Әлеуметтендіру институты Ғылыми редакторы



бет1/12
Дата18.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#9896
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Оразбек Нұсқабаев

Мектеп—жас

ұрпақты

әлеуметтендіру



институты

Ғылыми редакторы:

социология ғылымдарының докторы,

профессор К.БИЕКЕНОВ

АЛМАТЫ “ҚАЗАҚСТАН”, 1997ББК 74.2 (5 каз) Н88

Редактор Т. Беркімбаев.

Н¥СҚАБАЕВ 0.

МАЗМҰНЫ

I ТАРАУ

КІРІСПЕ
әЛЕУМЕТТЕНДІРУ- ӨСКЕЛЕН ҰРПАҚТЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАП,ҚОСУДЫҢ КЕЛЕЛІ БУЫНЫ

1.Әлеуметтендіру ұғымы
2. Өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің негізгі салалары мен кезеңдері

3. Әлеуметтендіру институттары

I I ТАРАУ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП - ЖЕТКІНШЕК ¥РПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ОРТАЛЫҒЫ

1. Жеткіншек ұрпаққа білім берудің әлеуметтік мәні
2. Жалпы білім беретін мектептің өскелең ұрпақты әлеуметтендірудегі орны мен ролі

III ТАРАУ

ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК (ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ) МӘНІ БАР

Қ¥ÍДЫЛЫҚТАРДЫ МЕҢГЕРТУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1. Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру — өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің ұстынды қазығы
2. Өскелең ұрпақты адамгершілік тұрғыдан әлеуметтендіру

3. Өскелең ұрпақтың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу

IV ТАРАУ

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА - ӨСКЕЛЕҢ ¥РПАҚҚА ¥ЛТТЫҚ М¥РАЛАРДЫ МЕҢГЕРТУ Қ¥РАЛЫ

1. Халықтық педагогика, оның табиғаты және құрылымы
2. Халықтық педагогика дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Н 88 Мектеп — жас ұрпақты әлеметтендіру институты (Ғыл. ред. соц. ғыл. д-торы, проф. К. Биекенов).— Алматы: Қазақстан, 1997— 152 бет. І5ВМ 5-615-01822-4



Автор бұл зерттеу жұмысында әлеуметтендіру институты ретінде жаллы білім беретін мектептің жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу негізінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, қундылықтарды және мінезқұлық нормаларын меңгеру арқылы оларды біртіндеп жаңа қоғам өміріне ендіруге барытталған іс-әрекет пен қызметтің күрделі табиғатын жан-жақты қарастырып, талдаған,

Мектеп муғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге, студенттерге жэне көпшілік окырман қауымға арналған.

КІРІСПЕ

Терең әлеуметтік бағыты бар нарықтық экономикалық және жаңа тұрпатты қоғамдық қатынастарға негізделіп, енді ғана Қазақстанда қалыптасып келе жатқан егемен мемлекеттің өз тұрғындарының, соның ішінде, әсіресе, ертеңгі күні тұтқа болар өскелең ұрпағының алдына қойып отырған өмір сүру, хұқық, мінез-құлық, адамгершілік, тәртіп, еңбек пен меншікке қатынас, бәсекелестік пен іскерлік талаптары кешегі күні өткен тоталитарлық жүйенің сұраныстарынан басқаша. Сондай-ақ, өз егемендігін жаңа ғана ие болған жас мемлекеттің өз тұрғындарының бойына қалыптастырылғалы отырған дүниеге көзқарасы, мінез-құлық нормалары мен адамгершілік принциптері де мүлдем бөлек.

Сондықтан да болар, ескі қоғамдық-экономикалық формациядан ешқандай дайындықсыз екіншісіне топ ете түс-кенімізбен, жаңа қоғамдық құрылыстың өмір сүру тәсілдеріне машықтанып, тіршілік иірімдеріне суға батқан тастай болып, бірден сіңісіп кету оңай емес. ¥иреншікті күйбең қарекетінен, өмір бойы санасына сіңген дүниеге сенімді көзқарасынан, біркелкі тіршілік ырғағынан айырылған бүқара көшпіліктің санасында қазір күдікті ойларға толы танымдық процестер жүріп жатыр. Терең мәнді әртүрлі жетектегі бұл ой-пікірлер мен пайымдаулардың өзі айтарлықтай елеулі әрі күрделі. Өйткені, барлық адамдардың, бұқара көпшіліктің сана-сезімі мен көңіл-күйін баурап алған әрі күдік пен қайшылыққа толы ауыр тол-ғаныстары олардың алдағы бүкіл ғүмырларының діңгекті қазығы болып табылатын өмірлік жоспарларын, мақсат-мұраттарын, мүдделерін, іс-әрекеттерін негіздеумен бірге, нақты тұрмыс жағдайларын да қамтып отыр. Бұрынғы

3

шаруашылық байланыстардың үзіліп, өндірістің тоқырауы қоғамдық өмірдің барлық жақтарын қамтып отырған дағдарыс, әлеуметтік кесел, жаппай жұмыссыздьщ, болашаққа сенімсіздік, азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарының тапшылығы, бағаның шексіз өсуі, ақша айналымының тұрақсыздығы, тұрмыс деңгейінің құлдырауы т. с. с. бұқара көпшіліктің онсыз да сұрықсыз, дүбәра тіршілігін одан әрі күйкісіздендіріп, көңілдеріне қаяу түсіруде. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі республикада жүргізіліп жатқан реформалық оң өзгерістердін қажеттілігін түсініп, жүректерімен сөзінгендерімен, онын мән-мағынасына ой жүгіртпеген. Адамдардың басым бөлігі, бұқара көпшілік өз болашағына әлі сенімсіз. Ертеңгі күні не боларын білмей дал болуда.



Ал, мұның өзі бір жағынан, қоғамда орын алып отырған экономикалық түрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздікке қарсы бұқара, халықтың басым көпшілігінің наразылығын туғызып отыр.

Екінші жағынан, шаруашылықта орын алып отырған өте күрделі экономикалық дағдарыс күн көріс көзінен айырылып, жүмыссыз жүрген, сөйтіп, жоқшылыққа үшыраған бұқара халықтың қайсы бір топтярының,әсіресе, жастардың бойында моральдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады.Жастар арасында бұрын-соңды болмаған тәртіп бұзушылық,құмар ойындарымен әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық жарау мен ішімдікке салынушық, т. б. кең етеік алуда. Жалпы қатаң бәсекелестік пен пайдакүнемдік, арамдық пен үятсыздық, жезөкшелік пен жалаң еліктеушілік белең алған нарықтық экономика жағдайындайы өзгермелі заманның күйбең тіршілігі күн-нен-күнге сұрықсызданып, ұзақ ғасырлар бойы қоғамда қалыптасқан адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын жуып-шайып барады. Ізеттілік — дөрекілікке,қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа,адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парыңсыздыққа, имандылық — имансыздыққа айналуда. Нәтижесінде үлкеннің алдын кесіп өтпеген ұлдарымыз, үлкен-кішіге ізетті қыздарымыз ата-әжесін бөттен алып, әлпештеп өсірген әке-шешесін қарттар үйіне өткізіп немесе қаңғытып жіберуде. Әркімге жәутеңдей қарап, “апалаған” тірі же-тімдеріміздің саны күннен-күнге көбейе түсуде. Жастарымыздың кейбіреулері тағдыр тәлкегіне төзе алмай, құмар ойындары мен нашақорлыққа, ұрлық пен алкоголизм

4

ге бой алдырып, халқымыздың салт-дәстүрлеріне жатпайтын, әдет-ғұрпына кереғар келеңсіздіктерді тез қабылданып, нарықтық жүгенсіздік орып алған азғантай ақыттың ішінде азғындап шыға келді. Мұндайлардың басым көпшілігі кеше ғана мектеп бітіріп, жұмыс іздеп ауылдан қалаға келген қазақ жастары екендіті барша-



ға аян.

Міне, сондықтан да қоғамның саяси-әлеуметтік дамуының осындай аумалы-төкпелі кезеңінде өскелең ұрпақты нарықтық экономикалык, және жаңа түрпатты қоғамдык, қатынастарға бейімдеп, әлеуметтендіру мәселеліріңе арықша назар аударылып отыр.

Өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде, әсіресе,жаллы білім беретін мектептің орны мен ролі айрықша бөлек. Өйткені,олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңі оқыту мен тәрбиелеудің осы мектептегі жылдарымен дәл келеді. Өскелең ұрпақты өмірге даярлап, мамандықты саналы таңдауға, Отан алдындағы азамттық борышты адал орындауға баулитын да осы — мектеп. Кәсіптік және арнаулы білімнің барлық негізі жалпы білім беретін мектепте қаланып, жас ұрпақтың әлеуметік бітім-болмысы мен адамдық қадір-қасиеттерінің негізгі белгілері осында қалыптаса бастайды. Олай болса, қоғамның алға басуы мен болашағы көбіне-көп мектептің бүгінгі жас ұрпақты қалай оқытып, тәрбиелеуіне, неге және қалай үйрететініне тікелей байланысты.

Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап айтқанда, австралиялық психолог 3. Фрейдтің психикалық анализ және осы білімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәденит теориясында аталып, жас өспірімдердің психикадың және жыныстық тұрғыдан пісіп-жетілуі оларды әлеуметендірудің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Сондықтан кешегі тоталитарлық жүйеде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру буржуазиялық қоғамга ғана тән құбылыс ретіңде танылып, зерттеу объектісі ретінде жеке алынып, талданған жоқ. Дегенмен, жеке адамды қалыптастыру, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, оларды өмірге даярлау,болашаққа бағыт-бағдар беру, мамандықты саналы тандау мәселелеріне арналған Л. С. Выготскийдің, Л. И. Божовичтің, Н. С. Лейтестің, И. С. Конның, М. Н. Руткевеч пен Л. Я Рубинаның, М. X. Титманың, В. Н. Турченконың,

6

Ф.П. Филиповтың, Г. А. Чередниченко мен В Н. Шубкиннің еңбектерінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру қажеттігі жанамалап болса да көтерілді .



Сондай-ақ қоғамның әлеуметтік құрылымын, ұлтаралық қатынастарды, демографиялық жәнө миграциялық процестерді реттеу мәселелерін зерттеген М. С. Аженовтың, Н. А. Айтовтың, М. М. Сужиковтың, М. М. Тажиннің, М. Б. Татимовтың еңбектерінде білім берудің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге тигізетін ықпалы туралы аз да болса сөз қозғалган2.

Зерттеу объектісі бір қоғамдық экономикалық формациядан екіншісіне көшудің өтпелі дәуіріндегі жалпы білім

беретін мектептің өскелең ұрпақты әлеуметтендіріп, жаңа

қоғамдық қатынастар жүйесіне қосуға бағытталган іс-әре-

кеті мен қызметі. Ал зерттеу пәні мектептің осы қиын да

күрделі мәселені ойдағыдай шешуге бағытталган

іс-әрекеті мен қызметінің негізгі бағыттарын анықтау,оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушылардың

бойына белгілі бір әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді

сіңдірудің нақты формаларын, жолдарын және тәсілдерін

көрсетумен қатар, олардың әрқайсысын жеке-жеке тал-

дап, тусіндіру болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеттері тақырыптың актуальдылыры мен шешілетін мәселенің маңызды-



1 Қараңыз: Выготский Л. С. Иотория развития высших психических функций. // Развитие высших психических функций. М., 1960. 196—214-беттер; Божович Л. И. Личность и өе формированиө в дөтском возрастө: Психолог. исслөдование. М., 1968; Лейтес Н. С. Умствөнные способности и возраст. М., 1971; Кон И. С. Психоло-гия старшеклассника. М., 1980; Его же. Ребенок и обще-ство: М., 1988; Начало пути: Іюколение со средним обра-зованиөм. (Отв. ред М. X. Титма), М., 1988; Руткевиц М. Н., Рубина Л. Я . Общественныө потребности, сиотема образования, молодежь. М., 1988; Турченко В. Н. Научно-техническая рөволюция и революция в образовании. М., 1973; Филиппое Ф. Р. Школа и социальное развитие общества. М., 1990; Чередниченко Г. А., Шубкин Б. Н. Молодежь вступает в жизнь. М., 1985.

2 Қараңыз: Аженов М. С. На пути к социальной однородности общества. Алматы, 1986; Айтов Н. А. Советский город. Социальные структуры. М., 1988; Мөжнациональныө отношения в Казахстанө (Отв. ред. М. М. Сужиков). Алматы,— Гылым, 1993; Сужиков М. М. Напряженностъ или гармонизация? // Развитиө межнациональных отношепий в Казахстанө. Алматы, 1991, Тажин, М. М. Человек. Регион. Город. Алматы, 1990; Тажин М. М., Тажимбетов М. А. Региональная социология. Алматы, 1993; Татимов М Б. Социальная обусловленность демографических процөссов. Алматы, 1989.

6

лығыған туындап отыр. Еңбектің басты мақсаты әлеуметтендіру институты ретінде жалпы білім беретін мектептің өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеудің негізінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп жинаңақталған қажетті ғылыми білімдерді,құндылықтарды және мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы оларды біртіндеп жаңа қоғам өміріне ендіруге бағытталган іс-әрекеті мен қызметінің күрде-лі табиғатын жан-жақты қарастырып, зерттеу.



Осы жалпы мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысында алға қойылған төмендегідей негізгі міндеттер өз шешімін тапты:

— тоталитарлық жүйеден жаңа демократиялық зиялы қорамға өтудің қазіргі аумалы-төкпелі кезеңінде өскелең үрпақты енді ғана қалыптасып келе жатқан нарықтық әкономикалық және жаңа түрпатты қоғамдық қатынастарға бейімдеп, әлеуметтендіруге бағытталған жалпы білім беретін мектептің іс-әрекеті мен қызметі жан-жақты қарастырылып, талданды;

— жалпы білім беретін орта мектептің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге бағытталган іс-әрекеті мен қызметінің негізгі бағыттары, өскелең ұрпақты өздері өмір сүргелі отырған жаңа қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосуға қажетті әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды, атап айтқан-да, белгілі бір тәртіпке келтіріліп, жинақталған ғылыми білімдердің негіздерін, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен құндылықтар-ды, дүниетанымдық тағылымдар мен мақсат-мұраттарды, бағыт-бағдарлар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғүрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын меңгертудің нақты формалары, жолдары және әдістемелік (методикалық) құралдары жеке-жеке талданылып, нақтылы көрсетілді.

Ғылыми еңбектің методологиялық және теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жоғарғы Кеңес қабылдаған “Білім беру туралы Қазақстан Республикасы Заңы”, Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөздері мен еңбектері, Білім Министрлігі қабылдаған бірқатар құжаттар алынды. Сонымен қатар, жұмыста Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық ғы-лымдар саласында қалам сермеген ғалымдарының қарастырылып отырылған мәселенің қайсы бір жақтарына қатысты еңбектері демеуші ретінде пайдаланылды.

7

Зерттеу жұмысыныңың деректік және фактілік қоры жалпы білім беретін мектептің өмірі мен қызметі туралы жазылған мерзімдік басылымдардың материалдары, нақты социологиялың зерттеулердің және статистикалың органдардың мәліметтері болып табылады.



Жұмыстың эмпирикалық қайнар бастауына өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруде жалпы білім беретін мектептің алатын орны мен ролін анықтау мақсатымен автордың 1989—1994 жылдар аралығында Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар мектептері оқушылары арасында бірнеше қайтара жургізген нақты социологиялық зерттеу мәліметтері алынды. Сүранылған оқушылардың жалпы саны —1200. Ақпарат-тар жинастыру мектеп оқушылары арасында сауалнама тарату арқылы жүргізілді. Жауаптарды өңдеу “Анкета” атты мамандандырылған баздарлама бойынша электрондың-есептеу машинесі арқылы жүзеге асырылды.

8

І-Т А Р А У



ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ — ӨСКЕЛЕҢ

¥ÐПАҚТЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАП,

ҚОСУДЫҢ КЕЛЕЛІ БУЫНЫ.



1. “ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ” ¥ҒЫМЫ

Жарық дүниеге жас нәресте, ұрпақ сабақтастығын жалғастырар жаңа адам келді. Оның қандай азамат болып қалыптасатындығы көбіне-көп отбасында — ата-анасының, аға-апасының, ағайын-туғандарының тағылымына, оқитын мектебінде оқытатын ұстаздарының тәлім-тәрбиесіне, аулада — аға буын өкілдерінің, көрші-қолаңның, құрбы-құрдастарының өнегелі үлгісіне, бір сөзбен айтқанда, қоршаған нақты әлеуметтік ортасының ықпалына байла-нысты. Қоршаған ортаның — қоғамдық болмыстың, нақты әлеуметтік ортаның, отбасының, мектептің, ауланың, қала берді, тіпті, балалардың өз ортасында бір нәрсеге қызұғашылық нәтижетінде пайда болатын ресми емес, уақытша топтардың, ересек адамдардың ықпалынсыз жас баланың адам ретінде қалыптасуы, бойына адамзат қауым достығына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңіруі екіталай.

Ал адамзат баласына тән адамдық қәдір-қасиеттер мен тұрмыс қаракетінің тауқыметін өз бойына сіңірмейінше, жас баланың қоғамдың өмірге бейімделуі, сіңісіп кетуі қиын, оның хайуандардан, жан-жануарлардан айырмашылығы шамалы. Мысалы, кездейсоқ бір себептермен кішкентай балаларды жыртқыш аңдардың алып кетіп, ондаған жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін жұртшылык, жақсы біледі. Елуден астам мәлім болған мұндай жайлардың барлығында дерлік балалар адам қалпынан айырылып қалған. Олардың бойында төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырап өсірген хайуандардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілет болмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам бейнесіне келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен тік жүруді үйретуге ты-9

рысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген. Демек, өмірге жаңадан келген әрбір жас нәрестенің, жаңа адамның пісіп-жетіліп, аяңтануы, өсіп-өніп, ер жетіп, есеп барысында оның бойына адамзат қауымдастыгына тән сапалың белгілер мен қасиеттерді сіңдіріп, қоғамдық өмірге даярлап, қосу — оны қоршаған нақты әлеуметтік ортасының — белгілі бір мемлекеттік құрлыстың, ондағы қалыптасқан қоғамдың-өндірістік қарым-қатынастар мен байланыстардың көрінісі тәріздес

әлеуметтік институттарының — отбасының, мектептің,

көпшілік ақпарат құралдарының т. с. с. тәлім-тәрбиелік

ыңпалына, сондай-ақ, аға буын өкілдерінің үлгі-өнегелік

тағылымына тікелей қатысты.

Бұл процесс ғылым тілінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесі деп аталады. Әрине, өмірге жаңадан қадам басқан жас баланы әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге даярлау оған сырттай еріксіз таңылатын тәлім-тәрбиелік іс-шаралардың жәй жиынтығы емес, көрісінше, тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де белсенді іс-әрекетін қажетсінетін күрделі процесс. Ол тәрбиешіден пісіп-жетіліп, өсіп-өніп келе жатқан әрбір жас баланың өзіндік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, белгілі бір жағдайларда керекті нәтиже беретін тәлім-тәрбиелік әдістер мен тәсілдерді таңдай және қолдана білуін қатаң талап етеді. Ал тәрбиеленушіден өзінің қабылдау мүмкіндіктерін дұрыс әрі орынды пайдалана отырып, қоғамда қабылданған адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын, құндылықтар мен білімдерді ықтиаттықпен меңгеруді, өзінің іс-қимылы мен мінез-құлық қоғам талабына лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруды талап етеді. Соның арқасында оның бойында өз мінез-құлқын, әрекетін басқа ( адамдардың сондай қылықтарымен салыстыра отырып бағалау, сөйтіп өзінің кім екендігін түсіну,қоғамнан өз орнын табуға ұмтылушылық сезімдері, бір сөзбен айтқанда, өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі.

Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап айтқанда, австриялың психолог

3. Фрөйдтің психикалық анализі және осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялың мәдениет теориясын дамытушылардың еңбектерінде атальш, жас өспірімдердің психикалық және жыныстық тұрғыдан пісіп-жетілуі оларды әлеуметтендірудің қайнар көзі ретінде

10

қарастырылды. Сондықтан да болар, дүниежүзілік ғылыми әдебиетте “әлеуметтендіру” ұғымының мазмүны туралы ортақ пікір жоқ. Әртүрлі ғылым өкілдері бұл терминнің мазмұнын өзінше түсіндіреді. Айталық, неовихевиоизм өкілдері “әлеуметтендіру” үғымын “әлеуметтік өмірді оқытып-үйрету” түрінде түсіндірсе, символдық интерақционизм мектебінің мүшелері оны “әлеуметтіқ қарым-қатынас нәтижесі” деп біледі. Ал, антропологиялың мәде-

ниет пен гуманистік психология ағымдарының өкілдері австралиялық психолог 3. Фрейдтің психоанализ теориясына сүйене отырып, “әлеуметтендіру” терминінің мазмұнын “ мен” үғымының баламасы ретінде “пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың” өзіндік маңызды мәсөлөлері құрайды деп есептейді.

Батыс Европа оқымыстыларынан өзгеше орыс ғалымдары “әлеуметтендіру” терминінің мазмұнын әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның өмірлік поэиясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар аударады. Мысалы, Москва қаласында 1988 жылы көрген “Қысқаша социологиялық сөздікте” “Әлеуметтендіру” ұғымына төмендегідей аныңтама берілген. “Әлеу-меттендіру дегеніміз жеке түлғаның қалыптасуы, оның белгілі бір қоғамда әлеуметтік ортада, топта қабылданған мінез-қүлық үлгелерін, құндылықтарды, нормаларды, нұсқауларды меңгеруі”1 Россия Федерациясында 1990 жылы шыққан “Психология” атты түсіндірме сөздікте де жоғарыда аталган “Әлеуметтендіру” ұғымына бара бар анықтама берілген2.

Академик И. С. Кон өзінің “Бала және қоғам” атты

еңбегінде3 “әлеуметтендіру” ұғымына берілген анықтама-

ға Я. Шепаньскийдің “Социологияның қарапайым ұғым-

дары” атты кітабына4 сілтеме жасаған болса, ал профес-

сор Г. М. Андреева “Әлеуметтік психология” деген оқулы-

ғында философиялық, социологиялық, педагогикалық жә-

не психологиялық ғылыми әдебиетте “әлеуметтендіру”

ұғымы туралы бір-біріне кереғар аныңтамалардың беріліп

жүргендігін айта келіп, олардың бірнешеуін мысалға кел-

тірген. “Әлеуметтендіру дегеніміз индивидтің әлеуметтік



1 Краткий словарь по социологии. М., 1988. 318-бет.

2 Психология, Словарь. М., 1990. 373-бет.

3 Кон И. С. Ребенок и общество. М., 1988. 133-бет.

4 Шепанъский Я. Элементарные понятия социологии. М., 1969. 51-бет.

11

ортага ендірілуі”,... “оның әлөуметтік ыңпалға бой ұсынуы”,... “оны әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне қосу”, т. с. с1.



Қысқа-қысқа қайтарылған мұндай анықтамалардың әлеуметтендіру” ұгымының мәнін толық ашып көрсете ал- майтындығын тілге тиек ете отыръш. Г. М. Андреева әлеу- меттендіру дегеніміз екі жақты процесс, ол өзінің мазмұнына, бір жағынан, индивидтің белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан, индивид өзінің белсенді іс-әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым-қатынастар жуйесінің ұдайы толықтырылып отырылуын қамтамасыз ете алуы әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы,— деп тусінді-реді.

Егер,— дейді өз ойын одан әрі жалғастырған Г. М. Андреева,— әлеуметтендіру процесінің бірінші жағы — әлеуметтік тәжірибені меңгеру — бұл ортаның адамға тигізетін ықпалын сипаттаса, онда оның екінші жағы әлеуметтенген адамның өзінің саналы

іс-әрекетімен өзін қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған белсенділігін танытады. Адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймайды, оны өзінің саналы өмірінде жаңа мазмұнмен толықтырады,қажетіне жаратады.

Мән-мағынасына терең бойламай, сырт көзбен қараган-да, “әлеуметтендіру” термині “тәрбие” ұгымына бара-бар ;сияқты болып көрінуі мүмкін. Дей түрғанмен, бұл өкі ұгымның арасында айтарлықтай айырмашылық бар. “Тәрбие” ұғымы қогамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатты тәрбие беруін білдіреді. Ал, “әлеумет-тендіру” термині болса, өзінің мазмұнына мемлекеітік тәрбие жүйесіне тәнбелгілерден де басқа қоршаған нақты элеуметтік ортаның ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп отыратын тәр-биелік мүмкіндіктерді де қамтиды. Мысалы, жас өспірімнің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына құрбы-құрдастарының тигізетін ықпалын әлеуметтендіру факторы ретінде алып қарастыруға болады. Немесе жас өспірімді өмірден, үлкендермен арадағы қатынастан, көрген-білгендерінен түйгендерін ой елегінен өткеріп, шалқақтатқан эмоциялық-сезімдік ішкі толғаныстары, салыстырмалы-танымдық пайымдаулары мен ой-тұжырымдарының тәрбиелік мәні. Не-



1 Андреева Г. М. Социальная психология. М., 1988. 332-бөт.

2 Сонда, 334-бет.

12

месе баланың организмдер сияқты өзін қоршаған нақты ортаға бейімделуі. Бұл факторлар өскелең ұрпақты тәрбиелеп, қоғамдық өмірге даярлауга бағытталған тәрбиелік шаралардың санатына кірмегенмен, жеке бастың қалып-тасуында орасан зор роль атқарады. Сондықтан да болар, әлеуметтендіру мәселелерін зерттегенде көбіне-көп Батыс оқымыстылары дүниеге жаңадан келген ұрпақтың белгілі бір ортаға, топқа бейімделіп, сіңісіп кетуі. қалыптастырады да қояды. Олардың түсіндіруінше, әлеуметтену дегеніміздің өзі адамның белгілі бір ортаға, топқа бейімделіп, сіңісіп кетуі1. Адам бойындағы мұндай қасиет оның бала кезінен пайда болып, өмір бойы қалыптасады.



“Білім беру” және “оқыту” ұғымдары да “әлеуметтендіру” терминініқ негізгі құрылымдық компоненттерінің қатарынан берік орын алады. Себебі кез-келген тәрбиелік шаралардың: яғни өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің негізін оларға өмір бойы қызмет ететін, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға және ғылымның негізгі байлықтарын, ұлттық, жалпы адамзаттық мәдениетті игеруге мүмкіндіқ беретін, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың өздігінен ойлау қабілетін дамытуға, алда тұрған өмірлік, бағыт-бағдарлық және өндірістік міндеттерді өз бетінше шешуге, жағдайдың өзгеруіне байланысты тез бейімделуді, алған білімдерін нарық кезеңіндегі өмірде қолдана білуді қажет ететін қазіргі заманғы күрделі техникамен және технологиямен байланысты алдағы еңбек жолында қажет болатын білім негіздерін, дағды-іскерліктер мен біліктілікті меңгерту құрайды. Сонымен бірге, білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек ұрпаққа ұлттың тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойына өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, үлттық сана-сезімді, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдың және рухани қүндылықтарды, ұлттық мүдделерді, ұлттық мақсат-мүраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңдіруге де үйтқы болады. Білім беру өскелең ұрпақтың бойына өз ұлтына тән құндылықтарды сіңірумен қатар, олардың жалпыадамзатқа тән қазыналардан да сусындауын қамта-масыз етеді. Балалардың жан-жақты ықыласы мен бейім-қабілетін дамыту, олардың бойына еңбек және қогамдық

1 Шибутани Т. Социальная психология. Перевод с английского. М., 1969. 385-бет.

13

қызмет дагдыларын сіціру, кәсіби бағдар беру, дербестігі мен жауапкершілігін, білім алуға ұмтылысын, ғылымға, техникаға, өнерге, әдебиетке, ұлттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру мен денесін шынықтырып, денсаулыгын ныгайтудың нәтижесінде өскелең ұрпақтың жеке түлғасын қалыптастырып, әлеуметтендіру арқылы оларды қоғамдық өмірге даярлап,қосу білім берудің, оқыту мен тәрбиелеу процесінің басты міндеті болып табылады.



Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, “әлеуметтендіру” терминіне төмендегідей анықтама беруге болады.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет