English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)



бет1/5
Дата08.06.2018
өлшемі149,93 Kb.
#42006
  1   2   3   4   5
English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)

Ағылшын тілінің алфавиті латын қарпіне негізделген. Алфавит 26 әріптен тұрады: 21 дауыссыз (Consonants (консэнэнтс)), 5 дауысты (Vowels (вауэлз)). Y және W әріптері кейде дауысты кейде дауыссыз бола алады.

Бас әріптер (үлкен әріптер) – upper case немесе capital letters, ал кіші әріптер – lower case немесе small letters деп аталады. Letter (летэр) – әріп.

Кестеде қызылмен жазылғандары – дауыстылар.

Мұндағы қос нүкте (:) қойылған әріп созылыңқы айтылады. Мысалы: bi:.

dʒ деген дж қосарлы әріптерін білдіреді. Сол сияқты:



ʒ – ж tʃ – ч ʃ – ш j – и ʌ – а (жуан)

English Grammar. Lesson 2: Articles (Артикльдер)

Артикльдер – зат есімдердің алдына қойылатын қызметші сөздер. Ағылшын тіліндегі артикльдер затқа қосымша сипаттама береді, яғни, қосымша ақпарат беріп тұрады.

Қазақ және орыс тілдерінде артикльдер жоқ.

Ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгілілік артиклі (the definite article) және белгісіздік артиклі (the indefinite article). Бұл екеуінен бөлек, артикль қойылмайтын кездердегі бос орынды Zero article (нөл артикль) деп атайды.



The indefinite article: a (an) Белгісіздік артиклі

A (an – дауыстылардың алдында) артиклі көне ағылшын тіліндегі An (бір) деген сөзден шыққан. A артиклі өзінен кейін тұрған заттың көп заттың ішіндегі бір зат екендігін білдіреді. Ол зат көп заттардың арасындағы кез-келген біреуі болуы мүмкін. Ол зат жайлы алдын-ала айтылмаған. Әңгімелеуші адам алғаш рет айтып, таныстырып отыр. Мысалы: I am a student (Мен – студентпін). Көп студенттің бірімін. Егер мен студенттердің арасындағы ерекше студент болсам, онда басқаша айтылған болар еді. This is an apple (Бұл – алма). Адам санап болмайтын алмалардың біреуі ғана. Ол алманың нақты қандай алма екендігі туралы ештеңе айтылып тұрған жоқ.

Байқасаңыздар, белгісіздік артикльдеріне келтірілген жоғарыдағы мысалдарда студент пен алма жайлы ешқандай тура дерек, сипаттама, ақпарат жоқ. Тек студент екендігі алма екендігі ғана айтылды. Ал қалған ақпараттар мәлім емес. Мысалдардан белгісіз студент пен белгісіз алманы ғана білдік.

Ескерту!

Белгісіздік артикльдері тек жеке түрдегі зат есімдердің алдына қойылады. Көпше түрдегі нұсқасында артикль түсіп қалады. Мысалы:

I am a student. | We are students (Біз – студентпіз).

The definite article: The (зэ) Белгілілік артиклі

The белгілілік артиклі ағылшын тілінде көнеден келе жатқан that (анау, әлгі) нұсқаулық артиклінен шыққан. The артиклі заттардың барлық (жекеше/көпше) түрлеріне қолданылады.



Белгілілік артиклінің қолданылуы:

1) Сөз (әңгіме) белгілі зат жайында болғанда

Мыс.: Where is the bag (Сөмке қайда?)? Бұл жердегі сөмке деп отырғанымыз белгілі сөмке. Ол менің немесе сіздің сөмкеңіз екендігі анық.

2) Зат есімдер асырмалы шырайда тұрса (мыс: Ең күшті, ең …), алдында реттік сан есімдері болса

Мыс.: What is the longest river in Kazakhstan (Қазақстандағы ең ұзын өзен қандай)?

Satpaev is the first geologist in our country (Сәтбаев – еліміздегі ең алғашқы геолог).

3) Географиялық атаулардың (тау, теңіз, көл, өзен т.с.с. атаулары) алдында

Мыс.: The Caspian sea, the North, the Indian ocean, the Alatau mountains

5) Өзінің тобының (өзіне ұқсас заттардың арасында) жалғызы ғана болатын зат есімдердің алдында

Мыс.: The Nile is the longest river in the world (Ніл – әлемдегі ең ұзын өзен). Ніл өзені ғана әлемдегі ең ұзын өзен. Одан ұзын өзен жоқ.

6) Кейбір сөз тіркестерінде

Мыс.: in the morning, in the afternoon



Zero article (Нөл артикль)

Zero article дегеніміз ешқандай артикль емес, жай ғана бос орын. Нөл артикльдің қолданылуы, яғни, ешқандай артикль қолданылмайтын жағдайлар:

1) Жинақтық, жалпылай айтылатын зат есімдердің алдында

Мыс.: Crime is a problem in most cities (Қылмыс – көптеген қалалардағы мәселе). Қылмыстың қандай түрі екендігі айтылмайды. Жалпы алғандағы қылмыс жайлы айтылып тұр.

Life is good (Өмір жақсы). Өмірдің де түр-түрі болмайды. Жай ғана түсінік.

2) Ел-жер, адам аттарының алдында

Мыс.: Mr. Mamyrov, Astana, Kazakhstan, China

Ескерту!

Отбасыны немесе әулетті фамилиясына байланысты атаса, онда The артиклі қойылады. Мысалы: The Johnsons (Джонсондар отбасы немесе әулеті)

3) Жыл мезгілдерінің, ай аттарының және апта күндерінің алдында

Мыс.: Autumn is rainy. July is the hottest month. We don’t work on Saturday.



Кеңес

Егер зат есімнің алдына қандай артикль қою керек екендігін ажырата алмасаңыз, сол зат есімді «кез-келген», «көптің бірі» деген сөздермен байланыстырып, оқып көріңіз. Егер логикаға сай тіркес шықса, онда a (an) артиклі, ал «әлгі», «нағыз», «ең» деген сөздермен байланыстырып оқығанда ақылға қонымды тіркес пайда болса, онда the артиклі қойылады.



Ағылшын тілі грамматикасы. 3-сабақ: Зат есімнің көпше түрлері

Plural Noun Forms

Ағылшын тілінде зат есімнің көпше түрін жасау үшін зат есімге -s немесе -es жалғауын жалғау үрдісі кеңінен тараған. Алайда бұл екі жалғаудан бөлек те көпше түрдегі зат есімдер жасалады. Ол жайлы осы сабақта кеңінен түсіндіретін боламыз.

-s және -es формалы көптік жалғаулары зат есімнің жекеше түрін көпше түрге түрлендіруші негізгі жалғаулар. Мысалы:

-es жалғауы жалғанатын зат есімдер

-ch, -x, -sh, z немесе s-ке ұқсас әріптерге аяқталатын зат есімдерге -es жалғауы жалғанады. Мысалы:

Ескерту!

Осының алдындағы сабағымызда (Артикльдер сабағы) жазғанымыздай, көпше түрдегі зат есімдерде белгісіздік артиклі (a немесе an) болмайды. Соңы o әрпімен аяқталатын зат есімдердің соңына, әдетте, -es жалғауы жалғанады. Мысалы:

Бірақ итальян және испан тілдерінен енген немесе қолданысқа кейіннен енген, соңы о әрпімен аяқталатын зат есімдерге -s жалғауы жалғанады. Мысалы:

Тағы бір ерекшелік – o әрпімен аяқталатын кейбір сөздердің соңына -s және -es көптік жалғауларының бірдей жалғануы. Екі түрлі жалғау жалғанған нұсқалары да дұрыс. Мысалы:

Соңы -y әрпіне аяқталатын зат есімдерге -es көптік жалғауы жалғанады, -y әрпі i әрпіне айналып кетеді, егер -y әрпінің алдындағы әріп дауыссыз болса. Мысалы: a dictionary – dictionaries, an army – armies, a city – cities, a lady – ladies.

Ал соңы -y әрпіне аяқталып, -y әрпінің алдында дауысты дыбыс тұрса, онда, зат есімге -s көптік жалғауы жалғанады, -y әрпі өзгеріске ұшырамайды. Мысалы: a boy – boys, a day – days.

Зат есімдердің соңы -f немесе -fe әріптеріне аяқталатын болса, оларға -es көптік жалғауы жалғанады, ал -f әрпі -v әрпіне айналады. Мысалы:

Бірақ, соңы -f немесе -fe әріптеріне аяқталғанымен, жоғарыдағы ережеге бағынбайтын сөздер бар. Ондай зат есімдердің соңына -s көптік жалғауы жалғанады, -f әрпі өзгеріске ұшырамайды. Мысалы:

Екі түрлі жағдайда да дұрыс болатын зат есімдер: a hoof – hoofs/hooves, a scarf – scarfs/scarves

Ерекше жағдай

Зат есімнің көпше түрінің жасалу ережелерін (жолдарын) жоғарыда қарастырдық. Енді аталған ережелердің ешқайсысына бағынбайтын ерекше жағдайлар бар. Ол сөздерді жаттап алған дұрыс болады.



Шет тілдерінен енген сөздердің көпше түрі

Ағылшын тіліне басқа тілдерден енген сөздердің көпше түрлері сол сөздердің негізгі тілдерінде қалай жазылса, ағылшын тілінде де ережеден ауытқымай, өз қалпында жазылады. Ондай зат есімдердің кейбірінің екі түрлі көпше түрдегі нұсқасы болады. Қолданылуына байланысты екеуініңмағынасы екі түрлі болуы да мүмкін. Шет тілдерінен енген зат есімдердің біразы төмендегі кестеде көрсетілген.



Зат есімдердің саналмайтын түрлері

Зат есімдердің саналмайтын түрлері болады. Мысалы: шаш, сүт, ақша, жаңалықтар, т.с.с. Ешқашанда «Бес сүт іштім» немесе «Менің 100 ақшам бар» деп айтпаймыз. Тек жеке түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер. Milk, news, money, coffee, meat, water, hair …

Мысалы: My hair is blond. Your news is not good.

Екінші мысалдағы news сөзі -s көптік жалғауымен аяқталғанымен, жекеше түрдегі етістіктермен бірге қолданылады. Оған ұқсас «physics», «politics» секілді сөздер бар.

Тек көпше түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер. Police, people, trousers, jeans, clothes, stairs … Мысалы: Where are my jeans? There are few people. The police are looking for the murderer.

Үнемі көпше түрде жазылатын ұлттардың атаулары

Кей ұлт атауларының алдына the артиклі қойылып жазылады және олар -s көптік жалғауынсыз-ақ үнемі көпше түрде қолданылады. Мысалы: the Dutch, the English, the French, the British, the Spanish, the Welsh



Ағылшын тілі грамматикасы. 4-сабақ: Апострофтың қолданылуы

Апостроф (‘) — орфографиялық таңба. Ағылшын тілінде апострофты қолданатын үш түрлі жағдай бар:

зат есімнің тәуелденуі;

айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердің орнын ауыстыру;

сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда.



Зат есімдердің тәуелденуі

Ағылшын тілінде зат есімдерді тәуелдеген кезде ’s тіркесі қолданылады. алайда, бұл барлық жағдайлар үшін жарамды емес. Егер “Менің кітабым” деген тіркесті ағылшыншаға аударсақ “My book” болады. Ал “Ер баланың кітабы” деген тіркесті аударсақ “the boy’s book” Болады. Бұдан шығар қорытынды: Зат есімді зат есімге тәуелдегенде ’s тіркесі қолданылады.’s тіркесті жалғауы “of” көмекші сөзін ауыстырады. Мысалы:

the girl’s bag = the bag of the girl (қыздың сөмкесі)

the boy’s T-shirt = the T-shirt of the boy (баланың футболкасы)

James’s (немесе James’) ball (Джеймстің добы)

Көпше түрдегі зат есімдерге бір зат тәуелденгенде ’s жалғауы екі түрлі болып жалғанады.

♦ егер көпше түрдегі зат есім -s әрпіне аяқталса, онда, зат есімнің соңғы -s әрпінен соң тек қана апостроф қойылады: the friends‘ book, the houses‘ roof

♦ егер көпше түрдегі зат есім басқа әріптермен аяқталса, онда, апостроп зат есімге -s әрпінен бұрын жалғанады: the children‘s game, the men‘s sock



Апостроф қойылмайтын жағдайлар

Егер затты тәуелдеп тұрған “of” көмекші сөзі болса, “of”-тан кейін үй, ғимарат, объект немесе жиһаз деген сөздер тұратын болса, оларды ’s формасында тәуелдегенде ешқандай апостроф, s әрпі жазылмайды. Мысалы: door of the car = car door, room of the hotel = hotel room, leg of the table = table leg



Есте сақтаңыз! Бір зат екі немесе бірнеше сөздерден топтанып тұратын зат есімге тәуелденіп тұрса, ’s тәуелдік жалғауы соңғы сөзге жалғанады. Мысалы: the brother-in-low‘s sister, Sapar and Madina‘s son, Айтылмайтын (оқылмайтын) әріптердің орнын ауыстыру

Байқасаңыздар, ағылшын тіліндегі кейбір сөздер бір-біріне кіріге біріккенде араларындағы әріптер түсіп қалып, олардың орнына апостроф қойылады. Оған ең қарапайым мысал: I‘m = I am, do not = don‘t, can not = can‘t, who is = who‘s, т.с.с.

Сандар қысқартылып жазылған жағдайда да апостроф қойылады. Мысалы: ‘60 = 1960

Сандардың, бас әріптердің және аббревиатуралардың (қысқарма) көпше түрлері s арқылы жасалғанда апостроф қойылатын да қойылмайтын да жағдайлар бар. Мысалы:

He has a problem with r’s (“Р” әріптерін айтуға қиналады. Мысалы, мәтіндегі “Р” әріптері).

Егер апострофтың алдында сан, таңба (символ) немесе бас әріп келетін болса, апостроф түсіп қалады да тек s әрпі жалғанады. Мысалы: I have got tree Samsung H1s = three of Samsung H1 mobile phones.

the 1970s = from 1970 to 1979 (70-ші жылдар).

Ескерту

Тәуелділік есімдіктеріне (possessive pronouns) ешқандай ’s жалғауы жалғанбайды. Мысалы:

wrong (қате) and right (дұрыс) forms

wrong: my’s pen, right: my pen (менің қаламым)

wrong: hi’s ball, right: his ball (оның добы)

wrong: a friend of yours’, right: a friend of yours (сенің досың)



Ағылшын тілі грамматикасы. 5-сабақ: Реттік сан есімдердің жасалуы

Ordinal numbers | Реттік сан есімдер

Ағылшын тіліндегі реттік сан есімдердің жасалу жолы қарапайым. Бірден үшке дейінгі реттік сандар, яғни, бірінші, екінші және үшінші дегендер ерекше болады. Төрттен бастап, ары қарайғы сандардың негізгі түбіріне -th жалғауы жалғанады. Мысалы:

20th=20th

Он екінші (twelfth) дегеннің ерекшеленіп жазылуына келсек, негізгі түбірінде twelve болып жазылады. Бұның алдындағы зат есімнің көпше түрінің жасалу жолдары жайлы сабақта көптік жалғауы жалғанғанда -v әрпінің -f әрпіне өзгерітінін айтқан болатынбыз. Сол секілді реттік сан есім жасалатын кезде негізгі түбірдегі -v әрпі -f әрпіне өзгеріп отыр.

Соңы -y әрпіне аяқталатын сан сандардан реттік сан жасалғанда олардың соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді, -eth жалғауы жалғанады. Мысалы:

20th — twentieth 30th — thirtieth 40th — fortieth

Мұнда 40 саны реттік сан ретінде fourtieth болып емес, fortieth болып жазылады. -u әрпі түсіп қалады.

Реттік сан есімдерді жасаудың тағы бір ерекшелеу түрі бар. Оған мысал ретінде жиырма бірінші, жиырма бесінші, т.с.с. Сандарды келтіруге болады. Ондай сан есімдерден реттік сан есімдерді жасағанда ондығы мен бірлік сандарының арасына дефис қойылады, -th жалғауы соңғы сөзіне жалғанады (first, second, third дегендерден басқа). Мысалы:

Адамның аттарына қатысты реттік сан есімдер Тарихта патшалар мен патшайымдардың аттарында екінші (II), бесінші (V) дегендей Рим цифрынан тұратын қосымшалар болады. Мысалы:

Пётр I – Peter the First, Эдвард V – Edward the Fifth



Ағылшын тілі грамматикасы. 6-сабақ: Сын есім (The Adjective)

Ағылшын тіліндегі сын есім (the Adjective) де қазақ тіліндегі секілді анықтамаға ие, яғни, заттың сипатын, сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: deep sea – терең теңіз, fresh air – таза ауа.

Сын есімнің екі түрі болады:

1) сапалық (негізгі) сын есім: big – үлкен, tall – биік, small – кішкентай, т.с.с.

2) қатыстық (туынды) сын есім: central – орталық, golden – алтын (алтыннан жасалған), т.с.с.

Қатыстық сын есімдер салыстырмалы шырайда (түрде) болмайды және «very – өте» сөзімен бірге жазылмайды ().

Сапалық сын есімдер жай шырайда, салыстырмалы шырайда және асырмалы шырайда болады. Мысалы: big (үлкен) – bigger (үлкенірек) – the biggest (ең үлкен).



Сын есімдердің түрленуі

Бір буынды сын есімдердің салыстырмалы шырайлысына -er жалғауы, ал асырмалы шырайлысына -est жалғауы жалғанады. Асырмалы шырайдағы сын есімнің алдына кей жағдайларда the артиклі қойылады (the oldest man in our town (біздің қалашықтағы ең қарт кісі), my the newest socks (менің ең жаңа шұлығым)).

Соңы -y әрпіне бітетін бір буынды сын есімнің соңындағы -y әрпі -i әрпіне өзгереді.

Жай шырай (Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form) Асырмалы шырай (Superlative form)

small (кіштентай) smaller (the) smallest

clean (таза) cleaner (the) cleanest

new (жаңа) newer (the) newest

dry (құрғақ) drier (the) driest

old (ескі, үлкен) older

elder (the) oldest(the) eldest

long (ұзын) longer (the) longest

big (үлкен) bigger (the) biggest

fat (семіз, қабақ) fatter (the) fattest

Мысалы:


Abai is smaller than me – Абай менен кішілеу (кішірек). Ескерту! Бұл сөйлемде бойының кіші екендігін айтып жатыр.

This book is the newest of all the books – Мына кітап – барлық кітаптардың ішіндегі ең жаңасы.

Егер сын есімнің соңында жалғыз ғана дауыссыз тұрса, оның алдында тұрған дауысты да жалғыз болса, онда, салыстырмалы және асырмалы шырайларда соңындағы дауыссыз екі еселенеді (bigger, fatter).

Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older және the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) – Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school – Анау әйел – біздің мектептегі ең қарт мұғалім.

Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can’t dance – Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister – Жанар – менің ең үлкен әпкем.

Кейбір екі буынды сын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.



Жай шырай (Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form) Асырмалы шырай (Superlative form)

polite (сыпайы) politer (the) politest

sunny (күн шуақты) sunnier (the) sunniest

easy (оңай) easier (the) easiest

shallow (ұсақ) shallower (the) shallowest

narrow (тар) narrower (the) narrowest

clever (ақылды) cleverer (the) cleverest

simple (қарапайым) simpler (the) simplest

Мысалы:I’m not cleverer than Azat – Мен Азаттан ақылдырақ емеспін.

Sara is the politest girl in my group – Сара – біздің топтағы ең сыпайы қыз.

Екі буынды сын есімдердің біразы мен екіден көп буындардан құралатын сын есімдердің салыстырмалы шырайлылары more (более) және less (менее) сөздерінің көмегімен жасалады. Ал асырмалы шырайлылары most (ең) least (наименее) сөздерінің көмегімен жасалады. Сын есімдерге салыстырмалы және асырмалы шырайларда ешқандай жалғау жалғанбайды Мұнда more, less және least сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын жазу себебім, қазақ тілінде ол сөздерді қысқа қа нұсқа сипаттайтын сөздер жоқ. Бір сөз тура келгенімен, ол сөз басқа бір сын есімге сай келмейді. Тіпті, «Более деген сөздің қазақша аудармасы қандай?» деген сұрақ туады. Түсінуге оңай болғанымен, нақты аудармасын беру өте қиын.



Жай шырай (Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form) Асырмалы шырай (Superlative form)

important (маңызды) more important the most important

interesting (қызықты) more interesting the most interesting

difficult (қиын) more difficult the most difficult

careful (сақ, ұқыпты) more careful the most careful

Мысалы: This task is more difficult than last one – Мына тапсырма соңғысынан (соңғысына қарағанда) қиынырақ.

The most careful man does not injure himself – Ең ұқыпты кісі өзін жараламайды.Салыстармалы шырайда да асырмалы шырайда да ерекше жолмен жасалатын сын есімдер бар. Олардың салыстырмалы және асырмалы шырайлардағы түрлері негізгі (түбір) сын есімге (жай шырайдағы түріне) мүлдем ұқсамайды.



Жай шырай (Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form) Асырмалы шырай (Superlative form)

good (жақсы) better the best

bad (жаман) worse the worst

much, many (көп) more the most

little (кішкентай) less the least

far (алыс, қашық) farther further the farthest the furthest

Мұндағы farther және the farthest сөздері тек кеңістіктегі ара қашықтыққа (дистанция) қатысты қолданылады. Ал further және the furthest сөздері кеңістіктегі ара қашықтыққа қатысты және уақыттағы ара қашықтыққа (айырмашылық) қатысты да қолданыла береді. Мысалы: Furthest star system – Ең алыстағы жұлдыз жүйесі. The furthest time zome from Shymkent is Managua (capital of Nicaragua) – Шымкенттегі уақыт зонасынан ең қашық уақыт зонасы – Манагуа (Никарагуаның астанасы). Шымкент пен Манагуадағы уақыт айырмашылығы – 12 сағат.



Ағылшын тілінің грамматикасы. 7-сабақ: Салыстырмалы шырайдың көмекші сөздері

Ағылшын тіліндегі сын есімнің салыстырмалы шырайы тікелей сын есімдер арқылы және арнаулы сөздер арқылы жасалады. Тікелей сын есімдерден (more көмекші сөзімен қоса) жасалатын салыстырмалы шырайдағы сын есімдерді өткен сабақта талқыладық. Бұл сабақта as … as, not so … as, салыстырмалы шырай+ than, the+салыстырмалы шырай …, the+ салыстырмалы шырай деген салыстырмалы шырайдың арнаулы сөздерін қарастырамыз.



Ескерту! Көп нүктелердің орнында сын есім тұрады.

Мысалдар келтіріп, түсіндермес үшін кішкене ескерту жасай кетейін.

Ағылшын тіліндегі көптеген сөздер мен сөйлемдердің құрылымы мен жасалу жолы қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдердің құрылымына сай келмейді, үйлеспейді. Ондай сөздерді тікелей аудару мүмкін емес. Оған мысал ретінде осы сабақта қарастырылатын сөздерді келтіруге болады. as … as тіркесінің қазақша тікелей аудармасы жоқ. Орыс тілінде такой … как деген аудармасы бар. Қазақша мағынасын “сияқты (секілді)+сын есім” деген арнаулы тіркеспен білдіруге болатын секілді. Мысалы: Aizhan is as tall as her brother — Айжан ағасы сияқты ұзын (бойлы).

Sanzhar’s car is as fast as mine — Санжардың машинасы меніңкіндей (менің машинам секілді) жылдам. not so … as тіркесі as … as секілді. Бірақ мағынасы керсінше, яғни, болымсыз түрде. Орыс тіліндегі аудармасы “не такой … как” болады. Ал қазақша мағыналық баламасы “сияқты (секілді)+сын есім+ емес” Мысалы:

Abai is not so brave as Oraz — Абай Ораз секілді (сияқты) батыл емес.

Astana is not so big as Almaty — Астана Алматы сияқты үлкен емес.

салыстырмалы шырай+ than сөзі бір зат есімнің сынын екінші бір зат есімнің сынымен салыстырғанда қолданылады. Орыс тілінде “чем” деген аудармасы бар. Қазақша баламасын “шығыс септігінің жалғауы (-дан, -ден; -тан, -тен; -нан, -нен)+ салыстырмалы шырай“. Мысалы:

My car is faster than Abai’s car — Менің машинам Абайдың машинан жылдамырақ.

Sabyr is cleverer than Aizhan — Сабыр Айжаннан ақылдырақ. салыстырмалы шырай+ than тіркесіне қатысты тағы бір қазақша баламасын атап өтуге болады. Ол — “барыс септігінің жалғауы (-ға, -ге; -қа, -ке, -на, -не)+ қарағанда+ салыстырмалы шырай“. Мысалы: My car is faster than Abai’s car — Менің машинам Абайдың машинасына қарағанда жылдамырақ. Sabyr is cleverer than Aizhan — Сабыр Айжанға қарағанда ақылдырақ.

The+ салыстырмалы шырай … the+ салыстырмалы шырай деген тіркес күрделілеу көрінгенімен, шынында, өте оңай. Орыс тіліндегі аудармасы “чем … , тем” болады. Қазақ тіліндегі баламасын “неғұрлым …, солғұрлым” деген сөздермен немесе “сайын” деген сөзбен ұқсатуға болады. Дұрыс түсіну үшін мысал келтірейін.

The farther south you go, the warmer the weather becomes — Неғұрлым оңтүстікке ұзағырақ барған сайын, ауа-райы солғұрлым жылырақ болады.

The higher you climb, the farther you fall — Жоғарырақ шыққан (өрмелеген) сайын, тереңірек (қаттырақ) құлайсың. (Бұл бір нақыл сөз болатын).

Ағылшын тілі грамматикасы. 8-сабақ: Есімдіктер (Pronouns)

Есімдіктер (ағл.: Pronouns) — тұлғаға, затқа, заттың сынына және санына, үстеуге сілтеме жасап (олардың орындарын ауыстырып), бірақ оларды атамай, басқаша сөздермен (есім сөздермен) алмастыратын сөз табы. Есімдіктердің лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемнің мағынасын өзгертпейді. Есімдіктер алдыңғы сөйлемде немесе ойда айтылған сөздердің орнын ауыстырады. Мысалы:Асан сыныптағыларды жақсы танымайды. Өйткені ол сыныпқа жаңадан келді.

Жоғарыдағы мысалда екінші сөйлемдегі “ол” деген есім сөз (жіктеу есімдігі) алғашқы сөйлемдегі “Асан” сөзін алмастырып отыр. Мысалдар арқылы есімдіктер қазақшасында түсінікті болар. Енді ағылшынша мысал келтірейін. For example: John studies at Alash National University. He is one of the best students — Джон Алаш Ұлттық Университетінде оқиды. Ол — үздік студенттердің бірі.

Ағылшын тілінде есімдіктердің төмендегіше көптеген топтары мен түрлері бар:

жіктеу есімдігі (Personal Prn.) — I (мен), you (сен, сіз), he (олмуж. род), she (олжен. род), it (олсред. род), we (біз), they (олар);


Каталог: uploads -> doc -> 0844
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0844 -> Нөмірленген және таңбаланған тізімдер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет