Әож 370. 15 ОҚушылардың жеке басы мінез-қҰЛЫҚ Үйлеспеушілігі мәселелері



Дата15.09.2017
өлшемі96,8 Kb.
#33637


ӘОЖ 370.15

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ БАСЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҮЙЛЕСПЕУШІЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Таутаева Г.Б.-п.ғ.к., аға оқытушы

Сатбаева Г.Р.-4 курс студенті

ОҚМПИ, Шымкент қ.
Резюме

В данной статье расматривается проблемы некорректности характера личности школьников.

Summary

In this paper, the problem of incorrect Input a word character personality of students.
Күнделікті өмірде "мінез" ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. "Мінез" ұғымын алғаш рет енгізген ертедегі грек ғалымы және философы Аристотелдің досы (б.з.д. IV-III ғ.) Теофраст болды. "Мінез" гректің сөзі, қазақша "белгі", "бітіс", "ерекше-лік" деген мағынада қолданылады. Теофрастқа дейін Аристотель жеке тұлғаның іс-әрекет немесе тәжірибелік жағын белгілеу үшін "этнос" сөзін пайдаланды, ол "адамгер-шілік", "әдет", "ойлау бейнесі" мағынасын білдіреді. Бұл термин Аристотелдің "Этика", "Риторика" және "Поэтика" сияқты еңбектерінде жиі кездеседі, демек, осы еңбектерде мінезге байланысты мәселелер көп берілген.

Әрбір адам кез-келген басқа адамнан өзінің дара психологиялық ерекшелігімен анықталады. Бұл мағынада осы адамға тән белгілер туралы көп жағдайда айта аламыз. Психологияда "мінез" сөзі белгілі мағынада қолданылады. Адамның кез-келген дара ерекшелігін мінез бітісі деп айта алмаймыз. Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психо-логиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті. Психологтар мінездің мәнін аша отырып, негізгі белгілерінің біріне дара ерекшелігін атап көрсетеді. А.Г.Ковалевтің және В.Н.Мясищевтің берген анықтамалары бойынша, "мінез – бұл өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға". В.А.Крутецкий мінезге мынадай анықтама береді. "Мінез – бұл жеке тұлғаның мәнді қасиеттерінің даралық - өзіндік бірігіп келуі"[1].

Жалпы немесе кең мағынада адамның мінезі деп даралық анық байқалатын және адамның мінез-құлқы мен қылығына әсер ететін сапалық өзіндік психологиялық белгі-лерін айтамыз.

Мұғалім өз шәкірттерін зерттей отырып, олардың анық байқалатын мінезіндегі даралық белгілерді анықтауға ұмтылады. Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі - мінез-құлқында эмоционал-дық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И.Кант, Э.Торндайк, И.П.Павлов, К.Роджерс, А.Маслоу Л.Е.Личко т.б. ғалымдар.

Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларда осы жағдайлардың әсерінен қөзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың бәрі балалар өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылар үшін «сыналу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыналу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі. Сонымен анықталған жас кезеңдеріне сүйене отырып, білім беру жүйелері және практикалық психологтар мектептегі барлық жас аралығын 3 кезеңге бөліп қарасты-рады:

1. Кіші мектеп жасындағы кезең;

2. Жеткіншектік жасындағы кезең;

3. Ерте жасөспірім кезең;

Бірінші кезең - баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелермен функциаларының қайта құрылуымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

Екінші кезең - баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, ағни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден морфологиялық және физиоло-гиялық өзгерістер жеткіншектің ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар қауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншек-терге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең - жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Өтпелі жас дегеніміз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін белгілі құбылыс.

Үшінші кезең - бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралы-ғындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте манызды және жауапты кезеңі болып табы-лады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо («Эмиль немесе Тәрбие» еңбегінде) саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарасты-рады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты[2].

Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ, бұл кездегі әрбір қатенің белгілі-бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа да ие болуы мүмкін. Сондықтан да, бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады:

1. Критикалық;

2. Өте қиын, қауіпті.

Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардын салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін. "Қиын балалар" дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған норлалардан ауытқуы бар, өйінің психоәлеуметтік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.

Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты критикалық жас деп айта аламыз. Л.С.Выготскийдің «Критикалық кезең» теориясы бойынша критикалық жас дегеніміз, біржағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициасының» өзгеруі жататын дамудын әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі. Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары барлық уақытта сапалыда өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырды. Әр жас кезеңінде баламен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтік жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралы-ғындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикаларымен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, ағни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашы-лықтары бар [3].

Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.

Сондықтан осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңге тән екендігі белгілі болады. Өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пирьовтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар олардың психикалық нормаларының үлкендерде айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15000 американ жеткіншектеріне психо-диагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «психопатия», «шизофрения», «гипомания» шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген қорытындыға келеміз.

Өсіп келе жатқан балаға әсер ететін және оның пайымдау дүниесін өзгертетін сыртқы және ішкі факторлардың көлемін білу күрделі нәрсе. Сондықтан да есеюдің психологиялық қиындықтары, «мен» бейнесі және талпыну деңгейінің қарама-қайшы-лығы сияқты жеткіншектерге тән эмоционалды күштену ерте жасөспірімдерде болады деуге алып келеді. Сонымен қатар, балалардағы дисгаромониялық жеткіншіктік синдромы, яғни, оқушылардың өзінің денесіне және сыртқы көрінісіне көңіл бөлуі, т.с.с. жағдайлар олардың эмоционалды үйлеспеуіне әкеліп соғады [4].

Бірақ, нормадағы оқушылардың эмоционаолды үйлеспеушіліктің психопатиялық белгілері аз көлемде болады.

Жалпы эмоционалды үйлеспеушілік өтпелі кезеңнің барлық кезіне тән және олар қиын балалар қатарына жатады. Мұндай балаларға оқудың өзі қиын, үйде ешкім көмек-теспейді, өздігінше өмір сүруге ешкім тәрбиелемейді. Олардың өзіндік бағасы оқудағы жетістіктерге жетпеуіне байланысты төмен болады. Бұл жағдайда бала өзін-өзі көрсе-туге қысылады.

Жеткіншектердің оқу әрекетінде апатия, ашушандық, қаталдық, өкпе, түңілушілік кездесіп отырады. Сонымен бірге, олардың мінез-құлқына тітіркенудің импульсивті формасы тән болып отырады. Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациалық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн.

Оқушылардығы үйлеспеушілік құрамына қарай кәдімгідей болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі – олар-дың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі, өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады.

Өмірдегі мұндай жағдайлар бір балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісін-ше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушылар өздерінің бірнеше мағынасы бар мінез - құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз, екіншіден, қабылданбайды, үшіншіден, аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қайшы-лықтары туады. Соньмен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу бары-сында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді.

Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдене талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отба-сындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стрестерімен сипатталады. Мұндай балалар-дан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін бағалай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады.

Балалардағы эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапсырманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекеттерден алдын-ала іштегі бас тарта бастайды. Оқушыларда психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететін-дігі және жақсы бейімделген қабілетте болады [5].

Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала от басындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауысты-ру нәтижесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды және мінез қиындық-тарын туғызатындығы. Бала мінезіндегі эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерт-теушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторды анықтадық. Олар:

1. Биологиялық ерекшеліктер;

2. Әлеуметтік орта.
Әдебиеттер тізімі:

1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.-Алматы, «Дарын» -2008

2. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.

3. Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. - М., 1991.

4. Асмолов А.Г. Психология личности. - М., 1990.

5. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 2005




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет