Ембі қалалық мектептен тыс №2 Аула клубы мм «Қарты бар ел-қазыналы ел» «Жас математик» үйірме жетекшісі



Дата28.01.2018
өлшемі56,4 Kb.
#35303
Ембі қалалық мектептен тыс №2 Аула клубы ММ


«Қарты бар ел-қазыналы ел»

«Жас математик» үйірме жетекшісі

Ахметова М.М.

2016 жыл,қазан



Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»

Мақсаты:  1.Даналық ұғымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөз,салт-дәстүрлерді дәріптеуге,тәрбиеленушілердің  өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәлім-тәрбие беру.   

Міндеті: Атаның  қасиетті  сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын тәрбиеленушілерге ұғындыру.

Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, буфер.

Құрметті  қонақтар,көрермендер,ақ  жаулықты  аналар  мен  ақылгөй дана  қариялар! «Ауылыңның  маңында  төбе болса,  ерттеулі   тұрған  атпен тең.Ауылыңда ақылгөй қария болса,жазып  қойған  хатпен  тең»  деген  екен  біздің бабаларымыз.Иә,өткенімізді  осы  үлкендерсіз  елестету  мүмкін  емес.Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің,алаңсыз  күлкі,тәтті  ұйқымыздың  да  бейбітсақшысы  бола  білген,  самайларын  қырау  шалып,жүздерін  уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз бен ақ жаулықты әдемі әжелеріміз емес пе?

Үйірме оқушыларына сөз кезегі беріледі:

1. Әжем  менің  әлі  де,

     Ұқсамайды  кәріге.

     Шай қайнатып  береді,

     Қажет  болса  бәріне.

2. Әжем  менің ақ  әжем,

Көп  жасаған,  жан  әжем,

Ауырғанда  мен  үшін,

Бір  сүйгені  дәрі әжем.

3.Аппақ  күміс сақалды,

 Жақсы  көрем  атамды.

Менің  әжем  бал  әжем,

Айтқан  сөзі  дәл  әжем.

4.......


5.......

 Мақал- мәтелдің бірінші  жолы  айтылады,  жалғастыруы  керек.

1.Атадан  жақсы  ұл  туса,

   Есіктегі басын  төрге  сүйрер.

   Атадан  жаман  ұл  туса,

   Төрдегі  басын  көрге  сүйрер.

2.Туған  жердей  жер  болмас,

    Туған елдей   ел болмас.

3.Өзге  елде сұлтан  болғанша,

    Өз  еліңде  ұлтан бол.

4.Білімдіден  шыққан сөз,

    Талаптыға болсын  кез.

5Ата көрген оқ жонар,

6......


7........

Би. «Қазақша».

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,салт - дәстүрі, тілі, ұлттық  мәдениеті  болатыны белгілі.Біздің тәрбиемізде  ананың  ақ  сүтінен, ана   әлдиінен  және  атаның  қасиетті, баталы  сөздерінен   бастау  алады. Халқымыздың  әдет- ғұрпын,  дәстүрін,  тарихын  біліп, оны  қастерлеп,  бүгініміз  бен  келешегіміздің  нәрлі  қайнарына  айналдыру – әрқайсымыздың  азаматтық  борышымыз.

Тапсырма:  «Білім  мен  парасат».

Сұрақтарға  жауап  алынады,  тапсырма  үш   тапсырмадан  тұрады.  Құрметтұстаздар,  көрермен,  ақ  жаулықты   әжелер,  менің   қолымдағы  табақшадан  сұрақтарды алуларыңызды өтінемін.Салтдәстүрлер  сөздеріне  байланысты  сұрақтарға  жауап  беру;



1. Ерулік  дегеніміз  не?  Оның  мақсаты  қандай?

     Жауап:Ауыл  арасына  жаңа  үй  көшіп  келсе,  сол  ауылда   бұрыннан   тұратын   адамдар  жаңа   үй  иелерін  ерулікке  шақырады,  яғни  ас   пісіріп  табақ  тартады.Бұлжаңадан  көшіп  келушілерді   бөтенсіретпей  өз  ортасына  тартудың,  сыйласудың  үлкен  белгісі.



2. «Сауын  айту»   туралы   не  білесіз?

Жауап: Бір  елде  ас,  үлкен  той  болатын  болса,  ол  күні   бұрын  жан жаққа  хабарланып  сауын   айтылады. Бұл жай  шақыру  емес,  әр ел  салт- дәстүрмен,  яғни  батыр,  палуанымен,  жүйрік  атымен,  ақын- жыршысымен келсін дегенді  білдіреді.Асқа, тойға  келгендер  бір- бірінен асып  түсуге тырысатын болған.

3.Бие  сүтінен ашытылатын,  қазақ халқының  ұлттық тағамдарының  ішіндегі  ең бағалы сусыны қалай   аталады?  Соның ішінде сірге жияр  туралы  айтып  берсеңіз?

Жауап;


 Қымыз-  жаңа сауылған бие сүтін,  саумалды  сүзгіштен өткізіп,  жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қымыздың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут  пісіп, аузын байлап немесе  тығындар  ұстаған. Алғаш рет қымызды ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының  немесе қордың  үстіне құйылады. Қор  дегеніміз- былтырғыдан қалған  жақсы ашыған қымыз.

   «Ауруға ем, сауға қуат, дәрі-қымыз» деп Жамбыл  атамыз айтқандай  қымыз  адамның  денсаулығына  өте пайдалы  сусын.

   Қымыздың түрлері  бар;  уыз қымыз,  сары  қымыз, құнан қымыз,  бал қымыз,  сірге жияр қымызы т.б.

    «Сірге жияр  қымызы».

Күзді  күні  бие ағытарда  соңғы қымыз  бірнеше  күн жиналады. Салт бойынша  көрші- маңай, туған-туыс шақырылып,  ет  асылып  сірге жияр  қымызы  ішіледі.

4. Қолкесер  деген  қандай  дәстүр?

  Жауап.  Біреудің  соғымын  сойысқан  соғымшыға  үй  йесі «қолкесерің» деп  сыбағалы  етін  береді.Қолкесер  білетіндердің айтуынша соғым  союшының  байқаусызда  қолын  кесіп алса соның  төлеуі  ретінде  шыққан  көрінеді.



5.Салбурын  дегеніміз  не?

Жауап. Бұл -  аңшылық  термин. Аңшы , саятшы жігіттердің топ  болып,  бірнеше күн бойы  аңға  шығуын «салбурын» деп  атайды.   Мұңы  аңшылық  мерекесі  десе де болады.  Мұнда алған  аң бәріне бірдей  тең  бөлінеді. Салбурын аңшылардың  ерлігін,  ептілігін,  азаматтығын  сынайтын  жол.

 6.Көгентүп  туралы не  білесіз?

    Жауап.Бірбіріне  жақын  туыс,  жұрағат  адамдардың  баласына  ескерткіш,  сый  ретінде  берілетін  мал. Бұл бала үшін  сый,  қуаныш  болса,  оның  ата- аналары  үшін  құрметтеудің  белгісі десе  де  болады.

            «Ұлағатты  ұлттық  ұғымдар».

Мына  сандардың  біреуін  таңдап,  артындағы  тапсырмаға   жауап  беру  керек.

1.     3 арсыз; ұйқы,  күлкі, тамақ.

2.     3 би;  Төле би, Әйтеке  би,  Қазыбек  би.

3.     3 бәйтерек;Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет.

4.     7 ата; Әке, бала, немере, шөбере,  немене,  шөпшек,  туажат.

5.     7 күн; Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,   жексенбі.

6.     3 қуат;Ақыл,  жүрек,  тіл.



Би.”Қамажай”.
Каталог: uploads -> doc -> 0a0d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a0d -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары Сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет