Әлеуметтендіру институты Ғылыми редакторы



бет8/12
Дата18.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#9896
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қараңыз: Наурызбаев Ж. Қандай халыңтың да басты байлығы — тіл. Өркен. 1994. 19 наурыз.

94

ғыдан дамуынан бөліп алып қарастыруға әсте болмайды. Сондықтан бұрынғы одақтас, қазіргі егемен мемлекеттермен экономикалық байланыс, өзара тиімді достық қарымқатынас мәселелері интернационалдық тәрбие беруде шешуі роль атқарады. Өйткені, жалғыз қалу экономикалык, тұйыққа апарып тірейді. Ал ТМД шеңберінде тығыз экономикалық байланыс орнату дағдарыстан бірлесіп шығуға себепші болады. Осыған байланысты, оқушылар арасында көрші туысқан мемлекеттермен арада жаңа түрпатта қалыптасып, дамып келе жатқан жаңа саяси, экономикалық, мәдени, достық, ынтымақтастық пен азара сыйластық қарым-қатынастарды дәріптейтін насихат жұмыстарын жүргізудің орны мен ролі айрықша бөлек. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Орда ауданындағы Жәңгір хан атындағы орта мектепте “Экономикалық ынтымақтас-тық — өркендеу көзі” атты тақырыпқа саяси хабарлама өткізілді. Оның мақсаты — оқушыларды жаңа экономикалық қарым-қатынастар жүйесімен, көрші мемлекеттер арасындағы сауда-саттықтың жаңа тәртіптерімен, нарықтық экономикаға қатысты экономикалық терминдермен таныстыру.



ТМД елдерінің кейбір басшылары қызба шамданушылық пен нәтижесіз ойындарды тоқтатып, күш-жігерлерді біріктірген жағдайда осы мемлекеттердің экономикалык дағдарыстан шығуы анағұрлым жеңіл болатындығы анық. Өйткені бүл мемлекеттердің экономикалары бір-бірімен “біте-қайнасып”,тығыз матасқан. Сондықтан бүрынғы Одақтың әрбір мүшесі егемен мемлекет, халықаралық ұйымдардың дербес субъектісі, Б¥¥- íың және басқа халықаралық үйымдардың толық мүшесі болды екен деп, ескі тығыз экономикалық байланыстарды үзуге бола ма екен? Дүние жүзінің көптеген дамыған елдері, керісінше, байыпты ақыл-ойды басшылыққа ала отырып, өз егемендігін елеп жатпай-ақ экономикалық одак, құруға, өндірістік-шаруашылық байланыстарды үзбеуге тырысып бағуда. Ал мұның өзі әртүрлі елдер мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты, өзара құрмет пен сыйластықты одан әрі нығайта түсуде. Бұл мәселелерді де оқушыларға дұрыс түсіндірген жөн.

Сонымен қатар, оқушыларға экономикалық байланыстардың үзілуі олардың отбасының түрмыс ахуалына кәдімгідей кері әсер етіп отырғандығын да түсіндіру қажет. Өйткені оқушылар үшін қазіргі уақытта қоғамның әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірінің барлық жақта-

95

рын қамтып оырған терең дагдарыстың, жоқшылықтың азық-түлік пен тұтыну тауарларының жетіспеушілігініқ ақшаның құнсыздануының, жұмыссыздықтың бір ұшы осы ескі экономикалық және шаруашылық байланыстардың түзілуіне тікелей байланысты екендігін білгендерінің де ешқандай зияны жоқ. Бұл, керісінше, олардың бойында көрші мемлекеттермен достық, экономикалық және ынтымақтастық байланыстардың тезірек орнатылуына тілектестік сезімдерін нығайтады.



Ақиқатын айтқанда, Қазақстан шаруашылыгына қажетті өнімдердің 96 түрі шеттен келеді. Бұл өнімдердің келуінің тоқтатылуы қазір еліміздегі өндіріс орындарының 90 процентінің тоқтап қалуына әкеліп соқтырып отыр. Өз кезегінде Казақстан да көрші мемлекеттерге көптеген өнім түрлерін шығарады. Мысалы, Қазақстан өндіріс орындары өнімдерінің 70 %-і Ресейге апарылса, ол жақтан біздін елімізге мұнай өнімдері, станоктар, өндірістік аппараттар және машина жасауға қажетті және басқа да көптеген өнімдер әкелінетін. Украинадан металлургия және қант өнеркәсібіне байланысты бұйымдар келіп жататын. Ал Қазақстаннан Украинаға цинк, минералды тыңайтқыштар, қара металлургияның әртүрлі өнімдері, экскаваторлар жөнелтілетін. Беларуссия ауыр салмақты жүк таситын автомашиналарын, “Белорусь” тракторын беретін. Басқа да көршілес мемлекеттерден станоктар, радио және электр тауарлары алынып отырылатын. Ақтөбе, Қарағанды қалаларының өндіріс орындары өнімдерін көрші тоғыз мемлекет алса, Теміртау шойын қорыту зауытының өнімін — 10, Алматы мата тоқу фабрикасының өнімдерін — 13, Өскеменнің қорғасыны мен мырышын барлық көрші елдер алдыратын. Қазір бұл байланыстардың бәрі бұзылған. Демек, көрші мемлекеттермен достың қарым-қатынас, терең мәнді экономикалық, шаруашылық және мәдени байланыстар, мемлекетаралық ынтымақтастық келісім, сауда-саттық т. с. с. қайтадан жандануы күн тәртібіне өткір қойы-лып отырған дағдарысты жоюдың, өндірістің құлдырауын тоқтатудың, сөйтіп, қайтадан бірте-бірте жоғары қарай өрлеудің, еліміздің жан-жақты гүлденуі мен өркендеуінің кепілі бола алады. Ал мұның өзі оқушылардың бойында ежелден бір-бірімен қоян-қолтық араласып отырған, тарихымен мәдени-этникалық игіліктері ортақ көрші мемлекеттердің халықтарына деген құрмет пен сыйластықтың, ынтымақтастық пен достықтың өшіп бара жатқаны ыстық сезімдерін қайтадан үрлеп, тұтандыратындығы анық.

96

Оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруда алыс шет елдермен, соның ішінде, әсіресе жан-жақты дамыған Батыс елдерімен арадағы экономикалық байланыстарды да дұрыс түсіндіріп, оң бағыт-бағдар беріп отыру оңды нәтиже береді.



Өзінің географиялық жағдайы, табиғи ресурстарының байлығы, жасалған гылыми-техникалық және өндірістік қуатымен Қазақстан өзіне көптеген шет елдердің назарын аударып отыр. Сондықтан да терең экономикалық дағдарысқа қарамастан, сыртқы экономикалық салада Қазақстанның екі мыңнан астам кәсіпорындары, бірлестіктері және концерндері, 1140 бірлескен кәсіпорын, 30-дан астам әртүрлі қауымдастықтар шетелдік әріптестерімен тығыз байланыста еңбектенуде.

1993 жылдың қорытындысы бойынша, республиканың жалпы сыртқы сауда айналымы 1958,1 миллион АҚШ доллары болды. Олардың ішінде экспорт — 1489,3, импорт — 468,8 миллион доллар. Ал 1994 жылдың бірінші жарты жылдығында экспорт — импорт жеткізілімінің көлемі 879,9 миллион долларға жетті. Сыртқы сауда қарым-қатынастары әлемнің 56 мемлекетімен жасалды. Бұл ретте экспорттық жеткізілімдер 53 елге жасалды.

Әсіресе түсті және қара металлургия бұйымдары, минералдық, рудалық шикізат, мұнай және мүнай өнімдері, химия өндіріс өнімдерінің экспорты үлкен көлемге жетті. Экспортта агроөнеркәсіптік кешен өнімдері маңызды орын алды. Сонғы кезде АҚШ-пен, ҚХР-мен, Түркиямен, Корея Республикасымен, Германиямен, Англиямен, Франциямен, Италиямен, Канадамен, Швейцариямен, Испаниямен, Австриямен, Шығыс Еуропа елдерімен экономикалық байланыстар айтарлықтай кеңейді.

Республикада экспорт-импорттық операциялар барынша өскелең көлемінде жүзеге асырылуымен бірге, экономиканы дамыту мен жаңғырту үшін қажетті шетелдік инвестициялар мен несие ресурстарын тарту жөніндегі саясат тұрақты жүргізілуде. Бұл ең алдымен көмір қышқылы шикізатын іздестіру, барлау, өндіру және қайта өңдеуге қатысты.

Бірлескен кәсіпкерліктің аса ірі жобаларының бірі Американың “Шеврон Оверсиз компания” фирмасының қатысуымен құрылған “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны болып табылады. Бұл кәсіпорыннан алынатын табыс Атырау облысының тек әлеуметтік мәселелерін ғана емес, сондай-

97

ақ Қазақстан аумагындағы басқа да бірлескен жобаларды қаржыландыруды шешуге көмектеседі. Сондай-ақ француздың “Эльф — Акитен” концернімен, Оман Сұлтанатымен, Түрік Республикасымен, бірқатар еуропалық және американдық фирмалармен бірлескен ірі көлемді жобалар жүзеге асырылуда. “Бритиш Газ” (Англия) жәнө “Аджип” (Италия) фирмалары одағымен, Каспий жағалауын игеру жөніндегі халықаралық консорциуммен келісім-шарттар жасалды.



Шетелдік серіктестердің қатысуымен радиотехникалық және теледидарлық аппаратуралар, тоңазытқыштар, компьютерлер, тұрмыстық пневматикалық термостар, электрондық сағаттар, тері-мех және басқа шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу өндірісі, құрылыс материалдарын және санитарлық-фаянс бұйымдарын, басқа өнімдер шы гару ұйымдастырылды.

Экспорттық әлеуетті одан әрі дамыту және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында қазір республиканың бір миллиард АКШ долларынан астам сомаға бірқатар мақсатты несие келісімі бар. Олар бойынша қазірдің өзінде қаржыландыру басталып, оны игеру қолға алынды. ¥сынылған несиелер есебінен қаржыландырыратын жалпы жобалар есебінің 28 проценті агро-өнеркәсіптік кешеннің ұқсатушы салаларының объектілерін құрайды. Бұған балалар тағамын өндіру,сүт, ет үқсату енеді. Несиенің 20 проценті халық тұтынатын тауарлар шығару жөніндегі объектілер құрылысына, 44 — мұнай және газ өнеркәсібі өндірісін, халық шаруашылығының басқа салаларын жаңғыртуға бағытталған.

Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлттар мен ұлыстар өзара қүрмет пен сыйластық, азаматтық татулық пен үлтаралық келісім жағдайында ынтымақтастықта достықта және ауызбірлікте өмір сүріп келеді. Дегенмен аттың аласы бар, құласы бар демекші, қайсы бір үлттың ішінен болмасын үлт араздығын қоздырушылар кездесіп қалып отырады. Солардың алдындағы қатарында республика парламентінің мүшелері, Шығыс Қазақстан облысыда тұратын С. Васильева мен Орал қаласынан В. Водолазов жүр. Олар тарихи мағлұматтарға, көпшілік шешкен тоқтауларға, қастарында қатар жүрген жергілікті ұлт азаматтарының көңілдеріне қараған жоқ. Мұнда, әсіресе, қазақ ұлты тарапынан В. Водолазовтың күтер “қауіп-қатері” өзгеше. Оны қайта түлеу кезеңіндегі қазақтардың саяси белсенділігі, тіл туралы заң т. б. сақтануға мәжбүр етіп,

98

Орал қаласы казак-орыстарына автономия типіндегі үлттық-территориялық анықтама берілуін тіптен Ресей Думасынан сүранған. Бірақ ол қандай қорқыныш пен қауіп немесе Орал қаласында тұратын казак-орыстардың құқылары қалай шектеліп отырғандығына дәлел келтіре алмаған. Тек, қазіргі уақытта басқа елдерде болып жатқан ұлтаралық қақтығыстар оны осындай “қамқорлыққа” итермелеген. Атың шықпаса, ел арасын бүлдір деген осы да. Дей түрғанмен, қоян-қолтық өмір сүріп, өзінің ортақ Отаны — Қазаңстандағы халықтар достығы мен ынтымақтастығына іріткі салар мұндай “жаңсақ” пікірлер түсінбеушілік емес, сыйламаушылықтан, астамшылдықтан және тойынушылықтан туып отыр. Жалпы ұлт араздығын қоздыру, жөнсіз ақылгөйсу, бір ұлттың сезімін таптап, орынсыз көку үлтаралық қатынасты ушықтырады. Әсіресе, мүндай “бүзақы” қылықтар, бір ұлт пен екінші ұлтты ашық шағыстыру, көз көре көргенсіздік жасау кез-келген үлттың өсіп келе жатқан жас үрпағының санасында “теріс” ой-пікірлердің орнығуына себеп болады. Сондықтан ұлт араздығын қоздырушыларға орынды тойтарыс бере отырып, өскелең ұрпақтың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін олардың арасында республика тұрғындарының — халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың ешқандай ұрыс-керіссіз, дау-дамайсыз өзара құрмет пен сыйластықта, ынтымақтастық пен достықта, азаматтық татулык, пен ұлтаралық келісімде өмір сүріп отырғандығын жарқын мысал-дармен, нақты фактілермен үнемі насихаттап отыру қажет. Әсіресе, шовинистік арам пиғылдар мен сасық ұлтшылдыққа қарсы батыл күрес жүргізбейінше, халықтар ,достығын нығайтатын біртүтас интернационалдық сезімді оқушылардың бойына сіңдіру қиын.



ә) ¥ëтаралық қатынас мәдениетін

тәрбиелеудің сабақтан тыс уақыттағы

формалары мен әдістері

Жалпы білім беретін мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбиелік шаралардың өзіндік ерекше орны бар. Сондықтан мұндай тәрбиелік шараларды өткізгенде белгілі бір ұлттық ортада қалыптасып, дамитын әрбір оқушының өзіндік ұлттық сана-сезімі мен психологиялық ерекшеліктерін, үлттық талғамы мен мақтаныштарын есепке ала отырып,өте ұқыптылықпен жұмыс жүргізген жөн.

Жалпы білім беретін мектепте сабақтан тыс уақытта

99

жүргізілетін үлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеу мақсатында атқарылатын іс-шаралардың түрлері көбіне көп төмендегідей болып келеді:



— Қазақстан Республикасының байырғы тұрғындары қазақ халқы мен республиканы мекендейтін басқа да сан алуан ұлттар мен ұлыстардың арасында орныққан азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзара құрмет пен сыйластықты, ынтымақтастық пен достықты одан әрі нығайтып, сақтау үшін мемлекет басшылығы тарапынан іс-шараларды үнемі әңгімелеп, насихаттау;

— халықтар достығы тақырыбына жиі-жиі кештер өткізу;

— шет елдерден еліміз — Қазақстанға келіп, оқып жүрген студент жастармен кездесулер өткізіп отыру;

— әр ұлттың ұлттық төл мерекелерін көп болып, бірі-

гіп, тойлау;

— әртүрлі ұлт өкілдері көркемөнерпаздарының ән-күй кештерін жиі-жиі ұйымдастырып отыру;

— ұлттар достығы клубын құру;

— жазғы достық лагерлерін ұйымдастыру1.

Туристік-өлкетану жорықтарын ұйымдастыру да өске-

лең ұрпақтың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін

қалыптастыруға кәдімгідей ықпал етеді. Экспедицияда оқу-

шылар Қазақстан халықтары жайлы қызықты материалдар

жинақтайды. Соғыс ардагерлерімен кездеседі. Сондай-ақ

экспедиция кезінде оқушылар әртүрлі ұлттар мен ұлыс-

тар арасында болып, олардың шаруашылық жүргізу тәсіл-

дерімен, әдет-ғұрыптарымен, жөн-жоралғыларымен және

мәдениетімен танысады.

Халықтар достығы,ұлтаралық келісім және азаматтық татулық принциптері, әртүрлі ұлт өкілдерінің бір-бірін құрмет түтуы мен өзара сыйластығы жайлы мәліметтерді оқушылар сабақтан тыс уақытта өткізілетін насихаттық лекциялар мен саяси хабарлардан алады. Оқушыларды, әсіресе, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғүрыптар туралы әңгімелер қатты қызықтырады. Мысалы, V—ҮІІ-класс оқушыларын “Қазақ халқының аталы дәстүрі — қонақ,-жайлық” деген тақырыпқа әңгіме өткізу қызықтырса, IX—ХІ-класс оқушыларын “Қазақстан ұлттары мен ұлыстарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптары” атты та-



1 Қараңыз; Мулдагалиев Б., Нускабаев 0. Интернациональное воспитание учащейся молодежи. Алматы, 1992. 22—23-беттер.

100

қырыпта өткізілген әңгіме қатты тамсандырады. Балалар ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өміршеңдігіне, олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алатын үлгі-өнегелік тәліміне тәнті болады.

Расында да, мысалы, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жастарға тәлімдік мектебі бола білген. Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана тойы жастардың бойына имандылық рухын сепсе, беташар, сыңсу, шашу сияқты жөн-жоралғылардың орындалуы оларға үлкенді-кішіні, ата-ананы, туған-туысты, жек-жат-жұрағатты құрметтеу мен сыйлауды үйреткен.

Ал қазақ жұртына ғана тән шешендік өнері, естігенді

жатқа айту, жыраулық пен айтыс өнері нағыз тәрбиелік

мектеп болды. Бұл өнерлер жастардың бойына терең ой-

лауды, тілдің шеберлігі мен өткірлігін тапқырлық пен да-

рындылықты дарытқан. Ол туралы ХІХ-ғасырдың 40-жыл-

дары қазақ даласына жер аударылған поляк ойшылы

А. Янушкевич өте әдемі айтқан. Қазақтар үшін,— деп

жазған А. Янушкевич,— айтыс өнері халықтың әлеумет-

тік өмірін таразылап отыратын шыншылдық таразысы

сияқты. Айтыс өнері ақ пен қараны саралаған адамгерші-

лік айнасы. Құдірет мектебі. Ол халықтың, әсіресе, жас-

тардың ойлау қабілетін таңғажайып дамытады екен1. К,а-

зір республикамыздың жер-жерлерінде айтыс өнері қай-

тадан дамып келеді. Осыған байланысты мүғалімдер мен

тәрбиешілер мектептерде де айтыс өнерін уағыздап, өнер-

тану үйірмелерін ұйымдастыра білсе нұр үстіне нұр. Бүл

жасөспірімдерді эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге ғана

мұрындық болмай, өзге ұлт жастарын қазақ халқының

өнеріне баулудың да тәлім-тәрбиелік ордасына айна-

лар еді.

Оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруды нақты тұрмыс қалпымыздан, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың тіршілік болмысы мен күнделікті қаракетінен, мәдениеті мен өнерінен жарқын мысалдар келтіре отырып жүргізудің мәні зор. Мысалы,сонғы жылдары республикада әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың ұлттық-мәдени орталықтары жүмыс істеуде. Олар елімізде ұлтаралық қарым-қатынасты, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты, өзара құрмет пен сыйластықты орнықтыруда біршама игі істердің ұйтқысы болып жүр.



Қараңыз: Дневники и письма из путешествия по казахским степям. Алма-Ата, 1966, 27-бет.

101


Сондықтан оқушылар арасында ұлтаралық қарым-қатынас мәселелері төңірегінде әңгіме қозғағанда ұлттық-мәдени орталықтардың жұртшылық арасында өткізіліп жүрген өнегелі істері жайлы әңгімелеу оқұшылардың бойында үлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етумен қатар, белгілі бір ұлттың тұрмысымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғүрпымен, шаруашылық жүргізудің ұлттық тәжірибесімен де танысуға мұрындық болады. Ал мұның өзі әртүрлі ұлт өкілдері болып табылатын оқушылар арасында өзара жарастықты нығайтып, бір-бірімен жақындастықты, ынтымақтастықты және өзара сыйластықты орнықтырады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 миллион 830 мыңнан астам адам тұрады. Олардың 750 мыңы қала, ал қалған дары ауыл, поселке тұрғындары. Оңтүстік Қазақстан халқы шын мәнінде көпұлтты. Қазақтар 1 миллион 20 мын өзбектер — 280, орыстар — 278, немістер — 40, татарлар -31, украиндар — 33 мыңнан астам. Облыста барлығы 102 ұлттың өкілдері тұрады. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ, өзбек, грек, славян, татар, башқүрт, түрік, еврей, неміс, кәріс ұлттық-мәдени орталықтары жұмыс істейді. Олар ұлттық тілдерді, дәстүрлерді және әдет-ғұ-рыптарды жандандыруда, мәдениет пен өнер жетістіктерін талмай насихаттауда көп жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар бұл орталықтар әртүрлі ұлттар арасында берік татулық пен өзара сыйластық, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың орнығуына да жандарын салып, ат салысуда. Енді осы ұлттық-мәдени орталықтар төрағаларының мектеп оқушыларымен кездесулерде өздері басқарып отырған орталықтардың әртүрлі ұлт өкілдері арасында орныққан достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, әрбір ұлт өкілінің бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалъштастыру бағытында атқарып жатқан қызметтері туралы әңгімелеген сөздерінің магнитофон таспасына жазылып алынған нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.



Н. П. Подушкин, Славян мәдени орталығының төрағасы: — -Қазақ халқының проблемасы сияқты славян халықтарының проблемасы да шаш-етектен, облыста тұратын славян халықтары өздерінің өткенімен қоса, қазақ елінің де тарихынан, салт-дәстүрінен хабардар болғысы келеді. Осы орайда орталықтағы 15 лектор облыстық халыққа білім беру басқармасымен келісіп, мектептерде, тарих, этнография, археология, әдебиет пен мәдениет, өнер турасын-

102

да лекциялар оқуды қолға алды. Лекторлардың бәрі жоғары білімді, ғылым кандидаттары. Әрқайсысы әр ұлттан.

Жақында мен Төлеби ауданында тұратын суретші Молдағали Қалдыбаевтың үйінде болдым. Көп бала тәрбиелеп отырған отбасының тым жұпыны тұратынын көргенде жағамды ұстадым. Бірақ Молдағалидың көркемсурет галереясына келгенде тіпті таң қалдым. Әр сурет өз орнына мұқият, ұқыпты қойылған. Не деген керемет суреттер десенізші ! Суреттердің негізгі тақырыбы — достық, туыстық,бірлік. Онда сан алуан ұлттың өкілдері әр қырынан бейнеленген. М. Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылык, жолын нағыз ерлікке пара-пар деуге болатындай. Бізде мәдениетке деген, өнер адамына деген көзқарасты өзгертетін мезгіл жеткен сияқты. Қарапайым ауыл суретшісінің талантына бас иіп, орталықтың қаржысы есебінен азын-аулақ көмегімізді ұсындық.

Жалпы, достық деген ұлы ұғым. Оған Молдағали сияқты жоғары азаматтық, адамгершілік тұрғыдан қарау керек деп білемін. ¥лттық-мәдени орталықтар бір-бірімен жиі-жиі тәжірибе алмасып отырса, қандай ғанибет.



М. Исахов, өзбек ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:

Қазақтың дархан да кең пейілі жайлы тебіренбей сөз

ету мүмкін емес. Қазақстан әр уақытта халықтар досты-

ғының лабораториясы болып келді. Қазір де мұнда нарық-

тық экономиканың қиыншылық жағдайына қарамастан,

қалыпты өмір жалғасып, тұрақтылық сақталуда. Сонау

соғыс жылдарында жетім-жесірлерді жатсынбай бауыры-

на басқан қазақстандықтардың мол мәзірлі дастарханы-

нан дәм татпаган ұ.лт өкілі кемде-кем шығар. Қанды қыр-

ғыннан алыстау жатқан Қазақстанды қаншама қарттар

мен бала-шаға паналады десеңізші! Тың жерлерді игеру

кезеңінде тілі де, діні де бөтен талай халық лек-легімен

ағылып, қонақжай да еңбек сүйгіш елдің ас-суына ортақ-

тасты. Солардың бәріне құшағын жайған жергілікті адам-

дардың өзге үшін тосырқауды білмейтін, достықты ғана

ту еткен адал жүрегін көресіз. Мен алты жылдай көп ұлт-

тың өкілдерінен тұратын Сарыағаш ауданында қызмет ет-

тім. Осындағы халықтың 85 проценті қазақ болып келетін

К. Маркс атындағы совхоз еңбеккерлері бірнеше жыл директор болған орыс Иван Трофимович Пупашенконың ең алдымен адамды бағалай білетін қасиетін сүйсіне әңгімелейді.Шаруашылықтың тасын өрге домалатуға үлес қосқан бұл кісіге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сон-

103

дай-ақ түркістандық озат мақташы-механизаторлар: қазак Майшай Әбенова, өзбек Сәпия Нарбаева мен орыс ңызң Марияның достығы бүкіл республика жұртшылығына мәлім.

Халықтар ынтымақтастығынан, әсіресе, жастар үлгі-өнеге алса деймін. Адам адамға дос, жолдас, бауыр десек, әуелі әрбір адам өз ұлтын сыйлап, сол арқылы өзгеге деген көзқарасын қалыптастыруы тиіс.

В. А. Мавлюгин, Татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:

— Татар-башқұрт мәдени орталығы биыл “Чишмә” (“Бұлақ”) атты газет шығарды. Газеттің бірінші бетінде былтыр Шымкентте өткен халықтар достығы фестивалінен түсірілген сурет, татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың өлеңі берілді. Таяуда біз башқұрт пен қазақ халқының даңқты ұлы, тарихшы, этнограф, ғалым Әбубәкір Диваевтың 110 жылдығын атап өттік. Көрнекті ғалымның атымен аталатын көшеге ескерткіш-тақта орнаттық. Тойда орталықтың атынан мүгедек, кембағал жандарға 20 мың сом қаржы бөлдік.

Қазіргі таңда облыста 34,615 татар мен 2,401 башқұрт қандас қазақ бауырлармен тату-тәтті өмір сүруде.

Елдегі ұлт саясатын өмірдің өзі алып келді. Әрбір халык, кез-келген қоғамда үлттық мәдениеті мен өнерін, тілін, әдебиетін дамытпайынша өркениетті ел қатарына қосыла алмайды. Татар-башқүрт халыңтарының күрделі де қайғылы тарихы бар. Біз өз газетімізде татар-башқұрт халықтарының өткені мен бүгіні туралы әңгіме қозғаймыз. Әсіресе, ұлттар арасындағы татулықты, бірлікті мадақтайтын материалдарға үлкен орын беріледі.

Өзім осы өлкеде туып өстім. Қазақша, орысша білім алдым. Тіл білгеннің зияны жоқ екенін көріп-біліп отырмын. Татарстан Республикасы да Қазаңстанға ұқсас саясат ұстанып отыр. Біз осыған қуанамыз.

Оқушылар алдында “Татар жыры — 9” фестивалінің лауреаты 3. Зайнуллина, Г. Сибгатулина, Н. Ниязова сынды өнерпаздарымыз және төрт бірдей ұлттык, ансамбліміз өнер көрсетеді. Осындай кездесулер жалғасын таба бергей.



П. М. Хан, Кәріс ұлттық-мәдени орталығының төрагасы:

— Сталиндік қуғын-сүргінге бірінші болып ұшыраган кәрістер болатын. Олар 1937 жылы түп-тұқиянымен Орта

104

Азия мен Казақстанға жер аударылды. Халқымыздың аштыққа ұшырамай, аман-есен сақталуына алғашқылардың бірі болып көмегін берген қазақтар еді. Сондықтан біз қоңаққжай қазақ жұртын туған ағамыздай көреміз. Өз басым қазақтардың жомарттығын, адамгершілік асыл қасиеттерін үнемі дәріптеп жүремін. Отанымыз Қазақстан деп санайтын кәрістер бұл жерден ешқайда кетпейді.



Облыстағы барлық саяси-мәдени шараларға қатысатын біздің кәріс ұлттық-мәдени орталығымыз 1989 жылы 25 шілдеде құрылған-ды. Содан бері біршама игі істерге ұйтқы болуда. Орталықтың бес ауданда бөлімшелері жұмыс істейді. Біз ең алдымен ұмыт болып бара жатқан өз тілімізге ерекше мән берудеміз. Қазақстанда тұратын агайындарымыздың 3 проценті ғана ана тілін біледі екен. Мүның өзі көп жайды аңғартады. Яғни, балаларымызға кәріс тілін үйрету — бірінші кезектегі міндетіміз. Қазір 38 мектепте ғана осы тіл пәні оқытылуда. Өз арамыздан екі ақсақалымызды Солтүстік Кореяға жіберіп, атамекеніміздегі қандастарымыздың салт-дәстүрін тереңірек меңгеру үшін мол мағлұматтар алдырттық. Осы тақырыптағы алгашқы кітапшамыз жарық көрді. Екінші кітапшамыз таяу күндерде қолымызға тиеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары кәрістері арасында өткізілетін “Кориада — 93” ән-би мерекесіне 19 өнерпаз іріктелді. Бұл мерекенің ең үздік жеңімпаздары Сеул қаласындағы фестивальға жолдама алады. Жастар клубының жұмысын да атап өтуге болады. Сондай-ақ “Возрождение” атты газетіміз кәріс-орыс тілдеріндө оқырмандарының көңілінен шыруда.



А. Хандолиди, Грек ұлттық-мәдени орталығы төрагасының орынбасары:

Гректер 1949 жылы Қазаңстанға еріксіз жер аударылған еді. Сол кезде Оңтүстік Қазақстанға 40 мыңға жуығы қоныстанғанды. Бірақ басқа ұлт деп жатырқамай, өздерінің киіз үйін алдымен босатып берген қазақтар болатын, Күні бүгінге дейін жергілікті түрғындарға деген ризашылығымыз мол. Олардың бір ауыз артық сөзін есіткен емеспіз. Дегенмен өз атажүртына деген шексіз махаббат болар, біздің қандастарымыз төрт жылдан бері Грецияға көше бастады. Қазақстан гректерінің диаспорасы жойылудың сәл-ақ алдында тұр. Қазір мұнда 5 мыңға жуық грек қана қалды. Олардың дені кемпір-шалдар мен денсаулығы төмен адамдар.

105

Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, мына бір жәйтті айта кеткім келіп тұр. Грек тарихы, әдебиеті мен тілінен дәріс беретін К. Д. Семиефориди деген ағам бар еді. Ол үш рет сталиндік қуғын-сүргінге ұшырады. Сол кісі 1958 жылы Шымкентте облыстық грек драма театрын ұйымдастырған болатын. Мен осы театрға мүше болып, сахналық рольдерде ойнағаным бар. Бірақ сол кездегі парто-краттар “Бізге кішкентай Афинаның керегі жоқ” деп, театрды таратып жіберді. Қазір де өмірімізді, тіліміз бен мәдениетімізді өркендетудің жайы мәз емес. “Бузуки” деп аталатын ұлттық аспабымызды орындаушысы Отанына ала кетті. Аспап табылар-ау, бірақ ондай ойнайтын өнерпаздың табылуы қиын болып тұр.



“Қазақ тілі” қоғамы құрылғанын қолдап,қуаттап сөз сөйлегендердің бірі мен едім. Бұл да болса жергілікті ұлт тіліне деген сүйіспеншілігім.

“Өзге ұлттың тілін, салт-дәстүрін білсең — оның жан-дүниесін түсінгенің” деген халық даналығы бекер айтылмаған. Мыңдаған жылдардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті белгілі бір тәртіпке, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларына негізделіп, дамып келеді. Бұл — айналаңдағылармен шынайы қарым-қатынас орнату, тіл табысу, сыпайы сөйлесу,әр халықтың өзіндік салт-дәстүрін, ұлттық талғамы мен мақтаныштарын, киіну үлгісін т. б. сыйлау. Кез-келген өскелең ұрпаққа үлгі етер шаруашылық жүргізудің машықтары, қол өнері іс-мерлігі, жұғымды дәстүрлік тағылымдар мол. Олардың әр-қайсысының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алатын өзіндік орны, тәлімдік маңызы бар. Солардың ішінен, әсіресе, белгілі бір ұлтқа немесе ұлттарға тән мерекелерді көп болып, бірігіп тойлау халықтарды, ұлттар мен ұлыстар арасын кәдімгідей жақындастырады. Бір ұлттың салт-дәстүрінің, жөн-жоралғысының сары алтындай жарқырап, тот баспайтын асылдарын екінші бір ұлттың қабылдауына септігін тигізеді. ¥ëттар мен ұлыстар арасын ынтымақтастырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді. Мысалы, соңғы жылдары барлық шығыс халықтарына ортаң мереке — Наурыз мейрамын республика көлемінде тойлау еліміздің барша халқын, ұлттары мен ұлыстарын жақындастырып, жарастыра түсті.

Бұл түсінікті де. Наурыз мейрамы шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басы, көктем шұғыласы әрі дүние-тіршіліктің жандануы мен жаңаруы, жастық шағы. Нау-

106


рыз мейрамы қашаннан-ақ дихандар мен малшылар мейрамы. Наурыз күні егіншілер өнім молшылығына жетуді тілесе, малшылар қауымы төскейде төрт түлік төл қаптасын деп бата қылады.

Наурыз адам мен табиғаттың бірлігі мен жарасымдылығының айғағы. Наурыз — арман асуларына қүлшындыратын, үміт отын жағатын, тіршілік-тынысымызды кеңейтіп, жаңа белестерге бастайтын жасампаз еңбек бастауы. Наурыз — әртүрлі халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың мызғымас достығының, өзара түсінушілігінің, ырыс бастауы — ынтымағының, тірлік тиегі — бірлігінің қайнары. Наурыз мейрамы жыл он екі айда анда-санда болса дә көрініс беріп қалатын күйініш пен ренішті өзінің әр жү-ректі шат-шадыман шалқар шабыт пен қуаныш күйіне бөлеп мүлдем ұмыттырып жіберетін, өзінің шаттыққа толы ақ пейілімен, ән-күйімен, ойын-сауығымен серпілтіп жіберетін достық пен ынтымақтастықтың, татулық пен туыстықтың, бауырластық пен бірліктің, сүйіспеншілік пен сыйластықтың мейрамы болып алды.

Дегенмен, Наурыз мейрамын тойлау қайсы бір елді мекендерде бір-біріне жақын орналасқан бір мекеме мен екінші мекеме қызметкерлерінің, бір мектеп пен екінші мектеп мүғалімдерінің арасындағы бәсекенің тақымынан шыға алмай, өзінің халықтық мейрамға сай мән-мағынасын жоғалтып алғандығын да жасыруға болмайды. Олар бір-бірімен таласа он шақты киіз үй тігіп, үйді-үйлерінен жасау-жабдық тасып, жылы-жұмсак тәтті тағамдарын әкеліп дастархан жасап әбігерге түседі. Сол дайындаған нәрселерін бағалайтын сарапшылар келгенше ешкімді дәмге тигізбей, ешкімді үйге кіргізбей есікті тарс жабады. 1 Қасиетті Наурыз күні есіктің айқара ашық болмауы ырымға жаман емес пе? Сонда не үшін, кім үшін? Бірінші, екінші орын алу үшін бе? Керек болса сол дастарханнан балалар мүлдем шет қалып, еріндеріне көже де тимейді. Немесе он жасқа келген баланың тұсауын кесіп, тілі шыққан баланы бесікке салып, он екіде бір гүлі ашылмаған қыз-дардың бетін ашып, жар-жар айтып, сәлем жасатады. Осының бәрі бір сәтте өте шығатын қызық үшін, сарапшыларға көрсету үшін жасалады. Босаға аттамаған қыздарға бет-ашар жасатудан сорақы не бар? Өмірінде бір-ақ рет болуға тиіс, армандап, ардақтап күтер қайталанбас өмір белесінің қадірін кетіріп, қыздарымыздың бетінің қытығын жою үшін бе? Сонда Наурыз тойының тәлімдік үлгі-өнеге-

107


сі, халықтар арасындағы ынтымақтастықты, татулықты паш етер тәрбиелік мәні қайда қалды?

Жалпы, қайсы бір елді мекенде болмасын Наурыз тойын бүкіл халық болып, бірге тойлаған жөн. Наурыз тойын бөліп-жарып аула-аулаға тығылып тойлау — оның ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа өтіп, халық санасында жатталып қалған мән-мағынасын, нақыш-бояуын және түр-келбетін жою, тәлімдік үлгі-өнегесін өшіру деген сөз.

Сондықтан Наурыз тойын үйымдастырушы мұғалім агайындарға айтар ұсыныс — үлгі бар1.

Мереке наурыздың 22-күні қалада да, ауылдық жерлерде де бір күнде өтуі тиіс. Тарихты ойдан жасауға болмайды, мейлі салқын болсын, мейлі жылы болсын, ауа-райына тарихи күн бағынбауы тиіс. Сонан соң наурызды сол кешегі ата-баба дәстүрінде өткізіп, үзіліп қалған дәстүр сабақтастығын қайта жалғастырмасақ, жұрт, көпшілік алдындағы беделі түседі, ең ауыры — ұрпақ қарғысына қаламыз, осыны тереңірек сезінейік, ағайын!

Оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетінің дұрыс қалыптасуы көбіне көп олардың арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасына байланысты. Өскелең ұрпаққа дұрыс-тәлім-тәрбие беру — педагогикалық процестің өте маңызды және өзіндік бет-бағдары бар бөлігі. Оның кез-келген саласының өзіндік мазмұны, принциптері бар және ол өзіне тән формалар, әдістер және тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылуы мектеп директорының басқару стиліне, педагогикалық үжымның тәлімдік шеберлігіне де қатысты. Мектеп директорының міндеті — тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу. Ол әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын мұгалімдерді бір-біріне құрмет пен сыйластық, достық пен татулық рухта ынтымақтастырып, ауызбірлігі мықты берік ұжым құруға міндетті. Ал, мұндай ұжым өзінің үлгі тұтарлық өнегесімен де, іс-әрекетімен де оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін ойдағыдай қалыптастыруға ықпалды.

Мұның жарқын мысалы ретінде Кентау қаласындагы № 16 орыс мектебі мұгалімдер ұжымын атауға болады.



1 Қараңыз: Наурыз: Жаңарған салт-дәстүрлер. Алматы. 1991. 255-бет.

108


Мектепте ондаған ұлт өкілдері үстаздық етеді. Олардың арасында терең достык, қарым-қатынастар орныққан. Қандай қиын жұмыстар болмасын олар бірлесіп атқарады. Олар қаладағы ұлттық-мәдени орталықтардың белсенді мүшелері. Жүрген жерлерінде халықтар достығын насихаттауды, ынтымақтастық пен бірлікке шақыруды әдетке айналдырған. Мектепте оқушылардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірнеше үйірме жұмыс істейді. Оларға тәжірибелі мүғалімдер басшылық етеді.

Оқушылардың бойына үлтаралық қатынас мәдениетін

қалыптастыру мәселелері мектептің педагогикалық кеңе-

сінде, методикалық тәжірибе алмасу сағаттарында, класс

жетекшілеріне арналған семинар және ашық сабақтарда

унемі әңгімеленеді. Бұл жұмысты ойдағыдай үйлестіру

үшін мектепте мүғалімдерге арналған “¥лтаралық қаты-

нас мәдениетін қалыптастыру” атты семинар тұрақты түр-

де өткізіліп отырылады. Бұл семинарды өткізудің мақса-

ты — мектеп мұгалімдерін мемлекетіміздің қазіргі даму

кезеңіндегі ұлт саясатының мән-мағынасымен, қыр-сыры-

мен, мазмұнымен және маңызымен таныстырып отыру.

Сонымен қатар, бұл семинар сабақтарында оқушылардың

бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мен

одан әрі жетілдіру үшін оның теориясы мен методикалық

әдістемелерін мұғалімдердің оқып-үйренуіне де жағдай

тудырылған. Семинар сабақтарына мектеп директорының

сабақтан тыс тәрбие жүмыстарын үйымдастырушы орын-

басары жетекшілік жасайды. Семинар сабақтарында ұлт-

аралық қарым-қатынас мәселелеріне арналған алуан түрлі

қызғылықты лекция мен баяндамалар тыңдалынып, мұға-

лімдер оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәде-

ниетінің қалай қалыптастырылып жатқандығы туралы пі-

кірлер алмасады. Семинар сабақтарында, мысалы, “¥лт-

аралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогика-

лық аспектілері”, “Тарих және қоғамтану пәндерін оқыту

барысында оқушылардың бойында дүниеге интернациона-

листік көзқарасты қалыптастыру әдістемелері” атты та-

қырыптарға пікір таласы үйымдастырылды.

Нәтижесінде республика көлеміндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәселелеріне қатысты методологиялық-теориялық жаңа пайымдаулармен, ой-пікірлермен, көзқарастармен қаруланған мектеп ұжымы пән мұгалімдерінед оқушылардың бойында үлтаралық қатынас мәдениетін қа-

109

лыптастыруға мұрындық болатын ғылыми білімдердің, көз-қарастардың, түсінік-ұғымдардың, теориялар мен жаңа идеялардың түсіндірілу деңгейінің одан әрі жетілдірілуін қатаң талап етіп, кластардағы моральдық-психологиялық ахуалды сын көзімен багалауға дағдыланады.



Оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруды шындап қолға алып, оны ойдағыдай жүзеге асырып келе жатқан республикада үлгі тұтуга ылайық осындай ондаған мектеп бар. Бір сөзбен айтқанда, республика мектептерінде бүл іске айрықша мән беріліп, оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырүда біршама игі істер атқарылуда.

110


ІУ-Т АРАУ

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет