Әлеуметтану оқУ-Әдістемелік кешені



бет2/8
Дата07.12.2016
өлшемі1,64 Mb.
#3385
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары

Әлеуметтану пайда болуының алғашқы кезеңі?

Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең?

О. Конттың әлеуметтануы?

Ф Спенсердің әлеуметтануы?

Э. Дюркгейімнің әлеуметтануы?

М. Вебердің әлеуметтануы?

П. Сорокиннің әлеуметтануының негізі?

Әлеуметтік іс - әрекет теориясының ең негізгі ұғымы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі.

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс №3 ХХ ғасыр әлеуметтануы

Мақсаты: Студенттерді әр елдердегі әлеуметтік ойлар мен ғылым ретінде


  1. АҚШ әлеуметтік ой‑пікірлердің қалыптасуы

  2. XІX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы.

Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады.

Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды , қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.

Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.

Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функциональды талдау («структурно-функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді.

Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы.

Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірір әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910ж.) болды. 1949 жылы оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Бұл тұрғыдан алғанда, Р. Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді, бірақ бұл дұрыс болмады, өйткені эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды. Р. Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады.

Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцмяға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеутеттік ірі мәселелермен, мысалы, қоғмның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негігі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобтльдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.

4.XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы

Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орсытың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.


Бақылау сұрақтары:

Р. Мертонның әлеуметтік теориялары?

Ш. Уалихановтың әдлеуметтік ой – пікірлері қандай?

А. Құнанбаевтың әлеуметтануы?

Ы. Алтынсариннің әлеуметтануы?

Т. Парсонстың әлеуметтануын қалай түсінесіздер?

А. Байтұрсыновтың әлеуметтануы?

Ә. Бөкейхановтың әлеуметтік ойлары?



Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі.

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс №4 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

 

Мақсаты: студенттерге қоғам ұғымы, оны зерттеудегі жүйелі әдістер туралы түсіндіру. Қоғам мен әлеуметтік жүйені теориялық зерттеудің көпжақтылығымен таныстыру.



Дәріс жоспары:

  1. Қоғам және оның мәні.

  2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

  3. Қоғамдардың жіктелуі.

Дәріс тезистері:

     «Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

  Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150 – ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанымен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілері бар.

    Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама берді.

    Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

     Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір – біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

     Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам – адамдар арасындағы қарым – қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым – қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.

     Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым – қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

     Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.

      Координация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір – бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

       Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызды орын алатындығы баршамызға мәлім.

   Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

    Әлеуметтік құрылымның басты элементтері: а) өзара тығыз байланыста, қарым – қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

     Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс - әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.

     Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

I. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

1)қысқа мерзімді байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп те атайды.

Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы, т.б.);

3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).

II.Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер, т.б.); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым – қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат – мүдделері де жақын болады.

III. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:

1)әлеуметтік – экономикалық (касталар, сословиелер, таптар); 2) әлеуметтік этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік – демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер, т.б.); 4) әлеуметтік – кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.); 5) әлеуметтік – территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

  Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік.

Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрулерін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым – қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез – құлықтары мен іс - әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 

Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен полиция (милиция) институты пайда болды. Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.

Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді;

4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Адамзат қоғамының пайда болуы, дамуы ұзақта күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 40 – 50 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық – туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл – құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.

Қоғамның бұл аталған даму сатысын «алғашқы қауымдық қарапайым қоғам» деп атайды.

Келе – келе адамдардың шеберліктері артық, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруашылығымен егіншілікке көшу – қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесінде қоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұны өзі қоғамда бір – біріне қарама – қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамды басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.

Қоғам дамуының бұл сатысы «таптық, күрделі қоғам» деп жіктеуге болады. Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәседен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға дейінгі және ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.

Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.

Әлеуметтануы ғылымы қоғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік – экономикалық белгілерге аударды.

Біз бұл турасында маркстік, формациялық тұрғыдан жіктеудің мәніне көшейік. Маркістік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал – жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның талаптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктейді. Олардың басқаша 5 қоғамдық – экономикалық формациялар деп те атайды. Олар мыналар:

        а) алғашқы қауымдық қоғам;

        б) құл иеленушілік қоғамдық – экономикалық формация;

        в) капиталистік қоғамдық – экономикалық формация;

        г) коммунистік қоғамдық – экономикалық формация.

        Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық – экономикалық формациялар – таптық – антагонистік, қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз береді. Бұл - әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тапсыз қоғам дейді.

       Алайда XX  ғасырдың басындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.

       Кеңес Одағы мен социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 3/1 бөлігі) әкімшіл - әміршіл, тоталитарлық саяси тәртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алады. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелденіп.

       Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын.

Ғалымдар капитализмді:

-          бастапқы капитализм;

-          бюрократиялық капитализм;

-          олигархиялық капитализм;

-          демократиялық капитализм

деп жіктеу қажет дейді. Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз жоқ, біз түрлі қоғамдардың әлеуметтік – экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.

       Бұл ретте XX ғ. 50 – 60 – жылдарында американдық әлеуметтанушылар Дениел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор.

      Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңберде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:

1)      индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды;

2)      индустриалдық қоғамдар;

3)      постиндустриалдық қоғамдар.

        Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған.

         Дін иелері мен феодалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайды.

         Индустриалдық саты, шамамен, бұдан 250 жылдар бұрын қалыптасқан. Батыс елдерінде өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машиналар келді. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкеледі. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады.

        Қоғамның дамуы ғылыми – техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Соның нәтижесінде «бизнесмендер» деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болды.

        Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы XX  ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атауларымен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің – «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И. Масуданың – «ақпараттық қоғам» тәрізді т.б. атаулар кездеседі.

       Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

        Қоғам халқының 60 – 80 % - ын ауқатты, жан – жақты жетілген, жоғары табысы бар орта тап құрайды. Бұл – саяси жүйеде дамыған демократиялық қатынастар, яғни билік органдарын халықтың өзі сайлап, өзі бақылайтын қатынастардың орын алуы, жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына толық кепілдік берілетін қоғам.

        Әрине, әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана постиндустриалдық даму сатысына қол жеткізді. Көптеген елдер бұндай сатыға қол жеткізуді мақсат етіп, ұмтылыс жасауда.

        Қоғам бір орында тұрмайды, оған үнемі ілгерілеп даму, бір күйден екінші бір күйге ауысып отыруы тән.  

   


Бақылау сұрақтары:

Қоғам дегеніміз не?

Қоғамға берілген анықтамалар қандай?

Әлеуметтік жүйе элементтерінің координациясы мен субординациясы дегеніміз?

Қоғамның әлеуметтік құрылымы?

Әлеуметтік институттар дегеніміз не?

Әлеуметтік қоғамдастықтардың негізгі түрлері?

Қоғамдардың жіктелуі?

Индустриялдық саты дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі.

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс № 5. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер.

Мақсаты:

Әлеуметтік институттардың қоғамдағы ролін анықтау, олардың адамзат қоғамындағы маңыздылығын студенттерге түсіндіру.



Негізгі мәселелері:

1. Әлеуметтік институттардың қалыптасуы, дамуы

2. Әлеуметтік институттың белгілері мен функциялары

3. «Әлеуметтік процесс» ұғымы. Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері


Дәріс тезисі:

Адам қоғамы бірте – бірте қалыптасып, үнемі даму үстінде. Қоғам даму барысында тұрақты өзгеріп және бейімделу қасиеттері жетіліп тұрады. Кең философиялық мағынада адамдардың бірлесіп әрекет етіп қалыптасқан кез келген тарихи жиынтығының нысанын қоғам деп атайды. Оның құрылымдық негізі күрделене берген және бірте–бірте жекеліктердің өмірі әлеуметтік институттар арқылы ұйымдастырыла бастайды.

Кейбір ғалымдар қоғамды табиғаттан тыс тұрып өзіндік заңдары ғалымдар қоғамды табиғаттан тыс тұрып өзіндік заңдары негізінде дамиды деседі. Оған қарама – қарсы көзқарасты ұстанатындар да бар. Олар қоғамды тікелей табиғаттан, жануарлар әлемінен шығатынын дәлелдейді. Мысалы, құмырсқалардың ұйымдасуы адам қоғамы сияқты күрделі: еңбек бөлінісі мен мамандануы, қатынас тілі тағы сол сияқты қалыптасқан. Бірақ бұл сырт көрінісі ғана. Жәндіктердің тұтас түрі өзгеріп тұрады, олардың оқып үйренуге қабілеті шектеулі. Ал адамның мінез – құлқы 80 пайызға үйрету арқылы әлеуметтік бейімделу барысында қалыптасқан.

Тар мағынада қоғам деп адамдардың бірлесіп өмір сүру нысандарын айтады. Ежелгі дүниеде қоғам деп ақсүйектер кауымын атаған. Ежелгі Грекияда ерікті халықты қоғамның мүшесіне жатқызатын, ал құлдарды қоспайтын. 18 ғасырдың аяғында азаматтық қоғам түсінігі пайда болды. Мұнда саяси өмірге халық өз еркімен қатысады, өзін – өзі еркін басқарады, сана – сезімін қалыптастырды. Бұл экономикалық және саяси еркін, азаматтық құқықтарын қорғай алатын жоғары дамыған ерікті жекеліктер қауымы.

Қоғам рулық қатынастар кезеңінен бастап, яғни 40 – 50 мың жыл бұрын қалыптасты. Қоғам – елдің, ұлттың , халықтың, ұлыс пен тайпаның әлеуметтік ұйымы. Атомистік теория бойынша, мысалы Г.Зиммель, қооғам ол жалпы жекеліктердің өзара әрекеттерінің нәтижесінде өмірге келетінін атап көрсеткен. Өзара әрекет белгілі құштарлықтардың немесе белгілі мақсаттардың негізінде қалыптасады. Әлеуметтік топтар теориясында қоғам әр түрлі адам топтары қиылыстарының жиынтығы ретінде түсіндірілген.

Әлеуметтік институт әлеуметтануда іргелі түсініктердің бірі болып таныл-ған. Э.Дюргеймнің пайымдауынша “социологияны институттар туралы ғылым ретінде олардың пайда болуы және қызметтенуі деп анықтауға болады”!. Оның ойынша қоғам экстенсивті еңбек бөлінісіне негізделгендіктен оқшауланған жеке адамның жігерлерінің жай жиыны, жеке мүдделерге негізделген шарттардың жинағы жинағы деп түсіндіруге келмейді. Қазіргі қоғам бұрынғы қоғам нысандарының етене тән бірлігі емес. Дюрркгейм әлеуметтік институттардың шығуын қажеттікпен байланыстырады. Ол Спенсердің әсерімен құрылымдық – функционалдық әдістеме тұрғысынан қоғамды тұтастық ретінде алып қарайды, оның әр әлеуметтік институты бір белгілі функционалды рөл атқаруы арқылы қоғамның тыныс – тіршілігін қамтамасыз етуге өзінің пайдалы үлес қосатынын көрсетеді.

Әлеуметтік институттың алғашқы толық анықтамасын берген америкалық социолог – Т.Веблен. Ол қоғамның бірте – бірте дамуын әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталуы ретінде талдайды. Әлеуметтік институттар табиғаты жағынан сыртқы өзгерістер жасайтын ынталандыруларға үйреншікті амалдардың жауап қайтаруы болып табылады. Веблен және оның ізбасарлары – институционализм мектебінің өкілдері әлеуметтік институтты ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін, жағдайларға тәуелді өзгеріп және оларға бейімделу құрылымы болатын қоғамдық әдет – ғұрыптардың жиынтығы, белгілі мінез – құлық әдеттерін, ой қалпы мен өмір қалпын іске асыру ретінде анықтайды. А.Рэдклифф – Браун институт деп әлеуметтік құрылым – әлеуметтік қатынастардың өзінің тіршілік жасауын қолдауға пайдаланатын үлгіге келтірілген мінез – құлық амалдарын ұғынады. Ч.Миллс әлеуметтік институт – әлеуметтік рөлдердің белгілі жиынтықтар нысаны деп түсіндіреді. Ол институттардың орындайтын мақсаттары бойынша бес негізгі түрін атайды: діни, әскери, шаруашылық, отбасылық. Бұлар институционалдық тәртіпті орнатады. Неміс социологы А. Гелен институтты реттеуші мекеме ретінде адамдардың әрекеттерін белгілі арнаға бағыттаушы деп түсіндіреді. Л.Бовьенің пікірінше, әлеуметтік институт – нақты әлеуметтік талаптарды немесе міндеттерді қанағаттандыруға бағытталған мәдени бөлшектердің жүйесі. Ол өзара әрекет етуші жекеліктерден тұрады. Әлеуметтік институттар жұмыстарды орындаудың мәдени заңдастырылған амалы болып табылады. Жекелік институтқа әлеуметтік әрекеттердің оқшауланған кешенін, мысалы, юристік заңды, әлеуметтік тапты, некені, ұйымдық жағынан қалыптастырылған дінді жатқызады. Дж.Бернард пен Л.Томпсон әлеуметтік институтты мінез – құлық мөлшерлері мен үлгілерінің жиынтығы ретінде ұғындырады. Олар әлеуметтік институттың мына бөлшектерін көрсетті:


  1. Институттың анық қызметтеріне жататын міндеттері мен мақсаттары;

  2. Мінез – құлықтың үлгілері мен ережелері;

  3. Рәміздік нышандары;

  4. Тәжірибелік белгілері;

  5. Ауызша және жазбаша дәстүрлері.

Сонымен жануарлар әлемінде қоршаған ортаға түйсік, сақтану сезімі арқылы бейімделіп тіршілік етсе, адамдардың табиғи түйсіктері миллиондаған жылдар бойы даму барысында әлсірей берген. Адам жоғалтқан табиғи түйсіктерінің орнына мыңдаған жылдар бойы кез келген талаптарын қанағаттандыратын әлеуметтік институттарын пайдаланған. Бірақ әлеуметтік институттар жеке адамдардың емес, оның қауымдарының өмірлік талаптарын қанағаттандыруға арналады.

Адамдар күнделікті өмірде бала кезеңінен бастап әр түрлі мекемелер мен ұйымдарға қарым – қатынас жасайды. Отбасында, кейін бала – бақшада, мектепте тәлім – тәрбие алады. Адамдар емделеді, спортпен шұғылданады немесе басқа өнерді үйрететін үйірмелерге барады. Әр түрлі салада еңбек етеді. Осылардың бәрі әлеуметтік институттармен байланысты

Әлеуметтік институт ол адам қызмет ететін белгілі салада өмір сүретін әлеуметтік байланыстар жүйесі және мөлшерлердің жиынтығы болып табылады. Мысалы, әлеуметтік топ ол өзара әрекет ететін жекеліктердің жиынтығы. Әлеуметтік институттар әлеуметтік топтармен тығыз байланысты, өйткені институт мінез – құлықтың өзара байланыстары мен жүйелер жиынтығы ретінде түбінде адамдардың қажеттіліктермен анықталады.

Әлеуметтік институттың пайда болуы мен оның міндеті қызмет атқаруының негізгі шарттарының бірі – ол әлеуметтік мұқтаждық. Институттар адамдардың әлеуметтік талаптарын қанағаттандыру мақсатында, олардың бірлескен әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Егер осындай талаптар мардымсыз болып, жойылып кетсе, онда институттың өмір сүруі қоғамдық өмірдің дамуын тежейді. Сондықтан қажеті жоқ әлеуметтік институттың міндетті қызмет атқаруы бірте – бірте жойылады. Ондай мысал ретінде батыста ақсүйектердің 17 – 19 ғғ жекпе-жекте тапталған намысын қарумен қорғауы жатады. Капитализмнің дамуы ескі өнерлердің өзгеруіне әкелді. Жекпе – жек институты жойылды. АҚШ-тың президенті А.Линкольн атысудың орнына 20 қадамнан картоп лақтыруды ұсынған.

Сөйтіп, әлеуметтік институттар – ол аса маңызды және терең, берік нығайтылған және орныққан, жүйелі, өзін – өзі жаңартушы және ретке келтірілген әлеуметтік әрекеттестіктер. Оларға тікелей қарама – қарсы кездейсоқ, өз – өзінен пайда болатын, ретсіз, үстірті, анда – санда кездесетін және ұйымдастырылмаған адамдар және олардың топтарының арасындағы байланыстары болады. Осыған байланысты әлеуметтік институттарды біршама жоғары ұйымдастырылған әлеуметтік жүйе ретінде, орныққан әлеуметтік құрылыммен, өз бөлшектерінің терең тұруымен, сан алуандығымен, икемділігімен және олардың, демек бүкіл жүйенің де, міндетті қызметтерінің қозғалыстығымен ерекшеленеді деп анықтауға мүмкін болады.

Әлеуметтік институттарға әрекет етуші субъектілердің әрқайсысының міндеті қызметтері мен өкілдігін анықтап айыруы, қимылдардың бірлігі, жөнге салынғандығы осы әрекеттестікті бақылау мен реттеудің айтарлықтай жоғарғы және қатаң деңгейі тән. Н.Смелзер, мысалы, әлеуметтік институтты белгілі әлеуметтік талаптықты қанағаттандыруға тағайындалған рөлдер мен мәртебелердің жиынтығы ретінде анықтайды. Осының себебінен қоғамда адамдардың жүріс-тұрыстарының үлкен болжаулығына, әлеуметтік байланыстардың тұрақтылығы мен сенімділігіне, әлеуметтік құрылымның орнықтылығы мен қоғамдық тәртіпке жетеді.

Әлеуметтік институт жиынтық бейнесіне мынандай анықтама беруге болады. Әлеуметтік институт елеулі қоғамдық құндылықтармен іс-қимылдар ретін біріктіретін қоғамның негізгі талаптардың қанағаттандыратын байланыстармен әлеуметтік мөлшерлердің ұйымдастырылған жүйесі. Қоғамдық құндылықтар ретінде бәрі ұстанатын идеялармен мүдделер, қоғамдық істерді орындау тәртібі ретінде топтық үдерістердегі стандартталған бір қалыпқа келтірілген мінез – құлық үлгілері, ал әлеуметтік байланыстар жүйесі деп рөлдермен мәртебелердің қақтығысын айтады. Сонымен, әлеуметтік институт ол әлеуметтік құндылықтардың мөлшерлердің және мінез – құлықтың үлгілерімен айқындалатын белгілі әлеуметтік мәнді міндетті қызметтер атқаратын мүшелерінің өз рөлдерін орындау негізінде бірлесіп мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін адамдардың ұйымдастырылған одағы. Әлеуметтік институт – қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бейімделген, қоғамдық қатынастардың белгілі саласын реттейтін мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Әлеуметтік институт – қоғамның негізгі талаптарын қанағаттандыратын қоғамдық мәнді құндылықтар мен әрекеттерді орындау ретін біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік мөлшерлердің ұйымдастырылған жүйесі.

Әлеуметтік институт әлеуметтік өмірдің жоспарланбаған қоғамның ірі өнімі ретінде пайда болады. Адамдар өз талаптарын, мұқтаждықтарын әлеуметтік топтарда бірлесіп іске асыруға талпынады және ол үшін әр түрлі амалдарды іздестіреді. Әлеуметтік тәжірибе барысында адамдар мінез – құлықтың жарамды үлгілерін, дағдыларын қалыптастырады. Уақыт өте бұлар қайталану және бағалану арқылы бірте – бірте әдет – ғұрыпқа айналады. Бұл қоғам тарапынан қабылданады және заңдастырылады. Осыдан кейін жазалану мен мадақтау жүйесі жасалынады.

Институциолдану деп әлеуметтік мөлшерлерді, ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді белгілеу мен бекіту , оларды жүйеге келтіру үдерісін айтады. Бұл әлдебір ортақ қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталатын әрекет жасауға қабілеттілікті білдіреді. Ол нақты әлеуметтік талап жалпы әлеуметтік ретінде зерделенгенде және оны жүзеге асыру үшін қоғамда ерекше мінез-құлық мөлшерлері орнатылып, кадрлар дайындалып, қорлар бөлінуінен бастау алады.

Институционалдану үдерісі барында реттелмеген тұрақсыз мінез-құлықтың орнына алдын-ала болжауға келетін күтуді ақтайтын үлгіге келтіретін, реттелетін мінез-құлық орнығады. Мысалы, банк-бизнес институттың мөлшері ретінде өсім қорлықтан бастау алады. Өсімқорлық ақшаның алғашқы қорлануына мүмкіндік берді. Бұл жеке адамдардың ақша жинау қарыз беруінен үлгі алып капитализм дамуы барысында орасан зор қаржыларды жинау, қорлану, несие беру, көшіру қажеттігі дербес институттың қалыптасуына әкелді. Қазақстанда өтпелі кезеңде талай халықтың ретсіз наразылығы негізінде шерулер, тоқулары ұйымдастырған қоғамдық қозғалыстарға, ұйымдарға, партияларға айналудың куәгері болдық.

Классикалық түсінікте институционалдану жекеліктер жиынтығының күшті сезімділік ықпалына бағынатын табиғи күйден өзіне үстем болатын жоғары беделді мойындайтын күй-жағдайға көшуді білдіреді. Институционалдану бірнеше дәйекті кезеңдерден тұрады.


  1. Жаңа әлеуметтік талаптардың шығуы қанағаттандыру үшін бірлескен ұйымдық әрекеттердің қажеттігі және оған сәйкес әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани алғы шарттармен жағдайлардың болуы. Мысалы, арнаулы әлеуметтік институт ретінде әскердің шығуы қоғамдық өндірістің дамуымен байланысты. Себебі, бұл меншіктік теңсіздікті, таптарды, мемлекетті өмірге әкеледі және әскердің қажеттігін тудырады.

  2. Әлеуметтік институтқа кіретін адамдарға бірлескен және ұйымдасқан әрекеттері арқылы жалпы ортақ мақсаттардың қалыптасуы. Бұл мақсаттарға бұрыннан әлеуметтік институттар қояды. Мысалы, қоғамдық құрылыс мемлекеттік саясаты, әлеуметтік саясаты, заңдардың мазмұнын т.б. институттардың мақсатын анықтайды. Немесе жаңа әлеуметтік институттың ішінде мақсаттарын өздері қояды. Мысалы, партияның бағдаламасында бейнеленетін мақсаттарын оның құрылу барысында жетекші тобы анықтайды.

  3. Стихиялық әлеуметтік өзара әрекеттердің және әлеуметтік институттың пайда болу барысында сынау мен қателіктер әдісі арқылы жүзеге асатын әлеуметтік мөлшерлер мен ережелерінің шығуы және бұл институтқа кіретін жекеліктердің оларды міндетті түрде орындауы. Мысалы, әскерилердің, партия мүшелерінің мүлтіксіз орындауға тиісті жарлықтары, сол сияқты білім, денсаулық, құқық институттарының өз мүшелеріне қоятын ережелік талаптары бар.

  4. Әлеуметтік институттың табысты қызмет етуі үшін қажетті ұйымдық құрылымдары және жүріс-тұрыстарының реттеуіштерін дамыту қажет. Ұйымдық құрылымдарға партияның саяси кеңесін ал мінез-құлықтың реттеуіштеріне мекеменің мүшелерінің бағынышты орналасу тәртібінің қағидасы жатады.

  5. Әлеуметтік мөлшерлер мен ережелердің іс-қимылдарының институционалдануы, яғни оларды қабылдау, тәжірибеде қолдану.

  6. Әлеуметтік мөлшерлер мен ережелерді қолдау, жеке жағдайларда жіктеп қолдану үшін жазалау жүйесін орнату.

  7. Институт мүшелерінің бәрін қамтитын мәртебелер және рөлдер жүйесін жасау.

Аталған кезеңдерді қолданса, әр түрлі әлеуметтік институттардың қалыптасу кезеңдерін нақты байқап көрсету мүмкін болады. Қысқаша айтқанда, ер адамдардың жанжал, төбелес, күш көрсетуге құмарлығын спорттық жекпе-жек жарыстарына айналдырды. Адамдардың табиғи немесе қоғамдық құбылыстарды байқауы бір кезде реттелген, жүйеге келтірілген ғылыми зерттеулерге айналды, ғылыми мекемелер құрылды. Ретсіз жыныстық қатынастар некелік – отбасылық қатынастардың дамуына ұласады.

Адамның денсаулығын бақылау, емдеудің амалдарын, қолданатын дәрілерін, құралдарын тауып жасауға, аурухана, емхана, зерттеу институттарын, олардың міндетті қызметтері жөнінде ережелерін қалыптастыру денсаулық сақтау әлеуметтік институттың шығуын анықтайды. Сол сияқты экономикалық, саяси, мәдени, білім, дін институттары өмірге келді. Адамдар әр кезде қоғамдағы әр түрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға байланысты әлеуметтік қатынастарды институционалдандыруға ұмтылады.

Қоғам жүйе ретінде әлеуметтік институттар кез-келген қажеттіктерді қанағаттандыру үдерісін реттейді. Дәстүрлі көшпенділер қоғамында аманат институты қалыптасты. Аманатқа адам беру екі елдің арасындағы – халықаралық келісімнің орындалуын қамтамасыз етеді. Мұны Қазақ хандығы Қытай, Ресей, Жоңғар елдерімен қарым-қатынаста қолданған. Оның үстіне қантөгісті азайту мақсатында соғыс нәтижесін батырлардың жекпе-жегі шешетін.20 жастағы Абылай жоңғардың батыры Шарышты жеңіп, қазақ – жоңғар соғысында жеңіс әперген.

Сауда жүргізетін кәсіпкерлер қауымының ортасында жазылмаған қарыз міндеттемелерін қатал орындайтын қағида қалыптасқан. Келісімшарт ақшадан қымбат деген ережені бұзу оны сақтамаған іскер адамның беделін түсіріп, ісіне зиян келтіреді. Ал Еуропада ақсүйектер абыройын қорғайтын ар-намыс жекпе –жегі қалыптасқан. А.Пушкин әйелінің ар-намысын қорғаймын деп жекпе – жекте Дантестің атқан оғынан мерт болды.

Институционалдану үдерісінің қорытындысында бұл әлеуметтік үдеріске қатысушылары әлеуметтік мақұлданған мөлшерлер мен ережелерге сәйкес анық мәртебелік – рөлдік құрылымды жасап шығарады. Институцционалданусыз,әлеуметтік институттарсыз бірде-бір қоғамның өмір сүруі мүмкін емес.Институттар қоғамды тәртіппен ұйымдастырудың рәмізі нышаны болып табылады.

Әлеуметтік институт құндылықты – мөлшерлік кешен ретінде өмірдің маңызды салаларында – экономикада, саясатта, мәдениетте, отбасында адамдардың әрекеттерін бақылау мен бағыттауды ұйымдастырады. Осындай өзгешеліктер әлеуметтік институтқа қоғамның тұрақтылығы мен орнықтылығын,оның қалыпты өндірілуін және дамуын қамтамасыз етуге нақты тетік қызметін атқаруға мүмкіндік береді.Субъектінің бірдеңеге кез келген мұқтаждығының немесе талаптардың пайда болуы әлеуметтік қатынасқа түсетін субъектілермен өзара әрекеттерін реттеуді қажетсінеді. Маңызды қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған қатынастарды баянды ету тәжірибесі жекеліктердің әлеуметтік қатынастарда мінез-құлықтың белгілі ережелерін ұстануын ұйғаратын қатал бекітілген әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесінде анықталуы тиісті және мінез-құлықтың бұл ережелерін мүлтіксіз орындалуына жету үшін жасалатын жазалау жүйесінің қолданылуы қажет.

Адамдар өздерінің көкейтесті қажеттіктерімен байланысты қатынастарын институционалдандыруға ынталанады.Бұл ынталану қызметтердің әр түрлі салаларында көрініс табады. Мысалы,кеңестік кезеңде тұтынатын тауарға тапшылық кезек институтын қалыптастыруға мәжбүр етті, өйткені азық-түлік,шетелдік джинсы мен көйлектерге талас болды. Сондықтан әділетті үлестіру мақсатында қарапайым ережелер жасалынды.Бұрын келгенді айналып өткісі келетіндерді тежейтін тәртіп орнатылады. Қазір салық төлеуге,мемлекеттің тұрғын үй ипотекасына жазылу, үй құрылысына жер телімін алу сияқты т.б. кезектер пайда болды. Кезек институты мінез-құлықтың ерекшелікті институциоланданған нысаны болып табылады. Кезектер қысқа мерзімді болғандықтан анық аяқталған әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер жүйесі болмайды. Кезек әлеуметтік байланыстарды институционалдық мәртебенің толық емес көлемінде орнатады.

Адамдардың бәрі бала кезінен отбасында немесе мектепте және қызметкерлер мен жұмыскерлер барлық деңгейде институционалды рөлдердің шеңберін мойындауға мәжбүрленеді. Егерде баланың қыңырлығы немесе шенеуніктер мен жетекшілердің менмендігі мен шамшылдығы өз ролдерін жеткілікті шамада орындауға мүмкіндік бермесе, онда осы сияқты рөлдік мінез-құлық күтулердің шегі жазалауды қолдануды талап етеді.Оқытушы өз сабағында студенттерден білімді белсенді меңгеруді күтеді.Бұл аяқталмаған жағдайда студенттік рөлге сәйкес келмейтін мінез-құлық жазасын алады.Отбасында осы тақылеттес қылықтары үшін балаларды кіналайды, жұмыс орнында айыппұл төлеу,сыйлықты бергізбеу, тіпті жұмыстан шығару сияқты жазалаулар ескерілген.Сонымен қатар өзінің мәртебелік рөлдерінен шегінушілерге моральді айыпты білдіретін айдар тату арқылы іске асырады: нашар оқушы, нашар қызметкер, бұзақы адам,маскүнем,жұмысқа ықылассыз,жанжалқой т.б.

Өмірде институционалдық рөлдер тұрақты сипатта болады және әркім өз әлеуметтік мәртебесін өзгерткенде өз рөлдерінде өзгертеді.Мекеменің басшысына қабылдау бөлімінде ұқыпты қызмет көрсетуші әйел өз бастығына күйеуге шығуы оның бұрынғы бағынушы қатынасын мүлдем өзгертіп жібереді.Енді жұбайына тән теріс мінез-құлық көрсете бастайды.Бірге қызметтес болғандардың біреуі ұжымын басқаруға жеткенде ол алғашқы кезде бұрынғы жолдастық қатынастарын сақтап қалуға тырысады.Бірақ ұйымның, жұмыстың мүдделері және басшыға қоятын талаптар жетекшімен бағыныштылардың араларында бұрын қалыптасқан қатынастарды қалпына келтіреді. Жеке қасиеттерге тәуелсіз әлеуметтік рөлдер оларды орындау кезінде жекелік айырмашылықтарды теңестіруді, тегістеуді қамтамасыз етеді. Институт ішіндегі жанжалдар әдетінше рөлдер қақтығысы негізінде пайда болады. Дау-дамайлардың шиеленісі басқалардың пікірімен санаспайтын мінездерге байланысты болады.Ал қақтығысқандардың бір жағы сабырлық,жұмсақтық,көнгіштік мінез көрсетуі жанжалдарды жұмсартып бірте-бірте оң шешімін табуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік институт адамдардың бірлескен іс-әрекетінің орнықты нысаны ретінде өзінің ерекшелікті және басқа институттар мен ортақ белгілеріне ие болды.Дамыған институт белгілердің толық жинағын иемденеді.Жаңа қалыптасатын институттың белгілері толық жетілмейді.Жаңа қоғамның әлеуметтік институттарының басым көпшілігі жетілу үстінде болады.

Социологтар әлеуметтік институттардың әр түрлі белгілерін атайды. Е.М.Бабосов институттарды мына өзгеше белгілермен сипаттайды:


  1. Олар өз қызметінің азды-көпті анық белгіленген міндетін иеленеді;

  2. Оларға алдарында тұрған міндетіне қол жеткізуге атқаратын белгілі қызметтер тән;

  3. Оларға дәл осы институтқа тән әлеуметтік тұғырлар мен рөлдерді, қызметтерді, құқықтар мен міндеттерді анық үлестірілуі жатады;

  4. Әлеуметтік институттар оның қызметіне қатысушы жекеліктер ұстануға тиісті өзара қатынастарды өзгеше реттеу тұрпатымен, белгілі ұйғарымдар жүйесімен, мөлшерлерімен, ережелермен ерекшеленеді;

  5. Әлеуметтік институттың ерекше белгісі қажеттіні қолдап дем беруді және ауытқу мінез-құлықты айыптауды, бұлтартпауды, жаншуды қамтамасыз етуші жазалау жүйесі болып табылады.

С.С.Фролов институционалды белгілер, яғни барлық институттарға ортақ нышандары туралы айту дұрыс деп пайымдайды. Оның пікірінше негізгі бес ортақ белгілерді көрсету қажет:

  1. Мінез-құлықтың ұстанымдары мен үлгілері. Мысалы, отбасында бұл құштарлық, адал болу, жауапкершілік пен сыйластық. Мемлекет үшін бұл бойсұну, адалдық және қызмет бабы бойынша төменгілердің жоғары қызметкерлерге қатаң бағынуы. Бизнес саласында өнімділікті, үнемділікті, пайданы өндіруді үлгі тұтуы.

  2. Рәмізді нышандық мәдени белгілер. Барлық институттар өзі туралы шоғырланған нысанда түсінік беретін, бейне жасайтын рәмізді иеленуге тырысады. Отбасы туралы түсінікті некелік сақина, салт жорасы береді. Мемлекетті жалау, елтаңба, әнұран бейнелейді. Діннің рәмізі крес, жарты ай немесе Дәуіттің жұлдызы болып табылады.

  3. Тәжірибелік – мәдени белгілерге отбасылық үй, пәтер, қоғамдық ғимарат, діни ғибадатхана, қоғамдық жұмыс, дүкен, өндіріс орны, жабдық, кітапхана, стадион, т.б. жатады.

  4. Мінез – құлықтың ауызша және жазбаша заңнамасына отбасылық, діни тыйымдар, құқықтық кепілдер, заңдар, келісімдер, ережелер жатады.

  5. Идеологияға отбасындағы романтикалық махаббат, мемлекеттегі демократизм, экономикадағы еркін сауда, білімдегі академиялық еркіндік , діндегі православие немесе католицизм жатқызылады. Идеология идеялар жүйесі ретінде мөлшерлер жиынтығымен заңдастырылады. Әлеуметтік мөлшерлерге сүйеніп идеология адамдардың әлдебір әрекеттеріне қалай қарау қажеттілігін, неліктен белгілі әрекет ететіндерін, тіпті олардың кейде жеткіліксіз белсенділік танытатынын немесе әрекетке қатыспайтынын анықтайды . Идеология маңызды мәдени кешен ретінде институттың ықпалына қолдау береді және оның қызметін ақтауы мен түсіндіруін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік институттың белгілеріне Г.Ландберг, С.Шрег пен О.Ларджен көрсеткен олардың бөлшектері мен атқаратын міндеті қызметтері арасындағы тығыз байланыстарды айтуға болады. Қоғамның негізгі институттардың міндетті қызметтері мен құрылымдық бөлшектері атты кестеде бұл анық көрсетеді.

А.Г.Эфендиев көрсеткендей, әлеуметтік институт мына белгілермен сипатталады:



  1. Институционалды өзара әрекеттерге қатысушылардың атқаратын қызметтерінің, құқықтары мен міндеттерінің айқын үлестірілуі. Әр адам өзінің міндетті қызметтерін тиісті тәртіп бойынша орындауы өзара қатынастарының сенімділігін арттырады, институт аясындағы тұлғаның жүріс-тұрысының алдын ала болжауы жоғары дәрежені иеленеді.

  2. Белгілі міндеттерді орындау шеңберімен анықталатын еңбек бөлінісі және міндетті қызметтерді орындау үшін адамдарды арнайы дайындауы әлеуметтік институттардың әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруының тиімділігін арттырады.

  3. Өзгеше тұрпаттағы тәртіпті белгілеу. Кез келген әлеуметтік байланыс сияқты институт өзара қатынастарды әлеуметтік реттеуге негіздейді. Тұлғасыздандыру.

  4. Реттеу тетіктерінің тым айқындығы, жиірек ұтымды негізделген, қатал және міндеттеуші сипаты. Әлеуметтік институттың міндеттеуші пәрмені оған етене тән: 1)анық бекітілген, бір мағыналы түсіндірілетін мінез-құлық үлгілерінің –мөлшерлердің; 2) қажетті мінез-құлықты ынталандырушы және жағымсыз мінез-құлыққа кедергі жасаушы әлеуметтік бақылаудың, жазалаулардың болуымен байланысты.



Міндетті

Қызметтер



Институттар

Негізгі

рөлдер


Физикалық

белгілер


Рәміздік

белгілер


1.Балаларды

тәрбиелеп

өсіру


отбасылық - некелік

әке, шеше,

бала


үй,жиһаз

(жабдықтар)



сақиналар

некелестіру

келісім

шарты


2. Тамақ,киім

табу, тұрғын үй жасау



экономика

лық


жұмыс

беруші,


жалданушы,

жұмыскер,

сатып алушы,

сатушы


фабрика

офис


дүкен

ақша

сауда


жарнама

3. Заңдарды,

ережелерді және стандарттарды

қолдау


саяси

заң шығарушы, құқық

субъектісі



қоғамдық

ғимараттар

мен орындар


жалау

заңнама,


хартия(саяси

құжат)


4.Діни қатынастар

мен ұстанымдарға көмектесу, діңді тереңдету




діни

молда,

құдайға


сыйынушы

Мешіт,

(шіркеу)


ғибадатхана

жартылай ай

(крес)


мехран,

құран


(таурат)

5.Адамдарды

әлеуметтендіру, іргелі құндылықтарға

және тәжірибелерге тарту


білім

мұғалім,

оқушы


мектеп,

колледж,


оқулық

диплом,

дәреже





  1. Әлдебір институттың қызметін ұйымдастыратын, басқаруын, оның қызметін бақылауды өз шеңберінде іске асыратын мекемелердің болуы.Денсаулық сақтау институтының қарамағында ауруханалар, емханалар, өзінің басқару орындары бар, білім институтына мектепке дейін тәрбие беру мекемелері, мектептер,арнаулы орта оқу орындары, ЖОО-лар және басқару орындары жатады. Сонымен бірге әлеуметтік институт қажетті құралдар мен қорларды иеленуі тиіс. Барлық институттарға ғимараттар, жабдықтар, білікті мамандар т.т. қажет.

Әлеуметтік институттың сыртқы белгілеріне, яғни адамның оларды қабылдау бойынша сыртқы қасиеттеріне объективтілігі, ықтиярсыз көну, моральдық беделділігі мен заңдылығы жатады. Институттың объективтілігі олардың орасан зор кешен ретінде адамдардың санасы мен жігерінен тыс өмір сүруін білдіреді. Институттың екінші қасиетіне адамдарға оның қаламайтын жүріс-тұрысты, ойларды, қалықтарды күштеп тағуды айтады. Мысалы, мемлекет жастарды әскери міндетті орындауды мәжбүрлейді. Сол сияқты ата-ана балаларын мектепке баруға мәжбүрлейді, ал салық инспекциясы кәсіпкерлерге белгіленген уақытта салық төлеуді талап етеді. Әлеуметтік институттың моральдық беделдігі мен заңдылығы бойынша адамдар мемлекетке, отбасына, шіркеуге т.б. бағынады. Олардың беделі түскенде бағынуы әлсірейді. Өтпелі кезеңде құқық қорғау орындарының беделі өте төмен болды, елдің қорғаушысы деудің орнына заңды өздері бұзушы ретінде қабылдайтын болды.

Қоғамдық өмірдің кез келген саласының әлеуметтік реттеуші жүйесінің қалыптасуы үшін келесі қолайлы жағдай қажет. Біріншіден, қоғамда бұл институттың әлеуметтік мұқтаждығын жекеліктердің көпшілігі саналы түрде жете меңгеруі керек. Екіншіден , әлеуметтік институтты қалыптастыратын қоғамның бұл талаптарын қанағаттандыратын мәдени негізін құратын қажетті қорлары (материалды, еңбектік, ұйымды), атқаратын қызметтердің, әрекеттердің, жекелік мақсаткерліктің, рәміздер мен мөлшерлердің жүйесін иеленуі тиіс.

Әлеуметтік институттарды басты немесе іргелі, негізгі және басты емес немесе негізгі емес, жекелік деп бөледі. Негізгі еместер негізгінің ішінде жасырылады. Негізгі институттарға экономикалық, саяси, отбасы, білім, дін жатады. Экономикалық институттың ішіне негізгі емес институттар ретінде нарық, меншік түрі, меншікті қорғау, валютаны конвертациялау, мамандарды іріктеу, еңбекті бағалау, маркетинг т.б. кіреді. Бұлар әлеуметтік тәжірибе негізінде қалыптасады. Әлеуметтік тәжірибені әдет-ғұрып деп айтуға да болады.

1.Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрулерін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды.

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.

Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.

4
Әлеуметтік институттар



 отбасы

 ана


 әке

 неке


 балалары

 ғылым

 білім


 тәрбие

 моральдық ережелер



 мемлекет

 сот


 армия

 саяси партиялар



 меншік

 нарық


 ақша

 еңбек ақы



Саяси институттар

Рухани институттар

Отбасы саласындағы институттар
) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.


Экономикалық институттар


Бұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.

Қазақстанда әлеуметтік институттарға арналған бюджетті қысқарту жағдайында әлеуметтік қорғау институты қайта құрылды. Бұрын ол әлеуметтік қауіп-қатерден халықтың барлық топтарын қорғауға бағытталған болатын, алайда, өтпелі экономикалық мемлекетте оның әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындау мүмкіндігі де қаражаты да болмады. Сондықтан, 2000-2001 жылдары аталған орган әлеуметтік көмек институты болып өзгертілді. Бұл халықтың неғұрлым кедей және мұқтаж топтарына тиімді әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді және де адамдардың өздерінің материалдық жағдайын жақсартуына деген жеке белсенділігі артады.


Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік институт ұғымы мен қалыптасуы туралы.

2. Әлеуметтік институттардың зерттейтін мәселелері қандай?

3. Әлеуметтік институттардың негізгі мақсаты не?


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет