Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедра отырысында талқыланды



бет1/3
Дата04.11.2019
өлшемі0,87 Mb.
#51087
  1   2   3
Байланысты:
Гендер псих пх 301 БНЖ
4 сабақ, f6228b8fd1e673, El Umiti Talent олимпиадасына тіркелу нұсқаулығы KAZ
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

директоры

Д. Кром

_____________________________


«_27» ________08______ 2013 ж.

ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Пәні «Гендерлік психология»
Студенттер үшін мамандығы
5В050300 – Психология

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі


Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасы

Астана – 2013 ж.

5В050300 - Психология бакалавр мамандықтары бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалды.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, пс.ғ.м Болатбекова Назгуль Жоламанқызы дайындады__________________________________________________

Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № __1__ «_26____» ________08_________________________2013_____ж.


Кафедра меңгерушісі .

________________________________ ж.


Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.
Хаттама № __1__ «___27__»______08__________________ 2013 _________ж.

Төраға
____________________________ж.

Пәндердің оқу- әдістемелік

кешенінің мазмұны


1. Типтік оқу бағдарламасы ( егерде пән міндетті компонент болса,)…..........

2.Оқу бағдарламасы таңдау компоненті бойынша…………. ……………...…..

3. Студенттер үшін пәннің оқу бағдарламасы (syllabus):…………..................

Пәннің сипаттамасы, автор туралы мәлімет, пәннің постреквизиттері, пререквизиттері......................................... .............................................................

Пәнді оқытудағы дәрістердің тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен..........................................................................................................

Пәнді оқытудағы семинар (семинар (практикалық) сабақтардың жоспары) тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен..........………………………….........................................................

Пәнді оқытудағы СОӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен...........................…………………………...................

Пәнді оқытудағы СӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен …………………………….........................................

Әдебиеттер тізімі ………………………………………………............................

Білімдер бағалау жалпы шкаласы..............……….................................................

Баға критерилері....……....…………….……………..........…….……………….

Апелляция процедурасы ………………………………….........………………...

4. Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз …………...…………............

5. Белсенді таратылым материал (АРМ) (Hand – outs)………….……………..

6.Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал;

7.Дәріс комплексі (дәріс тезистері, әдебиеттер тізімі)………….......................................................................................................

8. Әлеуметтік бейінді бағыттағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық............................................................................................................

9. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша, тест сұрақтары, өздік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б.)…………….................................................………..............

10. Оқытудың бағдарламалық және мультимедиялық қамтылуы (плакатар, слайдтар және т.б)………….…............................................................................

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасы



Оқу жұмыс бағдарламасы

Пән «Гендерлік психологиясы»


Оқу нысаны күндізгі

Курс 3 Семестр- 3
Емтихан 5- семестр

Астана – 2013 ж.



Алғы сөз
Пәнге сипаттама: Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Болатбекова Назгүл Жоламанқызы п.п.ғ.магистрі , ӘПП кафедрасының аға оқытушысы

Әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасы, каб. 413
Пререквизиттер: Пәнді меңгеру үшін философия, мәдениеттану,әлеуметтік психология, дифференциалды психология ғылымдары жайлы білу қажет.
Постреквизиттер:«Гендерлік психология» пәні арқылы бүгінгі психология ғылымының өзекті мәселелерін, гендерлі психология ғылымының зерттеу пәні мен адам жүйесіндегі психологиялық заңдылықтардың өзара әрекеттестігі жайында білуге мүмкіндік береді.
Пәнге сипаттама: «Гендерлік психология» бүгінгі ғылымның түрлі жетістіктегі салаларандағы гендер мәселесін қарастырады.

Оқу пәнінің міндеттері мен негізгі мақсаты - гендерлік психология негіздерінің мән мағынасын студенттерге түсінуге көмектесу. Студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын, өз көзқарасын жеткізе білу, өз ой пікірін жеткізе білуге, өз бетімен шешім қабылдай білуге дағдыландыру.

Курс талаптары. Студент курсты сәтті меңгеру үшін міндетті:

1. Сабақтың барлық түрлеріне қатысу;

2. Дәрісті конспектілеу;

3. СОӨЖ тапрсырмаларын орындау;

4.Аралық бақылау тапсырмаларын орындау;

5. Емтиханды сәтті тапсыруға дайындалу;



Пәннің мазмұны
Гендерлік психологияға кіріспе.

Гендерлік психология - жынысқа байланысты болатын адамдар арасындағы психологиялық айырмашылқытрады зерттейтін психология саласы.

Гендерлік психологияның зерттеу заты болып жынысқа байланысы болатын психикалық айырмашылықтар табылады.

XIX ғасырға дейін ол жақта әйелді адам құрлы көрмей, «адамзаттың жұмақтан қуылуына себеп болдың» деп кез келген салада құқығын шектеп қойғаны да тарихтан мәлім. Бұндай бассыздыққа шыдамаған батыс әйелдері бас көтеріп, нәтижесінде «гендерлік саясат», «феминизм» деген терминдер пайда болды.Әйелдер мен ерлер арасындағы айырмашылық күрделі сипатқа ие.

Гендер әлеуметтенудің, еңбек бөлінісінің және қоғамда қалыптасқан белгілі бір мәдени нормалар, рольдер, стеоротиптердің белгілі бір жүйесі арқылы қалыптасады. Қоғамда қабылданған гендерлік нормалар белгілі бір тұрғыда адамдардың биологиялық жынысына қарай психологиялық сапасын, мүмкіндіктерін, іс-әрекетін, мамандығын анықтайды.

Гендерлік психологияның пәні екі бөлек ғылымның – социология (әлеуметтану) және психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.


Гендерлік психологияның даму теориялары
«Жыныс» пен «гендер» түсініктерін көрсеткен еңбектердің бірі Г.Рабин жұмысы болды. Психоанализ құрылымдық антропология әдістерін қолданып, Рабин қарапайым қоғамда әйелдер мен ерлер арасындағы айырбастау фактісін символикалық мәнін зерттеді. Нәтижесінде ол мынандай қорытындыға келді, тайпалар арасында әйелдерді айырбастау ерлер билігін және гендерлік идентификациялау құрылымын жаңартады, бұнда әйелдер биологиялық тіршілік иелері ретінде бағаланады және тек ғана отбасылық аумаққа сай келеді. Бұның негізінде құрылатын ой «Келісімдер ретінде жыныстық гендерлік жүйе». Басқаша айтқанда, екі жынысты түрлі, тең емес, бірін-бірі толықтыратын жүйе билік пен доминанттаудың жүйесі болып табылады, оның мақсаты – әкелердің қолдарында материалдық және символикалық капиталды концентрациялау.

Жалған гендерлік теория – деп, бұл түсінікті дәстүрлі әлеуметтік демографиялық категория ретінде қолдануды немесе гендерлік зерттеулер түрінде әйелдер мен балалардың жағдайын өткізуді атайды. Гендерде әлеуметтік жыныстық рөл ретінде гендерді қабылдау әлеуметтік экономикалық зерттеулерге тән, өйткені олардың авторлары қазіргі уақыттағы идеялардан тыс қалғылары келмейді. Бұл келіс фемнистік жұмыстар мен women, studies талқылаған, идеялары мен дәстүрлі әлеумет танудың комбинациясы болып табылады. Бұл келісте, бір жағынан, биологиялық фактор ретінде жыныс және әлеуметтік құрылғы ретінде гендер ерекшеленеді, екінші жағынан, екі қарама-қайшы «гендерлер» ескеріледі. Сонымен қатар әйелдер мен еркектер «табиғаты» қатты өзгешеленетіндіктен оларды әртүрлі категорияларға бөледі

Жыныстың тологиялық аспектісінен ерекше, оның басқа екі әлеуметтіке және мәдени-символикалық аспектілерде – шынайы емес құндылықтық бағдарлар мен ұстанымдар мазмұндалған, себебі «ерлер» бастамасына позитивті, маңызды, доминант көзқарастары жатса, «әйелдер» бастамасына – негативті, бағынышты және субординацияланатындар кіреді. Бұл еркектер мен еркектердің предикаттары қоғамды доминантты болуына байланысты емес, жыныспен байланыспаған феномендер мен түсініктер (табиғат пен қоғам, сезімталдық пен рациональдылық және т.б.) мәдени-символикалық қатар арқылы «ер бастамасы» «әйел бастамасымен» үйлеседі. Яғни, иерархия құрылып, осы ішкі жыныстық түсініктер жұптарында бағыну пайда болды. Көптеген құбылыстар мен түсініктер «жыныстық» сипатқа ие болды.

Ресейдің әлеуметтік, экономикалық және интеллектуалды дамуы еуропалық тарихтан ерекшеленеді. Ресейде тек қана ХІХ ғасырдың соңында құқықтан бас тартып, ХХ ғасырдың басында өндірістік қоғам дамуы өтіп, қоғамның секуляризациясы интеллектуалды (еуропадағыдай) емес, 1917 жылғы төңкерістен кейін зорлау жолымен басталды.

Гендерлік мәселе бойынша қазіргі кездегі Қазақстандық зерттеушілерді атап кетейік: Б.Х. Хасанов, Г.Г. Соловьева, С. Шакирова, М.А. Өскембаева, Н. Шеденова, К.А. Тохтыбаева, Б. Қылышбаева. Оларды алғашқы феминистік қозғалыстың либералды, марксистік, радикалды бағытына қосу қиын. Республикада жаңа қазақстандық философияның қалыптасуына байланысты ерекше гендерлік тәсілдер қалыптасуда. Бұл философия марксистік философиядан бас тарта отырып, руханилықтың артықшылығына және қазақтың дәстүрлі мәдениетіне тән ақыл мен жүректің, ой мен ожданның бөлінбес бірлігіне сүйенеді.
Гендерлік психологиядағы ғылыми зерттеу принциптері мен ережелері

Ғылыми зерттеудің аталып өткен қасиеттері гендерлік психологиясында өз спецификасына ие. Ғылымның логикасы мен әдіснамасында ұсынылған ғылыми зерттеудің моделі тек жаратылыстану ғылымдардының, әсіресе физиканың мысалдарына сүйеніп отырады

Кез-келген ғылымның белгілі бір дєрежеге жетуі жаңа деректерді жинауға мүмкіндік беретін зерттеу әдістерінің болуымен анықталады. Сондықтан гендерлік психология әдістерін жасау зерттеушілердің назарыннан тыс қалып көрген емес.

Гендерлік психологиялық мәліметтердің наќты болуы өзіне қажетті құбылысты өлшеуде зерттеушінің анғұрлым сезімтал әдістемелік пайдалануы.


Жыныстық диморфизм ұғымы.
Адам психологиясы және жүріс-тұрысының әртүрлі айырмашылықтарын белгілегенде ажыратудың бір негізі - ол гендерлік фактор, басқаша айтқанда әйел және ер адам арасындағы айырмашылықтар. Көптеген адамдар осы айырмашылықтар ер және әйел адам ағзаларының генетикалық, анатомиялық және физиологиялық өзгешеліктермен себептелінеді деп санайды. Екі жыныс ұқсамастығы көптеген аңыздарда, қандай болмасын ұлт дәстүрлерінде, әдебиеті мен мәдениетінде бейнеленеді. Әртүрлі әлеуметтік ұжымдарда, институттарда, ұйымдарда, мысалы әскери, құқықтану, тәрбиелеу мен оқыту мекемеерінде жыныстық аспект аңызды орынға ие болады.

Гендерлік айрмашылықтарды зерттегенде жыныстық ерекшеліктерге тоқтап кеткен жөн болады, өйткені биологиялық өзгешеліктер гендерлік айырмашылықтардың биологиялық табиғи негізі болып табылады. Биологиялық ерекшеліктермен себептелінетін ер адам мен әйел адам ағзалары арасындағы сыртқы және ішкі айырмашылықтар жыныстық диморфизм деп аталынады.


Гендерлік стереотип ұғымы

Гендерлік стереотип ер адам мен әйел адам ұғымдарына лайықты болатын қасиеттер туралы қалыптасқан пікір.

Гендерлік таптаурын – дегеніміз қарапайым жүйелі, эмоционалды боялған белгілі бір гендерлік топтың немесе қауымдастың тұрақты бейнесі. Ол, сонымен бірге барлық оның өкілдеріне онайлықпен тарайды. Гендерлік стереотипты анықтағанда әдетте оның тұтастығын, ашық бағалаушылығын және «қате» компоненттің болуымен сипатталатыныны айтамыз. Сонымен бірге, гендерлік таптаурынның динамикалық сипаттамасы болады – тұрақтылық, консерватизім және оның өзгеруіне бағытталған кез келген ақпаратқа қарсылық қабілетті бар. Гендерлік таптаурын анықтауда оған гендерлік шындықты бұрмалайтынын және адамдардың өзара түсінушілігіне кедергі болатын негативті феномен тән.

Отбасы мүшелерінің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу мәселелері
Психологияда гендерді – «ер» мен «әйел» ұғымдарына анықтама беретін әлеуметтік биологиялық сипаттама деп атайды .Әлеуметтік психологтардың ойынша, ер мен әйел ақпараттық және нормативті қысым үшін гендерлік талаптарға сай болуы керек. «Нормативті қысым» термині ер мен әйел қоғам қолдауы үшін, қоғамдық немесе топтық талаптарға бейімделуінің механизмін бейнелейді .

Дәстүрлі әйел рөлімен жасалатын маңызды шектеулердің бірі әйелдің үй шаруасы мен бала үшін жауапты болуы .Өзін әйелдерімен салыстырғанда, қара нәсілді ерлер үй жұмысының – 40%, ақ нәсілді ерлер – 34%, ал испан ерлері –36% жасайды. Іскер әйел орташа үй жұмысының 69% орындайды. Әйел өзінің жұмысына арнаған уақыттың көбеюі, оның үй міндеттерінің аз ғана қысқаруына әкелді, ал бала қамын ойлауға кететін уақыт саны өзгермеді .

Бүгінгі таңда дәстүрлі ерлер рөлінен пайда болатын шектеулерге қатысты зерттеулер өте аз. Әйелдің төмен әлеуметтік статусына феминистік қозғалыс, қоғамның назарын аударғаннан кейін, психологтар әйелдің рөлін зерттей бастады. Соңғы бірнеше жылдар бойы ерлер рөліне зерттеушілердің қызығушылығы ұлғая бастады. Ерлердің рөлдік нормаларының құрылымы үш фактордан құралады. Біріншісі – «ер өзгелердің статусы мен сыйлы қатынасын өзі жаулап алады» – деген ой. Екінші фактор – «ерлердің ойлау эмоциялардың және физикалық қаттылықтарының бейнесін көрсететін қаттылық нормасы». Үшінші фактор – «ерлердің стереотипті әйелдер ісінен аулақ жүруі» жатады.
Семинар сұрақтары:


  1. Гендерлік психология пәні, міндеттері,принциптері.

  2. Гендерлік психологияның пайда болуының алғы шарттары

  3. Гендерлік психологияның дербес ғылым ретінде дамуы.

  4. Гендерлік теорияның Ресейде және Батыста дамуының әлеуметтік - мәдени детерминанттары

  5. Әртүрлі мәдениеттегі гендер және гендерлік рөлдердің атқарылуы

  6. Ресейде гендерлік зерттеулердің даму кезеңі

  7. Қазақстанда гендерлік зерттеулердің даму кезеңі

  8. Гендерлік-психологиялық зерттеудің методологиялық мәселелері.

  9. Ғылыми зерттеу методологиясы туралы түсінік.

  10. Гендерлік психологиялық мәліметтердің сапасы мәселесі.

  11. Гендерлік психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы

  12. Жыныстық диморфизм түсінігі.

  13. Жыныстық дамудың жалпы түсінігі.

  14. Жыныстық диморфизм түрлері.

  15. Стереотип туралы жалпы ұғым.

  16. Әлеуметтік стереотип психологиялық түсінік ретінде.

  17. Гендерлік стереотип мәні, мағынасы мен міндеттері.

  18. Отбасындағы гендерлік ерекшеліктерді зерттеу негізі

  19. Дәстүрлі әйелдік рөлдің әсерінен пайда болатын шектеулер

  20. Дәстүрлі ерлер рөлінің әсерінен пайда болатын шектеулер

  21. Жұбайлардың құқықтары мен міндеттері

  22. Отбасындағы әйелдер мен ерлердің қарым - қатынас стилі мен түсініспеушіліктері

  23. Отбасы - ер мен әйелдің бірлескен, гендерлік ортасы

Қолданылған әдебиеттер


Негізгі әдебиеттер :
1. Берн Ш. Гендерная психология. — СПб.- М. 2001.

2. Ильин Е.П. Дифференциальная психофизиология мужчины и женщины. — СПб. 2002.

3.Практикум по гендерной психологии / под.ред. И.С.Клециной. — СПб. 2003.

4.Клецина И.С. Гендерная социализация: Учебное пособие. — СПб, 1998.


Қосымша әдебиеттер :

  1. Бендас Т.В. Гендерные исследования лидерства // Вопросы психологии, 2000, №1, с.87-94.

  2. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. СПб-М, 1996.

  3. Гришина Н.В.Психология конфликта. СПб, 2000.

  4. Богданов Е.Н., Зазыкин В.Г. Психология личности в конфликте.- Калуга, 2002.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ


«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

директоры

__________________________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет