Әмбебап зертханалық «Уралочка» стендінде электрлік тізбекке тәжірибелік зерттеулер жүргізу Павлодар 2011



бет1/11
Дата25.08.2017
өлшемі1,18 Mb.
#26287
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Қазақстан Республикасысының Білім және Ғылым Министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті


«Электротехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы



Әмбебап зертханалық «Уралочка» стендінде электрлік тізбекке тәжірибелік зерттеулер жүргізу

Павлодар 2011



«Уралочка» стендінің зертханалық құрылғысы.
Зертханалық жұмысты орындау үшін арналған стенд конструкциялық құрылысы бойынша каркастық үстелден және оған орнатылған айнымалы барабаннан тұрады. Үстелдің оң жағында орналасқан кілт арқылы барабанды ашық және жабық күйге орнатуға болады. Стендті практикалық сабақты өткізуге қолдануға болады, бірақ барабан жұмыс істемейтін күйге орнатылуы тиіс.

Стендтің алдыңғы бөлігінде 6 блок орналасқан. Ол электроэнергиялық, өлшеуіш және коммуникативтік қабылдағыш аппараттардан тұрады:1 – сызықты элементтің блогы; 2 – кедергілер блогы; 3 – тұрақты ток блогы; 4 – айнымалы ток блогы; 5 – сыйымдылық блогы; 6 – магниттік тізбектер блогы.

Үстелдің сол жағынан санағандағы 1 – ші блокта құрылған: алмастырғыш кілт (тумблер); 4 резистр R1= 100 Ом; R2=100 Ом; R3=200 Ом;R4=50 Ом; 2 резистор R= 100 Ом;

Екінші блокта кедергілердің үш магазины орналасқан;

Үшінші блокта тұрақты ток автоматы орнанатылған: U= 30 В ( шығыс- орта қысқыш); 2 электро энергияның көзі ( источник); Е = 4,5 В болатты сердечниктағы катушка .

Төртінші блокта айнымалы үш фазалық токтың автоматты орнатылған U=30В; U= 52 В.

Бесінші блокта орнатылған С = 121 мкФ сыйысымдылық магазины және кілт (тумблер).

Алтыншы блокта орнатылған: алмастырғыш кілт (тумблер), индиктивтілік катушкасы.

Әрбір блок көпбөлікті вольтамперметрден тұрады.

Құралдың сол жағында айнымалы токтың ал оң жағында тұрақты токтың және кернеудің ұяшығы орналасқан.

0,3 А белгіленген тұрақты токта ұяшыққа миллиамперметрлі штекрді құралды қолдану үшін орналастырады.

Құралдың тізбек бөлігі белгілеген өлшеу шегі анықталады.Белгіленген өлшеу шегін 50 – бөлікке бөлу қажет,Мысалы, амперметр үшін белгіленген өлшеу шегі 2 А, онда бөлік құны n = 2/50 =0,04 А.

Зертхана қамтамасыздандырады бір уақытты барлық стендта бір зертханалық жұмысты орындауға болады; апат кезінде үстелдің өшіруі.

1 минут ішінде қайта жұмыс қалпына келтірілуі.

Жұмыс барысында ұстаз үстелге айнамалы немесе тұрақты кернеуді қоса алды.

Сәйкес электр схемасын жинап және мұғалім тексергеннен кейін, студенттер үстелде орналасқан сәйкес автоматқа өздігінше ток көзін қосады.



Алғы сөз
«Электротехника және электроника» курсын оқыған кезде, зертханалық сабақтар, теориялық білімді қалыптастырудың негізгі түрі болып саналады. Бұл сабақтарда, студенттер электрлік тізбектердің әр түрлі режимдерін эксперименталды түрде зерттеп, кейбір теориялық ережелердің әділеттілігін тексереді.

Зертханадағы оқу үрдісін үш этапқа бөлуге болады:

- сәйкес келетін тақырыптың теориясын оқып, зертханалық жұмысқа дайындалу;

- экспериментті өткізіп, тәжірибелік мәндерді алі;

- эксперимент нәтижелерін есептеп, зертханалық жұмыстың есебін дайындау.

ЭТН зертханасында қауіпсіздікті сақтау ережелері:

1 зертханалық жұмыстарды орындауға, бірінші зертханалық сабақта өткізілетін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулама өткен студенттер жіберіледі;

2 сызбалардың монтаждауы, оқшауланған сымдармен жүргізіледі. Оқшауланбаған сымдарды қолдануға тиым салынады;

3 оқытушы немесе зертхана тексеруші тексермеген сызбаны қосуға болмайды;

4 ақаулылықты жою, жұмыс тізбегінде ауыстыруларды жүргізу, тек қана кернеуден өшірілген тізбекте жүргізіледі;

5 сызбадағы конденсаторларды жұмыстың басында және соңында разрядтау керек;

6 бригада мүшелері кеткенде, электр тізбекті қосылған қалпында қалтыруға болмайды.

Зертханалық жұмысқа есеп беруді рәсімдеу ережелері.

Зертханалық жұмыстардың есебі А-4 форматты қағазға жазылады және титул беті болады.

Есеп беруде:

- жұмыстың мақсаты;

- тәжірибелер сызбалары, есептеулер мен эксперимент нәтижелерінің кестелері;

- эксперимент қортындыларын өндеу (жұмыс формулалары, графикалық тәуелділіктер, векторлық диаграммалар);

- зертханалық жұмыс бойынша қортынды болуы керек.

Сызбалар, кестелер және векторлық диаграммалар сызу құралдарымен орындалады және сызба элементтерінің стандарттарын, электрлік шамалардың әріптік белгілерін сақтау керек.

Зертханалық жұмысқа есеп әр студентпен жеке жасалады.

Әдебиет
1 Бессонов Л.А. Теоретические основы электротехники: учебник для вузов.–– М.: Высшая школа, 1984.-с.360.

2 Зевеке Г.В., Ионкин П.А., Нетушил А.В., Страхов С.В. Основы теории цепей: учебник для вузов. –– М.: Энергия, 1975.-с.572.

3 Нейман Л.Р., Демирчян К.С. Теоретические основы электротехники: в 2 – х т. Учебник для вузов. ––Л.: Энергоиздпт. Ленинград. Отд- ние, 1981. – 1т.- 536 с., 2 т.-416 с.


Мазмүны

Кіріспе 3

1 Зертханалық жұмыс. Кедергілер шамасын анықтап,

вольтамперлік сипаттамаларды салу 4

2 Зертханалық жұмыс. Тұрақты токтың сызықты

электрлік тізбектерін есептеу 9

3 Зертханалық жұмыс. Айнымалы жүктемесі бар тұрақты

токтың тармақталған тізбегі 17

4 Зертханалық жұмыс. Синусоидалы токтың

тармақталмаған тізбегін зерттеу 21

5 Зертханалық жұмыс. Синусоидалы токтың

тармақталған тізбегін зерттеу 25

6 Зертханалық жұмыс. Үш фазалы тізбектің жұлдызша

жалғануы 29

7 Зертханалық жұмыс – Үш фазалы тізбектің үшбұрыштап

жалғануы 33

ЭТН зертханасында қауіпсіздікті сақтау ережелері 38

Әдебиет 39



1 Зертханалық жұмыс

1.1 Кедергілер шамасын анықтап, вольтметрлік сипаттамаларды салу

Жұмыс мақсаты: кедергі шамасын анықтау бойынша тәжірибелер жүргізу.



1.2 Қысқаша теориялық мәліметтер

Вольтамперлік сипаттама деп кедергіден өтетін токтың, сол кедергідегі кернеуге тәуелділігін атайды. ВАС графикалық түрде бейнелегенде абцисса білігі бойынша кернеуді, ординат білігі бойынша токты салады.

ВАС түзу сызық болатын кедергілер сызықты кедергілер деп аталады, ал тек қана сызықты кедергілерден тұратын электрлік тізбектер сызықты электрлік тізбектер деп аталады.

ВАС түзу сызық болмайтын кедергілер сызықты емес кедергілер деп аталады, ал тек қана сызықты емес кедергілерден тұратын электрлік тізбектер сызықты емес электрлік тізбектер деп аталады.

ВАС бойынша, кернеу шамасын сәйкес келетін ток мәніне бөлгенде, кедергі шамасын анықтауға болады. Егер ВАС түзу сызық болса, онда кедергі шамасы барлық сипаттама бойынша бірдей болады, ал егер ВАС түзу сызық болмаса, онда кедергі шамасы барлық сипаттама бойынша әр түрлі болады. Электротехникада қолданылатын кедергілерді былай бөлуге болады: кіші (1 Ом-ға дейін), орташа (1 ден 100 000 Ом-ға дейін) және үлкен (100 000 Ом-нан жоғары).

а) б)



а – сызықты; б – сызықты емес

1.2 Сурет - Вольтамперлік сипаттамалар



Резистордың r кедергісін өлшеудің ең қарапайым жанама әдісі болып амперметр және вольтметр арқылы өлшеу әдісі болып саналады (кіші кедергілер үшін 1.3 а суреттегі сызба бойынша, ал орташа кедергілер үшін 1.3 б суретіндегі сызба бойынша).

Онда ізделулі кедергі мұнда және - аспаптар көрсеткен мәндер.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет