 2,5%, ал апталық газеттердің тиражы – 3,1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет ассоциациясы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттері бойынша жүргізіледі. Ассоциация мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар тоқсан ішінде 56 млн. немесе интернетке кіретін адамдардың 37%-ын құраған [8,1-б]. Ал, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2016 жылғы ақпараты бойынша, елімізде ғаламтор пайдаланушылар саны халықтың 72,9 %-ын құрайды, сонымен қатар 117 газет, 1294 журнал басылып шығарылуда. Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны 193, оның 4-і мемлекеттік, ал қалған 189-ы мемлекеттік емес. Бірінші график бойынша, қазақ тілді электронды БАҚ 14%-бен соңғы орында келеді [3].

График 1.

Қазақстандық масс-медиа алаңындағы қазақ тілді БАҚ ұсынып жататын ұлттық идея «этномәдени тұжырымдамаларға» жүгінетін болса, қазақстандық идеяны жақтаушы орыс тілді БАҚ «саяси-азаматтық көзқарастарды» негізге алады. Қазақ тілді және орыс тілді БАҚ арасындағы қайшылық 2009 жылы «Ел бірлігі» доктринасын талқылау кезінде айқын көрініс тапты. «Ел бірлігі» доктринасының өңделген нұсқасы екі ақпараттық лагерьді өзара ымыраластырғандай болғанымен, доктрина екі жаққа темірқазық бола алды деп айту қиын. Отандық БАҚ алаңында ұлттық идея мен қазақстандық идея арасында іштей қайшылық пен өзара бәсекелестік барына көз жеткізу қиын емес. Дегенмен, ұлттық идеяның генераторы – қазақ тілді БАҚ. Қазақ тілді басылымдардың атауы ұлттық символикалық болып келеді. Мәселен, «Жас Алаш», «Жас Қазақ», «Егемен Қазақстан», «Жас қазақ үні», «Алаш айнасы», «Ана тілі», «Түркістан», «Ұлт Таймс», «Үш қиян» газеттері, «Намыс кз» журналы, «Абай.KZ» сайты және т.б. Орыс тілді басылымдар атауы: «Время», «Мегаполис», «Экспресс К», «Панорама», «Деловая неделя» және т.б.[8]. Екінші графикте, әлемнің 60% тұрғыны ақпаратты теледидар арқылы алса, екінші орында 30%-бен газет келеді, әлеуметтік желі 29%-бен үшінші орында, ал соңғы орында 19%-бен радио. Негізі әлеуметтік желідегі ақпаратты сенімді ақпарат көзі деуге келмейді. Себебі, тұрғындардың басым бөлігі блогерлер мен ғаламтор пайдаланушыларының ақпаратына сенім артпайды. Олар тексерілмеген жалған ақпарат таратуы мүмкін. Сондықтан теледидар мен газет-журналдар тексерілген ақпарат тарату жағынан алда келеді. [5, 412-б].



График 2. Ақпаратты алу жолдары [5]

Америкадағы «Ұлттық газет қауымдастығының» директоры Брайн Л. Стеффенс бір мақаласында: «ХХІ ғасырда газеттер айналадағы жағдайға тез бейімделетін хамелеонға айналды»,– деп жазады. Расында, газеттер үнемі ғылыми дамуға ілесіп отырды: олар парақтық басылым түрінен, ротациялық басылым машинасына ауысты, ақ-қара түсті бейнеден, түрлі-түсті бейнеге, ал қазір қағаздан электронды құралдарға ауысып жатыр. Интернет технологиялардың мүмкіндіктері артып отыр. Электронды газеттердің небір форматтарына арналған бағдарламалар баршылық. Оның үстіне, газет-журнал шығарудың қаржылай шығыны да мол, ал электронды газеттер жасау үшін көп қаражат жұмсалмайды. Тек журналистерге талап күшеймек. Олар дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда екі есе жедел қимылдауға икемделеді. Біздегі мерзімді басылымдардың ақпарат таратудағы жылдамдығы бәсең болғандықтан, көпшіліктің интернет-газеттерді оқитыны заңды құбылыс. Әлемдік ақпаратқа ілесіп отыру үшін біз интернет технологиялармен жұмыс істеуді одан әрі дамытып, оның жалпы халыққа қолжетімді болуына тырысудамыз. Кезінде АҚШ-тың президенті Ричард Никсон ұлттық қауіпсіздік кеңесінде бюджет шығындары туралы сөйлеген сөзінде «ақпарат пен үгіт-насихатқа жұмсалған 1 доллар қару жүйесін құруға жұмсалған 10 доллардан әлдеқайда табысты, қаруға кеткен шығын сол мерзімде іске жаратылып үлгеретін болса, шығын кетірген ақпарат әр сәт бойы, әр сағат бойы жұмыс істей береді» деген болатын. Яғни қоғамдық сана мен идеялық бағыт-бағдарды айқындауда БАҚ-тың рөлі орасан зор. Көлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медианың болашағы алаңдатпай қоймайды. Алаңдататыны – мерзімді басылымның болашағы. Дүниежүзі халқының көңілі интернетке ауған шақта оқырманнан айрылып қалу қаупі еселене түсті. Өркениет көшіне ілеспесе тағы болмайды. Кезінде Кәрім Мәсімовтың ҚР Премьер-министрі лауазымын атқарып жүргенде твиттеріндегі парақшасында: «Блогерлер – мерзімді баспасөзді жерлеушілер», – деген тосын пікірі ақпаратты ғаламторға орналастырудың тиімділігін көрсеткендей. Оның үстіне, бүгінде қатары көбейген блог жүргізушілері дәстүрлі журналистердің алдын орап әкететін болды. Алайда, блог ресми БАҚ саналмайды және сенімді ақпарат көзі деуге келмейді [8, 8-бет]. Мәселен, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 467 баптан (ескісінде 393) тұратын жаңа Қылмыстық кодекстің қолданысқа енгізілгені баршамызға белгілі. Аталған заңның 274-ші бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Сондықтан әрбір азамат немесе азаматша бір нәрсені жасамас бұрын алдымен жеті өлшеп барып кескені жөн [7]. Қазіргі таңда, билік пен халық арасындағы дәнекер БАҚ-тың өзіндік рөлі бұрынғысынан да нығайып, төртінші билік ретіндегі функциясын күшейтті. Заманауи электронды БАҚ-тар қазақ журналистикасына жаңа тыныс, жаңа серпін әкелді. Электронды БАҚ арқылы бүгін де журналистеріміз ақпаратты жылдам әрі қызықты таратуға машықтанды. Сонымен қатар, таратылып отырған тақырыптардың ауқымы кеңейіп, нақты дерек беруге сеп болды. Қысқасын айтқанда, қазақ журналистикасы электронды БАҚ-ты тиімді пайдалануда. Әлбетте, түзелуі тиіс тұстары жоқ емес. Алайда, ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестік дамыған сайын, орын алып отырған

График 3. Қазақстандағы БАҚ санының артуы [3].



олқылықтар да оңала бастайтыны белгілі. Ал ХХІ ғасырдағы ІТ-технологиясы дамылсыз қарыштап отырған мына заманда бәсекелестік те дами түспек. Мәселен, «1990 жылы республикада 552 БАҚ тіркелген болса, 1991 жылы оның саны 744-ке, 1992 жылы бұл көрсеткіш 1052-ге жетті, ал 1998 жылы республикада 1334 газет, 280 журнал, 202 телекомпания, 74 телерадиокомпания, 80 радиокомпания, 33 ақпарат агенттігі ресми тіркеліп жұмыс істеген болса [6], ҚР Инвестициялар және Даму министрлігінің ресми дерегі бойынша, 2014 жылы Елімізде 252 электронды бұқаралық ақпараттық құралы тіркелген: 146 телерадиокомпания, 98 кабельді оператор. 11 телекомпания және 6 радиостанция республикалық мәртебеге ие [4]. Ал, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2016 жылғы ақпараты бойынша, үшінші графикте көрсетілгендей, 2014 жылы елімізде жалпы тіркелген БАҚ саны 2211 болса, 2016 жылы 2976-қа жеткен [3].

Қортындылай келе, дүниежүзі халқының назары ғаламторға ауған XXI ғасырда электронды БАҚ-тың келешегі жарқын. Оның дәстүрлі газет-журналдардан артықшылығы оперативтілігінде. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға электронды БАҚ-тың жылдамдығы айтарлықтай шектеусіз. Статистикаға сүйенсек, ғаламтор қолданысқа енгеннен кейінгі алғашқы 5 жыл ішінде оны 50 миллион адам қарап үлгеріпті. Радио мұндай аудиторияны 38 жылда, телевидение 13 жылда жинап үлгерген [7]. Ал соңғы жаңалықтар бойынша, 2020 жылға қарай интернет қолданушылардың саны 5 миллиардтан асады. Бұл туралы Google-дың Ресейдегі маркетинг жөніндегі директоры Дмит­рий Куз­не­цо­в Google Think Performance конференциясында мәлімдеді[9]. Ал, академик Ғ.Есімнің: «...біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың мазмұнын анықтайтын фактор - ақпарат. Оны біз ақпараттық қоғам деп жүрміз. Бүкіл әлем бір сәтте үйіңізге сыйып кетеді. Интернет, электрондық пошта жүйесі,  жетілген коммуникация әлемді тұтастырып барады. Бұрынғыдай әр елдің «сырын» сақтауы мүмкін емес. Ел ішіндегі оқиға күні ертең әлем тілдеріндегі басылым беттерінде жария етілмек. Мұның бәрі қазақстандықтардың ой-өрісіне, сезім-санасына, мінезіне, тұрмысына сапалы өзгерістер енгізуде» – деген пікірі интернеттің зор мүмкіндігін паш етеді [10]. Жалпы, өз басым күнделікті өмірде ғаламтордан 24.kz, tengrinews.kz, nur.kz, zakon.kz, inform.kz, bnews.kz ақпарат агенттіктерін күнделікті оқимын. Басты себебі жылдам және ыңғайлы. Электронды БАҚ-тың болашағы жарқын деген көпшілік пікіріне қолдау көрсетуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Шындалиева М. Журналистика жанрларының пішіндері мен функциясы: Оқулық. – Астана: ЕҰУ АББ, 2012. -248-б.

2. Сақ Қайрат Өмірбайұлы. Еркін сөз елдік мүддеге қызмет етуі керек. Мақала, 2011 жыл.

3. ҚР Ақпарат және коммуникауиялар министрлігінің ресми сайты www.mic.gov.kz

4. ҚР Инвестициялар және Даму министрлігінің ресми сайты Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.

5. Пушкина Е. Ю. Баспа БАҚ-тың бүгіні мен ертеңі. Молодой ученый.

— 2014. — №8. — С. 411-415.

6.Сарсенбаев А. Новые информационное пространство РК: проблемы и перспективы. –Алматы: Ақыл кітабы, 1998, 54 б.

7. Алматы облысы прокуратурасының ресми сайты www.alm.prokuror.kz

8. Елікпаев С.Т. Электронды БАҚ, оқу бағдарламасы

9. Ақпарат агенттігі www.7kun.kz



10. Армангүл Нұрланқызы. Ақпараттық қоғам және интернет. Мақала, 2016 жыл. www.el.kz


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет