Елубаева Лена Қызылорда қаласы. Қараөзек ауылындағы



Дата15.09.2017
өлшемі152,92 Kb.
#32952


Елубаева Лена

Қызылорда қаласы.

Қараөзек ауылындағы

39 «Қызылөзек» орта



мектебінің мұғалімі

Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" – деп белгілі қаламгер Жүсіпбек Аймауытов айтқандай өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісіне тиіп отыр. Бүгінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін және білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі-Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Бұл жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде мектеп бітірушілерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.
Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – мұғалім. Мұғалімге қойылатын талаптар :
- Оқушыларға бағыт –бағдар беру;
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру;
- Тиімді технологияларды қолдану.
ҰБТ өткізудің қажеттілігі, ҰБТ-ның мақсаты жайлы бәрімізде жақсы білеміз. ҰБТ-ның қандай басты ерекшеліктері бар екеніне тоқталып өтсем.

Кемшілігі:
- Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады
- Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз
- Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады
- Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін
Артықшылығы:
- Стандартты түрде жалпыға бірдей білім бағалау шкаласының қолданылуы,
-Әділетті,оқушыларға бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім
қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды.
-Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды
-Бағалауы нақты
-Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты)
-Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді.
ҰБТ-нің пайдалы жақтары 

    1.Оқушылар бағдарламаны толық қамтып дайындалуға талпынады

     2.Қосымша сабақтар алады

     3.Ата- аналардың баланы оқытып-тәрбиелеуде жауапкершілігі артады

     4.Тестілеу арқылы өз білімдерінің деңгейін біліп,білмейтіндерін меңгереді

     5. Мұғалімдердің,мектеп басшыларының оқушылармен жұмысы артады

     6.Мұғалімдер өз білімдерін жан-жақты көтереді

     7.Жалпы жұртшылықтың білімге деген көзқарасы өзгеріп,назарға алынады

     8.Мұғалім, ата-ана, оқушы арасында байланыс арттады

     9.Оқушылардың біліміне әділ баға қойылады     

10.Мұғалімдердің де еңбегі әділ бағаланады.
Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?
1. Оқушыларды сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

ҰБТ тақырыбы осы отырған көпшілігімізді ойландырып жүрген үлкен тақырып екені бәрімізге мәлім Мен оқушыларды ҰБТ-ға дайындап жүргеніме он жылдай уақыт болды. Сол уақыттар ішінде өзімнің жинақтаған тәжірибелерімді сіздермен бөліскелі отырмын.. Бүгін осы баяндамамда осы мектепте ҰБТ-ға қатысты жүргізіліп жатырған жұмыстармен сіздерді таныстырып өтсем деймін.

Қай пән мұғалімі болмасын, жүмысты бастар кезде алдына мақсат қойып сол мақсатына жетуге тырысады. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушыларын жоғарғы көрсеткішке жеткізу. Ал ол үшін мұғалімге қандай қолдау, қандай көмек қажет?

Өз мектебіміздегі жұмыстарды сарапқа сала отырып, мен мынадай шешімге келдім.



Мақсаттарына жету үшін мұғалімге үш топтың қолдауы қажет деп ойлаймын.

І. Ұжым

ІІ. Оқушы

ІІІ. Ата-ана

І . Өздеріңізге белгілі ҰБТ-дің нәтижесі арқылы тек оқушының немесе жеке бір мұғалімнің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның, мектептің білім сапасы сарапқа салынады. Сондықтан ҰБТ-ға дайындыққа міндетті түрде бүкіл ұжымды араластыру қажет.


І. Ұжымнан көмек

1. Мектеп басшыларынан қандай көмек қажет?

А) ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жоспарын жүйелі түрде ұйымдастыруы,

Ә) Дайындық кестесі пән мұғалімінің сабағына сәйкес құруы,

Б) Пән мұғалімдерінің сағаттарын толықтыру

В) Пән мұғалімдеріне жеңілдіктер жасауы

Г) Сынама тест сараптамалары бойынша ата-аналар мен оқушылармен жұмыс жүргізу



2. Пән мұғалімдерінен қажет көмектер

А) Жекелеген оқушыларға сабақтар беру

Ә) Қиындық келтіретін сұрақтармен талдау жасауға көмек беру

Б) Тесттер,қосымша тапсырмаларды көбейтуге ат салысу



3. Сынып жетекшілерінен көмек

А) Оқушылардың дайындық сабақтарына толық қатысуын қамтамасыз ету.

Ә) Пән мұғалімдерімен байланыста болу

Б) Жекелеген оқушылардың қосымша сабаққа қатысу кестелерін реттеу.

В) Ай сайын алынған сынама тестердің қорытындысы шығарып, оқушыларды, ата-аналарды таныстыру

ІІ. Оқушы


  1. Мұғалімге сенім білдіруі; Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімнің

болуы өте маңызды нарсе. «Үйрету үшін ұрысудың, пайдалы болу үшін намысқа тиюдің қажеті жоқ» деп оқымысты Ларошуфенко айтқандай көп жағдайда мұғалімдер дайындық кезінде оқушыларды деңгейлеріне қарай топқа бөлуді әдетке айналдырған. Бұл үлкен қате және оқушының намысына тию деп есептеймін. Мейлі ол үздік оқушы болсын, үлгірімі жақсы не төмен оқушы болсын, қалай болғанда да ол мұғалімнің өз еңбегінің жемісі екенін ұмытпауымыз қажет. Осы мәселеге байланысты оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде түйгенім ұрысып, айқайлап, қорқыту арқылы оқушыға білім беру мүмкін емес екен. Ондай жағдайда оқушы білмегенін мұғалімнен сұрауға бата алмайды, қорқады немесе іштей ерегісіп оқуға деген ынтасы жоғалады екен.

Біз ұстаздар оқушыға сенім білдіруіміз керек, тек сол жағдайда ғана оқушыда мүғалімге сенеді. Кейбір оқушылар сынама тесттен кейін өзіне сенім білдірген мұғалімнің сабағынан төмен балл алған жағдайда өз ісіне ұялып кешірім сұрап, келесі жолы қайтседе жақсы балл алатынын айтып, уәде беріп жататын кездері бар.

Тағы бір оқушылар арасындағы қиындық, кейде олар өздері таңдаған мамандыққа сәйкес емес пәндерді таңдап алады. Оның мынадай себептері болуы мүмкін:

1.Сол таңдаған пәніне қатысты мамандық түрлері көп және оқуға грантпен түсу мүмкіндігі бар деп ойлауы мүмкін;

2. Сол пәнді оңай деп ойлауы мүмкін;

3. Пән мұғалімдеріне қарап таңдауы мүмкін.
Бұл қиындық таңдау пәндерінің арасында болатын жағдайлар. Оқушыны өзіміз шатастыратын кездерімізде көп. Мысалы: оқушы биологияны таңдаса, биология пәнінің мұғалім сен физиканы таңда, ол пәнді таңдасаң грантпен оқуға түсу мүмкіндігің көп деп басқа пәнге шығарып салуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біз оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өзіне қажеттісін таңдауға көмектесуіміз қажет.


  1. Оқушылардың дайындық сабақтарына уақытылы қатысуы.

Қазіргі кезде оқушылардың қосымша жүргізілетін дайындықтарға деген жауапкершілігі де, ынтасы артып келе жатыр. Әрине қазір ҰБТ-ға дайындайтын орталықтар қазір көптеп ашылған. Ақылы болғандықтан көптеген оқушылардың оның ішінде ауыл балаларының қалталары оны көтере бермейді. Сондықтан дайындық сабақтарын тегін мектепте ұйымдастырған дұрыс.

Біздің мектептегі қосымша сабақтар уақыты жүйелі түрде белгіленген, қалыптасқан. І-ІІ тоқсандарда 15-00 ден 17-00 аралығынды өткізіледі. Ал ІІІ -ІУ тоқсандарда кешкі 16-00 ден 21-00-ге дейін өткізіледі.Дүйсенбі-бейсенбі күндері негізгі пәндерден , жұма күні таңдау пәндерінен өткізіледі. Сенбі күні жекелеген пәндерден жеке оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Осы әр күнгі қосымша дайындықтың жүйелі өткізілуін қадағалауға арнайы әр күнге директордың орынбасарлары бекітілген.

Бұл кестеден басқа да жекелеген оқушылармен кешкілік немесе таңертең ерте жұмыс жасайтын мұғалімдерде бар. Ауыл мектептерінде ақылы дайындық түрлері мүлдем жоқ немесе сирек болуы мүмкін деуімізге болады.


  1. Қажетті оқу-құралдарының болуы .

Тест сұрақтары оқулықтардан дайындалатындықтан, 11-сынып оқушыларында төменгі сыныптың оқулықтарының болуы, білім сапасын көтеруге зор пайдасын тигізеді. Оған қосымша Шың кітабы, әр жылғы тесттер жинағы, 5+ тест , қосымша жұмыс дәптерлері болғаны дұрыс. Біздің мектепте 11-сынып оқушыларына мектеп кітапханасынан төменгі сыныптың ескі оқулықтары таратылып беріледі, олар сол оқулықтармен дайындалады.


  1. Тапсырмаларды жауаптылықпен орындауы;.

Оқушыға берілетін тапсырма түрлері түрленіп отырғаны жөн.Тек тестпен жұмыс істеу оқушыны жалықтырады. Оқушыларға тапсырманы берген кезде міндетті түрде оқулықтардан іздейтіндей етіп берген жөн.
ІІІ. Ата-ана

  1. Мұғалімге және оқушыға қолдау көрсетуі.

(мұғалімге сенім білдіруі, кеңестерін орындауы, ескертпелеріне түсіністікпен қарауы кажет)

Ауылдық жерде көп ата-ана жұмыссыз немесе үй шаруасында отырғандар. Олар ҰБТ-ның не нәрсе екенін дұрыс түсіне бермейді, тек ҰБТ-ы арқылы баласы оқуға түсуіне болатынын біледі де, баласының сабақ үлгірімін

ескермей, қайтсе де барады деп тұрып алады. Бұл жағдайда ата-ана мұғалімді тыңдамауы мүмкін. Осы жағдайды зерттей келе менің түйгенім ата-анамен айтысудың еш қажеті жоқ. Кез келген ата-ананың мектепке болсын, мұғалімге болсын көзқарасы баласы арқылы қалыптасады. Баласы жақсы сөз айтса жақсы, жаман айтса жаман деп ойлады.

Бізге баласы арқылы баға береді және баласының пікірімен санасады. Бұл мәселеде біз осы жағдайды пайдалануымыз керек. Баласы ҰБТ-ға барғысы келмесе ата-анасы оны зорлап жібере алмайды. Сондықтан біздің басты мақсатымыз оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру.



Баласының дайындық сабақтарына жауапкершілікпен қарауы

(баласының үйдегі жағдайын жасауы,бірлесе дайындық жүргізуі)

Ауылдық жер болғандықтан үй шаруасындағы жұмыс түрлері өте көп. Ал ҰБТ-ға баратын оқушыға көп дайындық керек. Бұл жағдайда мұғалім ата-анамен байланысып, үй шаруасына қатысты жұмыс түрлерін азайтудың баласының болашағына қандай жетістіктер әкелетінін түсіндіруі керек.


  1. Қажетті оқу-құралдарымен, заттарымен қамтамасыз етуі. (ҰБТ- ға

қажетті оқулықтардың өте қымбаттығынан  оқушылардың көбінің   оқулықтармен толық қамтамасыз  етілмеуі)       

Осы үш топтың арасындағы жұмыстар жүйелі түрде орындалса ғана мұғалім мақсатына жете алады.


Мұғалім алдына қандай талаптар қоюы керек?

  1. Өзіне және өз біліміне деген сенімділік

  2. Оқушымен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орнатуы керек.

  3. Оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту қажет

  4. Жұмыс жоспарын жасап,тапсырма түрлерін көбейтіп, түрлендіріп, сараптамалар нәтижесін шығарып отыру қажет.


Дайындық жұмыстарын неден бастаған дүрыс?


  1. Жылдық жүмыс жоспарын жасау. Жыл бойы жасалатын

Жұмыстарды алдын ала жоспарлау алудың маңызы зор. Жоспар оқулық материалдары негізінде жасалғаны дұрыс. Мен ҰБТ байланысты қазақ тілі мен әдебиет пәнінеде жылдық жоспар жасап, күнделікті пайдаланып жүрмін. 2010 жылы «Қазақ тілі мен әдебиет» республикалық ғылыми –педагогикалық журналының №10 санына «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолдары» тақырыбындағы әдебиет пәнінен дайындық курсына арналған бағдарламам жарық көрді. Бұл бағдарламамда жылдық жоспар, сауалнама, дайындыққа қатысты пайдалануға болатын оқулықтар тізімі, қосымша оқулықтар тізімі көрсетілген. Қосымша оқулықтарға мен 1976-1994 жылғы әдебиеттер тізімін қостым. Қазіргі беріліп жүрген тест сұрақтарының көп жауабын осы оқулықтардан табуға болады. екен.

2) Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері.Менде 2005 жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталған. Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді. Оған қосымша біздің мектеп мұғалімдері 2010 жылдан бастап оқушылардан алынған барлық сынама тестердің көшірмесін жасап алуды үрдіске айналдырдық. 11- сыныптың жетекшісі алып келген сынама тестін оқушыларға тартпас бұрын көшірмесін жасап алады да, барлық пән мғалімдеріне таратып береді. Бұл жұмыстың мұғалімдерге көп пайдасы бар.

1) Мұғалімнің тест жұмыстары көбейеді

2) Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын

дайындайды, қиындық келтіретін сұрақтарға талдау жасайды.

3)Кейін осы тесттердің барлық оқушыларға таратып, талдау жасайды.

Осы сынама тестердің де оқушыға пайдасы өте көп. Оқушы өзін ҰБТ-ы тапсырып отырғандай сезінеді, әрі жауабын білгенше асығады. Кейбір оқушылар жауаптарының қаншалықты дұрыстығын білу үшін мұғалімдерге тексертуге тырысады. Бұл дұрыс емес, оқушы әуелі өзі тексеріп, онан сон қасындағыларға тексертіп, тек күмәнданған сұрағын ғана мұғалімнен сұрауы керек. Мен оқушыларға өз сабағымды сынама тест аяқталсымен өздеріне тексертіп, жоғарғы жағына нешеу дұрыс екенін жаздырып қоямын. Кейін жауабы келгенде сол жауаппен салыстырып, қате кеткен жері болса, өздеріне қайта іздетемін. Сонда ғана оқушының өз ісіне деген жауапкершілігі арта түседі, әрі өзіне деген сенімі күшейеді. Тақырып бойынша бақылау тесттері менің соңғы уақыттағы көп пайдаланып жүрген әдісім. Жылдық жоспарым бойынша өтілген тақырыпты талдап болған сон, міндетті түрде сол тақырыпқа байланысты тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының сол тақырыпты қалай меңгергенін көріп, қай жерлерді дұрыс меңгере алмағанын көруге болады. Тақырыпқа байланысты тест түрлеріне мен «Шың» кітабынан алғандарым бар және әр тақырыпқа байланысты өзім жинақтап жазғандарымды пайдаланамын.




  1. Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау- Бұл тестпен жұмыс

жасау кезінде байқағаным оқушының қызығушылығы басым болады екен. Әрқайсы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп қарай бастайды екен. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет тест түрі.
4) Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.

Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс.



5 ) Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; Деңгейлік тапсырмалар негізін мен «Достық» орталығынан бір оқушының алған журналынан көріп, соның негізінде жасай бастадым. Бұл жеке бір тақырыпта жұмыс істеуге өте тиімді тәсіл. Әр өтілген тарауды оқушылардың қалай меңгергенін осы тапсырманы орындатқаннан кейін анық байқауға болады.

  1. Логикалық тапсырмаларды талдау- Соңғы жылдары ҰБТ кезінде

берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмаларменде жұмыс жасап үйреткен дұрыс.
7) Топтық және жеке дайындық. Бұл екі дайындық түріменде жұмыс жүргізіп көрдім. Екеуі де өте тиімді.

Топтық дайындық жайына келсем менде қазақ тілінен оқушыларды топқа бөліп дайындаймын. Аралас топтар: бір топта үздіктер, жақсылар, орташалар да бар болатындай етіп топтастырамын. Талап бәріне бірдей. Топта тек өзін ғана ойлауға болмайды, қасындағыларға да өз білетінін үйретуге міндетті. Берілген тапсырманы топ мүшелері түгел орындап болған жағдайда ғана келесі тапсырмаға көшуге болады. Және тапсырманы орындауға байланысты топтарға орын беріледі.

Былтырғы оқу жылында мен осы топпен жұмыс түрін пайдаландым. ҰБТ-ға қатысқан 18 оқушыны төрт оқушыдан төрт топқа бөлдім. Ал қалған екеуін қазақ тілінен дайындықтан босатып, математика пәніне бердім.Нәтижесі жаман болған жоқ. Барлық оқушы қазақ тілінен 4-5 үлгірімге жетті.Тек оқушы ғана 11 сұраққа жауап беріп 3 деген баға алды.

Ал енді топпен жүргізген жұмыстарыма қысқаша тоқталып өтсем деймін. Менің ҰБТ –дегі басты бағытым- тапсырма беру, соның орындалуын талап ету. Менің сабақ беретін сыныптарымда қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындыққа байланысты төрт дәптерлері бар



  1. Ереже дәптерлері 10-сыныпта жазғызу керек.

  2. Тесті белгілеу дәптерлері

  3. Сұрақ жазу дәптерлері

  4. Тест сұрақтарын дайындау дәптерлері

Сабақ жоспарымда сын тұрғысынан ойлау мен модульдік оқыту

технологияларының кейбір әдіс-тәсілдерін пайдаланамын.




  1. Оқушыны топпен жұмыс жасайды

  2. Тақырып бойынша тапсырмаларды таратып,оқытып, топ ішінде талдау жасатамын.

  3. Жекелеген оқушыларды шығарып,өзім тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.

  4. Берілген тақырып негізінде оқушылар өздері бір-біріне сұрақ дайындайды.

  5. Тақырыпқа байланысты тест немесе кестемен жұмыс. Кесте «Шың» кітабынан алынған үлгі бойынша жасалған.

  1. Уй тапсырмасына бүгінгі тақырыпқа байланысты

25 сұрақтан тұратын тест құрап келуді тапсырамын.

Осындай жұмыстар нәтижесінде оқу жылының аяғында әр оқушыда қазақ тілінен портфолио пайда болады.

Жеке дайындық түріне келсем, 2012-2013 оқу жылында әдебиет пәнін бір оқушы таңдап, бір жыл бойы сонымен жеке дайындық жүргіздім.

Әдебиеттен қандай жұмыс түрлерін жүргіздім


  1. Сауалнама алдым (әдебиетке деген қызығушылығы,

шығармашылығы, қандай көркем шығармалар оқыдың деген сұрақтар негізінде)

  1. 5-8- сыныптан бастап барлық әдебиетті оқып, берілген

шығармаларды оқып, авторы жайлы және негізгі кейіпкерлерін, оқиғаның қысқаша мазмұндарын жазып алу.

  1. 9-10-11-сынып әдебиеттеріндегі ақын-жазушылар жайлы

хронологиялық кесте толтыру және шығарма мазмұнына байланысты кестелер толтыру.

  1. Сынама тестерді беріп жауабын тауып келу

  2. Жылдам сұрақтар дайындау

Жыл соңында әдебиеттен өз портфолиосында мол материал жинақтап алды. ҰБТ нәтижесінде сол оқушым әдебиет пәнінен 25 балл алып, Қостанай педагогикалық институтына «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп кетті.. Бұл жеке дайындықтың жемісі деп айтқым келеді.

Жалпы айтқанда ҰБТ-ның сапасын көтеруде жеке жұмыстың да, топтық жұмыстыңда пайдасы мол.



8. Мониторинг. Кез келген жұмыстың нәтижесін шығару міндетті түрде жүргізілгені дұрыс. Өйткені мұғалім де, оқушы да өз жұмысының нәтижесі қандай екенін білгісі келеді. Мұғалім оқушылардың қаншалықты меңгергенін көргісі келсе, оқушы өзіңнің қандай жетістікке жеткенін білгісі келеді. Сондықтан кез келген жұмыстың мониторинг шығарылғаны дұрыс.Мен өзім алған тест болсын, басқа жұмыстар болсын оқушының көз алдында тексеріп, нәтижесін шығарып берем немесе дайын жауаптар арқылы өздеріне тексертемін.

Былтыр біздің мектепте қыркүйек айынан бастап ай сайын екі, қаңтар айынан бастап төрт рет сынама тест жүргізілетін. Соның нәтежиесі бойынша әр ай сайын оқушы, мұғалім, ата-ана арасында жиналыс өткізіліп, сараптама жасалатын.Биылғы өзгеріс тест тегін беріледі, бірақ айына бір рет қана алынып жүр. Негізінде сынама тесттің жиі алынғаны білім сапасын көтеруге зор әсерін тигізеді. Оқушы жауаптылықты сезінеді, дайындықты күшейтеді, өз мүмкіншілігінің қандай дәрежеде екенін өз көзімен көреді.

Осындай жүмыстардың жүйелі жүргізілуі арқасында біздің мектеп биылғы оқу жылында көптеген жетістіктерге жетті. Мектебіміз 46 мектептің ішінен 11 орынды иеленді. ҰБТ –ға барған 18 оқушының тоғызы әр түрлі оқу орындарының грантын иеленді. Екі оқушымыз «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл біз үшін үлкен абырой, әрі мақтаныш. «Ұстаз ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес, өз ұстазын сүймесе»,- деп қазақтың белгілі ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай бұл жетістіктерге ұстаз бен оқушының бірлесе жасаған жүмыстарының арқасында жетіп отыр десем болады.

Енді биыл 11/а/ сыныбына сабақ беремін. Жаратылыстану бағыты. Биылғы сыныптардың оқушыларының саны аз. Мен сабақ беретін сыныпта 11 оқушы бар, оның 8 –і ҰБТ баруға талап білдіріп отыр. Үшеуі «Алтын белгіге» үміткер. Оқушы саны аз болса да мен сыныпты да үш аралас топқа бөліп жұмыс жасап жатырмын.Тапсырманы былтырғы кластағыдай орындатын жүрмін. Осы уақытқа дейін үш рет сынама тест алынды. Соның нәтижесіне тоқталсам.



2013-2014 оқу жылындағы қазақ тілінен қыркүйек, қазан, қараша айында алынған тест жұмысының қорытындысын, диаграммасын көрсету

«Ең ұзақ сөйлемнің де соңына қойылатын нүктесі бар,- деп қазақтың белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин айтқандай мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте - Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Олай болса, сол қойылар соңғы нүктеміз сәтті сөйлемнің соңынан қойылса деп тілейік. Білім нәрін сеуіп жүрген шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, жетістіктерге жетіп, сіздердің мерейлеріңізді арттыра берсін демекпін. Құрметті ұстаздар қауымы, «Ел болашағы-білімді жастардың қолында», ал сол жастарды білімді етіп тәрбиелеу -біздің қолымызда екенін жадымыздан шығармайық
Пайдаланылған әдебиеттер


  1. «Ақылдың кені – ұлағатты сөздер» 2008 ж «Ана тілі» баспасы Құрастырған: Құбығұл Жарықбаев




  1. «Шың» оқулығы 2005 жыл




  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №10 2010 жыл




  1. «Мектептегі психология» журналы №2 2010 жыл




  1. Оқулықтар 5-11-сыныптар




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет